Кәсіпкерлік қызметтің негіздері


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Дәріс №1 Бизнесті ұйымдастыру түрлері, формалары және мазмұны

Мақсаты: Студенттерге бизнестің ұйымдастыру формаларын түсіндіру

Жоспар:

1. Бизнестің мәні және негізгі ерекшеліктері.

2. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың “өз ісіне” деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт - бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екішіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми - техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің кандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар:шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т. б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялар.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

● Қазақстанның азаматтары:

● Шетел мемлекетінің азаматтары;

● Адамдардың біруігі(кәсіпкерлер ұжымы) .

Кәсіпкерлердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:

кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу:

● барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресустарға қол жеткізудің теңдік құқығы:

● меншік түрлеріне және ұйымдастыру - құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;

● кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;

● кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;

● нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өңдірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарарт беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.

Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және мате-

риалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының айқындайтын тауар - ақша қатынастары тауар - айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне суйену қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату обьектісі айрықшылығы - тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік - бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерліктің технологиялық мәмілесі коммерциялық технологиялық мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар қаржы активі болып саналады.

Қорытынды

  • Бизнес - кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.
  • Бизнестің көптеген түрлерінің ішінен негізінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультативтік.
  • Өндірістік кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс істеуге және ақпарат беруге, рухани баилықты жасауға бағытталған қызмет.
  • Қызметтің коммерциялық түрінің мазмұны тауарақша қатынасы, сауда - айырбас операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы сол, мұнда өнімді шығаруға байланысты едәуір өдірістік ресурстарды қажет етпейді.
  • Қаржы кәсіпкерлігі коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Солай болғандықтан оның обеъктісі сатып алу, сату айрықшалығы тауарға шығады; ақшалар, валюта, құнды қағаздар(акция, облигация, вексель, ваучер), яғни тікелей және жанама нысаны түрінде бір ақшаны басқа ақшаларға сату шығады.
  • Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасалу қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерліктің мәні неден түрады?
  2. Кәсіпкерлік қызметтің нысаны мен ұйымдастырушылық әдісін айтыңыз.
  3. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз?
  4. Өндірістік кәсіпкерліктің негізгі мазмұны және қызметтің өрісін не атқарады?
  5. Коммерциялық кәсіпкерліктің атқаратын негізгі қызметі.
  6. Қаржылық кәсіпкерліктің қызмет саласы және оның басқа кәсіпкерліктен айырмашылығы.

Әдебиеттер:

1. Лихенц И. В. бизнес -план основа успеха, М:

Машиностроение ≥ 1993.

2. Дойл Д. Как создать предприятие . таллинн, 1991.

3. Жизнин С., Крупнов В. Как стать бизнесменом. Минск:

Предприниматель, 1990.

4. Самуэльсон П. Экономика -М: Прогресс, 1964.

5. Хойер В. Как делать бизнес в Европе. - М. :

Экономика, 1990.

6. Эванс дж., Берман Б. Маркетинг . - М. : экономика, 1990.

Дәріс №2 Нарықты маркетингтік зерттеулер

Мақсаты: Студенттерге маркетинг стратегиясын игеруге және нарық жағдайына талдау жасай алуларына көмектесіп үйрету

Жоспар:

  1. Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.
  2. Кәсіпорынның нарықтағы сыртқы және ішкі ортасы

Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты- өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.

Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:

  • жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызметкөрсету;
  • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
  • кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
  • ғылыми- техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріскек кеңінен енгізу;
  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси- психологиялық ахуалды жақсарту;
  • кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
  • баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.

Қорыта айтқанда, ең маңызды, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.

Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу үшін бірінші орында болмай отыр. көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары олар үшін- өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақыларын уақтылы төлеу деп есептейді.

Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада бастап өтеді, кәсіпорындар бірте- бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда, кәсіпорындарында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.

Кәсіпорынның маркетингтік ортасы дегеніміз маркетинг қызметінің өз клиентерімен сәтті байланыс жасауларына тиімді ықпал ететін және кәсіпорыннан тыс іс атқаратын субъектілер жиынтығы.

Маркетингтік орта:

  • үлкен;
  • ықшам ортадан тұрады.

Үлкен орта - ұйымның маркетингтік қызметіне шешуші ықпал ететін демография, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және мәдени факторлардың жиынтығы.

Демографиялық орта:

  • адамдардың жасы, жынысы, отбасы мүшелерінің саны;
  • табыс мөлшері, кәсіби мамандығы, білімін;
  • халықтың тығыздығы;
  • адамдардың өсу, туу, өлу көрсеткіштері.

Экономикалық орта:

  • тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі;
  • баға, жинақ, несиелер;
  • жұмыссыздық;
  • иенфляция және табыс көздері;
  • тұтыну шығынының көлемі;
  • жалпы ұлттық өнім;
  • жалпы ішкі өнім;
  • жан басына шаққандағы табыс пен шығын және басқа да мәселелер.

Табиғи орта:

  • айналадағы ортаны қорғау және оны тиімді пайдалану;
  • шикізат түрлерінің жетіспеушілігі (дефицит) ;
  • тұщы су;
  • энергия көздері;
  • айналадағы ортаның ластануы;
  • өнеркәсіп қалдықтары және басқа да мәселелер.

Ғылыми-техникалық орта:

  • ғылым мен техниканың жетістіктері және оларды жеделдету жолдары;
  • өндірісті автоматтандыру;
  • ғарыш кешендері;
  • медицина және фармакология;
  • тәжірибелер жасау;
  • жаңалықтар ашу және басқа да салалар.

Саяси орта:

  • кәсіпкерлік қызметті реттеу заңдылықтары;
  • заңдылықтардың сақталуын қадағалау;
  • қоғамдағы әр түрлі заңдар, ережелер, қаулылар, нұсқаулар мен жарлықтардың дұрыс қабылдануы мен олардың дер кезінде орындалуын және басқа да салаларды қадағалау.

Маркетингтік басқару Кәсіпорынның ішкі бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуін талап етеді.

Қаржы бөлімі қаржы жағдайын қарастырады. Ол маркетингтік жоспарды нақтылы іске асыру үшін қажетті қолма-қол ақшамен, оларды қолдану жұмыстарымен айналысады.

Ал ғылыми зерттеу бөлімі зиянсыз тауарларды жобалау жұмыстарымен, техникалық зәруліктері анықтау мен және оларды өндірудің тиімді әдістерін іздестіріп, табумен шұғылданады.

Өндіріс бөлімінің негізгі бағыты қажетті мөлшерде тауарларды өндіруді қамтамасыз ету.

Материал және техикамен қамту бөлімі қажетті ішкі заттар мен бөлшектердің жеткізіп тұруына тиісті жағдай жасауға міндетті.

Бухгалтерлік есеп бөлімі кәсіпорынның кіріс мен шығысын бақылайды және маркетинг қызметкерлерін көзделген мақсатқа жетудің қаншалықты сәтті жүріп жатқандағы жөнінде хабардар етіп отырады.

Жабдықтанушы - бұл кейбір нақты тауарлар өндірісінде және көрсетілетін қызметтерді қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын іскер кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.

Маркетингтік белдалдар - бұл кәсіпорынға тауарлардың клиенттер арасындағы қозғалысын реттеуіне, тауарды өткізіп таратуына көмектесетін кәсіпорындар.

Бұларға:

  • тауар өндіруді ұйымдастыратын кәсіпорындар;
  • маркетинг қызметімен айналысатын агенттіктер мен қаржы мекемелері жатады.

Сауда делдалдары - клиентерді іздеумен оларға тауарды тиімді сатумен айналысатын іскер кәсіпорындар. Тауар қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіпорындар компонияға өз өнімдерінің қорын құруға да көмектеседі.

Маркетингтік қызме көрсететін агенттіктер: маркетиенгтік ғылыми зерттеулер кәсіпорындары, жарнама агенттігі, жарнама құралдарын іздестіруді немесе жасап шығаруды ұйымдастыру, маркетингтік қызмет туралы тиісті кеңестер беретін кәсіпорындар. Олар компанияның көздеген мақсаттарына жетулеріне ең қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді.

Дәріс №3 Бизнесті жоспарлау негіздері

Мақсаты: Студенттерге кәсiпкерлiктi жоспарлау түсiнiп игеруге көмектесу және әр нарықта кәсiпкерлiк iс-әрекеттi дамытудың негiздерiн оқу.

Жоспар:

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі: мәні және оны жүзеге асыру сатылары.

2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.

Нарық жағдайында жоспарлау жүйесі өзара байланысты екі бағытты қамтиды.

Бірінші - республикалық және аймақтық дәрежедегі мемлекеттік индикативтік жоспарлау. Оған тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге жөн сілтеуге бағытталған ғылыми болжаулар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы құжаттар жатады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарын, оларға сәйкес келетің параметрлер (индикаторлар) жүйесің және оған жетудің жолдарың көрсетеді.

Екінші бағыты - шаруашылық (фирмалық) жоспарлау. Жоспардың бұл түрі әрбір қожалық етуші субъектінің және оның өнімдері мен қызметін пайдаланушылардың мүдделерін қарастырады. Бұл жоспарлар мемлекеттік бағдарламалар мен жобалауды ескере отырып жасалады.

Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агентігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.

Жоспарлау процесі менеджменттің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорынды басқару үшін әрбір жүзеге асырылатын операцияның алдын - алу қажет, яғни мұнда іске асатын шараларды жоспарлау қажет.

Жаңа кәсіпорында басқару

Кәсіпкер өз ісінің бастапқы кезінде көптеген проблемалармен қақтығысып отырады. Солардың еңі біріншісі - шаруашылық кеңістікте өз орнын табу. Кәсіпкер ең алдымен нарықтың, ұсыныстың жағдайы мен оны қызықтыратын салада, облыстағы белгілі тауарларға сұранысты меңгеруі керек. Сонымен қатар ол жердегі қиындықтар мен кездесетін кедергілерді естен шығармау қажет (жергілікті заңдар, салық т. б. ) . Осылайша құралдарды инвестициялау шарттарын анықтапалуға болады.

Бұл шамалардың барлығы ашық түред, жергілікті және республикалық басылымдарда, ресми басылымдарда нормативті актілерде, заңдарда көрсетіледі. Сонымен бірге жеке адамдардың да пікірлерін, мәліметтерін жинақтау артықтық етпейді. Бұның барлығын кәсіпорынның пайдасына жатқызуға болады.

Осылайша «өз тетігін» анықтап алған кәсіпкер өз кәсіпорынның мамандануын белгілеп алады. Ол үшін болашақ тұтынушыларды бағалау, бәсекелестер туралы барлық мүмкін мәліметтерді біліп алу, техника мен технология туралы мәселелерді шешуі керек.

Кәсіпкерлік істің формасын таңдаудың мәні зор. Ең алдымен кәсіпкерліктің коллективті немесе жеке түрін таңдау керек. Жеке кәсіпкерлікті таңдай отырып, кәсіпкер өзі қауіп - қатерге бас тігіп, өз күшіне ғана сеніп, жұмыс істейді. Сәтсіз жағдайда, меншік иесі кәсіпорын міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады және өз құралдарымен, өз мүлкімен жауап береді.

Кәсіпкерлік істің ұжымдық түрін таңдай отырып, кәсіпкер жауапкершілікті серіктерімен бөліседі. Бұл түрде, қауіп - қатерді төмендетіге, қосымша ресурстарды тартуға мүмкіндік бар.

Келесі саты - өндірістік базаны қалыптастыру болып табылады. Кәсіпкер өзіне қажетті өндірістік және қойма жайын, қондырғыларды, жабдықтарды, станоктарды, құрал - саймандарды сатып немесе жалға алуы керек; шикізат пен материалды, жартылай фабрикаттарды, қосалқы бұйымдарды сатып алуы керек. Бұл жерде жалданатын жұмысшы күштерін ескерген жөн. Сол мақсатпен кәсіпорындар қондырғыларды жасаушылармен, шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етушілермен, делдалдық фирмалармен қарым - қатынаста болады. Жұмыскерлерге деген мұқтаждықты жеке таңдау жолымен, еңбек биржасында хабарландыру арқылы т. б. жолдармен қамтамасыз етуге болады. Келесі маңызды сатыда, қаржы құралдарын тарту жүзеге асырылады. Әдетте істі бастауға, дамытуға керекті құралдаркәсіпкерлікке жеткіліксіз болады. Ақша құралдарының жетіспеушілігін акция сату арқылы, меншіктегі қарыз міндеттемелерді шығару арқылы (облигация) және коммерциялық банктерден несие алу қанағаттандыруға болады. Бұл жерде кәсіпорын оның акциясын немесе қарыз міндеттемелерін сатып алатын жеке және заңды тұлғалармен, сондай - ақ коммерциялық банктер өзара қатынаста болуы мүмкін. Банк несиелері қысқа, орта және ұзақ уақытты болып бөлінеді.

Акция сияқты бағалы қағаздарды шығара немесе сатып ала отырып, кәсіпорындар қор нарығымен - бағалы қағаздар нарығымен байланыста болады. Бұл жерде өзара қатынаста болатын ұйымдардың саны өте көп. Ең алдымен бұның қатарына қор биржасын, қаржы мекемелерін, несие мекемелерін, жеке инвесторларды жатқызуға болады.

Кәсіпорынды басқару «организмін» өмірге бейімді ету

Жаңадан құрылған кәсіпорынның негізгі проблемасы - жұмыскерлердің алдындағы қойылған мақсатты, оған жету жолын түсіндіретін ортаны - өмірге бейімді қалыптасқан «организмді» жасау болып табылады. Егер құрылған кәсіпорын өндірісі қалыптасқан және басқарылатын болмаса, кәсіпкерлік идеяның жақсысына, тамаша жарқындығына тартылған капиталға қарамастан сәтсіздікке ұшырайды. Жаңа кәсіпорындағы кәсіпкерлік басқаруда келесілерді ескру керек:

  • Нарықтағы назар - ықыласты жоғарылату;
  • Жоспарлау мен нақты ақшаны реттеуге - қаржылық болжау жасау;
  • Жаңа кәсіпорынның мұқтаждығы пайда болмас бұрын жоғары басқарушылар тізбегін жасау;
  • өз күші мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жерлдерін анықтай алуы.

Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрлері кездеседі.

  1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік әрекетіне байланысты жоспарлар мынадай түрлерге бөлінеді:
  • стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеті көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді;
  • тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
  • қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте қысқа мерзімде (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады;
  1. Жоспарлау қамту көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
  • қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кешен немесе халық шаруашылығы бойынша) ;
  • тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік жоспарлау;
  • кәсіпорын (фирма) дәрежесіндегі жоспарлау.
  1. Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты:
  • қықа мерзімді (оперативті) жоспарлау (жыл, жарты жыл, тоқсан, маусым, ай, апта) ;
  • орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2 жылдан 5 жылға дейін) ;
  • ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан аса) ;
  1. Жоспарлау сипатына қарай;
  • жан-жақты;
  • нұсқалы;
  • шектелген;
  • егжей-тегжейлі;
  1. Қызмет салаларына қарай;
  • өндірісті жоспарлау;
  • кадрларды (персоналды) жоспарлау;
  • қаржыны жоспарлау;
  • ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
  • дайындау мен өткізуді жоспарлау, т, б. ;
  1. Мәліметтер мен жағдайлардың өзгеруіне есепке алуға байланысты:
  • қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгертпеу) ;
  • икемді (жағдайлардың өзгеруіне есепке ала отырып, кезеңдік өзгерістер еңгізу) ;
  1. Уақыт кезеңіне қарай;
  • тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткеннен кейін ұзартылады) ;
  • жылжымалы жоспарлау;
  • кезектен тыс жоспарлау;
  1. Тәсіліне қарай:
  • «төменнен жоғары» жоспарлау (прогресті әдіс) ;
  • «жоғарыдан төмен» жоспарлау (ретроградты әдіс) ;
  • Айналма әдісі (қарама-қарсы жоспарлау) .

Бақылау сұрақтары:

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі: мәні және оны жүзеге асыру сатылары.
  1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
  2. Кәсіпкерлікті жоспарлау.

Әдебиеттер:

  1. Лапуста М. Г., Поршнев А. Г., Старостин Ю. Л., Скамай Л. Г., Предпринимательство. Учебник. М:Инфра-М, 2004. -С 534 (28-40 бет)
  2. Глущенко Е. В. Основы предпринимательства: Учебное пособие. -М. : Вестник, 1996 (35-100 бет)
  3. ҚР шағын және орта бизнестi дамыту туралы заңы.

Дәріс №4 Бизнесті қаржымен қамтамасыз ету

Мақсаты: Студенттерге кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру әдістерін оқыту және қаржыландырудың көздерін игеру

Жоспар:

  1. Кәсіпорынның қаржылық ортасы.
  2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.

Кәсіпорын және коммерциялық ұйымдар қаржыны жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі болып табылады. Сонымен қатар қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т. б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржы нарығының қатысушыларымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның жұмысын қаржыландыру және оның көздері. Қандай да болмасын кәсіпорынның бастапқы капиталы құрылтайшылардың қаражаттары есебінен құрылады. Ал салымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын объектілер, өндірісітік қорлар, бағалы қағаздар, мүліктік құқық, сонымен бірге белгілі бір сома ақша болуы қажет. Бастапқы капиталдың жасақталу әдісі коммерциялық ұйымның ұйымдастырулық - құқықтық нысанына байланысты.

Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру - жай және ұлғайтылған ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз етудің шарттарымен принциптерінің, нысандармен әдістерінің жиынтығы.

Қаржыландыру - бұл ақша қаражаттарының құрылу процесі немесе капиталдың барлық түріндегі құрылу процесі. «Қаржыландыру» термині «Инвестициялау» терминімен тығыз байланысты. Егер қаржыландыру - бұл ақша қаражаттарының құрылуы болып саналса, онда инвестициялау оларды пайдалану болып табылады. Екі бірдей түсінік секілді, бірақ біріншісі екіншісінің алдыңда болады, себебі, қаржыландыру көздерісіз қандай да бір инвестицияларды жоспарлау мүмкін емес.

Кәсіпорынның қаржыландыру көздерін келесі екі түрге бөлуге болады: 1) ішкі (меншіктік капитал) және сыртқы (қарыздық және тартылған капитал) .

Ішкі қаржыландыру таза пайдамен амортизациялық есептеулерден құрылады. Өзіндік қаражаттың негізінде қаржыландырудың бір қатар артықшылықтары бар:

1) кәсіпорынның пайдасы арқылы қаржыландырудың негізінде оның қаржылық тұрақтылығы артады;

2) меншіктік капиталдың қалыптасуы және пайдалануы тұрақты болады;

3) сыртқы қаржыландыру бойынша шығындар азаяды;

4) кәсіпорынды дамыту бойынша басқарулық шешімдерді қабылдау процесі жеңілдетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Кәсіпкерлік қызметтің қаржылық қызметімен байланысты табыстар
«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктері
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру туралы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz