Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау



Кіріспе ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттың теориялық түсінігі
1.1 Ақпарат түсінігі мен оның қолданылуы ... .5
1.2 Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынының ұйымдастырылуы ... ... ... ..8
1.3 Ақпаратты қолданудың тиімділігі мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпарат ағынын ұйымдастыру механизмі
2.1 Ақпараттар ағынын ұйымдастыру ... ... ...16
2.2 Қазақстандағы ақпарат нарығын талдау..
2.3 Мемлекеттік асқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру тәртібі ... .24
3. Мемлекеттік басқарудағы ақпараттарды жетілдіру перспективасы
3.1 Мемлекеттің басқару жүйесіндегі ақпараттарды дамыту мен мемлекеттік қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен экономикалық жетістіктер ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының қазiргi жағдайын дәлме-дәл анықталған дәрежеде олигополия деп атауға болады, бұл берiлген салада өндiрушiлердiң азғантай санымен сипатталады. Бұндай жағдайда өндiрiс нарығында бәсекелес-фирма әрекетiн болжауға, талдауға талпынуы мүмкiн; басқа өндiрушiлердiң бағытын және жағдайын ескермей бiр-бiрiмен келiсiмге келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай күйi Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының әлi жас және даму үшiн келешегiнiң мол екенiн көрсетедi.
Бүгiнде барлық орталық ақпараттандыру саласында және адамзаттың қызмет саласында ғылым мен техниканың қазiргi жетiстiктерiнсiз, телекоммуникацияның қазiргi құралдарынсыз және жаңа ақпараттық технологиясыз қоғамның дамуы мүмкiн емес.
Кеңес үкiметi жылдарындағы ақпараттандыруда тек қана КСРО (соның iшiнде Қазақстанда да) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн салалар мен орталықтарға, ең алдымен қорғаныс және космос салаларына берiлдi. Халық шаруашылығының қалған салалары әлемдiк үлгiден ерекшеленетiн отандық өндiрiстiк телекоммуникация және байланыстың дәстүрлi құралдарымен жабдықталды. Көп нәрседен артта қалушылық Батыс пен Шығыс арасындағы "темiр жолқыш" әрекетiнiң әсерiнен болды.
Сондай-ақ, қоғамда орталықтанған саяси басқарудың қатал жағдайы және халық шаруашылығын экономикалық басқару басылып қалған ақпарат ағымының одан әрi жоғалуына, ақпараттық инфрақұрылымының орталықта "тұйықталып қалуына" әкелдi.
Одақ ыдырағаннан кейiн пайда болған жаңа тәуелсiз мемлекеттер кадр, технология, қаржы мәселелерiне қатысты өзiндiк ақпарат кеңiстiгiн құруда өткiр мұқтаждықтармен кездестi.
1. ҚР Президентiнiң 1997 жылғы 9 желтоқсандағы №3787 "Қазақстан Республикасындағы бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру" Жарлығы.
2. Иноземцев В.Л. Современное постиндустриальное общество: природа, противоречия, перспективы.-М.Логос, 2000.-С.20-22.
3. Ш.Гольдфингер, Стюарт Т. Интеллектуальный капитал. Новый источник богатсва организаций//Новая постиндустриальная волна на Западе: Антология/Под ред.В.Л.Иноземцева. - М.:Academia, 1999
4. Иноземцев В.Л. Современное постиндустриальное общество:природа, противоречия, перспективы.-М.:Логос, 2000.-С.57.
5. Кастельс М. Информационная эпоха: экономика, общество и культура/Под ред.О.И.Шкаратана.-М.:ГУ-ВШЭ, 2000.-С.330.
6. Сарыпбеков Ж.С. Информационная инфраструктура управления экономикой Казахстана/Сб.Модернизация: мировйо опыт и современный Казахстан.-Алматы, 1995.
7. Аренов М.М. Информатизация органов государственной алвсти: состояние и проблемы//Саясат. 1997. № 10.-С.29-33.
8. Шире внедрять новые информационно-коммуникационные технологии в экономику и управление (материалы круглого стола)//Проблемы теории и практики управления.-1997.-№12.-С.21-30.
9. Дятлов С.А. О теории информационной экономики//Общетсво и экономика.-1995, №3.-С.29-39.
10. Садыков Т.У. Основы теории информационной экономики (научная монография).-Алматы: Гылым, 1998. Садыков Т.У. Иной и основы теории информационной экономики//Вестник КазГУ. Серия экономическая.-Алматы, 1998.-№ 10.-С.44-49.
11. Егемен Қазақстан № 94-95. 17.04.09 ж. “Ел дамуының белгісі – электронды үкімет”.
12. Егемен Қазақстан 21.02.10 ж. “ Электронды үкімет” бүгінгі күннің қажеттілігі”.
13. Казахстанская правда. 25.11.10 г. “Современное управление: диалектика количества и качества.
14. Ішкі саясат. Саясат – Policy № 6. 2009. “Демократические принципы, кадры и эффективность управления”.
15. Саясат // Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпараттар ағынын ұйымдастыру / № 7 2011
16. Қоғам және Дәуір // Мемлекеттік басқарудағы ақпараттарды тиімді қолдану / №5 2012
17. Дала мен қала // Қоғамды ақпараттандырудың экономикалық тетіктері / №7 2012

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттың теориялық түсінігі
1.1 Ақпарат түсінігі мен оның
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынының
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Ақпаратты қолданудың тиімділігі мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... .12
2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпарат ағынын ұйымдастыру механизмі
2.1 Ақпараттар ағынын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Қазақстандағы ақпарат нарығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..20
2.3 Мемлекеттік асқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3. Мемлекеттік басқарудағы ақпараттарды жетілдіру перспективасы
3.1 Мемлекеттің басқару жүйесіндегі ақпараттарды дамыту мен мемлекеттік
қолдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .28
3.2 Ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен экономикалық жетістіктер ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .35

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет
нарығының қазiргi жағдайын дәлме-дәл анықталған дәрежеде олигополия деп
атауға болады, бұл берiлген салада өндiрушiлердiң азғантай санымен
сипатталады. Бұндай жағдайда өндiрiс нарығында бәсекелес-фирма әрекетiн
болжауға, талдауға талпынуы мүмкiн; басқа өндiрушiлердiң бағытын және
жағдайын ескермей бiр-бiрiмен келiсiмге келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай күйi
Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының әлi жас және даму үшiн
келешегiнiң мол екенiн көрсетедi.
Бүгiнде барлық орталық ақпараттандыру саласында және адамзаттың қызмет
саласында ғылым мен техниканың қазiргi жетiстiктерiнсiз,
телекоммуникацияның қазiргi құралдарынсыз және жаңа ақпараттық
технологиясыз қоғамның дамуы мүмкiн емес.
Кеңес үкiметi жылдарындағы ақпараттандыруда тек қана КСРО (соның
iшiнде Қазақстанда да) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн салалар мен
орталықтарға, ең алдымен қорғаныс және космос салаларына берiлдi. Халық
шаруашылығының қалған салалары әлемдiк үлгiден ерекшеленетiн отандық
өндiрiстiк телекоммуникация және байланыстың дәстүрлi құралдарымен
жабдықталды. Көп нәрседен артта қалушылық Батыс пен Шығыс арасындағы "темiр
жолқыш" әрекетiнiң әсерiнен болды.
Сондай-ақ, қоғамда орталықтанған саяси басқарудың қатал жағдайы және
халық шаруашылығын экономикалық басқару басылып қалған ақпарат ағымының
одан әрi жоғалуына, ақпараттық инфрақұрылымының орталықта "тұйықталып
қалуына" әкелдi.
Одақ ыдырағаннан кейiн пайда болған жаңа тәуелсiз мемлекеттер кадр,
технология, қаржы мәселелерiне қатысты өзiндiк ақпарат кеңiстiгiн құруда
өткiр мұқтаждықтармен кездестi.
Қазақстан да осы орайда, қиын жағдайға тап болды. Бiр жағынан,
Қазақстан құрылғаннан бастап ұзақ жылдар бойы Ресей Федерациясымен терең
экономикалық интеграцияда болуынан және Одақтың басқа республикаларымен
жалпы одақтық еңбек бөлiнiсiнiң орнауынан, екiншi жағынан - алып
территориядағы өз аудандары арасында көлiк қатынасының және ақпараттық
қамтамасыз етiлудiң нашарлауынан.
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдары қиын
экономикалық дағдарыспен сипатталады: ұзаққа созылған құлдырау кезiндегi
экономикалық байланыстың үзiлуi экономиканың нақты бөлiмi болып табылды.
Құнсызданудың күшеюi және бюджет тапшылығының төменгi дәрежеге жетуi халық
тұрмысын нашарлатты. Мұндай жағдайда экономиканы басқарудың ақпараттық
жүйесiн дамыту мәселелерiне аса көңiл аударылмады.
Тек соңғы жылдары экономикалық реформаның жүзеге асуы нәтижесiнде
экономиканың бiрте-бiрте көтерiлiп, тұрақтауына әкелдi.
Телекоммуникация және байланыс, көiлк инфрақұрылымының дамуы үшiн
сыртқы және iшкi қорлар пайда болды. Елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi туралы
шараларды өңдеу, бiрыңғай ақпараттық кеңiсiтктi құру жайындағы үкiмет
шешiмдерi жүзеге асырыла бастады. Бiрақ мұның бәрi ұйымдастыру ретiндегi
шаралар болып табылады, ал тәжiрибе жүзiнде жүзеге асыру үдерiстерi ендi
басталуда, сондықтан да бұл салада шешiлмеген мәселелер көп.
Атап айтқанда, экономиканың жеке салаларын ақпараттандыруға
бағытталған тар көлемдегi iс-әрекеттер мемлекеттi басқарудың ақпараттық
жүйесiнiң (МБАЖ) дамуын толықтай қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселенi
кешендi түрде дамыту қажет.
Бүгiнде ең бастысы-дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып
есептелетiн, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы
мен сұраным негiзiнде мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiнiң қажеттi
көлемiн болжайтын және ғылыми-әдiстемелiк негiзде талдайтын құралдар
тәжiрибе түрiнде пайдалынылмаған.
Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiн реформалаудағы шың қажеттiлiк
пен маңызды мұқтаждық, олардың қалпын халықаралық үлгiге сәйкестендiру және
нарықтық жағдайда шаруашылықтандыру дипломдық тақырыбын таңдауға, оның
мақсатын, мiндетiн және бағытын зерттеуге негiзделдi.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар
ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау болып
табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- мемлекеттік басқарудағы ақпараттар ағыны туралы түсінік беру;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 3 тарау, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттың теориялық түсінігі
1.1 Ақпарат түсінігі мен оның қолданылуы
Біздің елімізде ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне
екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті
іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда,
ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен
телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек. Сондықтан, ақпараттық
қоғамға көшуге ықпалдастық жасайтын барлық қажетті жағдайларды жасау үшін
және Мемлекет басшысының Қазақстанды әлеуметік жаңғырту: Жалпыға ортақ
қоғамдық еңбекке қарай жиырма қадам атты 2012 жылғы 10 шілдедегі
мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Ақпараттық Қазақстан
– 2020 мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу барысында Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинава
хартиясы (Окинава қ., Жапония, 2000 жыл), Ақпараттық қоғамды құру
қағидаттары декларациясы (Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис
міндеттемелері әрекеттерінің жоспары (Тунис қ., Тунис Республикасы, 2005
жыл), өзге де халықаралық құжаттар, сондай-ақ, ҚР Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020
жылға арналған стратегиялық даму жоспары ескерілді. Ақпараттық қоғамды
құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың
ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды:
мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету; ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету; қоғамды
әлеуметтік-экономикалық және медени дамытуға арналған ақпараттық ортаны
құру; отандық ақпараттық кеңістікті дамыту. Аталған бағыттардың шеңберінде
АКТ-не жер-жерде енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық әрі
ұтқыр үкіметті құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту
бойынша міндеттер шешіледі. Ақпараттық қоғамды дамыту адами ресурстарды
дамытумен сүймелденуі қажет екендігін ескере отыра, Бағдарламамен
азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге
және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және
дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді эектрондық денсаулық сақтау
қызметтерін алуға жағдай жасау көзделген.  Сондай-ақ, еліміздің ашық,
қолжетімді және бәсекелеске қабілетті экономикасын құру үшін,
Бағдарламамамен шаруашылықтың негізгі салаларына зияткерлік жүйелерді
барынша көп енгізу көзделеді.  Ақпараттық қоғамға көшу саясатының
тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтерді көрсету
жөніндегі бизнес пен мемлекеттің күшін шоғырландырудан байланысты болады.
Ақпараттық Қазақстан -2030 мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның
ақпараттық қоғамға көшу стратегиясын жүзеге асырудың қорытынды кезеңі
болады деп болжалады. Күні бүгін АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция,
Германия, Дания, Финляндия, Оңтүтік Корея, Сингапур, Малайзия, Марокко,
Маврикия, Эстония секілді т.б. көптеген елдер ақпараттық қоғамның негізін
қалауда көш басында келеді. Мәселен, АҚШ 1993 жылы ұлттық – ақпараттық
инфрақұрылым қалыптастырудың жоспарын қабылдады, 1994 жылы шілдеде
Еуропалық одақ комиссиясы Ақпараттық қоғамға – Еуропалық жол атты
жоспарын бекітті, 1995 жылы Финляндия Ақпараттық қоғамға – финдік жол деп
аталатын өз бағдарламасын әзірлесе, 1996 жылы ГФР Ақпараттық қоғамға –
германдық жол атты бағдарламасын қабылдады. Осылайша өткен ғасырдың 90
жылдары шенінде мұндай бағдарламалар барлық дамыған елдер мен дамушы
елдерде қабылданды. Бұл бастамаларды мұнан ары кең ауқымда жалғастыру
мақсатында Үлкен сегіздік елдері 2000 жылы әлемдік ақпараттық қоғам
орнатудың Окинава хартиясын бекітті. Бағдарламалардың басты мақсаты
Интернет арқылы компьютермен халыққа білім беруді, мемлекеттік басқару
ісінің тиімділігін арттыруды, электрондық құжатпен құрлықаралық масштабта
ақпарат алмасып, қол қою, төлем жасау жүйесін қалыптастыруды, мемлекеттік
басқару органдарының құжаттары мен кітапханалардың, ғылыми – зерттеу
институттарының, оқу орындарының және басқа да санаткерлік орталықтардың
сан түрлі ақпараттық ресурстарына қол жеткізу. Бұл идеялар жыл өткен сайын
қазіргі әлем ағзасына тереңдей сіңіп, мемлекеттік билік құрылымдарының
азаматтармен өзара қарым-қатынасын тиімді арттыруға бағытталған электрондық
э – үкімет (e – government), кәсіпкерлікті дамытып экономика әлеуетін
арттыруға негізделген э – бизнес (e – business), азаматтардың тұрмыстық
тіршіліктеріне қатынасты э – азамат (е – citizen) іспетті т.б. нысандары
жан –жақты дамып келеді. Бүгінгі күні ақпараттық қоғам құру мәселесін
әлемнің көптеген елдері мемлекеттік биліктің жүйе түзуші басты құралы
санатында қарап, оған сәйкес арнайы стратегиялық саясат түзіп, олардың
ауқымында орасан зор жұмыстар жүргізіп келеді. Бір ерекшелігі бұл
процестерге ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік деңгейде назар аударып,
тиімді басшылық жасаған елдер қазірдің өзінде-ақ ел экономикасын дамытуда,
әлеуметтік саладағы қайшылықтарды жоюда елеулі оң нәтижелерге қол жеткізді.
Ал мұндай жетістіктерді тек дамыған елдер ғана емес, олармен қатар
қаржылық, материалдық, ғылыми санаткерлік ресурстары мейлінше төмен, әрі
өткір әлеуметтік – экономикалық проблемаларды бастан кешіріп отырған дамушы
елдер де сезіне бастады. Мәселен, Еуропаның дамыған елдерін былай қоя
тұрып, әлемнің үшінші елдері санатындағы Солтүтік Африканың Марокко елінде
ақпараттық технологиялар алғашында білікті мамандардың Еуропға қоныс
аударуын тоқтатып, ел экономикасын ырықтандырудың тетігі ретінде
қарастырылған болатын. БҰҰ-ның тәуелсіз сарапшыларының келтірген деректері
бойынша 1996 жылы бұл елде 20 интернет-провайдер, 50-ге жуық интернет –
кафе, 10 мыңдай интернет тұтынушылары, 50 –ге тарта ақпарттық web -
сайттар, 1,4 млн. тіркелген телефон желілері болды. Интернетке енудің
орташа құны ол уақытта айына 50 АҚШ долларын құрайтын. Мемлекеттің жоғарғы
дәрежелі саяси басшылығының қолдауымен 1998 жылы наурызда елді ақпараттық
технологиялар негізінде дамытудың ұлттық жоспары бекітілді. Оның басты
мақсаттары барлық сатыдағы билік құрылымдары қызметінің барынша ашық болуын
қамтамасыз етуге, жаңа технологиялар негізінде мемлекеттік секторды
басқарудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін енгізуге, ел өнеркәсібінің
өнімділігін арттыруға, кедейлікке қарсы күреске бағытталған Үкімет
бағдарламасын жүзеге асыруда ауыл – қыстақтарда оқшауланған халықтың
тұрмысын көтеру үшін жаңа технологиялар арқылы оларға нақты көмек
көрсететін шараларды жүзеге асыруды белгіледі. Үкімет межеленген
стратегиялық бағыттарды табанды жүзеге асырудың нәтижесінде 2000 жылдың
ортасына қарай 28 млн. халқы бар Мароккода 300 интернет-провайдер, 500
интернет-кафе, 6 млн. тіркелген және 700 мың ұялы телефондар жұмыс
істеді. Бұл кезең ішінде елдегі ақпараттық ресурстар қоғам өмірінің сан
алуан салаларынан түрліше мағлұмат беретін мыңдаған web-сайттармен толықты.
Ел ішінде сауда-саттық, инвестиция тарту, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын
көтеру сеікілді т.б. мәселелер бойынша ақпарат алмасу жақсы жолға қойылды.
Сонымен қатар ең бір маңызды мәселе Интернетті пайдаланудың айлық құны
елде 10 есеге (айына 6 долларға жуық) төмендеді. Осының нәтижесінде
ақпараттық технологиялар мемлекеттің ашық саясатын жүргізудің негізгі
құралына айналып, халық пен мемлекеттік билік арасындағы толық
түсіністікпен кең ауқымда нығая бастады. Елдегі жастарға жаңа технологиялар
саласында көптеп жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік қарқынды дами түсті.
Туризм саласы, Интернет - провайдерлері мен Интернет - кафе компанияларының
дамуында елеулі нәтижелерге қол жетті. Ақпараттық технологиялардың елдегі
халық шаруашылығының дамуына жасаған демеуі мен ықпалына толығымен баға
беру алдағы уақыттың еншісінде болғанына қарамай, науқан басталғаннан бері
бас-аяғы төрт жыл ішінде интернеттің Марокко қоғамында экономикалық
тұрақтылық пен халықтың болашаққа сенімділігіне қосқан елулі үлесін ел
азаматтары айқын сезінетіндігін айтады.

1.2 Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынының ұйымдастырылуы
ҚР реформасы дамуының қазiргi кезеңiнде экономиканы мемлекеттiк
басқарудағы ақпараттанған жүйесi маңызды болып табылады. Экономикадағы
басқару процесiн ақпараттандыру мәселесi бүгiнде баспасөз беттерiнде
кеңiнен айтылуда. Мысалы, В.Решетников былай деп жазады: "Ғылым мен
техниканың қарқынды дамуын бағалай отырып, қоғамның алға басу шапшаңдығының
төмендемейтiнiн түсiнуге болады. Жаңа бiлiм мен технологияға дайын емес
мемлекеттер, экономикалық және әлеуметтiк деңгейi жағынан әлемде алдыңғы
қатарлы орынға ие бола алмайды".
Өткен ғасырдың басты жетiстiгi-алынған қорытындыларды күрделi ой-
өрiстiк талдаудан өткiзетiн және үлкен көлемдi есептеу эксперименттерiн
жүргiзетiн есептеуiш техниканың ойлап табылуы. Басқару шешiмдерiн дайындау
мен қабылдау кезiнде дұрыс қабылдабаған шешiм, дамудың экономикалық жолын
таңдағанда, миллиондаған адамдар өмiрiне керi әсерiн тигiзуi мүмкiн.
Есептеу экспериментi мен модельдеудi техникалық құптау секiлдi,
басқару және экономикаға жаңа технологияларды енгiзу көзқарасы мұндай
байланыста маңызды болып табылады. Ғаламдық жүйенi басқаруды, оның iшiнде
экономика мен бақаруда есептеу эксперименттерiн жүргiзудi жүзеге асыру
есептеудiң үлкен қуатын талап етедi. Мұндай есептердi шешуде ақпаратты
талдау, тiкелей өңдеу, жинақтау супер ЭВМ класына жататын компьютерлердi
қолдану арқылы орындалады. Басқару шешiмдерiн дайындауды жасырын түрде
сақтауды ұйғарады, бiрақ шетелдiк өндiрiстегi супер ЭЕМ жасауды қамтамасыз
ету қиын.
Ақпараттық қоғам ерекшелiктерi қатарынан келесi белгiлердi атап айтуға
болады:
-тұрғындардың мамандық деңгейiмен жоғары бiлiмдi қолдауға мүмкiндiк
беретiн, қоғамның ой-өрiсi мен ғылыми күш-жiгерiн арттыруды ұдайы өндiретiн
бiлiм жүйесiнiң өсiңкi дамуының болуы;
-жаңа технология төңiрегiнде құрастырып өндiру және зерттеу жүргiзуге
мүмкiндiк беретiн орнықты ғылым бөлiмiнiң бар болуы;
-дәстүрлi элементтермен (кiтапхана, мұрағат) бiрге көптеген есептеуiш
бекеттерi, мамандандырылған бекеттер, жергiлiктi желi мен жеке компьютер,
сондай-ақ, ақпараттық арна мен қатынас жүйесiн құрайтын ақпараттарды беру,
сақтау, өңдеу, жинақтау бойынша ерекше экономика бөлiмiнiң болуы;
-тез әрекет ететiн, сыртқы құрылғылармен жабдықталған,
бағдарламалармен қамтамасыз етiлген, еске сақтайтын тез үдегiш параметрлерi
бар сенiмдi де, қымбат емес компьютерлердiң көптеп өндiрiлуi;
-қызметтiң барлық саласына адамдардың тұрмысы мен қоғамдық қызметiне,
өндiрiстi ұйымдастыруға қатысатын машиналардың, құрылғылардың, аспаптардың
және басқа элементтер тиiмдiлiгiн шапшаң арттыратын процессорлардың
ендiрiлуi мен жаппай өндiрiлуi;
-байланыстың әр алуан түрлерiнiң тармақталған желiсiнiң
қалыптастырылуы және ақпараттық құралдар жиынтығының болуы.
Ақпаратты өңдеу, тарату жылдамдығы мен сенiмдiлiгi, жүйе және ақпарат
құралдарымен қамтамасыз етiлу деңгейi ақпараттық қоғам дамуы дәрежесiнiң
басты көрсеткiшi саналады. Мысалы, дамыған елдерде желiлiк, радио- және
спутниктiк байланыспен қамтамасыз етiлу жоғары дәрежеге жеткен. Осылайша,
Германияда тұрғындардың 82 млн.адамына 45 млн.жуық абоненттiк номер
тiркелген, Ұлыбританияда бұл көрсеткiш 60 млн.сәйкес 30,2 млн., Канадада-29
млн. және 18 млн., Гонконгте 5,8 млн. және 3 млн. адам.
Тiптi, Чили, Колумбия, Пәкiстан, Таиланд және баса дамыған елдердiң
өзiнде автоматты телефон жүйесi жедел қарқынмен дамуда. Сонымен 90-шы
дылдары АҚШ-та тұрғындардың 1000 адамына 319 компьютерден, Германияда-152,
Италияда-87, Ресейде-11.
Қазiргi әлемдегi кез-келген елдiң алатын орны сол қоғамның ақпараттық
процеске қосылу дәрежесiмен анықталады.
Осылайша, АҚШ, Канада, ЕО-қа мүше елдер, Оңтүстiк-Шығыс Азияның кейбiр
елдерi ақпараттық қоғам құруға қадам басты, ал Жапония болса, 2002 дж.
дейiн жаппай ақпараттық қоғам құру және елдiң жаппай ақпараттануы жөнiнде 5
жылдық бағдарламасын ұсынды. Бұл елдердегi мемлекеттiк ұйымдар мен
мемлекеттiк емес ұйымдағы бiлiм мен ғылымды қаржыландырудың тұрақты өсуiн
белгiлеуге болады. Мұны әлемдiк бизнестiң таңдаулы тобының және әр түрлi
саладағы корпорацияны жүргiзетiн басшылықтың ақпараттық, қоғамдағы "жаңа
экономикалық тәртiптiң" маңыздылығын айқын түсiнуiмен жеткiзуге болады. Бұл
бұдан былай бәсекелестiк мүмкiндiгiнiң ұйым мен басқарма нәтижесiне,
байланыстың дамыған құралдарының бар болуына, тапсырыс берушi мен серiктес
арасындағы бiрлестiктiң болуына кәсiптiк жинақталған бiлiм көлемi мен
оларды қарқынды пайдалануға қаншалықты тәуелдi болса, материалдық қорға да
соншалықты тәуелдi бола бастайтынын бiлдiредi.
Осылайша, қоғамның ақпараттану дәрежесiн бейнелейтiн басқа да
көрсеткiштердiң бар екенiн бiлдiруге болады. Бұл - тұрғындардың бiлiм
деңгейi, еңбек қорындағы мамандар деңгейi және мамандар дайындау мен
бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнiң болуы, ғылымның даму деңгейi, ақпараттық
саланың дамуына мемлекеттiң ақша қаражатын жұмсау деңгейi.
Сонымен, ақпараттау дәрежесi қандай-да бiр шексiз көрсеткiшке ие бола
алмайды. Жалпы әлемдiк даму тұжырымдамасы және ұлттық экономиканы жаңарту
жағдайын құру жөнiнде әр түрлi елдердiң күш салуының ұлттық табыс шамасын
көрсететiн жиынтық көптеген жеке өлшеу аспаптары арқылы кескiнделедi.
Ақпараттандыру ғаламдық сипатта бола тұрып, өзi ғаламдық көлемдегi,
яғни, әлемдiк экономиканы жаһандандырудағы шаруашылық қызметте ұлттар
арасындағы деректердi тасымаладу негiздегi байланыс түрi болып табылады.
Мұндайда ақпараттық қоғамның экономикалық бiрлiгi ретiнде алға басатын
жаңа типтегi ұйымдар мен мекемелер және қайта инженерлiк мекемелердi құру
туралы аса қажеттiлiк туындайды.
Белгiлi американ менеджерi Ли Якокка шешiм қабыладуда ақпаратты 95%
сәйкес аймаққа орналастыру керек екенiн мақұлдайды. Қалған 5 пайызы
(этропия) шешiм қабылдау кезiндегi қауiп-қатерге әкеледi. Олар сондай-ақ
кейбiр авторлардың толық аппараттанушылықты белгiсiздiктi тануға
ұмтылушылықты асықтыратын шығармашылық әуесқойлықты шектейдi деп
есептейтiнiн атап көрсетедi.
Дамып келе жатқан мекемелердiң менеджерлерi өзiнiң жұмыс уақытының
орташа есеппен алғанда 30% ақпарат iздестiруге жұмсауға мәжбүр. Э.Дудинск
пен М.Мизлдiң есептеуiнше, қазiргi кезде, бұдан он жыл бұрынғыға қарағанда
олардың қарамағында арнайы ақпараттың 60% жинақталған. Бiрақ, шешiм
қабылдауға кеткен уақыт 3 есеге қысқарды.
Олар көбiнесе, ақпарат пен басқару арасындағы байланысты шартты
пирамида түрiнде анықтайды (сурет 2), мұнда ақпараттық, нақтылық және
басқару жүйесiндегi әр түрлi деңгейдегi тұтынушылардың қажеттiлiгiн
қанағаттандыру дәрежесi бейнеленедi.

Сурет 2. Ақпараттық пирамида.

Бүгiнде болып жатқан өзгерiстер басқару жүйесiн жетiлдiру үшiн,
болашаққа бағытталған тiкелей жүзеге асыратын басқаруды стратегиялық
басқаруға ауыстырып қою қажетiлiгiн туғызып, негiзгi әсер ақпараттық
пирамиданың шыңына орналасуына сәйкес келедi.
Ақпарат көлеiм мен оның элементiнiң байланыс саны арасында тiкелей
тәуелдiлiк бар. Басқару үшiн қажеттi ақпарат көлемi арифметикалық
прогрессия жағынан өскен шағында, оның элементтерiнiң мүмкiн болатын
үйлестiк саны геометриялық прогрессия жағдайында ұлғаяды. Мысалы, қолда бар
ақпараттық элементтердiң әр бiрi басқасымен байланысып, байланыстың жалпы
саны 45-ке тең болса, 1 мың элемент кезiнде бұл сан 500 мыңға жетедi.
Осыдан, ақпаратты өңдеуге кеткен шығынды ауыстыру, салыстыру, сондай-ақ
шешiм қабылдауды қоса есептеп қайта бағалау қажет.
Көбiнесе басқару деңгейiнiң мөлшерiн қысқарту арқылы ұйымдастыру
құрылым өзгерту жолымен бұл мәселенi шешуге болады. Э.Дудинска және М.Мизла
пiкiрiне толығымен қосылып, осыған байланысты жүйе бөлiмiнiң санымен қоса,
жоғалтқан және дұрыс талқыланбаған ақпарат көлемi, жұмыс iстеушiлер мен
қате жiберетiн орындаушылар саны, мәлiметтер арасындағы байланыста саны
азаяды. Мұның нәтижесiнде басқару тиiмдiлiгi толығымен ұлғаяды. Ақпарат
көлемiнiң өсуiнен басқару деңгейлер мөлшерiнiң артуы мiндеттi емес. Мысалы,
80-шi жылдары "Pore" компаниясы 17 деңгейден құралған кезде, ал "Toyota"-5
деңгейден құралған.
Ақпаратқа деген көптеген жоғары талаптар шешiм қабылдау кезiнде
көрсетiледi. Сонымен бiрге, күнделiктi iс-тәжiрибеде мәлiмет, ақпарат,
бiлiм тәрiздi ұғымдар синоним ретiнде қарастырылады. Шын мәнiнде бұлар,
шешiм қабылдау процесiндегi бiлiм мен мәлiметтер функциясының кескiнi
ретiнде бекiтiледi. Басқару қызметiндегi ақпаратпен қамтамасыз етудiң
тиiмдiлiгi шешiм қабыладу процесiнiң ерекшелiктерiмен анықталады.
Қазақстан ғалымы Т.Садықовтың айтуынша, ақпарат жетекшi экономикалық
қорға айналуда, ендiгi жерде рухани, заттық емес өндiрiске ден қойылып, оны
тұтыну инновациялық сипатқа ие делiнген. Дамыған елдерде ақпараттық
экономикаға қатысты жинақтар туындап тез арада дамуда, осыдан келiп,
экономикалық қызмет пен заңдылықты ерекшелеп көрсетуге тура келедi.
Ақпараттық қоғамның дамуының және қалыптасуының негiзi бола отырып,
ақпараттық экономика өзiнiң қасиетi жағынан ғаламдық сипатқа ие.
Ғылыми экономикалық ақпаратты кодпен хабарлау немесе алғашқы күйiне
қайта түрлендiру процестерi ақпараттық қоғам жағдайында бiлiм көлемiн жыл
сайын екi еселену дәрежесiне жеткiзедi. Сондықтан, ақпараттық ұлғайған
көлемiн меңгеруге қазiргi ғылыми-технологиялық және экономикалық өмiрдiң
қарқынымен артта қалмас үшiн кез келген жеке адамға, мамандарға,
қызметкерлерге өзiнiң бiлiмiн үздiксiз жетiлдiру қажет.
Бұл ақпараттың негiзгi бастамасы өмiрге енген жағдайда, жоғары
ақпараттық мәдениет пен дамыған тармақталған ақпараттық қызмет нарығы
жеткiлiктi болғанда орындалады.

1.3 Ақпаратты қолданудың тиімділігі мен ерекшелігі
Ақпараттық өнiм феноменiн Ю.Шрейдер, Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко және
т.б. ғалымдар зерттеуде.
Ақпараттық өнiм ретiнде "өндiрiстiк-шаруашылық қызмет туралы берiлген
мәлiметтердi, бiлiмнiң әр түрлi көзқарастарды, дәстүрлi жолмен, не
электрондық техника көмегiмен алынған өнер туындыларын, басқа да ақпарттар
мен ермек түрлерiн" қарастыруға болады.
Ақпараттық қоғам және оның негiзi-ақпараттық экономиканың қалыптасу
мәселесiнiң талқылау дәрежесiн аша отырып, оның бүкiл жағына тоқталуға
тура келедi. Ғылыми зерттеулерде көрсетiлгендей нақты мәселе ұйымдасқан
және ақпараттық басқару, технологиялық, ғылыми-техникалық төңкерiстiң
әлеуметтiк-экономикалық салдарын талдаудан және оқып бiлуден басталады.
Т.У.Садықов бұдан он жыл бұрын Д.Бенигер нұсқағандай, мұндай түрдегi ғылыми
зерттеудiң бағытындағы 77 әдiстi белгiледi. Бұл зерттеулер көбiнесе
философиялық, әлеуметтiк және жалпы экономикалық сипатта болады. Осы
жұмыстардың барлығы экономикалық процестiң даму құрылымындағы ақпараттың
өсiп келе жатқан iс-тәжiрибелiк құндылығын сызып көрсетедi және кейiнiрек,
Т.Закупень, Е.Балацкий, С.Б.Абдашева және басқалары осы ойды жоққа
шығарады.
Ақпараттық экономикалық, iс-тәжiрибелiк және теориялық мәселелердi
жалпы қарастыру тұрғысынан алғанда, ақпарат теориясы төңiрегiндегi ежелгi
зерттеулерге қарасты белгiлеуге болады. Техника-экономикалық және
ұйымдастыру-басқару құрылымындағы ақпаратты ғылыми талдауды оны қабылдау-
беру көзқарасын алғаш математиктер және байланыс, телекоммуникация
мамандары өткiздi. Бәрiнен бұрын бұлар ақпараттық математикалық және
статистикалық теориялар. Бұл теориялар ақпаратты оның сандық сипаттары
тұрғысынан қарастырады. Берiлген ақпараттардың сапасы (нақтылығы мен
дәлдiгi) туралы техникалық бөгеттер мен кедергiлердiң әсерi қарастырылды.
Бұл ХХ ғасырдың 30 жылдары болды. "Ақпарат" категориясы ғалымдар мен
мамандардың көңiлiн аудартады. Сонымен бiрге, сол кезден берi ғалымдардың
ойын әуреге салған К.Шеннонның белгiлi формуласы толық iске аспай, техника-
экономикалық процестерде ақпарттарды талдау үшiн қолданылмады.
Кейiнiрек ақпараттың басқа да теориялары пайда болды. Мысалы:
аглоритмдiк, прагматикалық, психологиялық, семантикалық, синтаксистiк,
топологиялық, кибернетикалық, динамикалық, экономикалық және басқалары.
Ақпараттық теорияны талдай отырып, келесiдей сипаттық белгiлеуге
тоқталуға болады, әсiресе, көптеген теорияның iшiнде "адамсыз және
парасатпен ұйымдастырылған адам қоғамынсыз ақпараттың болуы да мүмкiн емес"-
делiнген ертеден қарастырылған сипаттауды қадет етпейтiн жорамалды қабылдау
керек. Басқа теориялар мысалы, ақпараттың динамикалық және ақпараттық
теориялары ақпаратты кеңiнен және тереңiнен қарастырады, басқаша айтқанда
ақпараттық процестердi адам санасынан тыс, тәуелсiз зерттейдi.
Бiрiншiден, 30-жылдары ақпаратты сақату және беру төңiрегiнде техника-
экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы зерттеулер басталды. Сонымен
қатар ғылым мен iс-тәжiрибенiң басқа саласындағы ақпаратты зерттеуге күш
жұмсалды. Ақпарат категория ретiнде философтардың назарынан тыс қалған жоқ.
Сондықтан, екiншiден ақпаратты талдау философия-экономикалық және
әдiстемелiк жағынан жүргiзiлдi. Қоғамды, экономиканы, ақпаратты субъектiлеу
мен объектiлеу тұрғысында ақпараттың тәуелдiлiгi және атрибуттың қасиетi
туралы ғылыми пiкiр-таластар өткiзiлуде.
Алайда, ақпарат қоғамдық өндiрiстi ұйымдастыруда және басқаруда iс-
тәжiрибелiк мағынаға ие болғанда, өнеркәсiптiң дамуы сол уақытта сондай
дәрежеге жетедi.
Үшiншiден, экономика саласының дамуын бағдарламалау, нарықтық реттеу,
талдау, тiркеу, бақылау, жоспарлау секiлдi басқарудың әр түрлi түрлерiнiң
тиiмдiлiгiн арттыруда, ақпараттың өңдеу қорытындыларын қолдану мақсатында,
оны қайта құру көзқарасында ақпаратты зерттеу басталады.
Төртiншiден, ақпарат теориялық және iс-тәжiрибелiк жағынан көз алдында
өсiп, қоғам санасында жалпы ғылыми категорияға айналды.
Ғылыми ақпараттық жағынан алғанда өндiрiсте ақпаратты қолдану,
қоғамдық өндiрiсте және тұтынуда жалғыз, жалпы, жалпы көлемдi фактор деп
түсiнедi. Басқаша айтқанда, ақпарат, дәстүрлi еңбектiң, шикiзаттың,
материалдық, энергетикалық, таиғи,¸ қаржылық, технологиялық, ұйымдасқан
және басқа қорлардың сапасын жаңа қазiргi заманға сай өте жоғары деңгейге
көтередi.
Осыалйша, ақпараттық қор бiрыңғай жақты бола тұрып екi ұшты сипатта
болады: бiр жағынан ол алғашқы құрылған күйiнде аса ақпараттық болуы
мүмкiн, ал екiншi жағынан, өзгерген не басқа түрге енген экономикалық
потенциалдың әр алуан түрiнде көрiнедi.
Сонымен қатар, Т.У.Садықов экономикадағы ақпарат деп толып жатқан
дәлiрек айтқанда оның есепсiз көптеген туынды түрлерi, мысалы, озық
ақпараттық жаңа технологияны, ақпараттық мәдениеттi, ақпараттық қатынасты,
ақпараттық заңдарды, ақпараттық қарама-қайшылықты, ақпараттық ойлау
тәсiлiн, ақпараттық өмiр салтын, ақпараттық постиндустрияны, жеке тұлғаның
ақпараттық - ой-өрiстiк қызметiн, ақпаратты адам, ақпараттық-тауарлық
өндiрiстi, ақпараттық сұранысты, экономикалық өсу және ұдайы өндiрудi
ақпараттық-өнiмдi инновациялық түрi деп түсiнуге болады деп қорытындылайды.
Керектi ақпаратқа ие болу арқылы көбiнесе кез келген мекеменiң
тиiмдiлiгiмен табыс мөлшерiн анықтайды. Сондай-ақ, технологияның берiлуi,
ақпараттың өңделуi көбiнесе есептеу техникасы мен байланыс құралдарының
қарқынды өсуiне қамтамасыз етедi деп есептейдi. Ақпараттық технологияның
тез өсуiне және оның берiлуi қызметiне қарамастан, кейбiр салаларында
(әсiресе қаржы нарығы, байланыс құралдары, бағдарламамен қамтамасыз ету
нарығы және басқа) олардың дамуының бiрқалыпты қарқыны байқалады. Басқа
салаларында, мысалы, көмiрсутегi өнiмi нарығында бiздiң елiмiз жағдайында
iс жүзiнде ақпаратты өңдеудiң компьютерлiк технологиясы қолданылмайды және
мұны мәселе ретiнде қарастырған жөн.
Мықты желiлiк байланыстар және таратылған желiлер қатынасы негiзiнде
қызмет ететiн ақпараттық технологиялар саласында ауқымды ақпараттық
инфрақұрылымды құру мақсатында желiлердi бiрiктiру негiзгi тенденция болып
табылады.
Дамудың бұл бағыты ақпаратты жеткiзудiң жоғары жылдамдығын
пайдаланатын теле- және компьютерлендiрудiң рөлiн ұлғайтады.
Сүранысы үздiксiз өсiп келе жатқан ақпараттық қызмет берiлген нарықтың
қорытынды қозғаушы күшi болып есептеледi, және бұл бизнес саласының
ақпараттың кең көлемiн тұтынатынына қарамастан, басқа аймақтарда да
жүргiзiледi.
Ақпараттық қызмет нарығының жұмыс iстеуi бөлiнген қаржы деңгейiне
тiкелей байланысты. Бөлiнген капиталдан жоғарғы табысты алуда ақпараттық
қызмет, не болғанда да, ақпараттық технологияның басқа үш саласына: құрал-
жабдықты жеткiзiп тұрушы және қызмет көрсетушi, байланыс пен бизнес
қызметiн қамтамасыз етушi, сондай-ақ ақпараттық өнiм құруда өзiндiк құнына
үстеме бағаны қосып есептеумен түсiндiредi.
Ақпаратты технологияны қолданудағы даму бағытының жоланы, бағалау мен
негiзгi қызметтегi ақпараттың рөлiне жоғары басышлықтың қатысын бiлу
зерттеу мақсаты болып табылады. Iрi компанияларда бәсекелестiк мүмкiдiк
тудыратын стратегиялық қозғаушы күш болып табылатын қандай да бiр
ақпараттың дәрежесiн белгiлеу болып табылады. Сондай-ақ ұлтаралық компания
жетекшiлерi бизнестi стратегиялық жоспарлау процесiне ақпараттық
технологияны қосады ма, соны бiлу қажет.
Әр түрлi әлеуметтiк жүйенi және алғашқы кезекте экономика саласын
ақпаратпен қамтамасыз ету мәселесiне жаңа түсiнiкпен қарау ақпараттық
қоғамды қалыптастыру деп есептеледi. Егер ақпаратпен қамтамасыз етудi
ақпараттық қордың, ақпараттық жүйенiң, коммуникация және ақпараттық
инфрақұрылымның басқа объектiлерiнiң жиынтығы деп түсiнсек, онда
экономиканы мемлекеттiк басқару процесiнде осы күш-жiгердi қолдануды қалай
жақсартуға болады деген сұрақ туады. Экономиканы мемлекеттiк басқаруды
ақпараттандыру, мемлекеттiң өзiндiк дамуын жiктеумен түсiндiрiледi:
ақпараттық төңкерiс жағдайында мемлекет рөлi күшейе ме, әлде төмендей ме,
экономика секiлдi күрделi жүйеге қатысты ақпараттық қоғамдағы мемлекеттiң
реттегiш рөлi қандай болмақ.
Виртуалды ақпараттық қоғам көлемiнiң өсуi және мемлекеттiк басқару
жүйесiнде құқықтық мәселе шешiм қолдану мен меңгеру бiрте-бiрте айқындала
түсуде. Бiрақ, виртуалды және нақты әлем арасындағы өзара қатынас, нақты
процестi тұтынуда бiрдеңенi алғаш ойлап табу туралы сөз қозғалады деп
жалғастырады И.Л.Бачило. Ғаламдық желiдегi ақпараттың жинақталу жетiстiгi,
материалдық ретiнде қоғам өмiрiнде маңызды қажеттiлiк болып табылатын
ақпаратқа деген сұранысты алып тастамайды. Дегенмен, интернет маңызды,
пайдалы ақпарат көзi, ақпараттық технологияларды тарату, басқару аймағы,
көп процестердi жеңiлдететiн, қарапайымдандыратын болып табылғанмен, ол
қоғам өмiрiн қамтамасыз ететiн өнiм мен өндiрiстiң орнын алмастыра алмайды.

2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпарат ағынын ұйымдастыру механизмі
2.1 Ақпараттар ағынын ұйымдастыру
Қазiргi ақпараттық технология туралы қарастырғанда, ұлттық шекара
ұғымы бұзылады. Канада зерттеушiлерi Мишель Карье, Жан-Клод Гедан және
басқалардың сараптауынша, интернет ол тек ұлттық тасымал емес, ол ұлттан
жоғары, яғни ұлттық кеңiстiк арқылы емес, ұлттық кеңiстiктен тыс әрекет
етедi.
Қоғамды ақпараттандыруға кiрiскен елдердiң экономикалық дамуындағы
айырмашылық олардың алдына мүлде ұқсас емес мiндеттер қояды. Сонымен,
мысалы, Жапонияда жаңа ақпараттық технологияны нашар меңгерген егде
тұрғындардың көп пайызы көңiл қоюды талап етедi. Үндiстанда 1990 жылдары
алғаш рет елдi жаппай телефонмен қамтамасыз ету шаралар жүргiзiлiп,
ақпараттық технологияларды дамытуға және экспорттауға жағдай жасалды. Ал
Америкадағы фермерлердiң өз өнiмдерiн Интернет арқылы сатуы бiрiншi жыл
емес.
Көбiне Азия мемлекеттерiнiң Латын Америка мен Африканың көп елдерiне
қарағанда ақпараттық технологияның дамуына жоғары дәрежеде мән беретiнiн
атауға болады. Көптеген Азия елдерiнiң үкiметi өз мемлекетiнiң жақсы
тұрмысының өсуiн жоғары технология саласындағы жетiстiктермен
байланыстырады. Латын Америка мен Африка елдерiндегi ақпараттық
технологияның дамуымен салыстырғанда, Азия елдерi анағұрлым алда екенiн
мамандар түсiндiредi.
Африканың және Латын Америкасының көптеген ғалымдары экономика
процестерiнiң ғаламдануын мемлекеттердiң одан әрi бай, кедей болып
бөлiнуiне, нашар дамыған мемлекеттердiң әрi қарай қайыршылануына әкеледi
деп өз қауiптерiн бiлдiредi. Азиялық үкiметтер керiсiнше, экономиканың
ғаламдануын, экономиканың тез өсуiмен ұштастырады. Көптеген Азиялық
үкiметтер АҚШ үлгiсiмен, ұлттық ақпараттық инфрақұрылым құру жолында ұлттық
экономика дамуының стратегиялық бағытын анықтайтын, ақпараттық
технологиялар бойынша ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаны
қалыптастырады. Мұндай кең көлемдi мемлекеттiк бағдарламалар Жапонияда,
Оңтүстiк Кореяда, Сингапурда, Малайзияда, Тайландта, Вьетнамда, Үндiстанда
және басқа Азия елдерiнде құрылды.
Бүгiнде Азия елдерiнiң үкiмет жұмысының нәтижесiн бағалайтын
мүмкiндiктер пайда болды. Көптеген Азия мемлекеттерi озық ақпараттық
технологияның тез дамуына сәйкес тиiмдi стратегияны жасап шығарды. Сонымен
бiрге, дамыған елдердiң шамасы келетiн ақпараттық технологиялар саласындағы
экономикалық мiндеттер, дамушы елдердiң ұлттық экономикасының жөнсiз
шығынына әкелуi мүмкiн. Дәл осындай жағдай 1990 жылдары байқалды. Малайзия,
Үндiстан тәрiздi елдер стратегиялық жобалауда қателiк жiбердi.
Едәуiр қаржы инветициясын керек ететiн ақпараттық инфрақұрылымның даму
бағыты, дамушы мемлекеттердiң үкiметi үшiн кезектi күрделi мәселе болып
табылады. Керiсiнше, қаражат сыйымдылығы жоқ бағыттағы дамыған елдер
артықшылығы жойылады және экономиканы тез жаңартатын, экономикалық нарық
үшiн мүмкiндiктер пайда болды. Бұл себептi электрондық сауда, желiлiк
экономикалық даму дамушы елдердiң ақпараттандыруды жоспарлайтын маңызды
стратегиялық бағыты болып табылады. Малайзия, Тайланд, Тайвань, Оңтүстiк
Кореядағы электронды сауданың қарқынды дамуы дамыған елдерге қарағанда
пайда болған желiлiк экономикадан пайда табуға мүмкiндiк бередi. Азия
елдерiнiң экономикалық жасы тұрмысының өсуi әрi қарай жан-жақты күрестi
күшейтуге әкеледi, ең алдымен Азия аймағына басымдық танытатын Қытай,
Үндiстан, Жапония, АҚШ елдерiне тете-тiрес тұруда басты рөлдi ақпараттық
коммуникациялық технологиялар атқарады.
Ел Президентiнiң арнайы Жарлығы қабылданғаннан кейiн ғана өзектi
саналған ақпараттық қауiпсiздiк пен ақпаратты қорғау мәселесi Қазақстанға
қарағанда Ресейде көп қарастырылып, Мемлекеттiк Дума (қауiпсiздiк бойынша
комитет), РФ Үкiметi (РФ Мемтехкомиссия) және РФ Президентi (РФ Президентi
жанындағы ақпарат пен үкiметтiк байланыстың Федералды агенттiгi) көңiл
аударды.
Ақпараттық қоғамды құру мен ақпараттық технологияны енгiзу мәселесi
туралы кең көлемдi талқылау үшiн, Ресйеде әр түрлi қоғамдық ұйымдар
құрылған, мұнда мамандар мен тұтынушылар көп жиналды. Мұндай ұйымдардың
қатарына: (интернет, ақпаратты қорғау, өткiзгiшсiз желi, стандарттау және
тестiлеу, бизнестi электронды жүргiзу, Х.400 желiсi, бiрлескен желi және
басқа) бағыты бойынша әр түрлi комитет пен атқарушы комитетi бар
Элекрбайланыстың Құжатты Құрама Одағы (ЭҚҚО), Ресей Қоғамдық Интернет-
Технологиялық Орталығы (РҚИТО), мұнда екi Ресейлiк Интернет Форумы өтiлдi
(РИФ 97,98), кейiнгiсi "Интернеттi бiрлескен желiде қолдану" тақырыбына
арналды, ал РИФ 99-"Интернет Технологиясы-ХХI ғасырға кiрер жол" деп
аталды.
Ақпараттық технология нарығының белгiлi бiр дамуына қарамастан,
Қазақстан тек дамушы елдерден ғана емес (дамыған елдердi назарға
алмағанда), Ресейден де, кейбiр бөлiмдерi бойынша Орта Азияның жеке
республикаларынан да артта қалуда. Мысалы, элемент негiзi мен Қырғыстаннан,
телекоммуникацияның дамуы бойынша Ресей, Өзбекстан, Қырғыстаннан,
ақпараттық қызметтiң сапасы бойынша Ресейден қалып қоюда. Есептеу техникасы
құралының өздiк жинағының үлесi отандық нарықта аз мәнге ие, бағдарламалық
кешендер өте аз шығарылады. Бұларға келесi бағдарламалық кешендердi
жатқызуға болады: Галактика Қазақстан, Луна Про, Плюс-Микро.
Техника мен бағдарламалық-ақпараттық технологияны шет елдерден ала
отырып (соның iшiнде Ресейден), iс жүзiнде шетел өндiрiсiне қаржы саламыз
және жаңа хабар қолдануға, жаңартуға жөндеуге келгенде олардың қызметiне
тәуелдi болып, тағы да қосымша қаржы шығынына тап боламыз. Осыдан отандық
өндiрiс дамуында құралдың жетiспеуi, өңдеу ұжымының құлдырауы секiлдi
құбылыстар пайда болды. Ақпараттық қызмет нарығындағы жағдай ендi қолға
алынуда. Көптеген салаларда, мысалы банк, қаржы құрылымдарында ақпараттық
жабдықтардың басым көпшiлiгi-шетелдiкi.
Телекоммуникация жүйесi мен қазiргi ақпараттық саланың ендi қарқынды
дамуына жол ашылуда.
Бұл ықпал әлеуметтiк-бағытталған экономиканы құруға елеулi әсер етедi.
Сондықтан, елдiң дамуы үшiн, әрi қарай барлық салада жетiстiкке жету үшiн
ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды құруға дұрыс негiзгi жұмысты таңдап,
құқықтық, экономикалық, техникалық бағыттағы бөгеттердi жеңiп, ақпарат пен
жаңа технологияның еркiн қозғалысына жол ашу керек. Қазақстан аумағында
бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi құру керек. Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым
бiлiм берудi, денсаулық сақатуды, мәдениетi, ғылымды, кәсiпорынды, сауданы
және қоғам өмiрiне маңызды әлеуметтiк салаларды дамытуға жаңа күш қосуы
тиiс.
Әлемдiк ақпараттық технология тақырыбын жалғастыра отырып, Гарвард
университетi мен Бүкiл әлемдiк экономика Форумы ғалымдарының жүргiзген
зерттеулерiн қарастырамыз. Гарвардтан келген Джеффи Керкман және Джеффи
Сакс, сондай-ақ Бүкiләлемдiк Экономика Форумының өкiлi Питер Корнелиус 2001-
2002 жылдары ақпараттық технология бойынша Бүкiл әлемдiк есеп беру
нәтижесiнде елдердiң ақпараттық қоғамға дайындығы тақырыбында көптеген
ғалымдардың зерттеулерiне негiзделген есеп берумен таныстырды. Бұл есеп
беру бiрнеше тауарлар қатарынан тұрады және әрқайсысы ақпараттық
технологиялар дамуының түрлi көзқарастарына, олардың қоғам дамуына әсерiне
арналған. "Сан Майкрософт" компаниясының өкiлi Джон Гейч ақпараттық-
коммуникациялық технологияның әлемге қалай әсер ететiнi жөнiнде бiршама ой-
пiкiрлер айтады. Ол технология әлемдi иемдене отырып, оны өзгертедi дейдi.
2001 жылдың 12 желтоқсанында Ослода өткен жиында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компаниядағы қоғаммен байланыс маманының қызметін ұйымдастыру
Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының даму жолдары
Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастыру
Басқарушылық есеп жүйесіндегі бюджеттеуді жетілдіру
Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсінің басқарушы құралдарын жіктеу
Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Ғылыми кеңесші экономика ғылымдарының докторы
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Ақпаратты қауіпсіздендіру негізі және объектілері
Пәндер