Биотехнологияның мақсаты мен міндеттері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Өсімдіктер биотехнологиясының даму тарихы.
2.2.Жасушаларды жасанды ортады өсіру жағдайлары.

2.3.Каллусты алу және оны жасанды ортада өсіру.
2.4.Сұйық ортада жасушаларды өсіру.

3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Биотехнология – экономикалық маңызды заттар өндіру үшін, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың жаңа түрлерін, микроорганизмдердің штаммаларын алу үшін биологиялық процестер мен объектілерді пайдаланатын ғылым мен өндірістің жаңа саласы.
Биотехнологияның негізгі мақсаты - мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға қажет селекциялық материалды аз уақыт ішінде алу үшін өсімдік жасушаларын өсіру.
Өсімдік клеткаларын қолдан өсіру дегеніміз өсімдіктің жеке жасушаларын, ұлпаларын, мүшелерін асептикалық жағдайда жасанды қоректік ортада өсіру.
Өсімдік ұлпасының стерилденген кішкене бөлшегін Петри чашкасының немесе пробиканың ішіне агаризонды қоректік ортаға орналастырады. Содан кейін ұлпада жасушалар белсенді түрде бөліне бастайды. Жасушалық түзілім тез өсіп каллус түзеді. Каллус дегеніміз дифференцияланбаған жасушалардың жинақталып ерекше ұлпа түзуі. Егер осы каллустың бөліктерін балғын қоректік ортаға отырғызса, онда олар шектеусіз өсе алады.
«Өсімдік жасушасын қолдан өсіру» термині ауқымды және ыңғайлы ұғымға айналды, ол бөлініп алынған жасушаны, ұлпаны, мүшелерді, ұрықты және тұтас өсімдік-регенерантты қолдан өсіретін in vitro-ның барлық жұмыстарын қамтиды. In vitro термині (лат.- шыныда, әйнекте) стерильді жасанды қоршаған ортада өтетін процестердің жағдайларын сипаттау үшін қолданылады. In vivo (лат. – тіршілікте) организмнің тіршілік процестерінің табиғи стерильді емес ортада өтуі. Өсімдік-регенерант дегеніміз асептикалық түрде алынған, тамыры мен өркені мәдени ортада қалыптасқан өсімдік, демек in vitro.
1. Валиханова Г.Ж. Биотехнология растений. Алматы:Қонжық, 1996ж,272с.
2. Жұбанова А.А, Абдиева Г. Ж, Шөпшібаев Қ.К. Биотехнология негіздері. Алматы., «Қазақ униветситеті», 2006.,-110 б.
3. Аубакиров Х. Ə. - Биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.- 181-188 бет

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті
Стандарттау және биотехнология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Биотехнологияның мақсаты мен міндеттері.
Өсімдік жасушаларын жасанды қоректік ортада өсіру әдістері.

Тексерген: Айткалиев Б.М.
Орындаған: Мырзагалиева А.Е.
Тобы: БТ-507

Семей 2017 жыл

Жоспар:

1. Кіріспе
2
2. Негізгі бөлім
3
2.1. Өсімдіктер биотехнологиясының даму тарихы.
3
2.2.Жасушаларды жасанды ортады өсіру жағдайлары.

5
2.3.Каллусты алу және оны жасанды ортада өсіру.
6
2.4.Сұйық ортада жасушаларды өсіру.

7
3. Қорытынды
8
4. Қолданылған әдебиеттер
9

1. Кіріспе
Биотехнология - экономикалық маңызды заттар өндіру үшін, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың жаңа түрлерін, микроорганизмдердің штаммаларын алу үшін биологиялық процестер мен объектілерді пайдаланатын ғылым мен өндірістің жаңа саласы.
Биотехнологияның негізгі мақсаты - мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға қажет селекциялық материалды аз уақыт ішінде алу үшін өсімдік жасушаларын өсіру.
Өсімдік клеткаларын қолдан өсіру дегеніміз өсімдіктің жеке жасушаларын, ұлпаларын, мүшелерін асептикалық жағдайда жасанды қоректік ортада өсіру.
Өсімдік ұлпасының стерилденген кішкене бөлшегін Петри чашкасының немесе пробиканың ішіне агаризонды қоректік ортаға орналастырады. Содан кейін ұлпада жасушалар белсенді түрде бөліне бастайды. Жасушалық түзілім тез өсіп каллус түзеді. Каллус дегеніміз дифференцияланбаған жасушалардың жинақталып ерекше ұлпа түзуі. Егер осы каллустың бөліктерін балғын қоректік ортаға отырғызса, онда олар шектеусіз өсе алады.
Өсімдік жасушасын қолдан өсіру термині ауқымды және ыңғайлы ұғымға айналды, ол бөлініп алынған жасушаны, ұлпаны, мүшелерді, ұрықты және тұтас өсімдік-регенерантты қолдан өсіретін in vitro-ның барлық жұмыстарын қамтиды. In vitro термині (лат.- шыныда, әйнекте) стерильді жасанды қоршаған ортада өтетін процестердің жағдайларын сипаттау үшін қолданылады. In vivo (лат. - тіршілікте) организмнің тіршілік процестерінің табиғи стерильді емес ортада өтуі. Өсімдік-регенерант дегеніміз асептикалық түрде алынған, тамыры мен өркені мәдени ортада қалыптасқан өсімдік, демек in vitro.
Теориялық түрде кез келген өсімдік жасушасы өзін бөліп алған организмге дейін дамуға потенциалды түрде қабілетті және ол белгілі бір жағдайларда қолдан өсірілген. Бұл қасиет тотипатенттілік деп аталады. Тотипатенттілік (лат. totus - барлық, тұтас, potential - күш) - тұтас организмге дейін дамуын қамтамасыз ететін өзіне тән генетикалық ақпаратты сақтап, үйлестіретін жасушаның қасиеті. Әдетте, әмбебап тотипатенттілік қасиетке өсімдіктің және жануардың ұрықтанған жұмыртқа жасушасы ие. Ал сомалық жасушалардан тотипатенттілік қасиетке тек қана өсімдік жасушалары ғана ие, әрі ол in vitro жағдайында ғана. Қолдан өсірілетін жануарлар жасушасы тотипатенттілік қасиеттен айырылған.

1.1. Өсімдіктер биотехнологиясының даму тарихы.

XIX-XX ғасырларда алғаш рет неміс ғалымдары өсімдіктің бөлініп алынған бөліктері мен мүшелерін өсіре бастады. 1883 жылы К.Рехингер бүршіктерді, тамыр мен сабақтың телімдерін ылғалды құмда өсіруге тырысқан. Ол кейбір тәжірибелерінен каллустың түзілгенін байқаған, алайда қорекпен қамтамасыз етілмегендіктен және стерильді жағдайлар сақталмағандықтан ұзақ өсетін өсімдіктерді ала алмаған. Мұндай тәжірибелерді Х.Фехтингте жүргізген.
1902 жылы Г.Габерланд жасушаларды қолдан өсіру принциптерін алғаш рет нақты қалыптастырды. Ол бірқатар жабық тұқымды өсімдіктердің жапырағынан бөліп алынған паренхима жасушаларымен тәжірибе істеді және қоректік орта ретінде сахароза, аспарагин, пептол қосылған Кноп ерітіндісін қолданды. Г.Габерланд өсімдіктің кез келген тірі жасушасы тотипатенттілік қасиетке ие деген гипотезаны алға тартты және жалғыз бір жасушадан ұлпа өсіруге тырысты. Бірақ ол өзінің керемет жаңалығын экспериментті түрде дәлелдей алмады, өйткені ол қолайсыз объектілерді тандаған болатын: белсенді түрде бөліну мен эмбриональды өсу қабілеттерін жоғалтқан жіңішке дифференцияланған арнайы жасушалар. Кейіннен белгілі болғандай жас ұлпалардың меристемалық және белсенді қызмет жасайтын жасушалары ғана қолдан сәтті өсіріледі.
Сонымен қатар өсімдік жасушаларын организмнен тыс өсіру жануар объектілерімен айналысушы ғалымдарды да қызықтыра бастады. Алғаш рет жануардың бөлініп алынған жасушасын өсіру мүмкін екендігі дәлелденді. 1904-1907 жж Р.Харрисон бақаның нейробластын лимфа сұйықтығында өсірді. Осыдан кейін жануарлардың жасушасын қолдан өсіру әдістері жасала бастады, қоректік орта ретінде лимфа, қан плазмасы, ұрық сұйықтығы пайдаланылды. Организмде жануарлар жасушасы қанмен және лимфамен қоректенеді, сондықтан оларды осындай қоректік ортада өсіру табиғиға ұқсас болып келеді. Ал өсімдік организмінің қоректік заттарға бай болып келетін мұндай сұйық ортасы жоқ, тіпті флоэма экссудатыда мұндай талаптарға сай келмейді.
Ботаниктер өсімдіктердің бөлініп алынған мүшелері мен бөліктерін өсіру үшін қолданған қоректік орталарының құрамы алғашында қарапайым болды, қоректік орталарының құрамы негізінен минералды тұздардың қосылыстарынан ғана тұратын. 1922 жылы бір мезгілде Германияда В.Котте мен АҚШ-та В.Роббинссон өсімдік ұлпаларын қолдан өсіру жетістігіне жетті. Олар меристемалық жасушалары бар ұлпаларды қолданды - бүршіктер мен тамыр ұштары. В.Котте жүгері мен бұршақтың тамыр ұштарын қолдан сәтті өсірді. Ол құрамында Кноп ерітіндісі, глюкоза, кейбір аминқышқылдары және пептон бар әртүрлі қоректік орталарды қолданды. В.Роббинсон жүгерінің тамырын өсіріп, қоректік ортаға ашытқы сығындысын қосты. Алайда тамыр мынадай қоректік ортада ұзақ тіршілік етпеді. 10 жылдан кейін АҚШ-та Филипп Уайт В.Роббинсонның тәжірибесін қайталады, бірақ ол қызанақтың тамыр ұштарын қолданып, жақсы нәтижелер алды.
Ф.Уайттың қызанақтың тамыр ұштарына жасаған тәжірибесі мен француз ғалымы Роже Готренің шілік пен сәбіздің камбий ұлпаларына жасаған тәжібесі 30-шы жылдары ұлпаларды қолдан өсірудің қазіргі заманғы әдістердің негізіне айналды. Ф.Уайт тамыр ұштарын қолдан өсіру тәжірибесін 30 жыл бойы үздіксіз жүргізді, ал Р.Готре сәбіз тамырының камбиі мен флоэмасынан каллусты клондар өсірді. Ол қоректік ортаға ауксин қосып және ауксиннің камбий жасушаларының бөлінуіне әсер ететін қабілеті бар екендігін көрсетті Ф.Уайт пен Р.Готре өсімдік ұлпаларын қолдан өсірудің заманауи әдістеріне өте бағалы жаңалық енгізді және осы уақыттан бастап өсімдіктердің эксперименттік биологиясының жаңа бағыты белсенді түрде дами бастайды. Көптеген қоректік орталардың құрамы жасалынды және макроэлементтердің, микроэлементтердің, витаминдердің, өсімдіктердің өсуін реттеушілердің (кокос жаңғағының, каштантың, жүгерінің эндорспермдері, ашытқының гидролизты және т.б.) маңызы зерттелді. Осы соңғы күрделі органикалық қосылыстар бөлініп алынған ұлпаларға қосылмаса жасушалардың бөлінуі мүмкін болмайды. Бұл осы қосылыстарда жасушалардың бөлінуін реттейтін фактор бар деген ойға әкелді.
Америкалық ғалым Ф.Скуг қызметкерлерімен бірге темекі сабағының телімінде бүршіктердің өсуін зерттеді және құрамында минералды тұздары, көмірсулары және витаминдері бар қоректік ортаға өсірді. Каллустың түзілуі, кейде бүршіктердің қалыптасуы байқалған. Қоректік ортаға ауксиннің қосылуы бүршіктердің өсуі мен қалыптасуын тежеді. Ал ортаға аденин керісінше бүршіктердің қалыптасуына әсер етті және ол ауксиннің тежеушілік әсеріне бөгет жасады. Бұл зерттеушілерді кокос сүтінің өсу факторында қандай да бір пуриндік заттар бар деген ойға әкелді. Сондықтан олар алдымен нуклеин қышқылдарын зерттеуді бастайды. Содан кейін сельд спермасының ДНҚ-сы темекі жасушаларының бөлінуіне әкелетіні анықталады. Осы нәтижені ұзақ уақыт бойы сақталған ДҚН-ның ескі препараты тапты - соған қарағанда өсу факторы ДНҚ бұзылуының өнімі болғанға ұқсайды. Ф.Скуг пен оның қызметтестері темекі сабағының паренхима клеткаларының бөлінуіне және ауксиннің қатысуымен бүршіктердің дамуына әсер ететін затты ашытқыдан бөліп алды. Бұл өсуді реттейтін затты олар кинетин деп атап, ал кинетин жататын өсуді қамтамасыз етуші класты цитокининдер (жасушаның бөлінуін қамтамасыз ететін заттар) деп атады. Осы жаңалықтың арқасында Т.Мурасиге мен Ф.Скуг 1962 жылы темекі каллусының өсуіне қажет атақты қоректік ортаның құрамын жасады. Бұл қоректік орта көптеген өсімдік түрлерінің әртүрлі ұлпалары мен мүшелерін қолдан өсіруге бірден бір лайық орта болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клеткалық инженерияның мәселелері
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы жөнінде
Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығын дамытудын 2009-20010 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Клеткаларды сұйық қоректік ортада өсіру
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
Медицинада колданатың бактериалды препараттар
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КРИОКОНСЕРВІЛЕУ
Өсімдік шаруашылығында және медицинада инженерлі энзимологияны қолданылу
Биотехнология жетістіктерін медицина саласында қолдану
Пәндер