Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 тарау. Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Италия фашизмі туындауының тарихи себептері ... ... ... ..
1.2. Италия фашизмінің саяси социализмінің тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 тарау. Италияның саяси өміріндегі фашистік диктатура ... ... ...
2.1 Муссолинидің билік басына келуі және ішкі саясаты ... ... ... ..
2.2. Муссолини тұсындағы Италияның саяси экспансиясы ... ...

3 тарау. ХХ ғасырдағы халықаралық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Герман үкіметінің Франция, Ұлыбритания, Италия және
Бельгия үкіметтеріне меморандумы
3.2. Муссолини тұсындағы Италияның саяси экспансиясы
3.3.Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
XX ғасырдың 20-жылдарында корпоративтік идеологиялар – фашизм және ұлтшыл-социализм (национал-социолизм – нацизм) қалыптасты. «Фашизм» деген түсінік Италияда шықты. Бұндағы алғашқы ұйымдар «жауынгер одақтар» («фаши ди комбаттименто») деп аталды, осыдан барып «фашизм» деген термин қалыптасты. Германияда бұл қозғалысқа «нацизм» деген атау берілді. Фашизмнің шығуының Италия мен Германияға қатысты ортақ жағдайлары бар. аталған екі ел орталықтанған, біртұтас ұлттық мемлекетін өте кеш құрды. Соған орай Англия, Франция т.б. батыс елдерінде демократиялық бостандықтар мен азаматтық құқықтар ХVII-XVIII ғғ. негізгі мемлекеттік заңдарға енгізілген болса, Германия мен Италияда алғашқы конституциялар ХІХ ғ. екінші жартысында дүниеге келді және демократиялық бостандықтар мен құқықтар өте шектеулі түрде болды. Бұл елдерде жеке тұлғаның ой еркіндігі мен мүддесі мүлде ескерілген жоқ, оның орнына билікке, күшке табынушылық сезімі орнықтырылды. Осы екі елде де соғыстан кейінгі экономикалық қиыншылықтар, революциялық қозғалыстың өрлеуі ұсақ және орташа топтардың меншігінен айырылып қалу қауіпін күшейтіп, олардың бір жағынан, ірі капиталға, екінші жағынан, революцияшыл күштерге деген ашу-ызасын тудырды. Революциялық қозғалысқа да, ірі капиталға да қарсы тұра алатын күш ретінде олар фашизмге жүгінді.
Сонымен қатар соғыста жеңілу және ауыр Версаль бітім шарты – Германияда, ал Париж конференциясында мүдделерінің ескерілмеуі – Италияда ұлттық қорлану сезімін тудырып, шовинизмді күшейтті. Бұл жағдайлар фашизмнің саяси қозғалыс ретінде қалыптасуына негіз болды. Ал фашизмнің идеологиясына негіз болған ілімдер бұдан ертерек уақытта шықты.
Фашизмнің идеологиясы бұрынғы дәуірлердегі барлық ұлтшылдық, нәсілшілдік, зорлық идеяларын насихаттаған ілімдерден өсіп шықты. Соның ішінде фашизм мен пангермандық шовинизмнің тікелей байланысы бар.
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қалыптасқан пангерманистердің іс-әрекетін мынандай идеялар анықтады:
1. Германияның континенттік Еуропадағы үстемдігі
2. Барлық неміс тілінде сөйлейтін халықтар мен ұлттарды Германия империясына топтастыру
3. Германияның отарлық иеліктерін кеңейту.
Фашистер бұл идеяларды Пруссияның милитаристік рухымен ұштастырды. Фашистік (нацистік) идеологияның ең басты құрамдас бөлігі – нәсілшілдік теориясы, ұлтшылдық, шовинизм. Немістер – «нордтық, арийлік» нәсіл, олар барлық нәсілдерден жоғары тұрады. Фашистер «нордтық нәсілдің тазалығын қалпына келтіруді міндет етіп қойды. Нәсілшілдік теориясы шовинизммен тығыз байланыста болды.
Фашистік идеологияның құрамында демократияға қарсылық, ақыл-ойға қарсылық (антиинтеллектуализм) зорлық пен күшке табыну (вождизм) сияқты өте бір реакцияшыл ілімдер болды.
Фашистер өзіндік этика негіздерін жасады: борыш, ар-ождан, туысқандық т.б. қасиеттер адамшылық тұрғыдан емес нәсілдік теория негізінде түсіндірілді. Борыштан бас тартпау ардан аттамау, туысқандық байланыстар, т.б. қасиеттер тек жоғары «арийлік» нәсілге жататын адамдар арасындағы қатынастарда ғана орын алады. Ал төменгі нәсілдер алдында олар белгілі бір моральдік жауапкершілік атқармайды. Фашистер өз идеологиясын шын мәнінде түсініп қабылдауды емес, оны соқыр сеніммен қабылдауды талап етеді. Демек, фашистерге ақыл-ойы жоғары, зейінді адам емес, фанаттар ғана қажет. Сондықтан да Германияда ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялылар қудаланды.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - ХХ ғасырдағы Италия еліндегі ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы, оның ішкі және сыртқы саясаты мен келешекте адамзатқа тигізетін әсерін анықтау.
Мен өзімнің курстық жұмысымда мынандай әдебиеттерді қолдандым, олар:
 СССР тарихы. Т2.Алматы, 1970.
 Г.Б. Полякова. Всемирная История.М.,2000.
 Совет Одағының Ұлы Отан оғысы.Алматы, 1972.
 Всемирная история. М., 2005.
Бұл әдебиеттерде фашизмді ХХ ғасырдың адамды әлсірететін материалистік позитивизміне қарсы, жеке адамның нақты шындығы ретінде түсіндіреді. Егер еркіндік индивидуалистік либерализм түсінігіндегі абстрактылы қуыршақ емес, нақты адамның бөлінбес қасиеті болса, онда фашизм еркіндікті жақтайды. Ол жалғыз ғана еркіндікті, мемлекеттің еркіндігін және жеке адамның мемлекеттегі еркіндігін жақтайды. Өйткені фашизм үшін ешқандай адамдық немесе рухани нәрсе мемлекеттен тыс өмір сүрмейді және құндылыққа ие бола алмайды, барлық мәнділік тек қана мемлекетте болады деп түсіндіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Г.Б. Поляков. Всемирная история. Москва «Юнити» 2000
2. Всемирная история. М.,2005.
3. Совет Одағының Ұлы Отан Соғысы. Алматы «Қазақстан» 1972.
4. СССР тарихы.Т1. Алматы «Мектеп» 1970.
5. СССР тарихы. Т2. Алматы «Мектеп» 1973.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 тарау. Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Италия фашизмі туындауының тарихи себептері ... ... ... ..
2. Италия фашизмінің саяси социализмінің
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .

2 тарау. Италияның саяси өміріндегі фашистік диктатура ... ... ...
2.1 Муссолинидің билік басына келуі және ішкі
саясаты ... ... ... ..
2.2. Муссолини тұсындағы Италияның саяси
экспансиясы ... ...

3 тарау. ХХ ғасырдағы халықаралық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
3.1. Герман үкіметінің Франция, Ұлыбритания, Италия және
Бельгия үкіметтеріне меморандумы
3.2. Муссолини тұсындағы Италияның саяси экспансиясы
3.3.Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

Кіріспе
XX ғасырдың 20-жылдарында корпоративтік идеологиялар – фашизм
және ұлтшыл-социализм (национал-социолизм – нацизм) қалыптасты.
Фашизм деген түсінік Италияда шықты. Бұндағы алғашқы
ұйымдар жауынгер одақтар (фаши ди комбаттименто) деп
аталды, осыдан барып фашизм деген термин қалыптасты.
Германияда бұл қозғалысқа нацизм деген атау берілді.
Фашизмнің шығуының Италия мен Германияға қатысты ортақ
жағдайлары бар. аталған екі ел орталықтанған, біртұтас
ұлттық мемлекетін өте кеш құрды. Соған орай Англия,
Франция т.б. батыс елдерінде демократиялық бостандықтар мен
азаматтық құқықтар ХVII-XVIII ғғ. негізгі мемлекеттік заңдарға
енгізілген болса, Германия мен Италияда алғашқы
конституциялар ХІХ ғ. екінші жартысында дүниеге келді және
демократиялық бостандықтар мен құқықтар өте шектеулі түрде
болды. Бұл елдерде жеке тұлғаның ой еркіндігі мен
мүддесі мүлде ескерілген жоқ, оның орнына билікке, күшке
табынушылық сезімі орнықтырылды. Осы екі елде де соғыстан
кейінгі экономикалық қиыншылықтар, революциялық қозғалыстың
өрлеуі ұсақ және орташа топтардың меншігінен айырылып
қалу қауіпін күшейтіп, олардың бір жағынан, ірі
капиталға, екінші жағынан, революцияшыл күштерге деген
ашу-ызасын тудырды. Революциялық қозғалысқа да, ірі
капиталға да қарсы тұра алатын күш ретінде олар
фашизмге жүгінді.
Сонымен қатар соғыста жеңілу және ауыр Версаль
бітім шарты – Германияда, ал Париж конференциясында мүдделерінің
ескерілмеуі – Италияда ұлттық қорлану сезімін тудырып,
шовинизмді күшейтті. Бұл жағдайлар фашизмнің саяси
қозғалыс ретінде қалыптасуына негіз болды. Ал фашизмнің
идеологиясына негіз болған ілімдер бұдан ертерек
уақытта шықты.
Фашизмнің идеологиясы бұрынғы дәуірлердегі барлық
ұлтшылдық, нәсілшілдік, зорлық идеяларын насихаттаған
ілімдерден өсіп шықты. Соның ішінде фашизм мен
пангермандық шовинизмнің тікелей байланысы бар.
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қалыптасқан
пангерманистердің іс-әрекетін мынандай идеялар анықтады:
1. Германияның континенттік Еуропадағы үстемдігі
2. Барлық неміс тілінде сөйлейтін халықтар мен
ұлттарды Германия империясына топтастыру
3. Германияның отарлық иеліктерін кеңейту.
Фашистер бұл идеяларды Пруссияның милитаристік
рухымен ұштастырды. Фашистік (нацистік) идеологияның ең
басты құрамдас бөлігі – нәсілшілдік теориясы, ұлтшылдық, шовинизм.
Немістер – нордтық, арийлік нәсіл, олар барлық нәсілдерден
жоғары тұрады. Фашистер нордтық нәсілдің тазалығын
қалпына келтіруді міндет етіп қойды. Нәсілшілдік теориясы
шовинизммен тығыз байланыста болды.
Фашистік идеологияның құрамында демократияға қарсылық, ақыл-
ойға қарсылық (антиинтеллектуализм) зорлық пен күшке табыну
(вождизм) сияқты өте бір реакцияшыл ілімдер болды.
Фашистер өзіндік этика негіздерін жасады: борыш, ар-
ождан, туысқандық т.б. қасиеттер адамшылық тұрғыдан емес
нәсілдік теория негізінде түсіндірілді. Борыштан бас
тартпау ардан аттамау, туысқандық байланыстар, т.б. қасиеттер
тек жоғары арийлік нәсілге жататын адамдар арасындағы
қатынастарда ғана орын алады. Ал төменгі нәсілдер алдында
олар белгілі бір моральдік жауапкершілік атқармайды.
Фашистер өз идеологиясын шын мәнінде түсініп қабылдауды
емес, оны соқыр сеніммен қабылдауды талап етеді. Демек,
фашистерге ақыл-ойы жоғары, зейінді адам емес, фанаттар
ғана қажет. Сондықтан да Германияда ғалымдар, ақын-жазушылар,
зиялылар қудаланды.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - ХХ ғасырдағы Италия
еліндегі ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы, оның ішкі және
сыртқы саясаты мен келешекте адамзатқа тигізетін әсерін анықтау.
Мен өзімнің курстық жұмысымда мынандай әдебиеттерді қолдандым,
олар:
✓ СССР тарихы. Т2.Алматы, 1970.
✓ Г.Б. Полякова. Всемирная История.М.,2000.
✓ Совет Одағының Ұлы Отан оғысы.Алматы, 1972.
✓ Всемирная история. М., 2005.
Бұл әдебиеттерде фашизмді ХХ ғасырдың адамды әлсірететін
материалистік позитивизміне қарсы, жеке адамның нақты
шындығы ретінде түсіндіреді. Егер еркіндік индивидуалистік
либерализм түсінігіндегі абстрактылы қуыршақ емес, нақты
адамның бөлінбес қасиеті болса, онда фашизм еркіндікті
жақтайды. Ол жалғыз ғана еркіндікті, мемлекеттің еркіндігін
және жеке адамның мемлекеттегі еркіндігін жақтайды. Өйткені
фашизм үшін ешқандай адамдық немесе рухани нәрсе
мемлекеттен тыс өмір сүрмейді және құндылыққа ие бола
алмайды, барлық мәнділік тек қана мемлекетте болады деп
түсіндіреді.

1 тарау. Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
1. Италия фашизмі туындауының тарихи себептері

Бірінші дүниежүзілік соғыстан Италия жеңген ел
қатарында шықты. Италия соғыста өзінің негізгі
бақталасы Австрия-Венгрияға соққы берді. Соғыста жеңген ел
қатарында шыққанымен, Версаль бітімінде Франция мен Ұлыбритания
Италияға толық еркіндік бермеді. Бірақ та соғыста
жеңген ел ретінде Италия қозғалысында ұлы державалық
саясат үстем болды. Италия буржуазиясы Балқан
түбегінде және Жерорта теңізінде өзінің үстемдік
саясатын жүргізуді көздеген еді. Балқан түбегінде
Антанта елдері Италияның емес, Сербияның үстемдігін
қолдады. Бірінші дүниежүзілік соғыс Италия буржуазиясын
саяси дағдарысқа әкелді. Ұлы держава құру идеясы іс
жүзіне аспады. Франция мен Ұлыбритания жеңген ел ретінде
өздерінің Европадағы билігін нығайту үшін Италия
буржуазия менсінгісі келмеді. Италияда ұлы державалық ойды
жүзеге асыру үшін күрес жүргізетін буржуазиялық саяси
партиялар жоқ болды.
Соғыстан кейін халықтың арасында беделді бірден-бір
саяси партия – Италия социалистік партиясы (ИСП) болды. Италия
парламенттік Республика болғанысымен, Италия
социалистік партиясы парламентте көпшілік болды да, ұсақ
буржуазиялық (либерал, республика, радикалдар) парламентте
айтарлықтай саяси күшке айнала алмады. Сондықтан Италия
парламенті шынайы демократиялық институтқа айнала алмады.
Италия парламенті ұсақ буржуазия мен католик шіркеуінің
бірігуіне жол ашты. Бұдан былай елді басқара алатындай
саяси партия құру қажет болды. Сөйтіп, 1919 жылы
Италияда Халық партиясы құрылды. Бұл партияның
әлеуметтік тірегі католик шіркеуі ықпалындағы
буржуазия мен шаруалар болды. Италия халықтық партиясының
құрылуы Ватиканның католиктерге саяси жұмысқа араласуына
рұқсат беруін білдірді. Бірақ Ватикан мен Италия
үкіметіндегі қарама-қарсылық толық жойылған жоқ болатын.
Либералдар католик шіркеуіне деген сенімсіздігінен бас
тартпай, антиклерикалық саясатын жалғастырып, Италия халық
партиясына қарсы боды.
Соғыстан кейін Италия парламентіндегі саяси топтар
демократиялық сайлау жүйесін енгізді. Парламенттегі
депутаттар мандатының алған дауыс санына сәйкес
бөлінуі принципі енгізілді. 1919 жылы жаңа сайлау
заңы негізінде парламент сайлауы өтті. Сайлау
барысында Италия социалистік партиясы мен Италия халық
партия депутаттар палатасында 154 және 94 депутаттық орын
алды. Ал либералдар және басқа ұсақ буржуазиялық
партиялар 181 депутат өткізе алды. Саяси күштер
сайлаудан кейін біріккенімен, ұсақ буржуазия мен
соғысқа қатысқан әскери топтар Италияның соғыста
жеңіп шыққанын малданып, өздерін жеңуші ретінде
бағалап, содан ұлы державалық, шовинистік пиғылдағы
адамдар саны көбейе бастады. Ұсақ буржуазия мен
майданнан келген топтар арасында ұлттық шовинизм
рухы жоғары болды. Сөйтіп, Италияда көптеген саяси-
қоғамдық ұйымдар Италияны ұлы державаға айналдыруға
бағыт ала бастады.
Саяси-қоғамдық ұйымдардың арасында фашистер
әлдеқайда белсенді болды. Ұлттық шовинизм кең етек алып
Версаль бітімінің шешіміне қарсы шығып, қайта
қарауын талап етті.
Италияның Фиулле аралын аннекциялау талабын Антанта
елдері қолдамай, 1920 жылы аралды Югославияға бергізді.
Антанта елдерінің мұндай шешімі фашистік ұйымдардың
қарсылығына, ұлттың намысын оятуға негіз болды.
1919- 1920 жылдардағы саяси дағдарыс, сыртқы саясаттағы
сәтсіздіктер итальяндықтардың шовинистік ойларын күшпен
орындауға шақырды. Италия армиясын бүлікке шақырушылар
көбейе бастады. Олар Адриат теңізінің жағасына, Албанияға
әскер жіберуді талап етті, Италия әскерінің арасында
бүлік шығып, либерал партиясы үкіметтен полиция мен
жандармерияның санын көбейтуді талап етті.
1920 жылдан бастап Италияда саяси күштерінің ара салмағы
ұлтшыл шовинистік топтарға қарай ауысты.
Елдегі буржуазия дәрменсіздік білдірді. Италия социалистік
партиясы революциялық жолды қолдап, Кеңестік Ресейді
қолдап, халықты революцияға шақырып жатты. Экономикалық
дағдарыстар, революциялық толқулар Италия буржуазиясының
террорлық саясатқа көшуіне жағдай жасады. Фашизмнің
халық арасында беделі өсті. Фашизм Италияда ірі әлеуметтік
күшке айналып, жаңадан әскери ұйымдар мен құрылымдар
құрып, Италияны дағдарыстан алып шығатын бірден-бір күш
деп жарияланды. Елде саяси үкіметтік дағдарыс жалғасты.

1. Италия фашизмінің саяси социализмінің тұжырымдамасы

Социализмнің неғұрлым дәлірек анықтамасы кооперациялау
идеясымен байланысты болуы мүмкін,... өйткені осы арқылы
экономикалық және құқықтық қатынастар бір мезгілде
бейнеленеді... Бұған социализмді кооперативтік қоғамдық құрылысқа
қарай қозғалу немесе сол құрылыстың өзі ретінде
бейнелеу сәйкес келеді. Кооперативтендіру дегенді бұл
жерді тек қана құқықтық қағида ретінде түсіну қажет.
...Сондықтан міндетті түрде демократия туралы сөз болуға
тиісті.

(Э. Бернштейн)

Фашизм – ХІХ ғасырдың адамды әлсірететін материалистік
позитивизміне қарсы жалпы жауап ретінде туған рухани
тұжырымдама. ...Фашизм өзінің алдында тұрған қиындықтарды
батыл түрде түсініп, жеңуге дайын, іс-әрекетке бүкіл күш-
қуатын жұмсайтын белсенді адамды қалайды. Ол адамға өзін
құрал (физикалық, моральдық, интеллектуалдық) ретінде қолдана
отырып, өзіне жақсы өмір шарттарын жасауы қажет екендігін
ескеріп, өмірді күрес деп түсінеді. ...Фашизм абсолютизмге қарсы
күрестің қажеттілігінен туған және мемлекет халықтың
санасы мен еркіне айналған соң өзінің міндетін
орындап болған классикалық либерализмге қарсы. Либерализм
жеке адамның мүддесін қорғайтын мемлекетті жоққа шығарды; фашизм
мемлекетті Жеке адамның нақты шындығы ретінде түсіндіреді. Егер еркіндік
индивидуалистік либерализм түсінігіндегі абстрактылы қуыршақтың емес,
нақты адамның бөлінбес қасиеті болса, онда фашизм еркіндікті жақтайды.
Фашизм тарихи дамуды тап күресі деп санайтын және мемлекеттік
бірлікті мойындамайтын, таптарды біртұтас экономикалық және моральдық
нақты шындыққа тірейтін социализмге қарсы.Билеуші мемлекет аясында
фашизм социалистік және кәсіподақ қозғалысына бастау болатын
нақты талаптарды мойындайды, оларды мемлекеттің бірлігіне сәйкес
мүдделердің корпоративтік жүйесінде іске асырады.

(Б.Муссолини)

2 тарау. Италияның саяси өміріндегі фашистік диктатура
2.1 Муссолинидің билік басына келуі және ішкі саясаты

Либералдық үкімет революциялық толқулардан соң террорлық
қимылға көшті. Буржуазия дағдарыстан шығудың жолын таба
алмады, фашистік қозғалыс кең етек алып, халық арасында
жаңа беделге ие бола бастады. Фашистік топтар
күштерін біріктіріп, 1919 жылы әскери одақ (Fasci di
combattmento) құрды. Әскери одақ фашистік ұйым
ретінде құрылып, оның жетекшісі Бенито Муссолини
болды. Фашистер елде өздерінің шовинистік, ұлтшылдық
үгіт-насихатын кең түрде жүргізді. Италия үкіметінің
дәрменсіздігін сынға алды. Ұлттық мүдде, Ұлы ұлт
идеясын таратты. Жұмысшы табының арасында таза
экономикалық саясатты, ереуілдік қозғалысты қолдап, жұмысшы
табының мүддесін қорғады. Шаруалар арасында жерді
кім өңдесе, жер соныкі ұранын тастады. Италияд
фашизмді негізгі әлеуметтік топтар, халықтың
кедейленген саласы қолдады.
Фашизмнің негізгі тірегі қалалық ұсақ буржуазия
болды. Олар өз меншіктерін қорғау үшін үкімет қолдап
отырған ірі буржуазияны қатты сынға алып, фашизмнің
ұрандарын насихаттады. Фашизмнің шабуылы күшейген кезде
халық арасында ықпалы бар дәстүрлі Италия
Социалистік партиясы оқшауланып, тек қана социалистік
идеяны уағыздаумен шектеліп қалды. Жұмысшы табы
реакциялық буржуазия жағына шықты.
1920 жылдың аяғында Солтүстік және Орталық
Италияда фашистер ашық террорға шығып, коммунистер
ықпалындағы жергілікті ұйымдарды талқандап,
большевиктерден елді құтқаруға шақырды. Жұмысшы табын
әлсіретіп, ұсақ буржуазия ықпалын күшейту бағытын ұстанды.
Италия үкіметі де біртіндеп фашизмді саяси
жағынан қолдап, 1921 жылы соғыс министрі И. Бономи
әскерлерді фашистік ұйымдарға көмекке жіберіп,
фашизмнің қарулануына жол берді. Италия премьер-министрі
либерал Дж. Джолити парламенттегі 35 фашистік депутаттармен
бір блоққа кіріп, Италия социалистік партиясы мен Италия
коммунистер партия депутаттық тобына қарсы күресіп
отырды. Италияның ірі буржуазиясы елдегі либерал-
парламенттік сяси күшті сақтай отырып, фашизмді ашық
қолдады. 1921-1922 жылдарда антифашистік күштер өте әлсіз
болды. Италияның ұлылығын қалпына келтіретін бірден-бір
саяси күш фашизм деп түсінді.
Фашизмнің үкіметті өз қолына алуына жол ашылды.
1922 жылдан бастап фашистер парламентті таратып,
диктатуралық билікті орнатуға шақырды. Фашизм Ватиканмен тығыз
байланыс орнатып, католиктер де фашизмді қолдай
бастады. Италияда саяси тұрақсыздықтан 1921 және 1922
жылдарда үш рет үкімет ауысты.
Италия социалистік партиясының реформалық тобы, үкіметті
қолдап, елде фашизмге қарсы тойтарыс беру үшін жұмысшы
тобын көтеріп, ереуілдер ұйымдастырып, Парме қаласында
фашистердің қарулы құрамдарына қатты соққы берді. Италия
социалистік партияның максималистік тобы реформистерге
қарсы шығып, партиядан бөлініп, Унитарлық Социалистік
партия (ҮСП) құрды. Бұл жұмысшы табын әлсіретіп, олардың
арасында жік туғызды. Фашизмге үкіметті өз қолына
алуға толық жол ашылды. Олар 1922 жылы Неаполь қаласында
өткен фашистер съезінде, үкіметке ашық ультиматум қойды.
Фашистер әскерлерін мобилизация жасады. Сөйтіп, Неаполь
қаласынан Римге жорық ұйымдастыруға кірісті. Үкімет
амалсыздан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Италияда
төтенше жағдай жарияланды. Король үкіметтің кетуін
қолдамай, Муссолиниді шақырып, үкімет құруға шақырды. 1922
жылдың 22 қазанда фашистік отряд салтанатты түрде
Рим қаласына келіп, Муссолини үкімет басына отырды.
Италияда фашистік диктатура орнады. Еуропада тұңғыш рет
фашизм үкімет басына келді.
Италияда соғыстан кейінгі либералдық-парламенттік жүйе
тарады. Саяси дағдарыс, революциялық күштердің жеңілуі,
антифашистік қозғалыстың әлсіздігі, Италия буржуазиясының
фашизмді қолдауы, Италияда демократияның жеңіліс табуына
әкелді.

2.2. Муссолини тұсындағы Италияның саяси экспансиясы

Италиядағы фашистік диктатураның құрылуы, буржуазиялық
демократияның кейбір басқару жүйесінің уақытша сақталуына
әкелді. Парламент сақталды, саяси партиялар ашық жұмыс
істеді. Муссолини үкіметі құрамында либералдар да
сақталды. Бірақ та фашистік диктатура біртіндеп өзінің
саяси құрылымын өз қолдарына ала бастады. 1923 жылы
жаңадан сайлау орнына, мажоритарлық жүйесін енгізді.
Сайлауда 25 % дауыс алған партия депутаттардың
орнын қамтамасыз ете алатын болды.
Италия парламентінің орнына құрылған. Үлкен фашистік
кеңес (ҮФК) заң шығарушы институтқа айналды. Оның төрағасы
Муссолини болып тағайындалды. 1923 жылы Ұлттық қауіпсіздік
милиция – ерекше фашистік қарулы ұйымға айналды.
Олардың мүшелері Корольге және Муссолиниге таза жұмыс
атқаруға уәде берді. Жергілікті басқару жүйесі
префект әкімшілігінде фашистік партия өз бақылауын
орнатты.
Фашистік үкімет буржуазияны қолдап, көптеген
жеңілдікке барды. Ірі өнеркәсіп иелеріне субсидиялық
көмектің мөлшерін азайтқанымен, банкпен кредит алуды
жеңілдетіп, салық жүйесіне реформа жүргізді. Ұсақ
буржуазия фашизмнің әлеуметтік тірегі болудан қала
бастады. Экономикалық реформа ірі буржуазия мүддесіне
сәйкес жүргізілді. Капитализмнің уақытша тұрақтану кезінде
Италия экономикасы дами түсті. 1922-1924 жылдарда
Италияда акционерлік қоғам саны 5951-ден 8822-ге жетті.
Ұлттық капитал өсті. Өнеркәсіп өнімдерін көптеп
шығара бастады. Еңбекші халықтың тұрмыс жағдайы біртіндеп
жақсара түсті.
1924 жылы сәуір айының 6-ы күні Италия парламент
сайлауы болды. Сайлау мажоритарлық жүйе арқылы өткізіліп
фашистік партия депутаттарыдң [1] орнын алды.
Оппозициялық партиялар орынға ие болды. Алғашқы
парламент отырысында унитарлық социалистік партиясының
депутаты Джакомо Маттеоти сайлау қорытындысын қатты сынға
алып, фашистердің террорлық жолмен жеңіске жетіп
отырғанын дәлелдеп сөз сөйледі. Бұл оның соңғы сөзі
еді, оны 1924 маусым айының 10-ы күні көшеде
кетіп бара жатқан жерінен ұстап алып, өлтіріп тастабы.
Маттеотидың өлтірілуі елде саяси дағдарысты тереңдетті.
Антифашистік қозғалыс кең етек алды. Парламенттегі
оппозициялық партиялар депутаттары шығып кетіп, бөлек
Авентиндік блок құрды. Ежелгі Римдегі плебей топтары
кезінде партицийлерге қарсы болып, Авентин жотасында
жиналып, содан өздерін авентиндер деп атаған еді.
Авентин блогы антифашистік қозғалыстың орталығына айналды.
Бірақ та Авентин блогын социалистік партияның оң
қанаты қолдамады.
Италия коммунистік партиясы да авентиндік блокты
толық қолдамады. Оппозицияда бірлік болмады. 1925 жылдан
бастап фашистер шабуылға шыға бастады. 1925-26 жылдар
аралығында фашистік диктатура ашық террорлық әдіспен,
буржуазиялық демократияға қарсы шықты. 1926 жылы қараша
айында төтенше заңдар қабылданды. Барлық оппозициядағы
партияларға тыйым салды. Антифашистік баспасөз жауып,
цензура орнатты. Муссолини мен Король өміріне қастандық
жасағандарға өлім жазасы қолданылатын болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
Испания Буржуазиялық - демократиялык, революция жылдарында
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
Фашизм және оның саяси идеологиясы
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
«ХХ ғасырдағы тоталитарлы саяси режимдер»
ИТАЛИЯ 1918-1945 жылдары
Пәндер