Жергілікті басқару құрылымының негіздері және қалыптасу заңдылықтарын анықтау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Мемлекеттің мәні мен нысандары және оны басқару қажеттілігі
1. 1 Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері . . . 6
1. 2 Мемлекеттік басқарудың теориялық астары . . . 11
1. 3 Жергілікті басқару құрылымының негіздері және қалыптасу заңдылықтары . . . 16
2 Ақтөбе облысында әлеуметтік - экономикалық процестерді басқару жүйесінің қалыптасуы
2. 1 Ақтөбе облысның 2009-2012 жылдардағы сыртқы сауда
динамикасы . . . 22
2. 2 Басқарудың экономикалық тетіктерін қолданудың тиімділігі . . . 28
2. 3 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері . . . 31
3 Қазақстан аймақтарындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру
3. 1 Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары . . . 35
3. 2 Мемлекеттік басқаруды демократияландыру және қарқынды даму жолдары . . . 43
Қорытынды . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 50
Кіріспе
«Қазақстан - 2050» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудыңың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарту мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет неғұрлым маңызды және жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен айналысып, әрбір министрлік пен басқарушы орган өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке сектроға бере отырып, олардан арылу арқылы өз жұмысын жетілдіре беруге міндетті болады.
Соңғы жылдары мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету проблемасы көптеген қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың талдаулары мен пікір-таластарының ерекше тақырыбына айналып, басылым беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында әр түрлі тәсілдер ұсынылуда.
Солардың бірі ретінде қоғамдық-экономикалық жүйемізді одан әрі демократияландыру мәселесі қарастырылды. Бұл мәселелерді шешудің көпғасырлық әлемдік тәжірибесі бар екенін ескере отырып, оны ғылыми жағынан талдау мен пайдалы тұстарын өзімізде қолдану да бүгінгі күні өзекті проблемаға айналып отыр. Қазіргі экономикасы, ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды бұрынғысынша орталықтандыра берудің мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Сондықтан да Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария етіліп жүрген Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында демократияны және жергілікті басқаруды жетілдіру мәселерінің жан-жақты көрініс табуы жәйдан-жәй емес. Онда елімізді демократияландыру мен тиімді басқару мәселелері қозғалып, соның ішінде саяси және құқықтық реформалардың басым бағытын қамтитын жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігін және оның қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту сияқты міндеттер қойылып жүр. Осыдан барып мемлекетттік биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар туғызу басты мақсатқа айналды.
Елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономиканы басқару жүйесінің өзгеруіне әсер етіп, оны жетілдіре беруді бірбеткей орталықтандыру жүйесінің икемсіздігіне байланыстыра қарастыруды талап етіп отыр. Бұл талапты орындау аясында ұйымдастырушылық-басқарушылық өкілеттіліктерді еліміздің аймақтарына біртіндеп беру арқылы жергілікті басқару мәселерінінң тиімді әрі уақытында шешімін табуының, соның арқасында халық мүддесінің толығымен ескерілуінің негізгі жолдары іздестірілуде. Жергілікті басқаруды қалыптастыруды, дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз етпейінше және сол арқылы жергілікті мәселелер кешенін тиімді тетіктер көмегімен шешіп отырмайынша тұтастай экономиканың тиімді дамуына қол жеткізу мүмкін еместігі де аян болып отыр. Осындай мәселелер күн тәртібіне қойылып отырғандықтан, оларды шешу жолдары мен тетіктерін жан-жақты талқылап, негіздеу керектігі туындайтыны анық.
Динамизм мен мәдениет, менталитеттен тәуелсіз өзара кірігу жағдайында біздің елде саяси, экономикалық және әлеуметтік салада үдерістерді сауатты басқару бірінші жоспарға енеді. Қазақстанда мемлекеттік қызметті мемлекеттік органдардың оң әрекетінің бағыты ретінде реформалау бұл жағдайда маңызды болмақ. Бұл бағыттағы сәттіліктерден біздің елдегі мемлекеттік басқару тиімділігі мен әлемдегі отандық менеджмент беделі тәуелді.
«Қазақстан - 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі болып қазақстандық азаматтардың өмір сапасының жақсаруы анықталды. Бұл аспектіде үлкен мәнге жоғарғы менеджмент сапасын тәжірибеде қолдану, сапаны арттыру мен мемлекеттік қызметтің әлемдік стандартқа сәйкестігіне ие.
Мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты болып қазіргі мемлекеттік сектор дамуының халықаралық тәжірибесі біліктілігін көтеру шегінде меңгеру. Мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық тәжірибе меңгеріліп, жергілікті шарттар мен дәстүрлерді ескере отырып, халықаралық тәжірибені қолдануда қазақстандық мемлекет қызметінің тұтынулары мен мүмкіндіктері талданады.
Қазіргі қазақстандық мемлекет. Қазіргі қазақстандық мемлекет 80-шы жылдың аяғы мен 90-шы жылдың басында тоталитарлыққа қарсы демократиялық революция нәтижесінде туындады. Ол тоталитаризмнің континентте үлкен өзгеріске ұшырауына негіз болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретіндегі сипаттамасына ие.
Қазақстан Республикасы дамыған әлеуметтік мемлекет болып табылады. Әлемдік қоғам біздің мемлекетті нарықтық экономикасы дамыған мемлекет ретінде қабылдады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астарын ашу;
2. Жергілікті басқару құрылымының негіздері және қалыптасу заңдылықтарын анықтау;
3. Мемлекеттік басқаруды демократияландыру және қарқынды даму жолдарын белгілеу;
Сонымен қатар, осы мақсаттарға қосымша:
1. Ақтөбе облысында әлеуметтік экономикалық процестерді басқару жүйесінің қалыптасуы анықтау;
2. Ақтөбе облысының 2009 - 2012ж. ж сыртқы сауда динамикасын зерттеу;
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттің мәні мен нысандары және оны басқару қажеттілігі қарастырылған. Бөлім мемлекет түсінігінің мәнін ашып, мемлекеттік басқарудыі теориялық астарын ашып, жергілікті басқару құрылымының негіздері мен қалыптасу заңдылықтарына арналған.
Екінші бөлімде Ақтөбе облысында әлеуметтік - экономикалық процестердің басқару жүйесінің қалыптасуы қарастырылған. Мұнда Ақтөбе облысының 2009 - 2012 жылдарындағы сыртқы сауда динамикасы, басқарудың экономикалық тетіктерінің қолданылуы тиімділігі, Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері қарастырылған.
Үшінші бөлімде аймақтардағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселері қамтылған. Бөлім Қазақстан Республикасының аймақтағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары мен мемлекеттік басқаруды демократияландыру және қарқынды даму жолдарына арналған.
Бұл курстық жұмысты жазуда бірнеше әдебиеттер, ғылыми, саяси журналдар, түрлі газеттер пайдаланылған.
1 Мемлекеттің мәні мен нысандары және оны басқару қажеттілігі
1. 1 Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері
Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың объективті жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз, ең алдымен, құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен қырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр. Осыған байланысты белгілі австриялық заңгер Г. Кельзен: «мемлекет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі нысандар мен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі» деп атап өтеді.
Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның қандайда бір ерекше нысанын айтады. Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субъективтілері, ұлттар, белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады[1] .
Қазіргі заманғы мемлекеттануда мемлекет түсінігі жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар қалыптасып, олар оны бірнеше маңынада, атап айтқанда, заңдық, әлеуметтік, нормативтік және органикалық мағынада қарастырады. Заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет заңды тұлға, «құқықтық феномен», ерекше корпорация ретінде қарастырылып, басқа корпорациялардан тек ұлт немесе ел масштабында белгіленген құқықтық тәртіппен ерекшеленеді. Осыған сәйкес мемлекет мәселелері белгілі жағдайда ұлттық құқықтық тәртіп мәселелері ретінде қарастырылып, адамдардың дұрыс іс - әрекетін және тәртібін бейнелейтін құқықтық тәртіп ретінде анықталады.
Мемлекетпен құқық арасындағы қатынсатар жеке адам мен құқық арақатынасы сияқты бірге қарастырылуы тиіс деп ұйғарылады. Бұл Кельзеннің ойы бойынша мемлекет құқықты шығаруы мен бекітуіне қарамастан, жеке тұлға ретінде өзінің тәртібі мен іс - әрекетіне құқықпен байланысты болу қажет екендігін білдіреді.
Әлеуметтік аспектіде мемлекет өзінің құқықтық тәртібі мен құқықтық өміріне тәуелсіз болатын небір «әлеуметтік жалпыға бірдейлілік», әлеуметтік қоғам болып саналады және оған (оның пайда болуы және қызмет ету кезінен бастап) түрлі органдар бойынша билікті бөлу сипаты тән. Автордың көзқарасы бойынша «барлық іс - әрекетті Үкімет бір өзі жасайтын және билікті де өз қолында шоғырландыратын бір де бір мемлекет жоқ». Қоғамда әр кезде бірнеше әкімшілік құрылымдар болған және бар. Олардың қызметінің нәтижесінде қоғамдағы қатынастардың басым бөлігі туындап, басқару мен бағындыру актілерінің көбі пайда болды. Ал олардың жиынтығы «әлеуметтік мемлекет» деген ұғымды білдірді.
Сонымен қатар мемлекет түсінігі тірі «табиғи организм» ретінде анықталады. Осы бағытқа сәйкес ол «әлеуметтік биологияның нысаны» ретінде қарастырылады. Мемлекееттің түсінігіне деген мұндай көзқарасты австриялық заңгер Г. Кельзенге дейін көптеген басқа авторлар, атап айтқанда, мемлекеттің органикалық теориясынжақтаушылар қолдады. ХIХ - ХХ ғасырларда өз дамуының жоғары шегіне жеркен бұл теория барлық әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге тырысты. Олар қоғамды толығымен организмге теңестіріп, ал мемлекетті тіршілік етіп жүрген және болашақ дүниеге келетін азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын «жалғыз институт» деп санады.
Нормативтік мағынада мемлекет түсінігі Г. Кельзен және оның нормативист - жақтаушыларының анықтауы бойынша «нормалар жүйесін», «нормативтік тәртіпті», «мемлекет - билік» немесе «саяси ұйымдастырылған қоғамды» білдіреді. «Мемлекетке саяси сипат тән. Оның саяси ұйым болып табылатыны, алдымен күшті қолдану ретін белгілейтіндігінде, өйткені ол күшті қолдануда монополист болып табылады дейді автор.
Сонымен, бір жағынан, мемлекеттің құбылыс пен түсінік ретіндегі күрделілігі мен көпқырлылығы, екінші жағынан әр түрлі авторлардың оны қабылдау субъективизмі оны түсіну мен түсіндіру варианттарының көп болуына объективті жағдай туғызады. Осыдан қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде мемлекеттің көптеген анықтамалары мен түсініктерінің пайда болуы және олардың көптеп қолданылуы түсінікті. Бұл туралы Л. Гумплович:
«Қанша мемлекет танушылар мен философтар бар болса, сонша мемлекеттің анықтамасы болды» - деп жазады. Сол себепті мемлекетке тарихи дамуының әр кезеңінде ғалымдардың берген анықтамаларының бір текті болмағаны айқын. Мысалы ұлы ойшыл Аристотельдің пікірінше «мемлекет дегеніміз ешкімге тәуелді емес азаматтардың қарым - қатынасының жоғары нысаны».
Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ойшылы Никколло Макиавелли (1469-1527ж. ж) мемлекетті «қажетті мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыру арқылы ортақ игілікке қол жеткізу» деп түсіндіреді.
ХVI ғасырдағы ірі француз ойшылы Жан Боден мемлекетті «қайырымдылық пен әділеттіліктің мәңгі бастамаларын басшылыққа алатын жоғары билік және отбасын құқықтық қорғау» деп қарастырады. Бұл бастамалар мемлекеттік құрылымның мақсатын құрап, ортақ игіліктер әкелуі
қажет деген. Осы дәу»рдегі белгілі ағылшын философы Томас Гоббс - бейбітшілік пен табиғат құқықтарды жүзеге асыратын кепілгер ретінде мемлекеттің шексіз билігін жақтаушылардың бірі. Ол мемлекетті «тұтас тұлға, тәуелсіз жоғары билеуші, оның қалауы халықтың қалауы болады, сондықтан ол барлық адамдардың әрқайсысының күші мен мүмкіндігін ортақ бейбітшілік пен қорғаныс үшін қолдана алады» деп санайды.
Либерализмнің саяси - идеялық доктринасын құрушы, ағылшын философ - материалисі Джон Локк (1632 - 1704 ж. ж) «мемлекет басым күштің, яғни мемлекет құрамына кіретін көптеген азаматтардың ортақ еркі» дейді. Ол мемлекетті өздері бекіткен жалпы заңдардың негізінде біріккен адамдардың жиынтығы ретінде қарастырған.
Неміс әдебиетінде мемлекет «белгілі бір аумақта және жоғары биліктің қол астында біріккен халықтың ұйымы» ретінде көрсетілсе (Р. Моль), ал өзге әдебиеттерде «құқықтық жағдайды жан - жақты қолдану үшін құрылған жоғары биліктің қол астындағы белгілі бір аумақтағы еркін адамдардың одағы» ретінде қарастырылады (Н. Аретин) . Үшінші жағдайда мемлекет «белгілі құқықтық тәртіпті қорғау үшін табиғи түрде пайда болған билік жүргізуші ұйым, - деп айтылған (Л. Гумплович) .
Сонымен мемлекет, әсіресе 1917 жылғы төңкерістен кейінгі кезеңде, Ресей «қандайда бір тапты басу үшін арналған күш көрсету ұйымы» ретінде түсіндірілді. Академиялық басылымдарда және оқу әдебиеттерінде ол көбінесе қатаң таптық мағынада «өз диктатурусын жүзеге асыратын экономикалық үстем таптың, билік аппаратының саяси ұйымы немесе негізгі өндіріс құралдарының меншік иелерінің ортақ мүдделерін қамтамасыз ететін және қоғайтын, тарихи түрде келетін, қоғамнан бөлініп шығып, оның экономикалық құрылымынан туындайтын саяси биліктің таптық ұйымы» ретінде сипатталады.
Соңғы екі онжылдықта, 1985 жылғы қайта құру кезеңінен бастап алдымен ресми жалпыодақтық, ал кейін қазақстандық саясат пен идеологияда жалпыадами құндылықтарға мән беріліп, мемлекет пен құқық анықтамаларындағы таптық үндестік біртіндеп жалпы әлеуметтік үндестікпен ығыстырыла бастады. Мемлекет қайтадан ұйым немесе барлығы үшін арналған институт ретінде қарастырылды. Осы орайда «өзінің билігін елдің бүкіл аумағына және халқына тарататын және осыған сәйкес арнайы басқару аппараты бар, барлығына міндетті бұйрықтарды шығаратын қоғамның біріңғай саяси ұйымы» деген анықтама берілді.
Мемлекет түсінігін таза таптық тұрғыдан да, жалпы адами тұрғыдан да анықтау біржақты көзқарасты білдіреді. Нақты өмірде таза таптық та, таза жалпыадами да мемлекеттік институттар жоқ, демек, соған сәйкес мемлекет түсінігінің анықтамасы да жоқ. Осыдан мемлекет түсінігін анықтау барысында оның тек таптық элементтерін және соған сәйкес белгілерін ғана емес, сондайақ таптан тыс, «жалпы адами» белгілері мен сипаттамаларын даескерген жөн.
Қорыта айтқанда, мемлекет дегеніміз кез келген қоғамның табиғатынан туындайтын таптық тар ауқымдағы міндеттерді ғана емес, сонымен қатар ортақ істерді атқару үшін қажетті саяси билік ұйымы. Бұл анықтама жоғарыда аталған анықтамаларға қарағанда мемлекет түсінігін ғана емес, сонымен бірге билік басындағы таптардың немесе топтардың мүдделерін қамтамасыз ететін институт ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуын нақтырақ айқындайды.
Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс. әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана - сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс - әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір тәртіптік жүйесі. Осыған сәйкес, біріншіден, ру - тайпалық қарым - қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қауымдастығын құрады[1] .
Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдарды, оның ішінде азаматтығы жоқ тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын біріктіретіндіктен, ол барлық адамдар қауымдастығының қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын объективті түрде білдіреді. Дамудың әр кезеңінде бір жағынан адамдың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, оның шығармашылық қызметіне еркіндік беріп, белсенділігін арттыратын, екінші жағынан - қоғамға белгілі бір ұйымдасқан бастау енгізіп, жеке адамдардың қызметін тәртіпке келтіретін мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің міндеті болып табылады. әдетте, мемлекет ешнәрсе өндірмейтіндіктен өздігімен мәселелерді шеше алмайды деп есептелсе де, ол барлық қоғамның, материалдық, әлеуметтік, рухани игіліктерді өндіру және тұтынумен айналысатын адамдардың проблемеларының шешілуіне ұйымдастырушылық және құқықтық негіз қалап, қамтамасыз етеді.
Мемлекет үшін, ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу, оның әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара бацланысты екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады. Сондықтан мемлекеттік ұстанымдарға міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері арқылы ғана қалыптасып, бекітілетіндігін атап көрсету ләзім. Мемлекет өзінің органдары арқылы заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, олардың жүзеге асуын әкімшілік және заңнамалық әдістер арқылы қамтамасыз етеді. Бұл орайда мемлекет заңды монополияға ие және оны орындату барысында, керек болса, мәжбүрлеу тәсілін де қолданатынын баса айту керек.
Мемлекеттің мәні, сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын - ортақ қажеттіліктерді, мүдделерді, мақсаттарды, айқындаумен және қоғамның мемлекеттік - құқықтық нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір жағдайда ұйымдастырып, оларды қолдайтындығында. Бұл аппараттың күрделі құрылымы мен жан - жақты бағытталған қызметі болуға тиісті. Оның бір бөлігі заң шығару қызметімен, заңдардың орындалуымен және сот ісін жүргізумен айналысса, екінші бөлігі мемлекеттің ішкі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын, оның әлемдік қауымдастықпен өзара қарым - қатынасын қамтамасыз етеді. Аппараттың жағдайы, оның қоғаммен байланысы немесе одан алшақтауы, оның көлемі және иерархиялық құрылымы, қызметкерлерінің сапасы және көптеген басқа да параметрлері мемлекет, қоғам және мемлекеттік басқару үшін өте маңызды.
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін мемлекеттің көптеген анықтамаларының ішінде келесі екеуіне тоқтап өтуге болады. Біріншіден, мемлекетті ең кең мағынада: адамдар қауымдастығы ұйымының жоғарғы нысаны ретінде, ортақ жоғары билікке бағынатын адамдардың саяси одағы ретінде, біріңғай ерікті білдіру, жалпы мүдделерді қамтамасыз ету, сондай - ақ адамның құқығы мен бостандығын қорғау негізгі мақсаты болып табылатын ұйым нысаны ретінде сипаттайды. Екінші түсінікке сәйкес, мемлекет адамдар іс - әрекеті мен тәртібін реттейтіе саяси және құқықтық байланыстар мен қатынастардың жүйесі. Басқаша айтқанда, ол саяси - құқықтық институт, саяси билік ұйымын құратын әлеуметтік институттардың жүйесі. Мемлекетті институционалдық тұрғыдан қарастыратын бағыт оны қоғамдағы адамдардың тәртібін анықтайтын нормалар жүйесімен байланыстырады. Осыған орай испан саясаттанушысы Л. Санистебан былай деп жазады: шындығына келгенде мемлекет «небәрі нақты уақыт шеңберінде орын алатын әлеуметтік тәртіпті заңдық тұрғыдан реттеудің бір түрі».
1. 2 Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқада гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия - табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, объективті және субъективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану - қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әр түрлі әлеуметтік, кәсіби және басқада топтарымен өзара байланыста және қарым - қатынаста қарастырады.
Саясаттану - мемлекетті ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарыдың орнын көрсету тұрғысынан қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz