Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Зат есім сөзжасамы туралы жалпы түсінік
1.1 Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары ... ... 5
2. Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
2.1. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы ... ... ... ... ... ... .17
2.3.Зат есімнің лексика—семантикалық тәсіл арқылы жасалуы ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... .24

Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықтан тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте көп. Бірақ сан есім де - туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір санынан бастап, миллион, миллиардқа дейінгі күрделі сан атаулары - сан есімнің туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине, үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді айтуға болмайды, үстеу - туынды сөзге кедей сөз табы. Бұл есім сөздердің бәрінің де өзіндік сөзжасамы барын білдіреді, сонымен бірге олардың сөзжасамдық кабілетінің түрлілігін де білдіреді. Ол түрлілік әр сөз табының сөзжасамында сөзжасамдық тәсілдердің түрлі қызмет атқаруына, сөзжасамдық бірліктердің түрлілігіне, олардың құрамына, мағынасына, шындық өмірмен байланысына т.б. осы сияқты түрлі себептерге байланысты.
Осы жағдай әр сөз табының сөзжасамын қарауды талап етеді, өйткені әр сөз табының сөзжасамының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етсе, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Зат есім өз құрамын үнемі туынды сөздермен толықтырып отыратын сөз табы болса, сан есім өз құрамын туынды сөздермен толықтыруды тоқтатқан сөз табы. Зат есім мен сын есім сөзжасамы өте өнімді. құнарлы болса, үстеу сөзжасамында өнімділік, құнарлылық байқалмайды.
Зат есім сөзжасамы – өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптың бірі. Жалпы алғанда, тіліміздегі зат есімдердің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Зат есім сөзжасамының қызметін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу - қазақ тілінің аса қызықты да, қиын да маңызды мәселесі.
Зат есім сөзжасамының жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне, осы мәселенің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.

1.Қасым Б. Күрделі зат есімдер сөздігі. Алматы, 1999.
2.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.
3.Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. Алматы, 1973.
4.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.
5.Байбала С. Зат есімнен зат есім жасаушы -ша, -ше жұрнағының семантикасы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 8, 2004, 91-93-б.б.
6.Құрманәлиева З.А. Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық құрылымы. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2003.
7.Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. Алматы, 1982.
8.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.
9.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
10.Есімсейітов Б. Сөзжасамдық талдау // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 7, 2006,
43-47-б.б.
11.Жахина Б. Сөзжасамның әдістемесі хақында // Қазақ тілі мен әдебиеті,
№ 12, 2001, 27-30-б.б.
12.Шақаман Ы. Сөзжасам мен тұлғажасам // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 6, 2007, 39-47-б.б.
13.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы,
2001.
14.Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және
сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.
15.Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Алматы, 2003.
16. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.
17. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.
Алматы, 1986
18. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.
19. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. Алматы, 1982
20. Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. Алматы, 1988.
21. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. (Семантикалық аспект). Алматы, 1999.
22. Құрманәлиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негіздері. АДД. Алматы, 2002.
23. Қоқышева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер. АКД. Алматы, 2002.
24.Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
25.Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002ж.
26.Аханов К. Күрделі сөз және оған тән белгілер. Алматы, 1972ж.
27.Сарбалаев Ж. Сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Зат есім сөзжасамы туралы жалпы түсінік
0.1 Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
2. Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
2.1. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы ... ... ... ... ... ... .17
2.3.Зат есімнің лексика -- семантикалық тәсіл арқылы жасалуы ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе
Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықтан тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте көп. Бірақ сан есім де - туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір санынан бастап, миллион, миллиардқа дейінгі күрделі сан атаулары - сан есімнің туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине, үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді айтуға болмайды, үстеу - туынды сөзге кедей сөз табы. Бұл есім сөздердің бәрінің де өзіндік сөзжасамы барын білдіреді, сонымен бірге олардың сөзжасамдық кабілетінің түрлілігін де білдіреді. Ол түрлілік әр сөз табының сөзжасамында сөзжасамдық тәсілдердің түрлі қызмет атқаруына, сөзжасамдық бірліктердің түрлілігіне, олардың құрамына, мағынасына, шындық өмірмен байланысына т.б. осы сияқты түрлі себептерге байланысты.
Осы жағдай әр сөз табының сөзжасамын қарауды талап етеді, өйткені әр сөз табының сөзжасамының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етсе, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Зат есім өз құрамын үнемі туынды сөздермен толықтырып отыратын сөз табы болса, сан есім өз құрамын туынды сөздермен толықтыруды тоқтатқан сөз табы. Зат есім мен сын есім сөзжасамы өте өнімді. құнарлы болса, үстеу сөзжасамында өнімділік, құнарлылық байқалмайды.
Зат есім сөзжасамы - өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптың бірі. Жалпы алғанда, тіліміздегі зат есімдердің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Зат есім сөзжасамының қызметін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу - қазақ тілінің аса қызықты да, қиын да маңызды мәселесі.
Зат есім сөзжасамының жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне, осы мәселенің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Жұмыстың басты мақсаты - зат есімнің сөзжасамы және оның қызметін толық танып, оны түбегейлі сипаттап беруге тырысу. Зат есім сөзжасамының жұрнақтары жайлы неғұрлым толық және жүйелі білім беру.
Бұл мәселе шешімін табу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
қосымшаларды, соның ішінде оның өнімді түрі жұрнақтардың мағыналық және құрылымдық ерекшеліктерін айқындау;
қазақ тілі сөзжасам жүйесінің зерттелу тарихына және қазақ тіліндегі зат есім сөзжасамының жұрнақтарына шолу жасау;
- дық-дік, -тық-тік, -лық-лік жұрнағының зат есім жасаудағы қызметін ашып сипаттау;
- дық-дік, -тық-тік, -лық-лік жұрнақтары арқылы жасалған сөздердің семантикалық топтарын айқындау;
осы жұрнақтың көмегімен жасалған сөздердің қызметін контекстік мысалдар негізінде дәлелдеу.
Жұмыстың басты мақсаты - зат есімнің сөзжасамы және оның қызметін толық танып, оны түбегейлі сипаттап беруге тырысу.Зат есім сөзжасамының жұрнақтары жайлы неғұрлым толық және жүйелі білім беру.
Зерттеу жұмысымның нысаны. Қазақ тіліндегі зат есімдердің жасалуы, осы сөздердің семантикалық топтары нысан етіп алынды.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнағын функционалдық-семантикалық аспектіде қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері. Курстық жұмыста тарихи - салыстырмалы әдіс, сипаттау, ой - пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Зат есім сөзжасамының мәтін құрылымындағы қызметін белгілеу мәтін лингвистикасын жеке ілім ретінде дамуына, толығуына көмегін тигізеді.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қол жеткізген теориялық тұжырымдар тіл біліміне кіріспе, қазақ тілі грамматикасы пәндерін жаңа деректермен толықтырары сөзсіз. Жоғарғы оқу орындарында, колледж қабырғаларында морфология, синтаксис салаларын тереңдей қарастыруда қосымша ақпарат ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Зат есім сөзжасамы туралы жалпы түсінік
0.1 Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары
Қай тілдің болмасын ең бай, ең көп сөзі- зат есім. Табиғатта, қоғамда заттан көп нәрсе жоқ. Табиғатта танымаған құбылыстардың бәрінің аты бар. Олар заттық ұғыммен байланысты әр түрлі атаулық қызмет атқарады. Сондай- ақ зат атауларын лексика- семантикалық тұрғыдан қарасақ, оның мағыналары да, тұлға- тұрпаттары да бірдей емес, әр алуан.
Айналадағы нәрсенің адам санасында сығымдалған (статикалық) сапа, амал, зат көрінісі болатын оқушы, әнші, дәрігер десек, белгілі бір заттың аты жаңбыр, найзағай, ереуіл, күрес десек, олар - әр алуан құбылыстар мен уақиға ұғымдары.
Ал енді ата-ана, басқұр, совхоз, айбалта, мойын омыртқа сияқты күрделі сөздердің өзі де, тұлғалық ерекшеліктеріне қарамастан, белгілі бір зат атауы. Зат есімдер түрленгенде атқаратын қызметіне, яғни синтаксистік функциясына, қарай бастауыш, анықтауыш (кейде пысықтауыш, баяндауыш) болатынын ескерсек, олардың басқа сөз таптарына негізгі тірек, өзек екенін аңғарамыз. Мысалы, сын есім заттың сынын (ақ қағаз), сан есім заттың санын (он кітап), етістік заттың қимылын, әрекет-күйін (бала күлді, ойнады) білдіреді деп берілетін анықтамалардың өзінде де, зат есімді айтпай, ескермей өтпейміз.
Әр сөз табы тілдің белгілі бір сөзжасам жүйесіне бағынады. Сондықтан қазақ тілінде жоғарыда айтылған сөзжасам тәсілдері зат есімнің жасалу жолдарына тікелей қатысты. Қазақ тілінде зат есім тудыратын арнайы жұрнақтары бар. Олар сөз тудыру сипатына қарай өнімді, өнімсіз, күрделі, құрамды, өлі, тірі жұрнақтар болып, есім сөздерден зате сім тудыратын, етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар болып тағы да үлкен - үлкен топтарға бөлінеді. Зат есім қазақ тілінде мағына тудыруда, қазақ тілінің сөздік құрамын байытуда ең бір актив сөз табы болып табылады. Сөз тудырудың зат есімге үш тәсілі де де қатысты.
Зат есім - сөзжасамы өте күрделі сөз табы. Зат есімде сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етеді және бәрі де белсенді қызмет атқарады. Зат есімнің сөзжасамдық бірліктері де алуан түрлі, солардың ішінде зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары ерекше көзге түседі. Зат есім сөзжасамдық жұрнақтарға өте бай, сәйкесінше тіліміз де туынды зат есімдерге өте бай.
2. Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
2.1. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы
Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуына сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалу жатады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары деп алуан түрлі сөздерден туынды түбір зат атауын жасайтын жұрнақтар аталады. Мысалы, тыңшы, қызметкер, арбакеш, сыпырғыш, қуаныш, елеуіш, жақсылык,үлкендік, ондық, жүздік т.б. Мұндай жұрнақтар зат есімнен (тың қызмет, арба) туынды зат есім жасаған, етістіктен (сыпыр, қуан, еле) туынды зат есім, сын есімнен (жақсы, үлкен) туынды зат есім сан есімнен (он, жүз) туынды түбір зат есім жасаған. Бұл туынды түбір зат есім сөздер жұрнақ арқылы жасалғандықтан, олар синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды зат есім сөздер болып саналады. Ал олардың негіз сөздері есім сөздер және етістіктерден болып тұр. Осымен байланысты жұрнақтар есім сөздерден зат есім жасайтын жұрнақтар және етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар болып бөлінеді. Туынды түбір зат есімдердің жасалуына зат есім, сын есім, сан есім, етістік сөздер негіз болады. Осы сөз таптарының сөздерінің негіз болуы арқылы жасалған туынды тубір зат есім сөздер туынды түбір сөздер болып саналады.Туынды түбір зат есім сөздерді жасайтын тілде 110 шамалы жұрнақ бар. Олар құрамы, мағынасы, қызметі жағынан алуан түрлі.
Жалаң жұрнақтар деп құрамы бөлшектеуге келмейтін жұрнақтар аталады. Мысалы: -шы, -ші, -кер, -гер сияқты жұрнақтар бір морфемадан тұрады, сондықтан олардың құрамы бөлінбейді. Туынды зат есім атаулар жасайтын мұндай жұрнақтар зат есім сөзжасамында негізгі орын алады. Олар арқылы көптеген туынды түбір зат есім сөздер жасалған.
Құранды жұрнақтар деп құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын жұрнақтар аталады. Мысалы: -шылық, -шілік, -ынды, -палық жұрнақтарының құрамы екі морфемадан тұрады яғни олар бұрын екі жұрнақ болған. Кейін тілдің дамуында олар кірігіп, бірінсіз бірі қолданылмайтын дәрежеге жеткен. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтардың мағыналық құрамы да әртүрлі. Бірсыпыра жұрнақтар түрлі мағыналы туынды зат атауларын жасайды. Мысалы: -лық, -лік, -тық, -тік жұрнағы түрлі мағыналы туынды сөздер жасайды (бастық, сулық, апталық, қалыңдық, оттық, патшалық). - ық, -ік, -ақ, -ек жұрнағының мағынасы алуан түрлі: 1) адам мүшелерінің атын білдіреді: тырнақ, білек. 2) нақтылы зат атауын білдіреді: қармақ, орақ, дөңгелек,.
3) мекен, орын мәнді зат атауларын жасайды: қорық, тұрақ, жатақ. Сонымен бірге зат есім сөзжасамдық жұрнақтарының ішінде жеке, бір ғана мағынада қолданылатын жұрнақтар да көп: -хана, -тай, -й. Туынды түбір зат есім жасайтын жұрнақтардың біразы бір-бірімен мағыналас болып келеді. Олар синоним жұрнақтар боып саналады. Мысалы: -шы, -ші (жұмысшы, етікші) - кер, -гер (жұмыскер, саудагер).
Туынды түбір жасайтын зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары жүзден аса болғанымен, олардың сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. Осыған байланысты зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары өнімді және өнімсіз жұрнақ болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар деп тілге талай туынды зат атауын берген, қазір де сөзжасамдық қызметін жоғалтпаған жұрнақтар аталады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының басым көпшілігі өнімді жұрнақтарға жатады. Олар: -лық, -лік, -шы, -ші, -шылық, -шілік, -шық, -шік, -ым, -ім, -хана, -гер, -кер, -ын, -ан, -у, -ма, -ме. Өнімсіз жұрнақтар: -қат: жарақат, -арт: мұзарт, -сын: сусын, -қай: алаңқай. Туынды зат атауларын жасауға жұрнақпен қатар негіз сөз де қатысады. Туынды зат атауларына түрлі сөз табының сөздері негіз болады, олар: зат есім, сын есім, сан есім, еліктеуіш сөздер, етістік. Олардың жұрнақтарында да айырма бар. Сондықтан оларды бөліп қарастырған жөн. Олар: 1) есім сөздерден зат атауын жасайтын жұрнақтар; 2) етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар. Есім сөздерден туынды зат есім сөздер жасайтын жұрнақтар аз емес, олардың жалпы саны жетпіс бестей болып қалады. Олардың мағынасында екі түрлі үлкен айырмашылық бар. Бір топ жұрнақтар есім сөздің лексикалық мағынасын өзгертеді, енді біреуі сөздің лексикалық мағынасын сақтап, оған үстеме мағына қосады. Осыған байланысты есім сөздерден туынды зат есім сөздер жасайтын жұрнақтар сөз мағынасын өзгертетін жұрнақтар және сөз мағынасын түрлендіретін жұрнақтар болып бөлінеді.
Есімдерден зат атауын жасайтын жұрнақтар
1. Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар. Туынды зат есім сөздер жасаушы жұрнақтардың көбі сөз мағынасын өзгертуші жұрнақтарға жатады. Лексикалық мағынаны өзгертетін зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы түрлі-түрлі, оларды түгел көрсету мүмкін емес. Мұнда солардың ішінен ірілерін жинақтап, 13мағыналық түрі берілді.
1. Мамандық мәнді жұрнақтар: -шы, -ші (өнімді), -кер, -гер (өн-ді), -паз, -пан, -кеш, -лық, -лік: балықшы, егінші, қаламгер, суреткер, арбакеш, аспаз, сақпан.
2. Орын-жай мәнді жұрнақтар: -стан, -кент, -хана, -дық, -дік: Қазақстан, Шымкент, дәріхана, шабындық, егіндік.
3. Лауазым атаулары мәнді жұрнақтар: -дық, -тық, -лық, -лік: патшалық, әкімдік, бастық.
4. Кісі аттарын жасайтын жұрнақтар: -зада, -қан, -жан, -бай, -бек: Гүлзада, Әлімқан, Гүлжан, Асылбек, Оразбай.
5. Салт-дәстүрге қатысты атаулар жасайтын жұрнақтар: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -ын, -у: құдалық, базарлық, ұрын бару, ілу.
6. Туыстық атауларын жасайтын жұрнақтар: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -дас, -тас: ағалық, жиендік, туыстық, қарындас, бауырлас.
7. Тағам атауларын жасайтын жұрнақтар: -дық, -не, -шік, -дақ, -тақ, -сын,
-п: тұздық, ірімшік, ұнтақ, сусын, шалап.
8. Дене мүшелері атауларын жасайтын жұрнақтар: -тық, -шік: қолтық, жіліншік.
9. Мезгіл атауларын жасайтын жұрнақтар: -лық: апталық, айлық, жетілік, жылдық.
10. Дерексіз мәнді зат атауларын жасайтын жұрнақтар: -лық, -ым, -ім, -м,
-шылық: достық, қастық, қателік, мейірім, мүмкіншілік.
11. Қарым-қатынас атауларын жасайтын жұрнақ: -дас, -дес, -тас, -тес, -лас,
-лес: жолдас, әріптес, жерлес, күндес.
12. Аспаптар атауын жасайтын жұрнақтар: -ген, -ған, -кен, -ман,
-пар: жетіген, құмған, желкен, сайман, шоқпар.
13. Деректі зат атауларын жасайтын жұрнақтар: -тық, -ық, -ік, -ақ, -ек, -ша, -ше, -шық, -шік, -сыз, -сіз, -ілдірік: белдік, орындық, жеңсіз, мойнақ, бақша, ойыншық.
2. Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынасқа байланысты туатын сан алуан мәндегі көңіл-күй, ризалық, үлкенге құрмет, сый, сияпат білдіру, жақсы көру, кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық мағынасын түрлендіреді. Түрлендірілген сөзжасамдық мағына деп лексикалық мағынаның үстіне қосылатын реңктік мағына аталады. Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оған түрлі реңк мәнін қосатын жұрнақтар тілде көп емес. А.Ысқақов бұл жұрнақтардың 13 түрін көрсеткен. Соңғы зерттеу бойынша зат есім лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мәнін қосатын 24 жұрнақ бар. Олар:
1) - еке, -қа, -ке: Жұмеке, Мұқа, ағеке.
2) - й: ағай, апай.
3) - тай: апатай, әкетай.
4) - жан: көкежан.
5) - қан, -ақан: ботақан, қошақан.
6) - шақ, -шек: құлыншақ, інішек.
7) - шық, -шік: қапшық, көлшік.
8) - қай, -кей: балақай, шешекей.
9) - ша, -ше: кітапша, өгізше.
10) - ш: Құрмаш.
11) - сымақ: бастықсымақ.
12) - шығаш, -шігеш: байшығаш.
13) - жын, -жін: құнажын, дөнежін.
14) - ес: белес, дөңес.
15) - қа: қырқа.
17) - ат: қырат.
18) - қал: шатқал.
19) - пат: ойпат.
20) - пан: балапан.
21) - анақ: шұқанақ.
22) - қалаң: шатқалаң.
23) - ақай: итақай.
24) - бай: елпекбай.
Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар тілде түрлі реңктік мағынаны білдіреді. Олар: сыйлау, құрметтеу, жақсы көру сезімін білдіру, еркелету, кішірейту.
Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды түбір атауларға етістік те негіз болады, ондай туынды түбір атаулар етістік негізді туынды түбір деп аталады. Тілімізде етістік негізді туынды түбір атаулар көп. Зат есім сөзжасамының бұл өнімді жолы болып саналады, өйткені тілде етістіктен зат атауларын жасайтын жұрнақтар көп және олар түрлі мағыналы зат атауларын жасайды.
1. Тамаққа қатысты атауларды ж.ж.: -мал, -ма, -ме, -дақ, -маш, -меш, -м,
-мақ, -мық, -пақ: саумал, жарма, кеспе, қуырдақ, қуырмаш, жем, құймақ.
2. Құрал - сайман атауын ж.ж. - ғы, -гі, -ақ, -ық, -ік, -у, -ма, -ме, -кіш,
-нда: бұрғы, орақ, қашау, кескіш, бұранда.
3. Табиғат, мезгілге байланысты атауларды ж.ж. - й, -а, -ы, -ші, -н, -сын,
-сін: қурай, жыра, тамшы, борасын.
Зат есім - сөйлемде заттық ұғымға қатысты ойды білдіру үшін қолданылатын сөздер. Зат есім сөздер құрамы жағынан әр түрлі, олар:
1. Негізгі түбір зат есімдер. Мысалы, аға, ана, әке, ана, су, ағаш, тоғай т.б. Негізгі түбір сөздер грамматикада негізгі морфема деп те аталады, өйткені негізгі түбір зат есімдердің құрамын бөлшектеуге болмайды, ол бІр морфемадан тұрып, лексикалық мағынаны білдіреді. Олар сөйлемге біртұтас лексема, сөз ретінде кіреді.
2.Сөйлемде туынды түбір зат есім сездер қолданылады. Олардың құрамы негізгі түбір мен сөзжасамдық жұрнақтан құралады (дәрігер), кейде туынды түбір сездің құрамында бірнеше сөзжасамдық жұрнақта болады (ег-ін-ші -- лік), бұл туынды түбір сөздің туыңды түбір уэждеме сөзден жасалуына байланысты.
Оның түрлі себептері бар. Ал ол туынды зат есімдердей құрамының алуан түрлі болуына әсер етеді. Туынды зат есімдердің құрамының түрлілігі олардың түрлі топ құрауына әкеледі. Туынды зат есімдердің әр түрінің өзіндік ерекшелігі бар.
Зат есім сөзжасамдық жұрнақтарға өте бай, олардың мағынасы мен құрамында да үлкен ерекшелік бар.
Туынды зат есім сөздерге тіліміз өте бай. Туынды зат есім сөздердің тілден мол орын алатыны зат есімнің шындық өмірге байланыстылығын былай қойғанда, зат есімнің сөзжасамдық ішкі мүмкіншіліктерінің молдығына, күрделігіне байланысты. Зат есім сөзжасамында тілдегі сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі белсенді қызмет атқарады. Бүл барлық сөз таптарының сөзжасамына тән құбылыс емес. Зат есімнің сөзжасамында барлық тәсілдердің белсенді қызмет атқаруы туынды зат есім сөздердің молдығына әсері бары сөзсіз. Сондықтан туынды зат есімдердің ішінде туынды сөздердің барлық түрлері бар. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлер, аналитикалық тәсіл арқылы жасалган күрделі сөздердің барлық түрі, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туындылар тілде баршылық.
Туынды зат есім сөздердің түрлі тәсілдер арқылы жасалуына байланысты туынды зат есім сөздердің құрамы да алуан түрлі. Туынды зат есім сөздердің құрамында сөзжасамдық жұрнақтар, түбір сөздердің барлық түрі, түрлі қарым-қатыста кездесе береді. Туынды зат есімдердің жасалуында негіз сөз қызметін зат есім сөздермен бірге басқа сөз таптары да атқара береді. Яғни зат есім сөзжасамы сан есім сөзжасамы сияқты өз ішінде ғана тұйықталмайды, ол басқа сөз таптарының сөздерін зат есімге айналдырып, өз кұрамын басқа сөз таптарының сөздерінің негізінде де толықтырып отырады. Бұл үрдіске, әсіресе, сын есім сөздер мен етістіктер белсенді қатысады.
Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар
Адамдар арасындағы тұрлі қарым-қатынасқа байланысты туатын сан алуан мәндегі көңіл-күй, ризалық, үлкенге құрмет, сый, ілтипат білдіру, жақсы көру, кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық мағынасын түрлендіреді. Лексикалық мағынаның түрленуі жалпы тіл білімінде де сөзжасамға жатады. Оны орыс тіл білімінде түрлендірілген (модифицированное) сөзжасамдық мағына деп атаған .
Түрлендірілген сөзжасамдық мағына деп лексикалық мағынаның үстіне қосылатын реңктік мағына аталады. Мысалы, апатай, ағатай сөздерінде апасын, ағасын жақсы көру, оларға ілтипат көрсету мәні бар. Мұнда апа, аға сөздерінің лексикалық мағынасы сақталып, оларға қосымша мағына қосылып, лексикалық мағына түрлендірілді. Зат есімнің бұл мағыналарының белгілі құрамы, ол мағыналарды жасаушы белгілі сөзжасамдық жұрнақтар бар. Оларды А.Ысқақов Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп атап, оларды зат есім сөзжасамында берген .
Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар тілде түрлі реңктік мағынаны білдіреді. Олар: 1) сыйлау, құрметтеу мағынасы, 2) жақсы көру сезімін білдіру, 3) еркелету, 4) кішірейту.
Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық.
1. Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар
Сыйлау, құрметтеу мағынасы тілде белгілі жұрнақтар арқылы беріледі. Қазақ тілінде үлкенді сыйлау, құрметтеу мағынасынын арнайы көрсеткіштер арқылы берілуі тілде қалыптасқан заңды құбылыс деп танылуы керек. Оны халықтың салт-санасы туғызған. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дәстүр, салт-санасының бір түрі - халықтың өмірінен кең орын алған салт-сана, дәстүр тілден де өз көрінісін тапқан. Осы салт-сананың, дәстүрдің сақталуы бұл мәндегі жұрнақтардың қазір тілде жиі қолданылуын сақтаған.
1. Сыйлау, құрметтеу мәндегі жұрнақтар -еке, -қа, -ке.
Бұл жұрнақтардың қолданылуында екі түрлі ерекшелік бар: 1) бұл жұрнақтар кісі аттарына жалғанғанда, кісі аттарының бір я бірнеше буыны қысқарады. Осы жұрнақтар казақ тілінде көне заманнан келе жатқан сөз қысқартудың жолымен тікелей байланысты. Мысалы, Жәке (Жамбыл), Асеке (Асқарбек), Сәке (Сағындық), Құреке (Құрманбек), Зәке (Зейнолла) т.б. Әдетте кісі аттарын қысқартып, оған -- еке, -қа, -ке жұрнақтарын қосып қолдану жасы үлкен, сыйлы, құрметті адамдарға қатысты. Бірақ кейде жасы кіші адамдарға сый-құрмет көрсету, ілтипат білдіру үшін де қолдану кездесе береді.
2. Тіліміздегі -- й жұрнағы да сыйлау, ілтипат, ізет білдіру, үлкен тұту мәнін береді. Бұл жұрнақтың қолданылу аясы тар, ол туыстық мәндегі атауларға ғана жалғанады және олардың бәріне емес, тек аға, апа, әке, шеше, ата, жезде, әпке сөздеріне жалғанады: ағай, апай, шешей, атай, әкей, жездей. Осылардың ішіндегі жиі қолданылатыны ағай, апай сөздері. Бұлар туған ағасы мен туған апасына қолданылмайды. Бұл сөздердің әлеуметтік мәні басқа тілдердегі синьор, ханым сөздерінің мәніне жақын. Олар танитын адамға да, танымайтын, аты-жөнін білмейтін адамға да қолданыла береді. Мысалы, Құрметті Кенен ағайдың әндерін тыңдауға құмартып келем (С.Мұқанов). -- Апай, сізге мен қалай рақмет айтарымды білмей отырмын,-деді Ғани даусы дірілдеп (М.Иманжанов). -- Ағай, бұл қай көше? (ауызекі сөзден).
2. Жақсы көру мәнді жұрнақтар
Жақсы көру сезімін білдіру мәнін -тай,-жан жұрнақтары білдіреді. Мысалы, Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығыңды! -- деп, қоштасты да, кішкене есікті ашып, жай салмақпен басып жүріп кетті (М.Әуезов). -Ой, Абайжан, қарағым, не болды? Біреу тиген бе? -- деп, ішінен "әкесі ұрды ма?" деп те ойлап кеп еді (М.Әуезов). Бұл жұрнақтар кісі аттарына, кіші адамға, туыстық атауларға жалғанады: жеңешетай, әкетай, көкетай, әпкетай, ағатай, апатай, Сәулетай, Ғалымтай, Сырымтай, Қасымтай, апажан, ағажан, Сәулежан, Ғалымжан, Сырымжан т.б.
Бұл екі жұрнақ мағыналас, синоним жұрнақтар, олар кісі аттарын жасауда кең орын алған.
2. Еркелету әрі кішірейту мәнді жұрнақтар
Еркелету әрі кішірейту мәнін білдіретін жұрнақтар: -қан, -ш. Мысалы, Балақан-ау, балақан, сүт пісіріп сен үшін, демалмай жүр әлі апаң (Ғ.Мүсірепов). Боташым менің, құлыным (С.Мұқанов).
Бұл жұрнақтардың қолданылу аясы бірдей емес, -ш жұрнағы өте жиі қолданылады. Ол көбіне, кісі аттарына жалғанады. Кейде туыстық атаулармен қолданылады: көкеш, анаш, апаш. Бұлар тәуелденген тұлғада қолданылады: көкешім, қалқашым, анашым, апашым. Соңғы анашым менің, апашым менің сияқты тұлғадағы қолданыста сыйлау мәні қосылады.
4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар
Кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін білдіретін жұрнақтар . -сымақ, -шығаш, -шігеш, -бай, -ек.
1) -сымақ жұрнағы жанды, жансыз зат есім сөздерге жалғанып оған кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін қосады. Олар: батырсымақ ,өзенсымақ, таусымақ, ғалымсымақ, келсымақ. Бұл жұрнақ жіңішке сөзге де, жуан сөзге де бір тұлғада жалғанады, яғни буын үндестігіне бағынбайды. Мысалы, Әрбір жыра, шұқанақ, немесе өзенсымақ өңірлермен жол жүрген сайын, сол күдігін айтады (М.Әуезов). Бұл жымда ол ел бүлігі атқамінерді, жеміт болыс, ұлықсымақты сан рет әділ ашумен жазалаған (М.Әуезов).
2) -шығаш, -шігеш жұрнағы да кемсіну мәнін береді. Ол - сымақ жұрнағымен синонимдес. Мысалы, жекелеген байшігештердің арманы - байлыққа жету (С.Мұқанов). Өзін батыр санайтын ершігештер де жоқ емес (С.Мұқанов).
3) -бай жұрнағы кекету, кемсіну мәнін береді. Мысалы, Бұл үйде жеңіл мінезді бір желпекбайлар тұрады екен деп ойламаңыздар (С.Адамбаев). Сартабан өмірі малмен өткен адам көрінеді, оны жұрт барып тұрған салпақбай деп те атайды (С.Мәуленов).
4) -ек жұрнағы да кемсіну мәнін білдіреді. Мысалы, Жәлелдің артында калған екі жетімекпен бірге шырылдап мен де қала бердім (С.Жүнісов).
5. Ұрғашы мәнді жұрнақ
Ұрғашы мәнін білдіретін -жын, -жін жұрнағы бар. Ол санаулы сөзге ғана жалғанады: құнажын, дөнежін. Мысалы, Бәубек тай, жабағы, құнажын, дөнежіндердің семізін карастырып жүргенде, Қазанқап көк қасқа биеге нұсқады (Ғ.Мұстафин). Күләш еңбек еткен ферманың сауын сиырлары "алатау" тұқымдас дөнежін сиырлармен толықтырылды (газеттен). Ал 3 жас 8 айлық дөнежін інгендердің салмағы сақ інгендерден 19 кг. артык тартқан (И.Жұмағұлов). Бұзауын сағынған құнажындар жіңішке даусымен мөңіреп, мен келе жатырмын деп хабар беріп қойды (Б.Соқпақбаев).
6. Кішірейту мәнді жұрнақтар
Кішірейту мәнінде тілде қолданылатын жұрнақтар бірсыпыра. Олар: -шық, -шік, -қал, -ша, -ше, -шақ, -шек, -ес, -қа, -пан, -анақ, -паң, -қалаң. Бұл мәндегі жұрнақтардың көп болу себебі бар, олар адаммен байланысты да, үй жануарларымен байланысты да, басқа жансыз заттармен байланысты да қолданылады, яғни олардың қолданылу аясы кең.
1) -шық, -шік жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, ол заттың атауына кішірейту мәнін қосады. Олар: үйшік, қалашық, төбешік, көлшік, кіршік, адыршық, қапшық, қылшық, ойыншық, тығыншық, дорбашық, талшық, түйіршік, боташық, шиыршық т.б. заттың атын жасаған ірімшік, ойыншық сөздеріндегі -шық, -шік жұрнағының да түп негізі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz