Балалардың әртүрлі жас кезеңіне байланысты анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері және олардың дамуы кезіндегі ауытқуымен байланысты ауруларды алдын алу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: жалпы медицина

Кафедра: жалпы гигиена және экология

Пән: жалпы гигиена

Курс: IIІ

Тақырыбы: Балалардың әртүрлі жас кезеңіне байланысты анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері және олардың дамуы кезіндегі ауытқуымен байланысты ауруларды алдын алу

Орындалу түрі: мәнжазба

Орындаған: Құдабаева Г. Б.

Топ: 310 Б

Тексерген: Тулебаев Д. Қ.

Ақтөбе 2016 жыл

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Бала организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері

2. Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері

3. Дамуындағы ауытқуы бар балалардың жалпы және өзіндік ерекшеліктері

Қорытынды

Әдебиеттер

Кіріспе

Туған күннен бастап бала белгілі бір әлеуметтік ортада өседі, және тәні де жаны да дамиды. Әртүрлі жасқа байланысты даму кезеңдерінде әртүрлі ерекшеліктерге ие болады. Бір жастан екінші жасқа өту шекарасы, және олардың арасында бөгет болмаса да, әр жастағы ерекшеліктер өзгеріссіз қалмаса да, дегенмен де, педагогикалық теорияда балалық шақ кезеңдері белгіленген. Сол жас аралықтарына сай баланың дамуы, өсуі жүріп отырады.

1) Бала организмінде туған уақыттан 14-18 жасқа дейін оның өсуі мен дамуына байланысты бірқатар анатомиялық және физиологиялық өзгерістер болады. Әсіресе бұл ерекшеліктер нәрестелерде және емшек жасындағы балаларда айқын көрінеді. Организм өсіп, қалыптасу кезеңдерінде де бұл өзгерістер әр түрлі дәрежеде білінеді.

Нерв жүйесі

Бала дүниеге келген кезде орталық және шеткі нерв жүйесі әлі толық жетілмеген болады. Балалар инфекцияларға, улануларға және психикалық жарақаттарға өзгеше ауыр жауап береді. Жергілікті белгілер жиі білінбейді. Бірінші орынға жалпы белгілер шығады (дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту) . Сонымен қатар жарақатқа байланысты жалпы ауырғандық туындайды және психикалық реакциясы ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан дөрекі жасалған манипуляциялардан кейін, жансыздандыру дұрыс өткізілмеу салдарынан ақыл - есі сақталу жағдайында болған балаларда жиі тұтықпа, қорқыныш сезімі, кіші дәретін түнде ұстамау - энурез жиі ұшырасады.

Бала психикасының жетілмегендігінен, науқас дәрігердің іс-әрекетін өткізуіне қарсылық білдіреді, шағымдарын айтпайды. Вегетативті нерв жүйесінің жетілмегендігі мен эндокриндік өзгерістердің болу салдарынан науқас балаларда ішек перистальтикасының бұзылыстары, іш қату, іш өту, аллергиялық реакциялар кездеседі.

Жүрек - қан тамыр жүйесі

Бала дүниеге келген кезде жүрек-қан тамыр жүйесі басқа жүйелерге қарағанда жақсы дамыған болады, сондықтан оның компенсаторлық мүмкіндіктері едәуір үлкен. Балаларда жүрек соғысының жилігі үлкендерге қарағанда жоғары, ал артериялық қан қысымы төмен. Ересектермен салыстырмалы қарағанда балаларда қанның көлемі көп, ол 80-150 мл/кг тең (ересектерде 60 мл/кг) . Ал қан ағу жылдамдығы кіші жастағы балаларда 2 еседей жоғары. Нәрестелер мен емшек жасындағы балаларда қанның көп бөлігі ішкі ағзалардың орталық қан тамырларында шоғырланған, ал перифериялық қанмен қамтамасыз етілуі төмен. Барорецепторлар нашар дамыған, сондықтан кішкентай топтағы балалар қан жоғалтуға және ортостатикалық бұзылыстарға өте сезімтал. Жаңа туған нәрестелердің 50 мл қан жоғалтуы, ересектердегі 600-1000 мл қан жоғалтуға тең, демек аз мөлшерде қан жоғалтудың өзі міндетті түрде толық қалпына келтірілуі керек.

Тыныс алу жүйесі

Емшек жасындағы балаларда тыныс алу жүйесі жетілмеген болады. Өкпедегі тыныс алу бетінің көлемі кішкентай. 1 кг дене салмағына шаққанда ересектерге қарағанда едәуір төмен, ал оттегіге мұқтаждығы жоғары. Балалардың қабырғалары көлденең орналасқан. Кеуде қуысы тыныс алу актісіне аз қатысатындықтан, балаларда диафрагма арқылы дем алу басым. Дем алуға қатысатын бұлшық еттердің әлсіз болуынан тыныс алу жүйесінің жетілмегендігі айқын білінеді.

Ересектерге қарағанда балаларда тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылулары жиі. Бұл кішкентай балалардың тыныс алу жолдарының тарлығы, кілегей қабықтың болбырлығы және ісінуге бейім болып келетіндігімен түсіндіріледі. Тыныс алудың кедергілері жас балада жоғары. Көмейдің, кеңірдектің (трахеяның) 1 мм кіші болуының өзі кедергіні одан әрі жоғарылатады.

Салыстырмалы қарағанда үлкен тіл, мен бадамша бездері тыныс алу жолдарының өткізгіштік бұзылыстарының қауіптілігін арттыра түседі. Тыныс алу жолдарының кілегей қабықтары тітіркенуге өте сезімтал, өткізгіштікті бұзатын сілекей тез жиналады. Тыныс алу эпителиінің қызметі және сілекейді жөтелу арқылы шығару қабілеті әлсіз.

Кіші жастағы балалар тез шаршағыш. Тыныс алу орталығы өте өзгергіш. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық және функционалды жетілмеу салдарына газ алмасудың қажетті көлемін сақтау үшін едәуір күш жұмсауы қажет. Тыныс алудың аздаған бұзылыстарының өзі газ алмасудың өмірге қажетті мүшелердің қызметтерін тез нашарлатады, өзгерістерге әкеледі.

Негізгі алмасу және су-электролиттік баланс

Балаларда негізгі алмасу ересектерге қарағанда жоғары. Сондықтан дәрілік заттар үлкен дозада тағайындалады. Жаңа туған нәрестелердің және емшек жасындағы балалар денесінің 70-80% су құрайды (ересектерде 55-60%) . Сондықтан сұйықтық жоғалту өте айқын білінеді. Электролиттік баланстың ерекшелігіне анион мен катиондардың жетіспеушілігі немесе артық болуы, организмнің жоғары сезімталдығы жатады (әсіресе хлор) . Хлордың денеде көп болуы улануға әкеледі, ал көп рет құсу мен іш өту хлорды жоғалтуға ұшыратады. Нәтижесінде осматикалық қысым төмендеп, клетка ішілік сұйықтық плазмаға өтеді де, эксикоз пайда болады.

Су электролиттік баланстың жас балаларда ересектерден айырмашылығы, ол метаболикалық ацидоздың жиі орын алуы мен тез өршуі.

Тері жамылғылары

Жаңа туған нәрестенің терісі өте нәзік, «бархыт» тәрізді жұмсақ. Терісі тез жарақаттанғыш, өте жұқа және борпылдақ келген эпидермалды қабаттан тұрады. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты терінің құрылысы да әр түрлі болып өзгеріп отырады. Тері өте маңызды қызметтер атқарады. Тері мен тері асты майы тереңде жатқан басқа ағзаларды сыртқы ортаның әсерінен қорғайды. Нәресте терісінің қорғану қабілеті жетілмеген. Зақымдалған тері қабаты микробтардың денеге енуіне ашылған қақпа. Дұрыс күтім болмау салдарынан нәрестелердің бұты, қолтық асты, мойын қатпарлары бозданып, қабынады. Балаларда терінің зақымдануы химиялық заттардан және әр түрлі температураның әсер етуінен де болуы мүмкін. Көмірқышқыл газы мен судың бөлінуі арқылы терінің дем алу қызметі іске асырылады. Бұл құбылыс балаларда ересектерге қарағанда жылдам жүреді. Тері дене жылуын бақылайтын ағза. Нәрестеде дене жылуын реттеп отыратын орталықтың қызметі және тері бездері толық жетілмегендіктен денесінің тез тоңазуы немесе тез қызуы жиі кездеседі.

Сүйек - бұлшық ет жүйесі

Балалар сүйегінің серпілгіштік және иілгіштік қасиеттері жоғары. Ол сүйек құрамындағы тұздардың аздығына, сүйек тысының қалыңдығына және қан тамырларының көптігіне байланысты. Сүйек тысы сүйектерге иілгіштік қасиет береді және оларды ауыр жарақаттардан қорғайды. Тиген соққының күшінің әлсіреп, сүйек тұтастығының сақталуы серпілгіш шеміршектердің эпифиздік өсу аймағына байланысты. Балаларда ғана ұшырасатын сынықтар бар: сүйек тысы астындағы сынық, «жасыл шыбық» тәрізді сынық, эпифизиолиз (эпифиздің өсу шеміршектері аймағында тайып кетуі), остеоэпифизиолиз (эпифиз немесе метафиздің бір бөлігі қоса сынып, өсу шеміршектерінің шығып кетуі) . Жаңа туған нәрестелердің бұлшық ет жүйесі әлсіз дамыған. Ол ересектерде денесінің 40% дейінгі мөлшерін құраса, балаларда тек 25% ғана бұлшық ет.

Ас қорыту және зәр шығару жүйесі

Кішкентай балалардың асқазаны көлденең жатады, өсе келе тік орналасады. Асқазанның ет қабаты жетілмеген. Өңештің асқазанға ашылатын жері - сфинктер жеткіліксіз дамыған, кең болады. Ал асқазанның 12-елі ішекке өтер жеріндегі ет қабаты жақсы даму салдарынан нәрестелердің емген сүті асқазаннан өңешке кері қайтып, құсу немесе лоқсу тәрізді құбылыстар береді. Жаңа туған нәрестенің асқазанының сыйымдылығы 30-35 мл, ал бір жасында 250 мл-ге жетеді. Асқазан ферменттерінің белсенділігі ересектерге қарағанда балаларда әлдеқайда әлсіздеу болып келеді. Астың қорытылуы емшек еміп жүрген нәрестелерде 12 сағаттан 36 сағатқа дейін, ал жасанды тамақтандыру кезінде 48 сағатқа дейін созылады. Кішкентай жастағы балаларда асқазанның босау құбылысы ұзақ. Наркоз беріп, операция жасау және түрлі манипуляциялар кезінде науқастың құсып жіберу себебінен тыныс жолдарының аспирациясы болуы мүмкін. Баланың тұншығып өліп кетуі ықтимал. Емшек жасындағы балалардың тағы бір ерекшелігіне ішектің сіңіру қабілетінің жоғары болғандығынан организмнің қорғанушылық қабілетінің төмендеуі жатады. Сол себепті ішек жолдарындағы улы заттар қанға тез сіңіп, бала организмнің улануына (токсикозға) әкелуі мүмкін.

Жаңа туған нәрестенің алғашқы нәжісі қара қошқыл түсті, қою, жабысқақ болады. Оны меконий (тоңғақ) деп атайды. Ол бірінші тәуліктің соңына қарай көтен ішектен сыртқа шығады. Жаңа туған нәрестелердің нәжісі тәулігіне 2-6 рет, одан ересек балаларда 2-3 рет, ал бір жастан асқан сәбилерде күніне 1-2 рет болу тиіс.

Зәр шығару жүйесі арқылы бала зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қалдық су мен керек емес улы заттарды сыртқа шығарады. Нәрестелердің бүйрегі үлкен адамдарға қарағанда төменірек орналасады және әлдеқайда күшті жұмыс істейді. Бір жасқа дейінгі балалардың несепті жинақтап, шығару мүмкіншілігі төмен. Сол себептен де нәрестелердің организмінде судың іркіліп қалуы (гипергидратация) немесе шектен тыс шығып кету (дегидратация) қаупі бар. Бір айлық нәресте тәулігіне 300 мл, бір жасар сәби 600 мл, 10 жастағы бала - 1, 5 литрге дейін несеп бөліп шығарады. Нәрестенің бір мәртелік зәрінің мөлшері өсе келе көбейе береді, 6 айға дейін 30 мл, бір жаста 60 мл, 10-12 жата 250 мл болады. Балалар ересектерге қарағанда несепті көп бөледі. Бала қатты терлесе, зәр мөлшері азаяды. Жылы бөлмеде нәресте несепті аз бөліп, суық бөлмеде көп шығарады.

2) Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған. Бұл әсіресе баланың тіл дамуында ерекше байқалады. Өйткені балалардың сөз құрауында тітіркендіргіш күшінің (сыртқы әсердің) маңызы үлкен, яғни буындардың дыбыстың күші. Осыдан педагогикалық практика үшін қорытынды: 2-3 жасқа дейін және одан әр балалардың сөзді айтуда қателерді және сөйлеуде мағынасыз бөліктерге бөлуді үнемі түзетіп отыру ата-аналардан және тәрбиешілерден талап етіледі.

Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. «Әже маған су бер» деген сөздің орнына «әже су» сияқты сөздермен алмастырады.

Екінші жас-бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды.

Төртінші жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады.

Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі-ойлау, көркем өнер, т. б түрлері анықталады.

Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбишілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш т. б) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әр түрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.

Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:

Тіл: Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.

Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екенін түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады ( егер бала балабақшаға барып жүрген болса) . Алты жасар бала түсінікті тілмен-контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.

Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп ( үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар - бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі) .

Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т. б қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.

Зейін. Тікелей қызығушылықпен байланысты ( ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де балса нашар дамыған.

Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі, оның зейінін зерттеу обьектілеріне қызығушылығы жоғалғанша аударады. Егер алты жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 сағат ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып өнімді іс әрекетпен айналыса алады.

Алайда бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді.

Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады.

Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

Ес. Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы. Ес жетекші танымдық процесс болып саналады. Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Шын мәнінде мектепке дейінгі жаста баланың тілді меңгеруі соншалықты ол нағыз ана тілін иеленуші болады. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.

Алты жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерімен саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз есте сақтау жемісті бола бермек.

Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.

Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ондағы айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның соншалықты алуан түрлі болады.

Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау-алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.

3) Дамуында ауытқуы бар балаларда жалпы кемшіліктер сияқты өзгеше қиындықтары да болады. Ол бірінші және екінші ауытқудың ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Бірінші ауытқу тікелей биологиялық аурудың сипаттамасынан бастау алады, ал екінші ауытқу бірінші аурудың жалғасы ретінде пайда болады, және біріншіден олар ертеректе түзету мақсатында көрсетілген көмекке жүгінеді. Л. С. Выготский тұжырымы бойынша екінші ауытқу психологиялық және педагогикалық түзету мен зертеудің негізгі объектісі болып табылады. Баланың дамуындағы кемістігінің түрлері бірінші және екінші ауытқудың ұқсастығына байланысты екенін ескерген жөн. Бұл дәлелдер Выготскийдің пікірін растайды, яғни бірінші бұзылу ауытқудың құрылымын ғана анықтамайды. Сонымен қатар жетіспеушілікті күшейтетін немесе одан арылтатын тәрбие шартын да анықтайды. Мысалы, мүмкіндігі шектеулілерде ақыл-ой бұзылуы бірінші болып табылады. Кейбір балаларда мінез-құлық дұрыс қалыптасқан және үлкендермен балалардың қарым-қатынастың қолайлығы көрінуі мүмкін, ал кейбіреулерінде мүлдем қарым-қатынасқа алмаушылық байқалады. Мысалы: эмоционалды бұзылуы бар балаларда жалпы мәселеге баланың әлеуметтік бейімделе алмауы, төмен деңгейдегі психикалық процесі қажеттілік түрткісінің қалыптаспауы моторлы дамуының жетіспеуі әрекетінің мінез-құлқының озбырлығы. Жоғарыда айтылып кеткен кешіліктер әр түрлі ауытқуы бар мектепке дейінгі балаларда әр түрлі деңгейде әр-түрлі ауытқу деңгейінде байқалуы мүмкін. Өзгеше қиындықтар бұл баланың дамуындағы әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы. Мектепке дейінгі түзету педагогикасы әр деңгейдегі баланың білімімен тәрбиесі мен айналысады. Сонымен бірге бала үшін отбасы ең маңызды институт болып табылады. Ата-ананың әлеуметтік педагогикалық бейімділігі бала тәрбиесіндегі ата-ана қарым-қатынасы проблемасы бар баламен қарым-қатынас жасауды үйретуде мектепке дейінгі тәрбие педагогика кіреді.

Нәрестелік шақ (2 айдан 1 жасқа дейін) .

Өмірінің алғашқы күнінен бастап ақыл ойы артта қалған баланаң дамуы қалыптағы баланың дамуынан айырмашылығы бар. Олигофрен - балалардың көбінің тік жүріп дамуы кешеуілденеді. Олар бастарын қозғалтуы, отыруы, жүруі, тұруы кеш басталады.

Ақыл ойы кем баланың қоршаған ортаға қызығушылығының төмендігі байқалады. Жалпы потологиялық селқостық (қатты дауыстаушылық, мазасыздық, тітіркендіргіштік т. б. ) байқалады. Оларда «жандану комплексі» үлкендермен эмоционалды қарым-қатынас қажеттілігінің болмауы байқалады. Қалыптағы дамыған бала дауысқа жауап беру ретінде үлкендердің күлімдеуіне қол-аяғын қимылдатып, күледі, ақырындап уілдейді, бұл баланың үлкендермен қарым-қатынас қажеттілігінің пайда болуын айтады.

Ары қарай ақыл ойы кем балаларда ойыншықтарға еш қызығушылықтары туындамайды, төсектің басындағы ілінген ойыншыққа, не үлкен адамның қолындағы ойыншыққа қызықпайды. Өздігінен үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ойыншықтар арқылы бірлесіп әрекет жасау мақсаты туындамайды. Қарым-қатынастың жаңа формасы ым-ишара да қалыптаспайды. Өмірінің бірінші жылдарында балалар өз үлкен адамдарын бөтен адамдардан ажырата алмайды, дегенменде қалыпты дамыған балаларда бұл өмірінің бірінші жылында байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пульс ауытқуының түрлері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдары
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Көру қабілетінің бұзылуының негізгі түрлері
Медициналық психология пәні
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz