Жылуөткізбейтін материалдар


Қазіргі заманғы жылуөткізбейтін материалдар мынадай болып бөлінеді:
-минералды(шыны талшық және минералды мақта)
-пенополистирол, изолон
Шыны талшық (шыны мақта) - минералды талшықтың түрі. Ол
жылуөткізбейтін және акустикалық бұйымдарды өндіру кезінде жартылай
фабрикат болып табылады. Шыны талшықты өндіру үшін шикізат болып шихта
табылады, шихта нақты пропорцияда араластырылған кварцті топырақтан,
әктастан (доломит) және содадан (натрий сульфаты) тұрады. Шихта шыны
балқытатын ванна пешінде балқытылады және одан кейін шыны талшыққа
қайта өңделеді.
Орташа диаметрге байланысты шыны талшық былай бөлінеді: ультра
жіңішке (УЖ), диаметрі 1 мкм кем, супер жіңішке (СЖ) - 1-3 мкм, жіңішке -
4-12 мкм, қалыңдатылған -12-25 мкм және қалың - 25 мкм артық. Талшықтың ұзындығы бойынша үздіксіз (ұзындығы 3 м және одан артық) және штапелді (ұзындығы 30-50мм) болып бөлінеді.
Үзілмеген шыны талшықтан жылуөткізбейтін төсеніштерді, жолақтарды жасайды. Шыны талшықтан алынған төсеніштерді диаметрі 108 мм асатын аппараттарды және құбырларды оқшаулау үшін қолданады, жолақтарды беттің температурасы - 180-нен +450 дейін немесе +500 °С (маркаға байланысты) болатын және диаметрі 108 мм кем құбырларды оқшаулау үшін пайдаланады. Штапелді шыны талшықтарды (МЕМСТ 10499 - 95) түрлі тәсілдермен балқытылған шыны массадан алады: бумен тік булау (БТБ) немесе ауамен булау (БТА), ысытылған газдардың ағынымен үзілмеген шыны талшықтарды ортадан тепкіш, ортадан тепкіш-фильерлі-үрлеу, үрлеу әдісімен алады. Штапельді шыны талшықтардан төсеніштер, тақталар және шнурлар түріндегі бұйымдарды жасайды. Шыны талщықтар көп жағдайда жылыту кезінде қолданылыады. Шыны талшық дыбыс өткізбейді және дыбысты жақсы жұтады.
Минералды мақта - жіңішке (1-15 мкм) шыны тәріздес құрылымнан тұратын борпыл материал. Минералды мақта технологиясы келесі үрдістерден тұрады: шикізатты жасау (диабазалар, базальт, габбро, саз, шлак), шикізатты балқыту және силикатты ерітіндіні алу, талшықты қайта өңдеу, минерал мақта кілемді қалыптастыру, алынған кілемді орау. Талаптарға сәйкес минералды мақта үш маркалы болады: 75, 100 және125, меншікті жүктемесі 0, 002 МПа, сәйкесінше 75, 100 және 125 кг/м3. Минералды мақтадан келесі жылуөткізбейтін материалдарды жасайды: даналық (тақталар, цилиндрлер, жартылай цилиндрлер, сегменттер), рулонды (тігілген және синтетикалық тұтқыр төсеніштер) ; шнурлы (шнур, ширақтар) және төгінді (түйіршіктелген мақта) . Оларды былай бөледі: а) иілгіш - киіз,
төсеніш, шнур; б) қатты - тақталар, қабықтар, сегменттер.
Пенополистирол . ПС-1, ПС-4 (ТШ 6-55-56-91) және ПСБ, ПСБС (МЕМСТ
15588-86) маркалы тақталар, сонымен қатар құбырлар үшін қисық сызықты
элементтер (қабықтар) түрінде шығарылады.
Құрылыс мақсатында полистиролды пенопласт ПСБ және ПСБС (престелмеген пенополистирол және өздігімен басылатын престелмеген пенополистирол) маркалы болады және оны престемей алады. Пенополистирол бұйымдардың орташа тығыздығы 16…40 кг/м3 шамасында болады және сандық мәндері, мысалы ПСБ-20, ПСБС-30 және т. с. с. болады. ПСБС маркалы тақталар 5 c аспайтын уақыт ішінде оттың көзінжойғанда, өздігімен жанбауы керек. Құрғақ күйінде жылу өткізгіштік 25 Стемпература кезінде 0, 035-0, 038 Вт/(м∙С) .
Изолон иілгіш көбіктелген материал. Ол жоғары жылуөткізбейтін қасиеттерімен (тығыздығы 33 кг/м3 кезінде жылу өткізгіштік 0, 031-0, 032Вт/(м*К) ) сипатталады. Изолон қалыңдығы 1-50 мм болып шығарылады және ені 1, 6 м дейін орамдармен жеткізіледі. Ол ғимараттарды қосымша жылыту, сумен қамту, желдету жүйелерінде, тоңазытқыш жабдықтарда және т. б. қолданылады. От басатын үстемелері (Г1 және Г2 жану тобы) бар материалдарда жасалуы мүмкін, сонымен қатар қақтамамен, металл таспамен, матамен және т. б. қапталған түрлері де жасалады. Изолон ламинатталған паркеттің, демпферлеуші гидроизоляциялық мембраналардың астына төсеме ретінде қолданылатын импортты материалдардың орнын басады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz