Б.з.д. iii ғасыр мен б.з. iii ғасырындағы Хань империясы және оның саясаты


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Шығыстану факультеті
Мамандығы: шығыстану: қытай/ағылшын тілі
Жобалық жұмыс
Тақырыбы:
«Б. з. д. III ғасыр мен б. з. III ғасырындағы Хань империясы және оның саясаты»
Орындаған: Өмірзакова Әзима Сәкенқызы
Торехан Аружан Аманбайқызы
218 топ
Жоба жетекшісі: Есеркепова Жанар Онгаровна
Алматы қаласы
2017 жыл
Жоспары:
- Батыс Хань мемлекеті.
- У-дидің «Алтын ғасыры» және хань империясының дамуы.
- Б. з. д. ІІ-І ғ-ғы Батыс Хань империясы.
- І-ІІІ ғ-ғы Шығыс Хань Мемлекеті.
- І-ІІ ғ-ғы Шығыс Хань әулетінің ішкі және сыртқы саясаты.
- «Сары орамалдылар» көтерілісі және Хань империясының құлауы.
Батыс Хань мемлекеті.
Қытай империясы орталықтанған мемлекет ретінде бірнеше ғасырлар бойы қалыптасты. Империя биліктің күшке сүйенген, орталықтанған аппараты негізінде өмір сүреді. Сондықтан қытайлық империяның негізі легистік сипатта пайда болуына таң қалуға болмайды. Дегенмен, тұрақты империяның қалыптасуына бір ғана тәртіпке негізделген күштін болуы аздық етеді. Әлеуметтің тұрақтануы мен шаруашылықтың біркелкі дамуы үшін басқа да күшті ұйымдық құрылымдар қажет. Осыған жете мән бермеген легистер жеңіліске ұшырады. Ендігі кезекте, олардың орнына жаңа әулеттің билігі келді. Жаңа билік өкілдері - Хань әулетінің билеушілері әлеуметтік тұрақтылық пен мықты экономикалық құрылымдар құру үшін күш жұмсауға кірісті.
Хань империясы бірден, б. з. д 207 жылы Цинь империясы өзінің өмір сүруін тоқтатқан соң, құрыла салған жоқ. Қытай бірнеше жылдар бойы, бос қалған император тағына ие болу жолындағы аяусыз қырқысқан саяси күрестердің сахнасына айналды. Осы өзара қырқысушы патшалықтардың ішінен жаңадан пайда болған мемлекеттік құрылымдар- Сян жəне Хань ең күшті жеңімпаздар қатарында болды. Олардың арасындағы бәсекелестік күрес б. з. д 202 жылы император атағына ие болған Лю Банның жеңісімен аяқталды.
Лю Бан б. з. д 206 жылы өзіне «Ханнің уаңы» деген атақ алған болатын. Б. з. д 202 жылы Лю Бан енді өзін император деп жариялап, бұдан былай императорлық жаңа есіммен - Гао-цзу деген атқа ие болады. Сөйтіп ол Қытайда жаңа əулеттің - Ханнің билігінің негізін салады. Оның құрған империясы - Хань империясы деп аталды. Хань империясының қол астына бүкіл Аспан асты мемлекетінің халқы бағынды. Лю Бан империясының астанасы етіп Чанъань қаласын жариялады.
Хань әулетінің билігі екі үлкен кезеңге бөлінеді: Батыс Хань немесе Ерте Хань әулеті (б. з. д. 202 - б. д 8ж. ) Және Шығыс Хань немесе Кейінгі Хань әулеті (25-220ж. ) .
Лю Бан Хань империясының басына билікке келген кезде, оның маңында білгір əрі тәжірибелі, соның ішінде конфуцийшіл кеңесшілері де болды. Алайда олар императордың көзі тірісінде, яғни соғыстар мен биліктер тоқтамай тұрған кезеңде, қирау мен күйреушілік заман тоқтамай тұрған кезде ештеңе істей алмады. Сонымен қатар, олар әлі де болса өмір сүріп отырған, жартылай қиратылған легистік жүйеге қарсы қоятындай саяси құрылым үлгісін ұсына алмады. Сондықтан Гао-цзу радикалдық реформалар жасауға, өзінің жаңа тәртіп жүйесін легистік жүйеге қарсы қоюға онша асыға қоймады. Қайта, ол Цинь дәуірінен сақталып қалған легистік әкімшілік жүйенің қалған құрылымдарына арқа сүйеп, сонымен бірге Ли Сы мен Цин Шихуанның легистік қаталдығын аздап болса да жұмсартуға тырысты.
Лю Банға империя бүкіл экономикалық жəне саяси жүйесі қираған қиранды күйінде тап болды. Сондықтан, император Гао-цзудың алдында тұрған ең маңызды міндет - елдің экономикасын қалпына келтіру болатын. Цинь Шихуанның жүргізген соғыстары, халық көтерілістері мен цинь үкіметінің жазалау экспедициялары, ақырында таққа таласқан топтардың арасындағы бес жылға созылған соғыс, шаруашылыққа орасан зор нұқсан келтірді. Ирригациялық жүйелер қирады, құнарлы жерлер өңделмей қалды. Елдің негізгі егіншілік аудандарының тұрғындар саны мүлдем қысқарды. Жүздеген мың адам өлді, одан да көбі жылы орындарын тастап, аласапыран заманның азабынан орманға қашып кетті. Император Гао-цзу өзінің жүргізетін саясатының басты міндеті, яғни осындай ауыр жағдайдан шығудың жолы - қарапайым халық бұқарасының жағдайын ескеріп, олардың мойнына түсетін салық зардабын азайту - деп түсінді.
Жаңа император өзінің алғашқы нұсқауларының бірінде: - "өзіммен бірге астанаға келген әскерлер, егер, осында қалғысы келсе, үлеске жер алады және олар 12 жыл бойына еңбек міндеткерлігінен босатылады" дейді. Сонымен қатар, бұл міндеткерліктен жас баласы бар барлық жанұялар босатылды. Соғыс кезінде қонысын тастап кеткендерге, олардың егістік жерлері мен үйлері қайтарылды. Ашаршылық кезінде өзін құлдыққа сатқандардың бәріне бас бостандығы берілді. Жер салығының көмегі бұрынғыға қарағанда, біршама азайтылды. Енді оның көлемі астықтың 1/15 мөлшеріндей болды. Кейін, бұл саясатты Гао-цзудың ізбасарлары одан әрі жалғастырды.
Б. з. д ІІ ғасырдағы, ендігі үлкен мәселе, елді басқару əдістері жөнінде болды. Гао-цзу өзі біртұтас елдің басындағы билікте отыруды армандағанмен, елдегі нақты жағдаймен, жақында ғана жеккөрінішті болған Цинь əулетінің езгісінен босанған елдің жағдайымен есептесу керектігін түсінді. Ол цинь əулетінің орнатқан əкімшілік жүйесін толық өз қалпында сақтауға батылы бармады. Əсіресе Цинь билеушілерінің саясатынан зардап шегіп, үлестік иеліктеріндегі билік құқынан айырылған жеке меншік иелері болатын. Гао-цзу осы жеке меншік иелерінің ықпалын есепке ала отырып, үлестік иеліктерді қалпына келтіруге кірісті. Ол өзінің алғашқы билік ету кезеңінде 143 жеке иелікті қалпына келтіруге бұйрық берді.
Лю Банға, қалыптасып отырған осындай саяси жағдайда, сөзсіз орталықтандыру принціпін бұзуга тура келді. Ол жердің көптеген бөлігін қызметтестері мен туысқандарына таратып береді. Ең таңдаулы деген жеті, ірі қолбасшылар бұрынғы ұсақ патшалықтардың жеріне орнығып, олар уаң деген атаққа ие болды. Уаң атағы осы уақыттан бастап ең жоғарғы аристократиялық атақ болды. Уаңдар орасан зор мөлшердегі жер иеліктерін иемденді, әр уаңның иелігінде бір облыс көлеміндегі жері, әр ақшасы болды, олар өздері сыртқы елдермен дербес одақ құра алды, бүліктер ұйымдастырып, елді ішкі аласапыран жағдайға душар етіп отырды.
Гао-цзу циньдік билікке қарсы болған коалициядағы әскери басшылармен келісімге бара отырып, олардың арасындағы қайшылықты бәсеңдетуге қол жеткізеді және елді біріктіруге мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде, бір жағынан, Цинь билігі кезінде өмір сүрген орталық әкімшілік аппарат қалпына келтіріліп, әрбір мұрагерлік иеліктердің, яғни, жалпы жер көлемі империяның территориясының жартысына жуық келетін иеліктердің, өзінің жеке өкімет органдары құрылады. Уаңдар мен хоулар өз иеліктерінде күшейе түсіп, олар бара-бара Аспан асты билеушісіне қарсы бас көтеруге дейін жетеді.
Батыс Хань əулеті билігінің алғашқы он жылдығында империяны орталықтандыру мен нығайту елдің шаруашылығының өсуіне қолайлы жағдай туғызды, егіншіліктің, қолөнер мен сауданың өрлеуіне себеп болды. Цинь билігі кезіндегідей қауымдық құрылымдар Хань империясының мемлекеттік құрылысының маңызды саласы болды.
Лю Бан циньдік билікке қарсы күресінде, тек осы қауымдық құрылымдарға ғана арқа сүйеді. Ол Сяньян қалалық өзін-өзі басқару басқармасы өкілдерімен өзінің атақты Хань империясының алғашқы заң жарлығы туралы келісімге қол қояды. Лю Бан өкімет билігіне келген соң қауымдық отбасылардың қожайындарына құрметті азаматтық гунши деген атақ береді. Жерге жеке меншік иелік ету мен құл иелену әрекеті өсті. Қолөнер мен өндірістің металлургия өндірісі саласы күшті дамыды. Бұл салаларда құл еңбегі барынша кеңінен пайдаланылды. Цинь империясын құлатқан оқиғалар мен әскери қақтығымтардың нәтижесінде қираған шаруашылықтарды қалпына келтіріп, ел ұзаққа созылған соғыстан соң, ел еңсесін қайта көтере бастады. Ирригациялық жұмыстар қалпына келтіріліп, жаңадан суару жүйелері салынады, еңбек өнімділігі арттырылады. Сауда, қолөнер орталықтарының саны арта түседі. Олардың ішіндегі ең ірілері - Чанъань, Линьцзы қалаларындағы халықтың саны миллионға жетті. Қала елдің қоғамдық жəне шаруашылық орталықтарына айнала бастады. Хань дəуірінде империя бес жүзден астам қалалар пайда болды. Қалалар, əсіресе, ұлы Қытай жазығының орталығында (қазіргі Хэнань провинциясы) өте тығыз орналасты. Қалалар егістік алқаптармен қоршалып тұрды. Қала тұрғындары қолөнершілер мен саударгерлерден басқа, қауымдық егіншілерден де тұрды. Қалаларда қауымдық өзін-өзі басқару басқармалары жұмыс істеді.
Ерте Хань дәуірінің деректерінен, сол замандағы құл сату мен оны сатып алу ісінің мемлекет тарапынан заңдастырылғандығын және елде құл саудасының кеңінен дамығандығын көруге болады. Тарихшы Сыма Цянь өз еңбегінде, құлдардың кәдімгі базарда сатылатын тауарлардың тізімінде қатар тұратындығын айтады. Елде құл сататын тұрақты базарлар да тыңдығын айтады. Елде құл сататын тұрақты базарлар да болған. Құлдарды тіпті, кез келген қалалардан сатып алуға болатын және оларды толық жұмысқа жарамдылығына көз жеткізу мақсатында, саусақтарын санап сататын болған. Құлдық қамытын киген құлдарды құл саудагерлері жүздеген шақырымдардан Чанъаньға айдап апаратын. Еріксіз құлдар кен орындарындағы және кәсіпшіліктердегі негізгі жұмыс күші болды. Құлдардың еңбегі сондай-ақ аз мөлшерде болса да, ауыл шаруашылығында да пайдаланылды.
Адамдардың қолында ақша қорының болуы Хань имериясындағы қоғамдық жағдайдың маңызды көрсеткіші еді. Осындай мүліктік белгілеріне қарай барлық жер иелері негізгі үш топқа бөлінді: үлкен, орта жəне кіші дәрежедегі отбасылар деп. Империяда, бұл топтардан тыс, өте бай отбасылар да болды, олардың айлығы жүз, екі жүз миллион ақша мөлшеріне дейін жетіп отырған. Төртінші топқа кіретін бірқатар кедей адамдар туралы деректер де бар, олар- жер меншігі өте аз егіншілер . Ауқатты отбасылар өз шаруашылықтарында құл еңбегін пайдаланып отырған.
Сөйтіп, бүкіл елді қамтыған циньдік билікке қарсы қозғалыстар толқыны кезінде өкімет билігіне келген Лю Бан- Гаоцзу, елдегі Цинь империясының қатал билік заңдарын жойды, халықтың еңбек міндеткерлігі мен салық ауыртпалықтарын жеңілдетті. Бірақ елде циньдік əкімшілік бөлініс пен басқарудың бюрократиялық жүйесі сақталып, Цинь империясының экономикалық саладағы көптеген жарғылары өз күшінде қалды.
Б. з. д 195 жылы император Гао-цзу өлген соң, 188 жылға дейін елді оның баласы Хуэй-ди басқарды. Ол көп уақыт билікте отыра алмады, оның орнына билікке Лю Банның жесірі Люй ханым келді. Ол өзінің төңірегіне Люй əулетінен шыққан топтарды жинады. Олардың көпшілігі уаң және хоу деген атаққа, мұрагерлік иеліктер мен жоғары қызметтерге ие болды. Тарихшы Сыма Цяннің еңбегінің осы мәселеге қатысты тоғызыншы тарауында келтірілген мәліметтерге қарап отырып, ол əйелдің өте қатал, өктем жəне атаққұмар адам екендігін көругн болады. Бірақ, сонымен қатар осы тараудың қорытысында, Сыма Цян : 《 . . . Гао-хоу ханым билікті өз сарайынан шықпай-ақ жүргізді. Аспан асты елі тыныш болды. Əртүрлі жазалар аз қолданылды, қылмыскерлер аз болды. Халық барлық ынтасымен егіншілікпен айналысты, киім-кешек пен тамақ жеткілікті болды》дейді.
Бұл дегеніңіз, сарайдағы тақ маңындағы түрлі қитұрқылар мен бақталастық күрестердің елдің жағдайына онша көп әсері болмағандығын көрсетеді. Қайта керісінше, Лю Банның реформалары, диқандардан алынатын салықтарды азайту шарасын қоса алғанда, ирригациялық жұмыстарды жүргізу, бай саудагерлерге салық мөлшерін арттыру және қатардағы қызметкерлердің дәрежесін ұстап тұруына қолдау көрсету сияқты шаралар өзінің оңды нәтижелерін бере бастады. Легистік жолмен елді басқарудың тәсілдерін жұмсарту және конфуцийлік дәстүрлерді қолдау әкімшіліктерді белсенді конфуцийшілдермен толықтыра түсті. Конфуцияшылдықтың білгірлері Цинь Шихуандидің жойып жіберген кітаптарындағы мәтіндерді, әсіресе конфуцийлік ілімнің канондарын, қағидаларын естерінде қалғандары бойынша қайта қалпына келтіріп, оларға көптеген түсініктемелер жазып толықтырды. Императорлар Хуэй-дидің де, Люй-хоудың Аспан асты мемлекетін басқарудан гөрі сарай ішіндегі бақталастар мен түрлі қызықты мәселелер қолдарын босатпай, іс жүзіндегі билікті дəстүрлі мәдениеттің өкілдерінің қолына тапсырып қоюы, бір жағынан мемлекет үшін өте пайдалы да болды. Бұндай жағдай Лю Банның ұлдарының бірі Вэньди таққа отырған кезде анық байқалды.
Вэньди (б. з. д179-157ж. ) өзінің билік құрған 23 жылында конфуциандық дəстүрлі ілімнің қайта гүлденуіне, ханьдық Қытайдың өоркендеп дамуына көп еңбек сіңірді. Ол билікке келген кезден бастап, елде бірқатар оңды өзгерістер жасауға кірісті. Ең алдымен қылмысты деп жазаға тартылғандарға рақымшылық жариялады. Люй ханымның əулетінің билігін жойды, сөйтіп бүкіл елде жаңа тəртіптер орната бастады. Вэнь-ди қылмыс жасаған адамның қылмысы үшін туыстарын да жазаға тарту дегенді жойды. Ол, конфуцийшілдік қағидада айтылатындай, қызметкерлер əділетсіз заңдармен адамдарға зардап шеккізудің орнына, оларды тəрбиелеуі керек деді.
Б. з. д 178 жылы күн тұтылған күні Вэньди халық алдында өзінің іс-әрекетіне өкінгендігін, өзіне сын көзбен қарайтындығын көрсеткісі келген арнау сөзін сөйлейді. Ол өзінің қызметінің өз дәрежесінде еместігіне қайғырып, ежелгі дәстүр бойынша, билікке халыққа қалтқысыз қызмет атқаруға дайын, ақылды да іскер адамдарды шақыруға үндейді. Сол жылы ол ғибадатхананың алқабына өзі түрен салып жер жыртып, әрбір адамның ең жоғарғы деген басшының өзіне сын айтуына рұқсат берді. Вэньди, тіпті б. з. д. 177 жылы Аспан асты еліне маза бермеген солтүстіктегі сюнну тайпасымен де туысқандық келісімге келеді. Ол сюннулардың бір бөлігінің Ордос өзені аймағында, яғни Аспан асты елінің қабырғаның оңтүстігіне қарай жатқан, ежелден көшпенділер мекен етіп келген, бірақ егіншілікпен айналысуға аса қауіпті саналған жерге қоныстануға рұқсат береді.
Вэньди өте кешірімшіл билеуші болды, мысалы ол өзіне қарсы бүлік ұйымдастырған ақсүйектерге кешірім жасап, олардың жазасын жеңілдеткен, жазаның денеге ауыр тиетін түрлерін жойып б. з. д 166 жылы жер салығын жойды, оның есесіне қалалықтарға саудагерлер мен қолөнершілерге салынатын түрлі міндеткерліктерді арттырды. (Оның жер салығын жойған заңын б. з. д 156 жылы ол өлген соң, жаңа билеуші күшін жояды) . Император халықтың өсіп өркендеуі мен сюннуларды тыныштандыруға арналып құрбандық шалудың дер кезінде орындалуын қатаң қадағалады. Б. з. д 159 қуаңшылық жылы ол сарайдың сəн-салтанаты үшін жұмсалатын шығындарын күрт қысқартып, аштыққа ұшырағандарға көмек беретін қазыналық қоймалар ашып, шаруаларға ауқатты адамдардың көмек көрсетуін талап етті. Вэньди тіпті өлер шағында өз отбасының мүшелеріне қарапайым киім киіп, асыл заттарды тағынбауын, ол өлген соң, оны жерлеуге көп шығындалмауды, аса қымбат жерлеу рәсімдерінен бас тартуды тапсырады.
Б. з. д 157 жылы Вэньди қайтыс болады. Кейіннен оның ұрпақтары императордың аса қайырымды әрекеттері үшін мадақтап, оны ілтипатпен еске алып жүрді. Вэньдидің мейірімді, халыққа жағымды қасиеттері арқылы оның хань императорлары ішіндегі конфкциандық дәстүрлі қайырымды билеуші туралы ұғымға үлгі боларлық бейнесі қалыптасты. Бұл ширек ғасыр ішінде-ақ ханьдық Қытай легизмнің аса қатал тәртіптерінен арылып, мұраға легизмнің тек орталықтанған бюрократиялық жүйесі ғана сақталып қалады.
Гао-цзудың (Лю Банның) немересі, Вэньдидің ұлы Цзин-ди император (б. з. д. 156-141ж. ) билігі тұсында сюннулар тыныштандырылып, әкімшілік қызметтер ретке келтіріледі. Өзінің өлер шағында ол қызметкерлердің барлығының қызмет дәрежесін жоғары көтеріп кетеді. Цзинди императордың билігі тұсындағы маңызды оқиға, жеке меншік иеліктердің басшылары - уаңдардың бүлігінің өршуі болатын.
Басқару жүйесіндегі сепаратистік пиғылға жол берген кемістікті жоюда шешуші қадам жасаған және орталықтанған өкіметті күшейтуге әрекет. Осы уақыттан бастап, У-дидің патшалығының кезінен бері ежелгі қытай тарихының бір жарым мың жылдық, урбанистік мемлекеттік құрылым мен өркениеттің негізінің қалыптасуы кезеңі өзінің даму жолын аяқтап, ендігі тарихтың жаңа даму кезегін дамыған әрі қалыптасқан конфуциандық империяға береді.
У-ди императордың билігі кезінде, бар жоғы жарты ғасырдай уақыт ішінде, қираған Қытай империясы қайтадан гүлденіп, дамуға қол жеткізді. елде егіншілік өркендеп, салық мөлшері өнімнің 1/15 бөлігіне дейін азайтылды. Салық азайғанымен, басқа міндеткерлік түрлері сақталды, бірақ оның барлығы халыққа онша ауыртпалық түсірмеді. Хань империясы сол кездегі әлемдегі халқының саны өте көп мемлекеттің бірі болды, У-дидің кезінде мемлекеттегі халық саны 60 млн. адамға жетіп, ол өзінің барынша дамыған күш қуатына жетті. Жаңа егістік жерлерді игеру агротехниканың дамуына септігін тигізді. Жаңадан ирригациялық жүйелер салынды. Жолдар салынып, оның бойында қалалар бой көтерді, олардың саны жыл өткен сайын көбейіп отырды.
У-ди легистік ілімнің өміршең идеяларынан бас тартпай, оның мемлекеттң басқарудағы ұтымды қағидаларын қолдана білді. Ол Цин Шихуанди заманынан бері келе жатқан тұзға, темір өндіруге, ақша құюға шарап жасау ісіне мемлекеттік монополияны сақтап, оны іске асыру шараларын мемлекетке пайдалы болу жағына қарай орайластырды.
Мұрагерлік иелік мәселесін біржолата шешіп тастауға ұмтылған У-ди, уаңдар мен хоулардың мұрагерлік дәрежесі тәртібін өзгертіп, оны жаңадан жасады. Б. з. д. 1121 жылғы қабылданған жаңа заң бойынша, жеке меншік иелікті уаңдардың мұрагерлік жолмен үлкен ұлына ғана иелігін тұтас қалдыруына тиым салды, енді жеке иелігін барлық ұлдарына үлестіріп беруді талап етті. Осылайша ірі иеліктердің шектен тыс күшеюіне жол бермеуге әрекет жасалды. Бұл сепаратизмге қарсы бағытталған реформаның нәтижелері тез көріне бастады. Мұрагерлік иеліктердің мөлшерінің күрт қысқаруы уаңдардың нақты билігі іс жүзінде азайып, олардың империяға тигізер қаупі енді келмеске кетті.
Сонымен қатар, У-ди бірқатар әкімшілік реформалар жүргізді, олар орталық өкіметтік аппаратты күшейтуге бағытталды. Легизмнің әкімшілік жүйе туралы қағидаларынан көп үлгі ала отырып, ол елді әкімшілік жағынан, орталыққа бағынышты, император тағайындаған губернаторлар басқаратын облыстарға бөлді. Ол Цинь Ши-хуанның кезінде енгізілген, кейін Ханьның алғашқы кезінде жойылған, инспекция ведомствасын - бақылаушы мекемелерін қалпына келтірді. Инспекторлардың міндеті округтік әкімдердің қызметіне тікелей бақылау жасау болды. Қылмыскерлерді қатаң жазаға тартты, оларды кейде олардың отбасы мүшелерімен қоса жазаға тартып, құлдыққа салып отырған.
Әкімдерді қызметке дайындау жүйесі де елеулі өзгеріске ұшырады. Округ басшыларының міндетіне бұдан былай өз орындарына іскер, талапты жастар арасынан кандидаттарды ұсыну енгізілді. Астанада академия құрылды, оны бітіргендер, қалыптасқан дәстүр бойынша, әкім атағына ие болды. Жүргізілген өзгерістер мемлекеттік аппараттағы қызметкерлердің құқық қабілетін айқындау мәселесіне де қатысты болды. Бірінші министрдің құқыларына шектеу қойылды. Жаңа құрылған императорлық канцелярия У-диге жергілікті жерлердегі жағдайға және елдегі әкімшілік бірліктердің түрлі қызметтеріне тікелей өзі бақылау жасауына мүмкіндік әперді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz