Болашақ кәсіби мамандарды ұлттық өнерге баулу (сандықша жасау өнері мысалында)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетіДосқараев Берген
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В01200 «Кәсіптік оқыту»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті
«ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ» Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к Ж. Қ. Күнпейіс
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Болашақ кәсіби мамандарды ұлттық өнерге баулу (сандықша жасау өнері мысалында) » .
5В01200 «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Орындаған: тобының студенті
Ғ ылыми жетекшісі,
П. ғ. к., доцент м. а
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер Анықтамалар
Белглеулер мен қысқартулар
Кіріспе 4
- БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІБолашақ кәсіби мамандарын даярлауда оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытудың педагогикалық, психологиялық
ерекшеліктері 6
Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің даму тарихы 15Болашақ мамандарды ұлттық өнерге баулудың мүмкіндіктері 17ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АҒАШ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІМектептің ағаш өндеу шеберханасын жабдықтаудыңталаптары 27
5-7 сынып оқу бағдарламасында сәндік қолданбалы өнер (ағаш өңдеу) жұмыстарына талдау жасау 33
5-7 сыныптарда ұлттық бұйым сандықша жасау өнеріне үйретуәдістері 38
БҰЙЫМ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ3. 1. Ұлттық бұйымдарды дайындаудың негізгі талаптары 49
Сандық бұйымын дайындау жолдары 55Бұйымның экономикалық есебі 56Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер 60
Қосымшалар 65
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың „Қазақстан-2030“ атты жолдауы;
- Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ - ХҚТУ - 015 - 2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
- УЕ - ХҚТУ - 027 - 2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы.
Қабілеттілік - оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
ОТ - оқыту технологиясы.
Қазақ ССР - Қазақ Советтік Социалистік Республикасы.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде білім беру жүйесінде соңғы онжылдықта тың өзгерістер жасалып, әлемдік білім беруге ұмтылуда. Сол үшін еліміздің экономикасын қарқынды дамытуда алдымен бүгінгі жасұрпақты білімдар етіп, жан-жақты даярлау үкімет алдында тұрған еңбір жауапты мәселе екендігі барша қазақстандықтарға аян. Соның бір айғағы бүгінгі мектеп реформасынының өзекті мәселесінің бірі - оқушылардың еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беруді түбірімен жаңарту және әрбір мекеме орындарында жұмыс істей білетін жан-жақты да қабілетті мамандарды даярлау, ең өзекті мәселе болып табылады. Осы орайда әрбір жас буын алдымен өз білімін жеке басына ғана емес, қоғамға да пайда келтіретін саналы азамат ретінде мектеп қабырғасынан бастау алу керектігі аталып өтілуде.
Сондықтан да мектеп қабырғасынан оқушыларға пәндік білім беріп қана қоймай, олардың болашаққа бағытталған өз ұстанымын дұрыс бағытта дамытуда олардың шығармашылық белсенділі мен шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады. Жалпы жоғары сынып оқушыларының шығармашылық белсенділік қабілеттерін дамытуда және олардың жан- жақты үйлесімді дамуында мектептегі еңбек тәрбиесінің (технология пәні арқылы берілетін) маңызы зор болып саналады.
Әсіресе білім беру ісі, балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шеше білуіміз керек.
Жалпы мемлекеттің күш-қуаты, ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың сапасымен анықталады. Сондықтан да өркениетті дамушы 50 елдің қатарында болу үшін мектеп оқушыларының әр уақытта қоғамдық санасының яғни жеке тұлғасының еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Ол үшін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда мектепте өтілетін технология пәнінің алатын орны ерекше. Технология пәнінде жоғары сынып оқушылары, қарапайым еңбек түрінен бастап өндірістік білім негіздерінің теориялық жағынан мәлметтер ала отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, техникалық шығармашылық қабілеттері артып отырады.
Дегенмен, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда қай пәннің болсада өзіндік үлесі бар болғанмен еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын орны ерекше екендігін атап кетуге болады.
Технология пәнінде мектеп оқушылары еңбектің алғашқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой - өрісі, сана-сезімдері және олардың
пәнге деген қызығушылықтары арта түсіп, шығармашылық белсенділіктері артып отырады.
Сондықтан да жалпы білім беретін мектептің технология пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда және мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде, бүгінгі мектептің технология сабағы дегенмен өз дәрежесінде өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұсынылған оқулықтарында кемшіліктер көтеп кездеседі. Мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін дамыта түсетін арнайы дайындалған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтың қасы. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама- қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы да осы мәселелердің шешімін табу мақсатында оқу- әдістемелік құралдарға талдау жасауға «Болашақ кәсіби мамандарды ұлттық өнерге баулу (сандық жасау өнері мысалында) - деп алуға себепші болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін ұлттық өнер арқылы дамытудың психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
- мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау;
- жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін технология сабақтарында оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін ұлттық өнер арқылы дамыту;
Зерттеу пәні - Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін технология пәнінде дамыту.
Зерттеу жұмысының әдістері - талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, сауалнама жүргізу, т. б.
Зерттеу жұмысының нысанасы - жалпы білім беретін орта
мектептердің оқу- тәрбие үдерісі.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Болашақ кәсіби мамандарды даярлауда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық,
педагогикалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың „Қазақстан-2030“ атты жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының ерлік жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады . . . деген сенімі жай айтылған сөз емес деп түсіндіреді [2] .
Бүгінгі таңда Республика аумағында орналасқан барша білім беру мекемелерінің жауапкершілікті ісі балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік-мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы еңбір жауапты істеріміздің бірі деп санауымыз керек.
Мемлекеттің күш-қуаты, ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылыммен техниканың, мәдениетпен өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың сапасымен анықталады.
Ал бүгінгі қоғамымызда жүріп жатқан жасұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру істеріндегі өзгерістер елімізде өтіп жатқан білім беру ісіндегі жаьандану реформаларымен ғылыми техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің жаңаша жүйесі құрылып, еуропалық білім беруге көшу бағытталған. Аталған тың өзгерістер әсіресе оқу-тәрбие үдерісіндегі болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметінде жаңаша қарауды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды және мұғалім іс әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Өйткені, бүгінгі өнерлі жас ұрпақ тек қана біздің өмірдің тікелей жалғастырушысы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Ал қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Бүгінгі таңда кез келген мамандық атаулының барлығы біліктілікті, ептілікті, шапшаңдықты әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндіктеріне орай дамыта білуді қажет етеді. Сондықтан да мектепте белгілі бір білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін одан ары қарай дамыта түсу. Ал, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда және оларды жан-жақты үйлесімді дамуында еңбек тәрбиесінің маңызы зор екендігі педагогика ғылымы саласында зерттеу жүргізген әлемдік, отандық ғалымдар мен білім беру саласына көптеген үлес қосқан ағартушыларымыздың еңбектерінде баяндалған. Шығармашылық тұрғыда сөз ететін болсақ, мынандай түсініктемелерді беруге тура келеді.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар (философтар, педагогтар) ертеден-ақ өз үлестерін қоса білді. Мысалы, Аристотельдің «Жан туралың еңбегі, Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасы, И. Г. Пестолоцци мен А. Дистервег еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуында шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын атап өтеді [3] .
Бала шығармашылығының жантану негіздерімен тығыз байланысты екенін психологтар да үнемі зерттеп, көптеген тұжырымдар арқылы дәлелдеді. Америка психологы М. Корне, орыс психологтары А. Н. Лук, В. И. Андреев, И. Л. Лернер, А. Л. Яковлевтердің еңбектері шығармашылық қабілеттің құрамдас компоненттерін зерттеуге бағытталған.
Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К. Д, Ушинский „ Ана тілін оқытуға басшылық,, еңбегінде, В. А. Сухомлинский „Балаларға жүрек жылуы“ еңбегінде, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская, т. б. өздерінің еңбектерінде атап көрсетілсе, ағартушылық идеяны Қазақстанда тұңғыш рет көтерген Ы. Алтынсариннің „Таңдамалы педагогикалық мұралары“, М. Жұмабаевтың „Педагогика“, Т. Сабыровтың „Оқыту теориясының негіздері“, Ж. Әбиевің „Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері„ еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында шығармашылық қабілеттілікті дамытудың маңыздылығына көп тоқталады
[4] .
Адам бойындағы қабілетті дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі танытуына көмектеседі. Адамның ойлау үдерісі қандай да бір сұраққа жауап беру, белгілі бір тапсырманы орындау, іс-әрекеттің қандай да бір түрін табу және тағы басқа да қажеттіліктер туғанда активті қызмет жасауға көшеді.
Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің өзіне тән білім беру жүйесі болады. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының „Білім беру тұжырымдамасында“ ұсынылып отырған жүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге асатын, мүмкін болатын құрамалары айқын белгіленген.
Ұсынылған үкімет тұжырымдамасы - ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Онда Қазақстан Республикасының білім берудегі мақсаттары мен міндеттері, құрылымы мен мазмұны және дамуының негізгі стратегиялық бағыттары анықталған. Соған сәйкес құрылған бағдарламаның негізінде біз мектептегі сабақ үдерісін қоғам талаптарына сай жан-жақты дамыту арқылы ұйымдастыра білуіміз керек.
Осындай жауапты істерді бүгінгі Егеменді Қазақстан, әлемдегі қуатты дамушы 30 елдің қатарына қосылып, еуропалық үлгідегі әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен орын алуға ұмтылыс жасауда. Кезінде ұлы ағартушы - педагог Ахмет Байтұрсынұлы „Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, әм күшті болуымыз керек. Білімді болуға ұмтылу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек„ деп сара жол сілтеді [5] .
Өсіп келе жатқан ұрпаққа шығармашылық тәрбие берудің тиімді нұсқаларын әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсаттың қолайлы құрылысын анықтаудан бастау керек. Мұнсыз оқушылардың білімін жетілдіру жемісті бола бермейді.
Затқа, объектіге т. б. көңіл аудару көп жағдайда оқушылардың қоршаған ортаны тануда жетістікке жеткізеді, себебі, ол көзбен қабылдаудың толықтығын және тереңдігін қамтамасыз етеді, ойлаудың активтілігіне құбылыстардың қандай да бір нысанасын үйренуге бағытталған оқушының ерік - күшінің жиналуына жағдай жасайды.
Оқушының көру және есту қабілеттерін қалыптастыруда әр түрлі құбылыстар мен фактілерді байқау, шынайылық объектілерінің мағынасын, аз байқалатын жақтары мен белгілерін есепке алу қажет. Көз алдына елестету функциясының сөйлеуді дамытуға тәуелді екенін Л. С. Выготский тауып айтқан еді. Оның тұжырымында көз алдына елестету сөйлеу дамуына тәуелді, яғни балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналатын ұжымдық - әлеуметтік кепілдігі. Жоғарыда айтылған тұжырымнан көріп отырғандай, егер бала көркемөнермен байланысты болмаса, сурет салу, ән айту, өлең оқу дағдысы болмаса, оқуға, еңбек етуге ынтасы болмаса сөйлеу процесі тежеледі, көз алдына елестету қабілеті жойылады. Ал бұл жағдай баланың шығармашылық әрекетін тоқтатады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың
маңыздылығын атап көрсеткен.
Ы. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс тіл табыса білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп, оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіссің, - деп атап көрсетті [6] .
Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
- педагогикалық қызметті толық оны дұрыс атқаруы;
- оқушының ақыл - ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын
білу;
- бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
- шығармашылық үдеріс негізін меңгере білу;
Психологтардың зерттеуі бойынша оқушылардың әрбір жас кезеңінде шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік негізгі рол атқарады. Жалпы қабілеттілік - оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны
тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы. Өзбек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің «Ғажайып мәжілістері» атты еңбегінде адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын жүйке жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді.
Мектептің жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі төменгі сынып оқушыларына қарағанда саналы түрде көрінеді. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін шығармашылық қабілеттерін ерте бастан дамытып отыру кез келген ұстаздың міндетті борышы екенін ұмытпауымыз керек.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде Ресей ғалымы И. П. Волковтың айтқан пікірінде оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты болып келеді деп түсіндіреді.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие процесі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі процес.
Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс-әрекетте ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады.
Оқу үдерісіндегі ең негізгі қайшылықтармен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да оқушының білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т. б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқу ттт ының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді. Ол үшін кез-келген оқытушы шәкірттің білім, білік
деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек. Мұндай жағдайларды бүгінге дейін 4 жыл мерзімі арасында оқу жоспарына сай алуан түрлі педагогикалық іс тәжірибеден өтіп келдік. Педагогикалық іс тәжірибе кезінде сан түрлі оқушылармен кездестік. Атап өткенде өзіміз тұратын Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы Бөген ауданы, бүгінгі Ордабасы ауданы орталығында орналасқан жалпы білім беретін Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектепте осы жылдың қаңтар айының 20 жұлдызынан - 29 Наурыз аралығында өткізген мемлекеттік педагогикалық іс тәжірибе мен Түркістан қаласы аумағында өткізілген №19 жалпы орта мектеппен Майшай Әбенқызы атындағы орта мектептерде өткізілген педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі мектеп оқушыларының сабаққа қызығушылықтарымен олардың сабақтағы оқу белсенділіктері әртүрлі екендігін нақты айтумызға болады. Дегенмен бүгінгі күні кез келген мектепте ғаламтормен, компьютермен жұмыс істеуге мүмкіншіліктер мол. Тек қана мектептің әрбір пән мұғалімдерінің шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушыларын сабақққа қызықтыра білгенде ғана оқушылардың бүгінгі таңда талап етіп отырған қоғамның талабымен мектеп оқушыларының талабы сай келері анық дер едім.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады. Оқу ш ының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор. И. Д. Левитовтың
пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет
қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.
Мектеп оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асатыны, оның үстіне бүгінгі жаьандану қоғамында мектеп оқушыларына қойылып отырған талаптардың жоғары екендігі қатаң ескертіледі. Мектеп оқушыларының дарындылығын аша түсу еліміздің әрбір облыс орталықтарында жаңадан ашылып жатқан 7 -8 ден астам «Зияткерлік» мектептердің үлесіне тиетінін ерекше атап өтуге болады. Өйткені, ол мектеп түлектерінен ертеңгі күні ел экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосар ғалымдар көп болуы тиіс. Дәлелді түрде айта кететін болсақ өзіміздің облыс көлемінде екі бірдей мектеп облыс орталығыннан өткен оқу жылыннан жұмыс істей бастады.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И. Л. Лернердің, А. Н. Луктың, В. И. Андреевтің, А. Л. Яковлевтің еңбектері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz