«Денің сау болсын десең…»


1.Ұйымдастыру.
2.Ойланайық, пікірлесейік.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас.

Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;
-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.

Зиянды әдеттерге нелер жатады?
Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






№5 жалпы білім беретін орта мектебі

ТӘРБИЕ САҒАТЫ:
Денің сау болсын десең...

Өткізген: Сынып жетекші: М.С.Кулдашева
Машықкер: А.Б.Сатыбалдыев

Орал-2017

Сабақтың тақырыбы: Денің сау болсын десең...
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері: Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

1.1. Сәлемдесу Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені. оқушылар иіліп сәлемдеседі

1.2 Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады) Шаттық шеңберінде үнтаспадан Әрқашан күн сөнбесін әнін тыңдап, бірге қосылып айтады.
Әрқашан күн сөнбесін
Сөзі: Л. Ошаниндікі
Әні: А. Островскийдікі
Аударғандар: І. Мәмбетов; Қ. Ыдырысов

Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл- суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған ізі,
Қалдырған бұл сөзі:

Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.

Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі -дені сау ұрпақ. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығының

1.3 Ой шақыру. Тапсырма. Балалар, Байлық деген не? Денсаулық деген не? (Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)
(Оқушылар топтастыру бойынша ойларын айтады.)

1.4 Түйіндеме: Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі - дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы.

1.5 Дәйексөз:
Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,
Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.

Халық даналығы.

(Оқушылар дәйексөзді оқып, түсінген ойларын мысалдар келтіре отырып айтады.)

2.Ойланайық, пікірлесейік.

"Салауаттылық-саулық негізі" деудің мәні неде?
"Денсаулығың өз қолыңда" дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір салты не үшін керек?
"Сатып алған ауруға дауа жоқ" дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқыылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады.
Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

2.1 Тапсырма:
Салауатты өмір салты дегеніміз не?Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды
(Слайд бойынша оқушылардың жауап,пікірлерін нақтылау үшін трек-схема көрсетіледі.)

2.2 Назар аударайық!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.
Бірінші бағыт-"Темекі шегуді тоқтату"
Екінші бағыт-"Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес"
Үшінші бағыт-"Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес"

2.3 Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Әдепті болам десең, арлы бол!
Тәні саудың – жаны сау
Дені сау азаматтар-мемлекеттің ең бағалы капиталы
Дені саудың - жаны сау туралы
Дені саудың –жаны сау
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Сақ боламын десең сақтан
Ел болам десең – бесігіңді түзе
Ел боламын десең, бесігінді түзе
Дені саудың - жаны сау жайлы мәлімет
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь