Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Мемлекеттік басқарудың мәні және басты қағидалары
1.1 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің субьектілерінің атқаратын қызметтері ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару мәні, нысандары ... ... .9
2 Мемлекетті басқарудың субъектілерінің түсінігі
2.1 Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының міндеттері ... ... ... 12
2.2 Мемлекеттік басқару обьектісі және субъектісі ... ... ... ... ... ... ...15
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару органдардың құрылымын жаңарту жолдары
3.1 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.2 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғары сапасына қол жеткізу ... ... .24
Қорытынды ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .
Өйткені мемлекетті басқару - бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Мемлекеттік басқару қоғамдық жүйеге мемлекеттің әсер етуі болып табылады, яғни мемлекеттік басқару объектісі ретінде бүкіл қоғам қарастырылады, яғни қоғамдағы құбылыстардың барлығы мемлекетпен басқарылады. Мемлекеттік басқару субъектісі ретінде түрлі мемлекеттік органдар қарастырылады.
Мемлекеттік басқару ғылымынының зерттеу саласы: мемлекет, саясат, мемлекеттік басқару, билік және тағы басқа түсініктер аясында болады. Мемлекеттік басқару теорясының мазмұнын қоғамдық басқару институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының саяси- құқықтық, әлеуметтік қарым- қатынастарды талдау болып табылады.
Мен жұмысымның тақырыбын « Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері» деп алдым.
Жалпы жұмысымның мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесінің элеметтеріне сипаттама беріп, еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолдарын анықтап, сол бойынша болашақта қызмет ету.
Жұмысым екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде – мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы шолу жасалады, яғни мемлекеттік басқару жүйесінің элементтері: оның объектілері мен субъектілері, басты принциптері мен негізгі әдістеріне тоқталып өттім;
Үшінде бөлімінде – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру бағыттары, жолдары қарастырылған. Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер қолдандым, әсіресе Ихдановтың «Мемлекеттік басқару теориясы» мен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағындағы іс- шаралар» заңын пайдалана отырып жаздым.
1. «Мемлекеттік басқару теориясы» Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н., Есенжігітова Р.Ғ.Экономика, 2007 ж.
2. ҚР- ның кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде // Егемен Қазақстан. Астана. ҚР- ның Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2000, 96 б.
3. ҚР-ның Заңы: ҚР- ғы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. – Алматы: Юрист, 2006. 28 б.
4. ҚР- ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27- сі. №74 жарлығы.
5. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары туралы / Егемен Қазақстан – 2006ж. 13 қыркүйек.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығы Пикулькин.
7.А.В. Система государственного управление: Учебник – М: Юнити – Дана, 2004. – 543 с. Реформирование ситемы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан // КИСИ при Президента РК.- Алматы, 2005.- 276с Атаманчук Г.В. Теория государственного управления.- Омега- Л, 2004г.-284с.
8. ҚР-ның Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. – Алматы: Жеті жарғы,1999 ж.
9.Интернет
Google
Источник: http://5fan.info/rnabewjgeatyotrotr.html

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3

1. Мемлекеттік басқарудың мәні және басты қағидалары
1. Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің субьектілерінің
атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару мәні, нысандары ... ... .9

2 Мемлекетті басқарудың субъектілерінің түсінігі
2.1 Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Мемлекеттік басқару обьектісі және субъектісі ... ... ... ... ... ... ...15

3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін
арттырудағы мемлекеттік басқару органдардың құрылымын жаңарту жолдары
3.1 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.2 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғары сапасына қол жеткізу ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен
жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .
Өйткені мемлекетті басқару - бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық,
ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті
жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Мемлекеттік басқару қоғамдық жүйеге мемлекеттің әсер етуі болып табылады,
яғни мемлекеттік басқару объектісі ретінде бүкіл қоғам қарастырылады, яғни
қоғамдағы құбылыстардың барлығы мемлекетпен басқарылады. Мемлекеттік
басқару субъектісі ретінде түрлі мемлекеттік органдар қарастырылады.
Мемлекеттік басқару ғылымынының зерттеу саласы: мемлекет, саясат,
мемлекеттік басқару, билік және тағы басқа түсініктер аясында болады.
Мемлекеттік басқару теорясының мазмұнын қоғамдық басқару институты
ретіндегі мемлекеттік билік органдарының саяси- құқықтық, әлеуметтік қарым-
қатынастарды талдау болып табылады.
Мен жұмысымның тақырыбын Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді
ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері деп алдым.
Жалпы жұмысымның мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесінің элеметтеріне
сипаттама беріп, еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолдарын
анықтап, сол бойынша болашақта қызмет ету.
Жұмысым екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде – мемлекеттік басқару
жүйесіне жалпы шолу жасалады, яғни мемлекеттік басқару жүйесінің
элементтері: оның объектілері мен субъектілері, басты принциптері мен
негізгі әдістеріне тоқталып өттім;
Үшінде бөлімінде – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру бағыттары, жолдары қарастырылған.
Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер қолдандым, әсіресе Ихдановтың
Мемлекеттік басқару теориясы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағындағы іс- шаралар заңын
пайдалана отырып жаздым.
Жалпы мемлекеттік басқару жүйесімен кеңірек танысу жұмысымның барысында
көруге болады.

1. Мемлекеттік басқарудың мәні және басты қағидалары
1. Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің субьектілерінің
атқаратын қызметтері
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы
ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі
бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық
биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің
мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік
жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын
биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида заңдылықты, қатынастарды,
элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес
мемлекеттік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді.
Қандай да бір қағидадан бас тарту бүкіл жүйенің қалыпты қызметіне
нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау
және негіздеу процесіне белгілі талаптар қойылады:
а) мемлекеттік басқарудың кез-келген емес, тек ең маңызды, басты,
объективті, қажетті заңдылықтарын, қатынастары мен өзара байланыстарын
білдіру;
ә) мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты заңдылықтарды сипаттау;
б) мемлекеттік басқарудың өзге басқару түрлерінен ерекшелігін білдіру.

Мемлекеттік басқару қағидаларының ерекше белгілерін де атап өткен жөн:
бұл олардың диалектикалылығы, жүйелілігі, басқарушы субъектінің біліміне,
қабілетіне байланыстылығы және қағидаларының өзара байланыстылығы.
Отандық және шетелдік ғалымдар басқару қағидаларын жүйелеу мен жіктеуге
әр түрлі көзқарастар білдіреді. Олар мемлекеттік басқарудың ерекшелігін
ескере отырып, басқару қағидаларының жүйесін үш топқа бөледі:  
Жалпы ортақ қағидалар: жүйелілік, объективтілік, өзін- өзі реттеу, кері
байланыс, оңтайлылық, ақпараттық жеткіліктілік, демократизм, жариялылық,
құқықтық реттілік (заңға сәйкес келу);  
Қоғамның түрлі салаларында (экономикалық, әлеуметтік- саяси, рухани)
және әр түрлі қоғамдық құбылыстарды, ұйымдарды, институттарды талдау
барысында қолданылатын жекелеген қағидалар;  
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялық жақтарын
қарастыратын ұйымдастырушылық- технологиялық қағидалар. Бұл жіктеу соңғы
емес.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару қағидалары жүйесінің көптеген
түрі келтірілген, олар шектеулі емес. Сондықтан мемлекеттік басқару
тәжірибесінде қолданылатын барлық қағидаларды қамту мүмкін емес. Осыған
байланысты мемлекеттік басқару ісінде барынша маңызды болып табылатын
қағидаларға ғана тоқталғанды жөн санадым.
Қоғам күрделі жүйе болып табылатындықтан, басқарудың негізгі қағидасы
ретінде жүйелілік қағидасын атауға болады. Қоршаған ортамен өзара
әрекетінің сипатына қарай жүйелер жабық және ашық болады. Сол сияқты қоғам
да жабық және ашық болуы мүмкін.
Жабық қоғамда басқару объектісі мен субъектісі арасында кері байланыс
үлкен мәнге ие болмайды. Мақсатқа жету үшін мұндай жүйенің дамуын басқару
директивті басқару қағидасына сүйенеді.
Мұның айқын мысалы кеңестік жоспарлы жүйе. Оның салдарының қандай
болғаны белгілі. Нәтижесінде директивті-жоспарлы экономика мейлінше тиімсіз
болып шықты.
Екінші түрі – ашық қоғам, дамудың қатаң белгіленген варианты тән емес
және мақсатқа жету қағидасы ретінде терминалдық басқару, яғни қозғалысты
дамуды еркін бағдарламалау.
Қоғамның ашықтық деңгейі жоғары болған сайын, онда демократия орын алып,
басқару объектісі мен субъектісі арасындағы кері байланыс қағидасы жоғары
мәнге ие болады.
Басқару субъектісі объектінің реакциясын дәл және уақытында білуі тиіс,
өйткені ол соған сәйкес оперативті түрде басқарушылық шешімдерді
қабылдайды.
Кері байланыс мемлекеттік басқару аппаратының қызметкерлеріне қатысты
бақылау функциясын орындайды деуге болады. Бұл қағидамен ақпараттық
жеткіліктілік қағидасы тығыз байланысты. Қоғамда коммуникациялық
процестердің пәрменділігі мен ақпараттық ағымдардың көлемі барған сайын
өсуде және соған орай жүйе элементтерінің (объект, субъект) байланысы
күшейе түсуде. Бұл қағиданы дұрыс қолдану ақпаратты алушылыр деңгейі
жоғарылаған сайын оны ретке келтіруі тиіс. Яғни басқарудың қай деңгейі үшін
қандай ақпарат қажет екендігін анықтап, ретке келтіру керек. Ондай болмаған
жағдайда жоғары басқарушылық деңгейде артық акпарат жиналып қалуы мүмкін.

Оңтайлылық қағидасы (аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткізу) – шығындар
белгілі бір шектен шықпайтындай жеткілікті болуын білдіреді. Олай болмаса
еңбек жағдайы төмендеп, заңдылық бұзылуы мүмкін. Сондықтан басқару оңтайлы
болуы үшін келесі шарттар орындалуы керек: басқарылатын объектіге басқару
объектісінің жай-күйін шынайы бейнелейтін объективті ақпарат негізінде
басқарушылық шешімдер қабылдау: қойылған міндеттерді шешу үшін ресурстардың
мүмкіндігінше жеткілікті болуы; жолға қойылған жақсы кері байланыс
механизмінің болуы.
Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда демократизм қағидасына ерекше мән
беріледі. Бұл қағиданың орнығуы халықтың биліктің бірден-бір бастауы және
егеменді иесі өзі болып табылатындығын мойындату үшін және адам мен азамат
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін күресінің нәтижесінде
мүмкік болды.
Демократия – мемлекеттік басқаруда халықтың билігін білдіреді. Бұл қоғам
мен мемлекет және олардың құрамдас бөліктері арасында терең қарым- қатынас
орнатуды талап ететін күрделі де көпқырлы қағида. Демократизм қағидасы
басқарылатындардың (әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, жеке тұлғалардың)
мемлекетті және қоғамды басқаруға тікелей немесе сайланбалы органдар арқылы
қатысу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал мемлекет болса, халықтың
басқарушылық функциясын атқаруға тиісті ұйымдастырушылық, саяси және
материалдық- техникалық жағдай туғызады.
Басқарушы субъектінің қызметі қоғам үшін ашық, айқын болуын ұйғарады,
өйткені көпшіліктің бәрін білуге құқығы бар. Аталған қағида мемлекеттік
басқаруды толықтыру және қоғамдық процестерді реттеуді, одан әрі өрбіту
нысаны ретінде қоғамдық өзін- өзі басқаруды дамытуды ұйғарады.
Демократиялық мемлекет қоғамдық өмірдің барлық элементтері мен
үрдістерін басқаруды және оларды тікелей өзінің бақылауына алуды мақсат
тұтпайды. Өйткені қоғамдық өмір азаматтық қоғам шеңберінде әрекет етеді,
оның институттарының функциясы болып табылады. Демократизм қағидасы
мемлекеттік басқарудың жариялылық қағидасымен үндеседі.
Жариялылық демократияның, қоғамның саяси өмірінің ажырамас элементі
болып табылады. Ол басқарушы субъектінің келесідей қызмет түрлерін қамтиды:
басқарылатындарды қазіргі таңдағы экономиканың, әлеуметтік сфераның,
қоғамдық қатынастардың жағдайы, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты туралы
жан-жақты хабардар ету; барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметін
сипаттайтын ресми құжаттарды, аналитикалық есептерді, статистикалық
мәліметтерді, социологиялық зерттеулер нәтижесін және басқа да
материалдарды үнемі баспасөз бетінде жариялау; ұлттық және аймақтық
деңгейдегі мақсатты бағдарламалардың жобасын,белгіленген саяси бағыттарды,
сонымен қатар оларды жүзеге асыру жолдары мен әдістерін ашық талдау;
басқарушы органдардың қызметіне ашық халық тарапынан бақылау жасау,
бағдарламалар мен жоспарлардың нәтижесін және салдарларын талдау мен
бағалауға қоғам мүшелерін кеңінен тарту.
Плюрализм қазіргі саяси режимдерге тән сипат. Плюрализм түсінігі
мемлекеттік өмірге мүдделері, ой-пікірлері, ұстанымдары үнемі әрқилы,
салыстырмалы, бәсекелес болатын әр түрлі өзара байланысты, сонымен қатар
тәуелсіз әлеуметтік және саяси топтардың, партиялардың, ұйымдардың
араласуын мойындауды білдіреді. Ол демократия элементі ретінде кез- келген
нысандағы монополияның болмауын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқару теориясында плюрализм түсінігін онтологиялық және
гносеологиялық- методологиялық аспектілерде қарастыруға болады.
Онтологиялық аспект мемлекеттік басқару жүйесінде алуан түрлі және қарама-
қарсы элементтердің, идеялар мен ұстанымдардың, мүдделер тобының көрініс
беруі мен әрекет етуі. Ол методологиялық категория ретінде басқару жүйесін
әр алуан билік пен басқару буындары шоғырланған, әр түрлі деңгейдегі
басқару субъектілерінің үйлесімділік қағидасы негізінде тәуелсіз әрекет
етуі ретінде қарастыратын көзқарасты сипаттайды. Бұл басқару мақсаттарын
қалыптастыру, баламалы жобаларды таңдау және шешім қабылдау, оларды жүзеге
асыру құралдары мен әдістерін анықтау барысында басқарушылардың еркін
пікірталасын негіздейтін ұстаным.
Плюрализм – бірыңғай жүйе шеңберінде әр түрлі және баламалы
құндылықтардың, басқарушылар мен басқарылатындардың мінез- құлық
үлгілерінің бәсекесін және жүзеге асуын ұйғаратын басқарушылық мәдениет
құрамындағы дүниетанымдық идея. Сонымен бірге заңдылық және қоғамның
мойындауы, яғни мемлкеттік органдар құрылымының, олардың қызмет ету
ережелерінің, нысандары мен әдістерінің және басқрылатындардың мінез-
құлықтарының заңды (легитимді) болуы да мемлекеттік басқарудың жалпы
қағидаларына жатады.
Заңдылық қағидасы заңдарды сақтау және орындау талабының жалпы
міндеттілігін білдіреді.
Мемлекеттік билік органдары және лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары, азаматтар және олардың бірлестіктері Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті. Мемлекеттік
басқаруға қатысты бұл қағида заңның үстемдігін және Конституцияда
бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін,
басқарушылық функциялардың заңдар және заң актілері негізінде жүзеге асуын
көздейді. Жүйенің құқықтық қамтамасыз етілуі және қоғамның қолдауына ие
болуы – оның өміршеңдігіне, әркеттілігіне кепілдік беретін негізгі фактор.
Басқару қағидаларын тиімді қолдану үшін әрбір қағиданы жеке қолдану
мәселесін, жекелеген қағидаларды ерекше қолдану шартын, тұтастай қағидалар
жүйесін жалпылай ортақ қолдану шартын айқындау қажет. Қағидалардың
тиімділігі ең алдымен объекті мен субъекті арасындағы тәуелділікке
байланысты. Мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдары қағидалар
жүйесінің талаптарына қаншалықты сай болса, мемлекеттік бесқеру нәтижелері
де соншалықты әлеуметтік жағынан тиімді болады. Сондықтан мемлекеттік
басқару қағидасын тиімді қолданудың басты шарты мемлекеттік басқару
жүйелілігіне, ол арқылы қоғамдық өмірдің кешенділігіне және ұйымдастыру
ісіне байланысты.
 

1.2 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару мәні, нысандары
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің
атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме
арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару
органдарының жиынтығы.
Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа
сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи
жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда
көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу
сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі
жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай
• заң шығарушы;
• атқарушы;
• сот билігі
болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай
• авторитарлық;
• тоталитарлық;
• демократиялық
болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын
Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
• пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
• пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
• жария-саяси сипатта жүруі,

Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы
мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті
және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не
президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға
бөледі.
Монархия (грек тілінен — жалғыз билеуші) — басқару нысаны, өкімет түгелімен
не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады — монархтың (корольдің,
патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархияның белгілеріне:
—  жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
— басқаруының уақыты шексіз (абсолютті) болады;
— сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері
болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх
болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы — Сауд
Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия,
яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа
мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу
үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік
құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып
дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен — мемлекеттік, қоғамдық іс) — басқару нысаны,
мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың
еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
— өкіметтің сайлануы;
— белгілі уақытқа ғана сайлау;
— сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған
байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып
бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия,
Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік
республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) —
парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) —
Президент пен Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не
сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір
мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі
үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте
Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент —
Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен
Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті
құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін
(әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан,
заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын
тілінен — тыйым салу).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына
жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-
Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің
Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа
тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс
болғанда Парламентті тарата алады.
Парламенттік республикада — үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол
соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік
вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер,
кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне
жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының
жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті
Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет
басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы
болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына
үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және
парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей
халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол
үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі
бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер
кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі
бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен
үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік
жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай
тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл
иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық
болған социалистік (кенестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси
өкіметінің қаруы есебінде пайда болды – оның бұрынғы мемлекеттермен
ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған
дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні – пролетариат диктатурасы
болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне
қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін
емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек, мынадай
қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды
жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті
қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе
халық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің ерекше ұйымы
болып табылады.
Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң
шығару, басқарушы және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық
сферасындағы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және
мәдениет рухы сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жіктелінеді.
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы
қазіргі уақыттағы мемлекеттің қолданылатын функцияларына тоқталғанды жөн
көрдік.
Ұйымдастырушылық нысанына мыналар жатады: ұйымдастыру-реттеушілік (нақтылы
саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық
жұмыстар); ұйымдастыру-шаруашылық (әр түрлі мемлекеттік
функциялардыорындауға тиісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты
оперативтік-техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар); ұйымдастыру-
идеологиялық (мемлекеттің әр түрлі функцияларының орындауын
қамтамасыздандыру жөніндегі күнделікті оперативтік-түсіндіру, тәрбиелік
жұмыстар).
Мемлекеттің механизмі бұл – мемлекеттің ішкі және сыртқа функцияларын
қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі.
Мемлекеттік механизмінің маңызы өте зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені
ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады.
Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат
құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір
құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік
органдардың заң жүзінде құқықтыр мен міндеттердің шамасын (көлемін)
айқындайтын құзыреті болады.
Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзеретке иелі және өз функциясын
жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастырушылық материалдық және
мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйетін дербес, оқшауланған құрамы бар
мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.
Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:
— заң шығарушы, атқарушы және соттар (билік бөлу принципіне қарай);
— федералдық, федерация субъектілері, республикалық және жергілікті
(мемлекеттің құрылыс белгілеріне қарай);
— бастапқы (сайланбалы өкілді), мүшелерін халықтың сайлауы және туынды
(қосалқы), яғни оның құрылуына халық тікелей қатыспайды (құрылу тәртібіне
қарай);
— жалпы құзыретті, яғни бұл орган өзінің құзыреті шегінде, оған қатысты
барлық мәселелерді қарап шеше алады (мысалы Президент, Үкімет, т.б.) және
арнайы құзыретті – бұл өз жұмысын белгілі бір тар салаларда ғана атқара
алатын орган (мысалы, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, т.с.с.)
(құзыреттің мәні бойынша);
— коллегиялды – шешімді көпшілік дауыспен қабылдайтын орган және дара
басшылық – мекеме басшысының өзі қабылдайтын жеке шешімі (шешімді қабылдау
әдісіне қарай);
— тұрақты және уақытша (өкілеттіліктің мерзімі бойынша).
Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:
— мемлекет еркімен құрылуы және өз функциясын соның атынан іске асыруы;
— заңда көрсетілген тәртіппен қызмет түрін қатаң орындауы;
— заң жүзінде бекітілген ұйымдық құрылымы, құзыреті (құқықтар мен
міндеттердің жиынтығы), аумақтық қызмет көлемі, арнаулы аппараты және өзге
мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайтын тәртібі болуы;
— белгілі бір материалдық құралдарға иелігі (құрылыс, үйелер, көлік, т.б.);
— мемлекеттік билік сипаттаға өкілеттілігіне иелігі, яғни әр қилы құқықтық
актілерді шығару және оны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін құқығының
болуы.
Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге аырушы күш,
мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымының жұмыс істеуінен көрінеді.
Мемлекеттік аппарат дегеніміз билігін іске асыру үшін билік өкілеттілігіне
иелі мемлекеттік органдардың жүйесін құрайтын мемлекеттің механизмі. Өз
қызметі шегінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:
— демократиялық (мемлекет органдарының қызметін қалыптастыру мен
ұйымдастыруға халықтың кеңінен қатысуы);
— заңдылық (бүкіл нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың барлығы да дәлме-дәл, қатаң, әрі бұлжытпай орындауы);
— есеп берушілік (төменгі органдардың жоғарғы  органдарға өз қызметі
жайында есеп берудің міндеттілігі);
— коллегиялық пен жеке басшылықтың үйлесімділігі (бұл мәселелелрді ұжымдық
талқылауды, бірақ шешімді жеке басшының өзі қабылдап, оны іс жүзіне
асырғанда жеке жауаптылықты көздейді);
— жариялылық (белгілі бір мемлекеттік органының тәжірибелік қызметі туралы
құқық субъектілеріне (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мекемелерге,
төменгі органдарға және т.б.) хабарлауды қамтамасыз ету).
Мемлекеттік механизм құрылымына мемлекеттік аппаратпен бірге мемлекеттік
ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындар да кіреді.
Мемлекеттік ұйым – мемлекеттің функциясын әр түрлі салаларда, айталық,
экономика, әлеуметтік, мәдени, қорғаушылық және т.с.с., жүзеге асырушы
мемлекеттік мекеме. Көпшіліктің тұжырымдаулары бойынша, мемлекеттік ұйым
әлеуметтік-мәдени функцияларды (мысалы, білім, ғылым, денсаулық, т.б.) іске
асыруға бағытталған, — дейді.
Мемлекеттік кәсіпорын – өндіріс өнімдерін шығару немесе оны қамтамасыз ету,
түрлі жұмысты атқару және қоғам тұтынушыларының, жеке тұлғалардың қажетін
қанағаттандыру, әрі пайда табу, көп түрлі көмекті көрсету мақсатына сай
шаруашылық қызметті атқару үшін құрылады.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық олардың сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысанының арасында басқару нысаны маңызды элемент
болып саналады.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекет билігінің әдісін ашады, оның органдарының
өзара қарым қатынасын және халықпен қатынасын, тұрғындарды белгілі нысанға
келтіру дәрежесін анықтайды.
Енді мемлекет нысанын талдап өтейік.
Мемлекеттің басқару нысаны Монархия және Республика болып екіге бөлінеді.
Монархия — ол жоғарғы билік бір адамның қолында және бүл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның билігі өзінің түсінігі айтып тұрғандай,
мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа
туысқандарының қолынан көшуі немесе тиюі. Сондықтан, оның билігі мұрагерлік
билік. Монархия озбырлық жолмен де көшуі мүмкін, яғни соғыс арқылы.
Монархияның көшуінің үшінші түрі де бар, монарх бірнеше ақсүйектердің
тұқымдарынан сайланды. Мысалы Малайзия елінде. Тарихта  екі  монарх 
болған  мемлекеттік  басқару нысаны да кездескен. Ол мәселен Спартада.
Монархтың бір қасиеті ол өзінің билігіне құдайдан басқа ешкімге жауапты
емес, себебі ол мемлекеттің басшысы, оның атынан сот, заң, құқық
қабылданады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны
асырау мемлекеттің міндеті. Аталмыш монархияның өзі де екіге бөлінеді:
Шексіз және Шектелген монархия болып. Осы тұрғыда монархияның екі түріне
түсінік беріп өтейік.
Шексіз монархия — монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді,
жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында, бірақ оның да бірнеше түрі
бар. Ең бірінші шексіз монархия — Шығыс диспотиясы.
Монархиялардың көбі шектелген монархияға жатады. Бұл монархияда монарх
билігі басқа бір адаммен немесе заңмен шектеледі.
Монархтың билігі жоғары және тәуелсіз болғандықтан ол өмір бойы билік ете
алады. Бұл тұрғыда біз басқару нысанының бірінші түрі, яғни монархияны
қарастырып өттік, ал ендігі басқару нысанының екінші түрі республикаға
түсінік беріп өтейік.
Республикада монарх тәрізді ежелгі мемлекет нысаны болып қалыптасқан. Бірақ
республикалық басқару нысанын халық сайлаған адам басқарады және оны
белгілі бір уақытқа сайлайды.
Республикалық басқару нысаны — бұл ұжымдық басқару болып саналады.
Республика деген сөз коне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданылды.
Мемлекеттік басқарушы адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге 
сайлайды.  Сайланбаған қызметкерлер мен органдар Республикада болмайды.
Жаңа кезеңде Республиканың екі түрі кездеседі: Президенттік және
Парламенттік Республикалар.
Президенттік Республика — Республика бірлігінің, тұтастығының символы.
Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр
үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды, ал қалған
министрлерді Премьер-министрдің өзі Парламенттің келісімімен тағайындайды.
Республиканы президент басқарғанымен, мемлекеттік заң шығару билігі
парламенттің қолында және парламент белгілі қызметкерлерді және Жоғары
сотты тағайындаған уақытта да келісімін береді. Парламенттің зандары бір
ауыздан қабылдана қоймайды, оның зандары екі рет тексеріледі, содан барып
президент вето құқығын қолданып, қабылданған зандарға қол қояды.
Конституциялық сот заңның конституцияға сәйкестігін тексереді, ал сот
билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері Президенттік
Республикада белгілі уақытқа немесе өмір бойы тағайындалады.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында
кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген:
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет.
Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік
басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің
көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны
ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің
қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап
береді.

2.Мемлекетті басқарудың субъектілерінің түсінігі

2.1 Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының міндеттері
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе
мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі
болып табылады. Оны шешу- мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект
қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі- қоғам. Мемлекеттік басқару
теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі,
мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін
ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке
қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.
Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып
табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы
органдары және жергілікті өзін- өзі басқару органдары) арқылы өзінің
билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын
субъектіні айтады. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың
көрнекті өкілдері, еңбек ұжымдары, қщғамдық- саяси ұйымдар және тағы басқа
қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы
маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады.
Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум осындай шешім
қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектісі – билікті жүзеге асыруға және қоғамдық
процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституцилық
өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен заңда
бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, лоар әр түрлі деңгейдегі
мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын
ұйымдастырады және бақылайды.
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі
құрамында бола отырып, мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар
мен шешімдер жобасын,саяси бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген
негіздемелер бойынша бөлінетін саяси басшылық пен әкімшілік басқару
институттары мемлекеттік басқару субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектілері: 1) мемлекеттік билік түрі бойынша; 2)
билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай; 3) қызмет саласына қарай;
4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты; 5) құрамына қарай
бөлінеді.
Мемлекеттік билік түрі бойынша-бұл заң шығарушы, атқарушы және сот
билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір
функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың заңдарды әзірлеуі мен
қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі, заң
мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелерінің
арасындағы, олардың мемлекеттпен өзара қарым- қатынастарын формальды
реттеуші. Заңдардың әрекеттілігі оның орындалуында.
Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-
әрекетпен үйлестіреді. Мысалы: үкімет заңдарды орындауға, сонымен қатар
нақты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге
асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның
құрамына билік құрылымдарымен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім
беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және тағы басқа салаларға
әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.
Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып
табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.
Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және
жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-
қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару
әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты
анықталады. Қызмет саласына қарай- экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени
өмірді, әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асаратын
аталған үш деңгей субъектілері.
Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай
басшылық, әкімшілік- мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып
бөлінеді.
Құрамына қарай: ұжымдық (мысалы, заң шығарушы билік органы) және жеке
(басқарушы тұлғалар) субъектілер болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен
сипатталады:
а) заңмен реттеледі, ресми рұқсат етілген әдістермен жүзеге асады; ә)
атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі қызмет түріне
құқығы бар;
б) субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай да бір күштердің әсерінен
тәуелсіз. Формальды ережелерден тыс қаржы-өнеркісіптік капиталдың, әскери-
өнеркәсіп кешенінің, саяси элитаның мүдделерін білдіретін лоббистік топтар
(заң шығарушы институттардың жанында) жұмыс істейді. Сонымен бірге
теледидар мен радионың, жалпы бұқаралық ақпрат құралдарының рөлін атап
өткен жөн.
Лауазымды қызмет субъектісі – мемлекеттік қызметтің тұлғалары, саяси
жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар мемлекеттік
шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және орындауға жауапты.
Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде
бөлу ел Конституциясында көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан
мемлекеттік басқарудың бірыңғай субъектілеріне кіреді,ал екінші жағынан
оның функциясы айрықша болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді.
Онда билік жүргізу мен басқару өкілеттігі ұштастырылған- мемлекеттік орган
өкілеттігі мен жеке кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық орган қызметінің
нәтижесіне жеке басының жауапкершілігі.
Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауазымды қызмет
субъектілерінің  сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік
билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып
жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары
өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы
қоғамдастықтың  атынан іс- әрекет жасайтын саяси субъектілерінің мүдделерін
баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік аппарат
қызметтерін халық жиындары қалай кабылдап жатқанын үнемі бақылап отырғанда,
басқарылатындардың талап- тілектері мен үміттері басқарушылыардың мақсаты
мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар
саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері мен ой-
пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды ұсыныстарын
басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол
жеткізеді. Өз кезегінде кез- келген лауазымды тұлғаның бір жағынан,
мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етуі,
екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің функциясын
жүзеге асыруының кепілі болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің
анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинаған кезде ғана ол
басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге
болады.: дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік
басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу;
ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару
ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік
қасиеттер болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен
мазмұнын, сондай- ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын
анықтайтын ұлттық- мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен
мәнге ие. Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін
проблема. Объектінің шегін анықтау- пікірталас тудыратын мәселе болып
табылады. Классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік басқару
объектісі қоғамдық өмірдің саяси- құқықтық сферасымен шектеледі.
      

2.2 Мемлекеттік басқару обьектісі және субъектісі
Басқару теориясының және оның методологиялық негізінің кешенді сипаты
саяси-әлеуметтік және саяси- құқықтық өмірді зерттеудің объективтік және
субъективтік, әлеуметтік, социологиялық және жалпы ғылыми, теориялық,
эмпирикалық әдістердің жиынтығын айқындайды. Объективті және субъективті
саяси-әлеуметтік өмірдің көрінісі ретіндегі мемлекеттік басқарудың екі
ұдайылық болмысы оны зерттеу барысында объективті және субъективті
әдістерді қолдану қажеттілігін тудырады.
Объективті әдіс зерттелуші объектіні- мемлекет пен оның қызметін қандай
да бір көзқарас тұрғысынан бағалауды қажетсінбейтін, тарихи қажетті процесс
ретінде сырттай бақылап, өзгеріссіз қабылдауды білдіреді. Ол зерттеуші
субъектінің ой- пікіріне сүйенбей басқарушылық қызметтің объективті
нәтижесін талдау арқылы мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіру әдісі.
Субъективті әдіс объектіні адамдардың өздері ұйымдастырған саяси-
әлеуметтік, экономикалық және басқа да өмірлері ретінде қарастыруды
ұйғарады. Егер объективті әдіс танып-білуші субъектіге тәуелсіз болатын
объектіден туындаса, ал субъективті әдісте объект емес, керісінше, қоғамның
қандай да бір мүшелерінің ол туралы түсініктері, зерттеушінің көзқарасы
талдау көзі болып табылады. Субъективтік әдіс субъектінің ой-пікірі,
ұстанымы, мүдделері арқылы саяси- әлеуметтік ақиқатты сипаттауға және
түсіндіруге мүмкіндік береді. Объективтік әдістердің ішінде нақты өмірдегі
құбылыстар мен процестерді бақылау, салыстыру, қорытындылау басқарушылық
қызмет пен қатынастардың сипаттама моделін әзірлеу әдісін атап өткен жөн.
Субъективті әдістерге мемлекеттік институттардың басқарушылық қызметтеріне
қатысты қоғамдық пікірді зерделеудің әр түрлі социологиялық әдістерін,
басқарушылық эксперимент әдістерін, басқару образын қалыптастыратын
нормативтік басқарушылық модельдерді әзірлеу тәсілдерінің жиынтығын
жатқызуға болады. Ғылыми-тәжірибелік эксперимент басқарушылық процестерді
зерделеу мен түсіндірудің объективті және субъективті әдістері бірлігінің
көрінісі болып табылады. Бұл кейбір басқарылатын және бақылауға аланатын
факторлардың ықпалынан туындаған мемлекеттік басқару субъектілері мен
объектілерінің қызметтері мен әрекеттеріндегі өзгерістер туралы ақпараттар
алу тәсілі.
Эксперимент – нақты ғылыми тұжырымдамалар мен теориялық ұсыныстардың
негізделуі мен тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру әдісі. Мемлекеттік
басқару практикасында бұл тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті эмпирикалық
деректердің маңызды көзі болып табылады. Мемлекеттік басқару мақсаттары мен
функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістерді мазмұны және
адамдардың мінез- құлықтары мен мүдделеріне әсер ету аспектісіне қарай
моральдық- этикалық, әлеуметтік- саяси, экономикалық және әкімшілік деп
бөледі. Мемлекеттік басқару адамдардың әлеуметтік қызметін және соның
негізінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды білдіреді. Ол әлеуметтік
ортада жүзеге асатындықтан оған қоғамның әлеуметтік құрылымының тигізетін
ықпалы зор. Сондықтан мемлекеттік басқаруды ғылыми танып-білуде әлеуметтік
әдістер қолданылады. Себебі саяси-әлеуметтік талдау мемлекеттік органдардың
атқаратын нақты міндеттерін айқындайтын басқару стратегиясын әзірлеумен
және әлеуметтік қажеттіліктерді, мүдделерді, құндылықтарды анықтаумен
байланысты болатын көптеген теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді.
Саяси- әлеуметтік әдістер адамдардың еңбек, тұрмыс жағдайларымен,
оларға әлеуметтік қызмет көрсету, қоғамдық және саяси белсенділіктерін
дамытумен, билік процестеріне қатысуымен байланысты. Бұл әдістер адамдардың
саяси- әлеуметтік мүдделеріне, олардың қоғамдағы мәртебесіне, өзін- өзі
еркін көрсету мүмкіндігіне әсер етеді. Мемлекеттегі демократизмнің дамуы
көрсетілген әдістер рөлінің объективті түрде артуына әкеледі.

Әлеуметтік әдістер басқару жүйесі мен қоғамның өзара іс- әрекетіндегі
кері байланысты оқып- үйренудің негізгі құралы бола отырып, көбінесе
мемлекеттік институттардың қандай да бір шешімдеріне деген халықтың жеке
әлеуметтік топтарының көзқарастарында көрініс табады. Әлеуметтік, оның
ішінде эмпирикалық әдістердің көмегімен экономикалық, құқықтық жүйенің,
мемлекеттік саясаттың әлеуметтік тиімділігі анықталады. Сонымен қатар бұл
әдістер мемлекеттік басқару аясындағы жеке адамдардың тәртібін, іс-
әрекеттерін және саяси бағдарын талдауға мүмкіндік береді. Моральдық-
этикалық әдістер адамдардың абыройы мен қадір- қасиетіне, ар- ұятына
бағытталған. Оларға тәрбие жұмыстары, басқарудың мақсаттары мен мазмұнын
түсіндіру жұмыстары, моральдық ынталандыру құралдары мен жаза қолдану, адам
мінезінің психологиялық ерекшеліктерін ескеру тәсілдері жатады. Олардың
мәні басқару және оны жүзеге асыру үшін қажет әрекеттерге қатысты белгілі
бір сенімділікті, рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді,
психологиялық ұстанымдарды қалыптастыру мен қолдау.
Экономикалық әдістер адамдар өміріндегі және соған сәйкес
басқарушылық процестердегі экономикалық мүдделердің рөліне негізделген.
Жеке меншікті дамыту, еркін кәсіпкерлікті қолдау, материалдық
ынталандыруларды, еңбекеақы деңгейін арттыруды және басқа да экономикалық
тетіктерді қолдану арқылы мемлекеттік билік пен жергілікті басқару
органдыру мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функцияларын жүзеге
асырады. Мемлекеттік-басқарушылық қызметте әкімшілік әдістер ерекше орын
алады. Бұл әдістер мемлекеттің басқарушылық құрылымдары адамдардың
амалдарынан, тәсілдерінен, әрекеттерінен тұрады. Олардың белгілері:
а) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның орындаушының
міндеттерін тәртіп нормаларын белгілеу және оған нақты бұйрық беру арқылы
тікелей әсер етуі;
б) алдыға қойылған міндеттердің, іс- әрекеттерді шешудің бір жақты
тәсілін таңдау, орындалуға міндетті жағдайларды шешудің бір жақты жолын
таңдау;
в) өкімдер мен нұсқаулардың міндетті түрде орындалуы, орындалмаған
жағдайда әр түрлі заңдық жауапкершілікке әкелу мүмкіндігі. Кейде әкімшілік
әдістер әкімшілік түсінігімен байланыстырылады, бірақ олар әр түрлі ұғымды
білдіреді.
Әкімшілдік саяси режимді сипаттайды, басқарушылық процестерде күшпен
бағындыру, ырықсыз көндіру, бұйрық беру секілді құралдарды қолданудан
тұратын мемлекеттік басқару стилін анықтайы. Әкімшілік жүргізуде кез-
келген әдістерді әсіресе, экономикалық және әкімшілік әдістерді қолдануға
болады. Әкімшілік әдістердің қолданылуы табиғат, қоғам, адам мүддесі
тұрғысынан көптеген қауіпті технологияларды және қызмет түрлерін реттеу
қажеттілігінен туындаған. Бірақ оларды қолдану да апатты жағдайлардың және
төтенше оқиғалардың үнемі алдын алуға мүмкіндік бере бермейді.
Басқарушылық қызмет әдістерін жеке түрде емес, кешенді, талғамалы
түрде, болған оқиғаның сипатына және адамдардың тәртібінің деңгейіне қарай
қолданған жөн. Сонымен бірге әрбір әдістің өзінің қолдану шегі бар, осыған
байланысты мемлекеттік басқару органдары өздерінің басқарушылық
қызметерінде аталған әдістердің қолдану шегінен ауытқымағаны дұрыс.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік пен толық егемендікке қол жеткізген
соң азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бағыт алды. 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай парламенттік- президенттік
басқару нысаны таза президенттік басқару нысанына айналды. Президенттілік
институты мемлекеттік жүйеде негізгі орын алады, ол ел ішіндегі жағдайға,
мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуіне, ішкі және
сыртқы саясаттың қалыптасуына ықпал етеді.
Заң шығарушы билік институты да өзгерді. Бір палаталы Жоғары Кеңестен
екі палаталы Парламентке ауысу жүзеге асырылды. Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі принциптер мен нормаларды
белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Атқарушы билік Үкіметтің тікелей басшылық етуімен қызмет етеді, оларға
күнделікті мемлекеттік басқару, заңдардың орындалуын ұйымдастыру,
мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу,
экономикалық реформаларды жүзеге асыру жүктелген.

Мемлекеттік биліктің жеке тармағы ретінде сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ
Меншіктің маңызы мен формалары
Қаржының қазақстан экономикасындағы рөлі
Қаржы құқықтық қатынастары
Бандитизм қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оның әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Меншіктік қатынастарының экономикалық жүйедегі орны
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Пәндер