Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3


1 Мемлекеттік механизм ұғымы, құрылымы

1. 1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері . . . 5
1. 2. Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары . . . 9 1. 3 Мемлекеттік қызмет, оның түрлері . . . 12

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі

2. 1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы . . . 17
2. 2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары . . . 19
2. 3 Қазақстан Республикасының Сот билігі т. б. органдары . . . 25

3 Шет елдердегі мемлекеттік органдардың қызмет ету

3. 1 Франция мемлекетінің органдары және мемлекеттік қызметі . . . 27

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31


КІРІСПЕ

Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты талабының бірі - мемлекеттік органдардың, билік басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.

Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т. б. ) . Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағадайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады.

Курстық жұмысымның мақсаты - жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.

Осыған сәйкес курстық жұмысымның міндеті -

1. Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;

2. Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;

3. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;

4. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардыңұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, ІІІ тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың І тарауында мемлекеттік механизм ұғымы берілген.

Курстық жұмыстың ІІтарауында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың түрлері және қызметтері берілген.

Курстық жұмыстың ІІІ тарауында Шет елдердің мемлекеттік орғандары қарастырылған.


  1. Мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы

1. 1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі . Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т. б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т. б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.

Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:

  1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден -бір заң шығаратын орган. Жергілікті өкілдік органдар - оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
  2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
  3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
  4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
  5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
  6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
  7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
  8. Барлау, қарсы барлау органдары.
  9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.

Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті[1] .

Мемлекет тетігі - мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет тетігіне - қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізін мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан кіреді:

Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды) .

Екіншіден. мемлекеттік тетік органдардын және мекемелердін киын жүйесі. өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруда тығыз байланыста болды.

Үшіншіден, мемлекет аппарат бөліктерінің барлык қызметтері ұйымдастыру және финанс құралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.

Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың занды мүдделерін және құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адамдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.

Адам баласы қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекет тетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды. Бұны, экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты түсіндіруге болады.

Ертедегі шығыс және алғашқы еуропа еддерінде мемлекеттердің тетіктері көбінесе тұрақты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, шенеуніктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрған. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, үлттық жиналыс, магистраттар жатқан.

Сенат - Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардың қабылдаған зандарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынан, Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.

Ұлттық жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.

Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болған, бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып, ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орыңдаған лауазымды міндеттері үшін, магисграттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халық жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.

XVII-XVIII ғасырларда, әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі. АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар, полиция, сот, олардың өздеріне тән, азаматтық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған. Францияда мемлекеттік тетіктің жаңа элементтері - Ұлттық конвент, Директория, Напольеон кезіндегі Консульство, Париж коммунасы т. с. с. пайда болады. Россияда Мемлекеттік кеңес құрылып жоғарғы заң талқылайтын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда жөне әскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума кұрылып, зандарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-П патшалык кұрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.

Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастады. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.

Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процессінде жан-жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.

Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінің сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

Мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялық сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әртүрлі қызметтерімен камтамасыз етілуі.

Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын тетіктер құрылады.

Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мәселелер кіреді.

Жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзіреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселелерді халықтың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, ондіріс не болмаса, ауыл-шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.

Заңдылық принцип - барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.

Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.

Федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың қызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедерлдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бірбірімен келіскен әрекеті жатады.

Ұлттық федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы бөлудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді[2] .

1. 2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары

Мемлекеттік орган дегеніміз - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік билік органдары;

- мемлекеттік атқару органдары;

- сот билігі.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек.

Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

1) заңдар қабылдайды;

2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;

5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;

6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;

7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламентіжәне оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Атқарушы билік органдары

Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқым тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.

Үкімет құрылымы: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкілқызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премъер - Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға арналған.

Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.

Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.

Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары
Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру
Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін талдау
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына жан-жақты талдау жасау
Адам құқығы
Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары
Мемлекттік билік және жеке тұлға
Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды басқарудағы ерекшеліктері
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Әкімшілік процесс түсінігі, түрлері және қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz