Әртүрлі физиологиялық жағдайдағы тыныстың ерекшеліктері



І.Кіріспе.

ІІ.Негігі бөлім.
А) Әртүрлі физиологиялық жағдайдағы тыныстың ерекшеліктері.
Б) Ыстық климатта тыныс алу.
В) Таулы аймақтарда және жоғары барометрлік қысымда тыныс алу.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді.Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады.Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы түзіледі.Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке қажетті үрдістерді тоқтатып,денеде су тұрақтылығы мен жылу тұрақтылығы бұзылады.Нәтижесі адам өміріне өте қауіпті.Демек,организм ауадан үздіксіз оттегін алып,ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүреді.
1. Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа
газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы.
2. Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы.
4. Ұлпалардағы газдар алмасуы –оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы.
5. Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.
1. Физиология человека. В.М. Покровский, Г.Ф.Коротько. М., 2004
2. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, 2000 г
3. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М.,2000.
4. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы, 2005 жыл
5. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994 г.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді.Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады.Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы түзіледі.Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке қажетті үрдістерді тоқтатып,денеде су тұрақтылығы мен жылу тұрақтылығы бұзылады.Нәтижесі адам өміріне өте қауіпті.Демек,организм ауадан үздіксіз оттегін алып,ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүреді.
1. Сыртқы тыныс алу - өкпенің желденуі, атмосфералық ауа
газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы.
2. Өкпедегі газдар алмасуы - альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы - оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы.
4. Ұлпалардағы газдар алмасуы - оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы.
5. Ұлпалық тыныс алу - жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
* қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
* диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
Тыныс алу жүйесінің құрлысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:
* ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.
* түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;

Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:
* жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;
* төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.

Ауа тана у арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей -- сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ , шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Әртүрлі климат жағдайларына байланысты тыныс алу жүйесінің өзгерісі:
Жоғары температураның әсеріне бейімделу және тыныстың соған байланысты өзгерісі.
Жоғары температура организмге табиғи және жасанды жағдайларда да әсер етеді. Жасанды жағдай адамның еңбек ететін үй-жайдағы температураның жоғарылығына байланысты. Бұл жағдайда қолайлы температурада болу, жоғары температурада болумен алмасып отырады. Бұл мысалда бейімделудің бірінші кезеңі жылу өндірілуі мен жылудың қоршаған ортаға берілуінің негізгі механизмдерінің бірі - тер бөлінуінің арасында тепе-теңдіктің болмауымен байланысты. Бейімделу жылу түзілуінің төмендеуімен, дененің бетінен жылудың берілуі жеңілдеуімен жүреді.Адамның жоғары қоршаған орта температурасы жағдайында жұмыс істеуіне бейімделу бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңнің ұзақтығы 7-9 күн. Шеткі қан тамырларының бірден кеңеюіне байланысты жүректеің соғуы артады. Әсіресе бірінші күндері шеткі қан тамырларының кеңеюі айналымдағы қан көлемімен сәйкес келмеуіне байланысты артериялық қан қысымы төмендейді.
Екінші кезең жүйелердің реакцияларының төмендеуімен сипатталады. Бұл төмендеу біріншіден, айналымдағы қан көлемінің өсуіне, екіншіден, орталық реттеуші құрлымдардың жылу температурасына сезімталдығының төмендеуі, үшіншіден кейбір гомеостатикалық көрсеткіштердің (дене температурасы, тұз-су тепе-теңдігіндегі жылжулары) әсер етуші факторларға бағынуынан байқалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің тыныс алу жүйесінің маусымдық динамикасының ерекшеліктері
Негізгі тыныс алу шулары. Жанама тыныс шулары
Студент-спортшылардың кардиореспираторлық жүйесі көрсеткіштерінің дене жүктемесіне бейімделу өзгерістерін зерттеу
Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы ақпарат
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы мәлімет
Патологиялық тыныс түрлері
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларда қолданылатын логопедиялық түзетушілік жұмыстың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерінің рөлі
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы ақпарат
Пәндер