Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны


№5 жалпы білім беретін орта мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ:
ӘЛЕУМЕТТІҢ ЖЕЛІНІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Өткізген: Сынып жетекші: М. С. Кулдашева
Машықкер: А. Б. Сатыбалдыев
Орал-2017
Тақырыбы: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны.
Мақсаты:
- ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру,
- ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу,
- ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу,
- баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, осы тақырыпта әңгімелесуге даярлау;
Күтілетін нәтиже:
- Қазақ қыздары мен жігіттерінің қазіргі заманға лайық техникалық құралдарды пайдалануда ақпараттық мәдениетті болуын қалыптастырады.
- Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зиянын біледі.
Жоспары:
- Әлеуметтік желі.
2. Ғаламтор мен ұялы телефонның шығу тарихы.
3. Сауалнама қорытындысы.
4. Ғаламтор мен ұялы телефонның пайдасы мен зияны.
5. Ұялы телефонды пайдалануға байланысты кеңестер.
6. “ Ой түю, өз ойын білдіру ” қорытынды.
Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбейтей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды.
Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.
Қазіргі “ ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады ” - деп Елбасымыз айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауда. Соның ішінде интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр .
Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және әлеуметтік желілердің ұялы телефонның алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.
Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates. com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.
Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Ең үлкен желілер:
Шетелде: Facebook Last. fm LinkedIn MySpace
Қазақстанда: Zhelide. kz www. kazlife. com
Ресейде: ВКонтакте Мой Круг Мой Мир@mail. ru Одноклассники. ruл
Интернет (оқылуы [интернет] ; ағылш. Internet - International Network) -Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
1991 жылы Бүкіләлемдік тор интернет пайда болды.
Қазіргі таңда «ҚазСат-2» ғарыш аппараты штаттық режимде жұмыс жасауда. Жер серігінің қазіргі атқарып отырған жүктемесі 69 пайызды құрайды.
Ұялы телефонның жасалған алғашқы байланыс тарихы 1973ж 3 сәуірінен басталды. Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер
Өндіріле бастаған алғашқы телефон салмағы 1, 15 келі болған. Әрі бағасы 4000 доллар болған.
2000 жылы Қазақстанда ұялы телефон кеңінен қолданыла бастады. 2005 жылы ауданда ұялы телефонды кеңінен қолданды.
2012 ж сәуір айынан бастап ауылда ұялы телефон кеңінен қолданды.
Интернет желісіне қосылған кез келген адам осы әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы әлемнің түкпір түкпіріндегі тұрғындармен пікір алмасып хабарлама арқылы тілдесе алады. Сондай ақ иртернет арқылы сөйлесу адамды шынайы өмірден алыстатады. « Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық »
Әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның қандай пайдасы бар ?
«Техниканың жетілгені сонша, адамның да қажеті болмайды. » Е. Лец
«Ұялы телефон бізге ешқашан бос отыруға мүмкіндік бермейді» М. Ларни
Сауалнама жайлы қорытынды.
« Таяқтың екі ұшы бар » дегендей әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның жақсы жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой пікірімізді таразыға салып көрейік.
Сұрақтар:
Ұялы телефонды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?
Интернеттің пайдасы қандай ?
Ұялы телефонның электромагниттік сәулесі адам ағзасына қалай әсер етеді ?
Ұялы телефонның бала денсаулығына қаншалықты зияны бар деп ойлайсыз ?
1. Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе?
2. Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?
3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?
4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?
5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?
Ұялы телефонның зияны жайлы не білесің ?
Электромагнитті ұялы телефонннан шығатын электромагниттік өрістер ол адам ағзасына біраз жиналып барып, «комулятивный действие» дейді, оның әсері 5-10 жылдан кейін бірақ пайда болады. Ол мүмкін ісік ауруы, жүйке ауруы, қан ауруы болуы мүмкін. Сондықтан, ұялы телефонды қолданғанда өте сақ болу керек.
Ғалымдар, әсіресе, «3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» дейді. Өйткені, электромагнитті өріс, өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады. Сондықтан, мамандар радиотехникалық нысандардан бөлінетін зиянды толқындарды тығыздық ағымын өлшейтін аспаптармен ұдайы тексеріп отырады. Айтуларынша, антенналар мен ұялы телефондардың шегі 10 микроватт шаршы сантиметрден аспау керек.
Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Ұялы телефон мен көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
Ғаламтор мен ұялы телефондағы тәуелділіктің апаратын жолы:
Зорлық-зомбылық
Қылмыс
Жыныстық бұзылу
Діншілдік
Суицид
Жүйке жүйесінің тозуы
Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)
Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді.
Әлеуметтік желі және ұялы телефон жастардың « індеті » ма немесе уақыт талабы ма ? Осы туралы ой пікірді тыңдайық.
SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) - ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг.
Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг
АҚШ-та 1 граммға 1, 6 Вт/кг
Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о
SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары.
Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек. www. cnews. ru/reviews/phones/sar. shtml
ask. li/sar. html
Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуальды қарым қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым қатынастардың зияның шегетін оқушылар. Сондықтан қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.
Қазіргі жастар « ұялы телефоны бардың күні жарық,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz