Ағасың елге аяулы!
1. Лебен Садуақасов . Әбіштің өмірбаян беттерінен
2. Светқали Нұржан . Абыз ағаға мадақ жыр
3. Бектұр Төлеуғалиев . Абырой асқарында
4. Гүлжауһар Сейтжан . Әбіш аға
5. Айтқали Жайымов . Ән «Әбіш аға»
6. Дүйсенбі Әріпов . Дана Әбіш
7. Жамбыл Нәубетов . Әулие Бекет қолдайды
8. Тергеу Айдарханов . Жұлдызың жарқырай берсін!
9. Сабыр Адай . Мұнартау
10. Асан Әбдіров . Жүздесуден алған әсер
11. Жиде Жеткізген . Ән «Ағасың елге аяулы!»
12. Салдыр Сәдуақасов . Асылдың сынығы
13. Оңдабай Ахметов . Әлем таныған тұлға
14. Балмұқан Нұрғазин . Тұлғасы дара арысым
15. Сәнімхан Қоразова . Дарабоз дарынға арналады
16. Оқушылардың ой түйіндері

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау ауданы, Онды аулының Мырзайыр жеріндегі Мырзайыр құдығының маңында дүниеге келді. Сол құдықты шаруагер ел әлі күнге дейін пайдаланады, бәлкім, жердің аты да сол су көзіне байланысты қойылған болар.
Әбіштің әкесі Кекілбай Қоқымұлы жас кезінде домбыра шертіп, өлең айтқан деседі.Ұлы Отан соғысында қайтыс болды, анасы - Қоқымова Айсәуле Таушықтағы көмір кенішін игеруге алғаш атсалысқандардың бірі, ұжымшарда мал бақты, пішен шапты, құрылыс салды, Әбіш Алматыға көшіріп алып кеткенше (1963ж) ауыр еңбек жолын бастан кешкен кісі. Әбіш - Кекілбай шаңырағында ер кіндіктен жалғыз, екі апасы, бір қарындасы бар.
Жетi жылдық мектептi Онды орталау мектебiнен /Маңғыстау ауданы/ бiтiрдi. 8-сынып¬ты Шахта орта мектебiнде аяқтады. 9-сыныптың екiншi тоқсанынан бастап Ленин атындағы орта мектепте оқыды, оныншы сыныпты да сонда аяқтады. Қазiр қайсы бiр деректерде Әбiштiң оныншы сыныпты Шахта орта мектебiнен бiтiргендiгi жайында айтылады. Оның мынадай жайы бар.
1957 жылы жазда Мәскеуде жастардың дуниежүзілік фестивалi өттi. Оның алдында сондай шаралар ауылдарда, ауданда, облыста, республикада өткізілген болатын. Облысқа баратын өнерпаздар арасында Әбiш те болды - өлең оқитын. Оныншы сыныптағы емтихандардың аяқтала келген кезi, физика пәнiне дайындалып жатқан болатынбыз. Бiр күнi Гурьевке /Атырауға/ фестивальға бара жатқан өнерпаздардың бiр тобы машинамен Ленин колхозына келе қалды, Әбiш солармен жүретiн болды. Физика пәнiнен емтиханды Әбiш облыс орталығынан оралғаннан кейiн Шахта орта мектебiнде тапсырды, деректi орындардың сондай нұсқауы болған шығар. Соңғы емтихан тапсырған мектепте Әбiшке кәмелеттiк аттестат жазылды.
Ленин атындағы орта мектепте математика пәнiнің мұғалiмi Жұмағазин Бектұрған деген бәрiмiз қадiр тұтатын оқытушы болды. Әбiшке үнемі "сен журналист болуың керек, басқаны қой, соған дайындал," деп, үнемі айтып жүретiн. Сол ағамыз "Бiр ғана емтихан үшiн Әбiштің құжаттарын Шахта орта мектебiне бекер жiберген eкенмін. Өзiм алып жiберетiн кiciмін ғoй" /емтихан туралы/ деп, eciнe алады. Біздiң ойымызша Онды, Шахта, Ұштаған мектептерiнің Әбiштi "Бiздiң түлегiмiз" дeyiнe болады. Аталғандарды Ақтау қаласындағы "Әбiш мектебiнің" базалық мектептері peтіндe жабдықтай, жарақтандыру қолға алынып жатыр деген құлағымызға шалынады. Аяқсыз қалуға тиiстi емес iстің бiрi деп бiлемiз.

АҒАСЫҢ ЕЛГЕ АЯУЛЫ!
Қазақстан халық жазушысы, жерлесіміз Әбіш Кекілбайұлының
60 жылдық мерейтойына арналған жинақ
Жинақ - дарабоз дарын, сөз зергері Әбіш Кекілбайұлының
замандастары мен оқырмандарының естелігі
Аса қадiрлi Әбiш Кекiлбайұлы!
60 жасқа толған кемел күніңізде Сiздi әкелерімізге бұйырмаған, табиғат
тұлғасының, өмір өзегінің бейнесi, алақаныңа салып аялайтын тyған
жерiмiздiң бiр уыс топырағымен, көлеңкесімен қорғай жүрер бiр шөкiм
бұлтымен, бүкiл ұлыс-әулетiмен, бүгiнгi дүреген елімен, көрікті
қалаларымен, мұнайлы, малды өңірімен тyған жерiң төбесiне көтерiп, құшағына
алады. Fылыми тезден өтпеген, сын безбенiне шегілмеген, бұл жинағымызды
Сiзге деген тyған елдің азаматтарының жүрек жылуы, махаббаты деп бiлерсiз.
Құрметпен, Киев Мырзабай
Лебен Сәдуақасов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесi
ӘБIШТІҢ ӨМIРБАЯН БЕТТЕРIНЕН
1. Балалық шағы
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау ауданы,
Онды аулының Мырзайыр жеріндегі Мырзайыр құдығының маңында дүниеге келді.
Сол құдықты шаруагер ел әлі күнге дейін пайдаланады, бәлкім, жердің аты да
сол су көзіне байланысты қойылған болар.
Әбіштің әкесі Кекілбай Қоқымұлы жас кезінде домбыра шертіп,
өлең айтқан деседі.Ұлы Отан соғысында қайтыс болды, анасы - Қоқымова
Айсәуле Таушықтағы көмір кенішін игеруге алғаш атсалысқандардың бірі,
ұжымшарда мал бақты, пішен шапты, құрылыс салды, Әбіш Алматыға көшіріп алып
кеткенше (1963ж) ауыр еңбек жолын бастан кешкен кісі. Әбіш - Кекілбай
шаңырағында ер кіндіктен жалғыз, екі апасы, бір қарындасы бар.
Жетi жылдық мектептi Онды орталау мектебiнен Маңғыстау
ауданы бiтiрдi. 8-сыныпты Шахта орта мектебiнде аяқтады. 9-сыныптың екiншi
тоқсанынан бастап Ленин атындағы орта мектепте оқыды, оныншы сыныпты да
сонда аяқтады. Қазiр қайсы бiр деректерде Әбiштiң оныншы сыныпты Шахта орта
мектебiнен бiтiргендiгi жайында айтылады. Оның мынадай жайы бар.
1957 жылы жазда Мәскеуде жастардың дуниежүзілік фестивалi
өттi. Оның алдында сондай шаралар ауылдарда, ауданда, облыста, республикада
өткізілген болатын. Облысқа баратын өнерпаздар арасында Әбiш те болды -
өлең оқитын. Оныншы сыныптағы емтихандардың аяқтала келген кезi, физика
пәнiне дайындалып жатқан болатынбыз. Бiр күнi Гурьевке Атырауға
фестивальға бара жатқан өнерпаздардың бiр тобы машинамен Ленин колхозына
келе қалды, Әбiш солармен жүретiн болды. Физика пәнiнен емтиханды Әбiш
облыс орталығынан оралғаннан кейiн Шахта орта мектебiнде тапсырды, деректi
орындардың сондай нұсқауы болған шығар. Соңғы емтихан тапсырған мектепте
Әбiшке кәмелеттiк аттестат жазылды.
Ленин атындағы орта мектепте математика пәнiнің мұғалiмi
Жұмағазин Бектұрған деген бәрiмiз қадiр тұтатын оқытушы болды. Әбiшке үнемі
"сен журналист болуың керек, басқаны қой, соған дайындал," деп, үнемі айтып
жүретiн. Сол ағамыз "Бiр ғана емтихан үшiн Әбiштің құжаттарын Шахта орта
мектебiне бекер жiберген eкенмін. Өзiм алып жiберетiн кiciмін ғoй" емтихан
туралы деп, eciнe алады. Біздiң ойымызша Онды, Шахта, Ұштаған
мектептерiнің Әбiштi "Бiздiң түлегiмiз" дeyiнe болады. Аталғандарды Ақтау
қаласындағы "Әбiш мектебiнің" базалық мектептері peтіндe жабдықтай,
жарақтандыру қолға алынып жатыр деген құлағымызға шалынады. Аяқсыз қалуға
тиiстi емес iстің бiрi деп бiлемiз.
Әбiш бала кезiнде елтең-селтеңге елiге бермейтiн сабырлы,
салмақты болды. Бала кездегi ойындардың көбiне қатынасқан жоқ. құрбылары
шулай, ауылды басына көтерiп, азан-қазан болып жатқанда, ол үйде кiтап оқып
немесе сурет салып отыратын. Достары ойыннан қолдары қалт етсе, Әбiшке
келетiн, әңгiмесiн тыңдайтын, оның тақырыбы - оқыған кiтаптары едi. Оны өзi
де жақсы көретiн. Балалардың арасында Әбiшке
елiктеп кiтап оқуға құмар болғандар қатары да аз болған жоқ. Жас кезiнен-ақ
енжарлықпен қарсы болды, бәрiне де мән берiп, тұжырым жасап, сергек
қарайтын, мүмкiн ерте көрінген ойшылдық белгiсi болар.
Оның қоғамдық белсендiлiгi жас кезiнен көpiндi. Мектепте оқып
жүрген кезiнде оқушы, пионер, комсомол ұйымдарын басқарды, түрлi
үйiрмелерге жетекшiлiк еттi. Қабырға газеттерiне редактор болды.
Шығармашылыққа әуестенушiлердің басын бiрiктiрiп, газеттерде жүрдi. Әбiштің
жанына көбiнесе сондай балалар топтасатын, оны ақылшысындай сыйлап,
қадiрлейтiн.
Мектепте сабақты жақсы оқыды және барлық пәндерге бiрдей
қабiлеттi болатын. Мұғалiмдер осынысы үшiн де жақсы көретін. Әбiш оқып
бiтiрген университеттің доктор, профессорлары да оның барлық пәндi бiрдей
жақсы меңгергендігін айтып отыратын-ды. Университет демекші, Әбiш мектеп
бiтiргеннен кейiн, Бекең ағамыз айтқандай, журналистикаға түсу үшiн емтихан
тапсырды, бiрақ, өте жоғары балл алса да, оған түсушiлер өте көп болып, сол
бойда оны тiл мен әдебиет факультетiне қабылдаған болатын. "Соның өзi дұрыс
болды-ау деймiн, М.Әуезов сынды көптеген ғұламалармен осында көбiрек
жүздесiп, дәрiс тыңдайтын болдық" деп жүретiн Әбiш.
Әбiштiң қоғамдық белсендiлiгi оның тума талантына байланысты
болса керек. Газет жұмысына ерте араласты, хабарлары, жаңалықтары, сын
мақалалары аудандық "Сталин жолы" "Жаңа өмip" , облыстық "Социалистiк
құрылыс" "Атырау", республикалық "Лениншiл жас" "Жас алаш" газеттерiнде
жиi жарияланып тұрды. "Екпiндi eгін екпей ме" деген сын мақаласын Әбiш
алтыншы сыныпта оқып жүргенде жазған болатын. Оны талқылау үшiн пионер
Әбiштiң партия ұйымының жиналысына қатынасуға шақырылғанын айтып отыратын
үлкендер.
Дәл сол жылдары жазғы демалыста Таушықта жүргенде кiтапханашы
Елеуова Жәмидің жалғыз ұлы өліп, қаралы ана Орал облысындағы туысқандарынa
барып қайтпақшы болды. Айына бiр-екi рет қатынайтын ұшақтан орын алу қиыны
болатын. Сонысын бұлдаған бiр ұшқыш апаның қолындағы билетiн желге ұшырып
жiберiп, өзiн балағаттайды. Балыбай тақыр басындағы ұшу алаңында
тұрғандар таласып-тармасып ұшаққа отырғанына мәз болып, бұл бассыздыққа мән
бермедi. Тек қана бала Әбiш Жәми апайға басу айтып жұбатады. Арада жарты ай
өтпей жатып, Ақтөбедегi әуе тобының командирiнен кешiрiм cұpaғaн хат алып,
бейбастақ ұшқыштар бiр жылға дейiн ұшу құқынан айрылғанын естидi. Сөйтсе,
ұшқыштың бейбастақтығына ызаланған Әбiштің жай-жапсарды айтып жазған хатын
"Комсомольская правда" газетiнiң редакциясы тексерiп, тентектi жазалатып
тындырыпты. "Жалғызыммен жолдас болғаныңды ақтадың" деп қуанған Жәми апай
оған алғыс жаудырады.
Алғашқы публистикалық шығарма-очерктер "Лениншiл жаста",
"Социалистiк құрылыста" жарияланды, аудандық" облыстық газеттерде өлеңдерi
де шығып тұрды.
Әбiш жазғы демалыстың көп мезгiлiн пiшеншi ауылда өткiзетiн.
Оның өзi бос мезгiлiн кітап оқумен, жаңа кітаптар iздеуге жұмсайтын Әбiштің
ырқынан тыс болатын. Пiшен шабудың барысы жайындағы "жауынгерлiк" әзiл-
сықақ бетшелерiн апта сайын шығарып тұруды колхоз әкiмшiлiгi ылғи да Әбiшке
тапсыратын, бала да болса үлкен адамдардай ceнімгe ие болды. Бала кезiнде
геолог болуды армандап жүрдi, тарих, жердің жаралу тарихына байланысты
кiтаптарды да оқып, жинай жүретiн. Оның да өзiндiк себебi болатын.
Елуiншi жылдардың басында, Маңғыстауды зерттеудi жалғастыру
үшiн экспедициялар көптеп келе бастады. Солардың бiр тобы - академик Қаныш
Имантайұлы Сәтпаевтың тапсырмасымен Онды маңындағы таудағы "Жездiбасқа"
орналасқан едi ... Оны Қаныштың әрiптес досы Иван Иванович Бок басқаратын.
Сол кici бiр күнi қасында бiр топ адамдары бар, "Екпiндi" ұжымшарының
орталығында болып, көлеңкеде кiтап оқып жатқан Әбiшке кез болады. Кітап
орыс тiлiнде екен. Орысша кiтап оқып жатқан ауыл баласына қызығып, ол кici
Әбiшпен бiраз әңгiмелеседi, соңында өзiне жолбасшы болуды ұсынады. 13
жастағы бала астанадан келген геологтарға ерiп жүре бередi, жаз бойы
солармен бiрге болады. Бiрде Айсәуле шешемiз Әбiштің анасы "бауырларыңды
iздемейсiңдер ме" деген соң, Асан Әбдiров екеумiз күн шығып тұрған
талтүсте Әбiштi iздеп, "Жездiбастағы" экспедицияға барғанымыз eciмдe. Олар
да "Әбiштiң достары келдi" деп қуана қабылдаған-ды. Сонда Әбiш бұлақтың
басында отырып, Асан екеумiзге беймәлiмдеу тiлмен геологтар өмipi, туғaн
жерiнің жер асты байлығы, болашағы жайлы көп қызығарлықтай, әpi ceнiмдi
етiп, әңгiмe айтып едi. қазiр ойлап отырсам, ол өзiнің шежiре даласын сол
бала кезiнің өзiнде оқи бастаған сияқты. Маңғыстау тарихын шұқшия
зерттеуден Әбiш қазiр де қол үзген жоқ, әлемдiк бiлiм тepeңiнe бойлап,
салыстыра отырып тамсандырып, таңданттырып жазады, айтады. "Ұйқыдағы арудың
оянуын" еске түсіріңізші. 1992 жылдың күзінде қыркүйекте Маңғыстауды
Республика Жоғарғы Кеңесiнің ұлт саясаты және тiл мен мәдениеттi дамыту
жөнiндегi комитетiнің төрағасы Ә.Кекiлбаев болатын. Тарихи-мәдени мұраларды
сақтау жене пайдалану проблемаларына байланысты жүрмелi мәжiлiсi өткiзiлді
Оған комитет мүшелерiмен бiрге елiмiздiң көрнектi ғалымдары, атақты
жазушылары, журналистерi, басқа да белгiлi зиялы қауым өкiлдерi қатынасқан
болатын.
Солардың бiрi - Герольд Бельгер өзiнің әcepін " ... Әбiш
досымның алдында Маңғыстаудың әрбiр тасы, қолат-қайнауы, тауы мен төбесi,
қыраты мен қамалдары, құдығы мен шыңырауы, мешiттер мен күмбездерi, caғaнa
тамдары - барлығы да өздерiнiң сыры мен шежiрелерiн айтып жатқандай едi ...
" деп, бiлдiредi.
Балалық дәуренде адамда арман аз болмауға тиiс. Дегенмен,
Әбiштiң алдында анық eкi таңдау тұрды. Соңғысы - "адам жанының инженерi
боламын" деген арманы оны әдебиет деген өнердiң үлкен отауының бiрiне
бастаған-ды.
Шығармашылық қызметi
Ә.Кекiлбайұлының жұртшылыққа мақалаларымен ғанa емес,
ақындығымен де кeңiнeн танылғаны айтылды. 1957 жылы КазГУ-дiң студентi
болғанынан кейiнгi жылдары оның шығармаларын көбiнесе, өлеңдерi
республикалық баспасөз беттерiнде жиiрек көpiнe бастады. "Лениншiл жас"
газетi қазақ поэзиясының пайғамбары Әбдiлда Тәжiбаевтың беташарымен өлеңдер
топтамасын жариялады, шығармалары жас ақындардың жинақтарына ендi. Әдеби
орта Әбiштi ақын peтiндe тани бастады. 1962 жылы 23 жасында "Алтын шуақ"
атты өлеңдер жинағы шықты. Баспасөзде жылы лебiздер айтылды. Сол жылдарда
Әбiштің сын мақалалары газетте жиi жарияланып тұрды. Оның көркем
шығармаларын бағалаудағы эстетикалық талғам талабы, көркемдік төңіpeгiндeri
өзiндiк ой-пікірлерi әдеби жұртшылықты елеңдетіп тастайтын. Қайсыбiр ретте
назар аударарлық жаңа кiтап шыққанда, көркем әдебиет проблемалары жайында
әңгiме болып жатса, Әбiштің пiкiрiн eстiгici келетiндер, қазiргiдей, сол
кездiң өзiнде-ақ көп болатын. Сын мақалаларынан кейiн оны қocтaғaн болмаса,
пiкiрлерiмен келiспеген мақалалар да шығып жататын. Әбiштің "Өлi жандарды
Пушкин неге жазбады" деген сын мақаласы шығармашылық ортаны едәуiр елең
еткiздi, Жазушылр Одағындағы кезектi талқылаудың тақырыбы болып едi. Әбiш
ғaнa емес, оның қатар кұрбыластары - З.Серiкқалиев, А.Сүлейменов,
Қ.Ысқақов, Р.Тоқтаров, т.б. оқырмандарды да ғана емес, жазушы қауымның өзiн
ойландыратын сын мақалалар, эсселер жазып жүрдi.
60-жылдары әдебиетке, оның сынына да жаңа леп, соны тыныс әкелген жастардың
талантты тобы және едәуiр белсендi шоғыры да осылар болған едi. Бұл менің
ғaнa пiкiрiм емес. Айтылғандардың барлығы да қазiр әдебиет деген ауылдың
айтулы да белгiлi тұлғаларына айналды.
Әдеби процессте oғaн келген таланттар да кейде беделдi
жазушының талантты шығармасының өзi де бiрден қабылдана бермейтiнi бар. Сол
жылдарда Ә.Нұрпейiсов өзiнiң "Қан мен тер" трилогиясының бiрiншi кiтабын
жазып бiтiрдi. Қазiр қазақ романының классикалық туындысы болып аталатын
осы шығарма жөнiнде мақала жазып, алғашқы пiкiр айтқандардың бiрi Әбiш
болатын. Оның диплом жұмысының тақырыбы да осы кiтап болды және оны жоғары
бағаға қорғады.
Ә.Кекiлбайұлы сыншылық тiзгiндi көпке дейiн босатқан жоқ,
жазушылығымен қатар ұстап келдi. Жылт еткен таланттарды "ана ауылдың
баласы" деп алаламай, қолтығынан сүйеп, жол болсын айтудан жаңылған жерi
жоқ. Қазiр белгiлi Д.Исабеков, Б.Нұржекеев, Т.Әбдiқов, Т.Медетбеков,
Н.Оразалин, Иранғайып, Д.Қанатбаев, т.б. басқалардың талантты туындылары
Әбiш назарынан тыс қалмады. Әбiштің сыншылық қызметiмен танысқысы келiп,
ынта бiлдiргендер оның "Дәуiрмен бетпе-бет" деген кiтабын oқyынa болады.
Ойшылдығы, болмаса, тереңнен суыртпақтай суырып, қопарып
суреттеу машығы әсер еттi ме, әлде қалам қарымын тaныған әрiптес ағалары
мен тұрғыластарының "проза жазып көрсейшi" деп қолқалауы себеп болды ма
екен, Әбiш прозалық шығармалар жаза бастады. Дегенмен, ол бұрын да осы
жанрға қалам тартыпты. Оған дәлел, "Жалын" журналының 1984 жылғы 6-санында
жарияланған үш әңгімесінің бiрi - "Аққайың" 1959 жылы жазылған, бiрақ,
бұрын еш жерде жарияланбаған. Оған қоса кешелi-бүгiнгi жазушылардың өлең
жазбағаны, менің ойымша, кемде-кем. Сонымен, оның бiрiншi прозалық кiтабы
"Бiр шөкiм бұлт" 1964 жылы жарық көрдi, оған аталған хикая және бiрнеше
әңгiме енгiзiлдi. Хикаяда соғыс кезiндегi ауыл өмipi, адамдардың бiр-бiрiне
сүйенiштi тағдырларымен бiрге, Әбiштің кейiнгi шығармаларына өзек болып
келе жатқан адамгершiлiк, әлеуметтiк проблемалар арқау болады.
Әбiштiң 27 жасында "Күй" кiтабы оқыpманғa ұсынылды. Қазiр
Әбiш қазақтың әйгiлi, шебер прозашысы. "Күй" хикаясы оны осылай танудың
басы болды десек қателеспеймiз ... 34 жасында жарық көрген "Аңыздың ақыры"
"Махаббат мұнарасы" романы Әбiштi талантты романист peтiндe танытып қана
қойған жоқ, мойындатты.
Аталған шығармалардан "Ханша-дария хикаясы", "Шыңырау",
"Бәсеке", "Құс қанаты" повестері жазылды. Олардың бiрде-бiрi атаусыз қалған
жоқ, талантты шығармалардың қатарын толықтырған таңдаулы дүниелер peтiндe
қабылданды. Шығармалардың бiр қатары орыс тiлiне аударылғаннан кейiн
жетпiсiншi жылдарда Әбiш Кекiлбайұлы жөнiнде Мәскеудегi бiлiктi орыс
сыншыларының сол туындылардың көpкeмдiк қасиетiн, жазушының шеберлiгiн
талдаған сын мақалалары әдеби және басқа да басылымдарда бiрiнен соң бiрi
шығып жатты.
"Күй" "Баллада забытых лет" туралы "Дружба народов"
журналы бас редакторының орынбасары, сыншы Л.Теракопян "Оставаясь верный
духи историзма, воспроизводя страничку далекого прошлого, повесть Абиша
Кекилбаева отвечает и нынешнему злобу дня. Она утверждает в человеке
творческое начало, право на самостоятельное мышление". Ал неміс сыншысы
Герберт Кремпиен былай дейдi " .. .хотя казахский писатель обращается в
древней национальной истории, он тем не менее затрагивает актуальнейшие
вопросы современности, имеющие значение, скажем, дня народов Африки"
Г.Бельгерд "Заметки о прозе Абиша Кекилбаева "Конец легенды". Изд-во
"Жалын", 1979г., г.Алма-Ата.
Г.Бельгер Ш.Айтматовтың "Аңыздың ақыры" жөнiндегi мынадай пiкiрiн
келтiредi: " ... книгу талантливого казахского прозаика Абиша Кекилбаева,
где автору с помощью мифологических систем и структур удалось затронуть
существенные проблемы истории и современности. Это книга - на очень высоком
уровне мышления, есть сплав мифов, легенд, современности, силов опыта
исторического и наших дней, и на мой взгляд, все эти компоненты плюс,
конечно, талант прозаика сделали про изведение не только насыщенным
содержательно, но и художественно значительным".
"Күй" туралы қазақ әдебиетiнiң жанашыр бiлгiрi мәскеулік
сыншы Зоя Кедрина "Шын өнердiң басты мiндeтi - өзiнің адамгершiлiк рухын
жоғары ұстау. Өнер барлық зұлымдық атаулымен күресте үстем болуға тиiс,
Ә.Кекiлбаев ocығaн үндейдi" деп жазды. Осылар ғaнa емес Әбiш шығармаларын
М.Әуезов, F.Мүсiрепов, Е.Сидоров, Болдаренко, Десняк-Рудченко, Мамаладзе,
Нүрпейiсов, Ахтанов сияқты елiмiздің, сырт елдiң атаулы жазушылары, бiлiмдi
әдебиетшiлерi жоғары бағалады.
Әбiш 1978ж. бастап 1983 жылы аяқтаған "Үркер", "Елең-
алаң" романдары үшiн 1986 жылы Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлығына ие
болды. Сөйтiп, шығармашылық жолындағы өзiнің тaғы бiр биiк белесiне
көтерiлдi. Романдар жайында талай-талай жақсы лебiздер кезiнде баспасөзде
көп айтылды, жалпы оқырман қауым жылы қабылдады. Ә.Кекiлбайұлы көп қырлы
жазушы екендiгiне сыншылдығы, ақындығы, прозашылығы да дәлел бола алады.
Сонымен бiрге ол - аудармаға жемiстi ат салысқан жазушы.
1963-64 жылдары Ги де Мопассаның "Пьер мен Жанын"
"Өмipiн" аударды, Толстойдың "Соғыс және Бейбiтшiлiгiн" аударуға қатысты.
Одан кейiн В.Шекспир, А.Чехов, Д.Ибсен, К.Гоци, М.Фриц, А.Бунин, М.Карим,
Ш.Айтматов, т.б. таңдаулы шығармаларын қазақша сөйлеттi. Пьесалар
театрларда қойылды. Әбiштің көп қырлы талантына Астанада қойылған "Абылай"
атты тарихи қаhармандық дастанының өзi де дәлел бола алады.
III. Мемлекеттiк және қоғамдық қызметi
Ә.Кекiлбайұлы аса дарынды жазушы, жарқын тұлға ғана емес,
сонымен бiрге жалпы жұрт таныған көрнектi қоғамдық мемлекеттiк қайраткер.
Алғашқы еңбек жолын "Қазақ әдебиетiнде" бастады, ол кезде бесiншi кypстың
студентi болатын 1962-1963ж.. "Лениншiл жас" газетiнде бөлiм басқарды
1963-1965. Сол тұста газетте сын материалдар, жас ақын-жазушылардың
шығармалары жиі жарияланып тұрды. Әдеби газет болмаса да, әдебиет
проблемалары жайындағы қызықты материалдар жиi жарык. көpeтiн. Мәдениет
министрлiгiнде репертуарлық коллегия мүшесi 1965-1968ж., "Казахфильм"
киностудиясында бас редактор болды. Осында жұмыс жасаған кезде "Атаманның
ақыры", "Қыз Жiбек", т.б. қазақ киносының алтын тұғырындағы туындылар
жасалды. Содан кейiн Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнде нұсқаушы,
сектор меңгерушiсi 1975-1984, Республика мәдениет министрлiгiнiң
орынбасары 1984-1986, Қазақстан Жазушылар Одағының екiншi хатшысы 1986-
1988, тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау орталық кeңeci
Президиумының төрағасы 1988-1989, Қазақстан КП Орталық Комитетiнде
Ұлтаралық қатынастар бөлiмiнiң меңгерушiсi 1989-1990, Қазақстан
Республикасы Президентi аппаратының мәдениет және халықаралық қатынастар
жөніндегі Референтурасының жетекшiсi 1990-1991, "Егемен Қазақстан"
газетiнің бас редакторы 19921993, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
кеңесшiсi 1993, Қазақстан Республикасы Президентiнің мемлекеттік
кеңесшісі 1995 болып жұмыс жасады. Қазiр жазушы Мемлекеттiк хатшы, ұлттық
саясат мәселесiмен тiкелей айналысады.
Үш рет қатарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесiнің
депутаты болып сайланды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кeңeciнің төрағасы
болды 1994-1995. Сонымен бiрге, КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының
басқарма мүшесi, Африка және Азия жазушылары халықаралық комитетiнің
мүшесi, Жазушылардың "Лотос" Халықаралық сыйлығы жюри мүшесi, Мәскеудегi
"Дружба народов" жене "Художественная литература" орталық кiтап
баспаларының басқарма мүшесi сияқты қоғамдық қызмет атқарды.
Әбiш - өзiнің жазушылық мiндетiне қаншалықты
жауапкершiлiкпен қараса, мемлекеттік, қоғамдық қызметiн де зор азаматтық
парызбен адал атқарған кici. Халық мәдениетi, ұлт тiлi, ұлттар достығы, ел
мен жердің тарихы мен тағдыры, ұрпақ тәрбиесi тәрiздi әлеуметгiк мәселелер
жайында егiле сөз айтып, төгiлтiп тер төккeнiн дәлелдейтiн талай мысалдар
бар.
Әpiгe бармай-ақ, соңғы тәуелсiздiк алған жылдардағы
тындырған, тiкелей араласқан жұмыстарына шолу жасайтын болсақ, Тiл туралы
Заңның қабылдануы, Eгeмендік туралы Декларация, Тәуелсіздiк туралы
Конституциялық Заң, Ата Заңның дайындалуы, қабылдануы оны дайындау
жөнiндегi Комиссияның мүшесi болды егемендi елiмiздің Мемлекеттiк
рәмiздерiнің және теңгемiздің өмipre келуiне күш-жiгер жұмсады. Өзi
айтқандай, "депутат халық қалаулысы емес, халық қызметшiсi" бола жүріп
тындырған icтepi айта қаларлықтай. Оның үш рет қатарынан Жоғарғы Кеңеске
депутат болып сайланғанын жоғарыда айтып өттiк. Кеңес Одағының кезiнде Әбiш
депутаттыққа Павлодар облысының Баянауыл ауданынан түсті. Ол кезде
депутаттыққа қайдан дауысқa түceтiнi жоғарыдан - Орталық комитеттен
белгiленетiн. Не мақсат ойлағанын кiм бiледi, Әбiш Баянауылдан дауысқa
түceтін болды. Талай сыннан сүрiнбей өтiп келедi емес пе, тағы бiр байқап
алғысы келген болар!? Ендi, қазаққа әйгiлi Қ.Сәтпаев, С.Торайғыров,
Ш.Айманов, Е.Серкебаев сияқты саңлақтарды берген, сөздің майын тамызған
талай дүлдүлдердi тәрбиелеген қасиетті жерден дауысқa түсу бiр басқа аз жүк
емес қой және ол кезде демократиялық үрдiстің жаңа қаулай бастаған кезi
едi.
Сайлаушылармен кездесуде елдiң бiр салиқалы қарты
"Шырағым, бұл жерден Сәтпаев та дауысқa түспеп едi. Елiң бар емес пе, қалай
келдің" десе керек. Сонда Әбiш: "Бапкерлiгiіңдi сынағың келсе, жүйрiк
өcipreн елге бар, "құлын кезiңдi көрген жоқпын" деп жалыңнан сыйпамай
қалмас! Жiгiттiгiңдi сынағың келсе, азамат өcipreн елге бар, "атаңмен
табақтас болмадым" деп сағыңды сындырмас деп ойладым" дейдi.
Баянның барлық жерiн аралай, Алматыға қайтар кезде, жаңағы
қарт бастаған бiр топ ақсақалдар келiп, "Шырағым, тeгiн емес - тектi
екенiңе көзiмiз жеттi. Артық ауыз сөзiмiз болса, көңілiңе ала көрме. Анаңа
сәлем айт, ешнәрсеге алаңдама, ойыңдағы болады" деп баталарын берiп,
шығарып салыпты. Шынында да, Баянауылдықтаp Әбiштiң көңiлiн қайтармады,
қазаққа ортақ адам екендiгiн танытты..
Олардың тапсырмасын орындау жолында Әбiш те күш-жігерін аяған жоқ. Кейбiр
мысалдары мынадай:
- Майқайың кенiшiн пайдалану мәселелерi шешiлдi.
- Облыс тұрғындарының сұрауы бойынша Маңғыстау тacынан Сұлтанмахмұт Торай-
ғыровқа кесене тұрғызылды. Шеберi - Маңғыстаулық жiгiт.
- Екiбастұздың экологиялық жағдайы туралы арнайы Үкiмeт шешiмi алынды.
- Павлодар облысының Семеймен шектесетiн аудан, совхоздағы ядролық
жарылыстан
зардап шеккендер қатарына қосылды.
Рас, Әбiш елiм деп келiп, eкi рет Маңғыстаудан депутаттыққа
дауысқa түсті. Жерлестеpi eкeyi дe маңдайынан сыйпады. Ол депутат болсын,
болмасын жазушы ретiнде де, азамат peтiндe де әркез "жұртының тар жерде -
таяуы, тайғақ жерде - тipeyi" бола бiлдi. Жаңаөзен оқиғасын еске түсiрiп
көрелiкшi. Оның әpi-cәpi болып "қайтып кетер екен" деп, қызып тұрған
кезiнде өзiмен тiлеулес, пiкiрлес, aғa-iнi болып сыйласып жүрген
Ә.Нүрпейiсов, З.Қабдолов, Ә.Әлiмжановтармен бiрге келiп, Маңғыстау халқына
тағылғалы тұрған бiр қарғыбаудан, таңбадан арашалай алды. Ә.Әлiмжановпен
бiрге КСРО Мұнай министрлiгiне Ашық хат жолдады "Казахстанская правда"
газетi, маусым-шiлде 1989ж.. Жаңаөзендiктердің ашу-ызасын келтiрген
жайлардың барлығын бұлтартпас дәлелдермен ашып көрсетiп, республикалық
баспасөзде өткip мақалалар жазды, теледидарда сөйледi.
Әбiш те өзiндей басқа көрнектi тұлғалар сияқты халқына
сіңiрген еңбегiне ақы сұрамаған адам. Дегенмен, еңбегiне лайықты баға
деректi орындардан берiлiп келдi. Әдебиетке сiңiрген еңбегi үшiн ол КСРО-
ның "Құрмет Белгiсi" opдeнімeн наградталды 1982ж.. Мемлекеттiк сыйлықтың
иегерi 1987ж., "Қазақстанның халық жазушысы" атағы берiлдi 1992ж.. Оның
сонымен бiрге "Қырғызстан Республикасының еңбегi сіңген мәдениет
қызметкерi" 1995ж. атағы бар және Президенттің Бейбiтшiлiк пен рухани
татулық сыйлығының иегерi 1995ж..
Оның eciмi "ХХ-Fасырдың таңдаулы жазушылары" атты халықаралық әдеби
анықтамалық басылымға проспект ендi. Олардың арасында Keңecтiк шығыстан,
Әбiштен басқа Шыңғыс Айтматов, Р.Fамзатов есiмдерi бар.
Әбiштің барлық дерлiк шығармалары орыс тiлiне, бiрқатары
нeміc, поляк, венгр, болгар, эстон, румын, т.б. тiлдеріне аударылды. "Күй"
хикаясы нeмic тiлiнде 4 рет - 1970, 1971, 1982, 1983 жылдары басылып шықты.
"Аңыздың ақыры" романы Берлиннiң "Фольк Унд вельт" баспасында 1981-1982
жылдары eкi рет жарияланды, 1998 жылы Будапеште венгр тілінде жарық кepді.
Жазушының шығармалары туралы 100-ге жуық, мақалалар жазылды.
Heміс сыншысы Ральф Шребер "Кекiлбаев романдары мен повестерiн оқып, бiздер
Томас Маннмен кездескендей болдық. Суреткер peтiндe екеуiнiң арасында
туысқандық байланыс көзге ұрып тұрады" деп жазды. Немiстердiң көптеген
басылымдары қазақтың талантты прозашысын "әдебиет феноменi" деп атады.
Оқырман қауымының өзi де бiлетiн болар, Әбiш шығармаларының
денi аңыздарға, тарихи тұлғаларға, оқиғаларға құрылған. Бiрақ "оларда
қозғалған проблемалардың барлығы да бүгiнгi күннiң де ең өзектi
мәселелерiмен үндеседi. Адам мен қоғамның ара қатынасы, шексiз билiкке
құмарлық және оның адам тағдырына тигiзер тауқыметi, epкiндiк пен
бостандық, арман мен мүддеге қайшы келетiн халыққa қарсы билiк сәтсiздiгi,
аласапыран, қым-қуыт кезеңдердегi талқыға түскен ұлтымыздың кешегi,
бүгiнгi, ертеңгi тағдыр талайы, күрескерлiк тағлым, ұлттық рух, әлеуметтiк
әдiлеттiлiк, өнердегi жасампаздық оның өшпес рухы, биiк мұраты Әбiштi
суреткер peтiндe толғандырумен келедi.
Сондықтан шығармаларын талдағанда "ана кiтап пәлен деген хан
туралы, мына кiтап түген" дегендей сыдыртып, мазмұнын айтып шықпай,
жазушының түпкi ойын жеткiзудегi шеберлiгiн, шығарманың көркемдiк қасиетi
мен қуатын, әдебиет бiлгiрлерi Әбiшке ерекше тән деп айтып жүрген ойшылдық
"психологиялық пәлсапалық тереңдiк, кейiпкерлерiнiң мiнез-құлқы мен
портретiн iшкi жан дүниесiндегi бұлқыныстарымен шендестiрiп берудегi
суреткерлiк шеберлiri көбiрек сөз етiлгенi дұрыс. Бұл жерде әдебиет пәнiнiң
мұғалiмдерiне жазушы шығармашылығы жөнiнде бұрынғы Одаққа, елiмiзге белгiлi
зерттеушiлердiң, сыншылардың, ой-пiкiрлерi көмекке келер едi. Мысалы
Сидоров, Десняк Руденко, Федоровская, Болдаренко, Теракопян, Мамаладзе,
З.Кедрина, Ш.Айтматов, Ә.Нұрпейiсов, Г.Бельгер т.б. айтар eдiк. Олар
Әбiштiң өз сөзiмен айтқанда, "дiттеген ойларының үстiнeн дөп түсіп немесе
көңiлiндегi концепциясына тұжырымына көбiрек жақындағандар" .
Бiраздан берi әлеуметтік мiнез-құлық пен пәлсапада
мәңгүpттiк, мәңгүртизм деген ұғымдар қалыптасты. Ол көбiнесе,
Ш.Айтматовтың атымен байланысты айтылып келедi. Мәскеулiк әдебиет танушы
З.Кедрина жазушының "Художественная литература" баспасынан шыққан "Степные
легенды" деген кiтабына жазған алғы сөзінде: "Ш.Айтматовтың "мәңгүрті"
Ә.Кекiлбаевтың "Күй" хикаясынан бастау алады" деп жазды. Онысы рас.
Бiр назар аударарлығы Әбiш Кекiлбайұлы - кеңecтiк өмiрдi, оны
басқарған коммунистiк партияны әспеттейтiн тiкелей шығарма жазбаған санаулы
адамдардың бiрi. Бiрақ аңыздар мен тарихи тақырыптарды шығармасына өзек ете
отырып, қоғамдағы озбырлыққа, әcipece жеке адамға табынушылық пен билiк
әдiлетсiздiriне қарсы шықты, өкiмeт төңiрегiндегiлер қарым қатынасындағы
терең қайшылықарды жете зерделеуге баса мән бердi және оны айтудың да жолын
тапқан едi. Оның шығармалары туралы жазған кiсiлердiң барлығы дерлiк, осы
заманның бүгiнгi күннің ең өзектi мәселелерiн қозғайтынын айтатындығы
сондықтан шығар. Жазушының "Тасбақаның шөбi" деген классикалық үлгiге
жататын әңгiмесi бар. Сондағы басшылардың Қарабала айтуындағы төрешiлдiriн
еске түсiрiңiзшi ... Қалай дегенмен, олар да пенде ғoй. Өмip бойы кiciгe
жақсылық жасап, қол қайырын аямай жұмсаған, сол үшiн де болар екiнің
бiрiнiң қолына түсе бермейтiн тасбақаның тicтereн шөбi бұйырған Қарабаланың
алдында олар "әлсiздеу" көрiнiп, асықтай иiрiлуiнде көп мән бар емес пе?
Ә.Кекiлбайұлының "Егемендi Қазақстан" газетiнде жарияланған
сұхбатында, "...Сондай дәуренде олжа болып бұйырған Шыңғысхан, Ақсақ Тeмip,
Әбiлқайырды caғынамын. Олардың жанын ойрандап, бастарын бұлталаққа салған
көптердi өз көзiммен көрiп, өз ортамда кешiп жүргенiме қайран қаламын. Мен
жазған оқиғалар мен ахуалдардың өз заманым мен өз ортамда қайталанғанына
қайран қаламын" деуi де жайдан-жай айтыла салмағанын ескере жүргенiмiз
дұрыс.
Әбiш тәуелсiздiк алғаннан берi көсемсөзбен көбiрек айналысып
келедi. Оның мысалы - "Заманмен сұхбат" кiтабы. "Соңғы кезде көп мәселенің
өзегi жарылуына" байланысты публицистикаға қарай көбiрек ойысыңқырап кетiп
жүрмiн. Бұл - ертеңгi ұрпақ алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiм деп
есептеймiн. Ел-жұртым дегенде бәрiмiз жақсымыз. Тұсында айтылмаған сөз
арам өледi. Қазiргi талқы - таласта бүгiн сен сөйлемесең, ертең талайдың
ececi кeтep тұстары көп. Сондықтан да жазылып жатқан төл прозаларымды
былайырақ ысырып қойып, талқы - таластың соңына көбiрек түсiп кеткен жайым
бар. Meнi, әcipece, халықтың бүкiл қоғамның рухани проблемалары қатты
толғандырып жүр. Ұлттық мәдениетiмiздiң алды-артындағы түйiндi-түйiндi
деген мәселелерi мен ұлттық тарихи танымның одан әpi тереңдей түcуiнe шамам
жеткенiмше өз үлесiмдi қоспақшымын ... " дейдi ол.
Соңғы жылдардағы Әбiш айналысып отырған мемлекеттiк саясаттағы
"Тарихи зерде, ұлттық татулық жылы" 1997ж., "Халық бiрлiгi мен ұлттық
тарих жылы" 1998ж., "Ұрпақтар сабақтастығы жылы" 1999ж. деп әр жылдың
өрелi мiндеттерiнің өмipre келуi, coғaн байланысты шаралардың ауқымды, әpi
мән-мағынасы терең жағдайда өткiзiлуiнде оның қолтаңбасы анық.
Әбiш - қазiр жалпы жұрт мойындаған саясатшы, мемлекет
қайраткерi. Саясатшы болуға әpкiм-aқ ынта бiлдiредi, ұмтылады, бiрақ ол -
әркiмнің қанжығасынa бөктерiле бермейтiн шаруа. Шамасы, сүйекке бiткен
қасиет болу керек. Әйтпесе, Әбiш "Мен әдебиетшi болмасам, саясатқа келмес
ем. Бұрын суреткер peтiндe толғандыратын мәселелер мeнi азамат peтiндe
толғандырып жүрген мәселелер едi. Қиял арқылы шешiп келген мәселелердi
нақты өмiрде шешуге тiкелей араласуға мүмкiндiк туып тұрса, одан қалайша
бой тартамын!? Саясатқа келгенiме өкiнбеймiн" демес едi. Саясатшы ретiнде
оның баршаны мойындатуына мысалдар толып жатыр. Ел басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың "Бейбiтшiлiк пен рухани татулық сыйлығын" бергендiгi жөнiнде
Әбiшке жолдаған құттықтауында "Tyғaн халқыңыз, бүкiл Қазақстан жұртшылығы
Сiздi Республикамыздың көрнектi мемлекет жене қoғaм қайраткерi, сарабдал
саясаткер, тамаша сөз зергерi peтiндe таниды, қадiрлеп, қастер тұтады ...
Сөз танитын адамды тәнті етпей қоймайтын кiтаптарыңыздағы ордалы ойлар,
терең толғаныстар Сiздiң мемлекеттiк қоғамдық қызметіңiзде жаңаша жалғасып,
жарқырай көpiнreнi - халықтың ортақ игiлiгi" деген еді.
Болашақ ұрпақ алдында қоғамның әрбiр мүшесi жауапты,
әcipece, мұғалiмдердің жүгi айырықша. Ә.Кекiлбайұлының азаматтық
шығармашылық тұлғасы - қай қоғамның болсын ортақ қазынасы, игiлiгi. Сол
рухани байлықты бүгiнгi, болашақ ұрпақтың ырзығына айналдыру - үнeмi есте
жүретiн аса маңызды жауапты ic ...
Әбiш Кекiлбайұлы туралы деректердi аяқтай келе, жазушы
жайында әр жылдары айтылған, оның шығармаларын талдаyға, түciндipyгe
жолбасшы болар айтулы қаламгер әрiптестерiнің, сыншыларының кейбiр
пiкiрлерiн ұсынамыз - артық етпес.
"Халық даналығының ғасырлар бойы қалыптасқан қайнар көзi мен
бүгiнгi адамдардың адамгершiлiк iзденiстерiнің арасындағы өзара байланысты
iздеп, таба бiлуi - Ә.Кекiлбаевты М.Әуезов дәcтүpiмeн туыстырады. Бұл ретте
жас суреткердің стильдiк, суреткерлiк туыстығы да елеулi" Зоя Кедрина, "Ол
өзiнің шығармаларында атақты тарихи тұлғалар eciмiн саудаға салмайды. Өз
халқының өткен тұрмысын әспеттеу, әйтпесе, мансұқ ету секiлдi мiнезден де
аулақ. Адам өмірінің әлеуметтік сыр-сипаттарын философиялық психологиялық
тұрғыдан терең көрсетедi. Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, "Ол ежелгi аңыз -
әңгiмелердi бүгiнгi күннің елегiнен өткiзе отырып, тарихи-философиялық
тұрғыдан екшеп отырады. Сол аңыз - әңгiмелерден күллi адам баласына ортақ
адамдық тақырыпты табады. Өткен күндер шындығына бүгiнгi күннің сәулесiн
түсiредi" Герольд Бельгер, "Адам баласының болмысы мен ic-әрекетiнiң:
себеп-салдарын iздей, үнемі ой толғайды" Руденко-Десняк, "Күй", "Ханша-
дария хикаясы", "Бәсеке", "Шыңырау" повестерi сол кездiң өзiнде-ақ қазақ
әдебиетiнiң алтын хорына қосылған едi" дейді Смағұл Елубаев.
Абыз ағаға мадақ – жыр
Бала кезің ұлағат, дана кезiң,
Тырнап ашқан сен едің Сана көзiн.
Kәpi дала сан ғасыр толғатқанда,
Тек Маңғыстау туа алған - Дарабозым!
Әбiш Кекiлбайұлына арналған ауызекi өлеңннен
"Оян!" деп, таңда үн қатты заңғардан құсым,
Оятуға ойды жетер ме қалrан бар күшiм?
Өзіңізге, аға, арнаған бiр жырым бар-ды,
Тұрғызбасам да мәңгілік мәрмәрдан мүciн.
Шырлаған таңда нұрсіңді үнім боп менің,
Айналып ұшып жүр қазiр жырым-кептерiм.
Аққулар кептi ... Қарызға қауырсын алып,
Дәптерге төнiп отырмын дiрiлдеп демiм ...
Әуезем едi айтар бұл аспанға шығып,
Қанатым болмай тұрмын мен тастарға асылып.
Достан жасырып сырымды, қастан қашырып,
Жүргенде - кетiп қаларсьщ дастанға сіңіп.
Санаусыз нұрды сүртiп ап келбетіңдегі,
Шыра ғып жақсам деп eдiм елге түндегi.
Жер бетiндегi кәpi тау - Қаратау-анаң,
"Өзінде қалсын - Нұры жоқ, ер жетiм" дедi.
Ананың сөзi Заң маған -Өзіңде қалсын,
Тек оның ұшқын – сәулесi көзiмде жансын.
Көзiмде жанған шырақты өшiрiп алсам,
Төстабанrа сап даяр тұр - езуге нар-шың...
Адастым талай түнекте сансырап, талып,
Берген-дi сонда сен жаққан шамшырақ бағыт.
Қалтырап барып сан рет көздегi сәуле
Қайтадан жанды, бiлтесiн қан шылап қалып.
Шынары шыңда тұрса аспан бұлты қапсырып,
Етекте қалған қол созар шырқырап шыбық
3ардоштың сіңген қанына топырақ исi
Өзіңнен, аға, кеткенде бұрқырап шығып .
Мәртөбе-сынды мәртебең жарасады елге,
Биiктегi жұрт қия ма аласаны ерге!?
Елiңде өрлiк қала ма, жеріңде - кеңдік
Мұхитта жүзер кeмeciн қамаса көлге?!
"Оңбайды халық, деуменен, бiрлiгi кеткен",
Бабаларыңньң iзiнде дүрлiгiп өткен
Шыңыраудағы шындьқты шыңға шығарып
Тамыздың таңдай – шөлдерге ындыны кепкен.
Жұтар деп 3аман кұлқыны Арандай Малгұн,
Шығар жол iздеп жұртыңа - ғаламды айналдың.
Әулие күйде келiп қап мына жалғанға,
Пенде болудың амалын таба алмай қалдың.
Астында кiмдep жатқанын оба, мазардың,
Айтып ап, Сендей ертеңге оза қарар кiм?-
Шайқалып бара жатасың, мың жарым үй тіккен
Асынан жаңа шыққандай Қожаназардың2...
Абыздар ділiн тiрілтiп нелер аталы
Сен сөйлеп кетсең, көрсетiп көне жотаны.
Toғaнақтарын теңдеп ап, керуен жолмен
Fасырлар көшi бiз жаққа келе жатады.
Сол керуеннен өткеннің мұрасын көрiп,
Таңдай қата боп: "Осы ғой шын асыл" ,- дeдiк.
Қарақшы - Уaқыт тонаған бар қазынаны
Үркердей елге қайтадан тұрасың берiп.
Елең -алаңда қылғай да Үркерiңдi аман,
Үркеріңе әзiр ұсынып тұр төpiн ғалам.-
Тоныкөк бабаң тәубә айтып тiрлiriмiзге,
"Tүpiк бұдұн тоқ"3,- дейтiндей Күлтегiн қaғaн.
Миына мысқал сендегi сезiмдi берсе,
Пiтiнә жұртың ұғар ед сөзiңдi де елше.
Жүрегiн ұстап сан ғасыр мелшиiп тұрған
Балбалдар сөйлеп кетедi өзiңдi көрсе ...
Жалпыға жүрсе Жалқының азабы жұқпай,
Топанда қалған тұрасың азалы Нұқтай.
Басарға тауым қалмайды - Жатқанда кейде
Қара тас ұққан жаныңды қазағың ұқпай.
Хош! Тәмәт. Тәмәм. -
Осы жыр құпталса бiр күн,
Түзелер түбi Абай мен Мұхтарша күлкiң.
Ордамның төpiн толтырып отыра бершi,
Сен кетсең жетiм қаларын ұққанша жұртың ...
Светқали Нұржан.
1 Зардош (Заратуштра) - Адам Ата Зәузаттарының тұңғыш пайғамбары. Маңғыстау
Үстiртiнде дүниеге келген дейтiн ғылыми болжам бар (автор).
2 Қожаназар Жаңайұлы - кейiпкердің жетiншi атасы. Алашқа қайырын тигiзген
Маңғыстаулық "Үш Назардың" бiрi. Асында 1500 үй тiгілген.
3 "Tүpiк бұдұн тоқ" ("Күлтегiн" ескерткiш, Кiшi жазу) - түркi халқы тоқ.
Бектұр Төлеуғалиев
Абырой асқарында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, әлемге танымал жазушы Әбiш
Кекiлбайұлы үстiмiздегi жылдың 9 желтоқсанында 60 жасқа толады. Кластас
достың өмiрiнің өзiм бiлетiн кезеңдерiнен деректеме
Тамыз айының 29 күнi. Маңғыстау ауданының Тұщықұдық селосынан почта таситын
Қосым шалдың түйесiне мiнгесiп, сол кездегi аудан орталығы Таушық
поселкасына жолға шықтым. Шешем ауырып, күйiмiз шамалы, жолға азыққа бiр
кiшкентайлау таба нан пiciрiп берген. Ол кезде аудан бойынша орта мектеп
бiреу - ол аудан орталығы Таушық поселкасында Шахта орта мектебi болып
аталады. Менің интернатқа орналасып 8 класқа оқу үшiн келе жатқан бетiм.
Қосым ақсақалдың почта таситын көлiгi күйсiздеу, жылдам жүруге жарамайды,
жайлап аяңдап жүредi. Ара-арасында менi түсiрiп жетектетiп алады. Жолға бiр
түнеп 30 тамыз күнi сәскеде Таушыққа да жеттiк-ау. Қолымда жiппен ортасынан
таңылған, тозығы жетіңкiреген чемоданым бар, түйеден түскесін, кiдipмecтeн
мектепке келдiм. Келсем, мектептің ауласының iшi толған бала, интернатқа
орналасуды сұрап арыз жинап жатыр екен, мен де арызымды жазып соларrа қосып
жiбердiм. Арыздарымызды жинап алғаннан кейiн "Сағат 4-00-ге осы жерге
жинальңыздар, интернатқа қабылданатындардьщ тiзiмi оқылады" деп бiздi
таратты. Менiң жақын жерде бара қоятын үйiм де жоқ едi, сағат 4-ке дейiн
интернаттың көлеңкесiнде аялдай тұруға тура келдi. Интернат мектептiң
қарсысында орналасқан, екеуiнің арасы тас қоршаумен қосылған, ортасы үлкен
алаң. Чемоданымды астыма қойып отырдым, қарным да ашып барады, кешегi
ауылдан алып шьққан нанды Қосекең екеуiмiз жолда бөлiп жеп алғанбыз. Сөйтiп
отырғанымда, ұйьқтап қалыппын, бiреу келiп, "ей, бала, неғып отырсың?" деп,
оятып жiбердi. Мен "Тұщықұдьқтан оқуға келiп eдiм, сағат 4-ке жиналыңдар
деген, соны күтiп отырмын" дeдiм. "Онда сағат төрт болды, жинал деген
жерiне бара roй" дедi.
Аулаға кipceм, тағы да балалар жиналып күтiп тұр екен. Көп ұзамай eкi адам
келiп интернатқа алынатындардьң тiзiмiн оқыды, менiң аты-жөнiм ол тiзiмде
жоқ болып шықты. Cipә, аталмай қалrан жалғыз мен болмасам керек. "Бiздер
тiзiмде неге жоқпыз" деген дауыстар ду ете түсті. Тiзiмдi оқыған адам
әуелi жетiм балалар алынады, содан кейiн жартылай жетiм балалар
қабылданады, содан сон барып, орын болса, баск;а балаларды қабылдаймыз"
дедi. Қазiр кiмнің қай класта оқитын тiзiмдерi оқылады, тiзiм оқылып болған
соң шуламай әpкім өз кластарына барып отырсын, интернатқа алынбағандардьщ
жайы сол жерде шешiледi" дедi. Менің атағым 8"А" класында оқитындардың
ішінде аталды. Класқа кірсем, алдьңғы екі партадан басқа орындарды балалар
иеленiп алыпты, амалсыздан, алдыңғгы партаға отырyға тура келді.
Чемоданымды бұрышқа апарып қойдым. Мен отыра бергенiмде, қолында менікінен
айырмасы шамалы, жiппен буылған чемоданы бар, киiмi де менікі сияқты жұпыны
бұйра шаш, дүpдiк epiн қapa бала кiрiп, чемоданын мeнiкiнiң қасынa қойып,
қасыма келiп отырды. Көп ұзамай, класқа қолында журналы бар, манағы ұйьқтап
жатқанымда оятатын, ат жақты, суық жүздi, бойы ортадан жоғары қapa кici
кiрiп келдi. Жапырлап орнымыздан тұрдық. "Отырыңыздар!" дедi де, өз орнына
жайғасып болған соң "Менiң аты-жөнiм Шоңқалов Торғай деген болады,
математика пәнiнің оқытушысымын, осы кластың жетекшiciмiн және интернаттьң
тәрбиешiсiмiн" деп таныстырды. Содан кейiн алфавит бойынша балалардың аты-
жөнiн, қай жерден келгенiн түгелдей журналға және дәптерiне де жазып
отырды. Сол кезде класқа pұқcaт сұрап тағы бiр қыз бала оқушы келдi, apтқы
парталарға барып орналасса керек. Бiр оқушы жаңағы келген қызға "Сыбай
болдьқ, сыбайлас бұрыштардың ережесiн жаттайық" демесi бар ма. Солай деуi
мұң екен, әлгi баладан "сенің аты-жөнiң кiм едi, қане, сыбайлас бұрыштар
жөнiнде бiлетiнiңдi айтшы" деп Төкең баланы орнынан тұрғызды. Бала жауап
берiп жарытпады, ұмытып қалса керек. "Ал кәне, сыбайлас бұрыштар жөнiнде
кім айтады? деп класқа көз жүгiрттi. "Интернатқа алынбайтын болдым-ау"
деген уайым ciрә бар, септiгi тиетiн болар деген оймен сыбайлас
бұрыштардың теңдігін аньқайтын теоремасы мен дәлелдемесiнен ойымда бiр
нәрсе болуы керек, "мен айтам" деп, қол көтepдiм. Қарасам, қaсымдaгы
бұйрабас та қол көтерiп отыр екен. "Ал кәне, тыңдайық, сенiң атың кiм едi?"
дедi. Мен аты-жөнiмдi айттым да тақтаға шығып бор iздеп едiм, "ауызша айта
бер, мен түciнeмін" дедi оқытушы. Мен өзiм бiлетiнiмдi айта бастадым, аз
yaқыттaн кейiн "кiдipe тұр" дедi де, "кәне, сен жалғастыр" деп, бұйра бас
қapa баланы тұрғызды. Аты-жөнiн сұрады. "Кекiлбаев Әбiш" деп, жауап бердi.
Маған оқытушы "отыр" дедi де, " ал онда Кекiлбаев сен жалғастыр!" дедi.
Әбiш айтып болған соң орнына oтыруғa pұқсат еттi. Содан соң журналды қолына
алып, үйден оқитын балаларды бiр-бiрден тұрғызып, аты-жөндерiн, қай
мектептен жетiншi класты бiтiргенiн, содан соң интернатқа жататын
балалардың тiзiмдерiн жасады да, "ендi интернатқа орналаспаған бұл жерде
үйi жоқ балалар бар ма?" дегенде, мен, Әбiш және бiр қыз қол көтердiк.
Бiздiң аты-жөнiмiздi жазып алды да, "үшеуiңіз қазiр мұғалiмдер бөлмесiне
келiңдер!" дeді. Коридорда оқудың кестесі бар, соны жазып алыңыздар, сабақ
таңертеңгi 8-00-де басталады, кешікпеу керек, осымен бүгiнгi сабақ
аяқталды" деп, таратты. Кластан шығып, коридордағы сабақтың кестесін
көшiрiп алып, Әбiш екеуiмiз оқытушылардың отыратын бөлмесiне барып,
"Шоңқалов ағайдың шақыруымен келдiк" деп eдiк, "ол кici директорда, қазір
келедi" дедi. Жарты сағаттай күтiп отырдық. Бiр кезде ағай келді де менің
қолыма тiлдей қағазды ұстатты, "Шарипова деген интернатта тәрбиешi бар,
соған апарып беріңдер, интернатқа орналастырады" дeді. Әбiш екеумiз
қуанышымыз қойнымызға сыймай интернатқа келiп, апайымызды тауып,
директордың жазған тiлдей қағазын берiп, сол қағаздың күшiмен сол бойда
интернатқа орналастық.
Бiз өзiмiзге бөлiнген бөлмеге келсек, бiзден бұрын eкi бала орналаск;ан
екен, Шүңкәров Өтелген, Әбдиев Амантай жене екеуiмiзбен төртеу болдық.
Қазiрде ортамызда Амантай жоқ, өмiрден ертелеу кетiп қалды, Шүңкәров
Өтелген - ғылым кандидаты, Ақтау университетiнде кафедра басқарады.
Келесi күні таңертең сабаққа келдік. Бiрiншi сабақ орыс тiлi болды.
Валентина Яковлевна Осташкова деген орыс қызы келіп сабақ бастады.
Әрқайсысымызды орындарымыздан тұрғызып, аты-жөндерiмiздi тіркеп алды,
орысшалары өзімнен асып бара жатпағасын қарар болдық-ау деп отырғанмын.
Кезек Әбiшке келгенде, орнынан тұрып кідірместен, өзін толық таныстырып,
оқытушыдан өзiн таныстыруды сұрады. Ол кезде Маңғыстау ауданында (ол кезде
Гурьев облысы) орыстар атымен жоқ десем, өтiрiкшi болмаспын. Форт-Шевченко
қаласында ғана орыстар болды, ондағы мектепте оқыған балалар азды-көптi
орысша бiлетiн-дi. Менің орыс оқытушысын бiрiншi көрiп тұрғаным. Мен Әбiшке
оның орысша iркiлмей сөйлейтiнiне қатты таң қалдым да, қызықтым да,
қызғандым да. Міне, осылайша бiздің таныстығымыз басталды. Көп ұзамай-ақ
Әбiштің барлық пәндерден жақсы бiлетiнiн, әcipece қ;азақ, орыс
әдебиеттерiн, тарих пәндерiн сүйiп оқитынына көзiмiз жеттi. Әбiштен
орысшаны қалай жақсы үйренгенiн сұрағанымда, өткен жазда орыс тiлдi
адамдардың iшiнде төрт айдай экспедицияда жұмыс істегенін, сонда бiршама
үйренiп қалғанын, оның үстінe орыс әдебиеттерiн де үзбей оқитынын айтты.
Оқу басталып кеттi, екеумiз үнeмi кiтапханада боламыз. Әбiш сол кездің
өзiнде кiтапханадаrы классиктердің еңбектерiн алып оқып тауысты десем артық
болмас. Мен де сол кездерде 5 класымнан бастап әдеби кiтаптарды коп оқитын
eдiм. Мұхтар Әуезовтың "Қараш-Қараш", "Қилы заман", "Абай жолы" эпопеясының
әуелгi eкi кiтабын, Сәбит Мұқановтың "Менің мектептерiм", "Ботагөз",
Әбдiжәмiл Нұрпейiсовтың "Курландиясын", Жюль Верннің таңғажайып қияли
кiтаптарын, Пушкиннің, Тургеневтің, Чеховтың қазақша аудармаларын оқыған
болатынмын. "Алпамыс", "Қобыланды", "Едirе", "Ер Тарғын", "Қамбар",
"Қарасай-Қази" т.б. дастандарды жатқа бiлетiн eдiм. "Кербаланың соғысы",
"Зарқұм", "Сал -сал", "Дариға қыз", "Ләйлi-Межнүн", "Мұңлық-Зарлық
дастандарын сол кезде жыр айтатын Тоқсанбай, Айтқұл т.б. ақсақалдардан
естіп, eciмe сақтаған жайым бар. Маңғыстау ауданындағы Сталин атындағы
колхоздың Қарашағыр жеті жылдық мектебiнің кітапханасындағы қазақ тiлiнде
бар iскe татыр төлтума және аударма кітаптарды тауысып оқып келген
болатынмын. Сөйтiп, мен де өзiмше көп оқыдым-ау дегендей дәрежеде
жүргенмін.
Әбiшпен бiрiккеннен кейiн менің көп оқыдым деп жүргенiм тек әшейiн нәрсе
болып шықты. Әр демалыс сайын Таушықтың орталық кiтапханасына барып алған
кiтаптарымызды тапсырып, жаңадан кітап аламыз. Әбiштiң алып оқитын
кiтаптары - Хемингуей, Моэм, Набоков, Джек Лондон, Киплинг, Иво Андриг,
Колдуэм, Чехов, Мамин-Сибиряк, Ги де Мопассан сияқты атақтылардьң
еңбектерi. Meнің тiciм бата қоймаған кiтаптар. Әбiшке ерiп мен де аталған
жазушылардың орысша жазылған кітаптарын оқиын десем, түсiнiп
жарымайтындығымнан болар ұйқым келе бастайды. Бiр күнi Әбiш мaғaн
Толстойдьң "Кавказ әңгiмелерiн", "Казактар", "Крейцер сонатасы", "Иван
Ильичтің өлiмi", "Хажы-Мұрат" кiтаптарыньң қазақшасын оқып шығуды, содан
соң барып, орысшасын оқyға ақыл бердi. Толстойдың қазақшаға
аударылғандарын, соңынан орысшасын оқып шыққанымда, орысша сайрап
кетпегенмен, орысша кiтаптардың мазмұнына лекер түсiнетiндей болып қалдым.
Соңынан Достаевскийдің "Өлi үйден шыққан жазбаларын", "Құмарпаз",
Пастернактьң "Доктор Живагосын", Кобо Абэнің "Кұмдағы әйел", "Бөтеннің
түpi" кiтаптарының орысшасын оқып шыққанымда, Әбiшiм қатты қуанды. "Бектұр,
сен ендi менсiз де классиктердің орысшаға аударылған еңбектерiн оқып түciнe
бастадың, осыныңнан жазбасаң, осы оқу жылының аяғына дейiн орысшаға судай
боласың!" дегенi әлi eciмдe.
Бiрде Әбiштiң Стефан Цвейг жазған ұмытпасам "Бальзак" атты кiтапты оқып
отырып, "кейбiр жерлерi орысшаға дұрыс аударылмапты, былай деп жазғанда
дұрыс болатын едi" деген сөздерi eciмдe қалыпты.
Мен Әбiштің әдебиетке деген құмарлығына, оның терең бiлiмiне, ойшылдығына,
сол кездегi адамгершiлiк қасиеттерiне таң қалатын eдiм. Бiздiң заманымыздың
Аристотелi осы шығар деген ойда болатынмын.
Қыркүйек айыньң орта кездерiнде оқушылардың жалпы жиналысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz