Экономиканың циклдық концепциялары


ЖОСПАР
КIРIСПЕ . . . …. . 3
I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ . . . 4
- Экономиканың циклдық концепциялардың даму эвалюциясы . . . 4
- Циклдық теоррия мәні, маңыздылығы және оның жіктелу ерекшеліктері . . . 7
- Экономикалық циклдағы дағдарыс және өсу теориялары . . . 9
II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЦИКЛДЫҚ ДАМУ СИПАТЫ . . . 14
2. 1 Қазақстандағы экономикалық дағдарыс және одан шығу жолдары . . . 14
2. 2 Ұлттық экономикадағы экономикалық өсу және бүгінгі таңдағы жағдайы . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 24
КIРIСПЕ
Қоғам бiркелкi түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейiнiң тұрақты болып, жалпы экономикалық өсудiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге ынталы болады. Алайда шын өмiрде олай бола беру мүмкiн емес. Әрқашанда экономиканың циклдық дамуы орын алып отырады.
Экономиканың циклдiк дамуы дегенiмiз экономиканың салаларыының, оның көрсеткiштерiнiң немесе экономиканың жалпы жағдайының белгiлi бiр кезең аралығында экономикалық белсендiлiгiнiң ауытқуынын зерттейдi. Яғни, экономиканың циклдықдамуының нәтижесi арқылы елдiң жалпы жағдайы, өнеркәсiп шаруашылығының даму деңгейi, халықтың тұрмыс-тiршiлiгi, кәсiпорындардың экономикалық активтiлiгi, ЖIӨ-нiң өсу қарқыны, елдегi жұмыссыздық пен инфляцияның дәрежесi және т. б. елдiң маңызды көрсеткiштерiнiң айнасы болып табылады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық циклдар теориясы” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi циклдар теорияның даму ерекшелiктерiн, олардың пайда болуының себептерiн, экономиканың циклмен дамуының қоғамға тигiзер он және терiс әсерлерiн, олардың негiзгi төрт фазасындағы экономиканың даму және жалпы жағдайын қарастыру және оны зерттей келе Қазақстан экономикасының дағдарысқа ұшырап, ендiгi жерде қайта жандану циклын бастан кешiру ерекшелiктерiн талқылау.
Экономикалық циклдар жалпы экономика дамуының көрiнiсi. Ол тарихи түрде барлық елдердiң басынан өтедi. Жалпы экономиканың циклмен дамуының негiзгi төрт фазасы бар. Олар: дағдарыс, тоқырау, жандану және өрлеу . Осылардың жандану және өрлеу фазалары елдiң экономикалық өсуiнiң негiзiн құрайды. /1, 376 б/
Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi.
Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi.
I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экономиканың циклдық концепциялардың даму эвалюциясы
Экономикалық циклдар теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады. Өсу теориялары ұзақ мерзiмдi тенденция ретiнде өсудiң факторлары мен шарттарын зерттесе, циклдық даму теориясы экономикалық белсендiлiктiң мерзiмдiк ауытқуларының себептерiн зерттейдi.
Экономиканың тепе-теңдiкте дамуын сипаттайтын көрсеткiштер жиынтығы, өзгерiстерiнiң бағыты мен дәрежесi экономикалық конъюктураны құрайды. Конъюктуралық динамиканы зерттеушiлердi екiге бөлуге болады: қоғамдық өмiрде әлсiн-әлсiн қайталанып тұратын циклдардың болуын мойындамайтындарға және оларды мойындайтындарға.
Бiрiншiлерi - көбiнесе неоклассикалық мектептiң өкiлдерi - циклдiктi экономикаға кездейсоқ импульстардың сериясының әсер етуiнiң нәтижесi дейдi. /1, 377 б/
Экономикалық теориядағы екiншi бағыттың өкiлдерi циклды ерекше бастапқы негiз, нақты әлемнiң элементарлық бөлiнбейтiн “атомы” дейдi.
Цикл - бұл материалдық әлемнiң ерекше, әмбебап және абсалюттiк құрамы. Циклдың құрылымын бiр-бiрiне әсер ететiн екi қарама-қарсы материалдық объектiлер құрайды. Айталық әлемде бiр-бiрiне әсер ететiн екi қарама-қарсы материалдық объект болады. Әсердiң күшi және қарсы әсер күшi осы объектiлерде орналасқан, бiрақ олардың бағыттары қарама-қарсы болады.
Осы өзара әсер ететiн циклдың құрылымында объект өзiнiң қарама-қарсысына айналады, сонан кейiн өзiне қайта оралады. әсер күшiнiң және қарсы әсер күшiнiң сомасы абсалюттiк көлемi жағынан өзара әсердiң өлшемi болып табылады. Мұнда ең алдымен оң әсерлiк күштер өседi, содан кейiн ол максимумға жеткен соң белгiлi бiр деңгейге дейiн азаяды. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз. Суреттен көретiнiмiз жалпы қоғамның немесе экономиканың дамуы бiрқалыпты деңгейде емес, ауытқымалы деңгейде болып табылады. Өйткенi экономика дамуына көптеген iшкi және сыртқы факторлар әсер етiп отырады. әр фактордың үлесi экономика дамуында әр кезеңде әр түрлi болып отыруы мүмкiн. Мысалы, кейбiр жылдары экономикалық дамуда барлық факторлар толық түрде қатысып және әр түрлi қолайлы жағдайлар есебiнен экономиканың ең жоғарғы өрлеу сатысына келсе, ал кейбiр кезеңдерде ұлттық экономика қызмет етуiнiң формасы өзгерiп немесе басқа да сыртқы факторлар (соғыстар, табиғи апаттар, шикiзаттың тапшылығы) әсер етуiне байланысты экономика дағдарысқа ұшырауы да мүмкiн.
Экономикалық iлiмдер тарихындағы ерте кездегi Қытай мен Грецияда экономиканың циклдық дамуы туралы сол елдiң философтары жиi айтатын болған. Ал экономистер осы мәселеге XIX ғасырдың бас кезiнде Ж. Сисмонди, Т. Мальтустың еңбектерiнде экономикадағы дағдарыстар және циклдық құбылыстар зерттеле бастаған. Ордодоксалдық экономистер экономиканың циклмен даму идеясын Сэйдiң “сұраныс қашан болмасын ұсынысқа тен” деген заңына қарсы келедi деп мойындамаған. Сондықтан көне классиктер А. Смит, Д. Рикардо, А. Маршалл циклдық дамуды қарастырғанның өзiнде бұл құбылысты жекелеген, тез өтiп кететiн, уақытша экономикалық құбылыс деп түсiндiрген.
К. Маркс 1818-1883 жж. дағдарыс пен цикл мәселелерiне ерекше назар аударып зерттеген. Ол экономиканың циклдық дамуының бiрiнен-бiрiне алмасатын төрт фазасы болады дейдi: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу . Бұл циклдық дамудың фазаларын келесi суреттен көре аламыз. /6, 229 б/
ЖҰӨ
IV
III
I
II
t
Сурет-1 - Өнеркәсiптiк цикл және оның фазалары
Маркс негiзiнен ұзақтығы 7-12 жылға созылатын өнеркәсiптiк циклды қарастырды. Суреттен көрiп отырғанымыздай 1-шi кесiндi циклдық дамудың дағдарыс фазасын, 2-шi кесiндi - тоқырау фазасын, 3-шi жандану фазасын және 4-шi кесiндi өрлеу фазасын сипаттайды. Кейбiр осы заманғы экономикалық зерттеушiлер циклдың тек екi фазасын айтады: рецессия және өрлеу.
Мұндағы дағдарыс рынокта немесе қоғамда тауарлардың артық өндiрiлуi, несиенiң азаюы және ссуда пайызының жоғарылауы, инфляцияың жоғары деңгейi, халықтың әлеуметтiк жағдайының өте нашар жағдайда болуы, экономика салаларының құлдырауға беталауы. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндiрiстi төмендетедi, банктiк берешектердi өсiредi, банктiк құлдырауға және экономиканың басқа сфераларындағы кәсiпорындар мен фирмалардың банкротқа ұшырауына әкеледi.
Циклдық дамудың екiншi кезеңiнде дағдарыс тоқыраумен алмасады. Өндiрiс төмендеуiн қояды, бiрақ өспейдi де. Артық тауарлар тарайды, бiрақ рыноктағы сауданың жағдайы мәз емес. Пайыздық норма барынша төмендейдi. Бiрақ бiрте-бiрте өсу нүктелерi пайда бола бастайды, осылайша экономикада жандну басталады.
Жандану кезеңiнде рыноктың жаңа жағдайына бейiмделген кәсiпорындар тауардың өндiрiсiн көбейтедi, экономиканың салаларын жаңа қарқынмен дамыта бастайды, өндiрiстiк құрылыс өседi, пайда, қарыз пайызы, жалақы деңгейi бiртiндеп көтерiле бастайды және халықтың жағдайы жақсара бастайды. Рынокта белсендi кәсiпкерлер пайда бола бастайды. Экономиканың маңызды салаларын мемлекет өзi реттеп, жалпы экономиканы ынталанырып отырады. Осылайша циклдық дамудың төртiншi әрi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылатын өрлеу фазасына өтедi. Өсу дағдарыстың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндiрiс кеңейе түседi, халықты жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс бағалар және пайыз нормасы өседi. Халық экономикада белсендi түрде қызмет етедi және халықтың әл-ауқаты жоғары деңгейге жетедi. Экономика салаларында бәсекеге қабiлеттi инновциялы өнiмдер шығарып отыру мiндетi туындайды, өйткенi өндiрiстi үздiксiз дамытып отырмаса, онда өндiрiлген өнiмдерге қайтадан сұраныс азайып жаңа экономикалық циклдық кезкң басталады. Маркс өнеркәсiптiк циклдың арлығын 7-12 жыл деп қарастырады. /3, 309 б/
Ал осы заманда АҚШ-да циклдық дамуға байланысты пайда болған терминология бойынша циклға жататын фазалар былай жiктеледi: шың пик, бум), қысқару (рецессия, құлдырау), түп (депрессия, тоқырау), жандану (кеңею) .
XX ғаысрдың 50-шi жылдарына дейiн дағдарыс кезiнде төлем қабiлетi бар сұраныстың төмендеуiмен байланысты, баға жалпылама кемитiн және жұмыссыздық өсетiн едi. Қазiр экономиканың монополистiк секторы, мемлекеттiң қолдауына сүйенiп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны көбiнесе өсiрiп отырады. Өндiрiстiң осындай құлдырауы инфляция болып түрған жағдайда стагфляция деп аталады.
- Циклдық теоррия мәні, маңыздылығы және оның жіктелу ерекшеліктері
Циклдық теория жоғарыда атап өткендей негiзгi төрт фазадан тұрады. Жоғарыда қарастырып өткендей әр фазаның өзiндiк сипаттық ерекшелiктерi бар.
Циклдық дамуда экономикалық конъюктураны сипаттау үшiн бiрнеше статистикалық көрсеткiштер қолданылады (ЖIӨ, жұмыссыздық деңгейi, жеке табыстар, өнеркәсiп өнiмi, халықтың жағдайы, инфляцияның дәрежесi және т. б. ) . циклдың қозғалысында экономикалық параметр белгiсiнiң өзгеруiне байланысты, олар проциклдық, контрциклдық және ациклдық болып бөлiнедi. /1, 359 б/
Проциклдық параметрлер жандану фазасында өседi, ал құлдырау фазасында - төмендейдi (өндiрiстiк қуаттардың қолданылуы, ақша массасының агрегатары, бағаның жалпы дәрежесi, корпорациялардың пайдасы) .
Контрциклдық өзгермелiлер деп мағынасы құлдырау кезiнде жоғарылап, ал жандануда - төмендейтiн (жұмыссыздықтың дәрежесi, банкротқа ұшыраған кәсiпорындар саны, дайын өнiмнiң запастағы қоры) көрсеткiштер аталады.
Ациклдiкке динамикасы экономикалық циклдың фазаларымен (мысалы экспорт және импорт көлемi) сай келмейтiн параметрлер жатады.
Экономикалық параметрлер үш типке бәлiнедi - озғыш, кешiгушi және сәйкестiк .
Озғыштар максимум немесе минимумға пиктiң немесе ең төменгi нүктеге жетудiң алдында жетедi (бұл - запастағы өзгерiстер, ақша массасының өзгеруi және т. б. ) .
Кешiгушiлер максимум немесе минимум (жұмысшылар санының, жалақының, өнеркәсiп шығындарының және т. б. ) пик немесе ең төменгi нүктеден кейiн жетедi.
Сәйкес келушiлiк параметрлер экономикалық белсендiлiктiң өзгеруiне байланысты өзгерiп отырады (ЖIӨ, инфляция, өнеркәсiп өнiмi) .
Цикл теориясының негiзгi жiктемесi осы күнге дейiн толық түрде қалыптасқан жоқ. Оны әр экономис өзiнше жiктейдi. Мысалы, циклдық өзгерiстердi А. Роберт пен Гордон келесiдей жiктейдi: /1, 368 б/
- “Баға-шығындар” қатынастарының өзгерiстерiне және күтiмдердегi өзгерiстерге назар аударатын теориялар;
- Ақша табиғатына негiзделген теориялар;
- Жинақтау мен инвестициялардың ролiне мән беретiн теориялар. Оларға:
- Капитал тапшылығының теориялары;
- Инвестициялық мүмкiндiктер теориялары;
- Түпкi өнiмге инвестициялардың әсер етуiне мән беретiн теориялар;
- Аграрлық және метеорологиялық теориялар;
Жалпы экономикалық циклдар теориясының жiктелуiнде келесiдей теориялар қолданылады:
1. Сыртқы факторлар теориялары:
Бұл экономикалық циклдiң негiзiн қалаушы У. С. Джевонс және бұл цикл 11-жылдық күннiң белсендiлiк циклiмен байланыстырады. Оның еңбегiнде астықтың түсiмiнiң, оның бағасының өзгеруiн және сауда циклдары зерттеледi.
Джевонс күннiң белсендiлiк циклiн көбiнесе ауыл шаруашылығымен және саудамен байланыстырады. Ал оның iзiн қуалаушы Х. М. Мор күн белсендiлiгiнiң жалпы экономикалық теориясын жасады.
Жапониялық экономист Симанака Юджи Жапонияның циклмен дамуын зерттедi. Оның зерттеуi бойынша, осы 11-жылдық 9-күндiк мерзiмде циклдар орын алады, ал бұлар Жуглардың циклдарына сәйкес болады. Симанака айтуы бойынша кузнецтiң циклi күннiң екi циклiне, яғни 22 жылға тен.
2. Троцкиийдiң және осы замаңғы “неомарксистер” теориясы:
1921 жылы Л. Троцкий өзiнiң ұзын толқындар теориясын ұсынды. Оның айтуы бойынша, ұзын толқындар капитализмнiң тез немесе баяу дамуының тарихи кезеңдерi болып табылатындығын атап айтты.
3. Таза монетарлық теория: /6, 232 б/
бұның басты өкiлi ағылшын экономисi Р. Хоутри теориясы бойынша цикл - бұл ақша инфляциясы мен дефляцияның шағын масштабтағы тура көшiрмесi. Депрессия айналыс құралдарының сомасының азаюының арқасында тұтынушылық шығындардың төмендеуiмен туындайды және ол ақша айналысының қысқаруымен күшейедi. Басқа жақтан жандану фазасы кезеңiнде инфляциялық процестер басым болады. Егер ақша ағының тұрақтандыру мүмкiн болса, онда экономикалық белсендiлiктiң ауытқулары жойылар едi. Бiрақ бұл болмайды, өйткенi ақша жүйесiне тұрақсыздық тән болады.
- Артық қорлану теориясы:
Бұл теорияның басты мәселесi - ол тұтыну тауарларын өндiретiн салаларға қарағанда, өндiрiстiк тауарларды шығаратын салалардың тым артық дамуы: өндiрiстiк тауарлар жасайтын салалар экономикалық циклдiң ықпалына, күнделiктi сұраныс тауарларын өндiретiн салаларға қарағанда, көбiрек ұшырап отырады. Циклдiң жоғарылауы фазасы кезеңiнде қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлардың өндiрiсiнiң қысқаруынан да елеулi шапшаң төмендейдi;
- Кем тұтыну теориясы:
Осы теорияның негiзiн қалаушы швейцариялық экономист Ж. Сисмонди “кем тұтыну” терминi “тым артық жинақтау” ағынасында пайдаланылады. Депрессияны дүниеге әкелетiн - ол ағымдағы табыстың тым көп мөлшерiнiң жинақталуы және оның тым аз бөлшегiнiң тұтынулық тауарларға жұмсалуы.
1. 3 Экономикалық циклдағы дағдарыс және өсу теориялары
Экономикалық циклдардың өзiнiң даму деңгейiнiң жоғары нүктесiне жетiп, одан кейiн қайта құлдырауын және осы құлдыраудың соңы экономикалық дағдарысқа алып келетiндiгi баршамызға белгiлi.
Экономикада шың кезеңiнен соң құлдырау кезеңi басталады - ол алты немесе одан да көп айға созылатын, жалпы өндiрiс көлемi, табыс жәнежұмыс орындары азаятын кезең. Мұндай құлдырау экономика секторларындағы жұмыс белсендiлiгiнiң жаппай кемуiмен сипатталады. Бiрақ баға бұл кезде онша көп түсе бермейдi, олар тек қана құлдырау өте ұзаққа созылып, тоқырауға айналғанда ғана күрт төмендей бастайды.
Экономикалық циклда құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгi нүктесi өндiрiс және жұмыс орындары ең төменгi деңгейiне жетiп, бiртiндеп көтерiле бастайды. Экономикалық циклдың дағдарыстық кезеңi экономикалық тұрақсыздықтың негiзгi себебi болып табылады. Бұл кезең өз кезегiнде қоғамға айтарлықтай зиян әкеледi.
Жалпы осы замандағы экономикалық циклдықтың 1380-нен артық типi мәлiм. Келесi кестеде олардың жиi аталатын алтауы берiлген. Экономика көбiнесе солардың алғашқы төртеуiмен айналысады.
Жуглардың циклдерi. Бастыпқыда экономикалық ғылым 7-12 жылдық циклдi, соңынан Жуглардiкi деп бөлiп қараған. Осы циклдiң басқаша аттары аз емес: “бизнес-цикл”, “өнеркәсiптiк цикл”, “орташа цикл”, “үлкен цикл”. Бiрiншi өнеркәсптiк цикл 1825 жылы Англияда болды. Осы кезде машиналық өндiрiс металлургияда, машина жасауда және басқа жетекшi салаларда билiк жүргiзуге кiрiскен болатын. 1836 жылы дағдарыс англияда басталып, соңынан АҚШ-та орын алды. 1847-1848 жж. АҚШ-та және ол дағдарыс бiрнеше Еуропалық елдерге тарады. Бұл дағдарысты мән жағынан қарағанда бiрiншi әлемдiк дағдарыс деп атауға болады. Осыдан соң ретiмен 1857 және 1866 жж. дағдарыстар болды. Егер XIX ғасырда дағдарыстардың аралық мерзiмi 10-12 жылға созылса, ал XX ғасырда 7-9 және одан да аз жылға жеттi. /3, 314 б/
Китчиннiң цклдерi (запастар циклдерi) . Китчин 1926 жылы тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын талдау негiзiнде, өзiнiң назарын ұзындығы 2-ден 4 жылға дейiн болатын, қысқа толқындарды зерттеуге аударған.
Кузнецтiң циклдерi. 1930-ы жылы АҚШ-та “құрылыстық цикл” деп аталатын зерттеулер пайда бола бастады. Кейбiр аналитиктер тұрғын үй құрылысының жылдық көлемiнiң алғашқы статистикалық индексiн жасап мынадай жағдайға тап болған: осы индекстерде бiрiнен соң бiрi келiп отыратын жылдам өсудiң және терең құлдыраудың немесе тоқыраудың ұзақ интервалы болатындығы. Осымен байланысты жиырма жылдық ауытқуларды белгiлейтiн, “құрылыстық цикл” пайда болды.
Кондратьевтiң циклдерi. “Ұзын толқындар” теориясына орыс ғалымы Н. Д. Кондратьевтiң үлесi ең зор деуге болады. Өзiнiң еңбектерiнде ол дамыған елдердегi тауарлық бағаларының индекстерiн, рентаның, жалақының, өнiмнiң маңызды түрлерiнiң, өндiрiсiнiң және т. б. динамикасының мәнiн ашты. “Үлкен” өрлеудiң басталуын ол өндiрiске жаң технологияның жаппай енгiзiлуiмен, әлемдiк шаруашылыққа жаңа елдердi тартумен, алтын өндiру көлемiнiң өзгерiстерiмен байланыстырылады. /3, 316 б/
Кесте 1
Экономикалық циклдағы дағдарыстардың жiктелуi
Осылайша экономика дамуында қазiргi кезедегi негiзгi дағдарыстарға келесiлердi жатқызуға болады:
- экономикалық өсудегi дағдарыс;
- инфляциялық дағдарыс;
- төлем қабiлетi дағдарысы;
- инвестициялық дағдарыс;
- әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
- өнеркәсiптiк немесе инновациялық дағдарыс және т. б.
Бұл аталған дағдарыстардың елiмiздегi көрiнiсiн келесi тақырыптардан толық қарастырамыз.
Экономикалық циклдiң жандану және өрлеу фазалары жалпы түрде экономикада экономикалық өсу деп аталады. Ол дегенiмiз өндiргiш күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң табиғи дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдi өзгерiстерiн атайды.
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
- Неокейнстiк;
- Неоклассикалық;
- Тарихи-әлеуметтiк. /4, 197 б/кейнсиандық(неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы. классикалық(неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж. Б. Сэйден алып және Дж. Б. Кларк, Р. Солоудың еңбектерiмен аяқталды.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты орында болды.
Ұлы экономистер А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус және К. Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р. Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т. Харрод, Е. Домар) ; неоклассикалық (Р. Солоу) ; посткейнсиандық (Н. Калдор) ; /3, 317 б/
Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс қатынастары бұзылуы нәтижесiнде классикалық теорияның экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi. Осы дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz