Түзу өсті сырықтардың иілуі. Жазық иілу



1. Негізгі түсініктер. Көлденең күш пен июші моменттер
2. Көлденең күш пен ию моменті
3. Таралған күштің қарқындылығы, жанама күш, ию моменті араларындағы дифференциалдық байланыс
Бақылау сұрақтары
Бойлық ось арқылы өтетін жазықтықтарда (ось жазықтықтарында) жатқан көлденең күштер мен моменттердің (қос күштердің) әсерінен бруста пайда болған деформацияны иілу деп атайды. Иіліп деформацияланған брустар арқалық делінеді. Арқалықтың бойлық осі мен көлденең қималарының басты инерция осьтері арқылы басты екі жазықтык (V, Н) жүргізуге болады (1, а-сурет). Июші күштер басты жазықтықтардың бірінде жатса, онда иілу көлденең жазық иілу деп аталады. Көлденең жазық иілу кезінде арқалықтың майысқан бойлық осі күш жазықтығында жатады. Сыртқы күштер бас жазықтықтардан басқа кез келген ось жазықтықтарында жатса, онда иілу қиғаш иілу деп аталады. Арқалық қиғаш иілгенде, оның майысқан бойлық осі мен әсер етуші күштері әр түрлі жазықтықтарда жатады. Жазық иілген арқалықтың көлденең қималарында ішкі күштер — көлденең күш пен ию моменті пайда болады.
Егер иілген арқалықтың көлденең қималарында ию моментінен басқа ішкі күштер жоқ болса, яғни жанама күш нөлге тең болса, ондай иілу таза иілу деп аталады. Таза иілу кезінде арқалық шеңбер доғасы бойымен майысады.
2. Көлденең күш пен ию моменті
Қос тіректі иілген арқалықтың көлденен қималарындағы ішкі күштерді анықтайық (4-cypeт). Кез келген m-m қимасындағы ішкі күштерді табу үшін қию әдісі бойынша, сол қима арқылы арқалықты екіге бөліп, бір бөлігін алып тастаймыз. Алып тасталынған бөліктің қалған бөлікке әсерін көлденең күш пен ию моментімен алмастырамыз (4, б-сурет). Қалған бөлік сыртқы күштер мен ішкі күштердің әсерінен тепе-теңдік күйде болуы тиіс.Бір қалыпты таралған күштерді Ү осіне проекциялау үшін немесе С нүктесіне қарағаңдағы моментін анықтау үшін, 4-суретте оларды биіктігі q-ға, ұзындығы z-ке тең, тік төртбұрыштың ауырлық центрі арқылы өтетін қорытынды Rq = qz күшімен алмастырған.
Көлденең күш пен ию моментінің таңбалары туралы келесі ережелер қабылданады. Көлденең m-m қимасының сол жағында әсер етіп тұрган сыртқы күштердің қорытынды күші (R) төменнен жоғары қарай, ал оң жақтағы сыртқы күштердің қорытынды күші (R) жоғарыдан төмен қарай бағытталған болса, ол қимадагы жанама күш Q(z) оң таңбалы болып саналады. Кері жағдайда жанама күш теріс таңбалы.
Көлденең m-m қимасының сол жағындағы әсер етуші сыртқы күштердің осы қиманың ауырлық центріне қарағандағы қорытынды моменті (М) сағат тілінің бағытымен бағыттас, ал оң жағындағы күштердің корытынды моменті сағат тілінің бағытына қарама-қарсы бағытта болса, ол қимадағы ию моменті оң таңбалы деп саналады (6, а-сурет). Кері жағдайда ию моменті М(z) теріс таңбалы (6, б-сурет) болады.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс -8. Түзу өсті сырықтардың иілуі. Жазық иілу

1. Негізгі түсініктер. Көлденең күш пен июші моменттер

Бойлық ось арқылы өтетін жазықтықтарда (ось жазықтықтарында) жатқан
көлденең күштер мен моменттердің (қос күштердің) әсерінен бруста пайда
болған деформацияны иілу деп атайды. Иіліп деформацияланған брустар арқалық
делінеді. Арқалықтың бойлық осі мен көлденең қималарының басты инерция
осьтері арқылы басты екі жазықтык (V, Н) жүргізуге болады (1, а-сурет).
Июші күштер басты жазықтықтардың бірінде жатса, онда иілу көлденең жазық
иілу деп аталады. Көлденең жазық иілу кезінде арқалықтың майысқан бойлық
осі күш жазықтығында жатады. Сыртқы күштер бас жазықтықтардан басқа кез
келген ось жазықтықтарында жатса, онда иілу қиғаш иілу деп аталады. Арқалық
қиғаш иілгенде, оның майысқан бойлық осі мен әсер етуші күштері әр түрлі
жазықтықтарда жатады. Жазық иілген арқалықтың көлденең қималарында ішкі
күштер — көлденең күш пен ию моменті пайда болады.

Егер иілген арқалықтың көлденең қималарында ию моментінен басқа ішкі
күштер жоқ болса, яғни жанама күш нөлге тең болса, ондай иілу таза иілу деп
аталады. Таза иілу кезінде арқалық шеңбер доғасы бойымен майысады.

2. Көлденең күш пен ию моменті

Қос тіректі иілген арқалықтың көлденен қималарындағы ішкі күштерді
анықтайық (4-cypeт). Кез келген m-m қимасындағы ішкі күштерді табу үшін қию
әдісі бойынша, сол қима арқылы арқалықты екіге бөліп, бір бөлігін алып
тастаймыз. Алып тасталынған бөліктің қалған бөлікке әсерін көлденең күш пен
ию моментімен алмастырамыз (4, б-сурет). Қалған бөлік сыртқы күштер мен
ішкі күштердің әсерінен тепе-теңдік күйде болуы тиіс.

Статиканың бірінші теңдеуі

осыдан

яғни кез келген m-m қимасындағы көлденең күш Q(z) сол қиманың
бір жағында әсер етуші сыртқы күштердің Ү осіне түсірілген проекцияларының
алгебралық қосындысына тең.

Статиканың екінші теңдеуі

осыдан

яғни кез келген m-m қимасыңдағы ию моменті M(z) сол қиманың бір жағында
жатқан сыртқы күштердің С нүктесіне қарағандағы моменттерінің алгебралық
қосындысына тең (С нүктесі m-m қимасының ауырлық центрі).

Бір қалыпты таралған күштерді Ү осіне проекциялау үшін немесе С
нүктесіне қарағаңдағы моментін анықтау үшін, 4-суретте оларды биіктігі q-
ға, ұзындығы z-ке тең, тік төртбұрыштың ауырлық центрі арқылы өтетін
қорытынды Rq = qz күшімен алмастырған.

Көлденең күш пен ию моментінің таңбалары туралы келесі ережелер
қабылданады. Көлденең m-m қимасының сол жағында әсер етіп тұрган сыртқы
күштердің қорытынды күші (R) төменнен жоғары қарай, ал оң жақтағы сыртқы
күштердің қорытынды күші (R) жоғарыдан төмен қарай бағытталған болса, ол
қимадагы жанама күш Q(z) оң таңбалы болып саналады. Кері жағдайда жанама
күш теріс таңбалы (5, б-сурет).

Көлденең m-m қимасының сол жағындағы әсер етуші сыртқы күштердің осы
қиманың ауырлық центріне қарағандағы қорытынды моменті (М) сағат тілінің
бағытымен бағыттас, ал оң жағындағы күштердің корытынды моменті сағат
тілінің бағытына қарама-қарсы бағытта болса, ол қимадағы ию моменті оң
таңбалы деп саналады (6, а-сурет). Кері жағдайда ию моменті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік механика пәні бойынша Құрылыс мамандығының білім алушыларына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ
Сырықтардың деформациясын математикалық тұрғыда ұтымды басқару моделі
Көлденең күш пен июші моменттер
Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгі
Жалпы ғимарат конструкцияларын шекті күйлері бойынша есептеу
Деформацияланатын серпімді жүйелердің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы
Адам денесінің пропорциясы
Қабатаралық жабындар мен өндірістік алаңдардың арқалық торларын жобалау
Аумалы күш
“ІРГЕТАСТАР ЖӘНЕ НЕГІЗДЕР”
Пәндер