Суды тиімді пайдалану


Суды тиімді пайдалану
Кіріспе
«Жаныңды жай таптыратын су! Судың не исі, не түсі, не дәмі жоқ. Өмір сүру үшін су маңызды деп жатады, сенің өзің - адамға берілген өмірсің. Әлемдегі барлық байлық - сенде . . . »
Антуан Сент-Экзюпери
Судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын қызыметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні зор. "Сулы жер-нулы жер" дейді халық мақалы. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс.
Неге осы тақырып таңдалды?
Ауыз суды үнемді пайдалану - бұл бүкіл әлемге ортақ проблема.
Ай сайын су төлейтін түбіртек әкелгенде, түбіртекпен қоса ыстық су және суық су есептеуіш құралдарын орнату жайында жарнамалар қоса келеді. Біздің пәтерде ондай құралдар орнатылмаған. Сондықтан, осы жарнамаға қаншалықты сенуге болатынын анықтау керектігін шештім. Сонымен қатар, менің сыныптастарымның арасында қаншасының пәтерінде су есептеу құралдар орнатылғанын анықтамақшы болдым. Осы мәселені зерттей отырып, суды қалай үнемді пайдалану керек екенін және оның қаншалықты маңызды екенін анықтау.
Зерттеу мақсаты: Суды үнемдеу барысында қанша қаражат үнемделетінін анықтау. Ауыз суды үнемдеу мәселесі жайында молырақ ақпарат алу.
Зерттеу міндеттері :
- Қазіргі заманда ауыз су тапшылығы неліктен күрделі мәселе екенін анықтау;
- Қала пәтерлерінде суды қалай үнемдеу керектігін анықтау;
- Пәтерге су есептеу құралдарын орнату барысында судың қаншалықты үнемделетінін анықтау;
- Пәтерге су есептеу құралдарын орнату отбасы бюджетіне қаншалықты үнемді екенін анықтау.
Зерттеу әдістері:
- Тақырып бойынша ақпарат іздеу және жинау.
- Су есептеу құралы орнатылған және орнатылмаған пәтерлердегі отбасының суға жұмсалатын қаражаттарын салыстыру.
- Сауалнама жүргізу.
- Тақырып бойынша математикалық есептер құрастыру.
Болжам: Су есептеу құралы отбасының қаражатын үнемдеуге пайдалы болса, мүмкін пәтерімізге су есептеуіш құралын орнатамыз.
Тақырып бойынша ақпарат
Су - тіршілік көзі. Сусыз күніміз жоқ. Су - керемет, сирек кездесетін минерал!
Қазақстан әлемдегі басқа елдерге қарағанда суды көп қолданатынын ескерсек, өмір нәрі ресурстарын ысыраптау тоқтамаса, болашақта су тапшылығына ұшырауымыз әбден мүмкін.
Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 құрайды, оның 56, 5 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9, Өзбекстаннан - 14, 6, Қырғызстаннан - 3, 0 Ресейден - 7, 5. Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердiң арасында соңғы орынды алады. Біздің қорымыздағы бар суымызды жерге жайып жіберетін болсақ, бар болғаны 42 мм болады екен.
Мамандардың есебіне сүйенсек, бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды екен. Нанғысыз, бірақ, дәлелді. Сонда 500 мыңнан астам тұрғыны бар облысымызда тәулігіне қанша текше метр су жұмсалатынын пайымдап көріңіз.
Салыстыру үшін мынадай деректерді көрсете кетейік. Тәулігіне 1 адамның суды тұтынуы Мәскеуде - 700 литр, Ташкентте - 500 литр, Парижде - 450 литр, Лондон мен Копенгагенде - 250 литр. Ал Астананың әрбір тұрғыны тәулігіне 250 литр су шығындайды. «Қарағанды Су» мекемесінің есептеуіш бойынша Қарағандының әр тұрғыны тәулігіне 140 литр суық су жұмсайды.
Президент өз сөзінде егер біз ойлау жүйемізді өзгертпесек, ел дамуының өзіндік ерекшеліктерінде үлкен қиындықтарға кез болатынымызды атап өтті. Әрқашанда бізде мұнай да, газ да бола бермес. Бүгінгі таңда таза ауыз судың проблемалары туындап отыр. Егер суды үнемдеуді үйренбесек, соңы жақсылыққа алып келмесі анық. Жалпы, біз қандай суды да үнемдеп пайдалануды үйренуіміз керек. Ең бастысы, біз барды үнемдей білетін қоғам болуымыз керек. Әйтпесе, табиғат ресурстары барлығына жетпейді. Табиғат байлығының бітетінін ойлануымыз қажет. Бүгіннен бастап үнемдеу шараларына кіріскеніміз жөн. Қазір бүкіл елдер ресурстарды үнемдеу үшін өздерінің өндірістерін, автокөліктерін, үйлерінің шатырларын қайтадан құрастырып, жаңартып жатыр. Суды, газды үнемдеу үшін әртүрлі құрылғылар ойлап шығарылуда.
Суды тиімді пайдалану үшін ұсыныстар:
- Тіс жуғанда және сақал алғанда стақан пайдаланылса, әр жағдайда 5-10 литр су үнемделеді;
- Унитазға су ағызғанда 15 литр су жұмсалады;
- Ыдысты ағып тұрған судың астында жуса, 100 литрге дейін су жұмсалады;
- Автокөлікті шлангінің көмегімен жуса, 200 литр су жұмсалады;
- Унитаздан сыздықтап су ағып тұратын болса, онда тәулігіне 40 литр су босқа ағып кетеді;
- Ваннада шомылған кезде жұмсалатын су мөлшері душпен жуынғанда жұмсалатын сумен салыстырғанда 3 есе артық жұмсалады;
Сондықтан суды үнемдеу үшін:
- Қажетсіз суды босқа ағызбау керек;
- Ыдысты жабық раквинада жуу керек;
- Автокөлікті жуған кезде шланг емес, ведро қолдану керек;
- Душтың басына ұсақ тесікті су шашқыш орнату керек, сонда 50% су үнемделеді;
- Кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру керек.
Бір сөзбен айтқанда, суды үнемді қолдана отырып та, тазалықты сақтауға болады.
Егерде отбасы күнделікті қолданатын су көлемінің 20%-ын үнемдесе, онда бір жылда диаметрі 200 метр және тереңдігі 2 метр көл пайда болар еді.
Бұлаққа бұлақ қосылса - "егізбіз" дейді,
Көлге көл қосылса - "теңізбіз" дейді.
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде «Қарағанды Су» мекемесі де, жергілікті әкімшілік те тұтынушылардың бір тәулікте қажетіне қанша су жұмсалу керектігін айта алмайды. Әр ауданда тұрғындардың суды тұтыну нормалары әртүрлі.
Жобаның тақырыбы бойынша интернеттен ақпарат қарап отырғанда, кезінде Алматыда әр адам басына тәулігіне 670 литр су қолданатын болса, қазір 100-120 литр айналасында екенін оқыдым, яғни осыдан 20% судың үнемделгенін байқауға болады. Мұндай көрсеткішке қаладағы үйлердегі пәтерлерге су есептегіш құрал орнату барысында қол жеткізіп отыр.
Есептеулер бойынша егер қаладағы барлық пәтерлерге су есептеуіш құралдар орнататын болса, тәулігіне бір адам басына жұмсалатын су мөлшері төмендер еді.
Су есептеуіш құралдарды орнату барысында, су ғана үнемделіп қоймай, отбасының бюджеті де үнемделеді. Су есептеуіш құралмен төлеген кезде, тұтынушы, су құбырларының бұзылуы барсында босқа ағатын су үшін төлем ақы жүргізбейді. Себебі тұрмыстық-коммуналды секторларында су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су көлемі алынған су көлемінің 35 %-ын құрайды.
Сондықтан, егер біз көшелердегі босқа ағып жатқан сулар үшін төлемейтін болсақ, онда тұрмыстық-коммуналдық секторлар көшедегі су өтетін құбырларды жөнге келтірілуін қадағалар деп сенеміз.
Су құбырларындағы суды пайдаланғанда бір тәуліктік норманың 1-2%-ы ғана тамаққа пайдаланылып, қалған бөлігі ластанады екен.
Су есептеуіш құрал орнатылған отбасыларында
1 м 3 суық су - 57, 92 тенге
1 м 3 ыстық су - 277, 72 тенге
Су есептеуіш құрал орнатылмаған отбасыларында
1 адамға суық су - 249, 03 тенге - 4, 3 м 3
1 адамға ыстық су - 883, 16 тенге - 3, 2 м 3
Суық судан үнемделетін қаражат
Ыстық судан үнемделетін қаражат
Су есептеуіш құрал орнатылған жағдайдағы суық су мен ыстық судан үнемделетін қаражат
Жасалған есептеулер нақты болу үшін келесідей шығындарды да еске алу керек: су есептеуіш құралдардың құнын, оны орнатуға жұмсалатын қаражат, пәтердегі су келетін құбырлардың саны (су есептеуіш құралдың саны) . Сонымен қатар, су есептеуіш құралдың уақыт өте келе (4-5 жыл) ауыстыру керектігін ескеру қажет.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, есептеулер жасағаннан кейін ғана су есептеуіш құралдың тиімділігін анықтауға болады.
Менің сыныптастарымның қаншасында пәтерінде су есептеуіш құрал орнатылған? Мұғаліммен бірлесе отырып, біз 5Ә сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргіздік. [Қосымша 1] Сауалнамаға төменде көрсетілген сұрақтар енгізілді:
- Пәтерлеріңізде қанша адам өмір сүреді?
- Пәтерлеріңізде су есептеуіш құралдар орнатылған ба?
- Орташа есеппен айына қанша су жұмсайсыз?
- Пәтерлеріңізде су есептеуіш құрал неге орнатылмаған?
Суалнаманың нәтижесін қортындылай келе:
Сауалнама жүргізілген отбасы саны - 15
Ыстық суға су есептеуіш құрал орнатылған отбасы саны - 7
Суық суға су есептеуіш құрал орнатылған отбасы саны - 10
Су есептеуіш құралы жоқ отбасылар саны - 5.
Әр отбасында айына орташа есеппен ыстық судың жұмсалуын қарайтын болсақ, келесідей нәтиже аламыз: әр отбасы айына 6 м 3 (адам санын ескермегенде) ыстық су жұмсайды. [Қосымша 2] Егер қала нормативтерімен салыстырса (3, 2 м 3 1 айда 1 адам басына), сонда отбасында ыстық су есептеуіш құралы болмаған жағдайда, қаншама артық қаражат төленетін байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz