Жаһандану проблемалары(ғаламдық терроризм)



I.Кіріспе
1.1 Жаһандану.
1.2 Терриоризм жайлы негізгі түсінік.
II.Негізгі бөлім
2.1 Терроризмнің тарихы
2.2 Исламның терроризмдегі ролі
2.3 С.Хантингтонның көзқарасы
ІІІ.Қорытынды
3.1 Терроризммен күресу жолдары
3.2 Терроризмге қарсы құрылған ұйымдар
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жаһандану - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global— әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды.
Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру «терроризм» деп аталады. Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Күн өткен сайын терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып бара жатқаны рас. Қазіргі кездегі әлемді алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына жатқызуға да болатын құбылыс – діни экстремизм мен терроризм деп айтуға болады. Ол бастапқы идеялары бойынша дәстүрлі діндерге сүйеніп, олардың өңін айналдырып, бұрмаланған күйде танитын және өзінің сол позициясын ақиқат ретінде дәйектеуге тырысатын бүлікшіл пиғыл дүниежүзіне айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Соңғы жылдары әлемде террористік әрекеттердің жүздегені болып, оның салдарынан мыңдағаны қаза тауып, тағы мыңдағаны ауыр жарақаттар алуда. Террористік актілер тек шиеленіс аймақтарында ғана емес, сонымен қатар дамыған елдерде де орын алуда. Терроризмнің басқа жаһандық проблемалармен байланысы ашық түрде болуда. Сондай проблемалардың қатарында мемлекеттер аралық қатынастардың шиеленесуін, ұлтаралық және діндер арасындағы қатынастардың өткірленуін, халықаралық қылмыстың артуын, заңсыз есірткі айналымын және т.б. айтуға болады.
1. Бурханов К.Н. и др. Экстремизм в Центральной Азии // Институт России и Китая. — Алматы: КИСИ, — С. 5–6.
2. Китай и Казахстан решили совместно бороться с терроризмом — 2015. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1054672680 (дата обращения 01.12.2013 г.)
3. Бешукова З.М., Прохоров Б.А. Законодательные и правоприменительные аспекты противодействия экстремизму: анализ опыта Чешской Республики // Российский следователь. — 2011. — №
4. Гунаратна Роэн. Реагирование на структурные и оперативные задачи ... глобального джихада после событий 11 сентября // Консорциум «Партнерство ради мира». — Весна. — 2005. — Т. IV. — № 1. — С. 44, 90–91.
5. М. Әшімбаев. Экстремизммен терроризмнің түптамыры есірткі бизнесінде жатыр. //Егемен Қазақстан. 29 қараша 2000.
6. С. Шерматова. Ислам на постсоветском пространстве: взгляд изнутри. – М., 2001. С.210
7. А. Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 145
8. С. Шерматова. Ислам на постсоветском пространстве: взгляд изнутри. – М., 2001. С. 216

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жаһандану проблемалары(ғаламдық терроризм)

Жоспар:
I.Кіріспе
1.1 Жаһандану.
1.2 Терриоризм жайлы негізгі түсінік.
II.Негізгі бөлім
2.1 Терроризмнің тарихы
2.2 Исламның терроризмдегі ролі
2.3 С.Хантингтонның көзқарасы
ІІІ.Қорытынды
3.1 Терроризммен күресу жолдары
3.2 Терроризмге қарсы құрылған ұйымдар
IV.Пайдаланылған әдебиеттер



I) Жаһандану - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global -- әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды.
Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру терроризм деп аталады. Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Күн өткен сайын терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып бара жатқаны рас. Қазіргі кездегі әлемді алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына жатқызуға да болатын құбылыс - діни экстремизм мен терроризм деп айтуға болады. Ол бастапқы идеялары бойынша дәстүрлі діндерге сүйеніп, олардың өңін айналдырып, бұрмаланған күйде танитын және өзінің сол позициясын ақиқат ретінде дәйектеуге тырысатын бүлікшіл пиғыл дүниежүзіне айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Соңғы жылдары әлемде террористік әрекеттердің жүздегені болып, оның салдарынан мыңдағаны қаза тауып, тағы мыңдағаны ауыр жарақаттар алуда. Террористік актілер тек шиеленіс аймақтарында ғана емес, сонымен қатар дамыған елдерде де орын алуда. Терроризмнің басқа жаһандық проблемалармен байланысы ашық түрде болуда. Сондай проблемалардың қатарында мемлекеттер аралық қатынастардың шиеленесуін, ұлтаралық және діндер арасындағы қатынастардың өткірленуін, халықаралық қылмыстың артуын, заңсыз есірткі айналымын және т.б. айтуға болады.
Терроризм заң шеңберінен тыс жолмен, қорқыныш ұялату үшін зорлық көрсету актілерін жасау арқылы қазіргі кезде территориялық және ұлтаралық қайшылықтарды шешу тәсіліне айналып барады. Халықаралық терроризмнің барлық түрі, ұстанған жалауы мен ұраны қандай болғанына қарамастан, бүгінгі күннің өте ауыр мәселенің бірі. Бүгінгі таңда халықаралық терроризм дінге залалын тигізуде. Дін атын жамылған қылмыскерлер дінге кір келтіруді көздейді. Зорлық-зомбылықтың барлық түрі діндердің ортақ нанымына қайшы келеді. Дүниежүзі бойынша террористік әрекеттің қарқынды дамуы, осы қылмыстар шеңберінің кеңеюіне әкеліп соқты. Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының есебінің бірінде болашақ ғасырда адамзатқа екі үлкен қатер төнетін болады делінген. Сол қатердің бірі - экологиялық апаттар болса, екіншісі - терроризм. Өздерінің қылмыстық мақсаттарын іске асыру үшін террористер барлық зұлымдық әрекеттерді жасауға дайын екені байқалуда. Қазақстан да Орталық Азия аймағының құрамдас бөлігі ретінде халықаралық лаңкестік және діни-экстремистік ұйымдардың назарында тұрғаны рас.

II) Терроризмнің басты аспектісі - күш көрсету, зорлау, қорқытып-үркіту. Террор сөзі - латынның terror - қорқыныш, үрей сөзінен шыққан. Қорқытып-үркіту, зорлық-зомбылық бір рет көрсетілуі немесе тоталитарлық, диктаторлық режимдегідей үнемі болып отыруы да мүмкін. Терроризм - саяси мақсаттағы күш көрсету болып табылады. ХІХ ғасырдағы терроризм идеологтарының (Бланки, Мост, Гейнцген, Бакунин) пайымдауынша, күш көрсетуді - адамзаттың әлеуметтік әділ қоғам құрудағы бірден-бір құралы деп түсіндірді. Егер террористік топ өздерінің ойға алған істерінің әділ және дұрыс екендігіне сенсе, онда жасап жатқан террорлық актілерін де қылмыс деп есептемейді.3 Бүгінгі терроризмді анықтау үшін оның өткеніне көз жүгірту қажет. Жалпы, терроризм адамзаттың бұрыннан серігі болып келеді. Біздің эрамыздың І ғасырында-ақ иудей елінде еврей ақсүйектері мен басшыларының Рим үкіметімен байланыс жасағандарға қастандық жасауды мақсат еткен Сикарилер сектасы (сика - қанжар) болған еді. Орта ғасырлардағы мұсылман ассошафиндер сектасы халифтер мен саяси басшыларға қастандық жасап отырған. Ондай жағдайлар Үндістан мен Қытай тарихында да кездеседі. Қазіргі күнде Иран және Ауғанстан елдерінде исламиттер сектасы әрекет етеді. 1848 жылы солшыл неміс оқымыстысы Карл Гейнцген саяси күресте кісі өлтіруге тыйым салуға болмайтынын және жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін қию адамзаттың жоғары мүддесі тұрғысынан келгенде ақтаушысы бар екендігін дәлелдеп бақты. Гейнцген белгілі дәрежеде қазіргі терроризм теориясының негізін салды деуге болады4. Олар - реакциялық әскердің күші мен тәртібіне аз ғана топ залал әкелетіндей болу керек деп есептейді. Бұндай әрекетте - газ, зымыран, т.б. қырып-жою қаруларын пайдалануды теріс көрмейді. Осылайша XIX ғасырда бомба философиясы қалыптасқан болса, XXI ғасырда ол ядролық терроризмге айналғалы отыр. Бомба философиясы Бакуниннің қирату теориясында өз жалғасын тауып, одан әрі жетілдірілген болатын. Оның басты идеясы - бұзу, қирату. Бұл жолда ол - пышақ, жіп және улы заттарды қолдануды ұсынды.
Яғни қауіп-қатер тудырушы жалғыз-жарым діни фанатиктер мен экстремистер тобы емес, керісінше Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік Америка және басқа құрлықтардағы көптеген елдердің миллиардтан астам адамы тұтынатын тұтас рухани ағым дегенге саяды. Осылайша ұғымның өңі айналдырылып, жаңа сөздің астарына болжауы мейлінше қауіпті де қатерлі мағына жасырылып отыр.
Бұндай қауіп-қатердің асқынуы С.Хантингтонның өркениеттер қақтығысы концепциясын еске түсіреді. Мұның арты өте қайғылы, ауыр зардаптарға алып келуі әбден мүмкін. Оған мысал ретінде, мұсылмандарға қарсы крест жорықтары мен христиандарға қарсы жиһад соғысын айтуымызға болады.Терроризм пісіп-жетілуі үшін әлеуметтік-экономикалық негіз бар елде немесе сыртқы елдер мен трансұлттық корпорациялар мүдделерінің негізінде қалыптасады.
С.Хантингтон исламның қазіргі терроризмдегі орнын былай көрсетеді: Біріншіден, соңғы он жылдықтарда исламдық қозғалыстардың діни бағытының жаңадан жарылыс беруі мен әлем мұсылмандарының бірігу идеясы. Екіншіден, мұсылман әлемінде, әсіресе араб елдерінде Батыстық мәдениетке, билігі мен байлығына жаулықпен қарау күшейіп отыр. Бұған себеп, бір жағынан Батыстың көп жылдар бойы мұсылман елдерін отарлап келгендігі. Үшіншіден, мүсылман әлемінің құрамында әртүрлі ұлт, әртүрлі саясат пен мәдениеттегі елдер болғандықтан, олардың арасында өзара дау-жанжалдар көбейіп отыр. Төртіншіден, мұсылмандардың саны көбейген сайын олардың әртүрлі бағыттағы топтары да көбейе түсуде.
Батыс өркениетіне қарсы исламдық жауап ретіндегі әрекеттер жайлы түрлі пікірлер айтылуда. Мысалы, Қырғызстанның Ислам орталығының төрағасы С.Камулиддин Көптеген адам өліміне алып келген 11 қыркүйектегі теракт, АҚШ-тың ислам елдеріне қарсы саясатына жауап деп түсіндіреді4. Ресейлік зерттеуші Е.Ихлов былай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ШЫҢЖАҢНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНІ
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Франция мемлекеті жайлы
Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
Пәндер