Батыс Қазақстан өңірінің ежелгі дәуір ескерткіштері



1 Маңғыстау түбегінің археологиясы
2 Батыс Қазақстанның тас ғасырының ескерткіштері
3 Каспий маңындағы неолит
Батыс Қазақстан аумағын адамның игеруі археологиялық мәліметтер бойынша сонау палеолит дәуірінде жүзеге асты. Алғашында ертедегі адамдар Маңғыстау түбегінің аудандарын игерген болуы мүмкін. Мұны осы жерден табылған өңдеу техникасы және олар жасаған материалдардың сипаты жағынан мустье дәуіріне жататындығы, кремнийден жасалған тас құралдар, тас шапқылар айқын аңғартады. Яғни бұл оқиғалар ондаған, мүмкін жүздеген мың жылдар бұрын болған. А.Г.Медоевтің бұл болжамын соңғы жылдары тек Маңғыстаудан ғана емес, сондай-ақ Батыс Қазақстанның басқа да аудандарынан археологтардың тапқандары дәлелдейді. Жекелей алсақ, палеолит ескерткіштері Мұғалжарда және Жайық өзенінің оң жағалауында Үлкен Ичка тауында зерттелді. Сонымен қатар 2005 ж. қазба кезінде О.А.Артюхова бұл ескерткіштен ең ертедегі мустье дәуіріне жататын қабатты анықтады.
Яғни, археологиялық мәліметтер негізінде Батыс Қазақстан көлемінде адамның пайда болуы ондаған, мүмкін, жүздеген мың жылдар бұрын жүзеге асқанын айтуға болады. Мамандар әзірге қоныстың екі түрін – тұрмыстық және Үлкен Ичка тауындағыдай шеберханаларды көрсетеді. Әзірге зерттелген аумақтың қоныстануы қайдан келгенін, алғашқы қоныстанушылардың дене тұрқы қандай болғанын айту қиын. Мұндай түйін жасауға негіз жоқ, өйткені, нақты мәліметтер жоқ. Егер Арал-Каспий аумағының палеолиттік мәдениетінің орны туралы айтар болсақ, Қазақстанның бұл кезеңінің ескерткіштерінің Алдыңғы Азияның, сонымен бірге Оңтүстік Азияның (Пакистан және Солтүстік-Батыс Индия) мустьерлік дәуірі ескерткіштерімен жекелеген элементтерінің ұқсастығы байқалады. Бірақ, қазіргі уақытта бұлардың белгілі бір тарихи-мәдени салаға жататынын айту ертерек.
1. Батыс Қазақстан тарихы. Екі томдық. І том. – Ақтөбе: «ПринтА». – 2006. -436 б.
2. Ажигали С. Памятники Северного Приаралья. История и культура Арало-Каспия. Сб. Ст. Вып.1. Алматы, Құс жолы, 2001. – С. 150-183.
3. Мендикулов М.М. памятники народного зодчества Западного Казахстана. Алма-Ата, 1987. – 160 с.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Батыс Қазақстан аумағын адамның игеруі археологиялық мәліметтер бойынша сонау палеолит дәуірінде жүзеге асты. Алғашында ертедегі адамдар Маңғыстау түбегінің аудандарын игерген болуы мүмкін. Мұны осы жерден табылған өңдеу техникасы және олар жасаған материалдардың сипаты жағынан мустье дәуіріне жататындығы, кремнийден жасалған тас құралдар, тас шапқылар айқын аңғартады. Яғни бұл оқиғалар ондаған, мүмкін жүздеген мың жылдар бұрын болған. А.Г.Медоевтің бұл болжамын соңғы жылдары тек Маңғыстаудан ғана емес, сондай-ақ Батыс Қазақстанның басқа да аудандарынан археологтардың тапқандары дәлелдейді. Жекелей алсақ, палеолит ескерткіштері Мұғалжарда және Жайық өзенінің оң жағалауында Үлкен Ичка тауында зерттелді. Сонымен қатар 2005 ж. қазба кезінде О.А.Артюхова бұл ескерткіштен ең ертедегі мустье дәуіріне жататын қабатты анықтады.
Яғни, археологиялық мәліметтер негізінде Батыс Қазақстан көлемінде адамның пайда болуы ондаған, мүмкін, жүздеген мың жылдар бұрын жүзеге асқанын айтуға болады. Мамандар әзірге қоныстың екі түрін - тұрмыстық және Үлкен Ичка тауындағыдай шеберханаларды көрсетеді. Әзірге зерттелген аумақтың қоныстануы қайдан келгенін, алғашқы қоныстанушылардың дене тұрқы қандай болғанын айту қиын. Мұндай түйін жасауға негіз жоқ, өйткені, нақты мәліметтер жоқ. Егер Арал-Каспий аумағының палеолиттік мәдениетінің орны туралы айтар болсақ, Қазақстанның бұл кезеңінің ескерткіштерінің Алдыңғы Азияның, сонымен бірге Оңтүстік Азияның (Пакистан және Солтүстік-Батыс Индия) мустьерлік дәуірі ескерткіштерімен жекелеген элементтерінің ұқсастығы байқалады. Бірақ, қазіргі уақытта бұлардың белгілі бір тарихи-мәдени салаға жататынын айту ертерек.
Олардың немен шұғылданғаны мен қоғамдық қатынастары туралы этнография жөніндегі мәліметтер мен бұған жапсарлас аумақтар жайындағы зерттеулерге сүйене отырып қана сөз етуге болады. Мамандардың пайымдауынша, палеолит дәуіріндегі қоныстанушылардың қызметінің негізгі түрі жабайы аңдарды аулау мен қоректенуге болатын өсімдіктерді жинаған. Мұндай түйін жасауға негіз бар. Аймақтың өзен артерияларының бойындағы сары топырақты шөгінділерінде ертедегі жануарлардың яғни, мамонттың, мүйізтұмсықтың, т.б. сүйектерінің қалдығы жиі кездеседі. Кейде бұл сүйектермен бірге палеолит дәуірінің еңбек құралдары табылады. Електің жоғары ағысындағы Шаруа қонысы осылай табылды. Айрықша атап өтерлік жәйт, палеолиттік ескерткіштер биік жерлерден, төбенің биігінен, немесе таулы жерлерден ұшырысады. Мұндай топография зерттеліп отырған дәуірдің табиғи ерекшеліктерінен туындаса керек. Өйткені, аймақтың басым бөлігін Хвалынь теңізі жайлап жатқан-ды, аумақтың басым бөлігін су құрағандықтан адамдардың қоныстану сипаты да бүкіл аумақты қамтымай, негізінен басты өзендердің бойына орналасқан еді.
Маңғыстау түбегінің археологиясы әлі күнге дейін түбегейлі нақты зерттелмеген. Дегенмен, бүгінгі таңда қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жалпы суреттеу арқылы өте ертеде мекендеген адамдардың өмір сүруі, олардың айналысқан шаруашылық түрлерін білуге болады. Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығына адамдардың қоныстану ерекшелігінің басты себебі олар мекендеген жерлерде су көздерінің болуы еді. Археологлиялық зерттеулерге сүйенсек, тұщы су көздері жақын орналасқан жерлерде немесе оның айналасында адамдар ежелден қоныстанған. Палеогидрологиялық және археологиялық деректер негізінде аймақтардың (Орта Азия өзен арасы және Солтүстік Каспий жағалауы) ландшафты климатын салыстыру нәтижесінде Маңғыстау мен Үстірт климаты мен табиғатының өзгеріске ұшырағанына 10 мың жыл болғаны геопалеологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденді. Маңғыстау өңірінің палеолит заманына зерттеу жұмыстарын 20 ғасырдың 60-жылдары геолог А.Г. Медоев жүргізді. Оның тапқан мекен-орындарынан өкінішке орай күні бүгінге дейін ғылыми тұрғыда терең зерттелмеген, тек ол адам жасаған Маңғыстау палеолиті геохронологиясы, археолог Ж.Таймағамбетовтың ғылыми-зерттеу еңбегіне негіз болып алынды. Бұл еңбегінде автор Маңғыстау өлкесінде автохтондық мәдениеттің тас индустриясы өте ертеде пайда болғанын, яғни палеолит дәуірінің үш кезеңінде де болғанын анықтап дәлелдеді.
Мезолит дәуірі (б.з.б. X-V мың ж.) кезінде-ақ Солтүстік Иранның аумағынан Шығыс Каспий маңы арқылы Оңтүстік Оралға микролиттер (әртүрлі геометриялық формадағы өткір ұштары бар майда тас пластинкалар) басым болатын мәдениеттер тарай бастаған деген болжам бар. Микролиттердің стандартты формаларымен өлшемдері бар, мұның өзі ағаштан немесе сүйектен жасалған орақ пышағына органикалық желімнің көмегімен жапсырылғандығын, соған қосымша ретінде қолданғандығын айғақтайды. Мезолит дәуіріндегі ескерткіштерден егін шаруашылығын дамытуға қатысты басқа дерек байқалмайды. Сондықтан да бұл мәдени жаңалықты әкелген аймақтың ертедегі халқы жаңа табиғи-географиялық ортаға бейімделіп, бұл құралды жаңа мақсатқа пайдалана бастады.
Батыс Қазақстанның неолиті тұтастай алғанда б.з.б. V-IV мың ж. шеңберінде белгіленеді. Батыс Қазақстанның тас ғасырының ескерткіштері қазіргі кезде әзірше нашар зерттелген. Неолит кезіндегі жекелеген заттардың тұрағы мен орналасқан жері Батыс Қазақстанның барлық аумағында ұшырасады. Бұлар Үстіртте, Ембінің орта ағысында, Солтүстік Арал маңында және әдетте өзеннің жағалауларында немесе құмды алқаптарда орналасқан. Солтүстік Арал маңының неолит ескерткіштері екі негізгі ауданда орналасқан. Біріншісіне Ор өзені мен Ырғыз өзенінің арасында орналасқан Аралтоғай, Каменный брод, Сарымұрза, Аралтөбе, Өлеті және басқа қоныстары жатады. Бұл қоныстардың тас инвентарына тән сипат шикізат ретінде кремний тастардың, кварциттің және аз мөлшерде яшма мен ақықтың пайдалануы болып табылады. Жаңқадан жасалған құралдар басым болып келеді. Коллекцияларда қырғыш жаңқалар, пышақ тәріздес пластиналар, нуклеустер, садақтың, найзаның ұштары мол мөлшерде кездеседі. Қалған еңбек құралдары өте аз ұшырасады. Бұл дәуірдің керамикасы атымен жоқ.
Тұрақтың екінші ауданы Ембі өзенінің бассейнінде орналасқан. Бұл Шұбарши, Қайыңды II және басқалары. Мұнда шикізат ретінде кремний мен тас бұйымдарын азырақ пайдаланды. Шеті өрнектелген пластиналар, қырғыштар, нуклеустар бар. Негізінен еркін суырылатын садақтар да ұшырасады.
Каспий маңындағы неолитте б.з.б V мың ж. екінші жартысы мен IV мың ж. шеңберінде белгіленетін тюлюз мәдениеті де бөле-жара көрсетіледі. Бұл мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі жайпақ түпті керамиканың болуы болса, Еуразия далаларындағы неолит ескерткіштеріне өткір түпті ыдыс-аяқ тән. Зерттеушілер Маңғыстаута қоныстану жағдайының өзіндік ерекшеліктері жағалаудағы халықтың балық шаруашылығы мен теңіз өнімдеріне бет бұруына, ал ішкі аудандағылардың аңшылық пен жиын-терінге ден қоюына жағдай жасады. Егер бұл түбектегі неолит тұрақтарына бірінен-бірі 600 шақырым қашықтықта құрағанын ескерсек, Шығыс Каспий маңы халқының маусымдық қоныстануы сол кезде меридиандық бағытпен тұяқты фаунаның (киік, жабайы жылқылар және басқалары) көші-қонысына сәйкес келді деуге негіз бар.
Маңғыстаудағы неолит дәуірі технологиясы Қызылсу-1 үлгісінде негізделеді. Оның хронологиялық уақыты б.з.б. 6 - V мың жылдықтарды қамтиды. Маңғыстау неолиті жақын жерде өмір сүрген екі археологиялық мәдениеттер - Ойықты және Тұйылыс мәдениеттері материалдарымен сипатталады. Ойықты мәдениетінде аңшылық және терімшілікпен айналысқан, олар қыштан ыдыс жасауды білген. Күнделікті тұрмыста тері өңдеуді және ағаштан, сүйектен бұйымдар жасауды кеңінен қолданған. Сонымен бірге теңіз түбі қабыршақ-бақалшақтардан әшекей бұйымдар жасауды да игерген. Ойықтылардың бір бөлігі алғашқы кезеңде белгілі анық тұрағы болмағандықтан, кезбе аңшылықпен күн кешкен деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінгі палеолит дәуірі
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан туралы
Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
Неолит дәуірі
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Ақсуат ауылдық округі
Көпжылдық тоңданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
Жаңа тас дәуірі
Адамзаттың ежелгі тарихының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама
Пәндер