Тыңайтқыштар және оның түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ4
- Тыңайтқыштаржәне оның түрлері4
- Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 7
- Фосфор тыңайтқыштары11
- Калий тыңайтқыштары13
- Азот тыңайтқыштары14
- Комплексті тыңайтқыштар16
ҚОРЫТЫНДЫ17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ18
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ауылшаруашылық өндірісінің дамуына байланысты түрлі минералды тыңайтқыштарға сұраныс күн санап артуда. Сондықтан өнімдерді минералдық элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылуда.
Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, соның ішінде қоректі элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Тыңайтқыштарды қолдану арқылы тұрақты әрі мол өнімді алуға болады. Тыңайтқыштарды қолдану топырақты құнарландыру арқылы өсімдіктердің құрамына және оның пісіп жетілуіне де мол көмегін береді.
Минералды тыңайтқыштарды әлемдік нарыққа ең ірі жеткізуші болып PotashCorp компаниясы, одан кейін Mosaic компаниясы саналады. Көшбасшылардың ондығына Беларусь калий, OCP, Agrium, Israel Chemicals, Yara, Уралкалий, Сильвинит кіреді. Өзге ірі өндірушілер қатарында - Sinochem (Қытай), IFFCO (Үндістан), Еврохим (Ресей), Фосагро (Ресей), SAFCO (Сауд Аравиясы), Egyptian Fertilizer Company (EFC), Arab Fertilizer and Chemicals Company (AFCCO) (Египет), Тольяттиазот (Ресей), Черкассы (Украина) және Koch (АҚШ) кіреді.
Жоғарыда аталып өткендей, фосфатты және азотты тыңайтқыштарды өндіру орталықтары тұтыну аудандарында үлестірілсе, калийлі тыңайтқыштарды өндіру орталықтары - шикізатты табу аудандарында үлестірілген. Осыған сәйкес, бүгінгі күнде азотты және фосфор қамтитын тыңайтқыштардың ең ірі өндірушілері болып Азия (Қытай және Үндістан) және Солтүстік Америка (АҚШ), ал калийлі тыңайтқыштардың өндірушілері - шикізатқа ие мемлекеттер: Канада, Ресей және Белоруссия.
ҚазақстандаАлматы қаласында орналасқан КосАгроКоммерц сауда өндірістік агрохимиялық компаниясы 18 жылдан аса уақыт бойы Қазақстан нарығында минералды тыңайтқыштарды басты өндіруші және жеткізуші ретінде танылып келеді.
Жұмыстың мақсаты: жан-жақты қарастыра отырып, оның түрлерін сипаттау және олардың өсімдіктерге әсерін, сондай-ақ, өндірістегі маңыздылығы мен пайдасын зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
- Минералды тыңайтқыштүрлеріне сипаттама
- Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптарын қарастыру
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тыңайтқыш - бұл топырақтың құнарлылығын арттыратын және өсімдіктердің қорегін жақсартатын табиғи немесе жасанды пайда болатын органикалық және бейорганикалық қосылыстар. Сонымен қатар оларды өнеркәсіпте минералдық тыңайтқыштар деп атайды.
Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.
Өсімдіктердің пайда болып, өсіп, гүлдену процесіне 70-тен аса элемент қатысады. Элементтер қызметі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
- Органоген элементтері (С, H, O, N) ;
- Күл элементтері (P, K, Ca, Mg, S) ;
- Микроэлементтер (B, Mo, Cu, Zn, Co) ;
- Хлорофилл және басқа да фермент құрамына кіретін элементтер (Fe, Mn) ;
Өсімдіктің құрғақ зат құрамына 90%(O, H, C), 8-9% (N, P, S, Mg, Ca, K), 1-2% (Cu, Fe, Mn және т. б. ) кіреді. Өсімдіктің қоректенуіне аса маңызды орын алатын N, Р, К элементтерзат алмасу және өсу процесіне жағдай жасайды. N ақуыз және хлорофилл құрамына кіреді және фотосинтез процесіне қатысады. Фосфордың қосылыстары өсімдіктің көбеюіне әсер етеді. С, H, O элементтер негізін ауа және судан алады, қалған элементтер топырақтан алады.
Табиғи қоректендіргіш элементтері бойынша минералды тыңайтқыштар: азотты, калийлік, фосфорлы, магнийлік және т. б. болып бөлінеді. Бастапқы үш түрі минералды тыңайтқыштар өндіруде аса маңызды орын алады.
Қоректендіргіш санына байланысты: жай(біркомпонентті) және комплексті(екікомпонентті NР, РК, NК) немесе үш(NРК) элементті болып бөлінеді. Өсімдіктердің тыңайтқышты бойына сіңіруі сол тыңайтқыштардың ерігіштігіне және топырақтың сипатына байланысты болады. Сіңіргіштік ең біріншіден топырақтың ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясына, яғни топырақтың қышқылдылығына байланысты. Мысалы, өсімдіктердің P 2 O 5 - ін сіңіру қабілеті фосфаттық қосындылардың жасанды ерітінділердің қышқылдылығы топырақтық ерітінділердің қышқылдылығына жақын болуы керек.
Азоттық және калийлік бейорганикалық тыңайтқыштардың бәрі дерлік суда ерігіштер болып табылады. Суда еритін тыңайтқыштар өсімдіктермен оңай сіңіріледі, бірақ сонымен бірге олардың едәуір бөлігі топырақтың жер қыртысындағы су және жаңбыр суларымен шайылып кетеді де пайдасы жоғалады.
Сурет 1 Минералды тыңайтқыштардың жіктелуі
Маңызды минералдық тыңайтқыштар
Кесте 1
Өсімдіктердің өмір сүруіне өте қажетті бірақ, оның құрамында өте аз мөлшерде болатын (10 -2 - 10 -12 %) элементтер микроэлементтер деп аталады, бұлар өсімдіктерде жүретін күрделі процестерді реттеуде белсенді роль атқарады. Микроэлементтерге бор, марганец, мырыш, мыс, молибден, кобальт, йод т. б. жатады. Мұндай элементтері бар микротыңайтқыштар деп аталады. Микроэлементтер ферменттердің, витаминдердің, ақуыздардың, гормондардың құрамына кіреді.
Микроэлементтерді шығарушы көздерге мыс және басқа металдар бар пириттік күйінділер, бор қосындылары бар қалдықтар, марганец рудаларын байытуда пайда болған қоқымдар т. б. жатады.
Тыңайтқыштардың өсімдіктерге әсері:
Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға негізделеді:
минералды тыңайтқыштар үшін:
1) жанғыштығы;
2) тотықтырғыштық әсері;
3) коррозиялық әсері;
4) уыттылығы;
5) көзді зақымдауы;
6) көз бен теріні тітіркендіруі;
7) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі;
8) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ жақсартушы заттар үшін) ; 2. Тыңайтқыштарды сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), ыдыстарда (сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ контейнерлерге буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаңдарда және қалқа астында сақтауға рұқсат етіледі. Сақтау кезінде тыңайтқыштардың бұзылмауы (олардың саны және сапасы) қамтамасыз етілуі және қоршаған ортаға зиян келтіру қатері болмауы тиіс.
Тыңайтқыштарды сақтау кезінде олардың физика-химиялық қасиеттері және оларды күшті тотықтырғыштардан, өрт қауіпті және жарылыс қауіпті заттардан бөлек сақтаудың қажеттілігі ескерілуі тиіс.
Тыңайтқыштарды сақтау орындарында көрінетін жерлерге көрсетілген заттарды сақтаудың ерекшеліктері, гигиена ережелері, қауіпсіздік шаралары, оның ішінде, сол немесе өзге авариялық жағдайларды жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат орналастырылады.
Сақталатын тыңайтқыштардың мөлшері жобада көзделген қойманың сыйымдылығынан аспауы тиіс.
Тамақ өнімдерін, мал азығын, шаруашылық және тұрмыстық мақсаттағы әр түрлі заттарды, техникаларды бірге сақтау үшін тыңайтқыш қоймаларын пайдалануға жол берілмейді.
Сұйық тыңайтқыштары бар бөшкелерді, бидондарды қоймада сақтау құю тесіктерін жоғары қаратып жүргізіледі.
Сұйық тыңайтқыштары бар ыдыстарды сақтау кезінде ыдыс авариялық бүлінген жағдайда төгілген өнімнің барлық көлемін оқшаулауға бағытталған тиісті техникалық шаралар мен құралдар (ылғал өткізбейтін үй-жайлар, су өткізбейтін тұғырықтар немесе басқа құралдар) көзделуі тиіс.
Буып-түйілмеген әр түрлі минералды тыңайтқыштар қойманың жеке бөліктерінде немесе жеке қоймаларда сақталуы тиіс.
Егер минералды тыңайтқыштардың қасиеттері бірге сақтауға кедергі келтірмейтін болса және ені 1 метрден кем емес әр түрлі тыңайтқыштар арасындағы бөлу аймағын сақтау және қоймада сақталатын өнімнің түрін көрсете отырып тақтайша орнату шартымен бір қоймада бірнеше түрлі минералды тыңайтқыштар сақтауға рұқсат етіледі.
Тыңайтқыштары бар орамдарды сөрелерге немесе тұғырықтарға орналастырады. Тұғырықтарда сақталатын буып-түйілген түрдегі тыңайтқыштар қатарының биіктігі 2 метрден аспауы тиіс. Жұмсақ контейнерлердегі тыңайтқыштарды 2 қабат етіп сақтайды.
Буып-түйілген тыңайтқыштар түрлері бойынша бөлек сақталуы тиіс. Буып-түйілген тыңайтқыштарды тұғырықтар мен сөрелерді пайдаланбай қойма еденіне үйіп сақтауға рұқсат етілмейді.
Қоректік элементтердің жоғалуын, ауаның улы газдармен ластану деңгейін төмендету мақсатында қатты органикалық тыңайтқыштардың дөңдері сақтау кезінде сіңіргіш материалдар - шым тезек, үгінді, сабан қабатымен жабылуы тиіс.
Жартылай сұйық, сұйық көң, тезек, ағындар секциялық типтегі арнайы жинағыштарда сақталады.
Сұйық көңді өңдеу жөніндегі ғимараттар орналасқан аумақта алты тәулік сақтауға арналған карантиндік ыдыстар болуы тиіс.
- Тыңайтқыштарды буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар
Тыңайтқыштарға арналған ыдыс орау материалдары олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде олармен қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалады.
Буып-түю және ыдыс үшін тыңайтқыштардың бүлдіргіштік және өзге де зиянды әсерлеріне төзімді және:
1) жануды және (немесе) жылудың айтарлықтай мөлшерін бөлуді;
2) тез тұтанатын, улы немесе тұншықтырғыш газдар бөлуді;
3) басқа химиялық белсенді және қауіпті заттардың пайда болуын туғызатын реакцияларға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспейтін материалдар пайдаланылады.
3. Тыңайтқышта мынадай міндетті ақпаратты қамтитын таңбалар болуы тиіс:
1) тыңайтқыштың атауы мен мақсаты;
2) сол бойынша тыңайтқыш өндірілетін нормативтік құжаттың белгілері;
3) пайызбен көрсетілетін негізгі қоректік элементтердің, макроэлементтердің, микроэлементтердің массалық үлесі;
4) қауіптілікті сипаттау элементтері (қауіптілік белгісі, сигналды сөз және қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы) ;
5) таза салмағы (қатты тыңайтқыштар үшін), ыдыстағы атаулы көлемі (сұйық тыңайтқыштар үшін) ;
6) өндірушінің атауы және тұрғылықты жері (заңды мекен-жайы, елді қоса алғанда) ;
7) өндірілген күні және лек нөмірі;
8) сақтаудың кепілді мерзімі немесе жарамдылық мерзімі;
9) сақтау шарттары;
10) қолдану бойынша нұсқау, сондай-ақ, қауіпсіз қолдану, сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар (бөлшек саудаға арналған тыңайтқыштар үшін) сұйық тыңайтқыштармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі қосымша нұсқаулықтар.
4. Тыңайтқыштарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Қауіпті жүктер (селитралар және солардың негізіндегі тыңайтқыштар, сусыз аммиак, аммиакты су) санатына жататын тыңайтқыштарды тасымалдау темір жол көлігі және автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Буып-түйілмеген тыңайтқыштар бос күйінде жабық темір жол вагондарымен, минерал тасығыштармен, жабық кемелермен және міндетті түрде шанақпен жаба отырып, автокөлікпен тасымалданады.
Сұйық минералды тыңайтқыштарды (аммиакты суды, көмір аммиакатын, сұйық кешенді тыңайтқыштарды) тасымалдау арнайы темір жол және автомобиль көлігімен жүргізіледі. Аммиакпен жанасатын сорғылар, штуцерлер, шүмектер және басқа да бөлшектер аммиактың агрессивті әсеріне төзімді материалдан жасалуы тиіс. Қола немесе мыстан жасалған бөлшектерді қолдануға рұқсат етілмейді.
Ыдыстарды (цистерналарды, резервуарларды) сұйық минералды тыңайтқыштармен толтыру жол бойы мүмкін болатын температураның өзгеруі кезінде өнім көлемінің ұлғаюын есепке ала отырып жүргізіледі. Сулы аммиакты тасымалдауға арналған ыдыстар олардың толық сыйымдылығының 93 %-нан аспайтындай етіп, сусыз аммиакты тасымалдауға арналған ыдыстар 85 %-нан аспайтындай етіп толтырылады.
Буып-түйілген минералды тыңайтқыштарды тасымалдау кезінде ыдыстардың жарылуына, жүктің төгілуіне және шашылуына жол берілмейді.
5. Тыңайтқыштарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Тыңайтқыштарды пайдалану жеке қорғаныс құралын қолдана және қауіпсіздік паспортында көрсетілген өзге де қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуі тиіс.
Әуеден шашуды елді мекендерден 1000 метрден және ашық су көздерінен 200 метрден кем емес қашықтықта 4 м/с кем емес жел жылдамдығы кезінде орындаған жөн.
Ағынды су тұнбаларын тыңайтқыштар ретінде қолдану топырақта ауыр металдардың (қорғасын, кадмий, никель, хром, мырыш, мыс, сынап) және күшаланың тұз құрамының гигиеналық нормативтерден асуына және онда патогенді микрофлоралардың, гельминттердің жұмыртқаларының, патогенді цисттерінің пайда болуына әкелмеуі тиіс.
Топырақты азотпен және басқа да қоректік элементтермен байыту үшін пайдаланылатын көң және тауық саңғырығы алдын ала залалсыздандырылуы (термиялық кептіру, компосттеу және басқа да әдістермен) тиіс.
Тыңайтқыштарды енгізуді жоспар бойынша жүргізген дұрыс, олардың нақты қолданылуын нақты енгізілген тыңайтқыштардың санын, өңделген аумақтың мөлшерін, енгізудің тәсілдері мен күнін көрсете отырып журналда тіркеу қажет.
Қатып қалған немесе қар басып қалған топыраққа тыңайтқыш енгізуге жол берілмейді.
Тараз қаласындағы "Казфосфат" ЖШС зауытыминералды тыңайтқыштарды шығарады. Өндірістің аумағы 449, 2 га және онда келесідей өндірістер бар:
- аммофос өндірісі 46% Р2О5, 10% N;
- жай суперфосфатөндірісі 19% Р2О5;
- сульфоаммофос өндірісі 18% Р2О5, 18% N;
- нитроаммофос өндірісі 22% Р2О5, 22% N;
Ақтау қаласындағы «КазАзот» ЖШС аммиак және аммиак селитрасын өндіреді.
3. ФОСФОР ТЫНАЙТҚЫШТАРЫ
Фосфор өсімдіктердің тыныс алуында және көбеюінде маңызды рөль атқарады. Өсімдіктердің кейбір бөліктерінде фосфордың P 2 O 5 түріндегі құрамы 1, 6% - ке дейін жетеді. Фосформен қоректендірудің күшті жағдайында өсімдіктер құрғақшылыққа және аязға төзімділігі күшейеді. Фосфор картоптың крахмалын, қант қызылшасының сахарозасын молайтады.
Фосфор тыңайтқыштарын құрамында фосфор элементі кездесетін кендерден өндіреді. Фосфор кендері құрамындағы фосфор мөлшеріне қарай: өте жоғары (35 % P 2 O 5 ), жоғары (28-35%Р 2 0 5 ), орташа (18-28% P 2 O 5 ), кедей (10-18% P 2 O 5 ), өте кедей (5-10% P 2 O 5 ), фосфорлы тау жыныстары (0, 5-5% P 2 O 5 ) болып бөлінеді.
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә. Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә. Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді.
Фосфор тыңайтқыштары әртүрлі еріткіштерде epy дәрежесіне қарай үш топқа жіктеледі .
- Суда еритін фосфор тыңайтқыштары (жай суперфосфат, қос суперфосфат, байытылған суперфосфат, суперфос) .
- Суда ерімейтін бірақ әлсіз қьшқылдарда еритін фосфор тыңайтқыштары (преципитат, фторсызданған фосфат, томасшлак, балқытылған магний фосфаты, фосфатшлак, термофосфаттар) .
- Әлсіз қышқылда нашар еритін фосфор тыңайтқыштары (фосфорит ұны) .
Фосфор тыңайтқыштарының негізгі өндірушілері Марокко, АҚШ және Ресей, ал негізгі тұтынушылары - Азия елдері, Латын Америкасы және Батыс Еуропада көрініс тапты.
Ең арзан фосфор тыңайтқышы - фосфорит ұны. Оның құрамында фосфор суға ерімейтін кальций фосфаты Ca 3 (PO 4 ) 2 түрінде кездеседі. Сондықтан фосфориттер барлық өсімдіктерге және барлық топырақтарға сіңе бермейді.
Фосфорит ұны. Фосфорит ұнын қышқыл, ақшыл сұрғылт түсті топыраққа, ақшыл жасыл түсті және сілтілі жоғары қара жерде және зияндылығы әлсіретілген, өсімдіктер және қышқыл топырақтағы микроағзалар үшін қолданылады. Бидайдағы жоғарылатылған құрамды ақуыздарды, таңқурайдағы крахмалды және шекердің тамырының құнарлылығын қамтамасыз етеді.
Фосфорит ұнын байытылған табиғи фосфориттерді алдын-ала майдалау жолымен алады. Фосфорит ұнының сырты күңгірт-қоңыр түсті мықты майдаланған ұнтақ түрінде көрініс табады. Тыңайтқыш жақсы сусымалыға, ылғал тартқыш емес, атмосфералық қалдықтардың қатысуынсыз ұзақ сақтауда және физико-химиялық қасиетін жоғалтпауға ие болады.
Преципитат - техникалық атауы кальцийдің гидрофосфаты СаНРО 4 * 2Н 2 О, фосфор тыңайтқышы және ауылшаруашылық жануарлары үшін минералды үстеме азық. Тыңайтқыш - ақтан сұр түске дейінгі жіңішке шашыраңқы ұнтақ, тығыздығы 0, 86-0, 87 г/см 3 ; ылғал тартқыш емес, суда ерімейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz