Қазақстан тарихы - дәрістер


Қазақстан тарихы - дәрістер
Кiрiспе
Ежелгi Қазақстан
“Қазақ атауының мәнi және мағынасы ”
Қазақ өңiрiндегi алғашқы мемлекеттер (б. з. д. VII ғ. -б. з. V ғ. )
Қазақ жерiндегi алғашқы түрiк мемлекеттерi.
Қазақстан монғол шапқыншылығы заманында
Қазақ этносы мен қазақ хандыыныұ қалыптасып, құрылуы (XIV - XVII ғғ. )
Қазақ хандығының XVI - XVII ғғ. Саяси, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы.
XVII-XVIII ғғ. Қазақ-ресей қатынастары
XVIII-XIX ғғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерiлiстерi
XVIII - XIX ғғ. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтiк дамуы
ҚАЗАҚСТА Н
Т А Р И Х Ы
д ә р і с т е р
Қазақстан тарихы (д ә рiстер)
Оқырманға ұсынылып отырған дәрiстерде Қазақстан Республикасы тарихының күрделi де қайшылықтарға толы тұстары жан-жақты және жете баяндалады. Кiтап тараулары теориялық тұжырымдар деңгейi тұрғысынан, баяндау тәсiлi мен фактiлiк қанықтығы жағынан әралуан. Авторлардың тарихи оқиғаларға берген жеке пайымдаулары мен түйiндерi, бағалаулары, оқырмандар тарапынан сөзсiз толық қолдау таппауы да мүмкiн. Ел тарихының ғылыми ретiнде де, дүниетаным ретiнде де қалыптасу кезеңiнде мұндай ой-өріс сәйкессiздiктердiң болуы заңды да. Кiтапта ұсынылған өзiнiдiк баяндау үрдiсi ел тарихын ежелгi заманнан үшiншi мыңжылдықтың табалдырығына дейiн қамтуға мүмкiндiк бередi.
Авторлар қазақ халқы бастан кешкен бүкiл тарихты қайта жазып шығуға ұмтылмай оны зерделеу мен зерттеуде елеулi iстер тындырған, ғалымдар еңбектерiн негiзге ала отырып егемен елiмiз - Қазақстан тарихын өзiнше пайымдайды. Еңбектiң баяндау тәсiлi авторлардың оқу орындарында жинақтаған тәжiрибесiне және бұл пәннен Мемлекеттiк емтихан бағдарламасына негiзделген.
Кiтап жоғары, орта оқу орындары студенттері мен Қазақстан тарихынан дәрiс беретiн оқытушыларға, магистрант-аспиранттарға, жалпы ел тарихын танушыларға арналады.
К I Р I С П Е
Тарих әр кезеңдеде қоғамда болған, болып жатқан оқиғалар мен өзгерiстерге байланысты адам санасында сан қилы ой туғызады. Бұл ой өз елi мен жерiнiң, халқының тарихын бiлуге ынталы әрбiр адамның бойында өткендi бағалау деген құштарлық сезiмiн оятады. Тарихи сана - ұлттық сананың негiзi, iргетасы. Демек, негiзi берiк iргетассыз сапалы ұлттық сана қалыптаспайды. Ал, ұлттық санасы қалыптаспай, оны кемелiне келтiрiп жетiлдiрмей, туған жерiнiң шын мәнiндегi перзентi болу да қиын. ¤йткенi, онсыз жанының жай-жапсарын жете танып, жағдайын жан-жақты түсiне алмайсың; сезiну болғанмен, болмысына ену жоқ; түйсiнгенмен, тұшыну жоқ; дел-сал күй кешесiң. Кеңес Одағы кезiнде басты күрделi оқиғалар мен кезеңдердi тарих ғылымы тұрғысынан сипаттау қатал саяси және сыңаржақты идеология қысымында болды. Бұл қазақ және Қазақстан тарихы беттерiнде “қара” немесе тек қана “ашық” бояулармен бейнеленуге әкелiп қоғам мүшелерiнiң соның iшiнде жас буын өкiлдерiнiң сана-сезiмi мен сенiмiн дұрыс тәрбиелеп қалыптастыруға үлкен кедергi жасады.
Қазiргi уақытта тарихшылар алдында тарих ғылымының дамуына сол кезде керi әсер еткен құбылыстардың түпкi себептерiмен салдарын объективтi түрде қайта сараптау мiндетi тұр. Бүгiнгi тарихымыздың шынайы сипатын, ақиқатты жолын көрсетуде бiршама ауқымды әрi мазмұнды ұмтылыстар байқалғанымен егемендiк елдiң өзiнде тарихи оқиғалар мен тұжырымдарды қайта бағалау принциптерiнде көптеген зерттеушiлер тарапынан бiрқатар теориялық және фактологиялық қателерге жол берiлiп жатқанын аңғаруға болады. Бұл еңбектiң түпкi мақсаты - ғылыми, объективтi тұрғыдан тарихи оқиғалар мен құбылыстарды жалпы оқырман қауымға, соның iшiнде, оқушы жастарға тиянақты тiлмен сындарлы логикалық жүйеде баяндап беру.
Үш түсiнiк - тарих, тарихшылар және когам бiрiнен бiрi дербес бола алмайтын тұжырымдар мен анықтамалар. Ең алдымен пәннiң анықтамасына тоқталайық. Тарих деген не? Әр заманның ұрпағына оның қажеттiлiгi қандай? Негiзiнде тарих дегенiмiз адамзаттың өткенi туралы ғылым. Егерде тек қана осы тұрғыдан тұжырымдайтын болсақ - тарихшы осы саланы зерттейтiн санаулы ғана мамандардың архивтердегi құжаттарды ғылыми жүйеге келтiрушi тµлқа тәрiздес болып көрiнедi. Бiздiң пайымдаумызша тарих-халық, ұлт зердесi. ¤йткенi, тарихта болған оқиғаларды ешкiм түзете алмайды және өз заманының ыңғайына қарап бағыштап ешкiм де жаңадан жаза алмайды. Бүкiл қайшылықтарымен, қаhармандық және қайғылы беттерге толы тарих қандай болса, оны әрқашан нақ сондай алуан түрлi, тұтас қалпында қабылдау керек.
Сайып келгенде, тарих - адамзаттың әлеуметтiк-мәдени тәжiрибесiнiң ауқымы кең жиынтығы, ал, тарих гылымы осы тәжiрибе жиынтығын баршаға паш етушi методологиялық жүйе. Қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан тану, соның iшiнде әлеуметтiк тәжiрибенi игеру - адамның дүниемен қарым-катынасының маңызды өзектi сипаттамасы. Бұл ретте таным қоғаммен бiрге дамиды. Дүние жөнiндегi әр заманның бiлiк деңгейi уақыт өткен сайын өзгерiске түсiп отырады және ол адамды өзгертедi. Осы тұжырымдарға сүйенсек тарихқа төмендегiдей анықтама беруге болады: тарих-бұл ұдайы дамымалы құбылысындағы ұрпақтан µрпаққа ауысып, әр кезеңде жаңадан тұжырымдалатын әлеуметтік тәжiрибе.
Ұсынылып отырған дәрiстерде атажұрт тарихын өзiндiк төл тарих реттес де және Еуразия тарихының бiр бөлiгi ретiнде карастыра отырып, әлемдiк өркениеттiлiк үрдiсiндегi қазақ халқының орны мен ролiн оқушы қауымға ашып көрсетiлген. Басылымның негiзгi мақсаты - жоғары оқу орындарындағы тарих бағдарламасы мен оқулықтарға сәйкес оқырманға жаңаша ой салу, тарихи қубылыстарды объективтi, ғылыми турғыдан түсiнуге қажеттi азаматтық тиiмдi көзқарас қалыптастыру. Ұсынылып отырған дәрістер бұрын жарық көрген осы iспеттес еңбектерге салыстырмалы түрде фактологиялық мысалдармен, теориялық тµжырымдармен толықтырылған. Еңбекьегі жекелеген қағидалар, ой-толғамдар мен түйiндер маман ғалымдар, зерттеушілер мен студенттердің, жалпы оқырмандар арасында сауалдар мен пiкiрталастар, жаңа ойлар туғызары сөзсiз.
Бiрiншi дәріс
Е Ж Е Л Г I Қ А З А Қ С Т А Н
Әлемнiң барлық аймағында адамның шығуы мен дамуында, оның еңбек iздерiнде негiзгi ортақ көрiнiстер көп және олар өзара байланысты. Егерде Қазақстан тарихының ашылған немесе ашылмаған беттерi көп бе деген ойға келсек ешқандай күмәнсiз ғылым-бiлiм игермеген мәселелер үлесi әлi де басым. Елiмiздегi тiршiлiк туралы түсiнiктер адам еңбегiнiң қалдықтары - тас құралдарды, оларды дайындаған кездегi қалдықтар, тамақ қалдықтары - жануарлардың сүйектерi сақталып, үңгiрлердi, үңгiме қуыстарды зерттеуге негiзделедi. Әлемдегi халықтардың ежелгi ұлт ерекшелiгi этнографиялық әртүрлi деректерде маңызды орын алады. Мұндай мәлiмет-деректер адамзаттың даму процессiн тең шеңберде және мазмұнды түсiнуге мүмкiндiк бередi. Тарих ғылымындағы адамдардың алғашқы қауымдастығы жөнiндегi негiзгi дәлел-дерек - тастан жасалған еңбек құралдарының қалдығы.
Аталған тұжырым қоршаған айналаны ғасырлар бойы зерттеу нәтижесiнде қабылданған. Казiргi кезде тарих ғылымында адам қоғамы дамуының кезектiгiне үш түрлi көзқарас бар: формациялық, өркениеттiлiк және модернистiк (жаңашылдык) . Ежелгi адам өз дамуында кезекпен келетiн бiрнеше жүз жылдап саналатын кезеңдердi басынан өткiздi - тас, қола және темiр дәуiрлерi. Ал тас ғасыры палеолит, мезолит, неолит кезеңдерiне бөлiнедi. Палеолиттiң ерекшелiгi Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуiрдегi мәдениеттерiнiң едәуiр ұқсастығы болып табылады.
Ежелгi тас ғасыры дәуiрi - адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы кезеңi. Палеолит дәуiрiндегi адамдардың қауымдастығы жабайы өсiмдiктердi жинап, жануарларды аулаған, олар күрделi де ұзақ даму жолынан өттi. Бұл әлеуметтiк құрылым ғылымда алғашқы тобыр деп аталады, ол бейнесiздiгiмен, қоғамдық қатынастардың жетiлмегендiгiмен, тіпті неке байланыстарының да реттелмегендiгiмен ерекшеленедi.
Келесi дәуiр - мезолит дәуiрi, ал одан кейiн неолит пен энеолит көшпелi және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетiнiң қалыптасу және даму уақыты болып сипатталады. Ал, қарастырылып отырған дәуiр бiзден қаншалықты қашық болғанымен, бiз алғашқы қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгi мәдениетi шектес аймақтардың мәдениеттерiмен өзара әсер ету арқылы тығыз байланыста дамыды деген ғылыми тұжырым жасаймыз.
Алғашқы адамдардың пайда болуы . Ғылымдағы тұжырымдар бойынша 3, 5 млн. жыл бұрын әлемдегi ауа райының күрт өзгерiсi айналаны қоршаған табиғаттың күрделенуiне әкелiп соқтырды. Бұл құбылыс тiрi жануарларды табиғат құбылысына икемденуге мәжбүр еттi. Табиғатта болып жатқан жағдайларға тез арада маймылдар икемделген, яғни дриопитектер . Мезгiл өткен сайын олар екi аяқпен қозғалу, күнделiктi өмiрiне қажеттi iстер атқару, түрлi еңбек құралдарын дайындау қол-күшiнен көрi ой-өрiсiнiң жұмысын жетiлдiрiп бiрте-бiрте жеделдеткен. Эволюция тарихында жануарлардың тағдырында кол күшiнен көрi ойлау қабiлетi тұңғыш болып басым түседi. Бұндай жануарларды ғылым екi түрге бөледi: австралопитек және адам.
Австралопитек ( үш-төрт түрлi оңтүстiк маймылы) бұдан төрт миллион жыл бұрын Африка өңiрiнде дүниеге келген. Солардан бұдан екi миллион жыл бұрын шамасында адамның алғашкы калпы - Хомо (адам) пайда болады. Одан кейiн шамамен 2-1, 5 млн. жылдар шамасында Хомо-Хомо хабилис, яғни қабiлеттi адам қалыптасады. ¤зiнен бұрынғы туысынан көрi ол ширақталған ой қабiлетiмен және сөйлеу қабiлетiмен ерекшеленедi. Адамның бұл түрi еңбек құралын, қорғаныс құрылыстарын салуды игередi, аң аулау тәсiлiне машықтанады.
Адам дамуының келесi кезеңi (1, 6 млн. - 200 мың жыл бұрын) тiке жүретiн homo erektus түрiнiң қалыптасуына тұстас келедi. Ғылыми болжамдар бойынша олар Африкада қалыптасып кейiн топ-топ болып Еуропа, Шығыс Азия ( синантроп ), Оңтүстiк-Шығыс Азия ( явантроп ) оңiрiне тараған. Адамның бұл түрлерi архантроп немесе ежелгi адамдар тобын құрады, олардың еңбек және қорғаныс құралдары сүйек, ағаш, тастан жасаған. Адам тарихында тас дәуiрi еқ µзає кезең - бiздiң дәуiрге дейiн 2, 5 млн. - 5 мың. жылға созылып палеолит және неолит болып аталады. Палоелиттiң өзi екi кезеңге бөлiнедi: төменгi ( 2 млн. - 40 мың. жыл бұрын) және жоғарғы (40-12 мың. жыл бұрын) . Тас дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде адам өмiрiне темiр құралдары келедi, ол уақытқа ғылымда энеолит атауы берiлген.
Ғылымда бiршама мерзiм тас дәуiрiнде бiздiң өңiрде адамдар болмаған деген тұжырым орын алды. Соңғы кездегi археологиялық iзденiстердiң нәтижесiнде Оңтүстiк Қазақстандағы Тәңірказған, Бөрiқазған, Ақкөльде ежелгi адамдардың тұрғын орындарының табылуы бµл пiкiрдi өзгерттi. Бүгiнгi таңда Қазақстанда палеолит мәдениетiнiң ескерткiштерiнiң екi өңiрi белгiлi - Оңтүстiк Қазақстан және Сары - Арқа.
Ғылым шамамен осыдан 300 мың жыл бұрын homo erektus кәдiмгi адам қалпына жақындады деп есептейдi, ал, homo sapiens ( неандерталенсис) немесе неандерталь адамы бұдан 200 мың жыл кейiн салып қалыптасқан. Зерттеушiлер оларды палеантроп - көне адамдар деп атайды. Бүгiнгi адамдарға типтес homo sapiens Еуразия өңiрiнде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған. Жалпы, әлем ғылымында кәзiргi адамның қалыптасу орны туралы түрлi пiкiрталасқа жол ашқан тұжырымдар бар. Ол тұжырымдардың басым көпшiлiгi алғашқы адамдар Африкада қалыптасып, кейiн әлемге түрлi жолдармен тараған деп есептейдi.
Бұл құбылысқа қоршаган айнала, көшiп-қону және адамдардың басқа “топ-тайпаларымен” араласпай өмiр сүруi өзiнiң әсерiн тигiздi. Неандертальдықтар өздерiнiң дамуында салыстырмалы түрде айтарлықтай жоғары сатыларға көтерiлдi. Олар отты, киiм тiгудi, аң шикiзаттарын өңдеудi игердi. Әсiресе, палеолиттiң соңғы (жоғарғы) кезеңiнде адамдардың қол өнерi жетiле түседi. Ендi, адам пышақ, ара, тескiш, балға, кескiш, балық аулайтын т. б. тiршiлiкке қажет құрал-саймандарды жасауды үйренедi. Осы кезде адамдар Қазақстан өңiрiн түгелдей мекендейдi, елiмiздiң Шығысы және Оңтүстiк Сiбiр мен Алтайда ежелгi қоғам мәдениетiнiң үшiншi орталығы пайда болады. Сөйтiп, Қазақстанда бұрын ашылған ежелгi адамдар ескерткiштерiне қоса Орталықта - Қарабас-3, Батпақ-7, Ангренсор-2; Шығыста - Новоникольское; Оңтүстiкте - Ащысай, Усықтас, Соркөл сияқты жаңа тарихи орындар ашылды.
Палеолиттiң орта және жаңа кезеңдерi ғылымда мезолит ( б. з. . д. 12 мың жыл ), неолит (б. з. д. 5 - 3 мың жыл ) деп аталады. Аталған әр кезеңiнiң өзiне тән эволюциялық ерекшелiгi бар. Мезолит тұсында адам садақ пен жебе және тасты оңдеудiң технологиясын ашты. Неолит кезеңiнде тас өңдеу индустриясымен қатар адамдар мал өсiру және жер оңдеуге де бейiмделедi.
Қазакстанда неолит мәдениетiнiң бiрнеше орталықтары табылған. Мысалы, елiмiздiң оңтүстiгiнде ( Қараүңгiр-Қаратау) Орта Азия өңiрiнде дамыған кельтиминар мәдениетiнiң ошақтары сақталған (саздан жасалған өрнек бояулы ыдыстар табылған) . Солтүстiк Қазақстанда неолит кезеңiнiң екi орны (Атбасар және Маханджар) бар. Атбасар мәдениетiнiң өкiлдерi Есiл өзенiнiң далалық және қырлы өңiрлерiн жайлап (Виноградовка-2, Тельман) аң аулаушылықпен күн көрген. Маханджар мәдениетiнiң ошақтары Торғай, Тобыл өзендерiнiң далалығында - Маханджар, Дүзбай, Ақтау деген мекендерде орналасқан. Батыс Қазаєстанда неолиттi ойық және тюлуз мәдениеттерi сипаттайды. Маңғыстаудан табылған неолит кезеңiнiң ескерткiштерi, аталған мәдениеттiң өкiлдерi (б. з. д. VI-V мың. ж. ) аң аулау, өсiмдiктер дақылын жинау арқылы күн көрiп, саздан ыдыс құю және жiп иiру кәсiбiн игерген.
Бiздiң заманға дейiнгi III - II мың жылдықта (энеолит кезеңi) ауа райының ылғалды және салқын жағдайында Қазақстан тұрғындары өндiрiстi шаруашылықтың түрi - мал өсiрудi жаппай игередi. Бұл мәдениеттiң (Ботай мәдениетi) Солтүстiк Қазақстанда бiрнеше ескерткiштерi табылған: Ботай, Красный Яр, Бестамақ, Соленое озеро т. б. Мұнда алғашқы кезеңдерден көрi ауқымды өзгерiстер мен ерекшелiктер байқалады, яғни адамдар iрi елдi мекендерге орналасады, жылқыны көлiк ретiнде пайдаланады, аң, балық аулайды. Ботай мәдениетi өзiнiң мазмұнымен сµртанды (Оңтүстiк Орал), хвалынь (Едiл жағалауы), афанасьев (Алтай), усть-нарым (Шығыс Қазақстан) мәдениеттерiмен тәрiздес. Бұның өзi Еуразия даласындағы тайпалардың тарихындағы этностың және мәдени бiртұтастықты сипаттайды.
Қола дәуiрi. Неолит дәуiрiнде-ақ байқалған мәдени-шаруашылық өзгерiстерi б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егiншiлiк экономикасы мен металл оңдеу кәсiбiнiң қалыптасуына жетеледi. Бұл эволюциялық жаңалық Қазақстан өңiрiндегi бүкiл әлеуметтiк-экономикалық жағдайды түбiрiнен өзгерттi. Қоныстарын жиi ауыстырып отыра, жiгерлi, пысық малшы тайпалары тұңғыш бiрлестiктер құра бастады; бұлардың қалыптасуында өзара бiр-бiрiмен қақтығыстар елеулi орын алды. Қару ендi жабайы хайуандарды аулау үшiн ғана емес, сонымен қатар, тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиi пайдаланалатын деңгейге жетiледi. Сөйтiп, қару жасау бiрте-бiрте металл өңдеудiң дербес саласына айналды.
Б. з. д. II мыңжылдықтың ортасында Қазаєстан өңiрiндегi адамдар қола металды игередi. Қоладан еңбек құралдары мен қару жасау өнерi кеңiнен дамиды. Жер қойнауындағы полиметалдардың, соның iшiнде қалайы-мыс қорының барынша молдығы өңiрiмiзде қола дәуiрiнiң көрнектi iз қалдыруының бiр факторы болды. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық-некелiк қатынастарында елеулi өзгерiстер пайда бола бастады. Қола дәуiрiндегi экономиканың басты-басты бағыттары - мал шарушылығы мен металды жедел қарқынмен игеру өндiргiш күштердiң өсуiне, қоғамдық еңбектiң мамандандырылуына, сөйтiп, қоғамдық өмiрдегi аумақты өзгерiстерге алып келдi. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi күшейдi. Бiрiншi ескерткiштiң табылған жерi / Ресейдің Краснояр өлкесі Ачинск маңындағы/ Андронов елдi мекенiнiң атына орай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде “Андронов мәдениетi” деп аталды. Бµл кезеңде андронов тұрпатты ескерткiштер қалдырған далалық малшы-егiншiлердiң мәдени ортақтығы айқын сипатталады. Барлық жергiлiктi мұралық ерекшелiктерге қарамастан, қазақ даласына кең тараған бұл тайпалар неолит дәуiрiндегi өзгерiстердi айқын мәдени бiркелкiлiкпен ауыстырған. Ғылыми тұжырымдар бұл мәдениет өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi отырықшылықпен шуғылданғанын көрсетедi. Қоныс - мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердiң жанына орналасты. Патриархаттық /отбасында әке-ата үстемдігі/ отбасылардың үйлерi үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлi шаруашылық жайлар мен мал тұратын қашарлар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсiбi едәуiр басым малшылық-егiншiлiк шаруашылығының кешендi сипаты тән болды.
Аталған мәдениетке ерекше тән сипат - металдан жасалған еңбек құралдары, қарулар және сәндiк заттар: ұңғысы бар, дүмi шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердiң өзгеше ұштары, бiлезiктер, айналар, моншақтар және әр түрлi iлмешектердiң кең тарауы болды. Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдени-этнографиялық ең басты белгiлерi жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегi бар балшық ыдыстардың өзiнше бiр жиынтығы, металл бµйымдардың түрлерi болып табылады. ¤ндiрiс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерiнiң әдемiлiгi мәдениеттiң де деңгейi жоғары болғанын көрсетедi. Тараған пiкiрлердiң бiреуi бойынша андроновтықтар финн-угор этникалық тобына жатқан. 1
Үндi-иран ежелгi жазбаша ескерткiштерiн - Авестаны, Ригведаны, Атхарваведаны және топонимика мен ономастиканың басқа да деректерiн, археологиялық материалдар комплекстi талдау негiзiнде тарих және филология ғылымында андронов тайпаларының үндi-иран немесе арий тектi екендiгi туралы тұжырым бар. 2 Андронов мәдениетiнiң алғашқы ескерткiштерiн 1914 жылы А. Я. Тугаринов ашты. Одан кейiнгi жылдарда бiр топ ғалымдар андронов мәдениетiнiң тарихи құбылыс ретiнде ғылыми байламдар жасап қола дәуiрiнiң кезеңдерiн саралап бердi (алдыңғы, орта, соңғы) . Кейiн, Орал сыртының андронов мәдениетiне хронологиялық топтама жасалып, әр қайсысына ат берiлдi: федоров кезеңi - б. з. б. XVIII - XVI ғасырлар ; алакөл кезеңi - б. з. б. XV-XII ғасырлар; замараев кезеңi - б. з. б. XII- VII ғасырлар. 3 Проблеманы зерттеп ғылыми арнамен сипаттауда Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесi зор. 4
Андронов мәдениетiн кезеңдерге бөлуге байланысты бұл болжамдарды жақтаушылардың принциптi пiкiр айырмашылығы бұл мәдениеттiң федоров кезеңi мен алакөл кезеңiнiң хронологиялық шеңберлерiн бағалау жөнiнде болып отыр. Ғылымда кең тараған көзєарас мынадай: бұл кезеңдер бiрiнен соң бiрi келiп отырды, соның өзiнде неғұрлым ертеректегi кезең ретiндегi федоров кезеңiнен кейiн алакөл кезеңi келедi, ал осы алакөл кезеңiнде андроновтық тайпалардың экономикасы мен мәдениетi дамудың шырқау шегiне жеттi. Екiншi көзқарас бойынша, федоров пен алакөл уақытындағы ескерткiштер бiр уақытта болған, бiрақ, өлке тұрғындары әр түрлi топтардан құрал¬ан, солардан қалған неолит кезеңiнде басталған жабайы жануарларды қолға үйрету қола дәуiрiнде жетiлiп адам қоғамының даму сатысының құрамдас бөлiгiне айналды. Қазақстанның солтүстiк Арал оңiрiндегi, батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттiк тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерiмен қатар, қолға үйретiлген төрт түлiк малдың да сүйектерi табылған. Қола дәуiрi шаруашылық нысаны ретiндегi мал шарушылығының үздiксiз дамыған уақыты болды, үйретiлген жануарлардың саны және құрамы көбейдi. Мал бағу үй маңынан бiрте-бiрте жайлауда күтуге ұласып адамдардың өмiр-салты көшпендi сипат алады.
Табын құрамында ұсақ малдың (қой-ешкiнiң) және жылқының үлес-салмағы артады. Ежелгi замандағы мал шаруашылығы экстенсивтi шаруашылық болды. Қола дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсiру шаруашылықтың келелi саласына айналып және көшпелiкке негiзделген сипат алады. Алайда, бұл құбылыс Қазақстанның барлық өңiрiне тән емес. Мәселен, қола дәуiрiндегi Шығыс Қазақстанда көшiп-қонудан көрi отырықшылық басым болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz