Өкпедегі газ алмасудың ерекшеліктері


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Өкпедегі газ алмасудың ерекшеліктері; газдардың қанмен тасымалдануы және тіндердегі газ алмасу.
Б) Бірінші тыныс алу механизмі. Бірінші тыныс алудың пайда болуына әсер ететін факторлар.
В) Қанның газдық құрамы тұрақтылығын ұстап тұратын функционалдық жүйе.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Тыныс мүшелері қызмет бойынша алып келетін бөлігінен : көмекей, кеңірдек, трахея, яғни бронх бұтағы және тыныс бөлігінен ацинус, яғни бронхиолдар, альвеол жолдары мен альвеолдардан тұрады.
Дем алу, тыныс әрекеті - газ алмасу диффузиясы арқылы жүреді. Альвеолладан өкпе капиллярларындағы қанға оттек түседі, ал қаннан альвеоллаға көмір қышқыл газы өтеді.
Өкпедегі газ алмасу бір - бірімен байланысты бірнеше механизмдерге негізделген күрделі процесс: альвеол эпителийіндегі сурфактанттың пленкасынан оттек және көмірқышқыл газы молекулалары өтеді. Олар капиллярлар арқылы қан плазмасына кіреді және гемоглобинде бекіп орналасқан. Бұл процестердің құрылымы аэрогематикалық тосқауыл болып есептелінеді. ол өкпенің үлкен көлемін алып жатады да, газдың организмге қажетті мөлшерде сіңірілуін қамтамасыз етеді.
Газ алмасу -альвеола капилляр мембранасы арқылы газдың жай диффузиясымен журеді де, жұтылған ауа(атмосфералық) және өкпеге оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы келетін веналық қандағы оттегі қысымына байланысты болып келеді.
Ауа - қан кедергісі келесі компоненттерден тұрады:
1) Альвеолла қуысы жағындағы сурфактанттың жабушы таспасы;
2) кішкентай альвеоллациттердің цитоплазмалық қабаты
3) альвеоллациттердің базальды мембранасы;
4) Негізгі заттардың, коллаген және эластикалық фибрилл мен бос клеткалар - фибробластардың біркелкі емес интерстициясы.
5) капилляр эндотелиясының базальды қабаты.
6) эндотелий цитоплазмасынының қабаты.
Альвеоладағы ауаның оттегі қысымы-100; веналық қанда-40; осы қысым айырмашылығы оттегінің альвеола-капилляр мембранасы арқылы қанға түсуін қамтамасыз етеді. Веналық қан мен альвеол - аралық ауа арасындағы осындай көмір газының қысымының айырмашылығы көмір қашқыл газының альвеолаға түсіп, сыртқа шығуына әсерін тигізеді.
Жүрек тамырларының жиырылуының әсерінен өкпенің шайқалуына байланысты, альвеоллаларда газдар араласып кетеді. Жаңа туған нәрестенің өкпесінің нашар жазылған бөлігінде вентиляция нашарлайды да, альвеолалық жарғақ қалыңдай түседі. Сол себепті көмір қышқылының парциалды қысымы мөлшері ересектердікіне қарағанда төмен болады.
Қабырғалардың кеуде қуысының орналасуы, көк еттің жоғары тұруы, альвеоллалардың барлығының бірдей қызмет атқармауы, мембрананың қалыңдауы, бала организмінің оттегіні көп қажет етуі салдарынан тыныс алу жиіленеді. Бұл құбылыс физиологиялық ентігу деп аталады. Бұл «беткі тыныс алу» деп аталатын физиологиялық ерекшелік қандағы көмір қышқыл газының көлемін компенсаторлы ұлғайтып жібереді, ал бикарбонат пен басқа буферлі негіздер қапыл азаяды. Басқаша айтқанда бұл компенсаторлы гипервентиляциялық физиологиялық алғашқы метаболитті ацидоз болып есептелінеді.
Өкпенің жұмысы дұрыс болса, ол алғашқы метаболитті ацидозды толығынан орнына келтіреді, ал метаболитті алкалозды жартылай ғана қалыптастыра алады.
Балаларда, әсіресеі, 1 жастағы балаларда, сыртқы тыныс айрықша бөлек болады. Ол ацинустың одан әрі дамуына байланысты. Сонымен қатар бронхиальды және өкпе артериялары мен капиллярлар арасындағы көптеген ұштастамалар арқылы альвеолалар кеңістіктерінен өтіп кетіп, қанның қатты жүруіне байланысты болып табылады.
Сыртқы тыныс дегеніміз өкпеге түскен атмосфералық ауа мен капиллярдағы қанның арасындаңы газ алмасуы.
Жаңа туылған сәбидедің бірінші дем алуы организмнің бірнеше факторлардың әсерінен қайта құрылуына байланысты болады:
1 . Плацентарлы қан айналуы тоқтап, қанда көмір қышқылы газы (СО 2 ) көтеріліп, РН және оттегінің парциальды қысымы төмендейді. Осыған байланысты қолқа мен ұйқы артериясының рецепторларынан тыныс орталыңына импульс тарайды да, тыныс орталығының тиісті параметрлерінде өзгерістер пайда бола бастайды.
2. Сыртқы ортаның төмен температурасы әсер етеді.
3. Сыртқы ортаның жоғарғы қысымы ықпалы етеді.
Диафрагманың (көк еттің) жиырылуы әсерінен кеуде қуысында теріс қысым туады да, ауаның тыныс жолдарына таралуын жеңілдетеді. Өкпе жабысқақ, тұтқыр суы мен альвеоланың беткі керілуі тарайтын ауаға біраз кедергі жасайды. Альвеоланың беткі керілуін сурфактант төмендетеді. Сурфактант (0, 1-0, 3 мкм) альвеоланы қаптай отырып, ұрықтың іштегі даму кезеңінің соңғы жағында синтезделе бастайды.
Сурфактант - жоғары молекулалы липопротеид, оның негізгі компоненті - депальмитин-лецитин. Ол ұрықтың іште ламу кезінің 20-24 аптасында екінші қатарлы үлкен альвеоларлы клеткаларында пайда болады. Сурфактант олардың ішінде гранула түрінде жиналады да, альвеолардың бетіне пленка жасай таралады. Әсіресе, бала дүниеге келген сурфактант көп шыға бастайды. Сондықтан өкпенің алғашқы жазылуына әсерін көп тигізеді. Биологиялық белсенді зат болып есептелінеді, сондықтан ол ыдырайды. Жартылай ыдырау кезеңі 10-20 сағат 30-32 аптаға дейін. Сурфактант түзілуінде этамалиннің метилдену жолы басымырақ, одан сәл кеш мерзімде сурфактант холин жолымен синтезтеледі. Метилдену жолымен пайда болу оңай әлсірейді. Оны гипоксия, гипертермия, ацидоз өте тежейді, сондықтан сурфактант тек 36 аптада ғана жетіледі. Осы мерзімге дейінгі шала туылған баланың организмінде сурфактанттың қоры аз болады, ол тыныстың пайда болуын қамтамасыз етеді. Бірақ сурфактанттың синтезі, оның бөлінуі қарқынына ілесе алмағандықтан тыныс бұзылуы пайда болады.
Ацидоз бен гипоксия өкпе артерияларының тарылуына, альвеолдың ісінуіне әкеліп соқтырады. РН 7, 15-7, 2 төмен болғанд сурфактант синтезі тоқтап қалады.
Бала өмірге қанда жеткілікті оттегі қорымен туғанда және тыныс орталығы нашар қозатын жағдайда арада біраз секунд, кейде тіпте минут, өткенге дейін. алғашқы демін алмайды. Бұндай қысқа уақытқа кешігу жаңа туылған бала (нәресте) апноэсы деп аталады.
Өкпе . Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы 50 грамм болады (дене салмағының 1/50 бөлігі) . 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста -3 есе, 12 жаста -10 есе, ал үлкен кісілерді -20 есе және одан да көп арытады. Жас нәрестелердің өкпесі дәнекер тканьге өте бай, серпінді (эластикалық) ткандері аз, әсіресе альеольдар маңында, қан тамырларына бай, капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады. Сондықтан, баллардың өкпесінде қанның іркілуі, ателектаз, эмфиземалар тез пайда болып, өкпенің қабынуына уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып, тарауына өте қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады. Ересектерге қарағанда, баланың өкпесінің тыныстық беті үлкен болып келеді. Өкпе арқылы 1 минутта, үлкендерге қарағанда, қан көп мөлшерде өтеді. Бала өмірге келерді ацинус, яғни өкпенің тыныстық бөлігі (ол 3 қатарлы респираторлы бронхардан, альвеол жолдарынан, альвөол қабынан тұрады), әлсіз дамыған. Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол тыныстың негізгі функциясы болып есептелінеді. Альвеолдар бала өмірге келгенде дейін 4-6 жетіде қалыптаса бастайды да, 1-ші жыл бойына көбейеді және 8 жасқа дейін көбеюін тоқтатпайды. 8 жастан соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есеьінен жүреді. Бала жаңа туған кезде терминальды бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе, 4 жаста 3 есе, 18 жаста 5 есе үлкейеді, Бронхтардың жіңішке болуы себепті жас балаларда өкпе ателектазы жиі кездеседі.
Қазіргі кезде сыртқа тыныс функциясын бағалау төмендегі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) Өкпе вентиляциясы (жиілігі, тереңдігі, ырғағы, альвеоллалардың вентиляция көлемі, жұтылған ауаның тарауы)
2) Өкпе көлемі (өкпенің тіршілік сыйымдылығы, өкпенің жалпы сыйымдылығы, тыныс шығарудың көлемдік қоры, функциялық сыйымдылығы, қалдық көлемі)
3) Тыныс алу механизмі (өкпенің максимальды вентиляциясы, тыныс қоры)
4) Өкпедегі газ алмасу ( жұмсалынған оттек мөлшері, 1 минутта көмір қышқыл газының бөлінуі, альвеоларлы ауаның құрамы, оттегінің пайдалану коэффициенті)
5) Артериялық қанның газдық құрамы ( оттегінің және көмір қышқылының парциалды қысымы), қанда оксигемоглобиннің болуы, гемоглобин және оксигемоглобин, артерия -вена қанындағы айырмашылық
І. ең бірінші және өте маңызды физиологиялық ерекшелік болып беткі тыныс, яғни тайыздығы есептелінеді, үлкен кісілермен салыстырғанда балалардың тыныс алуы тереңдігі 8-10 есе төмен.
А) өкпенің салмағының аздығы, салмақ жасқа байланысты артып, бала 5 жасқа келгенде альвеолалар толық пайда болып, жетіле бастағанда үлкейеді.
Ә) кеуде қуысы құрылымының ерекшеліктері:кеуде қуысының экскурсиясы үлкейеді.
Б) бала организмінің оттегіні шектен тыс көп қажет етуі;
ІІ. Дем алудың өте жиілігі. Жаңа туған бала 1 минутта 40-50 рет дем алады. 1 жаста 30-35, 5 жаста 25, 10 жаста 20 рет дем алады. Ал үлкен кісілер 16-18 рет дем алады. Жиі дем алғандықтан минутына көлем 1 кг дене салмағына анағұрлым көп келеді, әсіресе жас нәрестелерде.
ІІІ. Бала дүниеге келгеннен соң алғашқы 2 жеті бойына тыныс алу ырғағының бұзылуы -( аритмия) ырғақсыз тыныс байқалады. яғни дем алу мен дем шығарудың арасындағы үзіліс біркелкі болмайды. Сыртқы ортаның әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен тыныс ырғағы өте жеңіл бұзылады. Ұйқы кезінде ғана бала неғұрлым дұрыс дем алады.
ІV. Тыныс алу типі. Жаңа туған бала ішпен (көк етпен) дем алады, емшек жасындағы балада - кеуде -іш типті тыныс; 2 жастан бастап аралас -диафрагма - кеуде типті тыныс, 3-4 жастағы бала көк етпен дем алудан гөрі кеуде арқылы дем алу байқалады, 7-14 жаста - жыныс ерекшеліктері байқала бастайды; Препубертатты және жыныстық жетілу кезеңінде ер балалар ішімен, қыз балар кеудемен дем алады.
Минуттық вентиляциясы немесе тыныстың минуттық көлемі - бір рет дем алу көлемінің 1 минуттағы тыныс жиілігіне байланысты көбейетіндігі . Балалар жиі тыныс алғандықтан олардың олардың тыныстың минуттық көлемі 1 кг салмаққа есептегенде, үлкендердікімен салыстырғанда, біраз жоғары болады. Тыныс тереңдігі немесе тыныс көлемі - 1 рет дем алған кездегі өкпеге түсетін ауаның мөлшері. Абсолютті де, салыстырмалы реттеде саны үлкендерге қарағанда төмен. Өкпенің «өмірлік» сыйымдылығы - алдын - ала терең дем алған соң максимальды шығарған ауа көлемі . Балаларда үлкендермен салыстырғанда төмен болып келеді.
Тыныс алудың көлемдік қоры: жайбарақат дем алған соң, қайтадан қосымша дем алғандағы ауаның мөлшері.
Дем шығарудың көлемдік қоры - максимальды шығарғандағы шығаратын, ауаның мөлшері. Өкпенің максимальды вентиляциясы немесе тыныс шегі 1 минутта өкпені айналып жүріп өтетін ауаның максимальды мөлшері. Спирометрия көмегімен максимальды терең дем алған анықталады . жиілігі 1-50. ӨМВ немесе тыныс шегі үлкендерге қарағанда біраз төмен болады.
Адамның тыныс алуын схема түрінде сатыларға бөлуге болады:
1. Өкпе тынысы немесе вентиляция
2. Өкпеден тканьдерге оттегінің тасымалдануы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz