Жерге ақы төлеу жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Сулеймен Демирель Университееті

СӨЖ

Тақырыбы: Жерге ақы төлеу

Орындаған: Баяуов Е.

Тобы: 4B law

Тексерген: Аманқожаев А.

Қаскелең 2017 ж.

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

Өсиет бойынша мұрагерлік туралы түсінік . . . 5

Нотариатта куәландырылған мұрагерлік . . . 10

Өсиеттің жарамсыздығы . . . 10

Қорытынды . . . … . . . 12

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 13


















КІРІСПЕ

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлер біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу қүкығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра калдырушы өзінің кез келген мүлкі, онын ішінде болашакта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да әкімі бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердін мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әр түрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уакытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудін себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады. Мұрагерлiк осы Кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

Мұраның құрамы:

1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.

2. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттері:

  • егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
  • өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
  • алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
  • зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;
  • мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.

3. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.

Өсиет бойынша мұрагерлік туралы түсінік

Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ. Мұрагерлік заң бойынша жүзеге асырылуы үшін кемінде екі жағдай болу керек: біріншіден, мұраға ие болатын тұлға, заң бойынша мұрагер болатындардың сапына кіруі керек, екіншіден, мұрагерлік ашылуы керек. Өсиет бойынша мұра беруші мұра лаушыны өзнің еркімен өсиетте белгілейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1061, 1062, 1063, 1064, 1065. 1066-баптарына сәйкес заң бойынша мұрагер болу құқығының бірнеше кезеңдері көрсетілген.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.

Екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, сондай-ақ оның әкесі жағынан да атасы мен әжесі алады.

Үшінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.

Төртінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының алтыншы атаға дейінгілерін қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесі неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегі туыстарын мұрагерліктен шеттетеді. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасына туу саны негізінде анықталады. Мұрагерлікке шақырылған төртінші кезектегі мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.

Бесінші кезекте, егер мұра қалдырушының бір отбасында кемінде он жыл бірге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-інілері мен апа-сіңлілері, өгей әкесі мен өгей шешесі алады.

Алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.

Жетінші кезекте мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейінгі кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған еңбекке жарамсыз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады.

Мұра мына кезде ашылады:

  1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

3. Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлiкке шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

Төмендегі жағдайлар кезеңінде мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттетуге болады:

1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.

2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

3. Балаларына ата- аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.

4. Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.

5. Лайықсыз бас тартушы үшін белгілі бір жұмысты орындау немесе оған белгілі бір қызмет көрсету өсиеттік бас тартудың нысаны болған жағдайда, ол өсиеттік бас тартуды орындаған мұрагерге атқарған жұмыстың немесе оған көрсетілген қызметтің құнын өтеуге міндетті.

Мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғандығы туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 6 айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс. Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз беруімен жасалады. Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға немесе қайтарып алуға болмайды. Мұрагер өзіне берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырылған мүлікті іс жүзінде иеленуге кіріссе не оған билік етсе не оның осы мүлікке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзім өткенге дейінде жоғалтады. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немесе кез келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы. Мұрадан бас тартушы өсиеттік бас тартудан бас тартуға құқылы. Ішінара бас тартуға, ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына баас тартуға жол берілмейді.

Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлуді талап етуге құқылы. Мұраны бөлу мұрагерліктің келісімі бойынша оларға тиесілі үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде - сот тәртібімен жүргізіледі.

Егер өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрі мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған деп танылады. Иесіз қалған мұра мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке ауысады.

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып табылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.

Нотариатта куәландырылған мұрагерлік

Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырыуға тиіс. Мыналар:

  • Нотариатта куәландырылған өсиеттер
  • Нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше

рәсімделген болып табылады.

Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қою керек. Егер өсие қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.

Нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам, пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері, толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар, сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар, жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар өсиет жаза, куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.

Нотариатта куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабыллдаған техникалық құралдарды пайдалануы мүмкін. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотаруис жазған өсиетті өсиетке қол қойылғанға дейін нотариус пен куәнің қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуыға тиіс.

Егер нотариат куәландырған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің аты, тегі және тұрақты тұратын жері көрсетілуі тиіс. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгізілуі тиіс. Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады. (құпия өсиет) . Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупімен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қол қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысуымен ккуәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс.

Нотариус жоқ елді мекендерде тқұратын адамдардың өсиетін заң актілерінде нотариат әрекеттерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды адамдар куәландырады.

Нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге: 1) ауруханалар, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердің, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердің директорлары, бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері; 2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың оыс госпитальдардың, санаторийлердің және басқа да әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, кезекші дәрігерлер куәландырған өсиеттер; 3) жүзу кезңнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде жүрген азматтардың осы кемелердің капитандары куәландырған өсиеттері және тағы басқа да куәландырылған өсиеттерімен теңестіріледі. 4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi; 5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi; 6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi.

Талап қойылған өсиет қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.

Мұрагерлiктiң мынандай негiздерi бар:

1. Мұрагерлiк өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады.

  1. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай -ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке мұрагерлiк мынандай жағдайлармен қарастырылады:

1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.

2. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.

Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагердi қосымша тағайындау) .

Азаматық Кодекстiң 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн.

Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.

Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi.

Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.

Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.

Мыналар:

1) нотариатта куәландырылған өсиеттер 2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып тан Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.

Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы заңының ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:

1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;

2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;

3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;

4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;

5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.

Өсиеттiң күшiн мына кезде жоюға және оны өзгертуге болады:

Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.

Өсиеттiң күшi:

нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру;

жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн.

Өсиет:

нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру;

бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн.

Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.

Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.

Өсиеттiң жарамсыздығы

Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

Eгep сот мұра қалдырушының өз еркін білдіруін түсінуге әсер етпейді деп белгілесе, өсиетті жасау, қол қою немесе оны растау кезінде жіберілген емле қателері және техникалық сипаттағы басқа да елеусіз қателер өсиетті жарамсыз деуге негіз бола алмайды.

Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.

Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.

Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.

Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.

Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т. б. болуы мүмкiн.

Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны есептеу тәртібі
ЖЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Жерге ақы төлеу қатынастарының құқықтық сипаттамасы
Magic planet қонақ үйіндегі тіркеу тәртібі жане қонақтарды орналастыру
Сатып алу-сату шартының құқықтық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының еңбек нарығы
Компьютерлік клуб
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тарифтік жүйені қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz