Ибн Туфейлдің өмірі мен творчествосы



1 Ибн Туфейл туралы өмірбаяндық деректер
2 Ибн Туфейл романының философиялық атауы
Ибн Туфейл туралы өмірбаяндық деректер аз. Оның толық есімі –АбуБакр Мухаммед Ибн Абд-Алла Ибн Мухаммед Ибн Туфейл. Бірақ ол мұсылман іліміне Әбу Бакір, ал Еуропаға латыншалағанада Абубацер деген атпен мәлім болады.
Ибн Туфейлдің өмірі мен творчествосы Андалусия мәдениетінің ауыр кезеңіне, сарай төңкерістері уақытына дәл келді. Мұның бәрі философтың өмірбаянында өзінің ізін қалдырды. Ол Гранада, Сеут, Танжер, Кордова қалаларының басшылары қоластында хатшылық қызмет атқарады, сарай емшісі болды.1185 жылы Марракеш қаласында дүние салды.
Бізге Ибн Туфейлдің жалғыз ғана шығармасы жетті. Ол – «Хай Якзанұлы туралы роман».Бұл философиялық шығарма XVIIғасырда латын тіліне аударылып,сол арқылы Еуропа елдеріне кең тарады.Туфейлдің романы бірқатар батыс жазушыларының шығармаларына идеялық арқау болды. Мұны, атап айтқанда, Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасынан айқын көруге болады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ибн Туфейл туралы өмірбаяндық деректер аз. Оның толық есімі - АбуБакр Мухаммед Ибн Абд-Алла Ибн Мухаммед Ибн Туфейл. Бірақ ол мұсылман іліміне Әбу Бакір, ал Еуропаға латыншалағанада Абубацер деген атпен мәлім болады.
Ибн Туфейлдің өмірі мен творчествосы Андалусия мәдениетінің ауыр кезеңіне, сарай төңкерістері уақытына дәл келді. Мұның бәрі философтың өмірбаянында өзінің ізін қалдырды. Ол Гранада, Сеут, Танжер, Кордова қалаларының басшылары қоластында хатшылық қызмет атқарады, сарай емшісі болды.1185 жылы Марракеш қаласында дүние салды.
Бізге Ибн Туфейлдің жалғыз ғана шығармасы жетті. Ол - Хай Якзанұлы туралы роман.Бұл философиялық шығарма XVIIғасырда латын тіліне аударылып,сол арқылы Еуропа елдеріне кең тарады.Туфейлдің романы бірқатар батыс жазушыларының шығармаларына идеялық арқау болды. Мұны, атап айтқанда, Даниель Дефоның Робинзон Крузо шығармасынан айқын көруге болады.

XVIII ғасырдан бастап Батыс әдебиетінде әртүрлі жағдайлармен елсіз жерге тап болған адамдардың басынан кешкендері туралы ірілі-ұсақты шығармалар пайда бола бастады. Әдебиет зерттеушілері оларға робинзониада деген жиынтық ат берді. Бұл шығармалардың бәрі Даниель Дефоның Робинзон Крузо романына еліктеуден туған туындылар деп есептелінеді.Біз де осындай пікірде болып келдік. Ибн Туфейлдің Хай Язанұлы туралы романы қолымызға тигенге дейін. Байқасақ робинзониданың тарихы алты-жеті ғасырға, бәлкім, одан да тереңге кетеді екен. Және ол әсте балалар үшін немесе еріккендерге ермек үшін жазылған дүниелер емес екен. Араб мәдениетін зеріттеуші мамандар, Ибн Туфейлдің шығпрмасы туралысөз болғанда, әрдайым философиялық роман дегенді қоса айтады екен. Соңғы уақыттарға дейін философиялық роман дегенде, біздің ойымызға француз авторлары, алдымен Вольтер оралатын. Ибн Туфейл романының философиялық атауы неліктен?Бұл шығарма біздің оқырмандарымыздың қолына еркін жете қойған жоқ.Сондықтан оның қысқаша мазмұнына тоқталған жөн болар:
Роман өзінің алғашқы беттерінен оқушысын адамзат болмысының күрделі мәселелері тұңғиығына тарта жөнеледі: адамның әуел баста адам қалпына жаратылуымен оның Құдіретті күшті қатынасымен төрт элементтен жаралуы мүмкіндігінің қайсысына қол қоюын оқушының өз еркінде қалдырады: бір аңыз бойынша, өзінің қылмыстық ісіннің ізін жабу үшін, ақсүйек әйел жас сәбиді сандыққа салып, дарияға жібереді де, ол толқынның еркімен елсіз аралдан шығады.Екінші аңызда тіршілік пайда болуға өте қолайлы белдеуде ашыған сазбалшықтан ұзақ уақыттардан соң адам жаратылып, Құдіретті демнің даруымен пенде қалпына келеді.Яғни, адамның жаратушы қолымен емес, бірақ соның жәрдемімен өздігінен жаралуы мүмкіндігіне орын қалдырады.Мұның арғы жағына зер салсақ, әлемнің жаралуы туралы да автордың біп пікірге біржақты мойын ұсынбайтығын,бірін мойындай отырып, екіншісін жоққа шығармайтынын көреміз. Сөйтіп, жаралсын мейлі, елсіз аралда пайда болған тіршілік иесі елікті ана санап,қоршаған ортасымен үйлесімді күн кешеді.Осыдан ер жеткенге дейінгі оның қимыл-әрекеті өзімізге етене таныс Киплингтің Мауглиі: Осылай өмір сүріп, үнемі еліктермен болып, бала солардың даусын айнытпай салатын болады.Сонымен бірге ол өзге аңдар мен құстардың өзі естіген үндерін дәл келтіре білді.Ол әсіресе еліктердің көмекке шақырған, үйірсектенген кездерінде беретін үндерін тым жақсы келтіретін еді...осылай ол аңдарға, аңдар оған үйреністі.Осыдан кейін ол біртіндеп өзінің аңдардан өзгеше екендігін аңғара бастайды. Ол өзін қоршаған ортаға ой көзімен қарап, тіршіліктің сырын түсінгісі келеді. Өзін асырып өсірген еліктің өлу себебін зерттеп,оның бар мүшелері бүтін бола тұра,не себепті қозғалыссыз қалғанын білуге ұмтылады. Тексере келе, қозғалыссыз қалған денеге одан бұрын да қозғалыс беріп, тіршілік белгісін беріп тұрған әлдененің болғандығын, енді оның денені тастап шыққандығын, яғни оны қозғалысқа келтіруші бір иенің бар екендігін түсінеді.Хай үшін бұл - жүрек қабында орналасқан рух.Ол бар болғанда - өмір бар, ол ұшып кетсе өмір тоқталады. Ендігі мәселе - ол неге денені тастап шығуы керек?Оны басқаратын кім? Міне осындай сұрақтарға келіп тірелген жерінде Ибн Туфейл кейіпкері мен Киплинг кейіпкерінің ұқсастығы тамамдалады.Яғни, отнологиялық проблематика аяқталады: қозғаушы денеден тыс, мәңгілік,денелік сипаты жоқ. Ибн Туфейл осылай барлық араб - ислам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
Ибн Туфейль
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ислам философиясы қашан пайда болды
Сопылық ілім
Мұсылман философиясы
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
ТМД елдерінде музыкалық тәрбие беру облысында озат тәжірбиелердің қолдануы
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Пәндер