Батыс Қазақстанның химиялық өндірісі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
1.Шикізаттарға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.Натрий монохроматын өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3.Натрий бихроматын өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
4.Калий бихроматын өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
5.Хром ангидридын өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Ақтөбе Хром Қосылыстар Зауыты – хром қосындыларын өндіретін мамандандырылған кәсіпорын. Ақтөбе қаласында орналасқан. Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж. игерілді. 1963 ж. екінші кезегі (монохромат және бихромат өндірісі) іске қосылып, кәсіпорынның қуаты үш есе артты. 1965 ж. хром ангидридін өндіретін бөлімше мен күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді. 1966 ж. мемлекеттік комиссия реактивті тұздар цехын қабылдап алды. Оның өндірістік алаңында 1974 ж. алюмо-хромфосфат қоспасы өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан соң да өндірістің өзекті буындарында технологияны жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану саласында жарақтандыру жұмыстары атқарылды. Зауытта натрий монохроматы және натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы,күкіртті натрий өндірістері жұмыс істейді.
Зерттеудің негізгі мақсаты АХҚЗ өнімдерімен,зауыт цехтарымен танысу.Зерттеудің маңыздылығы бұл зауыттың Қазақстан аумағында жалғыз болуы.
Зауыт құрылғаннан бастап және күні бүгінге дейін өзінің технологиялық базасын үздіксіз жетілдіруде, өндіріс көлемін ұлғайтуда, шығарылатын өнім ассортиментін молайтуда және оның сапасын жоғарылатуда. Бүгінгі күні зауыттың өндірістік қуаттылығы шамамен 1100000 метрикалық тоннаны құрайды.
Тұтынушының талабына сай өнім сапасының жоғарылығына байланысты «АХҚЗ» АҚ химиялық өнімнің халықаралық нарығында берік орныққан және әлемнің 40 елінің компанияларымен табысты сауда жүргізуде.
Қазіргі таңда зауыт тұрақты жұмыс жасап тұрған және қарқынды дамып келе жатқан өндіріс орны болып табылады. Оның өнімі елде және шет елдерде кең нарықта өтуде. «Ақтобе хром қосылыстар зауыты» акционерлік қоғамы хром өндіру бойынша әлемде ең маңыздыларының бірі болып мойындалды.
Сапа жөнінен соңғы қол жеткізген жетістіктерді және зауытта еңбет етуші жоғарғы дәрежелі мамандарды ескере отырып, сонымен қатар халқаралық байланысын тереңдету мақсатында 2003 жылдан бастап «АХҚЗ»АО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі қызмет етуде.
Хром қосындылары халық шаруашылығының сан алуан саласында: тоқыма, былғары және тері өңдеу өнеркәсібінде тері илеуге, авиация, машина және приборлар жасау, газ, мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібінде
катализатор және ингибитор ретінде, лак-бояу, парфюмерия, дәрі жасау және химия өнеркәсібінде тотықтырғыш әрі бояу ретінде, жол құрылысы және
басқа да өндірістерде қолданылады. 1997 ж. 83418 т хром тұздары өндірілді.
Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т.б.) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003,9 млн. теңге. Жеке меншік түрінде басқарылады. Акциясының 31%-і мемлекет қолында.
1)Т.Д.Авербух, П.Г.Павлов. Технология соединений хрома. Л.: Химия, 1973.

2)Ф.С.Татарский.Производство хромовых соединений.Москва,1979.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Техникалық факультеті
Химиялық технология кафедрасы
5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Оқу іс-тәжірибесі бойынша
ЕСЕП

Тақырыбы: Батыс Қазақстанның химиялық өндірісі

Орындаған: Баянов Жанпейіс Жайболұлы
Жетекші: х.ғ.к.,доцент Тастанова Л.К

Ақтөбе 2016 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
1.Шикізаттарға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.Натрий монохроматын өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
3.Натрий бихроматын өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4.Калий бихроматын өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
5.Хром ангидридын өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7

КІРІСПЕ
Ақтөбе Хром Қосылыстар Зауыты - хром қосындыларын өндіретін мамандандырылған кәсіпорын. Ақтөбе қаласында орналасқан. Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж. игерілді. 1963 ж. екінші кезегі (монохромат және бихромат өндірісі) іске қосылып, кәсіпорынның қуаты үш есе артты. 1965 ж. хром ангидридін өндіретін бөлімше мен күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді. 1966 ж. мемлекеттік комиссия реактивті тұздар цехын қабылдап алды. Оның өндірістік алаңында 1974 ж. алюмо-хромфосфат қоспасы өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан соң да өндірістің өзекті буындарында технологияны жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану саласында жарақтандыру жұмыстары атқарылды. Зауытта натрий монохроматы және натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы,күкіртті натрий өндірістері жұмыс істейді.
Зерттеудің негізгі мақсаты АХҚЗ өнімдерімен,зауыт цехтарымен танысу.Зерттеудің маңыздылығы бұл зауыттың Қазақстан аумағында жалғыз болуы.
Зауыт құрылғаннан бастап және күні бүгінге дейін өзінің технологиялық базасын үздіксіз жетілдіруде, өндіріс көлемін ұлғайтуда, шығарылатын өнім ассортиментін молайтуда және оның сапасын жоғарылатуда. Бүгінгі күні зауыттың өндірістік қуаттылығы шамамен 1100000 метрикалық тоннаны құрайды.
Тұтынушының талабына сай өнім сапасының жоғарылығына байланысты АХҚЗ АҚ химиялық өнімнің халықаралық нарығында берік орныққан және әлемнің 40 елінің компанияларымен табысты сауда жүргізуде.
Қазіргі таңда зауыт тұрақты жұмыс жасап тұрған және қарқынды дамып келе жатқан өндіріс орны болып табылады. Оның өнімі елде және шет елдерде кең нарықта өтуде. Ақтобе хром қосылыстар зауыты акционерлік қоғамы хром өндіру бойынша әлемде ең маңыздыларының бірі болып мойындалды.
Сапа жөнінен соңғы қол жеткізген жетістіктерді және зауытта еңбет етуші жоғарғы дәрежелі мамандарды ескере отырып, сонымен қатар халқаралық байланысын тереңдету мақсатында 2003 жылдан бастап АХҚЗАО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі қызмет етуде.
Хром қосындылары халық шаруашылығының сан алуан саласында: тоқыма, былғары және тері өңдеу өнеркәсібінде тері илеуге, авиация, машина және приборлар жасау, газ, мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібінде
катализатор және ингибитор ретінде, лак-бояу, парфюмерия, дәрі жасау және химия өнеркәсібінде тотықтырғыш әрі бояу ретінде, жол құрылысы және
басқа да өндірістерде қолданылады. 1997 ж. 83418 т хром тұздары өндірілді.
Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т.б.) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003,9 млн. теңге. Жеке меншік түрінде басқарылады. Акциясының 31%-і мемлекет қолында.
Өндірістік басқарма басшысы,Фаргат Арслановтың айтуы бойынша: кәсіпорынның әлемдік нарыққа шығуы - өндірісті дамытуға серпін бередідейді.
Халықаралық стандарттар ұйымы Ақтөбе хром қосылыстар зауытының өнімдерін әлемдік стандарттарға сәйкестігін мойындады.ИСО-9001 стандартын енгізгеннен бастап экспортқа жөнелтілетін зауыт өнімдері қосымша тексеруден өтпейді.
Әлемдік кризиске,Ресей,Түркия,Қытай,Европа елдерінің аналогты кәсіпорындарымен бәсекеге қарамастан,АХҚЗ 2013 жылды 423 млн табыспен аяқтады.Әрине бұл жағдай жұмысшылардың жалақысына да оң әсерін тигізді.
АХҚЗ-да 10 цех орналасқан.Цехтардың арасы белгілі бір ретпен,алгоритммен орналасқан.Себебі бір цехтан шыққан өнім келесі цехқа барып жаңа бір хром қосылысы түзіледі.
Зауыт цехтары:
-натрий монохроматы цехы
-натрий бихромат цехы
-күкіртті натрий цехы
-металлургиялық хром тотығы цехы
-пигменнті және абразивті хром тотықтарының цехы
-калий бихроматы цехы
-натрий тиосульфаты цехы
-хром илегіштері цехы
-хром реактивтері және аз тоннажды өнімдер цехы
Жартылай өнімдердің цехтан цехқа берілуі цехтардың дұрыс орналасуын талап етеді.АХҚЗ цехтары арасындағы байланыс күрделі құрылымды болып келеді.Себептері:
-барлық хром өнімдерінің негізгі шикізаты - натрий монохроматы ерітіндісі болуы
-өндірістердің барлығы дерлік бихромат цехтарымен байланысты болуы керек
-барлық қалдықтар өте улы,утилизациялау қажеттілігі бар.
Шикізаттарға сипаттама
Хром рудасы-құрамы күрделі табиғи минерал.Құрамында хром,темір,алюминий,кремний,магний, кальцийдың және тағы да басқа элементтердің қосылыстары бар.Бұл құрам басқа да табиғи материалдар сияқты тұрақты емес,яғни өзгеріске ұшырауы мүмкін.Оған себеп хром рудасының кен орнында біртекті массивпен орналаспай,бос қабаттарымен болуы.Әдетте хром қосылыстарын өндіретін зауыттар құрамында хром тотығы- 45-52 % ,кремний тотығы -6-12 % ,алюминий тотығы -6-10 %,темір тотығы -12-17%,магний тотығы-10-14% ,су -5% дейін бар руданы алады.Руда ірі ұнталған масса түрінде беріледі,арасында тастар болуы мүмкін.
Руда сапасына қойылатын талаптар техникалық шарттармен келісілген.Оның ең негізгісі-максимальді мүмкін хром тотығының құрамы(49 % кем емес Cr2O3),минимальді мүмкін кремний тотығының құрамы.Құнарсыз рудамен жұмыс істеу-тәжірибеде қыздыру процесінің нашарлауын туғызды.Сол себептен рудадан хромды алу проценті төмендейді,және де алюминий,кремний,темір қосылыстарымен монохромат ерітінділері өте көп мөлшерде ластанады.Сонымен қатар, процесстің техникалық-экономикалық көрсеткіштер нашарлайды.Яғни,пештің өнімділігі құлдырайды,соданың шығымы көбейеді және т.б.
Доломит-табиғи карбонатты минерал,кальций және магний карбонаттардың химиялық қоспасынан тұрады.Химиялық формуласы CaMg(CO3)2 .Теориялық тұрғыда доломитте 54.3% CaCO3 ,және 45,7 % MgCO3 бар.Алайда,доломиттің құрамы өзгеріске ұшырауы мүмкін.Доломитте кремний,алюминий,темір және т.б. элементтердің қосылыстары қоспа түрінде кездеседі.
Сыртқы келбеті бойынша доломит-ақ,сары,сұр түсті тас тәрізді минерал.Хром қосылыстары өндірісінде доломитке келесідей талаптар қойылады:кальций тотығының құрамы -30%-тен кем емес,кремний және металлдардың тотығының құрамы 4 %-тен кем емес болуы керек.
Әк,әктас-шихтадағы кальций тотығының құрамын жоғарылату үшін қолданылады.Әктің формуласы - CaO ,әктастың формуласы-CaCO3.
Кальцийленген сода(натрий карбонаты)-криссталдық құрылымды ақ ұнтақ.Химиялық формуласы-Na2CO3.Әдетте соданың 99% негізгі зат құрайды,ал қалған мөлшері ас тұзы және ылғал.Сақталу кезінде сода ауадан ылғалды сіңіреді де негізгі заттың құрамын төмендетеді.
Хром қосылыстары өндірісіндегі содаға қойылатын басты талап-ылғалдың аз
болуы,және де хлоридтердің құрамының төмендеуі.
Күкірт қышкылы - күкірттің маңызды қосылыстарының бірі. Күкірт
қышқылы суда ерігенде көп жылу бөле отырып, онымен химиялық реакцияға түсіп, құрамы әр түрлі гидраттар түзеді. Күкірт қышқылы - түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 гсм3, массалық үлесі 98%. Ол 280°С-та қайнайды, ал 10,4°С-та кристалданады. Хром қосылыстары өндірісінде әр түрлі концентрациядағы қышқылдар, соның ішінде 75-78% және 92-93% қолданылады. Күкірт қышқылына қойылатын негізгі талаптар - құрамында тотықтырғыштардың болуы және де ерімейтін тұнбаның болмауы.
Бейтарап кальций гипохлориді - химиялық формуласы - Са(СІО)2 хлорлылау қышқылының және кальций тұздарының қосылысы. Түссіз кристалл, кристаллогидраттар түзеді. СО2- сіз құрғақ атмосферада тұрақты. Молярлық массасы - 142,98 гмоль, тығыздығы - 2,35 гсм3.
Қағаз және маталарды ағарту үшін, дегазация және ағынды суларды дезенфекциялау үшін қолданылады.
Натрий гипохлориді - хлорлылау қышқылының натрийлі тұзы, бейорганикалық қосылыс. Химиялық формуласы - NaOCl. Суда жақсы ериді, 100г суда 53,4 г NaOCl ериді. Құрамында 95,2% активті хлоры бар, күшті тотықтырғыш. Натрий гипохлориді тұрақсыз қосылыс, оттегі бөлініп тез ыдырайды:
2NaOCl = 2NaCl + O2
Натрий гипохлориді өндірістік және тұрмыстық ағартқыш ретінде, тазалау және суды залалсыздандыру үшін және химиялық өндірісте тотықтырғыш ретінде пайдаланылады.
Элементар күкірт-сары түсті ұнтақ.Хром қосылыстарын өндіруде күкіртке ерекше бір талаптар қойылмайды.Күкірт жанғыш материал болғандықтан,қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн болады.
Хлорлы калий-ақ немесе алқызыл түсті кристаллдық құрылымды ұнтақ.Химиялық формуласы-КСL.Техникалық өнім 95-98% негізгі заттан тұрады.Негізгі талап-минималды ерімейтін қалдықсыз өнім алу.

Натрий монохроматын өндіру
Натрий монохроматы - сары кристалл, химиялық формуласы - Na2CrO4. Суда және метанолда жақсы ериді, этанолда ерімейді. Na2CrO4 ∙ nH2O құрамды кристаллогидраттар түзеді.Молекулалық салмағы-161,992.
Цехтан өндіріліп шығатын мөлдір,сары түсті ерітінді Сапа менеджменті 0601-04-ке сәйкес келеді.
Хром рудасы және доломит грейфер кранымен бункерлерге беріледі.Содан соң материал ұнтағышқа барады.Ұнталғаннан кейін материал барабанды кептіргішке жөнелтіледі.Кептірілген руда мен доломит диірменге жіберіледі.Содан соң ауалы сепараторларда өңдеуден өткізіледі.
Сепарация кезінде ірі бөлшектер қайтадан диірменге жіберіледі,ал кішілері ұнталған материал бункеріне жіберіледі.Кальцийленген сода пневмотранспортпен сода
бункеріне беріледі.Шаң-тозаңы бар ауа фильтрде тазартылады,тасталады.Хром,сода,дол омит бөлшектері бар техникалық шаң-тозаң бөлек бункерге жиналады.
Шихтаның барлық төрт компоненті автотаразы арқылы шихта-араластырғышқа,одан кейін шихта бункеріне жіберіледі.Араласқан компоненттер жоғары бөлікке,қыздыру пешіне үздіксіз беріліп отырады. Ал төменгі бөлікте жанар-жағармайды жандыру үшін форсунка орналасқан.Сол кезеңде шихта қыздырылып,хромның ауа оттегісімен тотығу процесі жүреді,және де алты валентті тотыққан хромның кальцийленген соданың натрийімен қосылу процесі жүреді.Яғни бұдан хроматты пісірінді түзіледі.Пештен шыққан соң салқындатқыш барабанда салқындатылады.Ыстық ауа жылуды утилизациялау пешіне түседі.Одан кейін әлсіз сілті беріліп,сулы ерітіндіде натрий монохроматын сілтісіздендіру жүреді.Натрий монохроматы ерітіндісінен тұратын хроматты пульпа араластырғышы бар жинағышта жиналады да,вакуум-фильтрге жіберіледі.
Кей жағдайда пульпа бакқа алдын-ала түсіп,фильтр бойынша бөлінеді.Фильтрленген монохроматты ерітінді вакуум-ресивер арқылы бак-жинағышқа беріледі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Химия өнеркәсібі
Қазақстан Республикасының химиялық өндірістері
Қазақстанның химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібінде
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Пәндер