Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалдық препараттар


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\SuperBook\Desktop\photo (1).jpg ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар

Тексерген: Бейсембаева Г. Ш.

Тұрарбек Т. М.

Орындаған: Мырзагалиева А. Е.

Тобы: БТ-507

Семей 2017 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімАуыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар егіншілікте қолдану
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланған әдебиеттер
  1. Кіріспе

Биологиялық препараттар, биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.

Инсектицидтер (латын сөзінен insectum - жәндік және caedo өлтіру), зиянкес жәндіктермен химиялық күресу. Инсектицидтердің жәндік организміне енуіне байланысты 4 топқа бөлінеді:

- ішек инсектицидтері, қорек арқылы бунақденелілердің организміне енетін, көбінесе неорганикалық қосылыстар (кальций, магний, барий арсенаты),

- кремнийдің және металдардың фторидтері, тиодифениламиндер жүн шаруашылығында күйе көбелектен қорғау үшін қолданылады.

- жанаспа әсерлі инсектицидтер, жәндіктердің организміне тері қабаты арқылы енетін фосфордың, хлордың, азоттың және күкірттің органикалық қосылыстары, пиретриндер және пиретроидтар жатады. Жанаспа әсерлі инсектицидтер өсімдіктің тамыры және жапырақтары арқылы бойына сіңіп, сол арқылы таралып, өсімдікті жәндіктерге улы (метилмеркаптофос, фосфамид) етеді.

- жүйелік инсектицидтер (фосфорорганикалық) жануарлардың эктопаразиттерімен күресуде дератизациялау үшін пайдаланады. Адам денесіндегі биттермен күресуде бутадионды қолданады. Инсектицид препаратын адам бір рет қабылдағанда оның инсектицидтік қасиеті 2 аптаға дейін сақталады. Фумигантты және тыныс жолдары арқылы енетін инсектицидтер бу немесе газ күйінде зиянкестің бойына трахея жүйесі арқылы енеді. Ондай препараттарға гексахлорбутадиен және дихлорфос жатады. Бұл топқа ерекше ұсақталған, жәндіктердің тыныс жолдарының функциясын бұзатын силикаттар және минералды майлар жатады.

Бактериалық препараттардың ерекшелігі - олар ішекке әсер етеді. Олар жәндіктер белсенді қоректенгенде әсер етеді.

Инсектицидтерді жас құрттарға қарсы қолдану керек, себебі препараттарға тұрақтылығы ұлғая береді. Бактериалық препараттар өсімдікке улы емес, оларды иесі болмайды. Оларды әр өсу кезеңінде қолдануға болады. Олар табиғи жағдайда тез ыдырайды, топырақта тез инактивацияланады. Күн радиациясы және жапырақтың фитонцидтері препараттың белсенділігін төмендетеді. Бактериялық препараттар баяу әсер етеді, зиянкестерді тез жоймайды. Олардың әсері 1-ші күннен басталады, ал максималды әсері 10 күннен кейін байқалады.

Бактериалды препараттардың негізгі артықшылықтары:

  • Өсімдікке зиян емес, өсімдіктерде, жемістерде, грунтта жинақталмайды;
  • Экологиялық таза, денсаулыққа қауіпсіз өнім алуыны кепіл болады;
  • Өсімдіктің әр кезеңінде қолдануға болады;
  • Таңдап әсер етеді. Зиянкестер бейімделмейді, сондықтан дозасы өзгермейді;
  • Адамға, құстарға, жануарларға қауіпсіз;
  • Интеграцияланған өсімдіктерді қорғау жүйеде химиялық пестицидтермен және биопрепараттармен бірге қолдануға болады;
  • Өсімдіктердің дәміне, түсіне әсер етпейді.
  1. Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар

Әлемдік тәжірибе бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 1/3 бөлігін зиянды организмдер көп шығынға ұшыратады. Әсіресе, зиянкестер мен кенелердің әсерінен өнімнің 13, 8% ысырап етіледі. Осы аталған зиянкестер өсімдіктердің жапырағы мен жемістерінің сарғаюына, солуына, өлуіне әкеледі. Зиянкестер мен кенелердің 70 мыңнан астамы ауылшаруашылық өнімдерін вегетация кезінен бастап, өнімді сақтауға дейінгі уақытта экономикалық шығынға ұшыратады. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін зиянды организмдерден қорғау үшін, ішекпен әсер ететін препараттар жапырақ жемірқұрттарға, ал жүйелі инсектицидтер кенелерге қарсы қолданылады.

Агротехникалық шаралардың барлығын толық жүзеге асырғанда ғана бактериялы тыңайтқыштар жақсы өнім береді.

Бактериялы тыңайтқыштарды минералды тыңайтқыштармен қосып қолдануда жақсы нәтиже береді. Мәоелен, нитрагин, фосфор және калий тыңайтқыштарымен бірге қолданылса нәтижесі жақсы болады.

Силикат бактерияларынан даярланған препарат. Калий өсімдіктер тіршілігіне қажетті қоректік заттардың бірі. Ол жетіспегенде қант пен белок заттарының жиналуы тежеледі, яғни фотосинтездің дұрыс жүруіне әсер етеді. Бұл өнімділіктің кемуіне әкеліп соқтырады. Калий тамыр системасының дамуын жақсартады, әсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін және түрлі ауруларға шыдамдылығын арттырады. Жалпы топырақта калий мол болғанымен, оның көпшілігі іқосылыс күйінде, яғни есімдіктерге сіңімсіз түрде болады.

Калийдің өсімдікке тиімділігін арттыру мақсатында В. Г. Алек-сандров силикат бактерияларын қолдануды ұсынды. Ол бактерия-лар калийдің қосылыстарынан босанып топырақ ерітіндісіне араласуына көмектеседі.

Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институтындағы жүргізілген зерттеулер бұл бактериялардың атмосфера азотын сіңіре алатындығын және тапырақтағы нитраттарды жинайтын нитрификатор бактериялардың тіршілігін жақсартатынын дәлелде-ді. Кейде осы бактериялардың әсерінен фосфордың оңай сіңетін қосылысының мөлшері 15-20%-ке артатыны байқалған.

Силикат бактерияларын қолданғанда бидай, арпа, күріш, күнбағыс тағы басқа даіқылдардың түрлі ауруларға төзімділігі артады.

Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институтында осы бактериялардан құрғақ препарат даярланды. Басқа тыңайтқыштағы бактериялар сияқты силикат бактериялары да ылғалды сүйеді. Олар үшін топырақтың ауа режимі де, реакциясы да қолайлы болғаны жөн. Қышқыл топырақта олар өсіп, дами алмайды.

Еліміздің біркатар шаруашылыіқтарында жүргізілген тәжірибе-лер силикат бактерияларыи қолдану шамамен алғанда енімділікті 11, 9%-ке дейін арттыратынын дәлелдеді.

  1. Бактериалды препараттар егіншілікте қолдану

Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті агротехникалық шаралардың бірі - бактериялы тыңайтқыштарды қолдану.

Бүл тамыр айналасындағы топыракты микроорганизмдердің пайдалы топтарымен байытып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар өнімділігін арттырады.

  • Біріншіден - бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер өсімдіктерге аса қажетті физиологиялық активті заттар да (ауксиндер, витаминдер, түрлі органикалық қышқылдар т. б. ) түзеді.
  • Екіншіден - микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты әрқашан байыту нәтижесінде, олар-дың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады. Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі. Мәселен, бұған фосфоробактериннің нитрификация процесін жақсартатыны жатады.
  • Үшіншіден- бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір микробтарды жояды (мәселен, фосфоробактеринді колданғанда күибағыстың склеротиния ауруы азаяды, бәсеңдейді) .
  • Төртіншіден-бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы микроорганизмдерге байытады.

Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде, микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке бөлініп алынып ұқыіпты зерттелді. Нәтижесінде, олардан практикаға қажетті бактериялы тыңайтқыштар даярланды. Мүндай тыңайтқыштарға нитрагин, азотобактерин, фосфоробактерин, торфты - ізбесті қоспада өсіріл-ген бактериялардан даярланған «АМБ» тыңайтқыштары және силикат бактерияларынан әзірленгеи препараттар жатады.

Нитрагин. Топырақты азот қосылыстарымен байытуда бүршақ түқымдас өсіімдіктердің зор маңызы бар. Ғылым олардың тамырында бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактерияларының барлығын анықтады. Оларды 1888 жылы бірінші рет Бейеринк жеке бөліп альш зерттеді. Оны бактериум радицикола деп атады. Міне осы бактериялар бүршақ түқымдастарды азотпен камтамасыз етуде елеулі роль атқарады. Осы бактериялардан нитрагин деп аталатын препарат даярланды. Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гекта-рына 2-3 -ге дейін, ал шөп 50-60-ге дейін артатыны анықтал-ды. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастардың түріне байланысты күзде егістің әрбір гектарында шамамен 20-дан - 2000 /сг-ға дейін азот жиналады. Бұл осы дақылдардан кейін еғілген өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Практикада жаңа жерлерге егілген бұршақ тұіқымдас өсімдіктер бірден өніп-өсіп, өнім бере алмайтыны байқалады. Бұл жерде оларға қажетті түйнек бактерияларының болмауынан деп түсіндіріледі. Сондықтан бүршак түқымдастар жаңадан егілетін аудандарда нитрагинді қолдану кажетті агротехникалық шаралардың бірінен саналады. Бұл қосымша өнімді 50%-ке дейін арттырады. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастар көп жылдан бері өсіріліп келе жатқан аудаидарда да, тұқымға әлсін-әлінитрагинді жүқтыру, қосымша өнімді 15-тен 20%-ке дейін арттырады.

Нитрагиннің пайдалы әсері топырақ түріне байланысты. Әдетте қышқыл топырақтар нитрагиннің пайдалы әсерін мүлде төмендетіп жібереді. Сондықтан ол жерде -бұршақ түқымдас өсімдіктердің егілгеніне карамастан түкыммен бірге нитрагинді қайтадан ендіруге тура келеді. Түйнек бактериялары қышқыл топырақтарда (рН- 5, 4) бес жылға жетпей-ақ қырылып қалады. Сондықтан мұндай топырақтарды алдын ала ізбестеу керек. Ол бактерия-ларға қолайлы жағдай жасайды. Ал реакциясы нейтралды (рН- 7, 0) топырақтарда олар жақсы тіршілік етеді. Бірақ мүндай топырақка да мезгіл-мезгіл нитрагин беріп түруға тура келеді. Осы кезде дақылдардың гектарынан қосымша 20-25%-тей өнім алуға болады. Түйнек бактерияларының өніп-өсуі және көбеюі үшін топырақтағы ауаның зор маңызы бар. Ауыр, лайлы, әрі бал-шьщты топырақтарда түқымға нитрагинді жүқтыру айтарлықтай нәтиже бермейді. Ал, қарашірігі мол топырақтар бүл препараттың тиімділігін арттырады. Отанымызда үзақ жылдар бойына жүргізіл-гөн (1958-1963) тәжірибелер нитрагинді қолдану арқылы дақылдар өнімін молайтуға мүмкіндік туатындығын толық дәлелдеді.

Азотобактерин. 1901 жылы Бейеринк атмосферадағы молекула күйіндегі азотты сіңіре алатын азотобактер микробын тапты. Ол топырақта жеке, өз бетінше тіршілік ететін аэробты ор-ганизм. Бүл микроорганизмдерді зерттеуші ғалымдар ауыл шаруа-шылық дақылдарын азотпен қамтамасыз ету үшін, олардан бакте-риялы тыңайтқыштарды әзірлеуді үсынды.
Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану мақсатымен Бүкіл одақтық ауыл шаруашылык микробиология институты азо-табактерден тыңайтқыш жасап шығарды және оны азотобактерин деп атады. Жалпы азотобактеринді даярлау 1937 жылдан бастал-ды. Қазіргі кезде оны бактериялы тыңайтқыштар даярлайтын заводтар әзірлеп, шаруашылықта кеңінен лайдаланып келеді.

«АМБ» бактериялы тыңайтқышы. Бүл тьщайтқыш қарашірікті ыдыратьш, өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын топырақ микроорганизмдерінің бір тобынан даярланады. Микроорганизмдердің осы тобын, сол тыңайтқышты ұсынған Н. М. Лазарев «Аухтотонды микрофлора «Б» немесе қысқартып «АМБ» деп атаған. Қышқыл батпақты, шымдыкүлгін және күлгін рН көрсеткіші төмен топырақтар түрлі микроорганизмдердің топтарына өте кедей келеді де, оларда өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жет-кіліксіз болады. Осындай топырақтарды өңдегенде әкпен бірге «АМБ» препаратын колданады. Бұл қарашіріктің микробиологиялық жолмен ыдырауын тездетеді, сөйтіп өнімділікті арттыруға көмектеседі.

«АМБ» препаратын жергілікті жерде пайдалану. «АМБ» препаратын жергілікті жерде пайдалану өте оңай. Бұл ушін шымтезек топыраіқты тұқым себерге бір ай қалғанда даярлап қою керек. Даярланған шымтезектің бір тоннасына 1 ц ұнтаіқталған ізбес немесе фосфорит үнын қосады. Бұған 1 /сг-дай сүйық «АМБ» препаратын құйып, жақсылап араластырады. «АМБ» препаратын Ленинградтағы ауыл шаруашылык микробиология институтынан алуға болады. Осы қоспаны оның жалпы ылғал сыйымдылығының 50%-ке жеткенше сумен шылайды да жылы бәлмеге қалыңдығын 70-80 см етіп, жайып тастайды. Аптасына екі рет тыңайтқышты араластырып қояды. Ол құрғай бастаса, ептеп су бүрку керек. Үш жұма өткеннен кейін тыңайтқыш даяр болады. «АМБ» препаратын қолданатын маусымда ғана даярлайды.

Фосфоробактерин. Топырақтағы күрделі фосфороорганикалық қосылыстарды және минерал фосфаттарды өсімдіктерге онай сіңетін түрге айналдыруда микроорганизмдердің ролі зор. 1935 жылы Р. А. Менкина топырақтан осындай микроорганизмнің бір түрін тапты. Оны бациллус мегатериум фосфатикум деп атады. Бұл бактериядаң фосфоробактерин деп аталатын тыңайтқыш даярлана-ды. Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп, топырақ-тағы нуклеин қышқылының іқүрамындағы фосфордың 86%-тін өсімдіктерге оңай сіңетін күйге айналдырады.

Фосфоробактерин заводта өндіріледі. Ол үшін алдымен сұйық қоректік орта даярлайды да, оны ферментер деп аталатын арнаулы аппаратқа құяды. Содан кейін алдын ала даярлап, яғни өсіріп қойған фосфор бактерияларын қоректік ортаға араластырады. Ферментерге 30-дан 48 сағатқа дейін үздіксіз басқа микробтардан таза ауа үрленеді. Осылай еткенде коректік сүйыктың әрбір милли-литрінде 1-ден 3 миллиардқа дейін бактерия клеткалары пайда болады. Ферментерлердегі ортадағы бактериялар көптөп спора түзе бастағанда өсіруді тоқтатады. Бұдан кейін оларды арнаулы аппа-раттарда ‘қүрғатады. Онда температура +20-25°-тан аспайды. Қүрғақ препараттарды қүрғақ сазбен (коалин) араластырады. Осындай қүрғақ препараттың бір грамында апора түрінде 8 миллиардтай бактериялар болады. Әрқайсысын 50 г етіп, фосфоро-бактеринді картон қауашақтарға орайды. Осындай он кішкене кауашақты, фосфоробактеринді қолдану ережелері жазылған нүсқауды үлкен жәшікке салып, шаруашылықтарға таратады. Бүл 100 га егіске жетеді.

Фосфоробактеринді қолданудың толып жатқан тәсілдері бар. Бірақ бүл тәсілдердің барлығы дерлік бір принципке негізделген. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесінің жақсы дамуына бактериялар арқылы көмектесу. Сондықтан алдымен топырақта бактерияларға қажетті жағдайлар болу қажет. Оларға: топырақ реакциясының нейтралды немесе әлсіз сілтілі, азоты мол органикалық заттардың жеткілікті, топырақтың су және ауа режимінің қалыпты болуы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансгенді жануарларды алу
Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері
Стероидтардың микробиологиялық трансформациясы
Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория
ГОСТ және ОСТ оларлың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі. Дезинфекция тиімділігін бақылау
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
Аралардың бактериалдық ауруларының түрлері
Гендік инженерия жайлы
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz