Сын есім сөзжасамы
Кіріспе ... ... ... ... ..3
1 Сын есім сөзжасамы туралы түсінік
1.1.Сын есімнің сөзжасаушы тәсілдері ... ... ...6
2. Сын есімнің синтетикалық сөзжасамы
2.1. Есім сөздерден сын атауын жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3.Сын есімнің аналитикалық сөзжасамы және олардың түрлері ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жалпы сын есім категориясының зерттелуі XIX ғасырдан басталады. Оның зерттелуін М.А.Казем-Бектің “Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы” еңбегінен байқаймыз. Н.Сазонтов, А.К.Боровков, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Ф.А.Ганиев. В.Г.Гузев т.б. ғалымдар түркі тілдеріндегі туынды сын есім тудыратын сөзжасамдық жұрнақтарды көрсетіп, семантикалық талдау жасаған. Бұл ғалымдардың еңбектерінде туынды сын есімнің қай дәрежеде зерттелгені анықталды.
Н.Сазонтов сын есім тудыратын жұрнақтардың мағыналық кей ерекшеліктерін көрсеткен. Есім негізді туынды сын есімдердің тұлға жағынан зат есім, үстеумен тұлғалас келетінін, бірақ білдіретін мағына мен синтаксистік қолданыста олардың өзіндік ерекшеліктері болатыны жөнінде өте орынды пікірді проф. А.К.Боровков айтқан.
Қазіргі қазақ тілінде туынды сын есімнің қаралуы мен зерттелуінің өзіндік ерекшелігі бар. П.М.Мелиоранскийдің сындық мағына үстейтін сөзжасамдық жұрнақтарынан бастап, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтың әр түрлі дәрежеде сын есімнің мағынасын, оның қатыстық түрі сөзжасам тәсілі арқылы жасалатынына тоқталған. С.Аманжолов, Ж.Шәкенов, Ғ.Әбуханов, Ә.Төлеуов, А.Ысқақов т.б. ғалымдардың сын есімді өзіндік сөз тудыру жүйесі бар сөз табы ретінде қарастырғаны анықталды. Қазақ тіл білімінің жеке саласы ретінде сөзжасам танылды, оны зерттеуші ғалымдар Н.Оралбай, М.Оразов, А.Салқынбай т.б. есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарға тоқталып, олардың мағыналық топ құрайтынын көрсеткен. Туынды сын есімнің сөзжасамдық бірлігі, типі, кей сөзжасамдық жұрнақтардың қолданысы мен семантикалық жүйесі де А.Ысқақов, Н.Оралбайдың еңбектерінде талданған. Туынды сын есім негізінде жасалған күрделі сындарға Г.Мамаева, сын есімдердің тіркесу қабілетіне М.Жолшаева, қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипатына, олардың өзара қарым-қатынасының теориялық негізіне Г.Сыздықова зерттеу жасаған. Омар Б. “Етістік негізді туынды сын есім семантикасы” атты кандидаттық диссертациясында етістік негізді туынды сын есімнің құрылымын, қосымшалардың семантикасын зерттеген.

1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
3. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.
5. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.
6. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.
7. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, 1961.
8. Ақкөзов Ә.Ә. Сапалық сын есімдердің семантикасы және жүйесі. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2004.
9. Әмірова Ж. Сын есім заттануының синтаксистік жолдары // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 4, 2007, 55-57-б.б.
10. Есматова М. Қатыстық сын есімнің (-лы, -лі, -сыз, -сіз жұрнақты) семантикасы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 9, 2002, 49-51-б.б.
11. Есматова М.Т. Есім негізді туынды сын есімнің сөзжасамдық жүйесі. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2004.
12. Құсайын Р. Сын дәрежесі және шырай категориясы // Қазақстан мектебі, № 2, 2005, 69-71-б.б.
13. Мырзатаев Н. Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 1, 2004, 97-103-б.б.
14. Сарбалаева Ж. Қазақ тіл біліміндегі адъективизация мәселесі // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 9, 2006, 62-68-б.б.
15. Сыздықова Г.О. Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипаты. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Астана, 2000.
16.Қасым Б.Қ. Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық
жұмыстар. Алматы, 2007.
17.Мамаева Г.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі тіркесті күрделі сын есім сөздер.
КДА. Алматы, 1999.
18.Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С. Қазақ тілі. Сөзжасам.
