Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы

Елімізде неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және қолдау мақсатында 1998 жылы 17 желтоқсанда «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданды.

Қазіргі таңда неке-отбасы қатынастарын 2011 жылғы желтоқсан айының 26 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі реттейді. Ол 33 тараудан, 283 баптан тұрады.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес: отбасы дегеніміз - некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп, оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің арасында пайда болады. /1, 26 бет/.

Халықаралық құқықтағы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарын реттейтін нормалар қатарына «Адам құқықтары туралы» Жалпыға бірдей Декларация, «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы» Халықаралық пакт, «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы» 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск Конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған «Шет елден алимент өндіріп алу туралы» 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, «Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы» 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы «Азаматтық және саяси құқықтары туралы» пактінің факультативты протоколы, «Бала құқығы туралы» 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы «Балалар құқығы туралы» Конвенциясы, «Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала асырап алу туралы» 1993 жылғы 29 мамырдағы Халықаралық Конвенция жатады. Қазақстан Республикасы осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады. /2, 17 бет/.

Отбасы - қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықтық одақ.

Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде осы саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар, отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.

Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттілігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы сұрақтардың шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының жаңа кодексі құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігі туралы заңды анықтама бермейді. /1, 47 бет/. Отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі мағанада қолданылады. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің өзгеруі отбасылық қатынасқа да тікелей әсер етеді. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің шектелуі немесе жойылуы отбасылық құқықтық қабілеттіліктің шектелуіне немесе жойылуына әкеледі. /3, 29 бет/.

Осылайша, отбасылық құқықтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иелену тәсілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 13 бабының 2 бөліміне сәйкес азаматтық құқықтық қабілеттілік туған кезден бастап пайда болады. Отбасы құқықтық қатынасына қатысты құқықтық қабілеттілік туғанынан басталып, белгілі бір жасқа жеткенде кеңейе түседі. /3, 37 бет/.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік құрамына кіретін құқықтық мүмкіндіктер көп түрлі. Мысалы некеге отыру, бала асырап алу, қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалу қабілеттіліктері. Бұл қабілеттіліктердің барлығы белгілі бір жасқа жеткенге дейін құқық субъектісінің өзінің әрекетімен де, оның заңдық өкілімен де жүзеге асырылмайды.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мүліктік немесе өзіндік (мүліктік емес) болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да салаларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.

Сонымен бірге, жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О. С. Иофоде атап көрсеткендей, неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктерінің белгісі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді. /4, 87 бет/.

Сондай-ақ, олардың бір-біріне деген жеке сенім сипатында неке отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодекс нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.

Отбасы құқығын зертттеуші кеңес ғалымы Е. Н. Вороженкин: «өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқталуы тиіс немесе ол басқа жолымен реттелді», - деп жазды. /5, 64 бет/.

Демек, мемлекет те некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар коя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына камқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен -тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т. б. ), коғамның (жақсы отбасы - игіліктің негізі) қамы үшін қойылады. Сондықтан, отбасын құру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек. Некелік жас ерлер үшін - 18 жас, әйелдер үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін некелік жас бір жылға қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту үшін некеге тұруға ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті кызбен келісе отырып, оның ата-анасы немесе асырап алған басқа да туысы жазуына да болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте, некеге тұруға қабілеттілік адамның 18 жасынан басталады деп танылған (адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз ісіне өзі жауап береді) . Егер некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұқсат етілмесе, 18 жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. /6, 59 бет/. Мұның өзі, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тең құқығын, мүліктерді пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер мен мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет.

Қорыта келгенде, отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Көбіне, некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, әрекет қабілеттілігі, некені тоқтату салдары туралы сұрақтарды шешу қиын мәселе болып табылады.

Біздің заңнамада осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелер қолданылатынына ерекше назар аударған жөн.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сейкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. /7, 17 бет/. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасылық қатынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесінде де қатысты болып келеді. Біздің неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты қорғауға бағытталғандығын айту керек. Неке және отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген қөзқарасына байланысты кез-келген өзге жағдайлар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді. Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына әр адамның басшылығы тән болып табылады: көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алуда. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында неке шарты деген түсінік бар, онда некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адам мен әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды. /8, 314 бет/

Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады. Некеге тұру кезінде қалындыққа ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның бәрі неке және отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді: түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.

Осы жекеленген неке және отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде неке және отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие. Некелік құқық қабілеттілік, яғни некеде тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы - мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.

Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанмен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, ондай жағдайды халықаралық құқықта «ақсаңдаған неке» («хромающие браки») деп атайды.

Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады. Мысалы, Венгрияның «Халықаралық жеке құқық туралы» Заңының 30-тарауына сай, неке жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке заңдарымен анықталады». /9, 114 бет/. Егер де бұл тұлғалардың заңдары әртүрлі болып келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың жеке заңдарымен жарамды деп танылса, жарамды болып баға беріледі.

Венгрияда некенің нысана отыру жерінің құқығы қолданылады. Қытай Халық Республикасында Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заңы қолданылады. Ал некені тоқтату кезінде - некені тоқтату туралы мәселені шешетін орган - сот елінің құқығы қолданылады. (Қытай Азаматтық құқығының жалпы ережелерінің 147-бабы) . /10, 158 бет/.

Венгрия мен Румынияда некені тоқтату туралы сауалды шешу кезінде негізгі қағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың заңдары танылады.

Қазіргі заман жағдайында, халықаралық қатынас пен әріптестіктің дамуы кезінде қазақстандық азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі көптеп орын алып отыр. Мұндай некені бекіту, өз кезегінде балалар мен олардың ата-аналарының түрлі азаматтықта болу жағдайларын көбейтеді.

Қазақстан Республикасында қазақстандық азамат пен ше­тел азаматының некесі, сонымен қатар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың басқа шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді.

Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, соны­мен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» немесе «Іех loci celebrationis» деген коллизиялық кағида қолданылады. Неке біздің заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім не­кеге тұрушылардың өздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Бірқатар елдерде (Испания, Перу т. б. ) некеге тұрушылар сенімхат беріп, өкіл арқылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мұндай өкілдік етуге жол бермейді.

Шетелдіктердің де некеге тұруларының материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бо­йынша анықталады. Мәселен, қазақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жақты келісім, белгілі бір жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексінің 11-бабында «Егер тұлғалардың бірі басқа некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды. /1, 25 бет/.

Шетелдік азамат, егер оның өз заңы екі некеге рұқсат бергеннің өзінде бізде некесін тіркеуді талап ете алмайды. Кейбір мұсылмандық елдерде (Түркия, Ирак) екі некеге рұқсат етілмейді.

80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек керсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады.

Материалдық шарттар жағдайында құкықтық көмек керсе­ту шарттары қамтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құқықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп көрсетілген. /11, 752 бет/.

Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені тоқтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен. /3, 56 бет/.

Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының өзгеруіне алып келмейді.

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы пәні
Некені жарамсыз деп тану
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шартының теориялық маңызы
Ерлі-зайыптылардың теңдігі
Некені бұзу мәселелері
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы - неке қатынастары
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz