Бүйректің эндокриндік қызметтері


МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Факультеті: Жалпы медицина
Кафедра: Қалыпты физиология
Тақырыбы: Бүйректің эндокриндік қызметтері
Орындаған: Оспанова Ақжан 310 Б
Тексерген: Аккожина А. М.
Ақтөбе 2017 ж.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бүйректің негізгі қызметтері. Тазалау және экскреторлы қызметі.
2. Бүйректің гемостаз-фибринолиз жүйесін реттеудегі рөлі.
3. Бүйректің метаболикалық және эндокринді қызметтері
ІІІ. Негізгі бөлім
Бүйрек, ren (грекше nephros), іш қуысының артқы қабырғасында, ішастардың артында жататын жұп экскреттік несеп шығаратын ағза. Бүйрек - зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан. Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан. Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады. Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады. Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз. Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.
Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1, 2 млн. Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне лйналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, е к і н ш і д е ң г е й лі и і р і м каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды
Бүйрек - адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120-200 г-дай, ұзындығы 10-12 см, ені 5-6 см, қалыңд. 3-4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында - соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс - бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады.
Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметі
Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметіне олардың қаннан метаболизмнің соңғы өнімдерінің, тұздар, дәрілер, бояулар, улы заттарды сыртқа шығаруы жатады. Бүйрек арқылы метаболизмнің келесі соңғы өнімдері бөлініп шығады: креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппур қышқылы, индикан және басқа эфиркүкірт және эфирглюкурон қышқылдары, аммоний тұздары, альдегидтер, гидроксиқышқылдар, путресцин, кадаверин және басқалары. Бүйректің бұл қызметі зәр түзу және оның концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
Реттеуші-гомеостатикалық қызметі
Бүйрек ағзадағы иондардың концентрациясын, судың мөлшерін, қышқыл-сілтілі тепетеңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның, әртүрлі заттардың деңгейін реттеуге қатысады. Мысалы, бүйрек глюкозаның, креатинин, мочевина және басқа метаболиттердің деңгейін реттеп отырады.
Бүйректе барлық заттардың аралық алмасуының реакциялары интенсивті өтеді. Бүйректе улы заттар, мысалы, глицинмен конъюгирлену жолымен залалсызданады.
Бүйректің эндокриндік қызметі
Бүйректің эндокриндік қызметі- оларда Д3 витаминінің алмасу-активті түрлері, эритропоэтин, ренин және басқа биологиялық активті заттар түзіледі. Эритропоэтин сүйек кемігінде эритроциттердің түзілуін стимулдейді, сондықтан бұл қосылыстың синтетикалық аналогы медицинада анемияны емдеуге қолданылады. Ренин артериалық қысымды реттеуге қатысады, сондықтан бүйрек аурулары кезінде жиі гипертония байқалады.
Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару) : бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды (белок алмасуының соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, бояуды, улы заттарды) ағзадан бөліп шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
Реттеуші - гомеостатикалық қызметі: бүйрек су мен иондардың концентрациясының, қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның реттелуіне қатысады.
Метаболикалық.
Антитоксикалық.
Эндокриндік.
Бүйректің қызметі нефронмен байланысты. Нефронның екі түрі бар: кортикалды-қыртысты қабатта орналасқан қысқа Гангле тұзағы бар. Юкстагломерулярлы-қыртысты және милы қабаттың шекарасында орналасқан, ұзын төмен түсетін және жоғары шығатын Гангле тұзағының тізелері бар. Нефрондардың айырмашылығы атқаратын қызметіне байланысты. Судың қалыпты мөлшерінде плазманың көлемін қыртысты бөлім, ал су жетпегенде юкстагломерулярлы нефрондар бақылайды. Себебі, судың реабсорбциясы күшейеді.
1. Бүйректің тазарту және бөлу қызметі - несеп түзуге байланысты . Несеп түзуде 3 кезең бар: А) Ультрасүзгілеу - бүйректің шүйкелерінде жүреді. Ультрасүзгілеу жылдамдығы - жүректің жұмысы туғызатын гидростатикалық қысымның және шүйке капсуласындағы сұйықтықтар қысымның айырмашылықтарына тәуелді. Ақуыздар туғызатын онкотикалық қысым және шүйке капсуласындағы сұйықтықтар қысымы сүзгіге кедергі келтіреді. Шүйкелік сүзгінің көлемі шүйке сүзгісінің өткізгіштігіне тәуелді, олар ақуыздарды өткізбейді. тұратын базальді мембрана (теріс зарядталған) ақуыздардың сүзілуін нашарлатады. Ультрафильтратта ақуыздардан басқа плазма құрамындағы барлық заттар болады.
Б) Каналдық реабсорбция. Каналдарда қайта сіңіру жүреді, бұл пассивті жолмен, белсенді тасымалдау жолдарымен өтеді. Қайта сіңіру талғамды жолмен жүреді (глюкоза, АҚ, витаминдер, гормондар) 80%, NaCl, Н2O, Ca, P, Mg, карбонаттар 85% проксималды бөлімінде жүрсе, 19%-і Генгле тұзағында, дистальді каналдарда жүреді. Реабсорбциясы алдымен, диффузия арқылы каналдар жасушаларына енсе, одан әрі белсенді тасымалдау
нәтижесінде жасуша-аралық кеңістікке, одан әрі диффузия жолымен қанға түседі. Ультрафильтратқа түскен ақуыздар пиноцитоз жолымен бөлініп алынған, лизосомалық ферменттер көмегімен қорытылады. Нәтижесінде АҚ түзіледі, олар қайта сіңіріледі немесе жасушаның мұқтаждығына жұмсалады.
Na - белсенді тасымалдау жолымен, Na+, K+ - АТФ-азаның қатысуымен; бұл ферменттің синтезі қатысуымен жүреді. Na+/K+ - АТФ-азаның қатысуымен біріншілік несептен глюкоза және АҚ қайта сіңіріледі. Глюкозаны тасымалдау үшін арнайы тасымалдаушы ақуыздар болады. Олар глюкоза және натриймен жасушадан тыс комплекс түзеді. Натрий - градиентке сәйкес ішке ұмтылады, натриймен бірге ақуызбен байланысқан глюкоза ішке енеді. Натрий қайта жасуша сыртына Na+/K+ - АТФ-азаның көмегімен шығарылады. Глюкозаны әрі қарай жасуша-аралық кеңістікке, сонан кейін қанға өтеді.
В) Талғамды секреция. Дистальді каналдың жасушасында натрийдің орнына K+ және Н+ өтеді. Сонымен қатар, екінші реттік несепке N+ Н4+, фосфат, магний, гиппурат, несеп қышқылы, мочевина, сульфат, дәрілік заттар өтеді. Бұлардың барлығы градиентке қарсы АТФ-ты қолданып, белсенді тасымалдаудың көмегімен өтеді. 2. Реттеуші гомеостаздық қызметі. Иондар мен су реттеледі. Натрийдің қайта сіңірілуі альдостеронның көмегімен, ал су үшін жинау түтігінің жасушаларының өткізгіштігі вазопрессинмен реттеледі. Осмостық қысым күшейгенде (гипернатриемия, сусыздану) кезінде вазопрессиннің бөлінуі күшейіп, альдостеронның бөлінуі төмендейді. Судың қайта сіңірілуі қайта күшейіп, натрий қайта сіңірілуі төмендеп, диурез азаяды.
2. 2. Бүйректің гемостаз-фибринолиз жүйесін реттеудегі рөлі.
Бүйрек - қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Қышқыл заттар несеппен бірге бөлініп, бикарбонаттардың қоры күшейеді. Ацидоз немесе алкалоз кезінде тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін бүйректің қатысуымен 10-20 сағат қажет, натрий қайта сіңіріледі, оның орнына K+, Н+, NН4+ шығарылады. К+ ионының шығуы Na-ң тасымалдануына ғана емес, Н+ тасымалдaнуына тәуелді. Несеппен NaH2PO4, NН4Cl тұздары бөлінеді, сондықтан, несеп әлсіз қышқылдық орта көрсетеді.
Бүйрек - қышқылды-сілтілік тепе-теңдікке әжептәуір әсер етеді. Бірақ, өкпе мен қанға қарағанда буферлі жүйелердің әсер етуі көп уақыт алады. Қанның буферлі жүйесінің әсер етуі 30 сек., өкпеге 1-3 минут уақыт алса, бүйректегі бұзылған қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін 10-12 сағат уақытты қажет етеді. Ағзадағы сутегі иондарының концентрациясын тұрақтандырудың негізгі механизмі - сутегі ионының секрециясы мен натрийдің қайта сіңірілу (реабсорбция) процесі болып
табылады. Бұл механизм бірнеше химиялық процестердің көмегімен жүзеге асырылады.
1. Натриийдің қайта сіңірілуі.
NaHPO4-2 + Na+ → Na2 HPO4-
2. Натрийдің сіңірілуіндегі НСO3- анионының атқаратын рөлі. Бүйрек каналдарында карбоангидраза ферменті НСO3- ионын қалпына келтіреді.
СO2 + H2O ↔︎ H2СO3 ↔︎ H+ + НСO3-
Na+ + НСO3- ↔︎ NaНСO3
HСO3- ионы Na - ионын байланыстырып, қайтадан қанға сіңірілуін қамтамасыз етсе, ал натрий ионының орнына К+ және Н+ - иондары шығарылып отырады.
Бүйректегі аммиактың түзілуі ағзадағы Na+ -ионын сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл процестердің көзі глутаминнің дезаминделуі, АҚ-ң тотығып дезаминделуі болып табылады.
NH3 + H+ → NH4+ + Cl- → NH4Cl
Глутаминаза ферменті адам ағзасының мүшелері мен ұлпаларынада болады. Бүйрек ұлпасында осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. Бүйрек ұлпасында осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. NН4Cl - несеппен бірге шығарылып, pH-ты реттелуін және қышқылды-сілтілік қорын сақтап отырады. Қан мен несептегі Н+ - ионы концентрациясының өзара қатынасы 800:1. Бүйректің ағзадан сутегі ионының шыңарып отыратын қабілетінің күшті екендігін көрсетеді.
Бүйрек ұлпасындағы зат алмасудың кейбір ерекшеліктері Бүйрек ұлпасындағы күрделі физиологиялық процестер, метаболиттік реакциялар кезінде бөлінетін энергияның көп мөлшерін қажет етеді. Тыныштық күйде адамның жұтатын оттегінің 8-10% бүйректегі тотығу процестеріне қолданылады. Басқа мүшелермен салыстырғанда бүйрек энергияны көп қажет етеді. Бүйректің қыртысты қабатында зат алмасудың аэробты түрі, ал милы қабатында анаэробты процестер өтеді. Бүйрек ферменттерге бай: ЛДГ, АлАТ, АсАТ, ГлуДГ және тек бүйректе ғана кпеатин синтезінің бастапқы кезеңін катализдейтін глицин-амидинотрансфераза (трансамидиназа) ферменттері болады.
L-aргинин + глицин → L-орнитин + гликоциамин
Бүйрек аурулары кезінде қан сарысуындағы ферменттерді анықтаудың диагностикалық маңызы зор. Трансамидиназа қанда пайда болса, онда бүйректің зақымдалғандығын немесе ұйқы безі некрозының дамуы немесе
басталуын көрсетеді. Созылмалы пиелонефрит кезінде осы ферменттің белсенділігі жоғары болады. Бүйректің қыртысты қабатында ЛДФ1 және ЛДГ2 белсенділігі жоғарылайды.
2 . 3. Бүйректің метаболикалық және эндокринді қызметтері
Көмірсу алмасуы. Бүйректе глюкозаның аэробты алмасуы өтеді, бүйректегі барлық оттегінің 13-25% аэробты алмасуға жұмсалады. 60 % глюкоза СО2 және Н2О дейін ыдырайды. Қалғандары милы бөлімде лактатқа ыдырайды. Глюкоза - бүйректе ПФЖ-мен ыдырап, НАДФН2 және пентозаларды түзеді. Олар май қышқылдарының, холестериннің, НҚ синтезіне жұмсалады. Глюкоза - глюкурон қышқылы → глюкозамингликандар синтезделеді. Бұл жол нуклеотидтер синтезі үшін, дәрілік препараттарды усыздандыру үшін қажет. Бүйректің қыртысты қабатында глюконеогенез процесі жүреді (ол ПЖҚ, лимон қышқылы, лактатты, α-кетоглутаратты қолдану) . Ашыққанда тәуліктік глюкозаның қажеттілігін бүйректегі глюконеогенез қамтамасыз етеді. Майлар алмасуы ¼ құрғақ заттары майлардан тұрады. Оның 85% - і ФЛ және холестерин, 15%-і бейтарап майлар. Липолиз, липогенез, ЖМҚ және глицериннің тотығуы жүреді. ФЛ және ТАГ синтезделіп, олар тек бүйрекке ғана емес, қан айналымына түсіп, басқа мүшелердің мұқтаждығына жұмсалады. Бүйрекке келіп түскен ЖМҚ - көпшілігі липогенезге жұмсалады. Аздаған мөлшері тотығып, нәтижесінде түзілген энергия натрийдің реабсорбция, басқа да энергияға қажет реакцияларға жұмсалады. ЖМҚ-ды глюкозаның тотығуын тежеп, лактат және глицериннен глюкогенез процесін күшейтеді. Бүйректе мевалон қышқылынан холестериннің синтезі жүреді.
Ақуыздардың метаболизмі . Бүйректің базальді мембранасының талғамды ақуыздары - ламинин және энтантин. Ламинин базальді мембранада коллагеннің IV-типімен, гепаринмен, интегринмен, энтантинмен байланысады. Базальді мембрана сондықтан, гломерулярлы сүзгіні қамтамасыз етеді. Гепарин теріс зарядты болғандықтан, теріс зарядталған альбуминдерді гломерулярлы саңылаулардан өткізбейді (альбуминнің молекуласының көлемі саңылаудан кіші болғанымен) . Сондықтан да, альбумин несепте болмайды. Глобулиндердің өлшемі саңылаудан үлкен болғандықтан, олар да өте алмайды. Гломерулярлы мембраналар (гломеруло-нефриттерде) зақымдалған кезде ақуыздар несепте пайда болып, протеинурия дамиды.
Бүйректің эндокринді жүйесі ағзадағы несеп түзумен қоса бүйректегі қан айналымын қанның гемодинамикасын, су мен тұз алмасу процесін реттейді. Бұл жүйеге:
- Ренин-ангиотензин
- Калликреин-кинин аппараттары жатады.
Ренин-ангиотензин немесе юкстагломерулярлы аппаратты (ЮГА) қанға өте белсенді зат ренинді синтездейді. Ренин ағзадағы ангиотензинді түзуге қатысып, қан тамырының диаметрін тарылтып, гипертензиялық қызмет атқарып қана қоймай, бұлармен қоса бүйрек үсті безінен альдостеронның және гипоталамустан вазопрессиннің бөлінуін де реттейді. Альдостерон
нефрон түтікшелеріндегі Na+ мен СL-дың реабсорбциясын күшейтеді. Вазопрессин болса, нефронның қан тамырлар шумағындағы қанның гемодинамикасын төмендетіп, несеп жинайтын түтікшедегі судың реабсорбциясын үдетіп, ағзадан судың көп мөлшерде бөлінуін азайтады. Рениннің қанға бөлінуінің белгісі болып табылатын, ол қанды қан тамырлар шумағына әкелетін артериоладағы қан қысымын төмендеуі.
Юкстагломерулярлы аппараттың тағы бір маңызды кызметі, ол эритропоэтиндерді бөлу болып табылады. Бұл апппараттың құрамында:
-Юкстагломерулярлы жасушалар
-Тығыз дақ
-Юкставаскулярлы немесе Гурмагтиг жасушалары болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz