Тасымалдау құбылысы



1. Броундық қозғалыс.
2. Диффузия, жылу өткізгіштік.
3 Жылулық қозғалыс.
Жылу құбылыстары ерте заманнан-ақ адамдардың назарын аударып келген. Адамның алғашқы от жағуды үйренуі мен оны өшірмей сақтай алуы, адамзат ашқан ұлы жаңалықтардың бірі болып табылады. Алайда жылу құбылыстарын түсіндіру үшін ғалымдарға ұзақ уақыт бойы еңбек етуге тура келді.

XVII ғасырдан ХІХ ғасырға дейін жылу табиғаты туралы екі көзқарас болды. Бірінші теорияға сәйкес материяның ерекше бір түрі жылу тегі бар, ол бір денеден екіншісіне өтіп, оның қаншалықы қызғанын анықтайды деп есептелді.
Жылу тегі теориясы мен қатар, жылудың екінші – корпускулалық теориясы болды. Бұл теорияға сәйкес, жылу дегеніміз – дененің өте ұсақ бөлшектерінің үздіксіз ішкі қозғалысы. Ол теорияның ХVII-XVIII ғасырлардағы көптеген көрнекті ғалымдар Ф.Бэкон, Р.Гук, И.Ньютон, Р.Боиль, Д.Бернулли, М.М.Ломоносов, т.б. тамаша қорғап шықты.
Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуы М.В.Ломоносов зор үлес қосты. Ол жылу мен суықтың табиғаты туралы жазған шығармасында (1745жылы) жылуды зат бөлшектерінің айнымалы қозғалысы ретінде қарастырды. Ол өз теориясының көмегімен балқу, булану, жылу өткізгіштік және басқа да құбылыстарға дұрыс түсініктеме берді. Өз уақытынан әлдеқайда озық болған бұл тамаша болжамдарды жылу табиғаты деген біздің қазіргі көзқарастарымыздың негізі жатыр.
ХІХ ғасырдың аяғында атақты ғалымдар М.Ломоносов, Р.Джоуль, Р.Клаузиус, Дж.Максвелл, Л.Больцмандар негізгі қорытынды жасады. Олар жылу құбылыстарын барлық денелерді құрайтын молекулалардың ретсіз қозғалысымен түсіндірді.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Тасымалдау құбылысы.

Орындаған:Абдибаев Ж.А.
Тобы: ГК-707
Тексерген:Рахимбердина А.Т.
Cемей, 2017
Тасымалдау құбылысы.
Жоспар:
1. Броундық қозғалыс.
2. Диффузия, жылу өткізгіштік.
Жылулық қозғалыс.
o Жылу дегеніміз не?
o Ыстық дене суық денеден қалай ерекшеленеді?
І. Жылу құбылыстары ерте заманнан-ақ адамдардың назарын аударып келген. Адамның алғашқы от жағуды үйренуі мен оны өшірмей сақтай алуы, адамзат ашқан ұлы жаңалықтардың бірі болып табылады. Алайда жылу құбылыстарын түсіндіру үшін ғалымдарға ұзақ уақыт бойы еңбек етуге тура келді.

XVII ғасырдан ХІХ ғасырға дейін жылу табиғаты туралы екі көзқарас болды. Бірінші теорияға сәйкес материяның ерекше бір түрі жылу тегі бар, ол бір денеден екіншісіне өтіп, оның қаншалықы қызғанын анықтайды деп есептелді.
Жылу тегі теориясы мен қатар, жылудың екінші - корпускулалық теориясы болды. Бұл теорияға сәйкес, жылу дегеніміз - дененің өте ұсақ бөлшектерінің үздіксіз ішкі қозғалысы. Ол теорияның ХVII-XVIII ғасырлардағы көптеген көрнекті ғалымдар Ф.Бэкон, Р.Гук, И.Ньютон, Р.Боиль, Д.Бернулли, М.М.Ломоносов, т.б. тамаша қорғап шықты.
Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуы М.В.Ломоносов зор үлес қосты. Ол жылу мен суықтың табиғаты туралы жазған шығармасында (1745жылы) жылуды зат бөлшектерінің айнымалы қозғалысы ретінде қарастырды. Ол өз теориясының көмегімен балқу, булану, жылу өткізгіштік және басқа да құбылыстарға дұрыс түсініктеме берді. Өз уақытынан әлдеқайда озық болған бұл тамаша болжамдарды жылу табиғаты деген біздің қазіргі көзқарастарымыздың негізі жатыр.
ХІХ ғасырдың аяғында атақты ғалымдар М.Ломоносов, Р.Джоуль, Р.Клаузиус, Дж.Максвелл, Л.Больцмандар негізгі қорытынды жасады. Олар жылу құбылыстарын барлық денелерді құрайтын молекулалардың ретсіз қозғалысымен түсіндірді.
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.

Дене молеукулаларының жылулық қозғалысын желсіз тұнық ауадағы түйдектелген шіркей тобымен салыстыруға болады. Ауада шіркей бұлты қозғалыссыз ілініп тұрғандай сезіледі. Ал бұлттың ішіндегі жүздеген шіркей барлық бағытта біресе оңға, біресе солға тынбастан ретсіз қозғалады. Бірақ шіркейлердің бұлты өз пішінін өзгертпестен дәл сол орнында қалады. Көзге көрінбейтін атомдар мен молекулалардың қозғалысы да сондай ретсіз болады. Егер молекула көлемнен шығып кетсе онда оның орнын басқалары басады. Дене болса, өзгеріссіз қалады. Басқа молекулалардың соқтығысуы барысында әр молекула өзінің жылдамдығын тоқтаусыз өзгертеді. Оның қозғалыс траекториясы өте шатысқан, сынық сызық болып табылады. Әлемді құрайтын бөлшектердің көзге көрінбейтін жылулық қозғалысы ешқашан, ешбір жағдайда тоқтамайды.
2. Броундық қозғалыс
Молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі Броундық қозғалыс болып табылады. Бұл суда қалқыған өсімдік спорасының қозғалысын бақылаған ағылшын ботанигі Р.Броунның құрметі осылай аталған.
Ол спораның өте майда бөлшектерінің барлық бағытта үздіксіз қозғалыста болатынын байқаған. Бөлшектер ұсағырақ болған сайын, олар жылдамырақ қозғалған. Таңқаларлығы - бөлшектердің қозғалысы ешқашан тоқтамаған. Оларды көзге көрінбейтін қандай да бір күштер үнемі қозғап тұрғандай болады. Ал температура артқан сайын олардың қозғалысы үдей түседі.
Бөлшектердің броундық қозғалысы - үлкен және кіші бөлшектерге, сансыз көп молекулаларға, жеке молкулалар мен атомдарға тән жылулық қозғалыс.
Броундық қозғалыстың себебі неде?
Р.Броун жаратылыстану саласындағы айтарлықтай маңызды осындай құбылысты ашса да, оның не себептен болатынын түсіндіре алмады.
Бұл құбылыстың дұрыс, сапалық түсіндірмесі ХІХ ғасырдыңғ екінші жартысында бірқатар ғалымдардың еңбектерңінде көрініс тапты. Бірақ оның толық теориясына тек 1905-1906 жж. А.Энштейн, мен М.Смолуховский жасады.
Орта молекулаларының жылулық қозғалысы мен олардың броуындық бөлшекпен соқтығысуы броундық қозғалыстың себебі болып табылады

Броундық бөлшек өзін қоршаған орта молекулаларының соққысына ұшырайды. Молекулалар қозғалысы бөлшектердің соқтығысуы сияқты кездейсоқ сипатта болады. Нәтижесінде молекулалардың бөлшекке қандай да бір жағынан түсіретін қысымы орташа қысымнан артық немесе кем болады да, броундық бөлшектер қозғалысқа келеді. Бөлшектің өлшемдері мен массасы аз болған сайын оның жылдамдығын өзгерту оңай болады.
Броундық қозғалыс молекулалардың бар болуының және олардың ретсіз жылулық қозғалысының нақты дәлелі бол алады.

3. Диффузия
Зат бөлшектерінің (молекулардың атомдардың) ретсіз қозғалысының келесі салдары диффузия құбылысы. Бұл құбылыспен сендер бұрыннан таныссыңдар. Диффузия құбылысы газдармен қоса сұйықтарда да, қатты денелерде де байқалады. Ауада иістің таралуы, әртүрлі сұйықтардың араласуы, ерітінді жасау, қатты денелерді желімдеу - мұның барлығы диффузия құбылысымен түсіндіріледі.

Диффузия - бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы.

Газдағы диффузияға қарапайым мысал ретінде ауадағы иістің таралуын алуыға болады. мәселен, қақпағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Массатасымалдау
Вакуум жайлы мәлімет
Идеал газ моделі
Белсенсіз тасымалдану, оның түрлері
Биомембрана арқылы зат тасымалдау
Газдардын тұтқырлығы (ішкі кедергі)
Молекулярлық биология және медициналық генетика
Биохимиялық реакциялар
Асқорыту жолында қоректік заттардың сіңірілуі
Электр тоғы ұғымы
Пәндер