Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі.
Ә)Аталық жыныс жүйесі. Аталық жыныс жүйесінің қосымша бездері
Б)Аналық жыныс жүйесі. Генеративті қызмет.Овуляция.Сары дене.
ІІІ. Қорытынды.
Жыныс жүйелері ағзада репродуктивті қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы.Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады.Аталық жыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық түбі безі т.б. жатса ал, аналық жыныс жүйесіне – аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, түтігі мен қынап жатады. Әйел адамдарда сүт безі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогенез, төрт сатыдан тұрады, ал аналық бездерінде аналық жасушаларының дамуы овогенез үш сатыдан тұрады.
Дамуы. Жыныс жүйелердің дамуы зәр шығару жуйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықты 3-аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында білінеді де, ізінше ішектің соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқылы қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады.Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары,ол аталық безде тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды.Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады.Ал,эндокринді немесе интерстициальді жасушаларыгормональды қызмет атқарады. Бұлар мезенхимадан дамыған белсенді түрде бөлінетін эндокриноциттер болып табылады. Индифферентті жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің 6-аптасынан басталады.
1.”Цитология,эмбриология және гистология” Ж.О.Аяпова
2.”Гистология” Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрин
3.”Эмбриология негіздері” Т.Ж.Үмбетов Т.Ж.Бримов

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі. Жыныстық дифференцировканың факторлары
Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра:Гистология, цитология, эмбриология
Дисциплина: Гистология-2
Курс: 3

Орындаған: Құдабаева Г.Б.
Тобы: 310 Б
Тексерген: Бердалинова А. К.

Ақтөбе 2017

Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі.
Ә)Аталық жыныс жүйесі. Аталық жыныс жүйесінің қосымша бездері
Б)Аналық жыныс жүйесі. Генеративті қызмет.Овуляция.Сары дене.
ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе

Жыныс жүйелері ағзада репродуктивті қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы.Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады.Аталық жыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық түбі безі т.б. жатса ал, аналық жыныс жүйесіне - аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, түтігі мен қынап жатады. Әйел адамдарда сүт безі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогенез, төрт сатыдан тұрады, ал аналық бездерінде аналық жасушаларының дамуы овогенез үш сатыдан тұрады.
Дамуы. Жыныс жүйелердің дамуы зәр шығару жуйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықты 3-аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында білінеді де, ізінше ішектің соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқылы қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады.Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары,ол аталық безде тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды.Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады.Ал,эндокринді немесе интерстициальді жасушаларыгормональды қызмет атқарады. Бұлар мезенхимадан дамыған белсенді түрде бөлінетін эндокриноциттер болып табылады. Индифферентті жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің 6-аптасынан басталады.
Аталық жыныс жүйесі. Ен немесе аталық жыныс безі - аталық
жыныс жасушасы мен аталық безінің гормоны тестостеронды түзуге
қатысады.
Дамуы. Біріншілік бүйректің үстіңгі бетінен алғашқыда еннің дәнекер тінді қабығы ақ қабық пайда болып, одан алдымен жәпше түрінде, ұрық түтікшелері дамиды.Ұрық түтікшелері біртіндеп еннің торын түзеді. Пайда болған ұрық түтікшелердің ішінде біразы гонациттер түрінде көбейеді де, ал қалғаны эпителиальді тіректік жасушалар түрінде сақталады. Бездің онтогенезінде генеративті қызметінен эндокринді 8-10 аптасында тестостеронның синтезі білінеді, ал белокты андрогендер одан да бұрынырақ синтезделіне бастайды. Ұрық шығатын жолдары аталық безінің ұрық түтікшелері мен оның қосалқысын құрайды.Бұлар арқылы сперма (сперматозоидтар мен сұйықтық несепағар түтікшесіне жылжиды. Ұрық жолдары аталық бездің тік түтікшелерінен басталып, одан бездің торына, тордан шығатын 12-15 иректелген ұрықты алып шығатын түтікшелерінен, ұзап барып ен қосалқысымен жалғасады.
Еннің(бездің) қосалқысы бірнеше рет иректеліп келіп, одан соң қуықасты безіне өтіп,осы жерде несеп шығару түтікшесіне байланысатын ұрық шығаратын тік түтікшеге ұласады . Еннің ұрықты алып шығатын жолдарының құрылысына тән қабықтары бар. Бұлар:кілегейлі,бұлшық етті және адвентициальді болып бөлінеді. Ұрық жолдарының кілегейлі қабығының эпителиі барлық бөліктерінде безді-секреторлы (әсіресе,бұл ен қосалқысының ұшында айқын білінеді). Еннің тік түтікшелерінің эпителиі призма тәрізді.Еннің торында бұл эпителий куб немесе жалпақ болып келеді. Бездің ұрық шығару түтікшелерінің эпителиінің құрамындағы жасушалары екі түрлі: кірпікшелі және безді жасушалар түрлері,түтікше қабырғасында кезектесіп орналасады. Ен қосалқысының қабырғасындағы эпителиі екі қатарлы. Оның құрамында биік призма тәрізді және базальді мембранаға жақын орналасқан қыстырма жасушалары бар. Еннің қосалқысы сперма жиылатын резервуар (қапшық) болып та саналады. Сонымен қатар, эпителий сперманы сұйылтатын сұйықтықты бөледі,бұл бөлінген сұйықтық сперматозоидтарды жауып тұратын гликокаликс қабатын түзуге қатысады. Ен қосалқысының етті қабығы жиырылып сперматозоидтардың ұрық жолымен оңай жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл қабық тегіс салалы миоциттер жігінен тұрады.Ұрық жолдарының сыртқы қабығы дәнекер тінді адвентициальді қабық болып саналады.
Аталық жыныс жүйесінің қосымша бездері. Бұлар:ұрық көпіршік-
тері, қуық түбі безі,бульбоуретральді бездер жатады.
Ұрық көпіршіктері. Ұрық шығатын түтікшенің қабырғасының дистальді (жоғарғы) бөлігінің қалыңдап өсуінен пайда болады. Бұл жұп секреторлы безді мүше. Негізгі қызметі сперманы сұйылтатын әлсіз, сілтілі реакциясы бар,секретінің құрамы фруктозаға бай, шырышты секрет бөлетін без болып табылады. Қабырғасы үш қабаттан тұрады.Олар:кілегейлі,бұлшық етті және сыртқы адвентициальді қабықтар.Кілегейлі қабықта шырышты экзокриноциттерден тұратын альвеоларлы бездердің терминальді бөлігі орналасады.Бұлшық етті қабығы жақсы дамыған, екі қабаттан тұратын миоциттер тобы.Адвентициальді қабық құрамында эластинді талшықтары бар,тығыз дәнекер тінді құрылым.
Бульбоуретральді бездері- құрылысы жағынан альвеоларлы-
түтікшелі.Секреторлы өзегі зәр шығаратын түтігінің жоғарғы бөлігіне
ашылады.Секрет шығаратын өзегін тыстайтын эпителиі куб немесе
призма тәрізді.Эпителий жасушаларының цитоплазмасында шырышты
көпіршіктер мен жасуша қосындылары да аршылық.Без бөліктерінің
арасында борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінді перделері
мен миоциттер жігі де көрінеді.
Қуық асты безі немесе простата құрамында көптеген бездің өзектерінен тұратын несеп ағар каналының жоғарғы бөлігін қамтитын бұлшық етті - безді мүше.Без эмбриогенездің 11-12 аптасында дами бастай-ды.

Аналық жыныс жүйесі. Аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс бездері мен қосымша жыныс мүшелері (ұрық жолы,жатыр,қынап,сыртқы жыныс мүшелері) жатады.
Аналық безі - жұп мүше.Бұл без аналық жыныс жасушаларын қалыптастырумен қоса эндокриндік (жыныс гормондарын синтездеп) қызметтерді де басқарады.
Дамуы. Эмбриогенздің 7-8аптасының соңына қарай бездің бастамасы біліне бастайды.Аналық бездің құрамындағы мезенхимасының ұрық дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады. Ұрықтың 6-аптасының басына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық бездің тамырлы аяқшасының қалыптасуы басталады.6-8 апталық ұрықта аналық бездің ұыртысты заты біліне бастаса,ал боз заты бұдан кейінірек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Генді-модификацияланған организмде сипаттамалары, сынама алу тәртібі мен технологиясы
Адамның шығу тегі
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы
Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны
Онтогенез және филогенез
Жасушалардың жіктелуі
Жас төлдерді өсіру технологиясы
ГАСТРУЛЯЦИЯ. ОСЬТІК МҮШЕЛЕР МЕН ҰРЫҚТЫҚ ҚАБЫҚШАЛАРДЫҢ ҰРЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Иван Шмальгаузен
Пәндер