Мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау


Мазмұны
Кіріспе. . . . . 3
1 Унитарлық құрылым нысанындағы мемлекеттің сипаттамасы . . . 5
1. 1. Мемлекет нысандарының жалпы түсінігі . . . 5
1. 2 Мемлекеттің құрылымдық нысаны және оның ерекшеліктері . . . 7
1. 3 Унитарлы құрылым нысаны туралы түсінік… . . . . . . 9
2 Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері . . . 13
2. 1. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы. 13
2. 2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі . . . 14
2. 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандары . . . 16
3. Шетелдік унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқарудің үлгілері . . . 20
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси үйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген.
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар.
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамсыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет - мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т. б. ) бөлінеді.
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т. б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды. Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін автономды ұлттық - мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады.
Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы - президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап) . Мемлекеттің орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау және ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- Мемлекет нысандарының жалпы түсінігін аныықтау;
- Мемлекеттің құрылымдық нысаны және оның ерекшеліктерін зерттеу;
Унитарлы құрылым нысаны туралы түсінікті ұғыну;
- Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихын саралау;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесін талдау;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандарын анықтау;
- Шетелдік унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқарудің үлгілерін талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні. Бұл жұмыстың зерттеу пәні Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқаруды жүзеге асыру жағдайын зерттеу.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері болып мемлекетті басқару саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері табылады.
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі: Қазақстанда мемлекетті басқару мәселлеріне Б. А. Рахметов, А. Я. Кибанов, А. Б. Рахимбаев, С. Сатыбалдыұлы және тағы да басқа ғалымдардың еңбектері арналды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, отандық және шетелдік қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Унитарлық құрылым нысанындағы мемлекеттің сипаттамасы
1. 1. Мемлекет нысандарының жалпы түсінігі
Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар:
Басқару түрі.
Саяси тәртібі.
Мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар монархия және республика.
Монархия - елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мүрагерлік төртіппен иеленгендігін білдіреді.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Парламентгік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы-королева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы - король), Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы - монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық монархия, мемлекет басшысы - король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы - король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп нақты қөрсетілген, ол генерал губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі ныша-ны - император), Люксембургте (Люксембург ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы - ұлы герцог) орныққан.
Республика деп - мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т. с. с.
Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:
АҚШ, Филиппинде - конгресс;
Польша, Финляндияда - Сейлі;
Иран, Түркияда - Мәжіліс;
Израильде - Кнессет;
Швейцарияда - Ригстаг;
Францияда - Ұлттық жиналыс дейді [2] .
Парламенттік республикада заң шығарушы органның құзіреті кең болады. Мысалы, Италия, Түркия, Германия, Грекия, Голландия, Бельгия, Ұлыбритания, Израиль т. б. мемлекеттерде осы басқару түрі енгізілген. Бұл елдерде атқарушы билік - үкімет президенттің емес, парламенттің алдында ғана есеп береді. Парламент кез келген сәтте президентке импичмент жариялап, үкіметті таратуға құқылы. Және елдің жоғарғы лауазымды тұлғасы президент емес, премьер-министр болады. Сайлау пропорционалдық жүйемен өткізіледі. Ал президенттік республикаларда елдің сыртқы және ішкі саясатын президент айқындап, үкіметтің есебін тыңдайды. Яғни атқарушы биліктің барлығы мемлекет басшысының құзіретіне беріледі. Латын Америкасы елдері мен посткеңестік мемлекеттердің дені осы басқару түрін таңдаған. Еуропада Франция - президенттік республика. Сонымен қатар осы екі басқару түрінен басқа аралас республикалар да бар. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы Президент. Францияда 1962 жылы Президентке тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ел тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды жүзеге асырады; Премьер-министр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды қамтамасыз етеді. Парламент пен президент билікті бөліскенмен, кей жағдайда мемлекет басшысы заң шығарушы органды таратып, кезектен тыс сайлауды белгілей алады. Мұндай елдерге Португалия, Армения, Литва, Украина, Словакияны жатқызуға болады. Кейбір сарапшылар Ресейдегі билікті де «аралас басқару» деп атайды. Ал 2007 жылғы мамыр айында Конституциямызға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан да осы басқару түрін таңдады [1] .
1. 2 Мемлекеттің құрылымдық нысаны және оның ерекшеліктері
Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым - ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бөлiнедi.
Тұтас мемлекеттер. “Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет“ делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында (“унус“ деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады) [1] . Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган- әкiм.
Федерация “федус“ деген сөз - одақ деп латын тiлiнен аударылады [2, 27б. ] . Құрама мемлекет бiрнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет- күрделi мемлекет, ол федерацияның мүшелерiн бiрiктiредi. Мемлекеттiк органдар екiге бөлiнедi: жалпы федерацияның органдары және әрбiр мүшесiнiң жеке органдары. Федерацияның субъектiлерi iшкi iстерiн ерiктi өздерi шешедi, ал федеративтiк орталық органның қолында барлық iшкi-сыртқы билiк болады. Федеративтiк республика халықаралық құқықтың алдында тек бiр мемлекет болуға тиiс. Бiрақ тәжiрибеде кейбiр федерацияның субъектiлерi өздерi халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар едi, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия ООН мүшесi), Югославия, АҚШ, Канада. Көбiне олардың тәуелсiздiгi формальды түрiнде қалғаны мәлiм. Халықаралық құқық федерацияның өкiлi ретiнде шарттарға орталық билiк қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесi бәрi екiге бөлiнедi. Федерацияның екi түрлерi бар: ұлттық құрама және жергiлiктi құрама. Бiрiншiсiне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндiстан жатады, ал екiншiсiне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттiк құрылысы тарихи дамумен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемдi және күрделi конфедерациялы мемлекеттердiң одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация- белгiлi мақсатқа жету үшiн бiрнеше ерiктi мемлекеттердiң уақытша одағы. Конфедерация мүшелерi өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттiк аппаратты, сот және қаржы жүйесiн, өздерiнiң ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешiмдердi олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бiрнеше түрлерi кездеседi: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын бiрiктiрдi. Вашингтон бұл федерацияны “құмнан iстелген арқан“ деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шештi: әскер, ақша, шет iстер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған едi. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы бiрiккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық билiктiң шешiмдерi тек конфедерация субъектiнiң мемлекеттiк органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектiлерi халықаралық қарым-қатынастардың субъектiлерi болып қала бередi. Конфедерациялар өте әлсiз және тұрақты емес.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оың шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екендiгi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Нiл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндiстанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жерорта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi - Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi. (Ману заңдарында, Салистiк жинағында- (Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында- Русская правда) . Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы қолданылатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия) .
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары- федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия- федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Германияның капитализiмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия- олар федерацияға жатады [3, 15б. ] .
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы- түрiктер, бергi атасы- қыпшақтар өмiр сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны мәлiм. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiздi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
1. 3 Унитарлы құрылым нысаны туралы түсінік
Мемлекеттік құрылым нысандары - мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік құрылым нысандары:
1) Унитарлық - қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас жоғарғы органдары және біртүтас заңдар жұйес бар. мысалы, Полыианы, Венгрияны, Болгарияны, италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге - Швецияны, данияны, ал орталықтанбаған унитарлық мемлекеттерге - Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рүқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.
2) Федеративтік - кұрделі одақтық мемлекет, бөліктері мемлекеттік құрылымдар және белгілі мөлшердегі мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федеральдық органдар мен қатар, федеральдық заңдардың негізінде, субъектілерінің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы, Германияда, Индияда, Канадада және Федерациялардың аумақтық принциппен құрылатын мұмкіндігі бар (АҚШ), не ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей) . Федерациялар орталықпен субъектілердің функцияларының бөлу принципінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей және федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзыреті, тек федерация органдарының құзыретіне, басқасы - федерация субъектілеріне, ұшіншісі - одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзыретіне жатады.
3) Конфедерация - саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету мақсатында құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.
Конфедерацияның одақтық органдары құрылуы мұмкін, бірақ олар, не ұшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады.
Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды - тәуелсіз мемлекеттер достығы деп атайды. Мысалға қазіргі әрекеттегі ТМД-мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның Конфедерацияға қарағанда тұсініксіз жағдайлары көптеу.
Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мнемлекеттер нысандары сияқты тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған -империялар, протектараттар және басқалар.
Мысалы, империя - дегеніміздің тұсінігіне мемлекеттік құрылымдар жатады, олардың негізгі айырмашылығына - аумағы жағынан кеңдігі, бір орталықтағы мықты өкімет билігі, орталықтың шет аумақтарымен қарым-қатынасы, тұрғындарының әртұрлі этникалық және мәдени құрамы. Мысалы, империялар (Рим, Британия, Ресей) әртұрлі тарихи кезеңдерде пайда болды.
Протекторат - мықты мемлекеттің халі нашарлау мемлекетке көрсеткен формальді көмегі, әдеттегідей, ондай мемлекеттер тәуелсіздігін жоғалтады және жерлері жауланып алынуы мүмкін.
Бүгінгі күннің тұрғысынан безбендей келгенде, сол бір мемлекет тағдыры мен ұлт болашағы талқыға түскен сын сәтте жасалған батыл қадамдардың ақталғандығын және өз уақытында болғандығын атап өткен ләзім.
1993 жылы алғашқы Конституцияның қабылдануы бұған дейін қызмет еткен 1990 жылғы Конституциямен салыстырғанда, аса маңызды қадам болды. Тәжірибе көрсеткендей, бұрынғы Конституцияның бірқатар баптары мемлекеттік құрылыс эволюциясына, әлуметтік саланы, экономикалық реформалар мен саяси қатынастарды модернизациялауға құқықтық тұрғыдан кедергі жасап келген болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz