Әрлеу материалдары



1 Табиғи тастан жасалған бұйымдар
2 ҚҰРЫЛЫС КЕРАМИКАСЫ
3 ШИКІЗАТТАР
4 АҒАШ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫ
5 БОЯҒЫШ МАТЕРИАЛДАР
6 Алкидті лак.бояу материалдарының сипаттамалары және қасиеттері
7 Шыны және шыны бұйымдары
8 Органикалық емес байланыстырғыш заттар және олардан жасалатын материалдар
Әрлеу материалдарын қолдану аясы бойынша сыртқы және ішкі әрлеу материалдары екі топқа бөледі. Қолданатын материалдар түріне байланысты; табиғи тастан жасалған бұйымдар; ағаштан жасалған бұйымдар; керамикалық бұйымдар; сылау және әрлеу бұйымдары; бейорганикалық байланыстырғыш негізінде жасалған бұйымдар; бетоннан жасалған бұйымдар; шыныдан жасалған бұйымдар; полимерден жасалған бұйымдар; бояу материалдары деп бөлінеді.

Табиғи тастан жасалған бұйымдар
Табиғи тасты бұйымдар мен бөлшектерді дайындау барысында төмендегі технологиялық үдерістердің болатынын еске алған жөн:
- тұтас жыныстан ірі блоктарды кесіп алу;
- блоктың қырларын өңдеу;
- блоктарды жеке бұйымдар немесе тасты тақталарға бөлу;
- бұйымдар мен тасты тақталарға қажетті пішіндер мен бетік фактуралар беру.
Қатты тау жыныстарынан дайындалған жеке бұйымдарды аралауға, тегістеуге және теп-тегіс етіп жылтыратуға болады. Табиғи тасты материалдарды өңдеудің бірнеше түрлері бар: алдын ала өңдеу (домалақ тастар, тас бөлшегі, ұсақталған тас, қиыршық тас, құм); тасты тақталарды жолақты тегістеп сүрлеу; дұрыс пішінді тасты бұйымдар мен блоктарды қырып тегістеу және айнадай жылтырату, сондай-ақ әртүрл суреті бар тасты тақталар (қабырға мен еденді қаптайтын тасты тақталар); тасты тақталарды өңдеу (сатының қадамдары, сөрелер, жақтау мен маңдайшалар); жол құрылысына керекті тасты бұйымдар (жол жиегі, жолға қажетті төртқырлы тастар, аяқ жолдары үшін әртүрлі пішіндегі тастар).
Табиғи тасты материалдар мен бұйымдар аралау арқылы өңделеді (қабырғаға керекті тастар және қабырға мен еденге жапсырылатын тастар), әртүрлі түстегі тасты тақталарды дайындау арқылы оюлы пішін бейнелейді. Тастың бетіне көркемдік бейнелерді химиялық жолмен оюлап жасауға да болады. Ол үшін тасты тақтаның бетіне парафинді маймен жұқалап жағады, сонан соң үстінен керекті пішінді салады. Сурет сызықтары парафинмен тазаланып, оны қышқыл ерітіндісімен өңдейді. Осыдан кейін парафин қабаты алынып тасталады, ал салынған бейне ашық бейнеленеді. Мәрмәрді, әктасты және басқа тығыз табиғи тастарды аралау үшін алмазды кескіштер немесе қатты металлдан дайындалған аралар, тас кесетін жабдықтарға орнатылып болған соң іске қосылады. Алмазды кескіші бар араларды пайдалану аралардың жылдамдығын 5-10 есе өсіруге, энергия шығынын 2-2,5 есеге азайтуға бұйым сапасын жақсартуға мүмкінді жасайды.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Х.Хавкей

ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ

5В073000 Құрылыс материалдары, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру
мамандығы студенттеріне арналған қысқаша дәрістік курстары

Өскемен
2014
ӘОЖ 691 (075.8)

Х. Хавкей Әрлеу материалдар:
050730, 5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды
өндіру мамандығының барлық оқу түрі бойынша оқитын студенттеріне қысқаша
дәрістік курсы. – Өскемен: ШҚМТУ, 2014. – 27 бет.

Әдістемелік нұсқауда әрлеу (өңдеу) материалдарының қысқаша
сипаттамалары, оларды топтастыру, өндіріс технологиясы мен қолдану аясы
баяндалады.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу – әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Хаттама №2, 13.09.2014 ж.

© ШҚМТУ, 2014
ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТ, ТОПТАСТЫРУ.

Әрлеу материалдарын қолдану аясы бойынша сыртқы және ішкі әрлеу
материалдары екі топқа бөледі. Қолданатын материалдар түріне байланысты;
табиғи тастан жасалған бұйымдар; ағаштан жасалған бұйымдар; керамикалық
бұйымдар; сылау және әрлеу бұйымдары; бейорганикалық байланыстырғыш
негізінде жасалған бұйымдар; бетоннан жасалған бұйымдар; шыныдан жасалған
бұйымдар; полимерден жасалған бұйымдар; бояу материалдары деп бөлінеді.

Табиғи тастан жасалған бұйымдар
Табиғи тасты бұйымдар мен бөлшектерді дайындау барысында төмендегі
технологиялық үдерістердің болатынын еске алған жөн:
- тұтас жыныстан ірі блоктарды кесіп алу;
- блоктың қырларын өңдеу;
- блоктарды жеке бұйымдар немесе тасты тақталарға бөлу;
- бұйымдар мен тасты тақталарға қажетті пішіндер мен бетік фактуралар
беру.
Қатты тау жыныстарынан дайындалған жеке бұйымдарды аралауға,
тегістеуге және теп-тегіс етіп жылтыратуға болады. Табиғи тасты
материалдарды өңдеудің бірнеше түрлері бар: алдын ала өңдеу (домалақ
тастар, тас бөлшегі, ұсақталған тас, қиыршық тас, құм); тасты тақталарды
жолақты тегістеп сүрлеу; дұрыс пішінді тасты бұйымдар мен блоктарды қырып
тегістеу және айнадай жылтырату, сондай-ақ әртүрл суреті бар тасты тақталар
(қабырға мен еденді қаптайтын тасты тақталар); тасты тақталарды өңдеу
(сатының қадамдары, сөрелер, жақтау мен маңдайшалар); жол құрылысына
керекті тасты бұйымдар (жол жиегі, жолға қажетті төртқырлы тастар, аяқ
жолдары үшін әртүрлі пішіндегі тастар).
Табиғи тасты материалдар мен бұйымдар аралау арқылы өңделеді
(қабырғаға керекті тастар және қабырға мен еденге жапсырылатын тастар),
әртүрлі түстегі тасты тақталарды дайындау арқылы оюлы пішін бейнелейді.
Тастың бетіне көркемдік бейнелерді химиялық жолмен оюлап жасауға да болады.
Ол үшін тасты тақтаның бетіне парафинді маймен жұқалап жағады, сонан соң
үстінен керекті пішінді салады. Сурет сызықтары парафинмен тазаланып, оны
қышқыл ерітіндісімен өңдейді. Осыдан кейін парафин қабаты алынып тасталады,
ал салынған бейне ашық бейнеленеді. Мәрмәрді, әктасты және басқа тығыз
табиғи тастарды аралау үшін алмазды кескіштер немесе қатты металлдан
дайындалған аралар, тас кесетін жабдықтарға орнатылып болған соң іске
қосылады. Алмазды кескіші бар араларды пайдалану аралардың жылдамдығын 5-10
есе өсіруге, энергия шығынын 2-2,5 есеге азайтуға бұйым сапасын жақсартуға
мүмкінді жасайды. Тасты тақталардың беттерін тегістеу мен айнадай жылтырату
жұмыстары корунд немесе алмаз ұнтағымен іске асырылады. Осыдан кейін тастың
беті тегіс болып, күңгірттеу түске ие болады. Оларды жылтыр жағдайға
келтіру үшін темір тотығының (хром, темір, қалай және т.б.( немесе
ұнтағының арнаулы суспензиясына батырылып киізбен, тас бетін тегіс
жылтырауық күйге келтіргенше айналмалы-үйкелісте өңдейді. Қабырғаны қаптау
үшін гранит, сиенит, габбро, тығыз әктас сияқты төгілмелі тау жыныстарды
қолданады. Олардың қасиеттері мен қабырға беттерін қаптаудағы өңдеудің
шарттарын ескере отырып, табиғи тастардың түрлерін дұрыс таңдау керек.
Мысалы, ғимараттадың іргетасын қаптау кезінде атмосфера мен аяз әсеріне
төзімді тастарды қолданады. Ал сыртқы қабырғаны қаптау үшін атмосфера
мен аяз әсеріне сылыстырмалы шыдамтылығы төмендеу тастарды қолданады.
Ғимараттардың ішкі көрінісін қаптауға мәрмәр, қуысты әктас және
басқалар қолданады. Жақсы акустикалық қасиетері бар қуысты тау жыныстарын
театрдың, концерт залдарының және осы сияқты үлкен ғимаратардың ішкі
қабырғаларын қаптау үшін қолданады. Еденге керекті материалдары үйкеліске
шыдамдылығы өте жоғары тау жыныстарынан дайындалады. Қазіргі кезде
қабырғаға керекті тасты тақталарды дайындауда алмазды аралар мен алмазды
дөңгелектер қолданылады. Ғимараттардың негізгі құрылымдарына қажетті
араланған тастар Қазақстан мен шетелдерде кеңінен қолданылып жүр. Елді
мекендерде аз қабатты құрылысында табиғи тасты кеңінен және жиі қолданады.
Ең бастысы қабырғаларды қалау үшін әртүрлі өлшемдегі дұрыс пішінді тастар
мен блоктар қолданылады: олардың өлшемдері әртүрлі болып келеді, мысалы
390х290х188, 490х240х188, 390х290х288мм және т.б.
Қаланың сәулеттік көркемділігіне көпір, эстакада, тіреу қабырғалар,
жағалаудың жабындары, су техникалық нысандары, көмкермелі қалқалар,
көшелермен алаңда, мүсіндер, және т.б. жасауға табиғи тастарды пайдаланады.
Қоғамдық ғимараттар, ескерткіштерге қолданылған тастар тек әсемдік үшін
емес, сонымен қатар ұзақ мерзімге шыдамды, берік болуы керек. Осы талаптар
табиғи тастарды көшелер мен алаңдарды төсеуге мүмкіндік беретін басты
көрсеткіші болып саналады.
Табиғи тасты құрылыс материалдарын өндіру. Тастардың тығыздығына,
қаттылығына және қай жерде орналасуына байланысты оларды әртүрлі әдістермен
шығарады.
Тығыз тау жыныстарды – шөгінді магмалық жыныстарды (гранит) немесе
тығыз шөгінді жыныстарды (әктас) әдетте жарылғаш заттарды қолдану арқылы
шығарады. Бұл үшін тау жынысын жарып, қопару арқылы алады.
Қаттылығы орташа және жұмсақ жыныстарды (ұлутас және басқалар) – алу
үшін кескіш машиналар немесе дискілі кескіш агрегаттарды қолданады.
Борпылдақ тау жыныстары (құм, малта тас) - әдетте эксковатормен
алады. Сонымен қатар оларды гидромеханикалық әдіспен алуға да болады.
Тастарды өңдейтін зауыттарда қаптамалық, қабырғалық және
едендік материалдар алу үшін ірі блоктар – тақталарға, кіші блоктарға
кесіледі. Ал жолдық материлдар алу үшін олар кіші формалы тастарға
бөлінеді. Одан әрі бұл материалдардың бетін әсемдеу үшін абразивті материал
арқылы немесе ұру арқылы ажарландырады. Осы матералдардан жасалған тас
бетінің сипатына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- кесілген фактура – тереңдігі 2мм-ге дейін жіңішке сызықтар, іздер
- тегістелген фактура – тереңдігі 0,5мм-ге дейін біркелкі кедір-
бұдырлы бедерлер,
- жылтыр фактура – тегіс, күңгірті, барқыт тәрізді бет (бұл тегістеу
– жылтырату станогына түрпілі майда ұнтақтарды қолдану арқылы
жасалады);
- айнадай жылтыр фактура - айнадай жылтыр бет ол металдардың (хром,
темір, қалайы) оксидтерінен жасалған мастикалармен және киіз
дискілермен өңдеу арқылы жасалынады.
Сонымен қатар пневматикалық балғаның басына арнаулы аспаптар орнату арқылы
жасалады. Бұл фактуралар өңінің сипатына байланысты бөлінеді. Олар:
- опырылған (жарылған) фактура – тасты кәдімгідей жарғанда пайда
болатын кішкентай ойпатар, бұйымның бетінде аспаптың ізі қалмайды;
- ізді фактура – тереңдігі 0,5-1мм қатарланған іздер;
- нүктелі фактура – нүкте тереңдігі 0,2-2мм бірқалыпты кедір-бұдырлар.

Қасиеттері.
Табиғи тас – құрылыс материалының қолдануына байланысты
төмендегі қасиеттері анықталынады: тығыздығы, беріктігі, аязға, суға, отқа,
үйкеліске және тозуға төзімділігі. Бұл қасиеттер белгілі стандартпен
анықталады.
Тығыздығына байланысты жеңіл (1800кгм3 дейін) ауыр
(1800кгм3 жоғары) деп бөлінеді. Жеңіл тастарға – кеуекті жыныстар: пемза,
ұлутас.
Тығыз тастарға – гранит, сиенит, диориттер жатады.
Түрлері мен оларды пайдлалану
Өңделмеген тас материалдар: шойтастар, жарықшық тастар, малта
тастар, құмдар.
Шойтастардың геометриялқ пішіні дұрыс емес, өлшемі 150-500мм
аралығында болады. Олар жарылғыш заттардың күшімен көбінесе әктастар,
доломиттерден, құмтастардан, граниттерден және т.б. дайындайды. Үйлердің
іргетасына, суықта жылытылмайтын қоймалардың қабырғасын қалауға, жарықшақ
тас алуға, бөгеттер т.б. гидротехникалық ғимараттарды салуға қолданылады.
Қиыршық тастар - өлшемі 5-70мм аралығында болатын тастар. Оларды тау
жыныстарын диірменмен бөлшектеп, елеу арқылы дайындайды.
Малта тастар - өлшемі 5-70мм аралығында кездесетін табиғи өзен тастары.
Қажетті жағдайда олар жуылып, зиянды қоспалардан - балшықтардан
ажыратылады.
Құмдар - әртүрлі минералдардан- кварц, дала шпаттары, кальциттерден
құралады, өлшемі 0,14-5ммм табиғи немесе жасанды түйіршіктер күйінде
кездеседі. Құрамындағы минералдардың көптігіне байланысты құмдар – кварцит,
дала шпта немесе корбанатты деп аталады. Жарықшақ тастар, малта тастар мен
құмдар – бетон толтырғыштары ретінде қолданады. Құмдар, шыны мен силикат
кірпіш өндіру үшін де пайдаланады.
Қабырғалы тас бұйымдары – кеуекті және жеңіл таужыныстарынан
өндіріледі. Қабырғалық тастардың стандарттық өлшемдері әртүрлі болады.
Қабырғалық тастардың өлшемдері кірпіштен үлкен болатындықтан, қалау
кезінде жұмысшының еңбегі жеңілденеді, еңбек өнімділігі артады.

ҚҰРЫЛЫС КЕРАМИКАСЫ

ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТ, ТОПТАСТЫРУ.

Жасанды күйдірілген материалдары мен бұйымдарын (керамика) балшық
илемін қалыптау мен кептірілген соң 900-1300°С күйдіру жолымен алады.
Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа бөлінеді;
кеуекті және тығыз. Кеуекті материалдың су сіңіргіштігі 5%-дан жоғары
болады, бұларға кәдімгі кірпіш, керамикалық қабырғаны қаптайтын тастар,
тақталар жатады. Тығыз керамикалық материалдар 5%-дан аз су сіңіреді,
оларғы еденге төсейтін тақталар, жолға төсейтін кірпіштер, канализациялық
құбырлар т.б. Кеуекті материалдардың салыстырмалы тығыздығы 95%-ке дейін
және су жұтуы 5% -тен жоғары емес, олардың сығылу кезіндегі беріктігі 35МПа
(кірпіш, дренажды құбырлар) аспауы тиіс. Тығыз материалдардың салыстырмалы
тығыздығы 95%-тен жоғары және су жұтуы 5% -тен төмен, олардың сығылу
кезіндегі беріктігі 100МПа дейін, олар тозуға төзімді болады (еденге
арналған тақталар). Керамикалық материалдар мен бұйымдар қолданылатын
орнына байланысты бөлінеді;
1. қабырғалық бұйымдар (кірпіш, қуыс керамикалық тастар мен олардан
жасалған панельдер);
2. ғимараттың сыртқы қабырғалары және ішкі жағын өңдеуге арналған қаптау
бұйымдар (беттік кірпіш, кіші өлшемді тақталар, крниздер, жақтаулар)
3. Арнайы міндет атқаратын бұйымдар мен материалдар; (сантехникалық
бұйымдар, отпен қышқылға төзімді бұйымдар, жеңілбетон толтырғыштары
(керамзит, аглопорит) т.б.
Балшық илемін күйдіру нәтижесінде, жақсы беріктікке ие, жоғары
тығыздықта, суға төзімді, су сіңірмейтін, аязға төзімді және ұзақ уақыт
қолданылатын жасанды тасқа айналады. Керамика алуға арналған шикі затқа
бірнеше жағдайда ширайтын қоспаларды оның құрамына енетін балшыққа қызмет
ету үшін енгізеді. Бұл қоспалар кебу мен күйдіру кезінде өнімнің шөгуін
төмендетіп, кеуектілігін арттырады, орташа тығыздығы мен материалдың жылу
өткізгіштігін азайтады. Қоспа ретінде құм, уатылған керамика, шлактар, күл,
көмір, ағаш үгінділерін пайдаланады. Күйдірілу температурасы балшықтың
алғашқы балқу температурасына байланысты болады.
1) Иілгішті пресстелген қарапайым балшық кірпішін ширайтын қоспалы
немесе қоспасыз балшықтан дайындайды. Кірпіш параллелепипед пішінде
болады. Кірпіш маркалары: 300, 250, 200, 150, 125, 100, 75.
2) Иілгішті пресстелген саңылаулы керамикалық кірпішін бір қабатты
және көп қабатты үймереттердің көтергіш қабырғалары, ішкі бөлмелер,
қабырғалар мен арақабырғалар, кірпіш қабырғалардың қаптамасын қалау үшін
шығарады. Кірпіш маркалары: 150, 125, 100 және 75.
3) Жеңіл құрылыс кірпішін жаңғыш қоспалары бар балшық илемін қалыптап
және күйдіру жолымен, сонымен қатар жаңғыш қоспалары бар құм мен балшық
араласпасымен дайындайды. Кірпіш өлшемдері: 250х120х88мм.
Қарапайым балшық кірпішін ішкі және сыртқы қабырғалар, ұстындар мен
үймерет пен ғимараттардың басқа бөліктерін қалау үшін қолданады. Балшық
және керамикалық кеуекті кірпішін үймерет пен ғимараттардың ішкі және
сыртқы қабырғаларының су оқшаулағыш қабатынан жоғары қалау кезінде
қолданады. Жеңіл кірпішті бөлмелердің ішкі ылғалдылығы қалыпты жағдайда
ішкі және сыртқы қабырғалар қалау кезінде қолданады.
4) Черепицаны майлы балшықтан 1000...1100°С-та күйдіру жолмен өндіреді.
Черепицаның сапасын тексеру үшін оны балғамен жеңіл соққанда таза, дірілдеу
дыбыс шығарады. Ол берік, өте ұзақ уақыт қолданылатын және отқа төзімді
болады. Кемшілігі-орташа тығыздығы жоғары, төбенің көтергіш құрылымана
ауыр, морт.
5) Дренажды керамикалық құбырларды ішкі диаметрі 25-250мм, ұзындығы
333, 500, 1000мм, қабырғасының қалыңдығы 8-24мм болатын отырғыш қоспасымен
немесе қоспасыз балшықтан дайындалады. Олар кірпіш немесе арнаулы
зауыттарда өндіріледі. Дренажды керамикалық құбырлар құрғату-ылғалдау және
суландыру жүйелері, коллекторлы-дренажды су бұру құрылысына қолданады.
6) Жер асты коллекторлларына арналған тасты трапец пішінмен дайындайды.
Оны диаметрі 1,5 және 2м канализация және басқа ғимараттар кезінде
жер асты коллекторларын орнату кезінде қолданады.
7) Керамикалық қасбет тақтасын үймерет пен ғимараттар, панелдер,
блоктарды қаптау үшін қолданады.
8) Керамикалық канализациялық құбырларды нашар балқитын және отқа
төзімді ширайтын қоспалары бар балшықтан дайындайды. Олар цилиндр
пішінді және ұзындығы 800, 1000 және 1200 мм, ішкі диаметрі 150...600
мм болады.
9) Еденге арналған тақта бетінің түрі бойынша майда, кедір бұдырлы және
тығыз болып бөлінеді; түсі бойынша – бір түсті және көп түсті; пішіні
бойынша – квадрат, тік бұрышты, үш бұрышты, алты қырлы, төрт қырлы.
Тақтаның қалыңдығы 10 және 13мм болады. Оны өндірістік, ылғалды
режимдегі су шаруашылығы ғимараттарында едендерді төсеу үшін
қолданады.

ШИКІЗАТТАР

Саз балшықты материалдар: каолиндер, саз-балшықтар, бентониттер.
Каолиндер және саз балшықтар деп әртүрлі қоспалармен араласқан, табиғатта
тараған сулы алюмосиликаттарды айтады. Олар сумен илегенде иілімді қамырға,
ал күйдіргеннен кейін тасқа ұқсас күйге айналады. Каолиндер тек қана
каолинит минералынан құралады, түйршіктерінің өлшемдері көбінесе 0,01мм-
ден, күйдіргенде ақ түсін (өңін) сақтайды.
Саз-балшықтар бірнеше минерал мен көптеген минералдық және
органикалық қоспалардан құралады. Бұл материалдардың бір тобы сумен
араластырғанда иленгіш қамыр түзеді. Ал басқа тобында – кальцитте, дала
шпатында мұндай иілгіштік қасиет болмайды. Майда түйіршіктер балшықтардың
иілгіштік қасиетін жақсартады. Жоғары иілгішті балшықтардың 80-90% 0,003мм-
ден төмен бөлшектерден құралады.
Бентониттер деп – жоғары иілгішті монтмориллониттер құралған балшықтарды
айтады. Олардың 80-90%-ы 0,001 мм-ден кем бөлшектерден тұрады. Қорыта
айтқанда балшық материалдарда 0,001мм бөлшектер көбейген сайын олардың
иілімділігі өседі. Иілгіштігі ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа –
дала шпаты, олардың балқу температурасын төмендетеді. Темір тотығы оларға
қызыл, көміртегіне бай органикалық қоспалар қоңыр түстер береді.
Қоспалар
1. Иілгіштігін азайтатын қоспалар- иілгіштігі жоғары қамыр түзу үшін суды
көп сіңіреді де, одан жасаған бұйым кептіргенде, күйдіргенде көлемін
кішірейтеді және жарылуы мүмкін. Бұйымды осындай ақаудан сақтау үшін,
балшықтың иілгіштігін азайтатын қоспалар пайдаланылады. Оларға –
шамот, құм, жылу электрстанциясының күлі, тез суытылып, түйіршіктелген
шлактар жатады. Шамот – түйіршіктелген (0,14-2мм) керамикалық
материалдар. Ол сазды күйдіру, уаты арқылы алынады немесе кірпіш
сынықтарынан дайындалады. Шамотты және осы топтағы заттарды қосқанда
балшықты кептіру, күйдіру үдерістері жеңілдеп, сапасы жоғары қас
беттік кірпіш пен отқа төзімді бұйымдар алынады.
2. Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі мен саздың иілгіштігін арттыратын
қоспалар – жеңіл, кеуектілігі жоғары, жылу өткізгіштігі төмен бұйымдар
алу үшін саз илеміне кеуектілік тудыратын заттар қосады. Бұл заттар
күйдіргенде газ шығаратын уатылған әктас, доломит немесе жанатын ағаш
ұнтағы, ЖЭС күлі пайдаланылады.
3. Балқытқыштар, глазурлер, ангобтар – балқытқыштар дала шпаттары, темір
рудасы, доломит, магнезит, тальк сазды илемге бұйымдарды күйдіру
температурасын төсендету үшін қосылады. Керамикалық бұйымдардың су
өткізгіштігін, тазщалығын арттыру үшін олардың бетін глазурь немесе
ангоб деп аталатын заттармен өңдейді немесе сырлайды.
Глазурь дегеніміз – бұйымның бетіне жағалғаннан соң оны күйдіргенде жоғары
температураның әсерінен балқитын шыны тәрізді көп компонентті зат, оның
қалыңдығы 0,1-0,2мм болады. Глазурь түрлі – түсті, мөлдір, кейде күңгірт
түсті жылтыр болып келеді.
Ангоб дегеніміз - күйдіргенде ақ немесе басқа түс беретін балшықтан
жасалған керамика бетіне жағылатын зат. Күйдіргенде ангоб
балқымайтындықтан бұйымның беті түрлі – түсті болғанымен, жылтырамайды.

Балшықтардың керамикалық бұйымдар өндіруге қажетті қасиеттері.
1. Иленгіштігі. Сазды сумен араластырғанда иленгіш қамырға айналады.
Иленгіштік деп – саздың қамыр күйінде сыртқы күштің әсерінен қажетті
пішінді үзіліссіз, саңылаусыз қабылдап, оны кептіргенде және күйдіргеннен
кейін пішінін сақтау қасиетін атайды. Иленгіштіктің техникалық көрсеткіші
пластикалық санмен (Пл) сипатталады.

Пл = Wa - Wш;
мұндағы Wa – аққыштығы, Wш - ширағыштық шектеріне сай ылғалдылықтың
мөлшері, %; Керамикалық бұйымдарға Пл-7-15 аралығындағы сазды балшықтарды
пайдаланады.
2. Шөгу (тығыздану немесе бұйымның отыруы)- деп қамырды ауада кептіріп,
отта күйдіргенде оның сызық өлшемдері мен көлемінің кішіреюін айтады.
Әдетте бұйым 3-18 дейін шөгеді, осыған байланысты өлшемі стандартта
көрсетілгендей, бұйым алу үшін қалыптың көлемі ұлғайтылады. Бұйымның шөгуі
қамырды кептіргенде ылғал бөлініп, ал күйдіргенде балқығыш құрамы басқа
балқымайтын бөлшектерді өзіне тартуы әсерінен пайда болады.
3. Пісуі. – деп күйдіргенде саздың тығыздығы өсіп, тас тәрізді затқа
айналуын айтады. Құрамындағы кейбір оңай балқитын бөлшектері балқып,
балқымаған бөлшектерді өзіне ығыстыру арқылы тығыздығын өсіреді.
Жоғары температураның әсеріне байланысты балшықтар үш түрге
бөлінеді: отқа төзімді – балқу температурасы 1580 0С-тан жоғары, баяу
балқитын – балқу температурасы 1350-1580 0С, оңай балқитын – балқу
температурасы 1580 0С-тан төмен. Отқа төзімді балшықтарға көбінесе
фарфор, фаянс және отқа төзімді бұйымдар алу үшін пайдаланылады. Баяу
балқитын балшықпен едендік тас, кәріз құбырлары және осыған ұқсас бұйымдар
өндірісіне қолданылады. Оңай балқитын балшықтарды кәдімгі кірпіш, черепица
т.б. бұйымдар өндіру үшін пайдаланылады.

Керамикалық бұйымдарды өндірудің сұлбасы.

Керамикалық бұйымдарды өндірудің негізгі үдерістері төмендегідей
болады: балшықты карьерден қазып алу, қамырды дайындау, оны бұйым формасына
келтіріп қалыптау, кептіру және күйдіру.
1. Балшықты қамырды дайындау. Карьерден алынған балшықтың иленгіштігін
арттыру үшін түрлі дайындау үдерістерінен өткізіледі. Мысалы, алынған
балшықты бір жыл ашық ауада ұстайды. Осы уақытта ауа райының құбылыстарына
тап болған балшық өздігінен уатылып, оның иленгіштігі өседі. Осы мақсатпен
балшықты оның құрамында кездесетін қоспа – тас түйіршіктерден механикалық
немесе гидравликалық әдістермен ажырату да қолданылады. Бұл үшін балшық
тасты бөлек шығаратын винтті біліктерден өткізеді немесе сумен араластырып
суцпензия дайындалады де електен өткізіледі (0,5мм-ден жоғары түйіршіктер
електе қалады). Ол 18-22% немесе 8-10 % ылғалдылыққа кептіріледі. Жартылай
құрғақ қалыптау ылғалдылығы 8-10%, балшық пресс-ұнтақ түрінде үлкен
қысыммен тығыздылып кептіру- ұнтақтау әдістермен дайындалады. Қатты
түйіршіктер винтті біліктер арқылы ажыраған балшық майдаланылады, егер
өндірісте бұйы иілгіш әдіспен қылыпталынса 18-22%-ке дейін ылғалдалынылып,
таспалы балшық иленгіштен өткізіледі. Балшықты ылғалдау үшін су орнына бу
қолданылса, лтаспалы пресстің өнімділігі артады. Оған жұмсалатын электр
қуаты 10-15%-ға кемиді, өйткені бу қамырға терең тарап, суға айналады.
Осының салдарынан балшық біркелкі ылғалданады. Буды қолданғанда қамыр 500С-
қа дейін қызып, бұйымдарды кептіру уақыты қасқартылады.

Сурет-1. Таспалы пресстің сұлбасы
1-мүштік; 2-престің басы; 3- престің қабы; 4- шнектің қалақтары
(таспалары); 5-балшық қабылдағыш (воронка).
Кептіру-ұнтақтау әдісі балшықты біліктерде майдалап, майдаланған
балшықты кептіргіш барабанда кептіріліп балшықты кәрзіңкеде ұнтақтап, одан
кейін бумен 8-10% -ға дейін дымқылдайды. Бұйымдарды күйдірер алдында
ылғалдылығы 5%-дан аспайтындай етіп 900С температурада тунелді немесе
камералы кептіргіштерден өтеді. Тунелді кептіргіште (ұзындығы -50м)
арбаларға тиелген бұйымдар берілген жылдамдықөпен үздіксіз жылжып отырады.
Арбаның жылжу бағытына қарама-қарсы ыстық ауа немесе пештен шығатын газ 120-
150 0С температурада беріледі. Тунелді кептіргіште бұйымды кептіру ұзақтығы
16-36 сағат болады.
Бұйымдарды күйдіру – бұл керамикалық бұйымдарды өндірудің соңғы
кезеңі. Күйдіру әсерінен олардың құрылымы мен басқа да техникалық
қасиеттері құралады. Кірпіш пен басқа да кеуекті бұйымдарды күйдіру үдерісі
әдетте 950-1000 0С – та жүргізіледі. Температура одан әрі көтерілсе,
балқыған силикаттардың – сұйық ерітіндінің пайда болуы мен оның көбеюін
жылдамдатады. Бұл ерітінді балшық бөлшектерін байланыстырып қана қриймай,
керамикалық материалдардың тығыздығын арттырады. Сұйық ерітінді көбейсе –
ол артық күйдірілгеннің белгісі, бұйым қалпынан айырылады, оның беткі жағы
түгел балқиды. Ал күйдірілу жетіспесе, ол пісу үдерісінің толық бітпегеннің
белгісі. Бұл жағдайды кірпішті түрі қызыл емес, ал қызыл болып, беріктігі,
суға, аязға төзімділігі төмендейді. Керамикалық кірпіштерді күйдіру
туннелді немесе сақиналы пештерді қолданылады. Туннелді пештердің жұмысы
автоматтандырылған: оның іші отқа төзімді қаптамалармен өңделген. Пештің
ұзындығы 100м, көлденең қимасы – 3м х 5м; ішінде бұйымдар тиелген арбалар
ақырын жылжып, кептіру, күйдіру және суыту зоналарынан өтеді. Бұйымдар
сұйық ерітіндінің бөлшектерді байланыстыру, қатты фазада жүретін реакциялар
мен жаңадан пайда болған түрлердің кристалдану әсерінен піседі. Керамикалық
бұйымның беріктігі оның фазалық құрамына, кеуектілігіне және
жарықшақталуына байланысты. Керамикалық бұйымдарда 75-300 болып келеді.
Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділік маркасы, олардың су
сіңіргеннен кейін қанша мәрте тоңазу-жібіту цикліне қабыршақтанбай,
шытынамай шыдағанын көрсетеді. Керамикалық бұйымдардың құрылымына
байланысты аязға төзімділігі Г15, Г25, Г35, Г50, Г75, Г100 маркалармен
сипатталады.

АҒАШ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫ

Бiздiң ғаламшарымыздағы адамдар ерте заманнан бері ағаш кесумен
айналысқан. Бұл материалдан түрлi заттар өндiрілген. Сол заттардан керекті
заттар тiлдi: күнделiктi тұрмыста қажеттi бұйымдар, және сәулеттiк
композициялар және абстрактiлi шығармаларға дейiн, сонымен қатар сәндiк
әшекейлер де жасады. Халық шаруашылығында ешбір жерде ағаш тұтынбайтын сала
ешқашан бомайды. Ағаш берік және өте жеңіл материал, жылу оқшаулау жақсы
қасиетке ие. Ол өңдеу аспатарымен жеңіл өңделеді, желімделеді, оған металл
мен басқа бекітпелер жақсы бекітіледі. Сонымен қатар ағаш тамаша безендіру
қасиетке ие болады. Ағаш халық шаруашылығының әртүрлі саласында көп
тараған материалдардың бірі. Оны машина жасау, кеме жасау және көпір
құрылысы, тау-кен өнеркәсібі, құрылыста қолданады. Ағаштан жиһаз және
қапшықтар, шпалдар және спорттық бұйымдар, сіреңкелер мен музыкалық
аспаптар дайындайды. Бұдан басқа, ағаш химиялық, целюлозды-қағаз
өнеркәсібіне арналған шикі зат ретінде, сонымен қатар ағаш жоңқалы және
ағаш талшықты тақталарға арналған өнеркәсібінің негізгі қайнар көзі болады.
Ағаш – көне заманнан құрылымдық материал ретінде қолданылып келеді. Ол
көптеген құнды сипатқа ие: жоғарғы механикалық беріктікке лайық, жылу
өткізгіштігі төмен, көлемдік массасы аз, жеңіл өңделеді, қалыпты жағдайда
ағаштан жасалған бұйымды пайдалану көптеген жылдар бойында өзінің қасиетін
өзгертпейді. Ағаштың негізгі кемшіліктрі – суды көп жұтатындығы, шіруге
бейімділігі, отта оңай жануы, әртүрлі бағытта физикалық – механикалық
қасиетерінің біткелкі еместігі. Ылғалдан, т.б. зиянды орта әсерінен қорғау
үшін ағаш кептіріледі, оған лак немесе бояу жағылып басқа химиялық заттар
сіңіріледі. Антипириндер сіңіру – ағаштың отқа төзімділігін арттырады. Ағаш
өндірісінің негізгі технологиясы – ол орманнан бөренелер дайындау,
тасымалдау, қоймаға жинақтау, ағаш кесілмелерін дайындау, кептіру, ағаш
өңдеу зауыттарға жеткізу, бұйымдарды пішу желісіне жеткізу, құрастыру,
өңдеу, сапасын тексеру, бояу, дайын өнім қоймасына жекізу, тұтынушыларға
жіберіледі. Ағаш тілу үдерістері алғашқы шикі затты алғашқы механикалық
өңдеу, әртүрлі өндірістік салалар мен алғашқы кезекте құрылыс салаларын
қамтамасыз ететін жартылай дайын өнім (тақтай, брустер) алу үшін арналып
дайындалады. Сондықтан ағаш тілу үдерісі арқылы ағаш дайындаудың негізгі
массасы жүріледі. Ағаш тілу өндірісінің заманауи технологиялық үдерістері
төмендегі негізгі қағидаларға сүйенеді:
1. Ағашты кешенді пайдалау мен бөренелер тепе-теңдігін тиімді
орналастыру.
2. Тиімді-техникалық үдерістер, өнім сапасын жақсарту, еңбек
шығынын жақсарту, тілме бұйымдардың өзіндік құнын төмендетуге
бағытталады.
3. Осы заманғы жаңа қондырғылар мен аспаптарды қолдану.
4. Өндірістік үдерістерді механикаландыру мен автоматтандыру.
5. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік пен өнеркәсіп этикасы.
Әртүрлі өнімдер мен жартылай дайын бұйымдардың жалпы шығару өсімі,
барлық ағаштарды тиімді кешенді қолдану, соның ішінде барлық қалдықтарды,
ағаш тілу мен ағаш өңдеудің технологиялық үдерістірінің әртүрлі
кезеңдерінде қабылданады. Ағаш тілу цехы бір мезгілде көлемдері мен
сапасы бойынша әртүрлі, өңдеу мақсаты мен дәрежесі, ал кейде ағаш
жыныстарын шығарады. Осы заманғы ағаш тілу мен жақын болашақтағы ағаш тілу
арнаулы стандарттағы материалдар, кешенді құрғақ дайындамалар қапшықтың
түптері мен әртүрлі технологиялық ерекше целлюлозді жоңқаларды шығаруға
бағытталуы тиіс. Осындай ерекше тапсырмаларды жаңа салынатын немесе
жұмыстап тұрған кәсіпорындарға арналып шешілуі тиіс. Ағаш бұйымдарын жасау
кезінде ағаштың кептірілуі ерекше назарда болу керек. Ылғалды ағаштан
дайындалған бұйымдар өзіне тағы да ауадан ылғал алып бұйымның сапасына
әсер етеді. Ағашты кептіру үдерісі табиғи және жасанды жолман жүргізіледі.
Табиғи жолмен жасалған кептіргіш ашық аспан астында штабелмен жинақталған
сөрелерде жыл бойы жүргізіледі. Ал жасанды жолмен кептіру ыстық бумен
жұмыстайтын арнаулы камераларда жүргізіледі. Кептіру үдерісінің
маңыздылығы ағаштың құрамындағы шайырды (смола) толықтай шығару болып
танылады. Ол үшін бөренелерді немесе кесілген тақтайларды су ваннасында
ұстау. Бұйым жасауға қолданылатын ағаштың стандартты қалыпта ылғалдылығы
12% болу керек.
Ағаш бұйымдарының түрлері.
Құрылыста көбінесе ағаштың қылқан жапырақты түрлерін қолданады.
Біріншіден олар көп тараған, екіншіден, олардың сапсы жақсы, діңі тура, әрі
ұзын. Олардың ішінде көп тарағаны – қарағай. Бұл ағаштардан бөрене, кесінді
материалдар мен ағаш бұйымдарының басқа түрлері жасалынады.
Бөренелер дегеніміз – бұтақсыз, қабығымен бірге кесілген ағашты айтады.
Жоғары жағының жуандығына байланысты бөренелерді ірі (26 см-ден кем емес),
орташа (14-24см), жіңішке (8-13см) деп бөледі. Олар қолданылатын орнына
байланысты құрылыста тікелей пайдаланылатын және материалдар өндіру үшін
қолданылатын деп топтастырылады. Құрылыста тікелей қолданылатын бөренелерді
сырттан түсетін жүктемені көтеру, күшке кедергі көрсету үшін пайдаланылатын
қадалар, телеграф бағаналары, көпір және су техникалық құрылыстарда
қолданатын құрылымдардың элементтері ретінде өндіріді.
Кесілмелі материалдарға – брустер, тақтайлар, шпалдар, жатады.
Сүргіленіп бір қырына ойықтар жасалған келесі қыры қырқаланған тақтайлар
өзара тығыз жапсарланады да еден мен бөлмеаралық қабырға жасауға және
төбені, сыртқы қабырғаны тыстауға қолданылады. Белгілі бір үлгі бойынша
жонып тегістелген бұйымдар еден мен ірге арасындағы саңылауларды бастыра
шегеленетін жіңішке жапсырма тақтай – плинтус немесе ернеулік, терезе мен
есік қорптарының жақтаулары, маңдайшалар баспалдақ шарбағының тұтқасы
әзірленеді.
Паркеттер дегеніміз – еден төсеуге арналған қысқа, әрі жіңішке ойығымен
қырқасы бар тақтайшалардан жапсарлап төселген еденді айтады. Паркет
төзімді, жылу мен дыбысты аз өткізеді, түрі сәнді болып келеді. Көбінесе
паркет жасау үшін қатты ағаштар емен, үйеңкі, қайың түрлері пайдаланылады.
Паркет құрылыста данамен немесе тақта түрінде қолданылады.
Фанера – үш немесе одан да көп қабыршықтарды жұқа парақ түрінде
өндірілетін өнімді бір – біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын
материал. Фанера жасау үшін көбінесе қайың, емен, әртүрлі қарағай тұқымды
ағаштардан ұзындығы 2 м болатын дөңбектердің сүрегі пайдаланылады. Ағаш
сүрегінің әр бағыттағы қасиеттерін біркелкі ету үшін қабыршық талшықтарын
өзара перпендикуляр етіп қабаттап желімделінеді.
Қажетті қалыңдығын қамтамасыз еткен соң фанер тез қатаю үшін 14-20 МПа
қысыммен, 120-1600С температурада 20-30 минут сығылады.
Фанердің қалыңдығы 15-18мм ені мен ұзындығы 1525-2400мм болады. Фанер –
ішкі қабырға мен ішкі төбені қаптау, бөлмеаралық жасауға т.б. құрылыс
салаларында қолданады.
Адамдар көптеген ғасырлар бойы оны тұрмысқа бұйымдар мен күнделікті үй
тұрмысына қолданып келді. Олардан қазіргі кезде әрекеттегі, жиһаздар
шығаратын болды.
Жиһаздың пайда болу тарихы, сонымен қатар оның үнемі өзгеріске ұшырауы
мен техникалар, өнер, мәдениет дамуының жалпы бағытымен бірге тығыз
байланыста жетістіктерге жетіп және адам өмірінің ажырамас дамуы мен
өзгерісіне байланысты болып келді. Сондықтан жиһаздың жаңа түрін шығару
қашанда заманауи сәнге сәйкес және адамдардың тұтынуы мен талғамына, оның
сұранысына сәйкес болып келді. Қазіргі кезде жиһаз өндірісін дамытудың
жалпы үрдісі екі факторлармен қалыптасады: бір жағынан адамның тұрмыстық
жетістігі мен оның мәдениеті және екінші жағынан өндірістік мүмкіндіктері.
Бірінші фактор жиһаздың әртүрлілігін, жаңа бағыттарды пайда болдыру
мен тұтынушылар талғамы және осы саладағы құрылымдық шешімдерді тудырады.
Жиһаз өзіде - заттардың санатындағы күрделі бұйым, үйге ыңғайлы және жайлы
жағдай жасау, сонымен қатар эстетикалық қасиеттерді қамтамасыз етеді.
Екінші факторы өндірістегі оның барлық кезеңіндегі шикі затты өңдеуді
анықтайды; жиһаздарды жобалау жүйелерінің жетістігі және оның
технологиясын бөлшектері және жинақтау бірлігінің унификациялық
жүйелерінің бірыңғай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әрлеу материалдары және киім фурнитурасы
Едендік төсемелердің жaнғыштыққa, тұтaнғыштыққa жәнe мaтepиaлдың үcтiңгi бeтi бoйыншa oттың тapaлy көpceткiштepiнe cынaқтap жүpгiзy
Құрылыс материалдарына шолу
Керамограниттің өндірістік технологиясы және сипаттамасы
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі
Қонақ бөлме
Көп қабатты құрылыс
Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары
«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
Пәндер