Морфология. Алматы: Арыс, 2004.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Сын есім сөзжасамы туралы түсінік
1.1.Сын есімнің сөзжасаушы тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Сын есімнің синтетикалық сөзжасамы
2.1. Есім сөздерден сын атауын жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..10
2.2.Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 12
2.3.Сын есімнің аналитикалық сөзжасамы және олардың түрлері ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
КІРІСПЕ
Жалпы сын есім категориясының зерттелуі XIX ғасырдан басталады. Оның зерттелуін М.А.Казем-Бектің "Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы" еңбегінен байқаймыз. Н.Сазонтов, А.К.Боровков, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Ф.А.Ганиев. В.Г.Гузев т.б. ғалымдар түркі тілдеріндегі туынды сын есім тудыратын сөзжасамдық жұрнақтарды көрсетіп, семантикалық талдау жасаған. Бұл ғалымдардың еңбектерінде туынды сын есімнің қай дәрежеде зерттелгені анықталды.
Н.Сазонтов сын есім тудыратын жұрнақтардың мағыналық кей ерекшеліктерін көрсеткен. Есім негізді туынды сын есімдердің тұлға жағынан зат есім, үстеумен тұлғалас келетінін, бірақ білдіретін мағына мен синтаксистік қолданыста олардың өзіндік ерекшеліктері болатыны жөнінде өте орынды пікірді проф. А.К.Боровков айтқан.
Қазіргі қазақ тілінде туынды сын есімнің қаралуы мен зерттелуінің өзіндік ерекшелігі бар. П.М.Мелиоранскийдің сындық мағына үстейтін сөзжасамдық жұрнақтарынан бастап, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтың әр түрлі дәрежеде сын есімнің мағынасын, оның қатыстық түрі сөзжасам тәсілі арқылы жасалатынына тоқталған. С.Аманжолов, Ж.Шәкенов, Ғ.Әбуханов, Ә.Төлеуов, А.Ысқақов т.б. ғалымдардың сын есімді өзіндік сөз тудыру жүйесі бар сөз табы ретінде қарастырғаны анықталды. Қазақ тіл білімінің жеке саласы ретінде сөзжасам танылды, оны зерттеуші ғалымдар Н.Оралбай, М.Оразов, А.Салқынбай т.б. есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарға тоқталып, олардың мағыналық топ құрайтынын көрсеткен. Туынды сын есімнің сөзжасамдық бірлігі, типі, кей сөзжасамдық жұрнақтардың қолданысы мен семантикалық жүйесі де А.Ысқақов, Н.Оралбайдың еңбектерінде талданған. Туынды сын есім негізінде жасалған күрделі сындарға Г.Мамаева, сын есімдердің тіркесу қабілетіне М.Жолшаева, қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипатына, олардың өзара қарым-қатынасының теориялық негізіне Г.Сыздықова зерттеу жасаған. Омар Б. "Етістік негізді туынды сын есім семантикасы" атты кандидаттық диссертациясында етістік негізді туынды сын есімнің құрылымын, қосымшалардың семантикасын зерттеген.
Қазақ тілінің сөздік байлығынан ерекше орын алатын заттың сын, сапа, белгі қасиеттерін білдіретін сын есім сөздердің қолданыс аясы өте кең.
Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімнің шырай категриясы, сын есімдердің семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі мен тіркесімділік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына арқау болғандығы,сондай-ақ соңғы кездері сын есім сөзжасамдық тұрғыдан да қарастырыла бастағандығы белгілі.Бұл орайда қазақ тіл білімінде Ғ.Мұсабаев,Ә.Қайдар, А.Ысқақов, М.Томанов, Ә.Төлеуов, С.Исаев, Е. Жанпейісов, Т.Сайрамбаев,Ж.Шәкенов, Ф.Оразбаева, Е.Ағыманеов, Г.Сыздықова, т.б. зерттеулерін атап көрсетуге болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Сын есім сөзжасамы тілдегі жеке сала ретінде лингвистикада көптен бері танымал болса да, осы мәселенің төңірегінде анықталмаған сұрақтар аз емес. Тіліміздегі сын есім сөзжасамының лингвистикалық табиғатын тану қазақ тіл білімінде өзекті мәселе екендігі талас тудырмайды. Сын есім сөзжасамының қызметін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу - қазақ тілінің аса қызықты да, қиын да маңызды мәселесі. Бұл жұмысымызда аталған сын есім сөзжасамының есім сөзжасамдары сияқты белгілі синтаксистік конструкциялар, тұлғалар құрып синтаксистік қызмет атқара алатын деңгейін көрсеттік. Сын есім сөзжасамының қызметінің осындай сипаты жұмыстың басты өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмыстың нысаны ретінде қазақ тіліндегі сын есім сөзжасамының сөзжасаушы алынды. Оның синтаксистік қызметтері, яғни тіркестегі, сөйлемдегі, мәтіндегі қызметтері қаралды.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсаты табиғаты күрделі деп саналып келген сын есім сөзжасамының бүгінде күрделі сала екендігін кешенді зерттеу болып табылады. Сын есім сөзжасамының тілдік және сөзқолданыстық ерекшеліктерін белгілеу, олардың парадигмалық және синтаксистік сипаттарын толық тану нәтижесінде қазақ тіліндегі сын есім сөзжасамының синтаксистік құрылымын зерттеу мүддесі алға қойылды. Осыған байланысты курстық жұмыста төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
қазақ тіліндегі сын есім сөзжасамына берілген анықтамаларды бүгінгі лингвистикалық көзқарас тұрғысынан соны пікірмен толықтыру;
тілдегі сын есім сөзжасамының қазақ лингвистикасында зерттелу деңгейін анықтау;
тілдік қабатына, қызметіне сәйкес топтастыру. Олардың семантикалық, құрылымдық, қызметтік түрлерін саралау.
Зерттеу жұмыстың әдістері. Негізінен сипаттау әдісі басты нысанда болды. Түрлерін анықтауда салыстыру әдісі, даму жолын сипаттауда тарихи-сипаттамалы әдіс, мәтін түзу мен мәтін дамыту қызметтерін тануда талдау әдісін, сондай-ақ контекстік талдау, жүйелеу, индукция, дедукция әдістерін қолдандық.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ең алдымен, таңдап алынған тақырыптың өзектілігін айтуға болады. Өзектілігі - сын есім сөзжасамының лингвистикалық табиғатын тану. Осының негізінде қол жеткізген ғылыми жаңалықтар қатарына мыналарды жатқыздық:
# сын есімнің сөзжасаушы тәсілдерін жүйелі тәртіпке келтіру ұсынылып, ара жігі анықталды;
# Сын есім сөзжасамының мәтіндегі байланыстырушылық, сөйлемаралық қызметтері ашылды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Сын есім сөзжасамының мәтін құрылымындағы қызметін белгілеу мәтін лингвистикасын жеке ілім ретінде дамуына, толығуына көмегін тигізеді.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қол жеткізген теориялық тұжырымдар тіл біліміне кіріспе, қазақ тілі грамматикасы пәндерін жаңа деректермен толықтырары сөзсіз. Жоғарғы оқу орындарында, колледж қабырғаларында морфология, синтаксис салаларын тереңдей қарастыруда қосымша ақпарат ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сын есім сөзжасамы туралы түсінік
1.1.Сын есімнің сөзжасаушы тәсілдері
Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ - зат есімнен, жетілік, үштік (шам) -- сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы -- сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды - негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы -- туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді -- күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.
Қазақ тіл білімінің қай саласының болмасын қазақша баяндалуы А.Байтұрсынұлының "Тіл құрал" еңбегінен басталады. А.Байтұрсынұлы: "Түбір сын есімдер заттың сындарын көрсетеді. Нәрсенің сыны қалыпты күйінен тысқары болса, яки сыннан өтетін басқа нәрсе, я іс болса, сын есіміне һәм түрлі жұрнақтар жалғанады.
-Лық (-лік, -тық, -тік) жұрнақ сын есімге жалғанады, сол сыннан шыққан дерексіз заттың есімін көрсету үшін, мәселен, "жақсы" деген сөзге "-лық" жұрнағын жалғап, "жақсылық" деген заттың есімін көреміз. "Игі" деген сөзге "-лік" жұрнағын жалғап, "игілік" деген заттың есімін көреміз; "араз" деген сөзге "-дық" жұрнағын жалғап, "араздық" деген заттың есімін көреміз" [4, 221].
Есім түбірден сын есім жасайтын аффикстер: -лығ (-ліг, -лық, -лік). Көне түркі тілінде әрі зат есім, әрі сын есім жасаған қосымша. Алайда -лығ және -лық аффикстерінің арасында айырмашылық болған, -лық тек қана зат есім жасайтын қосымша болса, -лығ тек сын есім жасайтын қосымша болған дейтін пікір бар. Солай бола тұрғанмен, тіпті Қашқари сөздігінде де -лық пен -лығ аффикстері осы жүйені сақтамайды. Қазақ тілінде -лық аффиксті сөздердің бірде зат есім тобында, біразының сын есім ретінде қалыптасуы алғашқы дәуірдегі олардың тұлғалық бірлігіне ғана емес, семантикалық орайластығына да негізделген. Бұл жерде туынды түбір есімдердің әлі санкретикалық күйден толық ажырамаған күйін байқауға болады. -Лы (-лі) аффиксі жоғары аффикстің ұяң дауыссызға аяқталған (-лығ) вариантының қысқарған түрі. Сөз соңындағы көне түркілік - ғ(-г) не қатаңға айналып кетуі (-лік, -кішілік), не түсіп қалуы мәлім құбылыс. -Лық варианты қысқарып сол пішінде орнығып қалған да, -лығ варианты қысқарып, -лы пішініне түскен. -Лы аффиксі осы тұлғасында Орхон-Енисей жазбаларында, сондай-ақ XI -- XIII ғасырларға жататын басқа да ескерт-кіштер тілінде көп ұшыраспайды. Қысқарған, яғни, -лы түрінде тек XIV ғасыр нұсқаларында ғана кездеседі. КК: алғышлы (алғысты), атлы (атты), азықлы (азықты), бақытлы (бақытты) т.б. -лы пішінінде қолданылу ортағасырлық түркі тілінің ішінде батыс түркі тілдеріне тән болса керек [27, 182].
"Қазақ тілі грамматикасы" еңбегінде сын есімнің қосымша арқылы жасалуы мынадай сипатта көрсетілген:
Басқа да аглютинативтік тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де қосымша негізгі я туынды түбірге жалғанып, сөздің соңғы бөлшегін құрайды. (Мысалы: үй - үй-дей, көңіл - көңіл-ді). Сөз тудырушы жұрнақтар қазіргі сөз тудыру мүмкіндігіне қарай өнімді, өнімсіз болып екіге бөлінеді және олардың бір тобы есім сөздерге, бір тобы етістіктерге жалғанады [14, 75].
Қазіргі қазақ тіліндегі есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар, негізінен, мыналар:
1. - Лы,-л і, -ды, -ді, -ты, -т і. Мысалы: тас - тасты жер, дала - далалы жер, ине - инелі ағаш, шаң - шаңды жол, күл - күлді отын. Бұл жұрнақ тек сын есімге ғана тән; олар, негізінен, есім сөздерге жалғанып, заттың, құбылыстың бар екенін білдіретін сын есім жасайды. Бұл қосымша қос сөздерге де қосыла береді: ағалы-інілі, бірді-екілі, барлы-жоқты, бұрынды-соңды т.б.
2. - Лық, -лік, -дық,-дік, - тық, -тік
а) Бұл жұрнақ, тарихи жағынан алғанда, бірінші топтағы -лы қосымшасының толық түрі болып есептеледі, өйткені бұлар көне түркі жазбаларында тек -лығ (-лық) тұлғаларында кездеседі. Мысалы, Күлтегін ескерткішінде тонлығ - қазіргі қазақ тілінде тонды, беглік - бекті т.б. Атақты филолог Махмуд Қашқаридың "Лұғатында" тек - лығ, -лық, -лік тұлғалары ғана берілген. Мысалы: қамышлығ ер - қамысты жер, сырықлық ағач - сырықтық ағаш, қашықлық мүгіз - қасықтық мүйіз. Ол заманда - лығ, -лық, -дық, -дік, -тық, -тік, -ліг, -лік жұрнағының соңындағы г, қ түсірілу фактісі әлсіз болғандықтан, Махмуд Қашқари оны ескермегенге ұқсайды.
Бұлар - ол кезде екі форма емес, басында - лағ, -лақ болып (қышлағ, яйлақ - қыстақ, я қыстау, жайлау) дегендер бертін келе сараланып, -лық, -лы болып, екіге бөлінгенде, әрқайсы өз алдына функцияға ие болып, семантика-стилистика жағынан қалыптасып барады. Оған бала (бұрынғы сын есім, осы күнде зат есім) - балалы қатыстық сын болса, балалық -- әрі зат есім, әрі сын есім болатыны айғақ. Сөйтіп, -лық пен -лы бірінен бірі ажырағанын көреміз.
Ертеде тай кіші дегеннің синонимі ретінде: тай өгіз (кішкене өгіз) делінсе, тіл көнелігі кейбір жерлерде (Ақтөбе облысында) күні бүгінге дейін сақталған.
Тайлы-құлынды бие дегеннен тайы, құлыны бар биені ұғынсақ, осының сын есімдік мәні қай жерде дейтін күдікке орын жоқ. Ол дара бие емес, оның балалы мал екенін көрсетіп тұрған - тіркес кұрамындағы сөздермен қоса -лы, -ды жұрнағы. Бұлар босқа тұрған жоқ, қатыстықты көрсетіп, сөздерді тіркестіріп, жымдастырып тұр. Мысалы, халық аңызындағы атақты даукес Нау шақшасын даулағанда:
Тайлы-құлынды биелік өзі бар еді, Он екі жерден шорлап салған көзі бар еді, - депті-міс дегендегі -лы (-ды) жұрнағы сөйлемдегі сөздерді шыңдап тұрса, оларды өзгертіп, тай-лық, құлын-дық бие деуге келмейтіні де түсінікті. Сөйтіп, коммунистік партия, партиялық жұмыс дегендер тәжірибеден туған ең дұрыс құрылыс.
ә) -лық және оның варианттары қазақ тіліндегі түбірлерден (негізінен) зат есім тудыратыны немесе ол туынды форма заттанып, субстантивтеніп кететіні белгілі (бала - балалық, жас - жастық, бас - бастық). Бұлар да туынды сөздер;
б) қазіргі қазақ тіліндегі бұл екі топтағы қосымшалардың мағыналық айырымы олардың тұлғалық, формалық жағынан өзгешеленуіне әкеліп соққан. Бұрын бір-ақ қосымша беретін сын есім жұрнағы - лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті және зат есім жұрнағы - лық, -лік, -дық, -діқ, - тық, -тік болып сараланған. Мысалы: тонды - сын есім, тондық - тонға жарайтын тері (зат есім), сыйлы - сыйлық, кісілі - кісілік, ойлы - ойлық қалалы - қалалық т.б.;
в) қазіргі қазақ тілінде, әсіресе, орыс тілінен енген түбір сөздерден негізінен -лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік формалы сын есім жасалып, оның көне қызметі қайта жандана түсіп жүр. Мысалы: Советтік Қазақстан (бірақ Советті емес), ауылдық совет (ауылды совет емес), социалистік жарыс (социалды жарыс емес), аграрлық мәселе (аграрлы мәселе емес); сол сияқты, аморальдық қылық, республикалық кеңес, агрономиялық кеңес т.б. Сонымен бірге орыс тіліндегі қатыстық сындардың әсерінен ол жұрнақ байырғы сөздерге де жалғанып отырады: тәжірибелік мән т.б.
Кейде ондай түбірден -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті арқылы да сын есім туады. Ондай сын есімдер түбір сөзге -лық қосымшасының жалғануы мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Мысалы, минеральная вода деген тіркесті, не минерал деген сөзбен, не минералдық су тәрізді тіркес арқылы да аударуға болмайды, тек минералды су деген түрінде яғни минералдық элементі бар су деген мағынада беруге болады. Сол сияқты колхозды ауыл деген тіркес те қолданылады. Ал, ағашты жер, яғни ағаш аралас жер және ағаштық жер, яғни ағаш отырғызатын жер дегенде бұл сөздердің мағыналық өзгешеліктері болуы арқасында жеке-жеке қосымшалардың үстелуін стиль қажет етеді.
Бұл ерекшеліктер тілдің ішкі заңының даму нәтижесінде шығып отырады. Сонымен бірге, -лық жұрнағы мезгілдік ұғымды білдіретін сөздерге, сондай-ақ есімдікке, сын есімдерге, сан есім мен зат есімнен құралған тіркестерге де жалғанып, негізгі сөздің мағынасына орай, мезгіл, өлшеу, сан, бағыт, белгілі бір жаққа тәндік мағыналарды білдіретін туынды сын есім жасайды. Мысалы: жылдық жоспар, күндік азық, бестік баға, ондық лампа, мендік адам, өздік есімдік, қандайлық зат, он кісілік күш, жүз кісілік клуб, екі-үш асымдық ет, бір палътолық мата т.б.
Қазiргi қазақ тiлiнде бiрде зат есiмнен зат есiм, бiрде зат есiмнен сын есiм туғызатын өнiмдi жұрнақтардың қатарына жататын -лық-лiк, -дық-дiк, -тық -тiк аффиксi орыс тiлiнен енген сын есiм түбiрлерiне жалғанып, олардан қатыстық сын есiм жасайтын амал ретiнде 20-30-шы жылдары да ерекше кең қолданылады.
Мысалы, Қазақ тiлiнiң iрi заңдарының бiрi үндестiк заңы. .. Бiрақ бұ кезде ол ерiн үндестiгi жоғалуға бет алып барады (Жаңа мектеп. 1929. № 8)
Бұл аффикс "Дала уәлаяты" газетiнде бұл қызметте кездеспейдi. Газетте орыс тiлiнен енген сын есiмдер көп жағдайда сол тiлдегi қосымшалармен берiлген, бiрақ олардың әрдайым мужской род тұлғасы сақталады.
Отызыншы жылдары сын есiмдер сыр сын есiмдер (качественные прилагательные) және тек сын есiмдер (относительные прилагательные) деп екiге бөлiп қарастырып, қазақ тiлiне аударылып алынатын кiрме сөздердiң жалғауы -ский, -ская, -ское болып келсе, онда олардың тек түбiрiн алып, оған қазақ тiлiндегi -лық-лiк, -дық-дiк, -тық-тiк сияқты қосымшалармен алынсын деген пiкiрлер кездеседi [8, 232].
А.Ысқақов өзінің 1974, 1991 жылы жарыққа шыққан "Қазіргі қазақ тілінде" (морфология) - лық, -лік есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар қатарына жатқызады.
1) Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақтылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туынды сын есім жасайды. Мысалы: Бұл араның жер жағдайын Асқар жақсы білетін еді. Сондықтан қала маңайының топографиялық схемасын жасауға, бекініс жерлерді дәл көрсетуге оның көп көмегі тиді (С.Мұқанов). Бірақ ауылдың кедейі әлі қараңғы, таптық санасы оянбаған (С.Мұқанов). Қашқындардан алған мүлікті партизандар екі жүйеге бөлді. Біреуі - алтын, күміс, я сол сықылды банктік қымбат заттар, асыл тастар; бұл жүйелі мүлік отрядтың штабының кассасына түсті. Екінші - киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ сықылды мүліктер; бұлардың ішінде қазынаға жарарлық өте бір қымбаттары болмаса, партизандар бөлісіп алды (С.Мұқанов).
2) Мезгіл атаулары мен әрқилы бұйым атауларына жалғанып, олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байланысты туынды сын есім жасайды. Мысалы: Көршілер шала туған жеті айлық баланы құрақ көрпеге орап, анасының ірге жағына салып берді де, үйлеріне кетті (Ә.Нұрпейісов).
3) Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жаққа қатыстылықты білдіретін туынды сын есімдер жасайды [30, 174]. Мысалы: Оған: жан-жағындағы барлық дүние соның аузын аңдығандай көрінді де тұрды (С.Мұқанов). - Уа, алашым, елім, мендік бір азамат жоқпысың, бар болсаң қайт!-деп топқа араласып, біраз далақтап еді, уысына бір жан түспей, сынаптай сытылды да кетті (С.Мұқанов). Саяси жұмысқа ертеден араласқанмен, Мадияр оншалық болжағыш адам емес еді (С.Мұқанов).
Әр сөз табының ерекшелігін танытатын өзіндік морфологиялық көрсеткіштері болады. Олар екі түрлі, бірі - сөз табының грамматикалық категорияларының көрсеткіштері, екіншісі - сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары. Бұл екі түрлі морфологиялық көрсеткіштің екеуі де сын есімде бар. Сын есімнің шырай категориясы оны басқа сөз таптарынан ерекшелендіреді. Сын есімді танытатын екінші морфологиялық белгі - сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Сөзжасамдық жұрнақтардың өзіндік бір ерекшелігі - олар сөз табына байлаулы, әр сөз табының өзіне ғана тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Сөз таптары танылу үшін қойылатын синтаксистік ұстаным тұрғысынан келгенде, сын есімнің атқаратын негізгі синтаксистік қызметі - анықтауыш. Сын есім сөйлемнің баяндауышы қызметін де жиі атқарады, ал сын есімнің пысықтауыш қызметінде қолданылуы сиректеу.
2. Сын есімнің синтетикалық сөзжасамы
2.1. Есім сөздерден сын атауын жасайтын жұрнақтар
Сын есімнің сөзжасамдык жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнін сөзжасамдық жұрнактары сөзжасамдық қабілеті жағынан әр түрлі.
Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды сын атаулары тілде көп, нақтылы саны белгісіз болса да, олар бірнеше жүздей болатыны анық. Мысалы, бетті, таулы, тасты, қамысты, шилі, балалы, өзенді (жер), қызылды-жасылды, білімді, ақылды, атақты, малды, жанды т.б.
Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады. Мысалы, -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты -ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мысалы, бүтін, ұзын, ортан (қолдай). Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан ерекше орында болмаса да, сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы бірсыпыра.
Есім сөздерден туынды сын аталымын жасайтын жұрнақтар түрлі мағына береді. Олардың ірілерін келтіреміз.
1. Белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақтар -лы, -лі: қамысты көл, сулы жер, таулы жер, балалы әйел, білімді адам, орманды тау, пайдалы жұмыс, қарлы қыс, жауынды күз т.б. Мысалы, Таулы жерде өскен адамның ойы да биік болады (С.Мұқанов).
-дар: хабардар, қарыздар.
2. Қабілеттілікті, қатыстық мәнді білдіретін жұрнақтар -паз: өнерпаз, аспаз, білімпаз, әсемпаз.
-и: тарихи, мәдени, әскери, әдеби. Мысалы, Тарихи деректерге сүйенеміз (газеттен).
3. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтар -ыр, -ір: сылбыр, болбыр.
-ак,: жалтақ, бұлтақ.
-ғақ, -гек: ұрысқақ, тоңғақ.
-тал: сезімтал, ұғымтал, өсімтал
-қой, -гөй: жанжалқой, жәдігөй, әзілқой
-қор: мансапқор, бейнетқор, қамқор, парақор, намысқор
-шыл, -шіл: ұйымшыл, уайымшыл, өзімшіл, зорлықшыл, турашыл, сауықшыл, ойшыл.
-лы, -лі: арлы, инабатты, әдепті, байыпты, икемді
-шаң, -шең: сөзшең, ашушаң
-уар: сөзуар
4. Мезгіл мәнді жұрнақтар
-ғы, -гі: күзгі, көктемгі, түнгі, күндізгі, жазғы, қысқы, түскі -лық, -лік: апталық, жылдық, тәуліктік. Мысалы, Таудан сокқан күзгі салқын ызғар мінездердің ызғары тәрізді (М.Әуезов).
5. Мекендік мәнді жұрнақ.
-ғы, -гі: ауызғы (бөлме), төменгі, төргі, жоғарғы, түпкі, үйдегі, даладағы, қаладағы.
-ғын: тұрғын (жай). Мысалы, Тұрғын үйлер әуелі үйлі-баранды адамдарға берілген (М.Ғабдуллин).
6. Белгінің жоқтығын және салыстыру мәнді жұрнақ -сыз, -сіз: сусыз, білімсіз, баласыз, түйсіксіз, ақылсыз.
Мысалы, Бұл өмірден алаңсыз сәби жатыр бесікте, ұйықта, бөбек, үлкендердің жұмбақтарын есітпе (М.Мақатаев).
-дай, -дей, -тай, -тей: ауадай, күндей, аттай, сүттей. Мысалы, Айдай әлемге әйгілі. Ардақтың уыздай өңінде жастық шаттығы ойнап тұрса да, ауық-ауық баса беретін әкесінің осы қара көлеңкесі еді (Ғ.Мұстафин).
7. Ортақ белгі және туыстық мәнді жұрнақтар
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, ауылдас, көршілес, іргелес, әріптес, дәмдес, кәсіптес. Мысалы, Ол өзімен тендес адамдармен айырылыспауды арман ететін (Ғ.Мүсірепов).
-лық, -лік: інілік, туыстық, аталық, әкелік, қарындастық. Мысалы, Бұл -- менің әкелік міндетім (С.Мұқанов).
8. Жансыз заттар белгісін білдіретін жұрнақтар
-тақ: тастақ, солқылдақ (кереует), былқылдақ (орындық), құмдақ, мұздақ. Мысалы, Тастақ жер өнім бермес (газеттен).
-ы, -і: казақы, арабы (киім), қырмызы, бөстегі
-ақ, -ек: жалпақ, бұрқақ, бұлтақ
-лық: майлық, сулық. Мысалы, Майлық, сулық орамалдар дайын (сөйлеу тілінен).
9. Дерексіз сындық белгіні білдіретін жұрнақ
-лық, -лік: азаматтық, ақтық (күш), дүниелік, шетелдік, кісілік, өмірлік, азаттык, қуаныштық, жеңілдік, ауырлық.
-тек: жеңілтек, тапалтақ
-қыр, -кір: ұшкыр (қиял), өткір (сөз), алғыр (ой)
-дас: мұңдас, сыйлас, қадірлес
-лы: сыйлы, құрметті, бақытты, саналы
2.2. Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар
Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра. Олардың өнімділері де, өнімсіздері де, құрамы жағынан жалаң, құрандылары да бар. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағыналары да түрлі-түрлі.
1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар
-ық, -ік: қорқак, толық, ашық, бұзық, жасық, жатық, ширақ, пысық
-уық, -уік: жылауық, сөйлеуік, сыбырлауық, қалтырауық
-қыш, -кіш: білгіш, тапқыш, күлдіргіш, сенгіш, байқағыш, ашуланғыш. Мысалы, Шапқыш ой ғой ақылдың мағынасы (Шәкәрім).
-мды, -мді: ұстамды, жағымды, шыдамды
-кақ, -кек: асқақ, тоңғақ, ұрысқақ.
-қыр, -гір: білгір, алғыр, өткір
-тал: сезімтал, ұғымтал, жұғымтал
-кы, -кі: жинақы, күлдіргі
-ғын: озғын. Мысалы, Әбіш орыс халқының озғын ойлы қауымына жақын жүргендей (М.Әуезов).
-қалақ, -келек: ұшқалақ, сасқалақ, қозғалақ
-аған, -еген: береген, алаған, көреген
-малы: айнымалы, елірмелі. Мысалы, Елірмелі екі есті шешен болды (Жанақ).
-ынды: жырынды. Мысалы, Жырынды жеңгелері үйреткен (Ж.Аймауытов).
-анақ: сұғанақ
-ғылықты: тұрғылықты, тыңғылықты
-мсақ, -мсек: сұрамсақ, тілемсек, жарамсақ
-паз: сезімпаз, келісімпаз, жасампаз
-ал: қатал (адам)
-дақ, -дек: жүрдек. Мысалы, Жегін атты ауыстырып отыру үшін, қасына бес-алты салт атты жүрдек жігіттер ерткен (М.Әуезов).
-мыр: құймыр, қытымыр.
-міт: жеміт
-пы: салпы. Мысалы, Салпы ауыз тағы сөйледі (Ж.Аймауытов).
-көй, -гөй: қаскөй, ақылгөй.
-улы: қатулы, сұраулы.
2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ
-ық, -ік: ашық, тұнық, суық, жабық, жарық, қашық, шірік, ілік, жатық, бітік, құрғақ, кесек, дөңгелек
-ыңқы, -іңкі: жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, кебіңкі, бытыраңқы, түсіңкі
-ынды, -інді: құранды (зат), ағынды (су), жаттанды (сөз), жасырынды (іс)
-улы, -улі: жинаулы, оюлы, тыңдаулы, өлшеулі, үюлі, санаулы, құюлы. Мысалы, Ал десем де тәңірге, өлшеулі өмір бітпейді (Қобыланды батыр).
-малы, -мелі: суырмалы, ашпалы, жаппалы, таңдамалы, құбылмалы, бүрмелі, аспалы
-ымды, -імді: ұтымды, ұнамды, жарасымды
-ғақ, -гек: тайғақ, оңғақ, жабысқақ, майысқақ
-ма, -ме: бояма, жалдама, жайылма, құрама, сырма, аспа, көшпе (құма), көмбе (нан), сілтеме (сөз)
-ыс, -іс: ұқсас, тіркес, алыс, беріс
-кір: өткір (пышақ)
-мыш: жазылмыш (уақыт)
-ғын: тұрғын (жайлар, үйлер)
-анақ: шұқанақ
-кілікті: жеткілікті. Мысалы, Жиған мал-мүлкі жеткілікті
-пек: өкпек (өтпек). Мысалы, Өкпек желі соқканда (Қ.Мұқатаев)
-ын: жатын, жегін. Мысалы, ... жегін атты ауыстырып отыру үшін, бірнеше салт ат алды (М.Әуезов). Жатын орнымыз кәдімгі сәкі.
3. Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар
-аған, -еген: қабаған, тебеген, қашаған, сүзеген -у: жарау (ат) -қы: бұралқы (ит)
4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары
-ыл, -іл: батыл, жеңіл (іс)
-ық, ік: құрғақ (сөз)
-у: қызу, тақау, бітеу, көлбеу, қату
Сөздік құрам өзгеріске мейілінше бейім келетіндіктен, сындық ұғымды білдіретін сөздер де бір қалыпта келмей, үнемі өсуде, дамуда болады.
Оның дамуына және толығуына сөз тудыру тәсілі тікелей қатысты. Соның бірі - аффикс тәсілі. Бұл -- туынды сын есім жасаудың құнарлы жолы. Белгілі бір сөз таптарының қай түрінде болса да жұрнақ жалғанып, қатыстық сын есім жасау тәсілі ертеден қалыптасқан.
Сын есімнің жасалуын Ғ.Абуханов зат есім сияқты сын есім сөздері де үнемі бір қалыпта тұрмай тілдегі сөз тудыру тәсілдері бойынша түбірлік сөздерден жаңа мағыналы сын есім сөздері жасалып өсу, даму процесінде болып отырады. Сын есім сөздері де негізінде түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы дамиды. Мысалы, -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары зат есімге жалғанып, сол белгінің екінші бір затта бар екенін, мол екенін білдіретін қатыстық сын есім тудырады. Мысалы: таулы жер, желді күн. Бұл жұрнақтың негізгі варианты -- лы-лі болады да, қалған -- ды-ді, -ты-ті варианттары кейіннен сингармонизм заңдылықтарына сәйкес, грамматикалық категорияларының морфологиялық ерекшеліктеріне орай дамыған.
Екіншіден, тілімізде дауыстыға бітетін ашық буынды сөздер де көп екені мәлім. Үшіншіден, қазіргі қазақ тілінде сонор дыбысқа қосылып жүрген р дыбысы бұрын дауысты дыбыс қатарында болған. Сол үшін сонор р дыбысына біткен сөздерге -- лы-лі болып жалғанады. Мұның себебі- оның бұрын дауысты дыбыс болған кезінде жұрнақ арқылы жасалған сөздер осылайша қалыптасып, бертін келе сонорға айналғанда да, сол көне дәстүрді сақтаған. Олай болмағанда үнді-сонорлардың дыбыстық заңына бағынуы керек еді, ал, мұнда ол жоқ. Мысалы: білімді адам, малды колхоз, тоңды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz