Келешек менеджер басшылардың өзіндік стильдерін таңдай білулеріне үндету, қамтамасыз ету


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Басқару қызметінің стилі: түсінігі, мазмұны, түрлері, және жетілдіру қажеттілігі . . . 5 1. 1 Басқару қызметінің стилі түсінігі мен мазмұны . . . 5

1. 2 Басқару қызметінің стилі түрлері және оларға сипаттама . . . 6

1. 3 Басқару ісіндегі стильдерді жетілдіру . . . 13

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару қызметінің стилі мен жауапкершіліктің өзара байланысы . . . 15

2. 1 Қазақстан Республикасында кәсіпорындардағы басқару стилі . . . 15

2. 2 Мемлекеттік басқарудағы стиль мен жауапкершіліктің байланысы . . . 17

3 Мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту - еліміздің басым бағыты . . . 18

3. 1 Мемлекеттік басқарудың жетілдіру кезеңдері . . . 18

3. 2 Мемлекетк басқару жүйесін дамыту шаралары . . . 20

Қорытынды . . . 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Басшылық - бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру болып табылады. Еліміз ары қарай қарқынды және нәтижелі дамуы үшін басшылық, яғни басқару өнерін дамыта білуі керек.

Курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі - еліміздің басқарушылық қабілетін, басқару стильдерін жетілдіру және дамыту, қазіргі дүниежүзілік шаруашылықта елдің басшылық қабілетін қамтамасыз ету барысында басқару жолдарын жетілдіру, елдегі басшылық қызметті жетілдіруге жауапты органдардың қызметінің тиімділігінің артуы және де нарықтық экономикадан Қазақстанның белгілі бір орын алуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 Стратегиясы» Жолдауында: «Біздің босаң тұстарымыздың қатарына осал жағымызды - жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі танда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес. Әзірше бізде стратегиялық міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде, отансүйгіштікпен және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз»- деп атап көрсетті. [1, 195]

Қазақстан Республикасының демократиялық өзгертулер шеңберіндегі саяси жүйенің модернизациясы мен әкімшілік реформалар, мемлекеттік билік институттарының тиімді функционалдануы, қазіргі заман талаптарына жауап беретін, мемлекет пен қоғам мүдделерін іске асыратын, құзыреттер көлемі мен функцияларды жаңарту мәселелері бойынша сұрақты туындатты. Мемлекет мақсаттары мен функцияларын жүзеге асырудағы тәжірибелік және кәсібилік қатысу, мемлекеттік органдар құзыреттерін іске асуын қамтамасыз етудегі кәсіби лауазым ретінде мемлекеттік құрылыстың ен маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Бүгінгі күнде мемлекетіміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық алғышарттар мемлекеттік қызметтің нормативті-құқықтық негізін жанартуға, оның функционалдануының тиімді формаларын жасақтауға мүмкіндік береді.

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру контексіндегі мемлекеттік билік дамуының қазіргі концепциясының талаптарына жауап беруші, саяси-әкімшілік және конституциялық реформаларды жүзеге асыру қажеттілігін, Қазақстан дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі ретінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өтті. Қазақстан халқына жыл сайындық Жолдаудын, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшіліктік реформаны қарқынды жүргізу, тоғызыншы мәселесінде «2007 жылы біз жүйелік демократиялық реформаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Біз корпоративтік басқару, нәтижелік, айқындық пен қоғамға бақылауда болу қағидаларына негізделген мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа нұсқасын құрудамыз. Біздін мақсатымыз - Үкіметтің модернизациясы, жоғары кәсібилік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру болып табылады». «Бір үлкен және жауапкершілікті жұмыс. Ең басты құқықтық -мемлекеттің тұрақтылығы мен халықтың әл-аукаттылығы болып табылатын, мемлекетіміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдар мұқият қаралуы қажет. Қазақстандағы демократиялық процестер мемлекет ерекшеліктері мен азаматтардың менталитетін ескеру арқылы өз даму жолына бағдарлануы керек, дегенмен, таңдалған бағыттағы әр қадам мұқият тексерілуі қажет». [2, 23 ]

Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - басқару стильдерін дамыту, олардың қолайлы және қолайсыз белгілерін талдау және кемшіліктерін жоюдың оптималды нұсқаларын табу; Басқару стильдерін мемлекеттік деңгейде қолданылуын қамтамасыз ету жолдарын анықтау және мемлекеттік басқару қызметін жетілдіру, дамыту және жаңарту жолдарын ұсыну, елімізде мемлекеттік басқару қандай дәрежеде екендігін анықтай отырып, мемлекетіміздің сол бағытта ұсынып отырған ұсыныстарын талдау және іс жүзінде оның қалай дамып жатырғанын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті - басқару стильдерін зерттей отырып, келешек менеджер басшылардың өзіндік стильдерін таңдай білулеріне үндету, қамтамасыз ету және көмек беру.

Менің курстық жұмысымның негізгі зерттеу объектісі - басшылық стильдері, мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік, мемлекеттік қызметті басқару органдарының жұмысының тиімділігі және нәтижелілігі болып табылады.

Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің даму деңгейімен ғана анықталмай, бірінші кезекте мемлекеттің сол өндіргіш күштердің немесе ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдай жасап, ұлттық мүдделерді анықтап, оларды қорғау мүмкіндігімен көрінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану мен оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады. Басқару стильдерін, қызметін жетілдіру, дамыту үшін көптеген жолдар мен тәсілдер қолданылады. Олар: иелік жасау- басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады; түсіндіріп тарату - ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді; түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) - бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және де қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тарауға бөлінген: бірінші тарауда басқару қызметінің стилі: түсінігі, мазмұны, түрлері және жетілдіре беру қажеттілігі жайлы айтылса, екінші бөлімде мемлекеттік басқару қызметі мен жауапкершіліктің өзара байланысы талданады; үшінші бөлімде мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуды үндету - еліміздің басым бағыты екендігі жайлы баяндалған.

Басқару стильдерінің кез келген елдерде маңызы аса күшті болып табылады. Сол мақсатта оны дамыту мен жетілдіру біздің мүддемізде.

  1. Басқару қызметінің стилі: түсінігі, мазмұны, түрлері және жетілдіру қажеттілігіБасқару қызметінің стилі түсінігі мен мазмұны

Стиль ұжымдағы әлеуметтік қатынастардың бүкіл біртұтас ықпалымен қалыптасқанымен, ол белгілі дәрежеде басшыға да байланысты болады. Өйткені шаруашылық пен тәрбие жұмысының табиғи байланысын практактикада жүзеге асыратын тек басшы ғана. Оның қызметінің жемісті болуы көптеген күрделі факторлар арқылы анықталады.

Басқару стилі - менеджердің, яғни басшының қарапайым өзін-өзі ұстауы мен мінез-құлық амалдары. Стильдер әр түрлі талаптар бойынша классификациялана алады.

Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс -тәсілдер, құралдар жүйесі; бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс - тұрыс үлгісі. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік - биліктік өкілеттіктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.

Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден тұрады:

  1. мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;
  2. басқару органдары қызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары;
  3. қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.

Басшының дербес стилі алуан түрлі объективті факторлардың ықпалымен қалыптасады.

Жеке стиль төмендегідей факторлар ықпалымен қалыптасады:

  1. Өндірістік қимыл-қызмет сипаты және өндірістегі экономикалық жағдай
  2. Басшы мен бағынышты арасындағы өзара қарым-қатынас
  3. Психологиялық қасиеттері
  4. Атқару тәртібінің жағдайы
  5. Ұжымның демократиялық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (жыныс-жас құрамы ұжымның, мамандық және атқарушы, т. б. ) .

Басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырылуы тиіс. Стильдің қалыптаспауы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс.

  1. Басқару қызметінің стилі түрлері және оларға сипаттама

Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (әкімшілік, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) және либералдық.

Директивті стилге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мұнда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді.

Демократиялық стилде бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады.

Либералдық стиль басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.

Аталып өткен стильдерден басқа әркім нені және қалай істегісі келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль; белгілі бір шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдірілетін кампаниялық стиль (кампанейский), көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын еріктілік стиль түрлері белгілі. Сонымен қатар нормативтік, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стильді, нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлеріне және қызметкерлердің қабілетіне байланысты қалыптасатын жеке стильдерді де атауға болады.

Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бір басшылардың есігі әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бір директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екінші біреуімұны қажет санамайды.

Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да, отандық және шет елдік әдебиетерде оның өзі түрліше жіктеледі.

Мәселен, Х. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:

  1. Бір жақты автократтық стиль;
  2. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;
  3. Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып басқару стилі;
  4. Парламенттік сипаттағы басқару стилі;
  5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғары басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.

Автократтық және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.

Ең қолайлысы кооперативтік стиль - «жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды және қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.

АҚШ-та мынандай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады) :

  1. Қызметті беру стилі;
  2. Міндетті бөлісіп басқару;
  3. Ерекшелеу тәсілімен басқару;
  4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.

«Қызметті беру стилі» әрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.

«Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар одағы міндеттерді бірлесіп қарастырады да, әрбір адамның міндет аясы белгіленіп, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.

«Ерекшелеу тәсілмен басқару» басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау межелеуіштеріне сәйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.

«Жүйені ретке келтіру арқылы басқару» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.

Демек, басқару стилінің жіктелуі алуан түрлі екендігін аңғарамыз, оның үстіне осы жіктеулердің қай-қайсысы болмасын басқарудың сан қырлы стилін толық қамтымайды. Бізде басқару стилінің ондаған түрі бар.

Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты аралығындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моралдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Басшының стиль ерекшеліктері осы аталған компоненттердің (құрылым тармақтарының) қайсысы басым болатындығына байланысты. Практикада (күнделікті өмірде) басқару стилінің үш түрі жиі кездеседі: авторитарлық немесе автократиялық, демократиялық және либералдық.

Либералдық стиль: мұндай жұмыс стилінде басшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелерінің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.

Мұндай стильдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, қарамағындағылардың білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық, берекесіздік, тәртіптің бетімен кетушілігі орын алады.

Авторитарлық стилдің негізі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кітабында билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат тәсілді өтейді» деген идея ұсынады.

Авторитарлық стильде (Батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде дерлік кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді. («менің айтқаным бойынша істе») . Бұйрық талқыланбайды, күдіктенуге хақын жоқ.

Автократ бағыныштыларының іс-әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікір алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды. Мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады.

Автократ басшылар сырттай бұйрығы, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты көрінеді, олардың жүзінде «жұмыс бастылық, іске үлкен жауапкершілік» сезіледі. Д. Браунның сипаттауынша, « . . . автократ, ескірген жылу жүйесі секілді, қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдық климатқа көңіл бөлмейді».

Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. Өзінің қарамағындағыларды жиі-жиі қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бейресми топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, творчестволық белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке басының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты болады. Егер басшы өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады. Алайда автократтардың барлығы бірдей біліксіз, білімсіз емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай жағдайда тәжірибелі басшылардың өзі де авторитарлық стиль элементерін қолдануына тура келеді.

Авторитарлық стильдің алдуан түрлі нышаны болады:

  • патриархалдық: барлық «жанұя мүшелері» басшыға бағынуы тиіс, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;
  • харизматикалық (харизм - Құдай шапағаты) : Лидерді ең көрнекті, дана деп есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына өте қатал, аяусыз, әрі оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;
  • автократтық: жеке адамдардан гөрі институтқа (мемлекетке, кәсіпорынға) тән. Басшылық аппараттағы бағынышты инстанциялар арқылы жүзеге асырып жанама түрде автократтық шешімді жүзеге асырады;
  • бюрократтық (төрешілдік) - бұл туралы төменде толығырақ баяндалады.

Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, содан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмір мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б. ) .

Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді.

Бедел (авторитет) - бұл белгілі әлеуметтік роль, онымен қоршағандарының белгілі үміттенулері байланысты.

Басшы беделінің шарттары:

  • Жаналық пен прогрессивтіктің және оларды өндіріске енгізу ынтасының болуы.
  • Жұмыскерлік, дербестік және қайсарлық.
  • Әділдік және принциптік
  • Тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі
  • Сыйлау мен адамдарға деген әділдікті және талапты үйлестіру.
  • Байсалдылық, шыдамдылық, өзін-өзі сынауы.
  • Мәдениеттілік пен дұрыс басқару стилін меңгеру.
  • Адамдарға сену, сенім арту.
  • Беделділік шын болуы мүмкін, сонымен бірге өтірік те болуы мүмкін.

Өтірік беделдің қалыптасу жолдары:

  • Ағайыншылық (тумалық, жерлестік) бедел. Мұндай бедел ұжымда «өзіміздікі» болуға, сенімге енуге ұмтылыс нәтижесінде қалыптасады. Ол (мұндай бедел) ұжымды түгелдей бағындыруға бағытталмайды.
  • Әкімшілік бедел (коммуналдық бедел) - ол басшының жеке сапалық ерекшеліктеріне негізделген және құр әкімшілік стильді білдіреді.
  • Сатып алу беделі - басшы өзін жақтайтын, тыңдайтын қызметкерлермен қоршауының нәтижесі.
  • Қорқыту беделі - сын көзқарастарды, ойларды басу айтылғанды ешқандай ойсыз орындату жағдайын қалыптастыру.
  • Басшыдан қорғану беделі - өзінің кәсіптік, мамандық деңгейінің нашарлығы байқалып қалатын жағдайлардан қашу, әр уақытта өзінің қимылдарын алдын-ала қорғау, барлығын жоғары басшылыққа аудару.

Басшы жұмысының стилі - оның басқару процесінде қолданатын сипаттық әдіс, тәсіл, амалдар жиынтығын білдіреді.

Басшы стилі басқару әдістерімен белгілі бір қатынаста және байланыста болады. Басшы стилі - бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс мағынасы мынандай: «Тәсіл мен стильді салыстыруға болады». Нота барлығына бірдей, алайда әрбір орындаушы шығарманы өзінше бейнелейді.

Кей жағдайларда басшы стилін пайдалана отырып кеңес беру, бақылау жүргізу, нақты бұйрық беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді.

Басшы не болмаса менеджер - іс-қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы жетістіктері олардың нақты іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер көзін оята алатын қабілеттермен бағаланады.

Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады.

Билік - бұл басшыларға (олардың іс-қимылдарына) ықпал жасау мүмкіндігі.

Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардан басқа, әлеуметтік-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Персоналды басқару стильдері
Менеджердің базалық сапасы
Туристік фирманы басқару стилі
Жапондық менеджменттің мәні және маңызы
Ерекшелеу тәсілімен басқару
Тиiмi бақылауды қамтамасыз ету және бақылауды мәлiметпен қамтамасыз ету
Менеджерлер мен лидерлер
Басқару іс-әрекетінің интеллектілі негізі
Менеджменттің пайда болуы
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz