Бастауыш сатыдағы оқу үрдісінің теориялық және практикалық негіздері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. БАСТАУЫШ САТЫДАҒЫ ОҚУ ҮРДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Оқу.дидактикалық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.8
1.2 Бастауыш сатытағы оқу процесінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.13
ІІ. БАСТАУЫШ САТЫДАҒЫ ОҚУ ҮРДІСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ.
2.1 Бастауыш сыныптарда оқытудың негізгі түрлерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.18
2.2 Оқытуды ұйымдастырудың формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.26

Зерттеудің өзектілігі: Жалпы оқу процесі күрделі процесс болып табылады. Оқу процесінің қызметтерін толық ашып, оларды сабақта тиімді қолдана алу маңызды. Тəжірибелік іс-əрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың əрбірін өз алдына қарастыру қажет. Бастауыш сатыдағы оқу бұл жоғарғы оқудың табиғи бөлігі, бастауыш сыныпта бала не оқыса соны әрі қарай жоғары сыныптарда жалғастырып алып кетеді.Сол үшін біздің оларға берер біліміміз терең әрі дұрыс болуы керек. Ол үшін біз бастауыш сатыдағы оқу процесінің ерекшеліктерін біліп, дұрыс оқу түрін қолдана алу керек.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта сабақты өткізу ерекшеліктерін анықтау; тиімді оқу түрлерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері: жалпы оқу процесін толық ашу;бастауыш сатыдағы оқу процесінің ерекшеліктерін анықтау;бастауыш сыныптарда оқытудың негізгі түрлерін қолдану; оқытудың ұйымдастыру формаларын тиімді пайдалану.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта сабақты өткізу ерекшеліктері мен түрлі формаларын қолдану үрдісі.
Зерттеу жұмысының болжамы. Егер оқыту үдерісінің әр кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстары олардың танымдық белсенділігі мен интеллектуальдық әлеуетіне негізделсе, онда оқушылардың білімі кеңейіп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы, өзіндік іс-әрекетке бағытталған оқу ынтасы артатын болар еді.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау;педагогикалық тәжірибемен танысу және талдау.
Құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. А., 1998.
2. С.Б.Бабаев. Бастауыш мектеп педагогикасы. А,. 2013.
3. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.
4. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика жән психология. А., 2002.
6. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. - А., 2004.
7. С.А.Мұсаева, Т.Б.Бегалиев Жас ерекшелік педагогикасы. А., 2006.
8. Хуторской А.В. Современнная дидактика. Спб., 2001.
9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - А., 1998.
10. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003.
11. Подласый И.П. Педагогика. М., 1996.
12. Дидактика средней школы. / Под ред. М.Н. Скаткина. - М., 1982.
13. М. Мұқанов Педагогикалық жэне жас ерекшелігі психологиясы. -А., 1982.
14. Немов Р.С. Психология. 2-том. - М., 1998.
15. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы. / Ред. басқарған. А. Петровский. - А., Мектеп, 1987.
16. А.А. Люблинская. Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. - А., 1981.
17. М.И. Махмудов. Мектепте порлемалық оқытуды ұйымдастыру. -А., 1981.
18. А.Асқарбаева., Г.М. Хрепченков. Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері. - А., 1961.
19. Т.Сабыров. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы: Мектеп, 1993.
20. Аймағанбетова Қ. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. - А., 2003.
21. Көмекбаев Н. Оқыту теориясы. - А., 1976.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .3
І. БАСТАУЫШ САТЫДАҒЫ ОҚУ ҮРДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Оқу-дидактикалық
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 4-8
1.2 Бастауыш сатытағы оқу процесінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-13
ІІ. БАСТАУЫШ САТЫДАҒЫ ОҚУ ҮРДІСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ.
2.1 Бастауыш сыныптарда оқытудың негізгі түрлерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .14-18
2.2 Оқытуды ұйымдастырудың
формалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .18-22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 23 -24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-2
6
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Жалпы оқу процесі күрделі процесс болып
табылады. Оқу процесінің қызметтерін толық ашып, оларды сабақта тиімді
қолдана алу маңызды. Тəжірибелік іс-əрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу
міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың əрбірін өз алдына қарастыру
қажет. Бастауыш сатыдағы оқу бұл жоғарғы оқудың табиғи бөлігі, бастауыш
сыныпта бала не оқыса соны әрі қарай жоғары сыныптарда жалғастырып алып
кетеді.Сол үшін біздің оларға берер біліміміз терең әрі дұрыс болуы керек.
Ол үшін біз бастауыш сатыдағы оқу процесінің ерекшеліктерін біліп, дұрыс
оқу түрін қолдана алу керек.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта сабақты өткізу ерекшеліктерін
анықтау; тиімді оқу түрлерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері: жалпы оқу процесін толық ашу;бастауыш сатыдағы оқу
процесінің ерекшеліктерін анықтау;бастауыш сыныптарда оқытудың негізгі
түрлерін қолдану; оқытудың ұйымдастыру формаларын тиімді пайдалану.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта сабақты өткізу ерекшеліктері мен түрлі
формаларын қолдану үрдісі.
Зерттеу жұмысының болжамы. Егер оқыту үдерісінің әр кезеңдерінде
бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстары олардың танымдық белсенділігі
мен интеллектуальдық әлеуетіне негізделсе, онда оқушылардың білімі кеңейіп,
дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы, өзіндік іс-әрекетке
бағытталған оқу ынтасы артатын болар еді.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді
талдау;педагогикалық тәжірибемен танысу және талдау.
Құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бастауыш сатыдағы оқу үдерісінің теориялық негізі
1.1 Оқу-дидактикалық процесс
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі –
оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне
даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты
анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан
əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын
қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу
процесі” ең алдымен мақсаты — оқушы болған оқыту қызметін (преподавание)
білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі
бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу
материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену
(учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін
танытады. Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет
тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер
мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен
оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып
үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі
белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының
бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне
басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына
сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.[1.106-110бет]
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне
орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту
шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы
дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан
жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін
нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі
деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары
мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.
Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін оқу жəне оқу процесі
түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар
теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. Оқу түсінігі құбылысты
білдіреді, ал оқу процесі- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы,
оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы. Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі
негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп
есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-
əрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды.
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол
өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне
ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Сондықтан да оқу процесі түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру
қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында оқу процесі ұғымына
орай келесідей анықтама қабылданған: оқу процесі – бұл барысында білім
беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған
оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс
-əрекет.Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи
байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын
меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену –
білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы
байланыстырушы тетік – бірлікті іс-əрекеттерді жанамаластыратын оқу
мазмұны.Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық
бірліктері болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім
ретінде білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – сеп-түрткілер (мотивтер). Қандай
да оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-
түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан
қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз
ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой
əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен
қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы
ғылыми мазмұн жəне педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді
де дербес таным қажет.
Оқу процесі бірнеше қызметтерді – білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу,
ынталандыру жəне ұйымдастыру – атқарады. Бұлардың бəрі кешенді іске
қосылады, алайда, тəжірибелік іс-əрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу
міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың əрбірін өз алдына қарастырған
жөн.
Оқу процесінің білімдендіру қызметі ең алдымен білім, ептілік,
дағдыларды, шығармашылық іс-əрекет тəжірибесін қалыптастыруға
бағытталады.Білім (знание) – бұл деректер, мəлімет, ұғымдар, ережелер,
заңдар, теориялар, формулалар мен сипаттамаларды , т.с.с. түсіну, есте
қалдырып, қажеттікке орай қайта жаңғырту.
Оқу барысында ғылыми білімдер тұлға меншігіне айналып, оның
тəжірибелік қорына енуі қажет. Бұл қызметтің іске асырылуынан білім
толықтығы, жүйелілігі жəне саналылығы, оның бекімі мен əрекетшеңдігі
қамтамасыз етіледі. Оқушы ғылым негіздері мен іс-əрекет түрлері бойынша
мəліметтер жинақтайды, игерілген білімдерді саналы пайдалана білу негіздері
қаланып, оларды тұрмыстық міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.
Білімдендіру қызметі сонымен бірге оқушыға тек білім игертіп қана
шектелмей, олардың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арқау болады.
Ептіліктер – бұл адамның ережелерге сүйене отырып, қандай да нақты
əрекеттерді орындау қабілеті. Дəлірек айтсақ, ептілік дегеніміз – білімді
практикамен байланыстыра қолдану тəсілдерін, жолдарын меңгеру.
Дағды – бұл саналы іс-əрекеттің автоматтастырылған бірлігі. Басқаша
айтсақ, дағды – ойланбай орындалатын, жоғары дəрежеде жетілген ептілік.
Ептілік жаттығулар нəтижесінде қалыптасады. Дағды қалануы үшін көп
санды қайталаулар қажет. Ептіліктер мен дағдылар жалпы оқулық жəне арнайы
оқулық болып ажыралады.Арнайы оқу ептіліктері мен дағдылары нақты оқу пəні
мен белгілі ғылым саласына байланысты қалыптастырылады. Мысалы, физика,
химия пəндері бойынша – зертханалық тəжірибелер өткізу, заттай
көрнекіліктер пайдалану; географиядан – картамен жұмыс, масштабты өлшемдер,
компас не басқа құралдарды қолдану; математикадан – логарифмдік сызғышпен,
есептеу машиналарымен, əрқилы модельдермен жəне т.б. жұмыс алып бару
ептіліктері мен дағдылары орнығады.
Арнайылардан тыс оқу процесінде оқушылар барша пəндерге қатысы бар
жалпы оқу ептіліктері мен дағдыларын да игереді. Мысалы, оқу жəне жазу
дағдылары; өзіндік таным жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ептіліктері; оқулық,
анықтамалар, библиографиялық тізімдермен жұмыс. [2.242-266бет]
Оқу процесі білім беру қызметімен бір уақытта тəрбиелік міндеттерді де
іске асырып барады. Оқудың тəрбиелік қызметтері осы əлеуметтік процестің өз
табиғатына орай орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда көзқарастар,
ғылыми дүниетаным, табиғат, қоғам жəне ойлау заңдылықтарын пайымдау,
қоғамдық талап, тəртіп нормаларын мойындау əрі оған байланысты заңдарға
бойсыну қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-əрекеттік,
əлеуметтік мінез-құлық, құндылық жəне құндылықты бағыт-бағдарлар да осы оқу
процесінде пайда болып, жетіліп отырады.Тəрбие мүмкіндіктері тікелей білім
мазмұнынан келіп шығады. Əр оқу пəнінің өзіндік тəрбие мүмкіндігі бар.
Оқушылардың тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруда гуманитар жəне
əлеуметтік-экономикалық пəндердің тəрбиелік маңызы басқа кəсіби пəндермен
салыстырғанда өте жоғары.Оқу барысындағы тəрбиелік ықпал мұғалім мен оқушы,
оқушылардың өзара қатынасына жəне ұжымдағы психологиялық жағдайға
байланысты. Педагогикалық процесс қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас,
тілдесу стильдері əрқилы болуы мүмкін: əміршіл-əкімшіл, демократиялық,
либералдық. Бұл орайда қазіргі заман педагогикасының ұстанымы-мұғалімнің
оқушыға деген ізгілікті (гуманистік), сыйластық қатынас жасауы, шəкірттерге
белгілі шамада дербес, өз бетінше жұмыс алып бару мүмкіндігін беру жəне
оларды оқу процесін ұйымдастыруға тартып, сенім білдіруі. Осылардың бəрі
біріге оқушыға білім беру процесінің тең құқықты субъекті болатынын
танытып, оның белсенділігін көтеруге жəрдемін тигізеді. Оқу адамды барлық
уақытта тəрбиелейтіні белгілі, алайда ол тəрбие кейде қисынсыз бағытқа да
бұрылып кетуі ықтимал, сондықтан оқудың тəрбиелік қызметін іске асыруда оқу
процесін ұйымдастыруға, оның мазмұнын іріктеу мен əдіс, формаларын таңдауға
байланысты тəрбие міндеттерін дұрыс түсініп алған жөн.
Білім беру жəне тəрбиелеу қызметтерімен бір қатар оқу процесі балаға
дамыту ықпалын да жасайды. Оқып, білім игере отырып, оқушы жан-жақты дамуы
тиіс, яғни тұлғаның сөйлеу тілі, ой толғауы, сезімдік жəне қозғалыс
ептіліктері көңіл-күй-еріктік, қажетсіну қабілет-қасиеттері ілгерілі даму
өзгерістеріне келеді. “Даму басы — оқу”(Л.С.Выготский)- бұл аса маңызды
психологиялық заңдылық. Сабақ барысында мұғалім қаруы болған білім мазмұны,
ол қолданған оқу формалары мен əдістері, сондай-ақ оқушылардың белсенді,
саналы да əрқилы іс-əрекеттері – бəрі де даму өзегі.Дұрыс ұйымдастырылған
оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз, дегенмен оның нəтижелі іске
асуы арнайы бағыт-бағдардың болуына тəуелді. Бүгінгі таңда оқудың
дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай технологияларын мұғалімдер
табысты қолданып жүр.
Білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерімен қатар педагогика
ғылымында оқудың ынталандыру жəне ұйымдасу қызметтері де өз алдына
қарастырылуда. Оқу процесін шəкірттерді алдағы оқу-танымдық жұмыстарға
еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дəрежеде
құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру
қажет.Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір-бірінен
оқшауланған құбылыстар емес, олардың бəрі өзара шартты байланыста əрі сабақ
бөліктері мен кезеңдерінің бəрінде бірдей орындалып барады.[3.112-150бет]
1.2 Бастауыш сатыдағы оқу процесінің ерекшеліктері
Баланың мектепке дейіңгі кезеңі - ол алаңсыз балалық шақ. Бұл балалық
шақ кезеңі мектепке барумен аяқталады. Мектепте оларға талаптар, міндеттер
жүктеледі. Оған олар бірден бейімделе алмайды. Мектепке бейімдеу 1-сыныпта
өтеді, ол сәтті өту үшін мұғалім бастауыш сатыдағы оқу процестерін
ұйымдастыруда тыңғылықты дайын болуы керек. Сабақ барысында 1-2 минуттан
тұратын сергіту сәтін екі рет жүргізу, және сергіту сәті сабақтың 10-шы, 20-
шы минуттарында өткізілу ұсынылады. Сегізінші аптадан кейін мұғалім соңғы
сағаттарға дене шынықтыруды жоспарлауға , сонымен қатар басқа пәндерді ойын-
сабақ, саяхат-сабақ. Бірінші ауыр сабақтардан яғни математика, ана тілі т.б
бастап оңай сабақтарға көшу керек.Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн
мектептердiң бастауыш сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие
берудi ұйымдастыратын бiлiм мекемесiнiң бастауыш сатысында оқыту мен
тәрбиелеудiң өзара байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.Мектептiң бастауыш
сатысында оқытудың мақсаты:
- оқытудың келесi сатысындағы оқу бағдарламаларын игерту мақсатында
оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды
қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
-негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;- ұлттық тiлiн, өз елiнiң
мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн ескере отырып, отандық және
әлемдiк мәдениеттi таныту.Жалпы бастауыш бiлiм (1-саты) оқуды, жазуды,
санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық
ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне өзiндiк бақылаудың қарапайым
дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен
салауатты өмiр салтының негiздерiн меңгертудi қамтамасыз етедi.Мектепке
дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың функционалдық
сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке жалпы
дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға алынады.
Әйтсе де көпшiлiк жағдайда балалардың оқу, жазу және санай алу дағдыларының
қалыптасуы тексерiлетiнiн; баланың оқуға дайындығын тестiлеу арқылы
тексерудiң нәтижесiздiгiн; алдын-ала тексерудiң жағымсыз немесе төмен
деңгейдегi көрсеткiштерi баланы оқуға қабылдамауға негiз болатындығын
тәжiрибе көрсетiп отыр. Бiрақ, мұндай құқық медицина қызметкерлерiне ғана
тән.Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы
оқыту процесiне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер
енгiзу.Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс iстегенде мектепке дейiнгi
жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму
жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған
сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс. Оқу жетiстiктерi мен
даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы балаларды дайындық деңгейiне
қарай топтастыруға болмайды.Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта
қалыптастыру, оларға белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау
және оларды өзiн-өзi бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi
жартыжылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен
тәсiлдерi пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн
жеңiлдету мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың
“сатылық” режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы
оқушылардың белсендi демалысы мен ыстық тамақтандыру ескерiп белгiленедi,
алайда ол 10 минуттан кем болмауға тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш сатысы бар бiлiм беру ұйымдарында
бiрiншi сыныптықтар оқуды бiрiншi ауысымда ертеңгі сағат 8.30-дан
ерте бастамауы тиіс.Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз
ететiндей екi деңгейде жүргiзiледi:
1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу
жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен сағат
көлемi арқылы жүзеге асырылады;
2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - олардың қызығушылықтарына,
бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай шығармашылық дамуына қажеттi
жағдайлар жасау. [4.96-110бет]
Нақты ұйымда бiлiм беру мазмұны 2002 жылы бекiтiлген.Жалпы орта бiлiм
берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу
бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Ұйымның талаптарына балаларды бейiмдеу процесiн жеңiлдету мақсатында 1-
сыныптарда оқу жүктемесiн бiртiндеп өсiре отырып, оқу сабақтарының “сатылы
режимi” қолданылуы тиiс: 1-тоқсанда сабақтың ұзақтығы 35 минуттан күнiне 3
сабақ, 2-тоқсаннан бастап әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттан күнiне 4 сабақ
өткiзiлуi тиiс.
Сабақ кестесiн жасауда оқушылардың тамақтануы мен дем алуына
жеткiлiктi ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет. Мектептiң
бастауыш сатысы бойынша жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ бiлiм,
бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың
белгiлi нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар,
аралық бақылаулар және т.б.)оқушылар жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға
мүмкiндiк беретiн аралықты және қорытынды бақылаудың тесттiк формаларын
енгiзу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу процесiнiң межелiк
кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында — 4-сыныпта жүзеге
асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар
меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi. Мектептiң бастауыш сатысындағы
“Филология” бiлiм саласына “Сауат ашу”, “Қазақ тiлi”, “Әдебиеттiк оқу“
пәндерi енедi. [5.88-86бет]
Бастауыш сатыда “Филология” бiлiм саласын оқыту жүйелi-концентрлi
ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта болады. Оқытудың бұл
құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк — iс-әрекеттiк бағытын жүзеге
асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң жаңаша сапасын
қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.
Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы жағынан оқушының
тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын
қамтамасыз етедi.
Бастауыш сатыда оқытуда оқушы үшiн тiл қарым-қатынас құралы ғана емес,
қоршаған ортаны тануға, адамның тiлi мен ақыл-ойын дамытуға, адамдардың бiр-
бiрiне өзара әсер етуiне, оларға эстетикалық және адамгершiлiк тәрбие
беруге мүмкiндiктер ретiнде көрiнедi.
Бастауыш сатыдағы “Филология” бiлiм саласын оқытудағы тiлдiң қызметi
қарым-қатынастың, қоршаған ортаны танудың, жеке тұлғаның өзiндiк
қызығушылықтарын, қажеттiлiктерiн және қабiлеттерiн дамытудың құралы
ретiнде қарастырылады.
Сауат ашу ( 1- сынып бойы (аптасына 7 сағаттан) жүретiн оқу пәнi.
Сауат ашу курсы әлiппеге дейiнгi кезең, әлiппе кезеңi және әлiппеден
кейiнгi кезең деп аталатын үш кезеңге бөлiнген.
Пәннiң негiзгi ерекшелiгi ( әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II жартыжылдықтың
өн бойында жалғастырылып оқытылуы.
Сауат ашудың басты мақсаты ( тiл дамытумен өзара байланыста оқу және жазу
дағдыларын қалыптастыру (I жартыжылдықта “Әлiппе” оқулығының
материалдарында) және оқу және жазу дағдыларын жетiлдiру, алғашқы
грамматикалық мағлұматтарды меңгерту (II жартыжылдықта „Ана тiлi”
оқулығының материалдарында). [6.160-169бет]
Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп,
өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр
сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмалар беріледі. Жеке
тұлғаға бағдарланған технологияда (Хуторской А.В.) оқу-тәрбие процесінде
балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын
орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі
ұстанымдары төмендегідей:
- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті
өзіндік ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту);
- білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру
деңгейінен төмен болмауы тиіс);
- оқытудың жағдаяттығы ұстанымы (құзыреттілік бағдарланған тапсырмаларды
орындауға тілдік жағдай туғызу).
Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады: 1)сыныпты
дифференциациялар арқылы жоғары-орташа-төмен топтарға бөлу және оқу
материалын күрделілік деңгейіне байланысты іріктеу; 2) білім траекториясын
өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау. Мұны жүзеге асыру оқытудың ерекше
шарттарын қажет етеді: әр түрлі мазмұн мен көлемдегі білім нәтижелерін
әкелетін әрбір білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау.
Оқушыларды жас ерекшелігіне сай бөліп оқытуға бола ма, оның қандай
тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке
тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге
бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға
деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын
ескеру талап етіледі. Жас ерекшеліктерін ескеру барысында тапсырмалар
негізінен жеңілден күрделіге қарай құрылады. Тапсырмалар мазмұны
күрделенген сайын оқушылардың қызығушылықтары артып, еңбектене түседі.
Сондай еңбектенудің арқасында оқушылар өз білімдерін шыңдай түседі және
тиісті бағалармен бағаланады. [7.406-420бет]
ІІ. БАСТАУЫШ САТЫДАҒЫ ОҚУ ҮРДІСІ
2.1 Бастауыш сыныптарда оқытудың негізгі түрлерін қолдану
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-
дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі
жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-
иллюстрациялы (дәстүрлі), мәселелік (проблемалы), бағдарламалы
(компьютерлік).
Түсiндiрме – көрнекi оқу (ТК). ТК мәнi оның атауынан-ақ байқалып тұр.
Көрнекiлiкпен ұштасқан түсiндiру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz