Мемлекеттік басқару теориясына түсінік берумен қатар басқарудың обьектілері мен субектілеріне тоқталу


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе… . . . 3

1. Мемлекеттік басқарудың теориялық қалыптасу негіздері

1. 1. Мемлекеттік басқару обьектілері мен субьектілерінің жүйесі . . . 5

1. 2. Мемлекеттік басқару жүйесінің әдістемелік негіздері . . . 9

1. 3. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері . . . 12

2. Мемлекеттік басқару жүйесі мен оның негізгі элементтері

2. 1. Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі ерекшеліктері . . . 16

2. 2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі элементтерді жетілдіру механизмі . . . 24

3. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру перспективалары

3. 1. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тетіктері . . . 29

3. 2. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары . . . 32

Қорытынды . . . 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 35


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс-әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-заңдық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.

Сондай-ақ мемлекеттік басқару мемлекеттің тұтас қоғамға жалпы ықпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым. Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы - саяси-құқықтық және әлеуметтік ғылым.

Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны - қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың зандылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.

Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар) ; мемлекеттік билік ( саяси, әкімшілік, экономикалық және т. б. ) ; басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу) ; басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық) ;

- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару зандылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;

- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезендерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;

- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;

- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру жэне орталықсыздандыру және басқару;

- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық-әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.

Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани-идеологиялық басқару.

Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару.

Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік басқару теориясына түсінік берумен қатар басқарудың обьектілері мен субектілеріне тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- берілген тақырыпқа теориялық шолу;

- мемлекекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерін көрсету;

-Қазақстандағы мемлекеттік басқаруға сипаттама;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Мемлекеттік басқарудың теориялық қалыптасу негіздері

1. 1. Мемлекеттік басқару обьектілері мен субьектілерінің жүйесі

Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет үғымына әр түрлі анықтама беруге болады) : субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.

Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды тандаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.

Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.

Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға катысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек үжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.

Мемлекеттік басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік басқару субъектілері: 1) мемлекеттік билік түрі бойынша, 2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне карай, 3) қызмет саласына қарай, 4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына қарай бөлінеді.

Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың зандарды әзірлеуі мен қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелерінің арасындағы, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Зандардың әрекетгілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы :Үкімет зандарды орындауға, сонымен қатар накты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдарымен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.

Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.

Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты анықталады.

Қызмет саласына қарай - экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени өмірді, әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш деңгей субъектілері.

Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып бөлінеді.

Құрамына қарай: ұ жымдық (мысалы, заң шығарушы билік органы) және жеке (басқарушы түлғалар) субъектілер болып бөлінеді.

Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен сипатталады: а) заңмен реттеледі, ресми рұқсат етілген әдістермен жүзеге асады; ә) атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі қызмет түріне құқығы бар; б) субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай да бір күштердің әсерінен тәуелсіз.

Формальды ережелерден тыс ірі қаржы-өнеркәсіптік капиталдың, әскери-өнеркәсіп кешенінің, саяси элитаның мүдделерін білдіретін лоббистік топтар (заң шығарушы институттардың жанында) жұмыс істейді. Мысалы, АКШ-да конституциялық билік пен басқару органдарынан басқа үш негізгі конституциялық емес: саяси, экономикалық және әскери билік институттары бар. Осы институттардың жетекшілері мемлекеттік билік жүйесінде әміршілдік-стратегиялық қызмет атқарады. Сонымен бірге теледидар мен радионың, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өткен жөн.

Лауазымды қызмет субъектісі- мемлекеттік қызметтің лауазымды тұлғалары, саяси жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және орындауға жауапты. Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде бөлу ел Конституциясында көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан мемлекеттік басқарудың біріңғай субъектілеріне кіреді, ал екінші жағынан оның функциясы айрықша болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді. Онда билік жүргізу мен басқару өкілеттігі ұштастырылған - мемлекеттік орган өкілеттігі мен жеке кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық орган қызметінің нәтижесіне жеке басының жауапкершілігі.

Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауазымды қызмет субъектілерінің сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік аппарат қызметтерін халық жиындары қалай қабылдап жатқанын үнемі бақылап отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен үміттері басқарушылардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез қелген лауазымды тұлғаның бір-жағынан, мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы талаптарды ұштастыра отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе бермейтін жағдай.

Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге болады :дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу; ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік қасиеттер болып табылады. Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие. Субъектілердің басқару ісіндегі қызметтері ұтымды болуы үшін ол құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, заңмен белгіленген нормаларға сәйкес болуы керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне талап қоя білуін - заңға жаңа көзқарас қалыптастыруын білдіреді. Мемлекеттік басқарудың ғылыми негізделуі мемлекеттік қызметкерлердің оның теориясы мен практикасын білуі мен өз білімдерін қызмет барысында колдана алуына байланысты. Эмпирикалық тәжірибе мен қисынды ой басқарудың тек дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұтымды басқаруға негіз бола алмайды. Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп басқарушыларға тек биліктің күшімен емес, өзінің беделімен, белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін үжымдық және жеке жетекшіні айтамыз. Егер басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттары мен бағдарламалары басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп айту қиын. Жоғарыда аталған мемлекеттік басқару субъектілеріне тән қасиеттердің қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға байланысты. Осыған орай М. Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге ынталандыратын материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда, басқарушылардың қызмет аткаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен шектелмейді. Оған жеке муддемен қоғамдық мүдделердің қабысуы, халықтың белсенділік танытуының көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.

Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін проблема. Объектінің шегін анықтау- пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің басқарушылық ықпалы бүкіл қоғамға тарай ма, оның белгілі бір шегі бар ма? деген сұрақ туындайды. Классикалық либерализм ұстанымы бойынша мемлекеттік басқару объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани сферадан, азаматтардың мемлекеттік емес бірлестіктерінен бөліп қарайды. Либералдар демократияның дамуына қарай қоғамның мемлекеттік емес сферасы кеңейеді және мемлекеттің адамдардың іс-әрекеттеріне тікелей әсер ету кеңістігі азаяды деп санайды.

Сонымен классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік басқару объектісі қоғамдық өмірдің саяси-құқықтық сферасымен шектеледі.

Мемлекеттің басқару объектісін түсінудің басқа жолы- этатизм тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама бойынша мемлекеттік баскару барлық коғамға таралады деп қарастырылады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні - қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси және әкімшілік қызметтің қоғам өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы мәселелерінің жасанды түрде алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам арасында ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді.

Кейбір теоретиктердің пайымдауынша әміршілдік-әкімшілік жүйеде мемлекет халықтан талап етті, бақылады, концлагерлер мен абақтыларға отырғызды, тыйым салды және тағы басқа да қалың көпшілікке қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасады. Тоталитарлық жүйеде мемлекет әрқашанда қоғамнан басым болды, ал қоғам өз кезегінде мемлекетке мүлтіксіз бағынды. Осының нәтижесінде халық мемлекетті адамдардан оқшау тұратын және тәуелсіз болатын билік жүргізу машинасы деп түсінді.

Қазіргі заманғы саяси ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәдени функцияларына мемлекеттің реттеушілік және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде нарық зандары толық және тиімді қолданылатындай мемлекет араласуының оңтайлы шегін анықтауды білдіреді. [1. 25]

1. 2. Мемлекеттік басқару жүйесінің әдістемелік негіздері

Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жон. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-философиялық, саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың жәе оларды негіздейтін теориялардың жиынтығы. Әдістеме бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс-тәсілдермен бірге іс жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.

Қазіргі саяси ғылымда нақты саяси жағдайды талдаудың әр түрлі әдістемелік тұжырымдамалары бар. Мемлекеттік басқарудың отандық әдебиеттерінде де тұжырымдамалардың әр алуандығы орын алады. Олардың ішінен жалпыфилософиялық диалектикалық-материалистік әдістемені, талдаудың жүйелік және құрылымдық-функционалдық, кибернетикалық әдістері сиякты саяси-әлеуметтік түрлерін атап өтуге болады. Аталмыш әдістемелер дүниетанымдық негіздерінің сәйкес келмеуіне қарамастан нақты дүниені әр қырынан және әр алуан ғылыми-танымдық көзқарастар тұрғысынан болса да біршама объективті бейнелеуге бағытталған. Саяси-әлеуметтік өмірді объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылыс жасау берілген әдістемелік тұжырымдамаларды өзара байланыста, кешенді түрде қарастыруға мүкіндік береді.

Мемлекеттік басқару теориясында диалектикалық-материалистік әдістеменің қолданылуы мемлекеттің қызметін зерттеу барысында ең болмағанда үш негізгі талаптардың орындалуын: Біріншіден м емлекетті әлеуметтік жүйе ретінде және оның басқарушылық қызметін әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде қарастыруды; екіншіден, мемлекеттік басқаруды объективті саналы (тиімді) қызмет ретінде, яғни саяси-әлеуметтік ө мірдің ә р түрлі нысандарында, ұйымдық-басқарушылық құрылымдарда, саяси-құқықтық актілерде, орталық мемлекеттік билік пен партиялар, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа мекемелер арасындағы нақты басқарушылық қатынастарда жузеге асатын қызмет ретінде түсінуді; үшіншіден, мемлекеттік басқаруға нақты-тарихи тұрғыдан теориялық талдау жасауды білдіреді. Бұл даму идеясын және мемлекеттік басқарудың нақты-тарихи ерекшелігін білдіреді.

Нақты-тарихи, материалистік көзқарастар қоғамда таптық мүдделер тобы орын алып және олар басқарушылық шешімдер қабылдауға өздерінің ықпалын тигізген жағдайда ғана таптық тұрғыдан талдауды ұсынады. Мемлекеттік саясатты талдау мен мемлекеттік басқару стратегиясын әзірлеуде таптық көзқарасты жоққа шығару асығыстық. Қоғамның әлеуметтік- таптық жіктерінің артуы жағдайында оны таптық тұрғыдан қарастырмау объективтіліктен алшақтағандық болар еді. Осы жағдайда әлеуметтік-саяси талдаудағы кез келген таптық көзқарас субъективизмді білдіретінін ескерген жөн. Алайда ол таптық мәселеге баса мән бермейтін әдістемемен жоққа шығарылуы мүмкін. Аталған жалпы философиялық диалектикалық-матеиралистік әдістеме жүйелік талдау әдістемесімен нақтыланады. Қоғамдық процестерді зерттеудің осы жүйелік әдісін К. Маркс өзінің белгілі «Капитал» еңбегінде алғаш рет қолданған болатын. Бұл әдістеме қазіргі әлеуметтік - саяси ғылымдарда Т. Парсон (АҚШ, 1951ж. ) және Д. Истонның еңбектерінде теориялық негізін тапты. Д. Истонның жүйелік үлгісі «жалпы жүйелік теориясының саяси талдауда қолданылуын» білдіреді. Саяси ғылымға «саяси жүйе», «тұрақтылық», «тепе-тендік», «функция», «кері байланыс» және т. б. тәрізді жүйелер теориясының негізгі түсініктері енгізілді. Мемлекеттік басқару теориясындағы жүйелік әдіс - бұл мемлекеттік басқаруда біртұтастықты құрайтын іштей өзара байланыс сипатының орын алуына негізделген талдау.

Құрылымдық-функционалдьіқ әдіс те мемлекеттік басқаруды жүйе ретінде зерттейді. Құрылымдық-функционалдық әдіс жүйенің өмір сүруі мен кызмет етуіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.

Қазіргі кездегі басқару теориясында құрылымдық-функционалдық талдау Н. Мысиннің айтуынша екі аспектіден тұрады. Құрылымдык аспект:а) осы жүйені құрайтын компонеттерді анықтау; э) осы компонетгердің занды байланыстарын анықтау. Функционалдық аспект - жүйе элементтері қызметінің ішкі механизмін сонымен бірге жүйенің сыртқы қызметін - жүйенің сыртқы ортамен арақатынасы зерттеу.

Әрбір қоғамдық жүйені сыртқы ортаның әсерін қабылдап, оған қарсы жауап кайтаратын кибернетикалық модель ретінде қарастыруға болады. Айталық, саяси жүйеге қоғам мүшелерінің қоятын талаптары және белгілі бір қоғамдық күштердің қолдау көрсетуі - сыртқы ортадан туындаса, шешім қабылдау және іс-әрекет жасау - қойылған талап пен қолдау көрсетуге жауап қайтару болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі жайлы
Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту
Аудиттің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz