Мемлекет қоғамнын саяси жүйесінің негізгі элементі
Кіріспе
1 Мемлекеттің мәні және оны басқарудың теориялық әдістемелік негіздері
1.1Мемлекеттік органдар және олардың жіктелуі
1.2 Мемлекеттік биліктің өкілетті органдары
1.3 Мемлекеттің жергілікті жердегі өкілетті органдары және басқару органдары
2 Жақын және шет мемлекеттердің басқару органдары
2.1 Франция Республикасының басқару органдары мен жүйесі және мемлекеттік құрылымы
2.2 Жапония корольдігінің мемлекеттік құрылымы мен басқару органдары
2.3 Мемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами дамудың рөлі
3 Мемлекет саяси институт ретінде
3.1 Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мемлекеттің мәні, оның басқару органдары, жергілікті басқарудың өкілетті органдары және шет мемлекеттің басқару органдары. Курстық жұмысымның мақсаты: Мемлекеттік басқару органдары және жергілікті басқарудың өкілетті органдарын қамту.
Курстық жұмысымның міндеті: Мемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами дамудың бастапқы сатыс, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының рөлі.Мемлекеттің қоғам жүйесіндегі орны мен рөлі.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Басқару жүйесінің азаматтық қоғамның қалыптасуы мен елдің тиімді дамуында, демократияның жетілуінде маңызы зор. Сондықтан мұндай жүйені құруға деген теориялық және тәжірибелік қызығушылық әрқашан заңды және өз тарапынан ақталады.Мемлекеттік бақарудың қажеттілігі табиғи, еңбек, материалдық және ақпараттық қорларды тиімді пайдалануға, табысты әділетті қайта бөлуге және негізгі әлеуметтік құқықтарды кепілдендіруге, қоғамдық тәтіпті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.
Алайда, қазіргі кезде мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тиімсіз ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттарын бұзу фактілері байқалуда. Бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігіне тиісті дәрежеде қанағаттанбауына әкеп соғады.
Курстық жұмысым 3бөлімді қамтиды: 1 бөлім. Мемлекеттік органдар және олардың жіктелуі, Мемлекеттік биліктің өкілетті органдары Мемлекеттің жергілікті жердегі өкілетті органдары және басқару органдары туралы жазылған. 2бөлім. Жақын және шет мемлекеттердің басқару органдары, Франция Республикасының басқару органдары мен жүйесі және мемлекеттік құрылымы, Жапония корольдігінің мемлекеттік құрылымы мен басқару органдары. 3 бөлімМемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами дамудың рөлі туралы қарастырдым.

1. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары. Сөздік-Словарь, Алматы, 2002.
2. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары. Алматы, 2001.
3. Алдашева А., Сүлейменова Э., Аханова Д.Х, Алдаш Ж.Б. Ресми- іскери тіл: қазақша-орысша тіркесімдер сөздігі.– Алматы, «Издательство «Арман-ПВ»», 2005.
4. Бектаев Қ. Қазақша-орысша орысша-қазақша сөздік. Алматы: «Алтын Қазына» баспасы, 2001
5. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Оқу құралы. «Ана тілі ЖШС» Алматы, 2001.
6. Жақыпов М.Қ., Сапарбекова Ә.Ә. Іс қағаздарында жиі қолданылатын сөз тіркестері. Әдістемелік құрал. Астана, 2000.
7. Жақып Ә. Іс жүргізу. Делопроизводство. «Фолиант» баспасы, Астана, 2000.
8. Қазақша-орысша халықаралық және саяси сөздік-анықтамалық. Құрастырушы – авторы: Болат Жәмкенов. – Астана, 2006
9. С. Оразалинов, М. Айтымбетов, Б. Бодаубай, Ө. Ақыпбекұлы. Заң терминдерінің сөздігі, «Жеті жарғы» ЖАҚ, 2002
10. Өтелбай Г. Қазақша-орысша, орысша-қазақша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігі (септелу тәсілі негізінде). Астана, 2006.
11. Терминологиялық жинақ.. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2002.
12. Салагаев В., Шалабай Б.. Іс қағаздарын жүргізу. «Раритет», Алматы, 2002.
13. Орысша-қазақша сөздік. өңделіп, толықтырылып үшінші басылуы 70 000сөз. «Дайк-Пресс» баспасы, Алматы, 2005.
14. Орфографиялық сөздік. Жауапты редакторы: Рәбиға Сыздық. – Алматы, 2007.
15. Тихонов А.Н. Орфографический словарь русского языка: около 100 000 слов. Изд. 7-е. М.: Цитадель - трейд: Вечер, 2006.
16.Тоқсанбай Сүлеймен Рақымжанұлы. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы, 1999.
17. Хазимова Ә. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. «ОЛ-Жас» баспасы, Алматы, 2004.
18. Халықаралық саяси терминдер сөздігі.
19. Шоманов А.Ж., Бельгибаев С.Т., Морозов А.А., Тастенов А.Ж., Утешев Д.А. Реформирование системы государственного управления: зарубежный опыт и Казахстан. Научное издание. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005. – 276 с
20.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің концепциясы http://www.kyzmet.kz/?lang=kz&id_1=88&type;=.

Курстық жұмысымның тақырыбы: Мемлекет қоғамнын саяси жүйесінің
негізгі элементі. Курстық жұмысымның өзектілігі: Мемлекеттің мәні, оның
басқару органдары, жергілікті басқарудың өкілетті органдары және шет
мемлекеттің басқару органдары. Курстық жұмысымның мақсаты: Мемлекеттік
басқару органдары және жергілікті басқарудың өкілетті органдарын қамту.
Курстық жұмысымның міндеті: Мемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами
дамудың бастапқы сатыс, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының
рөлі.Мемлекеттің қоғам жүйесіндегі орны мен рөлі.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси-
құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және
қалыптасатын саяси-құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып
табылады. Басқару жүйесінің азаматтық қоғамның қалыптасуы мен елдің тиімді
дамуында, демократияның жетілуінде маңызы зор. Сондықтан мұндай жүйені
құруға деген теориялық және тәжірибелік қызығушылық әрқашан заңды және өз
тарапынан ақталады.Мемлекеттік бақарудың қажеттілігі табиғи, еңбек,
материалдық және ақпараттық қорларды тиімді пайдалануға, табысты әділетті
қайта бөлуге және негізгі әлеуметтік құқықтарды кепілдендіруге, қоғамдық
тәтіпті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету
қажеттілігінен туындайды.
Алайда, қазіргі кезде мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік
қызмет көрсету кезінде тиімсіз ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз
ету, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттарын бұзу
фактілері байқалуда. Бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметтер
сапасы мен қолжетімділігіне тиісті дәрежеде қанағаттанбауына әкеп соғады.
Курстық жұмысым 3бөлімді қамтиды: 1 бөлім. Мемлекеттік
органдар және олардың жіктелуі, Мемлекеттік биліктің өкілетті органдары
Мемлекеттің жергілікті жердегі өкілетті органдары және басқару органдары
туралы жазылған. 2бөлім. Жақын және шет мемлекеттердің басқару органдары,
Франция Республикасының басқару органдары мен жүйесі және мемлекеттік
құрылымы, Жапония корольдігінің мемлекеттік құрылымы мен басқару органдары.
3 бөлімМемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами дамудың рөлі туралы
қарастырдым.
1 Мемлекеттің мәні және оны басқарудың теориялық әдістемелік негіздері
1.1Мемлекеттік органдар және олардың жіктелуі
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды солай ұғымды
топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек.Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік
органдардың құрылу тәртібімен алдына қо йылған мақсаттары. Бұл бірінші
белгімен мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: Өкілетті органдар, атқару
органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Призиденті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш
биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының
келісіп жұмыс жасауын және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент-мемлекеттің басшысы,мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары
лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі[1].
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
1. Туындау тәсілдері бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мүрагерлік монархия,
парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы
құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура және т. б.). Бұларды бастапқы органдар
құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттіктерді солар береді.
2. Үкіметтік (биліктік) өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік).
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырларының жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер
органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
ә) Атқарушы (Әділет және т.б. министрліктер);
б) Сот органдары (соттар).
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалы органдар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайтындар
(Парламент, Үкімет және т.б.);
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен
қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитеттер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызмет атқаруын белгілеуде
барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын
айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері,
негіздері.
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы
қағидаты — адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін
айқындайды.
2. Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік органдарды құру
және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
3. Билік бөлінісі қағидаты – үкімет (билік) органдары мен лауазымды
адамдар (тұлғалар) тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-
зомбылықтарды болдырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен
негізі.
4. Заңдылық қағидаты – Конституцияны, заңдармен заң актілерін барлық
мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын,
сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
5. Жарғылылық қағидаты – құқық субъектілерінің
белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер
жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.
6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде
кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге
енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке-дара шешім қабылдауларды
үйлестіру қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және
бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын
қамтамасыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
8. Сайланбалылық пен тағапындаулардың үйлестірілуі қағидаты –
мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа
бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын)
белгілейтін негіз.
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты – мемлекеттік аппаратта мемлекет
органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық
бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
2. Мемлекеттік биліктің өкілетті органдары
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Қазақстан
Республикасының Конституциясында осылай бекітілген. Қоғамды
демократияландыру үдерістерінде жергілікті өкілді органдардың, халық
билігінің негізгі формасы ретінде, мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары мәслихаттар
жергілікті билік және барлық сайлау науқандары түрлерінің әрекеттерінде
негізгі рөлге ие болғанын сеніммен айтуға болады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан саяси және экономикалық үлкен
жетістіктерге қол жеткізді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасымен Отанымыздың 1993 жылғы Конституциясы қабылданғанда жаңа
тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізгі аяққа тұруы басталды. Дәл сол жылы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдар
құрылымына маңызды өзгерістер енгізген Жергілікті билік және атқарушы
органдар туралы Заң қабылдады. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихат,
жергілікті атқарушы органдар әкімшілік болып аталды.
Мәслихаттар және әкімшіліктер жергілікті мемлекеттік басқару
органдары деген жалпы атауға біріктірілді. Ұйымдастырушылық жағынан
жергілікті органдар бір-бірінен бөлінген, әрқайсысының өкілеттігі,
мәселелер аясы мен өз құзыреті бар.
1994 жылдың наурыз айында елімізде Қазақстанның саяси көзқарасындағы
жаңа толқынды танытқан жергілікті өкілетті билік органдары – мәслихаттарға
алғашқы сайлаулар басталды. Ол елдегі бәсекеге қабілетті алғашқы сайлау
болып, республиканың демократиялығын жедел дамытты.
Жалпы халықтық қолдауға ие болып, алдағы саяси өзгерістерге бастау
болған Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілген 2007 жылғы
конституциялық реформа мәслихаттарға, саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктердің ұсынысымен, Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейлі
мәслихаттарға депутаттар сайлау кезінде аймақтық, орталық және учаскелік
сайлау комиссиялары құрамын сайлауға байланысты қосымша өкілеттіктер
берілді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің реформаторлық
бағытының ұстанымды екенін мәслихаттар өз іс-әрекеттері арқылы көрсетті.
Конституциялық реформалардың маңыздылығы туралы Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев: Жаңа саяси жүйеде мәслихаттар әрекетінің табиғаты
өзгереді. Олар азаматтық қоғам сұранысын ілгерілетуді қамтамасыз ететін
жеке билік органы болады, деп атап көрсетті.
Сондықтан, Қарағанды облыстық мәслихаты жұмысының негізгі принципі –
түсіністік, атқарушы органдармен тығыз байланыс, ортақ іске бірге жұмылу.
Сонымен қатар, былтырғы жылдың 3 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың Жарлығымен мәслихаттардың функциялары мен іс-әрекетін,
міндеттерін нақты реттейтін типтік регламент бекітілді.
Депутаттардың қоғамдағы үдерістердің мазмұнын жіті түсінуі қуантады.
Олар депутаттық корпус алдындағы міндеттерді шешудегі өз орындары мен
рөлдерін сезіне біледі.
Былтыр Нұр Отан партиясының VI съезінде қабылданған Доктринасында
мемлекеттің жаңа саяси бағытты жүзеге асырудағы рөлін нақтылады. Ол
Елбасының мемлекеттік бағытының тұрақтылығын қамту мен мемлекеттің даму
стратегиясына қызмет етеді.
Доктринада партияның үш маңызды мұраты анықталды: Қазақстанның
өркендеуі – республика тұрғындарының жасы, ұлты, тұрғылықты жері мен
қызметіне қарамастан, ортақ мақсат ретінде; ел Тәуелсіздігі – негіз бен
құндылық, біздің мемлекетіміздің басты жетістігі; және Елбасы – Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи
мемлекеттің негізін қалаушы.
Доктринада мемлекеттің азаматтар сұранысына қызмет етуін негізге алған
жаңа қағидалар белгіленді. Бұл – азаматты қолдайтын, кепіл беретін, әрбір
азаматтың өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін, мүмкіндік
ұсынатын мемлекеттің белгісі. Өз кезегінде азаматтар мемлекетті нығайту
жолында белсенді және бастамашы болуы тиіс. Тек, азамат пен мемлекеттің
бірлігі ғана бізді алға жетелейді. Қуатты мемлекет еркін және жауапты
азаматтармен құрылады.
Бүгінде Нұр Отан құрамында 900 мыңдай партия мүшесі бар екенін
мақтан тұтамыз. Депутаттар – партия мүшелері Парламент Мәжілісінің негізін
құрайды. Бұл – Нұр Отанды қолдаудағы жалпы халықтық көрсеткіш. Партияның
соңғы съезінде Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Парламенттік заң
шығарудың сүбелі тәжірибесі жинақталды. Парламенттің бесінші шақырылымы
жұмысы кезеңінің өзінде 140-тан астам заң қабылданды! Халық мүддесін
қорғайтын депутаттарды партия тәрбиелеп шықты. Біздің партия Үкіметті билік
саласының барлық істерінің ретті болуын қамтамасыз етеді.
Осы орайда, биылғы жылы жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттардың
алғашқы сайлауларына 20 жыл толатынын мақтанышпен айтуға болады. Бұл елдегі
алғашқы бәсекелесті сайлаулар болды.
Қазіргі күні де облыстық мәслихат аймағымыздың қоғамдық-саяси және
экономикалық, әлеуметтік салаларына белсенді араласуда. Жергілікті өкілетті
органдардың беделін арттыруға бағытталған Елбасының таразыланған саясаты
жүйелі және нәтижелі. Облыстық мәслихаттың 42 депутатының 41-і Нұр Отан
партиясының мүшесі. Депутаттар мәселелерді зерттеу, саралау мақсатында
сайлау округтерінде (ауылдарда, кенттерде) халықпен жиі кездесулер өткізіп
тұрады.
Уақыт әрбір азаматтың қоғам және мемлекет өміріне белсене қатысуы оның
тек конституциялық мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге, міндеті екенін де
нақты белгілеп берді. Өкілетті органдарға сайлана отырып, аймақ өміріне
қатысты түрлі, маңызды шешімдер қабылдау, оның жүзеге асуын бақылау
барысында жерлестеріміздің мүдделерін қорғау міндеті жүктелгенін жақсы
сезінеміз. Бұл дегеніңіз, біздің барлығымыз да сайлау округтерінде тұрып
жатқан жүздеген, мыңдаған адамдар бізді өздерінің мүдделерін билік
органдарында лайықты көрсетеді, әлеуметтік маңызы бар барлық мәселелерді
шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сайлағаны, сенім білдіргеніне
қатысты жоғары жауапкершілік бар дегенді білдіреді.
Бүгінде өкілетті органдар өзінің өміршеңдігін, ал депутаттар кәсіптік
қабілеттілігі мен қызметтік жауапкершілігін толық дәлелдеді деп сеніммен
айтуға болады. Бұл мерейтойлық датаның жергілікті өзін-өзі басқарудың
өкілетті органдарының қалыптасуы мен дамуының белгілі бір кезеңінің
қорытындысы ретінде ерекше маңызы бар. Аталмыш жауапты міндеттерді
орындауға өткен төрт шақырылымның және қазіргі бесінші шақырылымның
депутаттарының күш-жігерлері жұмсалуда. Өзіміздің білімімізді, өмірлік
тәжірибемізді, қарым-қабілетімізді біріктіре отырып, нақтылы нәтижелерге
жете алатынымызға сенемін.
Қазіргі таңда жергілікті өкілетті органдар мен Парламенттің бірлескен
іс-қимылдары маңызды мәселеге айналып отыр.
Парламентте Нұр Отан партиясының фракциясы жанынан Аймақтық саясат
және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңес құрылған, оның мақсаты –
жергілікті өкілетті органдармен іс-қимылдың тиімді жолдарын қарастыру. Осы
мақсатта Парламент депутаттары халық арасына шығып, көшпелі отырыстар
өткізуді дәстүрге айналдырды. Олардың құрамында міндетті түрде жергілікті
өкілетті органдар мүшелері – депутаттар да болады.Қазіргі уақытта біздің
облыста облыстық мәслихатқа депутаттар сайлау бойынша 42 сайлау округі бар,
әр округтегі сайлаушылардың саны 18 мыңнан 22 мыңға дейін жетеді, сайлау
округтерінің ауылдық аудандардағы ара қашықтығы 200 шақырымнан 800
шақырымға дейін созылып жатыр. Сайлаушылардың көптігі және округтердің
қашықтығы салдарынан депутаттар барлық округті толық қамти алмайды,
тұрғындардың жеке мәселелері бойынша кестелі кездесулерін жүйелі өткізе
алмайды. Мұндай жағдай басқа да облыстарда бар болар деп ойлаймын.
Өткен жылдың ең маңызды саяси оқиғаларының бірі – жергілікті ауылдық,
кенттік әкімдер сайлауы болғаны белгілі. Міне, осы тұрғыда да сайланған
әкімдердің жұмыс пәрменділігін нығайту, оған тұрғын халықтың белсене
қатысуына, сайлаудың ашық өтуіне ықпал ету үшін де депутаттардың санын
арттырудың маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы Заңында иммунитет және
депутат мәртебесі жеткілікті анықталмаған. Қазақстан Республикасының
Мәслихат депутаттарының мәртебесі туралы Заңы жоқтығына байланысты
Парламентте жұмыс істейтін депутаттар мен аймақтық мәслихаттарда жұмыс
істейтін депутаттар бірдей жағдайда емес. Этика тұрғысынан халық
қалаулыларының жағдайын теңестіретін, Қазақстан Республикасының Мәслихат
депутатының мәртебесі туралы Заңын қабылдайтын уақыт жетті деп білеміз.
Мәслихат жұмысының тағы бір маңызды бөлігі – оның жанындағы тұрақты
комиссиялар. Барлық дерлік маңызды мәселелер осында қаралады, келелі
кеңестер осында өтеді. Сондықтан да, болашақта комиссиялардың жұмысын бұдан
да ықпалды, пәрменді ете түсу үшін олардың төрағалары басқа жұмыстан
босатылған, тұрақты негізде жұмыс атқарғандары абзал болар еді.
Елбасы Стратегиясы мен партияның жаңа Доктринасындағы тапсырмаларды
жүзеге асыруға жергілікті тұрғындардың өкілді тұлғалары – депутаттар да
сүбелі үлес қоса береді деп сенім білдіреміз.
1.3 Мемлекеттің жергілікті жердегі өкілетті органдары және басқару
органдары
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-
өзi басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына сәйкес:
1.Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам
болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе
жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен
мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
2.Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары
мәслихат сессиясында ұсынады.
3.депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын
бақылайды;
а)мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның
қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
ә) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған
шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
б) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен
өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
в)өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
г) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың
орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
д)мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы
жоқ.
5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы
төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң
төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
Конститутцияға сәйкес әр муниципалдық құрылым жарғы қабылдауы керек.
Жарғыны муниципалдық құрылым өзі жасайды. Жарғы қабылданып, жарияланған соң
ғана өз күшіне енеді:
-Жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге халықтың тікелей араласуының
кепілдіктері, реті, формалары болады.
-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы .
-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері және оның
мерзімдері.
-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативті-құқықтық
актілерінің түрлері, оларды қабылдау реті және күшіне енуі.
-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершіліктерінің
түрлері және негіздері .
-Муниципалдық қызметті ұйымдастыру реті мен жағдайы .
-Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық және
қаржылық негіздері, муниципалдық меншікті пайдаланудың, иемденудің жалпы
реті .
-Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері; Муниципалдық
құрылымның жарғысы қаланың немесе ауылдың өмірінің негізгі заңы болып
табылады.Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіліктері жергілікті деңгейдегі
мэселелерді өз еркімен шешудің шекараларын көрсетеді, жергілікті өзін-өзі
басқаруды жүзеге асырудағы сол органдардың міндеттері мен құқықтарын
анықтайды. Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіліктерін анықтауға құқықтық
нормалармен Қазақстан Республикасының конститутциясы негіз болады.
Қазақстан Республикасының конститутциясында жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына төмендегі әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беріледі:
1.Муниципалдық құрылым жарғысында қарастырылған муниципалдық
құрылымның қарамағына қатысты міндетті ережелерді қабылдауға;
2.Муниципалдық құрылымның даму бағдарламасын, жоспарын қабылдауға,
олардың орындалғаны жөнінде есепті бекітуге;
3.Жергілікті салымдармен салықтарды белгілеуге;
4.Муниципалдық меншікті басқаруға;
5.Муниципалдық құрылымның жарғысында қарастырған жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының қызметін бақылауға.
Қазақстан Республикасының конститутциясы жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына меншік иесінің барлық құқықтарын бекітеді:
1. Иемдену, пайдалану және осы меншікті басқаруда олардың
тәуелсіздігіне кепілдік беру. Миниципалдық меншік құрамына кіретін мүлікке
қатысты меншік иесінің құқығы бар (жергілікті бюджетті қаржыландыру,
бюджеттен тыс қорлар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігі, жер
және табиғи ресурстар, кәсіпорын мен ұйымдар, тұрғын үй қоры, білім беру,
денсаулық сақтау, мәдени, спорт және т.б. мекемелер); -Муниципалдық меншік
объектілерін уақытша немесе біржола пайдалануға жеке және заңды тұлғаға
пайдалануға беруге, жалға беруге келісімшарттар жасауға, келісімшарттарда
пайдалану шарттарын анықтауға құқылы;
-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері муниципалдық
меншікті жекешелендіру шарттарымен ретін анықтай алады;
-Сыртқы экономикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы.
-Әлемдік тәжірбиесі көрсеткендей жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қаржы саласындағы маңызды өкілеттілігі, бюджетті қалыптастыру
болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері
жергілікті бюджетті бекітіп, оның орындалуын қадағалайды. Салық салу мен
жинаудың жалпы принциптері Қазақстан Республикасының конститутциясына
сәйкес негізделеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары банктерден қысқа
мерзімді несиелер алуға немесе беруге құқылы. Жұмыс пен қамту саласында
көптеген өкілеттіктерге ие.
2 Жақын және шет мемлекеттердің басқару органдары
1. Франция Республикасының басқару органдары мен жүйесі және мемлекеттік
құрылымы
Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол
Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта
теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп
аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы
Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы
Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы
ауданы 127 мың км² болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз
елін гексагон (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан
елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен
Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия
және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.
ХVІІІ ғасыр Франция үшін Ұлы француз буржуазиялық революциясымен
ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болып өндірістік күштер мен феодалдық
өндірістік қатынастардың арасындағы шиелініскен қарама-қайшылықтардың өршуі
табылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді. Жаңа формацияның
ауқатты топтары — өнеркəсіп иелері, саудагерлер, банкирлар өздерінің
жағдайына көңілі толмады. Ішкі нарық өнеркəсіп үшін өте тар болды. 1788
жылы Францияда айрықша экономикалық тоқырау орын алды.
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1)
саяси институттар; 2) саяси катынастар; 3) саяси ерсжелер; 4) саяси
мәдениет.
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл
мәселеге әр жақтан карайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады.
Мысалы, марксизм формациялык көзкарасты басшылықка алып (өндіріс тәсілінін.
және коғамның таптық кұрылымының өзгешеліктеріне карай) оны кұлдық, фео-
далдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
Француз Республикасы ресми түрде 1992 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан
Республикасының егемендігін мойындады.Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым
– қатынастар Франция Сыртқы істер министрі Золлан Дюманың 1992 жылы 25
қаңтарда Алматыға келген ресми сапары барысында орнады.Көп ұзамай Алматыда
Франция елшілігі ашылды.1992 жылы қырқүйек айында Қазақстан Республикасы
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Францияға барған сапарында екі ел арасында өзара
достық, түсінушілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды .Бұл
келісімде энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы саласында және ғылыми зерттеулер, мамандар дайындау ісінде
ынтымақтастық мәселелері қамтылады.Франция үкіметі Қазақстанға экономикалық
жәрдем ретінде 1993 жылы 300 млн француз франкі көлемінде несие берді.
2. Жапония корольдігінің мемлекеттік құрылымы мен басқару органдары
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына
жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық
аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер
аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы
(11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір
ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер,
америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және
будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3
мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық
бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді
тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы
соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады.
Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын
үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан
(өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. өлттық мерекесі 23
желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.
Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан
кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz