Табиғат және жер-су иелеріне сиынумен байланысты агиотопонимдер



Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Табиғат және жер.су иелеріне сиынумен байланысты агиотопонимдер
2.Жер.су атарының тарихи зертеулер.
3.Жер.су аттарының этнолексикалық сиптты.

ІІІ.Қорытынды.

Әдебиеттер
Кіріспе
Р.М.Мустафина өз зерттеулерінде жер-су иелерін (покровители местности) әулиелердің бөлекше категориясы деп бөліп қарайды. Бұлардың қатарына ол өзіне ықылас еткендерді желеп-жебеп отыратын, ал өзіне теріс қылық көрсеткендерді қиындыққа душар ететін көріпкел Үндемес ата әулиені жатқызады.
Бір қызығы, мұндай әулиелердің қатары, Мустафинаның байқауынша, үнемі жаңа персоналдармен толығып отырады екен. Мәселен, Қызылорда облысында әулиелердің осы қатарында 1861 жылы туып, 1926 жылы қайтыс болған емші Ахмет Оразовты атайтындығына зерттеушінің көзі жеткен. Оңтүстік Қазақстанның этномаркерлі топонимдерінде ізі сақталған шоқылар, өзендер, бастау-бұлақтар, үңгірлер, жапан түздегі жалғыз дарақтар кие түтудың негізгі көздері болып табылады. Бұларды кие түту көне замандағы анимизм дәуірімен ұласып жатады.
Ш.Уалиханов қазақтардың наным-сеніміне арнайы тоқтала келіп, табиғаттың ғажайып құбылыстарын қасиеггі санап, киелі деп түсінгенін және олар әулиелердің (ислам дәстүріндегі) қатысуымен жүзеге асады деп білгенін барлық қорғандардың оба "үйінді" деп аталатынын, жапандағы жалғыз дарақ немесе қисық-қыңыр болып өскен ағаш киелі саналып, оның түбіне қонатын болғанын жазады.
Оңтүстік Қазақстанның көптеген жерінде қасиетті саналып, киелі көрінетін әулие бастау деген атаулар бар. Мәселен, Келте-Машат қыстағына жақын жердегі жергілікті тұрғындар көл деп атайтын үлкен бір бұлақты қайсыбір тұрғындар Көз Әулие деп, яғни "қасиетті бұлақ" деген мағынада атайды. Бұлай болу себебі жаңадан тәуіпшілікті бастаған А.К. деген кісіге әруақтар бұл қасиетті бұлақтың атауы Көз Әулие деп аян берген екен.
Қасиетті жер-су жайында көптеген аңыз-әңгімелер сол жерде болған немесе әлі де бар жыландарға қатысты айтылады. Шақпақ ата деп аталатын қасиетті үңгірдің кие түту жылан бейнесімен байланысты болып келеді. Бала көтермеген әйел осы үңгірде түнеуге қалады, егер ол күнәдан пәк болса, түнде үлкендігі кісі басындай жылан келіп, еш ауыртпастан, шақпастан әлгі әйелдің денесіне оралады дейді.
Қазақтарда жылан жайында көптеген аңыз бен наным-сенім бар. Мысалы, солардың бірі — Жанкент қаласын жылан қиратыпты деген аңыз. Бадам өзенінің сол жағалауындағы Тақия төбе Жылан бұзған деп аталады, сол жердегі қырғыздың (қазақтың) айтуынша, жыланның көптігі сондай, адамдар бұл жерден қоныс аударуға мәжбүр болған деген аңыз бар.
Алатау- дәл осындай дыбыстық құрамда айтылатын тау аттары тек Қазақстан Республикасы камтып жатқан жер көлемінде ғана емес, басқа да аймақтарда жиі кез-деседі. Мысалы, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы және тағы басқалар.
Сырт көзге "Алатау" атауының қалай, қайдан пайда болғандығы ешқандай жұмбақ емес сияқты. Өйткені "ала" сөзінің берер мағынасы кез келген қазақ баласына түсінікті. Оны тіліміздің түсіндірме сөздігі —"ақ және басқа түстердің араласып келген түрі" деп ұғыңдырады. "Ала" сөзі көптеген зат атауларымен тіркесіп келе береді: "ала ат", "ала текемет", "ала үйрек" және т. б. Осы мысалдармен салыстыра, сәйкестіре қарап, "Алатау" атауындағы "ала" сөзін таудың түсіне байланысты туған десек, қателескен болар едік, әрі бұлай ойласақ, оның "аланың' шыққан тегін, төркінін іздестірудің де қажеті жоқ. Әрине, көрер көзге біз білетін Алатау қарлы, қарсыз шоқыларымен ала қалпында көрінетіні де рас. Дегенмен, біз кейбір тілдік деректерді тілге тиек ете отырып, "Алатау" атауының қалыптасуына өзгеше пікір ұсынбақпыз.
Алтай тобына жататын, түркі тілдерімен туыстас маньчжур тілінде: "ала" сөзінің "таумен" байланысты мынадай мағыналарын ұшыратамыз: 1) қырқа; 2) төбешік; 3) тау адырлары; 4) тау тізбегі. Бұл келтірген тілдік мәліметтен аңғаратынымыз — таудың онша биік еместігі және тау болып көрінетін қырқалардың тізбегі. Осыны ескерсек, "Алатау"-дың дәл мағынасы —"қырқалы тау" немесе "адырлар тізбегі" болмақ. Шын мәнісінде де, Алатау өздерің білетін Гималай, Памир т. б. тауларға қарағанда биіктігі жағынан онша оза коймайтыны белгілі. Ойымызға тағы бір арқау боларлық дерек, Ақтөбе облысының кей жерлерінде кездесетін қырат, шоқыларды "алатау" деп атайтынын экспедиция кезінде естігеніміз де бар»
Алқау - Торғай облысындағы Жангелдин ауданына қарайтын жер атауы Алқау — аудан орталығы Торғай поселкесінен 40 шақырымдай, солтүстік шығыс жағында,
Әдебиеттер.



1.Этнолигивистикалық талдау.-Алматы,1991.
2.Тілеубердиев.Б. Оңтүстік Қазақстан Этнолигивистикалық лексикасы.-Алматы,1999.
3.Жүнісов.Д. Өзен –көл атаулары.-Алматы,1991.
4.Жер-судың аты тарихтың хаты.-Алматы,1994.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Табиғат және жер-су иелеріне сиынумен байланысты агиотопонимдер
2.Жер-су атарының тарихи зертеулер.
3.Жер-су аттарының этнолексикалық сиптты.
ІІІ.Қорытынды.
Әдебиеттер

Кіріспе
Р.М.Мустафина өз зерттеулерінде жер-су иелерін (покровители местности)
әулиелердің бөлекше категориясы деп бөліп қарайды. Бұлардың қатарына ол
өзіне ықылас еткендерді желеп-жебеп отыратын, ал өзіне теріс қылық
көрсеткендерді қиындыққа душар ететін көріпкел Үндемес ата әулиені
жатқызады.
Бір қызығы, мұндай әулиелердің қатары, Мустафинаның байқауынша,
үнемі жаңа персоналдармен толығып отырады екен. Мәселен, Қызылорда
облысында әулиелердің осы қатарында 1861 жылы туып, 1926 жылы қайтыс болған
емші Ахмет Оразовты атайтындығына зерттеушінің көзі жеткен. Оңтүстік
Қазақстанның этномаркерлі топонимдерінде ізі сақталған шоқылар, өзендер,
бастау-бұлақтар, үңгірлер, жапан түздегі жалғыз дарақтар кие түтудың
негізгі көздері болып табылады. Бұларды кие түту көне замандағы анимизм
дәуірімен ұласып жатады.
Ш.Уалиханов қазақтардың наным-сеніміне арнайы тоқтала келіп, табиғаттың
ғажайып құбылыстарын қасиеггі санап, киелі деп түсінгенін және олар
әулиелердің (ислам дәстүріндегі) қатысуымен жүзеге асады деп білгенін
барлық қорғандардың оба "үйінді" деп аталатынын, жапандағы жалғыз дарақ
немесе қисық-қыңыр болып өскен ағаш киелі саналып, оның түбіне қонатын
болғанын жазады.
Оңтүстік Қазақстанның көптеген жерінде қасиетті саналып, киелі
көрінетін әулие бастау деген атаулар бар. Мәселен, Келте-Машат қыстағына
жақын жердегі жергілікті тұрғындар көл деп атайтын үлкен бір бұлақты
қайсыбір тұрғындар Көз Әулие деп, яғни "қасиетті бұлақ" деген мағынада
атайды. Бұлай болу себебі жаңадан тәуіпшілікті бастаған А.К. деген кісіге
әруақтар бұл қасиетті бұлақтың атауы Көз Әулие деп аян берген екен.
Қасиетті жер-су жайында көптеген аңыз-әңгімелер сол жерде болған немесе
әлі де бар жыландарға қатысты айтылады. Шақпақ ата деп аталатын қасиетті
үңгірдің кие түту жылан бейнесімен байланысты болып келеді. Бала көтермеген
әйел осы үңгірде түнеуге қалады, егер ол күнәдан пәк болса, түнде үлкендігі
кісі басындай жылан келіп, еш ауыртпастан, шақпастан әлгі әйелдің денесіне
оралады дейді.
Қазақтарда жылан жайында көптеген аңыз бен наным-сенім бар. Мысалы,
солардың бірі — Жанкент қаласын жылан қиратыпты деген аңыз. Бадам өзенінің
сол жағалауындағы Тақия төбе Жылан бұзған деп аталады, сол жердегі
қырғыздың (қазақтың) айтуынша, жыланның көптігі сондай, адамдар бұл жерден
қоныс аударуға мәжбүр болған деген аңыз бар.
Алатау- дәл осындай дыбыстық құрамда айтылатын тау аттары тек Қазақстан
Республикасы камтып жатқан жер көлемінде ғана емес, басқа да аймақтарда жиі
кез-деседі. Мысалы, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы және тағы
басқалар.
Сырт көзге "Алатау" атауының қалай, қайдан пайда болғандығы ешқандай
жұмбақ емес сияқты. Өйткені "ала" сөзінің берер мағынасы кез келген
қазақ баласына түсінікті. Оны тіліміздің түсіндірме сөздігі —"ақ және
басқа түстердің араласып келген түрі" деп ұғыңдырады. "Ала" сөзі көптеген
зат атауларымен тіркесіп келе береді: "ала ат", "ала текемет", "ала үйрек"
және т. б. Осы мысалдармен салыстыра, сәйкестіре қарап, "Алатау" атауындағы
"ала" сөзін таудың түсіне байланысты туған десек, қателескен болар едік,
әрі бұлай ойласақ, оның "аланың' шыққан тегін, төркінін іздестірудің де
қажеті жоқ. Әрине, көрер көзге біз білетін Алатау қарлы, қарсыз шоқыларымен
ала қалпында көрінетіні де рас. Дегенмен, біз кейбір тілдік деректерді
тілге тиек ете отырып, "Алатау" атауының қалыптасуына өзгеше пікір
ұсынбақпыз.
Алтай тобына жататын, түркі тілдерімен туыстас маньчжур тілінде: "ала"
сөзінің "таумен" байланысты мынадай мағыналарын ұшыратамыз: 1) қырқа; 2)
төбешік; 3) тау адырлары; 4) тау тізбегі. Бұл келтірген тілдік мәліметтен
аңғаратынымыз — таудың онша биік еместігі және тау болып көрінетін
қырқалардың тізбегі. Осыны ескерсек, "Алатау"-дың дәл мағынасы —"қырқалы
тау" немесе "адырлар тізбегі" болмақ. Шын мәнісінде де, Алатау өздерің
білетін Гималай, Памир т. б. тауларға қарағанда биіктігі жағынан онша оза
коймайтыны белгілі. Ойымызға тағы бір арқау боларлық дерек, Ақтөбе
облысының кей жерлерінде кездесетін қырат, шоқыларды "алатау" деп атайтынын
экспедиция кезінде естігеніміз де бар
Алқау - Торғай облысындағы Жангелдин ауданына қарайтын жер атауы Алқау
— аудан орталығы Торғай поселкесінен 40 шақырымдай, солтүстік шығыс
жағында, Торғай өзенінің оң жағасына орқаласқан жазық жер.
Ескерте кететін бір жайт — бұл атау осы кезге дейін жер-су атауын
зерттеушілердің біреуінің де қаламына ілікпеген. Сондай-ақ, осы атауға
негіз боларлық, қазақ тілінде дәл мұндай дыбыстық құрамда сөз де
кездеспейді.
Алайда, дыбыстық құрамы әрі мағынасы жағынан "Алқауға" жақын деп,
жағыстырарлық сөзді басқа түркі тілдері деректерінен табуға болады.
Біріншіден, В. В. Радлов сөздігінде "алы-ко" немесе "алы-кои" тұлғалы
сөздердің түрік тіліндегі мағынасы -"бөгеу", "кідірту". Екіншіден, түркі
тілдерінің бірі — то-фаларда "алһығ"— қазақ тіліндегі "жазық, кеңістік"
мағыналарын меншіктенсе, ертедегі түркі тілдері сөздігінде дәл осындай
түсінікті "алһығ" сөзі бере алған. Үшіншіден, түркі тілдерімен туыстас
монғол тіліндегі "алгуу" дыбыстық құрамдағы тұлға "жай, баяу"дейтін мағына
береді.
Көрсетілген тілдік деректерді ескере келіп, біз мынадай тұспалға
тоқтауды мақұл көрдік. Жоғарыда келтірілген үш тұлғаның қай-қайсысы да тек
дыбыстық құрам жағынан ғана емес, мағыналары жағынан да бірінен-бірі
өрбіген. Мағына жағынан бұлардың алғашқысы — көне түркі тілдері сөздігінде
кездесіп отырған "жазық, кеңістік" түсінігін беретін —"алһығ" сезі және еш
кейбір түркі тілдеріңде сақталғанын да тофаларда көріп отырсыздар. Ал
түрік тілі мен монғол тіліңдегі осы тұлғалас сөздердің мағынасын туыңды деп
санаймыз. Өйткені жазық, тегіс жерден ағып өтетін өзен суы (бұл жерде
Торғай өзені еске алыңды) В. В. Раддов керсеткеңдей —"бөгеле", "кідіре"
ағатыны немесе монғол тіліндегідей —"жай, баяу" жылжитыны да әркімге аян.
Қорыта айтқанда, әңгіме болып отырған жер атауы — Алқау" сөзінің
тұңғыш мағынасы "жазық", "тегіс" дегенді білдірген. Бұл ойымызды сол жердің
бедері де анықтағандай.
Алтай- Хатун және Ертіс өзендері аралығындағы тау.
Таулы өлке —"Алтай" атауы жөнінде зерттеушілер пікірі әр түрлі. Олардың
басым көпшілігі Алтай тауының атауын бағалы металл — алтынмен
байланыстырады.
Біз бұл болжамға қосыла алмаймыз. Өйткені сонау ежелгі түркі тілдері
ескерткіштерінен бастап, осы күндерде өмір сүріп отырған түркі тілдерінің
бәрінде де "алтын" сөзінің соңғы "н" дыбысьшың "й"-ға айналғанын көре
алмадық. Көне түркі тілдерінде — алтун, қазіргі тілдерде: якуттарда —
алтан, туваларда — алдын, хакас тілінде — алтын және т. б.
Аманқарағай — бұл Қостанай облысындағы Семиозер (бұрынғы аты
Әулиекөл) поселкесінен 5 — 6 шақырым жердегі қалың қарағайлы жер.
Осы жерде Аманқарағай аталатын темір жол стансасы да бар. Кейбір
зерттеушілер мұны көне түркіше "емен-қарағай мәніндегі атау" деген
топшылаудан әрі бармайды.
Атаудың —"аман" және "қарағай" деген екі сөзден пайда болғандығы
белгілі.
Алгашқы "аман" сөзі біадің тілімізде де жиі қолданылатынын өздерің
білесіндер. Алайда оның төркіні — араб тілі. Оңда "аман" сөзінің екі түрлі
мағынасы бар: біріншісі — қауіпсіздік, тьшыштық; екішшсі - рақымдылық,
мейірімділік. Дал осыңдай мағыналарда оны парсы тілінен де ұшыратамыз.
Әрине, бұларға да араб тілінен ауысқан. Парсы тілінде "пана, қорғаныш жер"
іспеттес тағы бір мағына меншіктенген.
Біріккен сөздің екіншісі —"қарағай". Бұл — емен, қайың, терек деген
сияқты, ағаштың бір түрінің аты. "Қарағай" сөзінің өзін де екі сөздің
қосындысы деп қарауға мүмкіндік мол. Алғашқысы —"Қара" (түске байланысты
айтылатын сөз), екіншісі —"ағаш". Қосып айтсақ "Қараағаш" болып шығады.
Соңғы "ш" дыбысының "й"-ға ауысуы — түркі тілдерінде жиі кездесетін дыбыс
сәйкестіктерінің нәтижесі.
Осы болжамымыз бойынша, "Аманқарағай" атауын қазірғі ұғымға сәйкес
қазақшаласақ —"қауіпсіз қара ағаш" немесе "тыныштық қара ағашы" болып
шығады. Аманқарағайдан сәл әрігіректе "Арақарағай" деген де қалың ағаш
атауы бар. Мұндағы "ара" сөзінің мағынасы —"ортадағы, аралықтағы" екендігі
айтпасақ та түсінікті.
Амур — қиыр шығыста РСФСР мен Қытай шекарасы арқылы өтетін өзен аты.
Әрине, оның қазақ жер-су атауына, дәл қазіргі тұрғыдан алғанда, ешқандай
қатысы жоқ. Алайда, атаудың дүниеге келуі — Алтай жүйесіне жататын, дәлірек
айтсақ, тунгус-маньчжур тобындағы тілдерге тікелей байланысты. Осы топқа
жататын Солон Эвен ұғындырады. Амур өзенінің Аргунь деген саласы бар.
Оның төркіні туралы сәл кейінірек тоқталамыз. Аққаты - Батыс Қазақстан
облысы Жымпиты,Чапаев аудандары жеріндегі өзен аты. Осы өзен атына ойылған
поселке және совхоз да бар. Аңқаты" сөзінің түпөркіні жөнінде әлі деректі
мәлімет жоқ. Көп жағдайда жерге ат қою оның бедер белгісімен
байланыстырылады. Ақадыр, Қарашоқы сияқты жер атаулары осының дәлелі
болмақ.Осы жағдайды ескере келіп, Аңқаты өзенінің аты түркі, әрі кетсе,
тунгус-маньчжур тобына жататын тілдерде кездесетін мына сияқты сөздермен
түбірлес әрі мағыналас деп қараймыз. Қырғыз тілінде: ан — шұқыр, ор;
якуттарда: аңхай — жыра, жылға, сай, сф маньчжур-да: аңға — өзен сағасы;
әвенкі тілінде: оқат і— өзен. Экспедиция кезінде "Аңқаты" аталатын Жердің
жыра мен сайға кедей еместігін көзбен көрдік.
Якут тіліндегі "аңхай" мен маньчжурлардағы "аңға" сөздерінің қай-
қайсысы болса да, "аңқаты" сөзімен түбірлес және мағыналас екеңдігі анық.
Осыған сүйенсек казіргі тіліміздегі жыра, сай мағынасы ертедегі түркі
тілдеріңде "аңқа" тұлғасымен берілген. "Аңқа" түбіріне молдық, көптік
мөлшерді білдіретін -лы, (-лі) жұрнағының көне түрі-ты қосылып, "Аңқаты"
тұлғалас жер атауы қалыптасқан. Сөйтіп "Аңқатының" мағынасы — "жыралы",
"сайлы" болмақ.
Аңырақай — бір зерттеуші мұны тау жотасының атауы десе, енді біреулері
тау аралығындағы аңғар, шатқал деп ұғындырады.
Біздің байқауымызша, тау аралығындағы үңгір, аңғар атауы деп
байымдайтындардікі жөн сияқты. Мұны дәлелдеу үшін алысқа бармай-ақ, қырғыз
тілінің сөздігіне жүгінсек те жеткілікті.
К. К. Юдахин құрастырған "қырғызша-орысша сөздікте" "аңырақай" сөзінің
мағынасы —"үлкен аңғар, кең шатқал" деп түсіңдірілген. Дыбыстық құрамы
жағынан мұның біз әңгіме етіп, төрқінін іздестіріп отырған "Аңырақайдан"
ешқандай айырмасы жоқ. Түптеп келгенде, мүндағы сөз түбірі осының алдында
ғана әңгіме болған "Аңқатымен" бірдей. Ерекшелік тек сөз түбірі "аң"-ға
қосылған жұрнақтарда ғана болып отыр. "Аңырақайда" ертедегі жұрнақ
сақталған. Мұндай жұрнақ монғол тілінде жиі кездеседі. Тіпті біздегі
"аңырай" сезі де, сөз болып отырған "Аңырақайдан" алшақ қетпейді. Осыларды
ескере келгенде, "Аңырақай" атауы тау жотасына ,емес, солардың арасындағы
кең де үлкен аңғар, шатқалдарға арналған. Демек, сөз түбірі түркі, монғол
тобындағы тідерге ежелден ортақ. Бұған дәлел ретіңде монгол тілінде "ашық"
мағынасын беретін —"онгорхой" сөзін келтірсек те жеткішкті.
Арасанқапал — Талдықорған облысы жеріндегі емдеу орны бар елді мекен.
Мұны "Қапаларасан" деп те атайды.
Жер атауының екі сөздің бірігуінен пайда болғандығы дау тудырмайды.
Олардың біріншісі —"арасан", екіншісі — "қапал". Аталған сөздердің түпкі
төркіні қай тіл және алғашқы мағыналары неге нұсқайды, осыған жауап табу
қажет.
"Арасан" сөзі қазіргі кездегі бірқатар түркі, монғол тобындағы
тілдерде, тіпті тунгус-маньчжурларда да кездеседі. Бір-екі мысал
келтірейік. Қырғыз тілінде —"арашан", монғолша -"аршаан", маньчжурларда —
"арашан". Алайда, "арасанның" алғашқы шыққан түп төркіні — санскрит, яғни
ежелгі үнді әдеби тілі. Оларда "рашаайана" қалпыңда дыбысталып, беретін
мағынасы —"шипа, ем суы". Жоғарыда көрсетілген тілдерде де осы мағынада
қолданылады. Әрине, "арасан" сөзінің бұл мағьшасы бұрыннан да белгілі.
Сөздің екінші сыңары "қапал" туралы зерттеушілер пікірі әр түрлі. Бірі
—"бұл сөздің мағынасы белгісіз" десе, калғғңдары "қапал" сөзін "қопа"-мен
байланыстырады. Қазіргі түсінігімізде "қопа" мағынасы - кадді жерде өсетін
калын камыс, қога. Олар осы жорамал бойынша, "Арасанқападың — "копалы
каддегі шипа суы" деген ұғымға балайды.
Бұл жорамалды біз қостамаймыз. Басты себеп — зерттеушілердің бұл ойы
тек дыбыстық құрамдагы сәйкестіктен шыққан. Дәлірек айтқанда, "қопа"-ның
"қапал"-ға айналуы жөніндегі жорамалынан туындаған.
Біз мына бір тілдік дерекке табан тірей отырып, өз болжамымызды
ұсынамыз. Араб тілінде "қафал" сөзінің: 1) жиналу; ағып келіп, бір жерге
жиналу; 2) толу дейтін мағыналары бар. (Басқа мағыналары туыңды ұғымдар).
Осындай тілдік деректер тұрғанда, шипа, ем боларлық суды қопамен
байланыстыру орынсыз. Сонда "Арасан қапал" дегеніміз, қазақша айтсақ, "ем
суының жиналған" жері болып шықпақ.
Бұл жерде түркі тілдеріне араб, парсылардан және керісінше, түркі
тілдерінен араб, парсы тілдеріне сөз ауысу мүмкіндігін есте ұстаған жөн.
Аргунь — әлгінде әңгіме етілген Амур өзенінің саласы. Бұл өзен атауының
тууына Алтай жүйесіне жататын тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің әсері
болған. Амурдың бұл саласы басын сол төңіректегі кішігірім жоталардан
алады. Демек, саланың көзі — бұлақтардан аққан су. Сондықтан да өзен суының
таза болуы заңды. Бізді бұл ойға жетелеп отырған тунгус-маньчжур тілінің
дерегі. Алайда, дерек ретінде ұсынғалы отырған сөзіміз оларға монғол
тілінен ауысқандығы байқалады. Жазба манғол тіліндегі "ариғун"сөзі қазақ
тіліне аударғанда "таза" деген мағына береді.
Арқа — батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы Тарбағатайдың батыс
сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш
көліне ұласқан кең дала. Мұны —"Сарыарқа" деп те атайды. Бұл туралы әңгіме
кейінірек болмақ. Ал қазір Арқа атауының бұрын қандай түсінік бергендігіне
тоқталмақпыз.
"Арқа" сөзінің бізге мәлім мағынасынан басқа да көптеген мағыналары
бар.
Қазақ тіліне бір табан жақын қырғыздарда "арка" тұлғасы "солтүстік",
одан әрі якут тілінде "арғаа"—"батыс, батыс жақ", туваларда "арга"— бірде
"таулы", екінші жерде "қылқан жапырақты ағаш", тунгус-маньчжур тобындағы
тілдердің кейбіреуінде "аргаа"—"батыс", ал монғолдарда: "ара" сөзі
"солтүстік" сияқты ұымдарды меншіктенеді.
Біздің байқауымызша, осы мағыналардың ішінде мына жер атауы —"Арқаға"
сәйкес келетіні "батыс" немесе "солтүстік" ұғымдары. Егер біз тарих
шындығына бой ұрсақ, түркі халықтарының көбірек шоғырлана қоныстанған
мекені монғол даласы мен Алтай төңірегі деп танысақ, мына сөз болып отырған
жер, дұрысында да, олардың батыс, солтүстік жағында болғандығын аңғару қиын
емес. Осымен байланысты бұл жерді сол кезде-ақ "Арқа" деп атаса керек.
Демек, "Арқаның" алғашқы мағынасы қазіргі кездегі "батыс"не "солтүстік"
ұғымы болмақшы.
Арқалық — Торғай облысының орталығы. Қала — орңаласқан жерінің атауын
меншіктенген. Бір зерттеушінің пікірінше, жер атауы, біз жоғарыда көрсеткен
"солтүстік", "батыс" мағыналарын беретін "арқа" сөзімен байланысты пайда
болған.Башқұрт тілінде "арғыллы" сөзі "таулы", ал "арғыллы урын" тіркесі
"таулы жер" деген мағына береді. Мұны хакас тілі дерегі қуаттай түседі.
Оларда "арғалығ" дыбыстық құрамдағы сөздің екі түрлі ұғымы бар: 1) жоталы;
2) биік; үстірт (жер туралы).
Расында да, Арқалық қаласы мен Аркалық ауданының орналасқан жері
үстіртті, шоқылы болып келеді. Сол жерлерден боксит, қоңыр көмір кендері
қазылып алынады. Шығыстан батысқа карай аласара түсетін бұл адырлы
жерлердің теңіз бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып келеді.
Келтірілген тіл деректері мен жер бедеріне сүйене отырып, "Арқалық" өз
атауын орналасқан жердің бедеріне байланысты иеленген, дәлірек айтқанда,
түркі тілдерінде ертеректе жоталы, үстіртті жерлер "аркалық" сөзімен
аталған деуге болады.
Атырау — Гурьев облысы мен қаласы бұдан былай Атырау деп аталады.
"Атырау"— ертеден қолданылып келе жатқан сөз. Қазіргі қолданысымыздағы
мағынасы "Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігінде" көрсетілгендей — "өзеннің
теңізге құятын сағасы".
Алайда, оның дәл қазіргі мағынасы, алғашқы ұғымынан сәл алшақ. Ертедегі
түркі жазба ескерткіштерінің сөздігіне жүгінсек, оңда "отруғ" дыбыстық
құрамдағы сөздің ежелгі мағынасы қазіргі түсінігіміздегі "арал" дегенге
нұсқайды. Осы тұлға мен мағына қазіргі кездегі кейбір түркі тілдерінде
сакталғандығына да дерек жоқ емес. Қазан татарлары мен Чулым татарлары
тіліңде: "утрау" тллғалы сөз де "арал" мағынасында қолданылады.
"Отруғ" және "утрау" сөздерінің қазақ тілінде "атырау" болып қалыптасуы
да, түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестігінің заңдылығынан тысқары кетпейді.
Сондай-ақ, бұрын "арал" мағынасын берген "атырау"-дың "саға" сөзінің
ұғымына жармасуында да табиғи заңдылық бар. Қандай өзен болмасын мұхитқа
немесе теңізге құйылар жерде арнасы сала-салаға бөлініп, әр саланың
арасында кішігірім құрлықтар пайда болады. Міне, осы құрлықтар өзіне
ертеден тән атау "атырауды" талап еткендей болады. "Атыраудың" сағамен
қосарлана қолданылуының басты себебі осы деп ойлаймыз.
Байқал — РСФСР-дағы Бурят Республикасы мен Иркутск облысы аралығында
орналасқан үлкен көл.
Қазақсган жеріне қатысы болмаса да, бұл көлдің "Байқал" аталуына түркі
тілдерінің бірінің әсері балғаңдықтан назардан сырт қалдыруды оғаш көрдік.
Түркі тілдерінің бірі якуттың "байғал" дыбыстық құрамдағы сөзі, біздің
түсінігімізде "теңіз, мұхит" мағыналарында қолданылады да, ал "байғал
баала" сөз тіркесі қазақ тіліне аударсақ теңіз толқыны дегенге нұсқайды.
Тунгус-маньчжур тобына жататын эвенкілерге якут тілінен ауысқан болу керек,
оларда "теңіз" мағыналы сөз "байга" қалпында айтылады.
Міне, осы деректерге бой ұра отырып, "Байқал" көлінің атауының төркін
тілі — якут тілі, ал алғашқы мағынасы —"теңіз", одан әрі кетсе "мұхит"
деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Топонимика және география
Ғалымдардың зерттеулері
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Имандылық - инабаттылық мұраты
Жақсы сөз – жан азығы
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Пәндер