Жаңаөзен қаласының тарихи



II.ТАРАУ. Жаңаөзен қаласы
2.1 Жаңаөзен қаласының тарихи және жылнамалық көрсеткіштері
2.1 Жаңаөзен қаласының тарихи және жылнамалық көрсеткіштері
Жаңаөзен — Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан.
Қала әкімі: Әбілов Елубай Жақайұлы
Қаланың құрылған жылы - 1968 жыл.
Қала аумағы – 0,515 мың кв.км
Қала аумағына Қызылсай, Теңге және Рахат ауылдары кіреді.
Халық саны. 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша халық саны 142,0 мың адамды құрап (қала халқы-82,1 мың адам, ауыл халқы - 59,9 мың адам), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың адамға өскен (табиғи өсім негізінде. 01.05.2015ж.-137,8 мың адам).
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 85 783,7 млн.теңгені құрады (2015ж. 9 айда –85 596,1 млн.теңге). Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 88,5% құрады (2015ж. 9 ай – 88,9%). Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындарының бірі - «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазГӨЗ» ЖШС.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 12 844,2 млн.теңгені құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 55,1% құрады.
Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 98,6 мың шаршы метрді құрады, 2015 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 7,2%-ға өсті (2015ж. 9 айда – 92,0 мың шаршы метр).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 10293,3 млн.теңгені құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 91,7% құрады.
Республикалық бюджетке 7 259,9 млн.теңге көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен қарағанда 134,5% құрады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
II-ТАРАУ. Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен -- Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы -- Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан.
Қала әкімі: Әбілов Елубай Жақайұлы
Қаланың құрылған жылы - 1968 жыл.
Қала аумағы - 0,515 мың кв.км
Қала аумағына Қызылсай, Теңге және Рахат ауылдары кіреді.
Халық саны. 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша халық саны 142,0 мың адамды құрап (қала халқы-82,1 мың адам, ауыл халқы - 59,9 мың адам), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың адамға өскен (табиғи өсім негізінде. 01.05.2015ж.-137,8 мың адам).
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 85 783,7 млн.теңгені құрады (2015ж. 9 айда - 85 596,1 млн.теңге). Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 88,5% құрады (2015ж. 9 ай - 88,9%). Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындарының бірі - Өзенмұнайгаз АҚ, ҚазГӨЗ ЖШС.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 12 844,2 млн.теңгені құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 55,1% құрады.
Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 98,6 мың шаршы метрді құрады, 2015 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 7,2%-ға өсті (2015ж. 9 айда - 92,0 мың шаршы метр).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 10293,3 млн.теңгені құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 91,7% құрады.
Республикалық бюджетке 7 259,9 млн.теңге көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен қарағанда 134,5% құрады.
Жергілікті бюджетке 18 158,2 млн.теңге көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті, 2015 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 98,0% құрады.
Шағын несиелеу орталығы арқылы 2016 жылы қаңтар - қыркүйек айларында "Ауыл шаруашылық қолдау қоры" арқылы Жұмыспен қамту жол картасы 2020 - 13 жоба - 37,5 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.
Қала бойынша экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа еңбекақы 290 656 теңге, 2015 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 97,1% құрады.
Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту органдарына 2016 жылы жұмыссыздық есебіне 4184 адам тіркелді, соның ішінде: әйелдер - 2261, ерлер-1923.
2016 жылы 3499 жаңа жұмыс орны құрылды (2015ж. -3541) Жыл соңында қалған жұмыссыздар саны-1536 адам (2015ж. -1269 адам). Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 01.10.2016 жыл кезеңіне 2,5% құрады.
Аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен тұратындар саны - 206 адам - 44 отбасы (2015ж. 9 ай - 677 адам - 135 отбасы).
Денсаулық сақтау саласы. Жаңаөзен қаласы бойынша халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау саласындағы мекемелер саны қазіргі уақытта қалада барлығы 11 бірлік, соның ішінде: тұрғындарға 7 мемлекеттік, 4 жекеменшік медициналық мекеме қызмет көрсетеді (1 перзентхана, 1 орталық аурухана, 1 қалалық емхана, 1 туберкулез ауруханасы, 1 балалар емханасы, 1 балалар ауруханасы және Қызылсай мен Теңге елді мекендерінде 2 дәрігерлік амбулатория, 1 жедел жәрдем станциясы), Стоматология жауапты шектеулі серіктестігі, жекеменшік медициналық орталық (Жалымбетов, Медицина, Медикер) қызмет жасауда.
2016 жылдың 9 айында 1381 бала дүниеге келді (2015ж. 9 ай - 1640 сәби). 2016 жылдың 9 айында 1-жасқа дейінгі 10 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш тірі туылған 1000 сәбиге шаққанда 7,2 промиллені құрады (2015ж. 9 ай - 13 сәби - 7,9 промилле). Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 37,6 промиллені құрады (2015ж. 9 айда - 36,7 промилле)
Білім саласы. 2016 жылы білім беру саласына 7,6 млрд.теңге бөлінді, бұл жалпы қала бюджетінің 48,7% құрайды (2015ж.-7,8 млрд.теңге).
2015-2016 оқу жылдарындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 952 түлек оқуды аяқтап, оның 737-і немесе 77,4% қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 73,8% (2014-2015ж.-71,5%). 14 оқушы Алтын белгі белгісін, 24 оқушы Үздік аттестат иеленді.
Мәдениет және спорт саласы. Қала бойынша 124 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді. Осы мақсатта 2016 жылға 16,7 млн.теңге бөлінді, есепті кезеңге 5,2 млн.теңге қаражат жұмсалды.
Қалада орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде дене шынықтырумен айналысатын халық саны 27 867 құрайды немесе 39,2%, соның ішінде жасөспірімдер саны - 10 912 бала.
2016 жылдың 1-жартыжылдығына 25 спорттық іс-шаралар өткізілді және осы мақсатта 8,0 млн.теңге бөлініп, есепті кезеңге 7,3 млн.теңге игерілді.

2.1 Жаңаөзен қаласының тарихи және жылнамалық көрсеткіштері
Маңғыстау байлығы өткен ғасырларда-ақ Еуропалықтарды қызықтырған. Бұған сол кездегі шағын экспедицияға қатысқан орыс ғалымдарының естеліктері мен болжамдары дәлел. Әр кезеңдегі тарихи оқиғалар түбек байлығын игеруге мүмкіндік бермеді. Текқана ХХ ғасырдың елуінші жалдары назар аударылып, барлаушы-геологтар түбекті шарлай бастады. Үкімет тарапынан толық қолдау болғаннан кейін ғана түбек қазынасын игеруге қадам жасалды.
Алпысыншы жылдардың басында Өзен кен орнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жолдарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашқыда вагондар мен жертөлеге орналасып, соңынан сол маңдағы жарқабақтардағы жұмыр тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланды. Сөйтіп барлаушы-геологтардың мекені Өзен поселкесі пайда болды.
Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді жұмысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени объектілерді салу басталды.
1968 жылы 21 қазанда Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының №1241 Қаулысымен Гурьев облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алып, Новый Узень қаласы деп аталды. Өзен ауданының құрамына Новый Узень қаласы (аудан орталығы), Ералиево, Жетібай, Өзен поселкалары кіріп, Шевченко қалалық кеңесіне қарады.
Қазақ ССР-і Жоғары Кеңес Президиумының 1968 жылғы 31 қазандағы № 1273 Қаулысына сәйкес Новый Узень поселкелік кеңесінің депутаттары Новый Узень қалалық кеңесінің депутаттары ретінде өз өкілеттіктерін сақтады.
1968 жылғы 15 қарашада Новый Узень қалалық депутаттар кеңесінің 1-ші ұйымдастыру сессиясы болды. Онда қалалық атқару комитетінің төрағасының жауапты хатшыны, атқару комитетінің мүшелерін сайлап, тұрақты комиссияларының төрағаларын бекітті.
Қалалық атқару комитетінің алғашқы төрағасы болып Орынбасаров Көбен жауапты хатшы болып Журавлева Валентина Иосифовна сайланды.
Қалалық атқару комитетінің мүшелері болып Кондратьев А.А, Берікқұлов Жайберген, Айдаров Түкібай, Нұрғалиев Қабидолла, Есібаев Әділғазылар сайланды. Сондай-ақ сессияда қалалық кеңестің тұрақты комиссиялары құрылып, олардың төрағалары бекітілді.
Қазіргі Жаңаөзен қаласы қала ретінде өз жұмысын осылайша бастады.
1973 жылы 20 наурыздан бастап Новый Узень қаласы жаңадан құрылған Маңғышлақ облысының құрамында болып облысқа бағынған қалаға айналды.
1974 жылы Маңғышлақ облысының құрылуына байланысты Өзен ауданы таратылды. Новый Узень қаласының әкімшілігіне Өзен поселкесі қарады.
Қазақ ССР-і Жоғары Кеңес Президиумының 1988 жылғы 2 маусымдағы №30172 Жарлығына сәйкес Маңғылақ облысының таратылуына байланысты Новый Узень қаласы Гурьев облысының құрамына енді.
Қазақ ССР-і Жоғары Кеңес Президиумының 1990 жылғы 17 тамыздағы №216-ХІІ Жарлығына сәйкес Маңғыстау облысы құрылып, Новый Узень қаласы осы облыстың құрамына қайта енді.
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңес Президиумының 7.09.1993 жылғы №2410-ХІІ Жарлығымен 1993 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Новый Узень қаласы Жаңаөзен қаласы деп аталды.
Жаңаөзен қаласы 60 мың халыққа есептелініп, Маңғыстау түбегінің континентальды бөлігінде, теңіз жағасынан 60 километр қашықтықта орналасқан. Жері тастық, төңірегі кеңістік, жазық дала. Облыс орталығы Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі арақащықтық - 150 километр.
2006 жылғы дерек бойынша Жаңаөзен қаласында 28 ұлт өкілдерінен тұратын 93 мың халық болды. Жаңаөзен қалалық әкімдігіне Теңге поселкесі (тұрғындардың саны 13300 адам) және Қызылсай селосы (4200 адам) кіреді.
Маңғыстау түбегінің төрінде орналасқан Жаңаөзен қаласының пайда болуы осы жерде ашылған ірі мұна кенорнының игерілуіне байланысты. Қала тарихы оның негізін құрайтын өндіріс орындарының тарихынан тұрады. Солардың ішінде қаланың өркендеуіне Өзенмұнайгаз акционерлик қоғамының орны ерекше.
Жаңаөзен қаласының тарихы туралы мұрағат деректері осылай дейді.
Жаңаөзен қаласының экономикалық, саяси-қоғамдық, мәдени-әлеуметтік дамуы бойыншы атаулы оқиғалар мен даталардың жылнамалық көрсеткіштері.
Бұдан 45 жыл бұрын (1968 жыл)
-Өзен кен орны газ қабықтарының табиғи газын дайындау жөніндегі тұңғыш қондырғы іске қосылды.
-Ақтау (Шевченко) - Жетібай - Өзен су құбыры арқылы тұшытылған теңіз суы пайдалануға берілді.
Бұдан 40 жыл бұрын (1973 жыл)
-Маңғыстау облысы құрылды.
Бұдан 35 жыл бұрын (1978 жыл)
-Мамырда Ракуша мұнай кеніші пайдалануға берілді.
-Қабатқа су айдауды дайындайтын және айдайтын ПТБ 10-160 үлгісіндегі пештер қатарға қосылды.
-Жаңаөзен қаласында оқушылар шығармашылық үй ашылды.
Бұдан 30 жыл бұрын (1983 жыл)
-Өзен кен орны қабатқа ыстық су айдауға толықтай көшті. Тәуліктік су айдау 150 мың текшеметрге жетті.
-Мұнайгаз өндіру басқармасының өз қосалқы шаруашылығы ұйымдастырылды.
Бұдан 25 жыл бұрын (1988 жыл)
-№10 орта мектеп тапсырылды.
-Тігін фабрикасы іске қосылды
-Шипасервис емдеу-сауықтыру орталығы жұмысын бастады.

Бұдан 20 жыл бұрын (1993 жыл)
-Жаңаөзен қаласында облыстық балалар үйі ашылып, оқу-тәрбие жұмысын бастады.
Бұдан 15 жыл бұрын (1998 жыл)
-Қала әкімі М.Абылхановтың тікелей басшылығымен Дулыға архитектуралық ескерткіші орнатылды.
-Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.
Бұдан 10 жыл бұрын (2003 жыл)
-Маңғыстау облысының 40 жылдығы және Ақтау қаласының 30 жылдығына орай Ақтау қаласында Жаңаөзен қаласының мәдени күндері өткізілді. Облыс бойынша Жаңаөзен қаласы ІІ орынға ие болды.
-Облыс деңгейінде Маңғыстау облысытық балалар үйі 10 жылдық тойын атап өтті.
-Облыстық балалар үйінің екінші ғимараты тапсырылды.
-Қалалық орталық аурухана, жұқпалы аурулар ауруханасы, балалар емханасы жаңа заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізілді.

2.2 Жаңаөзен оқиғалары (1989 - 2011)
Жаңаөзен оқиғасы -- 1989 жылы 17-28 маусым аралығында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды.
Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.
1989 жылы маусымның 16-19-ы күндері Жаңаөзен қаласында кешегі Кеңес үкіметінің шаңырағын шайқалтып кете жаздаған үлкен көтеріліс болды. Бұл көтеріліске бүгінгі күнге дейін лайықты тарихи баға беріле қойған жоқ. Біреулер 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы десе, енді бірі Жаңаөзен көтерілісі деп атап жүр. Шындығында мұны оқиға емес, халық көтерілісі дегеніміз дұрыс. Оқиға деп әдетте күнделікті болып жатқан тосын жағдай-ларды атаймыз, мысалы, жол апаты, төбелес, өрт т.б.
Жаңаөзен көтерілісі Маңғыстау облысын түгелдей шарпыды. Жетібай, Құрық Шетпе, Бейнеу кенттерінде, Қаламқас, Қаражанбас кенорындарында, Форт-Шевченко, Ақтау қалаларында жаңаөзендіктерді қолдаған халық толқуы болып өтті. Бұл толқуға облыс көлемінде 80 мыңға жуық адамдар қатысты. Әскер, тікұшақ, танкілер пайдаланылды. Қан төгілді.
Халық неге көтерілді? Халықтың бұлайша ашынуына қандай жағдайлар әсер етті? Салдары қандай болды? Жаңаөзен көтерілісінің тарихи маңызы неде? Бұдан біздер қандай сабақ алуға тиістіміз? Міне, бұл жолы осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітуді жөн деп санадық.
Біріншіден, империялық кеңес үкіметі қазақ халқының тілін, дінін, әдет-ғұрпын ұмыттырып, жерінен, рухынан айырып, орыс тілді мәңгүрт халық дайындағысы келді. Сондай тәсілдердің бірі жергілікті қазақ халқын азшы-лыққа айналдыру үшін жан-жақтан өзге ұлт өкілдерін әкеліп, шұрайлы жер-лерге орналастырды. Ол үшін тыңды игеру деген желеумен Қазақстанның солтүстік облыстарына миллионнан аса өзге ұлт өкілдерін әкеліп қоныстан-дырды және сырттан келген басқа ұлттардың өкілдеріне барлық жағдайла-рын жасады. Тіпті, қазақтың жер-су аттарын ұмыттыру үшін оларды өз-гертіп, елді мекендерге келімсектердің қатындарының, тіпті ертіп келген ит-терінің аттарына дейін берді. Бұл күндердің күнінде менің жерім дейтіндей дәлел қалдырмау үшін керек болды. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл-дай уақыт болса да ол атаулардан әлі күнге дейін толықтай арыла алмай ке-леміз.
Жергілікті қазақтар екінші сорттағы халыққа айналды. Кез келген мәселені шешудің өзі кавказдықтардың (әсіресе, шешендердің) рұқсатымен жүзеге асып отырды. Кавказдықтар мен қазақ жастарының арасында жиі-жиі төбелестер болып тұрды. Адам өлімі болған кездер де көп болды. Бірақ, жергілікті билік бұл оқиғаларды жоғарғы жақтардан үнемі жасырумен келді. Жергілікті халықтың ашу-ызасы күннен күнге күшейе түсті.
1989 жылдың 16-шы маусым күні сағат кешкі 19.00. шамасында жастардың би кешінде қазақтар мен кавказдықтардың арасында төбелес болды, мұның арты талай жылдардан бері сыздауықтай сыздап тұрған жараның жарылуы-на әкеп соқты. Көтерілісті ешкім ұйымдастырған жоқ, стихиялы түрде жүрді. Бұл - ұлтаралық қақтығыс түрінде басталған, кеңестік қызыл империяның солақай саясатына қарсы жергілікті қазақтардың өз саяси-экономикалық, әлеуметтік құқықтарын талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Жаңаөзен - Маңғыстау облысындағы қала, қаланың әкімшілік орталығы
Маңғыстау облысының халқы
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
Экономикалық жоспарлау
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Ақтау қаласына сипаттама
Пәндер