Мемлекеттік басқару мен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің орнын көрсету
Кіріспе ... ... ... 3
1. Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік органдарының жүйесі
1.1. Мемлекеттік басқару қызметінің мәні мен қағидалары ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі ... ...7
2. Мемлекеттік басқарумен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің рөлі
2.1. Басқару қызметіндегі заңдылық тәртіптің ерекшеліктері ... ... ... ... ...16
2.2. Мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару тұжырымдамасы ... ... ... .19
3. Өзін өзі басқару мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.1. Мемлекеттік басқарудағы шешімді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіп жүйесін ретке келтіру ... ... ... ... ... ..24
3.2. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... 32
Қосымша

Өйткені мемлекетті басқару –бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
Жаңа мыңжылдықта, жаппай ақпараттандыру, адам ме азаматтың жаратылыстық құқықтарының етенелігін халықаралық тану, демократия принциптерін орнықтыру дәуірінде – мемлекеттік басқару жүйесі елдің азаматтары ж-нінде қызметтік міндетін жүзеге асыруға, атап айтқанда олардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тиіс.
Алдағы жаһандасу жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен рөлі күрделілене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашанда оның тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала береді.
Қазіргі кезде әлемде әртүрлі тұжырымдамалар ғана қолданылып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың, оған баға берудің және жетілдірудің әртүрлі жолдары да қолданылады.
Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының 0ызметін бағалаған кезде әлемде әртүрлі өлшемдер пайдаланылады. Атап айтқанда, процестік және жемістілік өлшемдері ойдағыдай қолданылады.

1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы, ҚазМУ баспа орталығы. 1999. – 154 б.
2. Эффективное государственное управление: материалы ІІІ Акад. симпозиума (Астана, 25 ноября 2011 г.) Астана: Акад. гос. Упр. При Президенте РК, 2011. – 101 б.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі»: http://akorda.kz/
4. С.Ғ.Қапаров. Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жетілдіру, – Астана, «Алсем – Астана» б., 2010 ж. 184-185 б.б.
5. Төлеуғалиев Ғ.И Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. Оқулық І-том.-Алматы: «Жеті-Жарғы»
6. Сүлейменов М.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жоғарғы оқу орнына арналған 2005ж Обязательственное право О.С.Иоффе. М.
7. ҚР Азаматтық кодексі. 1994 ж. 27 желтоқсан. ҚР 1998 ж. 2 наурызда өзгерту енгізілді.
8. Г.Сапаргалиев Конститутционного строя РК Алматы «Жеті-Жарғы» 1997г
9. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 ж.
10. ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 мамырдағы "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы". Заң күші бар жарлығы.
11. Заң газеті 2006ж 26-желтоқсан 12. ҚР А.К. Ерекше бөлім.
12. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга. 2. Отв ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жарғы. 1998г.
13. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть).
14.Айқын // Мемлекеттік қорғаудың экономикалық келбеті / №3 2014
15.Экономика негіздері // Экономиканы мемлекеттік басқарудың қазіргі сипаты / №7 2014
16.Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшіліктері Ақиқат 2013 №5 44-47 б.Найманбаев С.
17.Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері. Малқұбаев Б Ақиқат. 2013. №3 42-47 б
18.Махмутова М Система местного самоуправления в Казахстане М. 2001.
19.Баймуратова У.Б. Эффективность технического прогресс в промышленности Казахстана – Алматы.
20. Ағыбаев А.Н., з.ғ.д. пр. «Заң журанлы №1 2008 жыл 25 бет»

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...3
1. Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік органдарының жүйесі
1. Мемлекеттік басқару қызметінің мәні мен қағидалары ... ... ... ... ... ..5
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Мемлекеттік басқарумен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз
етудегі тәртіптің рөлі
1. Басқару қызметіндегі заңдылық тәртіптің
ерекшеліктері ... ... ... ... ...16
2. Мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару тұжырымдамасы ... ... ... .19
3. Өзін өзі басқару мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
1. Мемлекеттік басқарудағы шешімді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіп
жүйесін ретке
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 24
2. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..33
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі
қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты.
Өйткені мемлекетті басқару –бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық
ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті
жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің
тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің
қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің
білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете
реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның
қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік
басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен
бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
Жаңа мыңжылдықта, жаппай ақпараттандыру, адам ме азаматтың жаратылыстық
құқықтарының етенелігін халықаралық тану, демократия принциптерін орнықтыру
дәуірінде – мемлекеттік басқару жүйесі елдің азаматтары ж-нінде қызметтік
міндетін жүзеге асыруға, атап айтқанда олардың әл-ауқатының артуын
қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тиіс.
Алдағы жаһандасу жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен рөлі
күрделілене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашанда оның
тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала береді.
Қазіргі кезде әлемде әртүрлі тұжырымдамалар ғана қолданылып қоймайды,
сонымен бірге мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың, оған баға берудің және
жетілдірудің әртүрлі жолдары да қолданылады.
Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының 0ызметін бағалаған кезде
әлемде әртүрлі өлшемдер пайдаланылады. Атап айтқанда, процестік және
жемістілік өлшемдері ойдағыдай қолданылады.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен
ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған
сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ
қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе
құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып,
әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге
асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс
жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін
емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-
құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет
аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан
туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін
жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да
адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең
мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату
алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері
олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді мысалы, партия.
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар
мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Кәсіпорындар мен
мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның
басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік басқару мен басқарушылық
шешімдерді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің орнын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздеріне тоқталу;
- мемлекеттік басқару туралы сипаттама беру;
- заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің роліне тоқталу;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі үш тарау, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік органдарының жүйесі
1. Мемлекеттік басқару қызметінің мәні мен қағидалары
Мемлекеттік басқару органдары, ең алдымен, мемлекеттік басқару қызметін
атқаратын күрделі механизмдер жүйесі. Бүгінде, мемлекеттік басқару
дегеніміз – адамдардың әлеуметтік қызметі және соның негізінде қалыптасатын
қоғамдық қарым-қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік ортада жүзеге
асырылып, әлеуметтік ортаның ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылымы
тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді. Бұл
орайда, мемлекеттік басқаруды ғылыми тұрғыдан танып-білуде әлеуметтану
әдістерінің рөлі барынша түсінікті. Мемлекеттік басқару қоғамның қандай да
бір жекелеген саласына ғана қатысты бола алмайды.
Көптеген мемлекеттер өз дамуының белгілі деңгейінде қоғам өміріндегі
мемлекеттік және жеке институттардың рөлі туралы ойлана бастайды. Өйткені,
мемлекеттік ұйымдар мен жеке құрылымдардың басқару және ұйымдастыру
қызметінің арасында елеулі айырмашылықтар бар екеніне талас жоқ.
Мемлекеттік органдар мен оның құрамдас элементтерінің қызметіне ұйымдастыру
тұрғысынан талдау жасаудың маңызды мәселелері қарастырылады.
Мемлекеттік органдар дамуының объективтік бағыттары байқалады:
бюрократизация, дифференция, кәсібиліктің өсуі. Мемлекеттің әрбір саласына
мемлекеттік органдардың ерекше түрлері сәйкес келеді. Осы орайда,
мемлекеттік қызметтің маңызы айқындалады: мемлекеттің конституциялық
негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның
аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен
қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі [1].
Қазақстанның бүгінгі әкімшілік реформаларының барысы биліктің,
мемлекеттік саясаттың, қоғамдық ой-пікірлердің бірден-бір зейін қояр нысаны
болып отырғанын көрсетеді. Тәуелсіздік жариялаған алғашқы кезеңнен бастап,
бүгінгі таңға дейін атқарылып келе жатқан оң істер түбегейлі саяси,
экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық өзгерістер мен реформалар кезеңі деп
айтсақ артық етпейді. Мемлекеттік органдар жүйесінің қалыптасуы мен дамуы,
мемлекеттік басқару ісіндегі жалпы ілгерілеушіліктер, сондай-ақ,
Қазақстанның тәуелсіздігінің негізгі тетігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бірнеше жыл қатарымен мемлекеттік басқару
құрылымын оңтайландыру мен жетілдіру процестері үздіксіз жүргізіліп келеді.
Аталған процестердің негізгі мақсаты Қазақстан дамуының ағымдағы және
жоспардағы мәселелерін нәтижелі де тиімді шешетін кәсіби үкімет құру болып
табылады. Жоғары нәтижелі қызмет атқаратын қазіргі заманға сай мемлекеттік
басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет жұмысын қалыптастыру – бүгінде
алдыңғы қатарға шығып отырған негізгі мәселелердің бірі деп саналады.
Сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және басқа да
реформалардың орындалу барысы, қоғамды демократиялық жолмен дамуы, құқықтық
мемлекет ретінде қалыптасуы, жалпы елдің тұрақтылығы мен дамуы мемлекетті
басқару тетіктерінің жағдайы мен қызметшілердің кәсібилігіне, олардың еңбек
нәтижелігі мен бастамашылдығына, ел таңдаған саяси бағыт бойынша қызмет
атқаруына байланысты болады [2].
Мемлекеттік басқару тарихына көз жүгіртер болсақ, ХІХ ғасырдың соңында
көптеген индустриалды дамыған мемлекеттер тиімділік пен өнімділікті
анықтауға тырысқан болатын. АҚШ алғашқылардың бірі болып, тиімділікті
арттыру мәселелерін қарастырып, оны шешуді қолға ала бастады. Итермелеуші
факторлардың негізгісі қоғам мемлекеттік қызметтің, әсіресе, жергілікті
деңгейде тиімділік төмендігіне алаңдағаны болды. Көптеген қалаларда
жергілікті деңгейде өнімділікті, еңбек нәтижелігін арттыруға бағытталған
қозғалыстар жүріп жатты. Кейіннен бұл процесс жоғары мемлекеттік органдар
дәрежесіне дейін көтерілді. Осылайша, АҚШ-та жалпыұлттық тиімділік бюросы
құрылды.
Стратегиялық мақсаттарға табысты қол жеткізу мен бәсекеге қабілетті
дүниежүзінің 50 елдерінің қатарына ену бойынша, басымдықтарды жүзеге асыру
үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2006 жылдың
қыркүйек айында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған
әкімшілік реформалары бастама алды. Елбасы Қазақстан Республикасы
Парламенті сессиясының ашылуында Корпоративті басқару, ашықтық және қоғам
алдында есеп беру қағидаттарын шетелдің озық үлгілерін, тәжірибелерін
қолдана отырып, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуымыз керек деп атап
көрсеткен болатын.
Бүгінде, жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдай
мемлекеттік органдар алдына ХХ немесе ХІХ ғасырмен ауқымы, күрделілігі,
кешенділігі жағынан салыстыруға келмейтін жаңа мақсаттар мен міндеттер
қояды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу үшін мемлекеттік басқару
субъектілері басқарудың әдеттегі, дәстүрлі әдістерін қайта құруларды
қарастырумен қатар, қызмет тиімділігін, нәтижелігін ұдайы көтеруі тиіс.
Атқарушы билік органдарының қызмет тиімділігін, еңбек нәтижелігі мен
олардың жүзеге асыратын мемлекеттік функцияларының сапасын арттыру және
мемлекеттік қызметтер көрсету саласы соңғы 10 жыл ішінде елімізде қолға
алынған реформалардың басты себебіне айналды. Мемлекеттік қызметтің лайықты
деңгейде қызмет етуінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аса
маңызды орын алары сөзсіз. Еңбек нәтижелігі мен қызмет тиімділігі
арттырылмаған жағдайда ел өміріндегі кез келген саланың, соның ішінде
экономикалық жаңарулар, стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асырылмайтыны
белгілі.
Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің
қызмет тиімділігін арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер саны көптеп
кездеседі. Тиімділік теориясының дамуына экономика, басқару және
мемлекеттік басқару теориялары зор үлес қосады. Алайда, бағалау көп
жағдайда көрсеткіштер және аттестациялау түрінде жүргізіліп келеді.
Бағалаудың мұндай түрлері мемлекеттік қызметшілер тарапынан ресмилік деп,
олардың еңбегіне сай жалақы алуына еш әсерін тигізбейді деп қабылданады.
Осылайша, мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін арттыру,
мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен дамытудың
маңызы арта түсті.
Дүниежүзілік тәжірибе мемлекетті басқарудың мінсіз құрылымы ешбір елде
қалыптаспағанын көрсетеді. Дегенмен, мемлекеттік билік органдарының
қызметін жетілдіру әрбір елдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазақстанда алдағы кезеңде мемлекеттік органдардың тиімділігі мен еңбек
нәтижелігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік
органдар қызметін нақты бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның нәтижесінде
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2010 жылғы 19 наурыздағы
№954 Жарлығымен Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілді [3].

жүйесі

мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Олар өзінің
қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын
биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару
функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде
басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный
әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл келтірілген жағдайлар отқарушы билік органдарының ерекшелігін
түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардын жүйесінде ерекше орын алады,
ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.
Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен
қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден,
олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-
мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын
жүзеге асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін
қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді,
бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар
өкілеттіктердің мәні олардың:
а) мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныстылығы мен меншік нысанына
қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті
болатын құқықтық актілер шығару;
ә) құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына
мемлекет атынан байқап отыруды қадағалауды жүзеге асыру;
б) заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын
қамтамасыз ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік
иландыру, түсіндіру, мадақтау т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда-
мемлекеттік әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау
құқығынан көрініс табады.
Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек
мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл
органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді олардың
ішінде өздерінің актілерін де орындау үшін құрылады.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде
атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң
екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып
табылады.
Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерін – де болатын
атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады.
Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының яғный нақты атқарушы билік
органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол
сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін
оның жауапкершілігінің шарасында оның құзыретінен міндеттері, функциялары,
өкілеттіктері, жауапкершілігі табады. Бұл органдардың құзыретінің
негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде
бекітіледі.
Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық
мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның
санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-
басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-
биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы әкімшілік-
басқарушылық персоналдың қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер
штаттар. Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар
жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ
тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-
қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік
қызметшілер болып табылады.
Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғный бағынышты
құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады мысалы,
министрліктердің департаменттері. Олардың қызметі осы атқарушы билік
органының өзінің сыртқары, яғный тікелей мемлекеттік басқару аясында
міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың
өзін-өзі ұйымдастырудың көрінісі болып табылады.
Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық қызметінің
белгілі бір аумақтық немесе қызметтік мәселелік көлемі болады. Біріншісі
осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл
аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі не
жалпы басқарушылық функцияларды мысалы, Үкімет, не белгіленген қызмет
аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге
асыруды болжайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім
ету функциялары. Бірақ олар да әртүрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сонымен, атқарушы билік органы деп мемлекеттік-биліктік механизмінің
мемлекеттік аппараттың мынадай буыны түсініледі, билікті болу принципіне
сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және
әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін
іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.
Принциптер — бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің
аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.
1. Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігі-нен,
сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды
Конституцияның 3,4 - баптары. Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын
қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге
міндетті.
2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерің ескеру
принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптегсн
мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының, әр түрлі
қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.
Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау,
тікелей басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу үйлестіру
құралдарын кеңірек пайдалану, жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерді,
орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттілігі пайда болады.
3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен
дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі
мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы
мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр түрлі
консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комис сиялар кеңінен
өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда мысалы,
министрліктерде алқалар құрылады.
Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін
қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының
басшылығымен жауапты басқару режимін әр орнатудың құралы болып табылады.
4. Жоғарыдағы принциптен келесі - тұтастай атқарушы билік оргадарының
және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін
жауапкершілін туындайды. Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы
ережелерде, "Мемлекеттік қызмет туралы 1999 ж, 23-шілдедегі заңда, тәртіп
туралы жарғыларда және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
5. Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық принципі өзінің
жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
кеңінен жария етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.
Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты
бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға болуге болады.
1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік орган дарының екі
деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық
мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық
бөліністерге бөлу мен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің,
республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік
органдарының қызметі таратылады. Жергілікті: облыстардың, аудандардың,
қалалардың, ауылдардың селолардың, кенттердің атқарушы билік органдары
өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.
Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің
аумақтық органдарын басқармалар, департаменттер және т.б. құра алады,
бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді. Мұның сыртында,
кейбір республикалық атқарушы билік органдарының аумақ аралық органдары
болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды мысалы, темір жол,
әскери округтар және т.б..
2. Ұйымдастыру - құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың
аттарынан көрініс табады. Республика деңгейінде мыналар ажыратылады:
Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері,
комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары.
Жергілікті жерлерде мұндай нысандарға өкімдер, әкімдіктер, комитеттер,
басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.
3. Атқарушы билік органдары құзіретінің сипатына байланысты мыналарға
бөлінеді:
a) жалпы құзіретті, яғный мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық
немесе көпшілік бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді
жүзеге асыратын органдарға. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, өкімдер,
әкімдіктер;
ә) саламық құзіретті, яғный өздеріне тапсырылған басқару салаларының
немесе қызмет аяларының шеңберінде функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге
асыратын органдарға мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т.с.с.
Бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті атқарушы органдар.
б) салааралық құзіретті, яғный барлық немесе бірнеше салалық жүйелерге
жалпы бірдей болатын олардың қарастылығына жатқызылған арнаулы мәселелер
бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға мысалы,
стандартизаңиялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша т.с.с. Бұлар
министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т.б. болуы мүмкін.
Бұлардың арасынан кейде салалық және салааралық құзіретті органдар
белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзіретті органдарды бөледі. Мұндай
құзірет көпшілігінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы республикалық
орталық атқарушы билік органдарына тәнді.
4. Өз ведомствосына қарасты мәселалерді шешу тәртібі бойынша мыналар
ажыратылады:
а алқалы органдар, оларда құзіретінің негізгі мәселелері осы орган
мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы
болып табылады;
б дара басшылық органдары, оларды негізгі мәселелерді шешу
өкілеттіктері басшының қолына шоғырландырылған барлық қалған органдар,
мысалы, министрліктер.
Қолданылып жүрген 1995 ж. Конституция бойынша Прзидент ресми түрде
атқарушы биліктің басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте
зор.
Конституцияның 44 б. 3-т. сәйкес ол Парламенттің келісімімен
Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен
босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен оның орын басарларын және
министрлерді қызметке тағайындайды әрі қызметтерінен босатады; Президенттің
құзыретіне республика министрліктерін және басқа да Үкімет құру, мына
кірмейтін орталық атқарушы билік органдарын құру тарату жатқызылған;
Республикалық атқарушы билік органдарының жүйесі де Премьер-Министрдің
ұсынуы бойынша Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазіргі кезде ол
"Атқарушы өкіметтің орталық органдарының жүйесін ретке келтіру туралы
Президенттің 1993 ж. 9 маусымдағы жарлығымен айқындалады.
Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына
төрағалық етуге, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.
Президент Үкіметтің және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері
актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен
атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары
регламенттелінеді.
Мемлекеттік билік — бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен
тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері
іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани
салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы
көрінеді. Олар әралуан. Мемлекет органы дегеніміз — белгіленген тәртіппен
құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып
табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан
тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін
жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де,
қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден,
органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар,
лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады
және өздері шығарған актілердін орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден,
мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс.
Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді
қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті
іске асыру нысаны бойынша — өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де
бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы,
атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай —
орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша —
тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді
мақсаттарға жету үшін құрылады); құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша —
алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық
нысаны бойынша — құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы;
құзыретінің сипатына қарай — жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер)
органдар болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың
қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып
табылады, ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар,
мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар
жасайды. Бұл орайда олардын әрқайсысы дербес әрі бірін-бірі тежеуші әрі
тепе-теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі
және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.
Сот билігінің де құқықты шектеуші амалдары бар. ол Конституцияда,
заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы, азаматтардың заң, сот алдында теңдігі,
жариялылық, судьядан бас тарту және т.б. қағидаттарға негізделген. Сөйтіп,
биліктің бірде-бір тармағы бүкіл мемлекеттік билікті тұтастай өзі иемденіп
кете алмайды.
Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының
мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі
және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі
жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық
тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. (40-бап).
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған
мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл
үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет.
Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен
артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді
еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан
сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де
ақы төленетін қызметтерді аткаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде
саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.
Қазақстан Республикасының Парламенті — Қазақстан Республикасының заң
шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және
Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға
бірдей, тен және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы
сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат
жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-
бап).
Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы
болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың
қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті
құрады.
Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен
құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары
Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және
төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция
мен Заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың
қызметіне қандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге
шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты
атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының
немесе байқаушы кеңесінін құрамына кірумен сыйыспайды.
Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы
Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік
тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.
2 Мемлекеттік басқарумен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз
етудегі тәртіптің рөлі
2.1 Басқару қызметіндегі заңдылық тәртіптің ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудағы заңдылық бұл басқару қатынастарының барлық
субъектілерінің ҚР Конституциясын және мемлекеттің аумағында қолданылып
жүрген басқа нормативті – құқықтық актілерін дәл, қатаң және мүлтіксіз
сақтауы мен орындауы. Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту және нақты іске асыруды
қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз
ету — заңдылық — биліктік өкілеттілікке иеленген мемлекеттік құрылымдардың
қызметі.
Олар мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік билік органдарының қызметінде, олардың лауазымды
тұлғаларының заңдарға және одан туындайтын актілерінің талаптарының
бұзылуына жол бермеу;
2) оларға себеп болатын жағдайларды іздестіру;
3) оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің пайда болуы;
4) табылған құқық бұзушылықтарды уақытында және оперативтік тұрғыда
жолын кесу және жою;
5) заңдылық пен тәртіпті бұзған кінәлілерді белгіленген жауапкершілкке
тарту;
6) заңдылық пен тәртіптің бұзылуына себеп болатын жағдайларды жоюға
шаралар қолдану.
Заңдылық қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын
бастамалар.
1) Заңның басымдылығы;
2) Заң алдындағы теңдік;
3) Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
4) Заңдылықты бұзғаны үшін жазалаудың болмай қоймайтындығы;
5) Заңдылықтың кепілдіктері;
6) Заңдылықты қамтамасыз етудің жалпы шарттары
7) Заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы құралдары;
Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның өкілетті органдарының
тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне жүктелген мақсаттар мен
міндеттерді дер кезінде және дәл орындауға тиіс. Заңдылық пен тәртіпті
қолдау және нығайту міндеті жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше
жүйесі әрекет етеді. Олардың жүзеге асыратын әр түрлі құқықтық және
ұйымдық қызметтерінің түрлері мен әдістері, қоланатын практикалық амал –
тәсілдері, операциялары, жұмыс түрлері заңдылықты қамтамасыз ету
тәсілдері деп аталады.
Бақылау – объектілердің белгіленген көрсеткіштерден (параметрлардан)
ауытқуларын жою мақсатында оның қызмет ету процесін байқау және тексеру
жүйесі.
Атқарушы билік сферасындағы бақылаудың мәні осыған өкілетті органның
ұйымдық-құқықтық тәсілдерді және құралдарды пайдалана отырып атқарушы
билік органның немесе лауазымды тұлғаның қызметінде заңдылықтан қандай –
да бір ауытқулар бар ма, жоқ па соны айқындайды, ал егерде осындай
ауытқулар болса, онда оларды өз уақытында жояды, бұл кезде бұзылған
құқықтарды қалпына келтіреді, жауапкершілікке тартады, заңдылықты және
тәртіпті бұзудың алдын алуға шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік басқару заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету амал-
тәсілдерінің жүйесі
Заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері:
1)басқару субъектілері бойынша бақылау – президенттік, парламенттік,
үкіметтік, жергілікті атқарушы билік
органдарының, сала аралық, және салалық, әкімшілік қадағалау;
2) Прокуратураның қадағалауы:
- Конституцияның, заң күшіндегі актілердің және Президент актілерін
бұзуды анықтау және жою шараларын қабылдау;
- жедел-іздестіру қызметінің, алдын — ала анықтау және тергеудің,
әкімшілік және атқарушы өндірістің заңдылығын қадағалау;
- кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың актілерін қадағалау;
3) Заңдылықты қамтамасыз ету бойынша соттың қызметі:
а) әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарау;
б) лауазымды тұлғалардың актілерін және әрекеттерінің заңсыздығын
анықтау;
в) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша
шешім қабылдау және оларды
жауапкершілікке тарту.
Қадағалау мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілі
ретінде Қадағалау атқарушы билік сферасында заңдылықты қамтамасыз ету
әдістерінің бірі болып табылады. Қадағалау — бұл мемлекеттік органдар,
мекемелер, кәсіпорындардың, ұйымдардың ұйымдастырылуның құқықтық меншік
нысанына қарамастан, олардың лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің және
азаматтардың заңдарды дәл және біркелкі орындауларын тексеру.
Қадағалаудың мынадай түрлері бар:
1) прокуратураның жалпы қадағалауы — барлық мемлекеттік органдардың,
лауазымды тұлғалардың, азаматтардың, мемлекеттік емес ұйымдардың,
мекемелер, кәсіпорындар, бірлестіктердің ҚР заңдарын бұлжытпай орындауын
қадағалау;
2) арнайы қадағалау — әкімшілік қадағалау — әкімшілік мемлекеттік
басқару органдарының, бірқатар құқық қорғау органдарының қызметінің арнайы
түрі:
а) орган басшыларының және олар құратын комиссиялардың негізгі және
ішінара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz