Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы және классификациясы
1.2 Қосмекенділердің құрылысы
1.3 Құйрықты амфибилер (Caudata немесе Urodela)
1.4 Аяқсыз амфибилер (Apoda)
2.1 Құйрықсыз амфибилер (Ecaudata немесе Anura)
2.2 Нағызбақалар тұқымдасы (Ranidae)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосмекенділер – саны жағынан аз тараған омыртқалылардың өкілдері, олар балықтар мен жорғалаушылардың аралық формасы болып табылады, сондықтан оларды эволюциялық зерттеулер үшін өте бағалығын көрсетеді.
Қосмекенділер теориялық зерттеулер төңірегінде зоогеография, генетика, популяциялық экология ғылымдарын қызықтыруда.
Қосмекенділер тірі табиғаттың обьектісі ретінде физиологиялық жағынан адамға жақын. Оларда жүрген реакциядан қоршаған ортаның ластануы ғана емес, адамның денсаулығын ластаудың соңына алып келетіндігін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан территориясында тіршілік ететін жасыл құрбақалардың (Bufo viridis) популяциялық құрылысындағы байланысты зерттеу, олардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, тіршілік етуінің экологиялық ерекшеліктерінің ғылыми заңдылықтарының жағдайын, биогеоценоздың продуктивтілігін анықтайды, осы жұмыстар бойынша көтерілген проблеманың теориялық мәні анықталынады. Жасыл құрбақалар (Bufo viridis)Оңтүстік Қазақстан облысында кең тараған, саны жағынан жоғары, барлық тіршілік ортасында кездеседі және әртүрлі техногенді факторларға, қоршаған ортаның өзгеруіне төзімді болып келеді.Олардың биологиялық және морфофизиологиялық параметрлерін, жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу бұлардың болашақта популяцияларына болжам жасауға маңызды болып табылады.
1. С.П Наумов. Омыртқалар зоологиясы. -Алматы:Мектеп баспасы
2. Қайымов Қ. Қызықты зоология.Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық .-Алматы, 1975.
3. Хадрин Р.Венер. Общая зоология ,1989
4. Домбровский Б.А.Сравнительня морфология животных.
-Алматы:Наука,1982.
5. Ромер А.,Парсонс Т. Анатомия позвоночных.Мир ,1992.
6. Андреева Н.Г.,Обухов Д.К. Эволюционная морфология нервной системы позвоночных.Петербург ,1991.
7. Қ.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. –Алматы, 2007 ж
8. С.М.Махмұтов. Зоология.-Алматы ,1995. ІІ бөлім
9.Интренет жүйесі:http:www.yandex.
10.Интернет жүйесі:http.wiki.
11. Интернет жүйесі:http:google.kz

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қосмекенділер - саны жағынан аз тараған омыртқалылардың өкілдері, олар балықтар мен жорғалаушылардың аралық формасы болып табылады, сондықтан оларды эволюциялық зерттеулер үшін өте бағалығын көрсетеді.
Қосмекенділер теориялық зерттеулер төңірегінде зоогеография, генетика, популяциялық экология ғылымдарын қызықтыруда.
Қосмекенділер тірі табиғаттың обьектісі ретінде физиологиялық жағынан адамға жақын. Оларда жүрген реакциядан қоршаған ортаның ластануы ғана емес, адамның денсаулығын ластаудың соңына алып келетіндігін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан территориясында тіршілік ететін жасыл құрбақалардың (Bufo viridis) популяциялық құрылысындағы байланысты зерттеу, олардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, тіршілік етуінің экологиялық ерекшеліктерінің ғылыми заңдылықтарының жағдайын, биогеоценоздың продуктивтілігін анықтайды, осы жұмыстар бойынша көтерілген проблеманың теориялық мәні анықталынады. Жасыл құрбақалар (Bufo viridis)Оңтүстік Қазақстан облысында кең тараған, саны жағынан жоғары, барлық тіршілік ортасында кездеседі және әртүрлі техногенді факторларға, қоршаған ортаның өзгеруіне төзімді болып келеді.Олардың биологиялық және морфофизиологиялық параметрлерін, жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу бұлардың болашақта популяцияларына болжам жасауға маңызды болып табылады.
Мақсаты: Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, тіршілік әрекеттерін, тіршілік орталарын және түрлерін меңгеру
Міндеттері:
1) Қосмекенділердің жалпы сипаттамасымен танысу
2) Түрлерінің айырмашылықтарын және мекен ету ортасын білу
3) Қоректенуін,тіршілік ортасын,шығу тегін меңгеру

Негізгі бөлім

1.1 Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы және классификациясы
Амфибилер -- суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.
Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, қүрлықта да тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға ұшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге бейімделуі айтарлықтай емес. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді. Аяқтары бес саусақты болғанмен де әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Қосмекенділердің көпшілігінің ұрықтануы балықтар сияқты су орталығында уылдырық шашу арқылы орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс, сыртта болады.
Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600 -- 2800 жуық түрі бар. Олар үш отрядқа топтасады:
1. Құйрықтылар (Саudаtа немесе Urodеla)
2. Аяқсыздар (Ароdа)
3. Құйрықсыздар (Аnurа немесе Есаudаtа).
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз таралған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немесе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа,төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді.
Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:
Тритон тәрізділер. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.
1-сурет. Тритон

Бақа тәрізділер. Бұлардың дене тұрқы қысқа бол-ғанмен де массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған.(2-сурет) Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде гана су орталығында болады да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады [1].

2-сурет. Бақа тәрізділер

Құрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы бол-майтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты иреңдетіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.(3-сурет)

3-сурет.Құрт тәрізділер
1.2 Қосмекенділердің құрылысы
Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісі және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді қабыр-шақтары жоқ -- жалаңаш болады. Эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен сақтап тұрады. Бұдан басқа көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі -- қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды. Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір құрбақаның эпидермисінің сыртқы бетінде аздап та болса мүйіздену байқалады.
Омыртқа жотасы. Қос мекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда едәуір жақсы жіктелген. Омыртқа жотасы -- мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады.
Мойын бөлімі сақина пішінді бір ғана омыртқадан тұрады, ол өзінің буындық екі оязы арқылы бас сүйекпен жалғасады. Дене омыртқаларының саны түрліше, яғни 7 -- 100 дейіндежәне одан да артығырақ болады. Мысалы, ең азы -- құйрықсыздарда -- жетеу, ал аяқсыздарда жүзден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Сегізкөз омыртқасының ұзын болып, көлденең орналасқан екі өсіндісі болады. Бұған жамбас .сүйегінің екі мықын сүйегі бекиді. Құйрық бөлімі құйрықты қос мекенділер-де айқын бөлінген, аяқсыздарда аз, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Уростил эмбриональдық дәуірде бірнеше жеке омыртқалардан қалыптасатындығы анықталған.
Төменгі сатыдағы қос мекенділердің омыртқасы (аяқсыздар да, төменгі құйрықтыларда) амфицельді, бұл жағдайда хорда өмір бойы сақталады. Құйрықсыздардың омыртқасы -- процельді, яғни алдыңғы жағынан ойық, арт жағынан дөңес келеді. Жоғарғы сатыдағы құйрықтылардың омыртқасы -- опистоцельді, анығырақ айтқанда, алдыңғы жағынан дөңес, арт жағынан ойық келеді. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, бірақ та олардың қабырғалары өте қысқа болады. Құйрықтыларда "жоғарғы" қабырғалары дамыған. Құйрықсыздардың қабырғалары мүлдем болмайды.
Бас сүйек. Ми сауыты көпшілігінде өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Алғашқы ми сауытында мына төмендегі хондральды сүйектер дамыған: 1. Бас сүйегінің тек қана шүйде бөлімінде екі бүйір қарақұс сүйектері , балықтардағы негізгі және жоғарғы шүйде сүйектерінің орнына жүретін жері шеміршек түрінде қалады. 2. Есту капсуласының маңайында бір кішкене құлақ сүйегі (ргооtiсum) қалыптасады да капсуланың көпшілік бөлімі шеміршек күйінде қалады. 3. Құйрықсыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек дамиды. Құйрықтыларда бұл сүйек екеу. [2]
Бұл сүйектер құйрықсыздарда жымдасып төбе-маңдай (ргоnіорагіеtаlе) сүйектерін құрайды. Бұлардың алдыңғы жағында мұрын (nаzаlе) сүйектері орналасады, олар аяқсыздарда жақ алды (ргаеtахіііаге) сүйектерімен бірігіп кетеді. Бас сүйегінің артқы екі бүйір жағына орналасқан бұдыр бетті қақ (sgiаmоsum) сүйектері болады. Бұлар әсіресе аяқсыздарда жақсы дамыған. Бас сүйегінің түп жағы екі сүйектен тұрады. Ол үлкен парасфеноид (рагаsрһеnоіdеum) деп аталатын сүйек және оның алдыңғы жағында жататын өре (vоmег) сүйектен қүралады.
Бас сүйегінің түп жағын құрауға висцеральдық сүйектер де қатысады. Бұл сүйектерге таңдай (раlаtіnum) сүйегі мен қанат тәрізді (ріегуgоidеim) сүйектер жатады. Таңдай сүйегі өре сүйекке, ал қанат тәрізді сүйектер бұдыр бетті қақ сүйектеріне келіп жалғасады.
Амфибилердің бас сүйегі -- аутостикалық, анығырақ айтқанда, таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай және қанат тәрізді сүйектер таңдай шаршы шеміршегінін. астыңғы бетінде дамиды.
Сүйекті балықтардікі сияқты, жоғарғы жақ сүйектерінің қызметін жақ алды, немесе жақ аралық сүйектері мен жоғарғы жак, сүйектерінен құралған, сүйек доғасы атқарады. Төменгі жақ сүйектерінің қызметін меккел шеміршегі атқарады, оның сыртын тіс және бұрыш сүйектері қаптап тұрады.
Ми сауытының аутостикалық болуына байланысты тіл асты доғасы жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды. Тіл асты доғасының үстінгі элементі -- гиомандибуляре кішкене үзеңгі сүйекке айналған, ол балықтардікі сияқты өзінің жоғарғы ұшымен есіту капсуласына тіреледі. Ортаңғы құлақтың қуысы пайда болуына байланысты, үзеңгі сүйек сол қуыстың ішінде қалып, есіту сүйекшесінің қызметін атқарады. Тіл асты доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдері тіл асты пластинкасына және оның мүйізшелеріне айналады. Бұл пластинка төменгі жақтың тарамдарының аралығына орналасқан.
Сөйтіп, амфибилердің бас сүйектерін, сүйекті балықтардың көпшілігінің бас сүйектерімен салыстырғанда, төмендегідей айырмашылықтарды байқауға болады:
1. Хондральдық және тері бетіндік сүйектердің нашар дамуы
2. Оның аутостикалық түрде құрылуы
3. Тіл асты және желбезек доғаларының өзгере келіп, оның бір бөлімі есіту сүйегіне және екінші бөлімі тіл асты аппаратына айналуы
4. Желбезек қақпақшасының редукцияға ұшырауының нәтижесінде бас сүйегі, әсіресе оның висцериальдық бөлімі айтарлықтай өзгерген. Мұндай өзгерістің ңегізгі себебі: амфибилердің жартылай кұрлықта тіршілік етуіне байланысты болған.
Иық белдеуі. Иық белдеуі доға тәрізді, оның жоғаргы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жартысы (оң және сол) негізінен мына сүйектерден құралады. Жоғарғы (арқа жақ) бөлімі жауырыннан (sсарilа) және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі (құрсақ) бөлімі коракоидтан және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоцдтан құралады. Прокоракоидтың үстіне шеміршекті бұғана орналасады. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жеріне келіп ұштасуының нәтижесінде буын оязы пайда болады. Оң және сол коракоидтардың қосылған жерінің алдыңғы жағында төс сүріншегі , ал арт жағында -- төс жатады. Бұл екі суйектін. екеуінің де ұштары шеміршекті болып бітеді. Құйрықсыздарда төс сүріншегі мен жауырынның арасын қосып тұратын жіңішке таяқша тәрізді буғана орналасады. Амфибилерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмайды.Иық белдеуі бұлшық еттердің арасында бос жатады. [3]
Жаңбас белдеуі. Жамбас белдеуі үш пар сүйектен қалып-тасқан.Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды.Ұзын мықын сүйегі (іlіum) өзінің проксималдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең. өсіндісіне бекінеді. Артқа және алға созылған шын сүйек белдеуі бақаларда шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында шонданай сүйегі орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.
Аяқ скелеттері. Қос мекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсайды. Сонымен қатар балықтардың қанат сүйектёрінің құрылысынан айтарлықтай өзгешелігі бар. Егерде балықтардың қанаттары жай бір мүшелі рычагтар системасы болса, құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аятарының құры-лысы көп рычагты болады. Бес саусақты аяқтары негізінен үш бөлімге бөлінеді: І-бөлім, алдыңғы аяқтарында -- тоқпан жілік (һуrеmus), артқы аяқтарында -- ортан жілік деген бір сүйектен тұрады. Бұлардың проксимальды ұшы белдеулерге, тоқпан жілік -- иықка, ортан жілік -- жамбас белдеуіне жалғасады; ІІ-бөлім, алдыңғы аяқтары -- кәрі жілік, артқы аяқтары -- асықты жіліктердің сүйектерінен түрады. Бұл бөлім параллель орналасқан екі сүйектен тұрады: кәрі жілік -- шыбық (гаdіus) сүйегі мен шынтақ (иlпа) сүйектерінен құралады, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен және асқ жілік шыбығынан тұрады. ІІІ-бөлім, алдыңғы аяқтарында -- қол басы сүйекгерінен, артқы аяқтарында -- табан сүйектерінен тұрады. Бұлардың әрқайсысы үш бөлімшеге бөлінеді:
1) алдыңғы аяқтары -- білезік сүйектерден,ал артқы аяқтары толарсақтан тұрады. Бұл бөлімше сүйектері үш қатар болып орналасқан 9 -- 10 ұсақ сүйекшелерден тұрады;
2) алдыңғы аяқтары -- алақан сүйектерінен, артқы аяқтары -- табан сүйектерінен құралады.
Бұл бөлімшенің сүйектері бірқатар болып орналасқан бес ұзынша сүйекшелерден қалыптасады;
3) алдынғы аяқтарында -- саусақтар , артқы аяқтарында -- башпайлары болады. Бұлар бес қатардан тұратын бірнеше ұсақ сүйекшелерден құралған.
Құйрықты амфибилердін, скелеті, осы келтірілген схемаға ұқсайды, ал бақалардың қаңқасы бұл схемадан өзгелеу болады. Ол өзгешеліктер: біріншіден, кәрі жілік және асықты жілік сүйектерінің элементтері кірігіп барып бір сүйекке айналады; екіншіден, білезік және толарсақ сүйектерінің көпшілік элементтері бір сүйек секілденіп қосылып кетеді; үшіншіден, артқы аяғының бірінші саусағының алдында рудиментті түрде, қосымша саусақ (ргаеһаlluх) болады. Бұл ерекшеліктер, бақалардың секіріп қозғалуының нәтижесінде пайда болған. .

Ет системасы. Балықтардың ет системасымен салыстырығанда қос мекенділердің ет системасының негізінен екі айырмашылығы бар. Ол айырмашылықтар қос мекенділердің бес саусақты аяқтарының көмегімен жер бетінде қозғалуына байланысты келіп шыққан. Біріншіден алдыңғы, артқы аяқтарында күрделі және күшті еттер дамиды. Екіншіден өте күрделі қозғалысына байланысты дене еттері бірсыпыра жіктелген. Ал балықтардың, еттеріндегі сегменттелу амфибилерде сақталмаған. Ет сегменттерінің метамерлі орналасуын құйрықсыздардың кеуде бөлімінің біраз жерінен көруге болады. Қүйрықтылар мен аяқсыздарда ет системасындағы метамерлі орналасу айқын байқалады. [1]
Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы кеңейіп келіп жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына хоандар, евстахиев түтіктері, көмекей саңылауы және осы қуысқа сілекей бездерінің жолдары да ашылады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын суландырып ішке қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз-жұтқыншақ қуысынық түп жағына тіл орналасқан. Тілінін, формасы түрліше болады. Қейбір құйрықты қос мекенділерде ол қозғалмайтын болып бекіген. Екінші бір түрінде тілі саңырауқүлақ пішіндес болып, жіңішке сабақшаның ұшына орналасқан. Бақалардың тілі аузының түбіне, алдыңғы үшымен бекіген, ал оның бос ұшы жайшылықта ауыздың ішіне қарай иіліп жатады. Барлық қос мекенділердің тілінің үстіңгі бетінен, желім сияқты шырын шығып тұрады. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана амфибилердің тілі болмайды. Тістері ұсақ біркелкі конус тәрізді, олардың ұштары ептеп артқа қарай иіліп тұрады. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ сүйектеріне, өре сүйегіне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сүйегіне де орналасады. Кейбір түрлерінде, мысалы құрбақаларда жақ сүйектерінде тістері болмайды. Қос мекенділердің ауыз-жұтқыншақ қуысындағы қоректік заттарының өңешке қарай жылжуына көз алмасы да көмектеседі.Өйткені көз алмасын ауыз-жұтқыншақ қуысыман жұқа шырынды перде ғана бөліп тұрады және ол арнаулы ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде коректік заттарды ауыз-жұтқыншақтың ішіне қарай итереді. Қысқа өңеш нашар бөлінген қарынмен жалғасады. Нағыз ішектері балықтардйң ішектерінен ұзынырақ болады. Он екі елі ішектің иініне ұйқы безі (раnсгеus) жабысып жатады. Бауыры үлкен, оның өті болады. Өт түтігі он екі елі ішекке ашылады. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Ішектің екінші бөлімі аш ішектен айқын ажыратылмаған -- тоқ ішек. Керісінше, үшінші бөлімі -- тік ішек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады.
Тыныс органдары. Ересек қос мекенділер өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі -- керегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық же-тілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алуының зор маңызы бар. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік ауданына қатынасы 2 : 3 қатынасындай. Ол сүт қоректілерде терінің беттік ауданынан 50 -- 100 есе артық болады. Жасыл бақалардың терісі арқылы қанның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енеді де, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Терінің тыныс шығаруда да үлкен маңызы бар Мысалы организмнен бөлінетін көмір қышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді. [4]

Америкадағы өкпесіз саламандра мен біздегі қиыр-шығыс тритондарының өкпесі толығынан жойылып кеткен. Олардағы газ алмасуы терісі және шырынды ауыз қуысы арқылы жүзеге асады. Қос мекенділердің личинкалары тармақталған сыртқы желбезек арқылы тыныс алады, ол көптеген түрлерінде кейінірек жойылып кетеді. Бірақ протейлер мен сирендерде олар өмір бойы сақталады. Ал амфиумдардың ересек формаларында өкпемен қатар ішкі желбезектері де болады.
Көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше болады. Ауаны ендіріп, шығарып тұруда насостың қызметін ауыз-жұтқыншак, бөлші атқарады. Ол төмен түскенде ашылып қалған танау арқылы ауа сыртқа шығады да, жоғары көтерілгенде танау жабылып қалады да, ондағы ауа өкпеге енеді.
Қан айналу системасы. Барлық қос мекенділердің жүрегі үш камералы, ол екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Төменгі сатыдағы формаларында (аяқсыз және құйрықтыларда) оң және сол жүрекшелері айқын бөлінбеген. Құйрықсыздардың жүрекшелерінің аралықтары пердемен толық бөлінген, бірақ барлық қос мекенділерде жүрекшелер қарыншамен бір ғана тесік арқылы қатысады. Жүректің бұл айтылған үш бөлімдерінен басқа оң жүрекшемен қатысатын вена қолтығы және артериялық конусы болады.
Жоғарғы сатыдағы құйрықсыз амфибилердің артериялық конусынан жалғыз ғана қан тамыры, яғни құрсақ аортасы басталады, бұл қолқадан үш пар артериялық доғалар шығады.Бірінші пар артерия доғасы таза артериялық қанды бас бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы (аrtегіа сагоtis) деп атайды. Ол артерия сабағының құрсақ жағынан кетеді. Екінші пар артерия доғасы да артерия сабағының құрсақ жағынан шығады, мұны қолқа системасының доғасы деп атайды. Бұл доғадан иық белдеуіне, қолға артерия қанын апаратын иық асты артериялары. (аrtегіа siһсlаvіа) кетеді. Он. және сол жақ системалық доғалар жарты шеңбер жасап иіліп, өз ара қосылып арқа аортасын (аогtа dогsаlіs) құрайды. Ол омыртқаның астыңғы бетін қуалай отырып, денесінің артқы бөліміне орналасады, одан ішкі органдарға баратын қан тамырының тармақшалары шығады. Үшінші пар артерия -- артерия сабағының үстіңгі, арқа жақ бөлімінен шығады. Ол қанды өкпеге апаратын болғандықтан өкпе артериялары (агtегіа риlmоnаіs) деп аталады. Әрбір өкпе артериясынан бірден үлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде ве-ноздық қан оттегіне қанығады, яғни тотығады. Мұны -- тері артериясы (агtегіа сиtаnеа) деп атайды.
Өкпесі бар құйрықты амфибилердің артериялық кан тамыр-ларының схемасы -- осы жоғарыда келтірген схема сияқты. Құйрықсыздардан бір ерекшеліп, бұларда артерия доғасы төртеу болады. Бұдан басқа өкпе артериялары боталов өзегі арқылы аортаның системалық доғасымен байланысын сақтап қалған.
Өмір бойы желбезегі арқылы тыныс алатын құйрықты амфибилердің қан айналу схемасы, балықтардың және жоғарғы сатыдағы амфибилердің личинкаларынын, қан айналу жүйелеріне ұқсайды. Бұлардың құрсақ аорталарынан төрт пар артерия доғасы кетеді, оның үшеуі желбезекке, төртіншісі арқа аортасына айналады.
Төменгі сатыдағы амфибилердің веноздық системасы қос тынысты балықтардың веноздық системасына ұқсайды. Құйрықсыз амфибилерде кардинал веналары сақталмаған. Денесіндегі барлық вена қандары аршық қуыс венасына (vепа саvа роstегіог) жиналып, одан вена қолтығына барып құяды. Бұларда құрсақ жэне ішек асты веналары бар. Олар бауыр-дың қақпа вена системасын құрайды. Кардинал веналарының болмауына байланысты, кювьеров өзектері де құралмаған. Ярем-дық веналар иық асты веналарымен қосылып, алдыңғы пар қуыс веналарын (vепа саvа аntегіог) құрайды, ол қанды вена қолтығына апарып құяды. Жоғарғы қуыс веналарға артериалық қандары бар, тері веналары келіп жалғасады. Өкпе веналары бірден сол жүрекшеге барып құйылады. Қорытындысында қан тамырларымен қанның қозғалу схемасын қарастырамыз. Вена қаны -- вена қолтығына, одан оң жүрекшеге барып құяды.
Сол кезде сол жүрекшеге өкпе веналары арқылы таза артерия қаны келіп құйылады. Жүрекшелер жиырылған кезде артериялық және веноздық қандар екі жүрекшеге ортақ тесік арқылы қарыншаға келеді. Осы кезде қарыншада веноздық және артериялық қан араласып кетеді деген ертеден келе жатқан пікір дұрыс та, бірақ оның сол жақ бөліміндегі қан, оң жақ бөліміндегі қанға қарағанда оттегіне бай болады. Соның нәтижесінде үш артериялық доғаға (ұйқы, системалық, өкпе) аралас қан келеді.
Нерв системасы. Миының құрылысынан бірнеше прогрессивтік белгілер байқалады. Қос мекенділердің миын балықтардын, миымен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу, ол ми жарты шарларына бөлшген, сонымен катар бүйір қарыншаларының түбі ғана емес, олардың бүйірі, үсті ми заттарынан құралған .Сөйтіп, қос мекенділерде нағыз ми күмбезі -- архипаллиум болады. Ортаңғы миы онша үлкен болмайды. Мишығы өте аз болады, кейбір құйрықтылардағы оның мөлшерін тіпті елеуге болмайды. Мидың бүл бөлімінің нашар дамуы амфибилердің қозғалысының күрделі болмай, біркелкі болуына байланысты.

4-сурет.Бақаның миы
1 -- алдыңғы мидың жарты шарлары, 2 -- иіс бөлші, 3 -- иіс нррві, 4 -- аралық ми; 5-көру хиазмасы, 6 -- шатырша, 7 -- гипофиз, 8 -- ортаңғы ми, 9 -- мишық, 10 -- сопақша
ми, 11 -- -төртшші қарынша, 12 -- жұлын, 13 -- үшшші қарынша, 14 -- сильвиев түтіп.

Мидан он пар бас нервтері шығады, он бірінші пары (қосымша нерв) дамымаған, он екінші пары ми сауытынан тысқары бөлімінен шығады. Құйрықтылардың және құйрықсыздардың жұлын нервтері, иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртка жотасының екі жағын қуалай орналасқан, симпатика-лық нерв системасы жақсы дамыған.
Көру органдары. Жартылай құрлықта тіршілік етуіне бай-ланысты, амфибилердің көздерінің құрылысында бірнеше ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер: 1. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Үстіңгі және астыңғы қабақтан басқа көздің алдыңғы бұрышына орналасқан, үшінші қабақ, яғни кірпік қағу жарғағы болады. 2. Көздің мөлдір қабығының, (қасаң) пішіні балықтардікіндей тегіс болмай -- дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай -- линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қос мекенділердің, балықтарға қарағанда алысырақтан көрулеріне мүмкіндік береді. Мұндағы бір есте сақтайтын жағдай, амфибилер суда болған кезінде мөлдір қабық түзу болады да құрлықта дөңес пішіндес болып өзгеріп кететіні. 3. Кірпік еттерінің әсерінен, көз хрусталигі қозғалып, амфибилердің көру аккомодациясын жақсартады.
Есіту органы. Балыктарға қарағанда бұлардың есіту органы анағұрлым күрделі және дыбысты қабылдауға жақсырақ бейімделген. Бұл жоғарғы сатыдағы (құйрықсыз) амфибилерде айқынырақ байқалады. Амфибилерде, балықтардағыдай ішкі құлақ -- лабиринт жарғағының болуымен қатар, ортаңғы құлақ та бар. Ортаңғы құлақ қуысының бір ұшы ауыз-жұтқыншаққа ашылады да, екінші үшы басының ең жоғарғы бетіне жақындайды. Оның сырты жұқа жарғақпен жалғасады, оны дабыл жарғағы деп атайды. Бұл қуыс иірім құрайды, оның төбесі жарғақ лабиринттің жиегіне тиіп жатады. Дабыл жарғағынан жарғақ лабиринтіне дейінгі қуыстын. жоғарғы бөлімін -- дабыл қуысы деп атайды. Дабыл қуысының ішінде таяқша тәрізді сүйекше (stареs) орналасқан. Оның бір ұшы оваль тесігіне (окно), екінші ұшы дабыл жарғағына жанасады. Ортаңғы кұлақ қуысының төменгі ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлімі, евстахиев түтігі деп аталады. Салыстырмалы анатомиямен эмбриология мәліметтері ортаңғы құлақ қуысы балықтардың брызгальцаларының туындысы екендігін, яғни жақ пен тіл асты доғаларының арасында жатқан -- желбезек саңылауларының рудименті екендігін көрсетеді; ал есіту сүйекшесі -- тіл асты доғасының үстіңгі бөліміне -- гиомандибулярге туынды болып саналады.Аяқсыздар мен құйрықтыларда дабыл жарғағы мен дабыл қуысы болмайды, бірақ есіту сүйекшесі жақсы жетілген.
Иіс сезу органы. Амфибилерде парлы иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір пар танау тесігімен қатысады. Иіс сезу капсуласынан ішкі танау тесігі хоандар кетеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос мекенділердің сыртқы және ішкі органдарының құрылысы
Қазақстанның герпетофаунасы
Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Сүйекті балыктардын ішкі құрылысы
Қосмекенділер туралы мағлұмат
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Қосмекенділердің жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің дамуы
Дөңгелек ауыздылардың ішкі және сыртқы құрылысы
Балықтардың қаңқасы
ҚҰЙРЫҚСЫЗ ҚОСМЕКЕНДІЛЕР
Пәндер