Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде



Кіріспе ... ... ...3
1. Мемлекет механизм ұғымы және теориялық негіздері
1.1Мемлекет механизмінің ұғымы,ұйымдастырудың және қызметініңпринциптері ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттің органы және оның мемлекетмеханизміндегі орны ... ... ... .6
1.3 Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы ... ... ... ...7
2 Мемлекеттік аппарат құрылымы, функциялары
2.1Саяси жүйе элементі, түсінігі, жіктелінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Мемлекеттік аппарат түсінігі, принциптері, жункциялары ... ... ... ..14
2.3 Мемлекеттік аппарат түсінігі, принциптері, мақсаттары ... 18
3Қазақстандағы билік жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік билік органындағы заң шығарушы органының құрылымы және атқаратын қызметі. ... ... ... 20
3.2 Атқарушы билік органдарының жүйесі және кұрылымдары ... ... ... ... 22
3.3 Қазақстандағы сот билігі ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мұмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың, әлеуметтік – саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдық істердің жағдайына белсенді түрде әсер ету.
Мемлекет механизмі - бүл қоғамды мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік билікті жүзеге асыруға көмек ететін мемлекеттік органдар жүйесі.
Кең мағынада мемлекет механизмі үш қүрамдас бөліктерден қүралады: мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік кэсіпорындар.
Мемлекеттік мекемелер - бүл әлеуметтік, экономикалық, мәдени т.б. аяларда мемлекеттік функцияларды орындаудың тәжірибелік, тікелей қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар.
Мемлекеттік кәсіпорындар қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдерді өндіру немесе қоғамға қызмет көрсету мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қүрылады.
Мемлекетті аппарат бүл мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешу мен функцияларды атқару үшін құрылған билік өкілеттіктерімен үлестірілген барлық мемлекеттік органдар жүйесі
Тар мағынасында мемлекет механизмін мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін биліктік өкілеттіктермен үлестірілген мемлекеттік органдар жиынын құрайтын мемлекеттік теңестіреді. Өз кезегінде мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың бастапқы элементі болып табылады.
Мемлекеттік органдарға мемлекеттік-биліктік сипатты уәкілдіктерді үлестіру мемлекеттік органдардың маңызды нышаны болып табылады. Басқа нышандар жиыны арқылы ол бір жағынан, мемлекеттік үйымдар (кәспорындар, мекемелер) мен мемлекеттік органдар арасында, екінші жағынан, мемлекеттік емес органдар мен үйымдар арасында жеткілікті нақты айырмашылық өткізуге мүмкіндік береді.
1. Http;//.google.kz
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы (Ата Заңы 31.08.95ж)
3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»заңы (23.07.97ж)
4. ҚР-ң «Мемлекеттік құпиялары туралы» заңы (15.03.99ж)
5. Http;//.Stud.kz
6. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы.
7. Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 23 қаңтар N 148-П
8. Государство и право. 2003, № 6, с. 141-147. П.Ноздрачев А.Ф. Основные характеристики исполнительной власти
9. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132-П Конституциялық заңы
10. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
11. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2008ж. 106б.
12. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2005. 328б.
13. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».2000ж. 48б.
14. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2009 10-11б.
15. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.
16. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1999ж
17. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132-П Конституциялық заңы.
18. Http;//.Magister.kz
19. Http;//.Nur.kz

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекет механизм ұғымы және теориялық негіздері
1.1Мемлекет механизмінің ұғымы,ұйымдастырудың және қызметініңпринциптері ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттің органы және оның мемлекетмеханизміндегі орны ... ... ... .6
1.3 Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы ... ... ... ...7

2 Мемлекеттік аппарат құрылымы, функциялары
2.1Саяси жүйе элементі, түсінігі, жіктелінуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11
2.2 Мемлекеттік аппарат түсінігі, принциптері, жункциялары ... ... ... ..14
2.3 Мемлекеттік аппарат түсінігі,принциптері,мақсаттары ... ... ... ... ...18

3Қазақстандағы билік жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік билік органындағы заң шығарушы органының құрылымы және атқаратын қызметі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...20
3.2 Атқарушы билік органдарының жүйесі және кұрылымдары ... ... ... ... 22
3.3Қазақстандағы сот билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретіндедеп аталады.Бұнда негізгі қаралатын мәселе мемлекеттің билік жүйесі,қызметтері,аппараты,саяси жүйе және мемлекеттік механизм туралы болмақ.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты;мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасы тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті;мемлекет-басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысан көрсету. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мұмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың, әлеуметтік - саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдық істердің жағдайына белсенді түрде әсер ету.
Мемлекет механизмі - бүл қоғамды мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік билікті жүзеге асыруға көмек ететін мемлекеттік органдар жүйесі.
Кең мағынада мемлекет механизмі үш қүрамдас бөліктерден қүралады: мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік кэсіпорындар.
Мемлекеттік мекемелер - бүл әлеуметтік, экономикалық, мәдени т.б. аяларда мемлекеттік функцияларды орындаудың тәжірибелік, тікелей қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар.
Мемлекеттік кәсіпорындар қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдерді өндіру немесе қоғамға қызмет көрсету мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қүрылады.
Мемлекетті аппарат бүл мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешу мен функцияларды атқару үшін құрылған билік өкілеттіктерімен үлестірілген барлық мемлекеттік органдар жүйесі
Тар мағынасында мемлекет механизмін мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін биліктік өкілеттіктермен үлестірілген мемлекеттік органдар жиынын құрайтын мемлекеттік теңестіреді. Өз кезегінде мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың бастапқы элементі болып табылады.
Мемлекеттік органдарға мемлекеттік-биліктік сипатты уәкілдіктерді үлестіру мемлекеттік органдардың маңызды нышаны болып табылады. Басқа нышандар жиыны арқылы ол бір жағынан, мемлекеттік үйымдар (кәспорындар, мекемелер) мен мемлекеттік органдар арасында, екінші жағынан, мемлекеттік емес органдар мен үйымдар арасында жеткілікті нақты айырмашылық өткізуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдарды сапалы түрде ерекшелеп, сипаттайтын негізгі қасиеті - заң актілерін (нормативті-құқықтық актілер, қаулылар жэне т.б.) шығаруға уәкілдіктердің болуы.
Мемлекет аппараты болып мемлекеттің өзіне тэн қызметін жүзеге асыруға, яғни қоғамды басқаруға жэне оның мүддесін қорғауға арналған арнайы органдар мен мекемелердің жүйесі табылады. Мемлекет өзінің аппаратынсыз өзіне тиісті міндеттері мен қүқықтарды жүзеге асыра алмайды.
Мемлекеттік билік аппаратының құрылысын және оның құрамдас органдарын қаратырып, талдау нэтижесінде келесі басты қорытынды жасауға болады. Осыған орай, мемлекеттік аппарат қызметін үйымдастыру мен атқару бірқатар принциптер негізінде жүргізіледі. Бүл принциптердің көпшілігі мемлекеттердің Конституцияларында немесе басқа заңдар мен нормативті-құқықтық актілерінде бекітілген.
Қазақстан Республикасының Президенті -- мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті -- халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.
Қазақстан Республикасының Парламенті - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан -- Сенаттан және Мәжілістен тұрады.


1 Мемлекет механизм ұғымы және теориялық негіздері

1.1 Мемлекеттің механизмінің ұғымы,ұйымдастырудың және қызметінің принциптері

Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды комплексті пайдалану мемле - кет мұқтажын канағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік құрылымдардың барлығын бірнеше түрге бөлуге болады. Олардың ішінде мемлекеттік механизмнің маңызды буынын құрайтын мемлекет органдарының шоқтығы бөлек. Оның басқа бір буыны болып биліктің айырықша ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдары (армия, полиция, түрме, барлау және контрбарлау) табылады. Мемлекеттік құрылымның үшінші бір түріне келетін болсақ (бұл жерде мемлекеттік шаруашылық әлеуметтік-мәдени және басқа ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар айтылып отыр), ол мемлекеттің механизміне тікелей кірмейді, тек жанап қана өтеді.
Мемлекет механизміне орасан зор рөл берілген. Ол іс жүзінде. мемлекеттік билікті жүзегеасыруға міндетті. Барлық биліктік жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік кызмет -- мемлекет механизмінің шексіз құқықығы. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жасалып, сонымен түзетіліп, жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінін болуы. Бір организмнің (мемлекеттің) бір бөлігі болып отырып, олар бір біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік-тынысын қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.
Сөйтсе де, мұндай бірлік әр түрлі мемлекеттік органдардың функцияларын араластыру мүмкіндігін білдірмейді. Ол олардың арасындағы құзіретті тиімді бөлісуді жоққа шығармайды, болжайды. Мемлекет механизмінің әрбір буыны өзіне тиісті салада еңбекке айқын шек қою мен бөлудің негізінде қайталаушылыққа жол бермеді, нәтижесінде мемлекет алға қойған ортақ міндеттерді мемле - кет қызметінің түрлі субъектілерінің күшімен орындап шығуды қамтамасыз ететіндей әрекет етуі тиіс.
Мемлекет механизмінің ішкі бірлігі туралы ережені талдап, түсіндіре келіп, биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз тармақтарының (заң шығару, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір бірінен оқшауланған, әр түрлі нақ - тылы міндеттерге акцент жасайды, және түрлі істермен айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын пайдаланады. Бұл факт билікті болу теориясында (Д.Локк, Ш.Л.Монтескье, Т.Джефферсон және т.б.) негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен принциптерін әлемнің көптеген елдері конституциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір органда немесе бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет механизмінің үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін келтіре отырып, билікті болу теориясы: 1) олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауының қажеттілігін; 2) бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол бермеуді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешелікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмәмдалуына ие болады. Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конституцияны, заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы басты талабы бо - лып табылатын зандылық принципі;
мемлекеттік тәртіп пен төменгі тұрган органдар бастама көрсеткенде және оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық мемлекеттік органдар мен лауа - зымды тұлғаларлық нерархиялық принципі және олардың өзара қарым-қатынасы;
мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше бөлуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудың қажеттіліктерін анықтау және оларды мемлекеттік-құқықтық нысандарға тұлғалап білдіретін жедел басшылықтың, меңгерудің және бақылау принципі;
мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын кәсіпкойлық пен құзыреттілік принципі;
жариялылық принципін жүзеге асырудың нәтижесінде мем - лекет механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы; мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру принципі.
Жоғарыда аталған принциптерді санамалап шығу - бүгінгі таңда мемлекет механизмінің қызметі ұйымдастырылып, толық жүзеге асырылды деген сөз емес. Сөйтсе де олардың маңызын кемітуге болмайды, өйткені олар мемлекет механизміне кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар қол жеткізуге тырысатын жетістіктерге эталон ретінде қызмет етеді.

1.2 Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны

Мемлекеттің органы мемлекет механнзмінің алғашқы клеткаларының бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі аныкталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттін құрылымдық компоненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипатына өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықтары болса да, құзыреті басқа құрылымдар - дың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.
Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері ту - ралы ережені ұсынды. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар азаматтардың барлығына немесе белгілі бір категорияларына, лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесс нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органның моральдық-қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді.
Мемлекеттік органдардың басқа сипаттағы белігілеріне мыналаржатады:
олардың әрқайсысын конституцияның, заңдар немесе басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде құру;
мемлекеттің олардың әрқайсысының алдына қойған міндетінің ұйымдық құрылым мен құзіретінің ауқымына сәйкес келуі;
қызметтің олардың өздеріне ғана тән айырықша нысандары мен әдістерін пайдалануы.

1.3Мемлекет механнзмінің маңызды буындарының сипаттамасы

Заң ғылымында мемлекеттік органдарды мемлекет функциялары бойынша топтастырудың мүмкін еместігі туралы қалыптасқан пікір дұрыс, өйткені олардың көпшілігі бір ғана емес, екі немесе одан көп функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Сондықтан мемлекеттік органдарды топтастыру үшін басқа негіздемелер алынады. Олардың ішінде ең көп тарағаны - өздерінің тікелей қатысы бар билік тармақтары бойынша топтастыру болып табылады. Бұл негіздеме бойынша барлық мемлекеттік органдар 1) заң шығарушы және өкілді; 2) атқарушы; 3) сот органдары болып бөлінеді.
Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және өкілді органдары белгілі бір дәрежеде халықтық егемендікті бейнелейді. Сайлау процесімен халық сайлаған соң олар өздерін мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге халықтың өзінен мандат алған сияқты сезінеді. Әдетте, заң шығару функциясын мемлекет механизмінде негізгі орындардың бірін алып отырған парламент (кейде ол конгресс, сейм, фоль - кетинг хурал, ұлы халық жиналысы және т.б. деп аталады) жүзеге асырады. Федеративті мемлекеттерде әдетте парламент екі палата - лы, ал көптеген біртұтас мемлекеттерде бір палаталы құрылымда болады. Бірақ, - бұл қатып қалған заң емес, басқаша да болуы мүмкін. Парламент заң шығармашылығынан басқа бірқатар жалпы мемлекеттік өкілеттіктерді де (мемлекеттік бюджетті және оның орындалуы туралы есепті бекіту, үкімет пен басқа атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау, мемлекеттің бірқатар органдары мен лауазымды тұлғаларын сайлау немесе тағайындау) жүзеге асырады, және соңғысының нақты көлемі бір елдің парламентінде ауқымды болса, басқалардында -шамалы.
Қазақстанда бір палаталы Жоғарғы Кеңестен екі палаталы Парламентке ауысу жүзеге асырылды, мұнда Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттіктері бірдей емес, олар әр түрлі мәселелерде бірін бірі толықтырып, маңызды қоғамдық қатынастарды заңға сәйкес реттеуді қамтамасыз етіп отырады.
Жергілікті өкілеттік органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрады, тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымдардың өміріңде маңызды роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілср қабылданды.
Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Конституциисына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару халықтық жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабы).
Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде дайындап, іске асыру, конституция мен заңдар талабын іс жүзіне асыру міндеті жүктелген органдар жатады.
Үкімет және салалық орталық, сондай-ақ маңызды жергілікті атқарушы органдар мемлекет басшысына тікелей есеп береді және бақылауында болады, кейде оларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады, толығымен дерлік соған бағынады. Сондықтан саяси-заң ғылымында мемлекет басшысы дәстүрлі түрде атқарушы органдар қатарына жатады, елдегі атқарушы "вертикальдың" шыны болып есептеледі. Алайда соңғы кездері Қазақстанда және ТМД-ның бірқатар елдерінде президент билік бірлігін бейнелейді, билік тармағының үстінен қарайды, олардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді деген идея тарауда. Осы көзқарастардың алғашқысы (дәстүрлісің), прези - дент атқарушы билікті басқарып қана қоймайтындығын, сондай-ақ мемлекет басшысы ретінде атқарушы биліктің шегінен шығатын бірқатар функцияларды (ол елдің карулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады, Қазақстанның басқа елдердегі және халықаралық ұйымдардағы елшілері мен диполоматиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады, кешірім жасау құқығы бар және т.б.) жүзеге асырады. Екінші көзқарас президентті билікті бөлу шегінен шығарып жібереді. Бұл мәселе қосымша зерделеп, талдау жасауды қажет ететін сияқты.
Атқару органдары жүйесіндегі маңызды орынды үкімет ала - ды. Ол елді тікелей басқаруды жүзеге асыратын, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметін біріктіріп және бағыттап отыратын мемлекеттің жоғары атқарушы және жарлықшы органы болып табылады. Үкімет құзыреті экономиканың, әлеуметтік саланың мәденитетті, ғылымды, білім беруді дамытудың бюджеттің орындалуының ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырудың, тәртіпті және азаматтардың құқығын қамтамасыз етудің елдің қорганыс қабілетін нығайтудың көптеген мәселелерін қамтиды. Үкімет қаулы шығарады, ал Премьер-министр мемлекет аумағында міндетті күші бар жарлық шыға - рады. Министрліктер мен ведомстволар жекелеген салаларға немесе мемлекет өмірінің салаларына басшылық етеді және мемлекет басшысы, парламент пен үкімет алдында олардын жағдайына жауап береді. Олардың жалиы саны, бір бірімсн ара қатынасы, атқаратын міндеті мен қызметі, мәртебесі мен өкілеттігі әр елде әр түрлі. Дара басшылық бастауында әрекет ететін префектуралар коммуналар, жергілікті үкіметтер, мэриялар, қауымдастық басқармалары жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Қазақстанда жергілікті жердс әкімдер, олардың департаменттері және оларға бағынатын басқа да құрылымдар атқарушы органдар міндетін атқарады. Олар өздерінің әкімшілік-аумақтық бірлігіндегі істердің жайына жауап береді және жергілікті жердегі түйінді мәселелерді шешеді. Жергілікті атқару билігінің бағыныстылығы былай: облыс әкімі Президентке, ал төменгі тұрған әкімдер жоға - ры тұрған әкімдерге бағынады. Оларды құру тағайындау жолымен жүзеге асырылады.
Сот органдары әділ сотты қылмыстық, азаматтық, шаруашылық нысаныңда, ал көптеген елдерде - конституциялық сот өндірісі нысанында жүзеге асырады. 1995 жылдын тамыз айының соңына дейін Қазақстанда Жоғарғы сот басқаратын жалпы соттар, Жоғары төрелік сот басқаратын төрелік сот және Конституциялық сот болды. Қазір жалпы және төрелік соттар Жоғарғы сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді, ал Конституциялық сот Конституциялық Кеңеске орын берді.
Сот органдарының қызметі мемлекеттегі Конституциялық құрылысты қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүлделерін қорғауды қоғамдық қатынастар субъектілерінің арасында туған дауларды заң негізінде шешуді қамтамасыз етеді. Бұл қызметтің ерекшелігі, заңмен белгіленген процедуралар мен ережелерді сақтай отырып, айырықша процессуальды нысанда жүзеге асыру болып табылады. Жаңа заманға сай мемлекеттер конституциялары соттың заң шығарушылар мен атқару билігінен тәуелсіз екенін, әділсот функциясын жүзеге асырған кезде тек қана конституция мен заңға бағынатындығын, заң алдында барлығының тең екендігі принципін жүзеге асыратындығын, айыпкердің қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, кінәсіздік презумпциясын белгілеп берді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан басқа мемлекет механизмінің құрамына сондай-ақ армия, полиция, түрмелер, барлау, қарсы барлау және биліктің басқа да кейбір ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдары кіреді. Олар болмаса мемлекет өзінің алдында тұрған міндеттерін орындай алмайды. Мемлекеттің қандай да бір мақсатына қол жеткізу үшін мұндай билік құралдарының бар екендігі фактісі жеткілікті. Ол тиісті нәтиже бермеген жағдайда, биліктің аталған құралдары іс-әрекет жасауға мәжбүр болады.

2 Мемлекеттік аппарат мәні,функциялары

2.1Саяси жүйе түсінігі,жіктелуі,элементтері

Саяси жүйе ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің Саяси жүйе (1953), Саяси өмірді жүйелікталдау атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.АлмондтыңСалыстырмалы саяси жүйелер (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.
Саяси жүйе ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.
Талаптардың ауқымы оте кең жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, білім берудегі ассигнованиялар және т.б. Егер де талаптар көп болса, бұл тек белгілі бір шекке дейін шешуге қабілетті жүктемелердің көбейіп кетуіне байланысты жүйенің әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де талаптар көп болып, оны парламент немесе үкімет шешуге физикалық жағынан дайын болмаса жүктемелер сандық, егер де талаптар күрделі болса сапалық болуы мүмкін. Сондықтан да оларды жүйе мүмкіншіліктерімен сәйкестендіру керек. Мұның салдарының ауырлығынан құтылу жолын саясаткерлер іздестіруге тиіс. Бұл мәселені талаптарды белгілі бір шеңберде ұстап тұратын қоғамда өмір сүріп отырған құндылықтар жүйесі, мәдени нормалар, қондырмалар және т.б. атқарады.
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Кез-келген саяси жүйеде маңызды екі механизмнің болуы шарт. Біріншіден, бұл қадағалаушы механизм, осы арқылы жүйені әрекетке түсіретін талаптар мен қолдаулар белгіленеді. Екіншіден, талаптар мен қолдауларды шешімдер мен әрекетке өзгерте конверсивті (өзгертуші) механизм жұмыс істеуі керек. Д.Истон талаптардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
- жүріс-тұрысты реттеумен байланысты талаптар (қоғамдық қауіпсіздікті; нарықты; неке, денсаулық сақтау, санитарлық ахуалды жақсарту және т.б. салалардағы бақылауды қамтамасыз ету);
- коммуникация мен ақпарат сферасындагы талаптар. Қолдауға келер болсақ, оларды былай топтауга болады:
- материаддық қолдау: салық төлеу, қоғамдық бастаулардағы еңбек, әскери қызмет;
- заңдар мен директивалардың сақталынуы;
- саяси өмірге араласу: дауыс беру, саяси дискуссияларға қатысу және т.б. саяси қатысу формалары;
- ресми ақпараттарға назар аудару, оларға сену, мемлекет пен оның рәміздеріне және ресми салтанаттарға құрмет.
Саяси жүйенің негізгі элементтері:
- билік -- шешімдерге ықпалын тигізе алатын бәсекелес топтар арасында ресурстарды бөлу;
- мүдделер -- мақсаттар жиынтығы, оларды көздей отырып жекелеген тұлғалар немесе топтар саяси процестердің қатысушысы болады;
- саясат -- әдетте заңнама түрінде болатын билік пен топтардың мүдделерімен бірге олардың арасындағы өзара әрекеттердің қоғамдық нәтижесі.
Саяси жүйе экономикалық қатынастар мен құрылымдардан бастап рухани адамгершілік сферадан аяқтап қоғамның ахуалын бейнелейді. Ол арқылы әлеуметтік мүдделер анықталынады, кейіннен саясатта бекітілетін әлеуметтік басымдылықтар құрылады. Саяси жүйеде барлық, әлеуметтік өмірдің өзегі өтеді, өйткені онда жалаң түрде және тікелей көзқараспен қол жететіндей формада қайшылықтар болады, мұнда олар рұқсат алады. Осы мағынада саяси жүйе әлсуметтік өмірдің бейнесі бола отырып, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін саяси биліктік шешімдер қабылдау жолымен қоғамдық күштер мүдделерінің қақтығысы да, келісуі де өтетін сфера болып табылады. Осындай жолмен саяси жүйелер құрылымына саяси қатынастар да енеді.
Саяси жүйенің қалыпты қызмет етуі, тұрақтылығы, тұтастығы мен легитимділігі бірқатар шарттарға байланысты мүмкін болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, талаптардың ұстаусыз өсуі мен қолдаудың бәсеңдеуі жүйенің дезинтеграциясына соқтыруы мүмкін. Сол себептен де ол билік легитимділігінің құралдарына ғана емес, сонымен бірге талаптардың легитимділігіне ие болуы тиіс, олардың бір бөлігін ескірген немесе уақыты етіп кеткен ретінде саяси алаңның жиегіне шығарып тастауы, талаптардың өзін рационализациялауы керек. Құндылықтар жүйссіне, яғни оның талаптардың тиімді көлемі мен сипаттарына толықтай кепілдік бере алатынына сенім артуы, демек стихиялардың шлюзін ашуы керек, осының нәтижесінде процсстер бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Қалыпты ряси өмір талаптары мен жүйе мүмкіндіктерінің белгілі сәйкестігін қамтамасыз ете алады. Егср дс антократиялық жүйеде саяси жүйенің қоғамға үстемдігі орын алар болса, өкілдік жүйедс іс белгілі бір мағынада қарама-қарсы бағытта өрбиді.
Саяси жүйе жалпы адами адамгершілік нормалар мен талаптардың басымдығын сезінгенде ғана берік бола алады. Жалпы алғанда адамзат қоғамы шексіздікке, адам болмысының ақиқаттығына деген сенімді қажет етеді. Бұл өте жұқа материя нағыз шынайылық, онымен есептеспеуге ешқашан жол берілмейді.
Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы өр алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси-жүйелердің белгілі бір критерилері бойынша бірқатар типологиясы бар:
1) Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелерді бөліп көрсетеді. Формациялық төсіл шекарасы туралы мәселе ашық болып қалса да қарастырылып отырған типология барынша ғылыми. Әлеуметтік топтар мүдделерінің келісімі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету тәрізді саяси жүйе типі қоғамдық қатынастардың сипатымен, үстем таптың мүдделерімен анықталынады. Бірақ саяси жүйені лайықты түсіну үшін фориациялықтәсіл антикалық дәуірден бастау алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бұл әсіресе қазіргі саяси жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дөуірде формациялық принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған.
2) Мұндай тәсілдің негізін М.Вебер қалаған. Саяси жүйені типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның легатимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі және рациональды болып бөлінеді.
Вебер бойынша билікті, оның легитимділігін негіздеудің бұл дәстүрлік әдісі тек қана заңдылыққа деген сенімге ғана емес, өмір сүріп отырған тәртіп пен биліктің қасиеттілігіне де негізделінген. Өзінің мотивациясы бойынша бұл тип көп жағдайда үлкенге және отбасы иесіне ерікті бағыну дәстүрі берік және тұрақты болатын патриархалды отбасы қатынастарына ұқсас. Легитимацияның дәстүрлі әдісі феодалдық Еуропа мен Шығыс үшін тән. Вебер Батыста да құқықтық мемлекеттің тұрақтылығын нығайту үшін саяси дәстүрлермен бекіту керек деп есептейді. Сол себептен де ол демократияның тұрақтылығы үшін билікті мойындаудың көпғасырлық дәстүрімен мемлекет беделін көтеретін және азаматтардың мемлекетке ерікті бағынуын қолдайтын мұрагерлік монархтың сақталуы пайдалы болар еді деп есептейді.
Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;
5) Авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңестіру.

2.2 Мемлекеттік аппарат түсінігі,принциптері,мақсаттары

Мемлекеттік аппарат дегеніміз - бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.
Мемлекет аппаратының маңызы өте зор, себебі ол демократиялық құндылықтарға сәйкес қүрылып, қоғамға қызмет көрсетсе, мемлекеттік аппарат шын мәнінде мемлекетті басқаруына дамуына оңды ықпалын тигізері сөзсіз.
Кез келген елдің мемлекеттік аппарат өз құрылымымен ерекшеленеді. Біздің Республикамыз егеменді, құқықтық мемлекет, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, тәуелсіз деп танылғаннан бері мемлекеттік аппаратта біршама өзгерістер болды. Осы өзгерістердің енгізілуімен мемлекеттік аппарат құрылымының әр элементі дербес, тәуелсіз кең өкілеттіктерге ие болды.
Мемлекеттік аппарат - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым-қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілер тәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджеттен қаражат алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық құралдармен жабдықталады.
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын жэне тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі үйымдастырушылық, материалдық жэне экімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен қүқықтарын қорғау үшін қүрылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы Заңның екінші бабында: Мемлекеттік қызмет-азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кэсіби қызмет делінген.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару жане сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық және жергілікті органдарға бөлінеді. Ал, мемлекеттік органдар деп мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементін айтамыз. Мемлекеттік аппарат ұғымы мемлекеттік органдар түсінігінен ауқымды болып келеді. Екеуін шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бүл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі қүрылысын және құзіретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес боуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғарғы этикалық дэрежеде орындауы тиіс. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, оны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары - олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық үйымдарды қүрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені қүрады. Конституцияның 33 бабында Азаматтардың тікелей жэне өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жүмыс істеуі жөніндегі эрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жэне ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау жэне оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кэсіпшілігі, тэжірибесі және хабардардығы өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
Саяси жүйелердің негіздері ұғымы мен мәні
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
АҚШ-тағы және Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі мемлекеттеріндегі қытай диаспорасының мысалында Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым-қатынас тәжірибесін сараптау
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Пәндер