Заңгерлердің кәсіптік этикасының ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АКАДЕМИК Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТ
РЕФЕРАТ
Пәні: «Заңгердің кәсіби этикасы»
Тақырыбы: Заңгерлердің кәсіптік этикасының ерекшеліктері
Орындаған: Амангельдиев Д. М.
Ю-12 тобы
Тексерген: Аға оқытушы
Мырзалиева Ж. Т.
ҚАРАҒАНДЫ 2017
Жоспары
Кіріспе
1. Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы
Негізгі бөлім
2. Қазіргі таңдағы этика ерекшеліктері
3. Заңгердің кәсіби іс-әрекеті жайлы
Қорытынды
Кіріспе
Құқық қоғау органдарының қызметі әр кезде қоғамның ерекше назарында болады, ол қандай жағдайда болса да бәрінің қызуғышылығын тудырады, себебі оның нәтижесі азаматтар, қоғам мен мемлекеттің қауіпсізідігін қамтамасыз етуіне әсерін тигізеді. Құқық қорғау органдарының қызметі ерекше мақсаттармен туындаған көптеген ізгілік мәселелерімен қатар журеді осында құқық қорғау органдарының алдына қойған мақсаты құқықбұзушылықпен күрес жүргізу амалдары ерекше орын алады. Бір жағынан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілген құзырет азаматтардың құқықтарын құқықтық қорғаумен қатар, адамгершілік тұрғысынан қарауды міндеттесе, екінші жағынан қызметтік міндетті жүзеге асыруды негіздейді. Қай тұрғыдан қарасақ та, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ізгілікті, яғни кәсіби этиканы талап етеді.
Ізгілік қатынастарымызды жетілдіру міндеттерін - моральдық тәрбиелеудің тәжірибеде бар жетістіктерін теориялық тұрғыдан жалпыламай, өмірдің жаңа құбылыстарының барлығын ғылыми тұрғыдан зерттемей шешу мүмкін емес. Оларды тұтастай алғанда этиканың дамуына сүйенбей шешу де мүмкін емес. Сондықтан, этикалық зерттеулерді кеңейту және тереңдетудің, этикалық теорияны дамытудың қазіргі жағдайларда маңызы ерекше.
Адамдардың жүріс-тұрысын реттеуде ізгіліктің, ізгілік қағидалары мен нормалары рөлінің өсуі дамушы дәрежеде өтіп отыр: адамдардың ізгілік санасының деңгейі көтеріліп, өмірдің барлық мемлекеттік, қоғамдық және жеке салаларында ізгілік бастаулар нығайып жатыр.
Қазіргі жағдайларда философиялық ғылым - этиканың, яғни ізгілік туралы ғылымның маңыздылығы өсіп отыр, атап айтқанда сот әділдігінің, сот өндірісінің, әсіресе қылмыстық сот өндірісінің ізгілік негіздерін зерттеу қажеттілігі пісіп жетілді.
Қылмыстық іс бойынша қылмыстық шешіміне адамның ары, бостандығы, кейде тіпті, өмірі де тәуелді болады, сондықтан да сот және онымен байланысты органдардың қызметінің ізгілік-этикалық жағы үлкен мәнге ие. Осыған заңге этикасы мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыру қажеттілігі шығып отыр.
Заңгер этикасы ғылым ретінде, өзінің аздаған тарихына қарамастан, әлі де алғашқы қадамдарын жасауда. Судья, прокурор, адвокат, тергеуші парызының мазмұны, оны орындау ынтасы, кәсіптің ізгілік идеясы осы күнге дейін ашылмаған күйінде қалып отыр.
Заңгер - көп деңгейлі экономика мен басқару жүйесінің барлық салаларында қажеттілігі өте зор маман. Қазіргі таңда бизнес және өндіріс заманында заңгерлер биік мансаптарға ие болуда. Олардың қатысынсыз бірде-бір сот ісі қаралып, сот шешімі шығарылмасы анық. Кез келген мекемеге сауатты, білімді, алуан түрлі заңдарда майталман, әрі құқығын орынды қолдана білетін маман қажет. Антидағдарыстық басқару жүйесінде де заңгарлердің маңызы арта түсуде. Заманауи заңгер экономика мәселелерінде де білгір болып табылады. Мұндай маман қақтығыстар ортасында жүріп, мойнына үлкен жауапкершілік артып, өмір сүреді. Себебі, процессті жеңіп қана қоймай, оны болдырмауға да барын салуы тиіс.
Заңгер мамандығы - іскери қауымдастықта әрқашан да, кез-келген жағдайда да үлкен қажеттілікке ие болып отырған мамандықтардың бірі. Бұл саладағы мамандар әр ұйымға, фирмаға, кәсіпорынға, коммерциялық және қоғамдық құрылымға қажет.
Олар - сот, прокурор, адвокат, тергеуші, нотариус, кеңесші-заңгер.
Заңгер (Juristтiң немiсi, Jurist ағылшынша) (jus латынша - құқық) - құқықтануға, заң ғылымдары бойынша маман; [1, 54б. ] құқықтың төңiрегiдегiн жаттығу қайраткерi.
Заңгер мамандығы - бұл әрқашан жеңіске жеткізе бермейтін құқық үшін күрес. Бірақ, кәсіби қызметтің негізгі бағытынан көптеген мамандар жоғары моральдық қанағат алады.
Заңгерлер жоғары құқықтық білімді талап ететін мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істейді. Құқықтық тәртіпті қалыптастыру, күтілмеген құқықтық қиындықтарды шешу, мемлекеттік және әкімшілік сипаттағы құқықтық мәселелерді реттеу, даулы және заңсыз құқықтық мүдделерді қорғау және мұқтаж болып отырғадарға білікті кеңеспен қарапайым ғана көмек көрсету - заңгердің мақсаты міне, осындай.
Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету, тәрбиелеу және ізгілендіру жұмысын жүргізуі тиіс.
Сол себепті заңгердің кәсіптік этикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік дайындығының міндетті бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ, жоғары білікті, теориялық білім мен тәжірибелік қызмет негізінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік этикасына сәйкес келетені кәсіптік қызметті іске асыра алатын қабілеті бар маманды даярлау қажет. Өйткені, кәсіптік этиканың негіздерін, оның ізгілікті мәнін және мамандық проблемаларын білу құқық қорғау органдарының әр қызметкеріне міндетті.
Жалғыз мәнді де сәнді тыныш өмір сүруі екіталай, тіпті мүмкін емес. Сондықтан да әркім өзімен-өзі (өз ар-ожданымен, намысымен, жан-дүниесімен, бүкіл болмысымен) әрдайым жарасымды болуы керек.
Этика - бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас және оның нәтижесінде туындаған міндеттемелер туралы ғылым. Этика көне заманда пайда болған ғылымдардың бірі, ол құлиеленушілік дәуірде философияның бір бөлігі ретінде пайда болған. Грек философы Аристотельдің ойынша «этика- нені істеу керектігін, неден тартыну қажеттігін түсінуге көмектеседі»
Қазіргі таңдағы этикаға деген қызығушылық ұжымның психологиялық көзқарастарының бизнестегі, кәсіпкерліктегі жетістіктеріне әсер ету проблемаларына байланысты артып келеді. Этика ғылымы мамандарының бірі С. Ф. Анисимов Канттың көзқарасына сүйене отырып «этика - бұл дұрыс жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы» [6, 56б. ] . Қазіргі уақытта ұжымдағы психологиялық көзқарастарды басқару жөніндегі, қызметтік басқарушылық этика жөніндегі және адамдардың жүріс-тұрыс этикасы жөніндегі мәселелерді көбінесе менеджерлер қарастырады.
Заңгер этикасы - әрбір азаматтың, әрбір заңгердің құқыққа деген көзқарасын, мінез құлқын қарастыратын ғылым. Этика негізінен заңгердің өздерінің қызметіне деген жауапкершілігін әділдік жолында барынша қызмет етуге дайындығын, ар-ожданын, мәдени дамуын қалыптастырады. Әрбір заңгер өз қызметіне байланысты қоғамдық жоғарғы құқықтық білім, мәдениет, құқықтық сана, адамгершілік сезім. Сондай-ақ Отанға деген шынайы сүйіспеншілік болуы қажет.
Әдептілікті сақтау және тактілік таныту қарым-қатынастың міндетті элементі және адамның рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Әдеп сақтау дегеніміз - қоғам талабына сай келу, ал талап қою оны орындау үлкенді-кішілі бүкіл қазақ жұртының қастерлі міндеті [4, 7б. ] .
Әдептіліктің мәні - әркім оны өзінің санасында қалыптастыруы тиіс, әдеп пен инабаттылықтың қаншалықты керек екендігін, оның адам өмірімен біте қайнасып жататынын жете түсіну болып табылады, тек қана түсініп қоймай оны іс жүзіне асыру қажетілігі де туындайды.
Кәсіби этика - бұл кәсіби қызметке арналған немесе оған қатысты өзара қарым-қатынастың адами сипатын қамтамасыз ететін, белгілі бір әлеуметтік топтың мінез-құлық қағидасының жиынтығы, сондай-ақ ғылым саласы, әр түрлі қызметте көрінетін мораль ерекшеліктерінің жиынтықтары. Заңгерлер этикасы - ғылыми тәртіп, оның пәнін сот төрелігінде және құқық қорғау қызметінде мораль құрайды.
Заңгер дегеніміз - заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды) жүзеге асыратын маман. Жоғары оқу орындарында заңгерлік даярлық қазіргі заман талабына сәйкес жүргізіліп, оқыту процесінің негізгі мазмұнын құрайды және оның маңызды мәселелеріне жауап береді.
Қазіргі қоғамның заңгер маманға деген талабына, дәрежесіне сәйкес келуі - дайындығы кәсіби стандартқа жауап беретін құқықтық және заң жұмысының негізін білуі, заңгердің қызметі - құқықтық ақпаратпен жұмыс жасай отыра, оның ішкі мәнін түсіну. Ол дегеніміз - материалдың мазмұнын, құқықты тарату мүмкіндігін бекіту, оның басқару потенциалын көтеру және т. б. Аталған жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп қоймай, құжат мәтіндерін талдай алуы, қайта шыққан заңнамалық құжат актілерін салыстыру, берілген нұсқаның ішінен дұрысын іріктеу жұмыстарын тиімді атқара алады.
Жалпы заңгер кәсібіне қойылатын талаптар: нақты және теориялық білімді, қазіргі құқықтық және экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу; заңдарды білу; өзінің білімін кәсіби қызметтегі практикада пайдалана білу; мамандығы бойынша практикалық дағдыларды игеру немесе жұмысында қолдана алу қабілетінің барлығы. Заңгерлердің кәсіби мәдениеттілігі дегеніміз - басқару әдістерін білу, адамдарға әсер ету; ел арасында тәрбиелік және құқық жұмыстарын жүргізу немесе насихаттау; еңбекті ұйымдастырудың ғылыми әдісін меңгеру, үнемі біліктілігін жетілдіру; нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білу қасиеті.
Болашақ заңгерлердің кәсіби қызметінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін талдау барысында олардың даярлығын жетілдіру жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру өз кезегінде заңгерлердің кәсіби мамандығынан туындайтын ұйымдастырушылық, зерттеушілік және әлеуметтік-коммуникативтік компоненттерін құрайды. Осының барлығы нақты өлшемдер мен көрсеткіштердің көмегімен шешімін табады.
Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір "қызметтік" функцияларын атқаратынын да атап өткен жөн. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары - моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т. б. дамуының, қозғалысының нысаны.
Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүрістұрысымен, олардың жақысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бірбіріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді.
Алайда, мұндай жағдайларда олар әрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілі мол адам және т. б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүрістұрыстары мен қарымқатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т. б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Жоғарыда айтылғандай, этика категориялары мазмұны бойынша объективті, ал нысаны бойынша субъективті сипатқа ие. Мазмұнының объективтілігі, онда шынайы өмірде бар және адам санасынан тәуелсіз элементтер бар екендігін білдіреді. Бірақ, бұл мазмұн адамдармен түрліше бағалануы мүмкін. Мұндай бағалау бірқатар факторларға байланысты қалыптасады, олардың ішінен мыналарды атауға болады: тұлғаның интеллектуалдық дамуы, оның адамгершілік мәдениеті, өмір сүру салты. Міне, осындай факторлардың әсерінен белгілі бір өмірлік оқиғаны екі тұлға түрліше бағалауы мүмкін.
Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Кейбір ғалымдар оларды құрылымдық және субстанционалдық (мәндік) деп екіге бөледі. Басқа бір ғалымдар мұндай бөлудің негізі ретінде басқа қағиданы ұсынады: белгілі бір категорияны функционалды ретінде қарастырып отырып, топтауды осы категорияның негізінде жүзеге асырады. Мысалы, Эпикур этиканың барлық категорияларын бақыт категориясына бағындырған. Аристотель ең маңызды деп игілік категориясын санаса, Кант борыш категориясына ерекше мән берген. Алайда, қазіргі кезде де осы мәселеге қатысты нақты бір көзқарас жоқ. Отандық этикада барлық категориялардың жиынтығын көп жағдайда моральдың құрылымының негізінде бөледі. Бұл құрылымның негізгі элементтері ретінде кейбір ғалымдар моральдық тәжірибені, моральдық сананы және адамгершілік өзіндік сананы таниды. Алайда, кеңірек таралғаны болып, басқа бір ғалымдардың моральдың құрамында моральдық сана, адамгершілік қарымқатынастар және адамгершілік қызмет бар екендігін мақұлдайтын бағыты саналады
Қорытынды
Жоғарыда аталаған екі бағыттың арасында ерекше атап өтетіндей айырмашылықтар жоқ, себебі, екінші бағыттағы моральдық сананың құрамына бірінші бағытта аталған адамгершілік өзіндіксана кіріп кетеді, ал адамгершілік қарымқатынастар мен адамгершілік қызмет адамгершілік тәжірибені құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz