Шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. . . . 3-4

1. Мемлекеттік қызметтің методологиялық негіздері . . . 5-7

1. 1 Мемлекеттік қызмет және оның негізгі белгілері . . . 5-7

1. 2 Мемлекеттік қызметтің қалыптасуы, функциясы және ерекшелігі . . . 7-9

1. 3 Мемлекеттік қызметтің тиімділігі және әдістемесі . . . 9-10

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті басқарудың шетел тәжірибесі . . . 11-17

2. 1 Еуропа (Германия, Франция және Италия елдері бойынша) . . . 11-17

2. 2 Азия (Жапония елі бойынша) . . . 17-18

2. 3. Солтүстік Америка (АҚШ және Канада елдері бойынша) . . . 18-20

2. 4. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері . . . 20-21

3. Мемлекеттік қызметтің жетілдіру жолдары . . . 22-27

3. 1 Мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік саланы жетілдіру . . . 22-27

Қорытынды . . . 28-29

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30


Кіріспе

Қазіргі кезеңде адам уақыт талабына қызмет етеді. Уақыт талабына сай болу, осы тауқыметті шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, қоғамды, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықты экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша-несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру болып табылады. өндірісті басқару, басқару қағидалары мен әдістерін, құралдары мен формаларының жиынтығын мененджмент сөзінің аясына саяды. «Менеджмент» - шет ел сөзі, аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді.

Осы курстық жұмысты жазу кезінде басты ерекшелікті басқарудың нысаналығында, саналы көзқараста.

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.

Қазіргі заманның талабы, жоғары білікті, кәсіби шеберлігі мықты, жаңа технологиялар мен үрдістерді меңгере білетін, өз ісінің майталманы, болатын мемлкеттік қызметтекерлерді талап етеді. Біз де әлі де болса, ескі қағидарлармен, бағыт-бағдарымен мықтап ұстаған, бір деңгейден аса қойматйын қызметкерлер әлі де көптеп кездеседі. Уақыттың озып бара жатқаны сонша, кешегі талаптар, ережелер, жұмыс жасау әдіс-тәсілдері, т. б. толып жатқан мәселердің бәрін жаңа жүйеге келтіріп, жаңа үрдіспен қызмет ету.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа арнап өз жолдауын жариялады. Жолдаудың «Төртінші басымдық : Осы заманғы білім беруді дамыту, кадралардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» бөлімінде ерекше айтылған. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.

Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.

Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясынаың негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет. Менің осы курстық жұмысымның жазу барысында ғылыми мемлекетік қызметтің осы жоғарыда тоқталып өткен тақырыптарға ерекше көңіл бөлуге тырыстым.

Қазіргі кездегі мемлекеттік қызметтің әдіс-тәсілдеріне, жаңа құрылымына, жүйелік салаларының жаңа жүйесіне өту керектігімен, дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және қоғамдық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі - мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық процесстерге араласуы - объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет ролінің күшеюі мемлекетаралық экономикалық интеграциялық объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек. Мұның бәрі де жас экономиканы жан-жақты зерделеу қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібінде қойып отыр. Қазіргі нарыққа өту кезеңінде экономиканы мемлекеттік қызметтің ғылыми-әдістемелік негіздерімен қатар тәжірибесін де танып-білу маңызды рөл атқарады.

Мұнда танып-білудің маңыздылығы Қазақстан экономикасы мәселелерінің түрлері мен әдістерін бір жүйеде әлі де зерттеле қоймағандығына байланысты да біршама арта түседі. Соңғы кезде Ж. О. Ихданов, Ә. О. Орманбеков және т. б. отандық ғалымдарымыздың баспасөз бетінде және жеке еңбектерңінде экономиканы мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері деп көпшілік талқысына ұсынды. Сол ғалымдарымыздың еңбектерін егжей-тегжейлі талдау жасай отырып, өз тың тұжырымдамаларды ұсынамын.

1. Мемлекеттік қызметтің методологиялық негіздері

1. 1. Мемлекеттік қызмет және оның негізгі белгілері

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.

Мемлекеттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен - Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасының мемлекет және жергілікті қызметкерлерінің дайындығының жүйесін қарастыру.

Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3, 4-бап) . Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган - Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.

Заң шығарушы қызметін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан Республикасының Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Ол халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі; мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін:

  • саяси
  • әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары) .

б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

в) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекеттік қызметке кіруге, заңдарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сәйкес келетін ҚР - сы азаматының құқығы бар. »

Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «а» Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т. б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «б» бірінші топтағы лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «в» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

Мемлекет қызметінің негізгі мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет деп аталады.

1. 2 Мемлекеттік қызметтің қалыптасуы, функциясы және ерекшелігі

Мемлекеттік қызметтің алғашқы көріністері мемлекет енді қана қалыптасқан кезде бастау алады. Атап айтқанда, б. ғ. дейінгі ХХ ғ. Ежелгі Шумерде мемлекеттік аппаратқа қарсы баытталған алғаш көтеріліс өткен, сол кезде екі палаталық парламент пен мемлекеттік қызметтің тикалық ережелері де бастау алған.

Ежелгі Греция мен Императорлық Рим мемлекеттік қызмет этикасының қалыптасуында үлкен роль атқарған. Осы елдерде биліктің болмысына талдау жасалған, философияда «билік», «қоғаммен өзара қарым - қатынас», «құқықтық ролі» сынды ұғымдар қалыптаса бастады.

Мемлекеттік қызмет ежелден бері мемлекеттің басты институттарының бірі болған, қазіргі кезде ол мемлекеттік басты институттарының бірі және де келешекте де мемлекеттің басты институттары болып қалады. Мемлекеттік қызметті атару - тұлғаның мемлекет пен қоғам алдындағы зор жауапкер шілік, зор міндет. Өз ісін жоғары кәсіби деңгейде атқаруы үшін мемлекеттік қызметшінің көптеген рухани - моральдік қасиеттері бар болуы тиіс, олар дың бастысы - басқа адамдармен өзара қарым - қатынас жасау барысындағы төзімділік.

Қазіргі кезде Қазақстанда «ХХІ ғасырдың мемлекеттік қызметі қандай болмақ?» деген сұрақ көкейкесті мәселелердің қатарында. Ғылымның, техниканың, технологиялардың дамуы, қоғамдық қатынастардың жетілді рілуі міндетті түрде қоғамды және мемлекетті басқару жүйесінің өзгертілуін әкеліп соқтырады.

Мемлекеттік қызметтің функциясы - қоғамды әлеуметгік баскарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.

Mемлекеттік қызмет саласында сыртқы тәжірибелерді саралаудың маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Дегенмен де, мемлекеттік қызмет барлық әлемде экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бір құрамдас бөлігі болып қалыптасқан, ал атқарушы биліктің әрекетке қабілетті аппаратын құрудың өткір проблемасы көптеген елдердің алдында тұрған мәселе.

Басқарудың мемлекеттік әкімшілік жүйесі дамыған елдерде олардың мемлекеттік қызмет институттарын ұтымды ұйымдастыруымен, шенеуніктердің кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі және көп реттерде олардың қызметін бақылаудың жақсы жолға қойылғандығымен айқындалатын жоғары тиімділігімен ерекшеленеді.

Сондықтан да, Қазақстан үшін басқару саласында едәуір нәтижелерге қол жеткізген АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты мемлекеттердің тәжірибесі ерекше қызығушылық танытады.

Дамыған елдердің мемлекеттік басқару саласында, кадр әлеуетін басқару мемлекеттік басқару теориясында да іс жүзінде басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамалар экономикада, саясатта және әлеуметтік салада болатын ауытқулардың әсерінен өзгерістерге ұшырап, толықтырылып отырады.

АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Францияда заманауи мемлекеттік қызметтің негізі мәселен бізден бір ғасырдан астам уақыт бұрын қаланған. Бұл, барлық дамыған елдерде мемлекеттік қызметтің ірге тасының қаланып, керегесін тіктеу процесінің ұзақ уақыттар бойы жүретіндігін көрсетеді.

Мансаптық жүйенің елеулі ерекшеліктері болып - мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу арқылы ең төменгі лауазымға орналасудан бастауы, қызметке өмір бойына тағайындалуы (саяси қызметтен басқасына), ішінара қызметте мансаптық өсу, мамандарды мақсатты оқыту, кәсіпқойлықтың жоғарғы деңгейі, сақтанымпаздық және бюрократтық иерархия элементтерімен қамтылғандығы саналады. Позициялық жүйеде - қызметке орналасу және кез келген қызметке көтерілу конкурстық іріктеу арқылы жүргізіледі (саяси қызметтен басқасы), мұнда едәуір ықшамдылық, қызметке жеке сектордағыдай келісім-шарт арқылы алу, карьерада тұрақсыздық элементтері басым.

1. 3 Мемлекеттік қызметтің тиімділігі және әдістемесі

Қазіргі кезде әлемде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың кез келген дәстүрлері қалыптасқан. Сондықтан да мемлекеттік қызметі аса тиімді қызмет ететін және қоғамда мемлекеттік қызметшілердің беделі жоғары болып табылатын елдердің тәжірибесін зерттеу теориялық және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Қазіргі кезде әлемде мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен қызмет ету жоғарыда аталған талаптарға сай келетін елдер: АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Франция болып табылады.

Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызметтің екі үлгідегі моделін жеке - жеке қарастыруға болады; олар: баспалдақтық және позициялық үлгілер.

Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару тәртібіне қатысты осы модельдердегі айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар жалпы шарттар тән.

Біріншісі - мемлекеттік қызметшілерді саяси «тағайындалатындар» және кәсіби «орындаушылар» деп бөлу. Екіншісі - мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады.

Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады.

Қазіргі кезде, көптеген елдер мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесі нің ерекшелектерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді.

Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданы лады, ол саяси шешімдер қабылдау үрдісін шешімдерді іске асыру үрдісінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.

Озық әлемдік тәжірибеге (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т. б. ), мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатын тиімді іске асыру, оның ішінде жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпу сына қатысты іске асыру мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың біртұ тас жүйесіне және оны автоматтандыруға негізделген.

Халықаралық тәжірибеде әкімшілік этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Бірқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттік қызмет этикасы мәселелерін реттейді және мемлекеттік басқару жүйесінің моральдық климатын жақсартуға бағытталған.

Екі жүйеде де, олардың белгілі бір ауытқуларына қарамастан олардың тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар шарттарында ұқсастық бар. Бұл, мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік деп бөлінуі, саяси процестердің мемлекеттік аппараттың кадр құрамына әсерінің шектеулілігі, сонымен қатар мемлекеттік билік органына кәсіпқойларды тартуға кепілдік беретін қызметке орналасудағы кон­курстық іріктеу.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті басқарудың

шетел тәжірибиесі негізінде жетілдіру

2. 1 Еуропа (Германия, Франция және Италия елдері бойынша)

Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік қызметі интенсивті қарқында дамуда. Әрине, техникалық және экономикалық прогрестің өсуіне сәйкес оның ұйымдастырушылық тетіктерінің де дами түсетіндігі заңды құбылыс.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қалыптасуы салыстырмалы түрде алғанда соңғы 10 жылдың бедерінде ғана басталды, дегенмен де ол серпінді дамып, қарқын алып келеді. Демек, бәсекеге қабілетті Қазақстанда заманауи мемлекеттік қызметшілердің корпусын басқарудың тиімді моделін жасауда әлемдік тәжірибелерді саралаудың маңызы өте зор және аса қажет деп санаймын.

Шетелдерде мемлекеттік қызметпен және кадр саясатымен айналысатын, шенеуніктердің жұмысын қадағалайтын, үміткерлерге іріктеу жүргізетін олардың кәсіби деңгейі мен қызмет ету нәтижесін бағалайтын арнайы құрылым айналысады.

Дамыған мемлекеттердің кадр қызметтері өз қызметінде ұйымдағы басқару тәсілі, жұмысшылардың біліктілігі, олардың тәртібі, жаңалық пен өзгерістерге әсерін ұдайы талдап, зерттеп, жетілдіріп отырады. Заңдармен айқындалған, қатаң сақталатын іріктеу, көтермелеу және шенеуніктерді жазалау процедуралары мемлекеттік басқарудың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер­мен жұмыс істеу жүйесі: лауазымдық міндеттерін сапалы атқаруы, персоналдың шұғыл шешім қабылдай білуі, кәсіптік деңгейі сияқты көрсеткіштермен бағаланады.

Халықаралық тәжірибені саралау нәтижесі негізінен әлемде екі анық белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқандығын көрсетеді - бірі мансаптық жүйе - Германия, Жапония, Австрия елдерінде қалыптасса, келесісі позициялық модель - Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде қалыптасқан.

Шет мемлекеттердің мемлекеттік қызметшілерінің корпусын қалыптастыруы мәселесіне үңілсек АҚШ, Германия, Жапония, Франция елдерінде - жас элита мамандарды мақсатты бағытталған тәрбиелеу жолымен қалыптастыратындығын аңғартады.

Болашақ шенеуніктерді дайындау, мемлекеттік аппараттың түрлі құрылымдарында олардың қызметіне баға беріле отырып үздіксіз тәжірибе алмасудан өтетіндігімен ерекшеленеді. Мәселен, Германияда үміткер іріктеу емтиханынан өткеннен соң екі жарым жыл тәжірибе алмасудан өтуі керек, содан соң екінші рет емтихан тапсырады. Одан кейін орта деңгейдегі басшылық лауазымда үш жылдық сынақ қызметін атқарады, егерде оның қызметіне оң баға берілсе, онда басшылық лауазымды тұрақты негізде атқаруға есепке алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік тәжірибесінің қалыптасуы
Халықаралық стратегиялық альянс
ӘЛЕМДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР
Қазақстан Республикасында елдің экономикалық мүмкіндіктерін және ұйымдарды тиімді басқарудың шетелдің даму тәжіребиесін ескере отырып, ұйымдарды құрудың және тиімді басқарудың теоретикалық әрі практикалық тиімділігі
БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ
Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТОПТАСТЫРУ
Елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісі
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz