Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық формалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық формалары

Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы) .
Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, қүрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: ''заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А. В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне "ұжым теориясы" деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е. А. Сухановтың пікірі бойынша, " . . . осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралган - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе - ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К. Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері - жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтык катынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық қүкықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық формаларын, заңды тұлғаларды қүру, қайта қүру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс".
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңдытұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:
ұйымдық бірлік;

мүліктік оқшауланушылық;

дербес мүліктік жауапкершілік;
азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынган азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтайшартын - құрылтайшылар жасайды. Жарғыңа заңды тұлғаның атауы, түрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлүматтар болуы тиіс. Жарғының болуы - заңды тұлғаның - мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-баптары) .
Белгілі бір ұйымдық-қүқыктық нысанда қүрылған барлық заңды тұлғаларға қолдануға болатын құқық қабілеттіліктің жалпы шекарасынан басқа, заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің мазмұнын ескере отырып, құқық қабілеттілігін шектейді. Мұндай шектеу белгілі бір заңды тұлғаларға ғана қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға рүқсат беру арқылы жүргізіледі немесе, керісінше, заңдарда көрсетілген заңды тұлғаларға қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға тыйым салу жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, Банктер және банк қызметі туралы жарлықтың 1-бабының 3-тармағы банк ресми мәртебесін алмаған кез келген заңды тұлғаға өзін банк деп атауға және банк қызметімен айналысуға тыйым салады.
Заңды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлердің құқықтары
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
Қолданбалы бизнес
КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Кәсіпкерлік орта туралы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формалары
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары
Кәсіпкерлік. Дәрістер жинағы
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz