Мәскеуде жүр бір қазақ туған елдің тынысын кеңейтем деп


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Мәскеуде жүр бір қазақ туған елдің тынысын кеңейтем деп

Биыл Астанада Дүниежүзі қазақтарының 3-ші құрылтайы өткені өзімізге белгілі десек, Ресейдегі қазақтарды осы құрылтайға Ресей ғылым академиясының Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, турколог ғалым Кеңесбай Мұсаев бастап келген болатын. Енді Кеңесбай Мұсаевты қысқаша таныстыра кеткеніміз жөн шығар. Созақ өңірінде дүниеге келген ол Қазақ университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1952 жылы оны үздік бітіріп шығады. Мәскеудегі Тіл білімі институтының аспирантурасына оқуға түседі. Оны бітіргеннен кейін сол институттың түркі халықтары бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді, Ғылым кандидаты атанады. Ал 1968 жылы “Қарайым тілінің құрылымы” (Строй караимского языка) деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған ол бүгінде Мәскеудегі Тіл білімі институтының орал-алтай тілдері бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

К. Мұсаев түркология, социолингвистика, терминология, фольклор, көркем аударма және жалпы тіл білімі мәселелеріне қатысты 300-ге тарта ғылыми еңбек жазған ғалым. Оның жетекшілігімен КСРО халықтарының жазуы мен терминологиясына, этимология мен лексикологиясына байланысты ұжымдық еңбектер жарық көрген. Түрколог ғалым “Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы” деген көп томдық еңбекті жазуға да бір кісідей ат салысып, Балтық жағалауында тұратын өз ана тілін ұмытуға айналған түркі халықтарының қайта тірілуіне үлес қосады. Кеңес үкіметі кезінде өлі тілге айналуға сәл-ақ қалған қарайым тілінің грамматикасын жазып шығады. Бұл үшін бүкіл қарайым халқы қазақ ұлтының перзентіне қарыздар десе де болады.

К. Мұсаевтың жетекшілігімен Мәскеу, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркі­менстан, Украина, Башқұртстан, Қарашай-Балқария, Қалмықия, Хакасия және Қазақстаннан 24 адам кандидаттық, 7 адам докторлық диссертация қорғаған болса, ғалым қазақ және түркі тілдері мәселелеріне қатысты Германия, Венгрия, Үндістан, Финляндия, Түркия, Испания, АҚШ, Норвегия, Моңғолия, Чехия елдеріндегі университеттерде әр жылдары дәріс оқып тұрады. Қазақ тілінің толық сипаттамасын беретін еңбегін шет тіліне аударып, Финляндияда жарыққа шығарды.

К. Мұсаев 1958-1994 жылдардың аралығында Мәскеудің М. Горкий атындағы Әдебиет институтының көркем аударма кафедрасында қазақ, қырғыз, түркімен, татар, қарақалпақ, алтай және хакас тілдерінде дәріс оқыды. Ол 1972 жылы аталған институттың профессоры атағын алды. 1988 жылы Түркиядағы “Turk Dіlі Kurumu” қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Кеңесбай Мұсаұлының түркология саласындағы еңбегін ескеріп, Түркістандағы Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті де құрметті профессор атағын берді. 1997 жылдан бері М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Африка және Азия елдері институтында профессор ретінде қазақ тілінде дәріс оқиды.

Тәуелсіздік алған жылдары шет елдегі қазақтар елімізге ағылып келіп жатты. Аумалы-төкпелі заманда Ресейдегі қазақтар да не істерін білмей қалды. Осындай сәттерде тығырақтан шығудың жолдарын іздестіру керек болды. Әрбір ісіне байыппен қарайтын Кеңесбай Мұсаұлы шетте жүрген қазақтардың басын біріктіретін бір орталық болу керектігін түсінді. Сөйтіп, 1990 жылы өз бастамасымен Мәскеуде құрылған “Қазақ тілі” қоғамына төрағалық етті. Жатпай-тұрмай Ресейдегі қандастарымыздың басын қосып, жиын өткізіп тұрды. Ана тілін білмейтін қазақтарға арнайы курстар ашты. Ресейдегі түрлі салада қызмет істейтін қазақтың зиялы қауымын осы қоғамның аясына біріктірді. Орталықтың ауқымы да кеңейе түсті. Енді барлық саладағы қазақтардың басын қосатын бір ұйым керек еді. Өзі бастамашы болып, 1997 жылы Мәскеуде Қазақ аймақтық ұлттық мәдени автономиясын құрды. Оған да 5 жылдай төрағалық етті.

К. Мұсаев Дүниежүзі қазақтарының 3 мәрте өткізілген құрылтайына да келді. Әрбір құрылтайда сөйлеген сөзінде ол Мәскеудегі қазақтардың мұң-мұқтажын жеткізіп отырды. Сөзіміздің басында айтқандай, биыл қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының 3-ші құрылтайына да ғалым құр қол келген жоқ. Өзінің қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы кітабын жарыққа шығара алмай отырғанын жеткізді. Бұл оқулық жарыққа шықса, Ресей қазақтары ғана емес, қазақ тілін үйренемін деген барлық қандастарымызға пайдалы екенін айтты.

Иә, Кеңесбай Мұсаұлы әлі күнге дейін тыным таппай ғылыммен айналысып келеді. Мәскеудегі Қазақ аймақтық ұлттық мәдени автономияның басы-қасында жүріп, осы ұйымның жұмысына үнемі ағалық ақыл-кеңесін беріп отырады. Мәскеудегі “Қазақ диаспорасы” қорының директоры Полат Жамалов бір сөзінде:

“Кеңесбай Мұсаұлының бойында қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы тұнып тұр. Мұндай қасиет сыртта жүрген кез келген қазақтың бойында бола бермейді”, деген еді. Бұл сөзге біздің қосарымыз: мұндай қасиет елде жүрген көп ағайынның да бойынан табыла бермейді.

Авторы: Ж. КЕРІМБЕК, ғылыми қызметкер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрлаулы мүшелерді оқыту.
Жүрегі жүз жыл жырлаған Менің пірім — Сүйінбай..
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Әбілхан Қастеев өмірі
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Қожа Ахмед Ясауи өмірбаяны
Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев шығармашылығының көрінісі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Қазақ би өнерi
Кәкімжан Қазыбаевтың публицистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz