Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» (2012ж.) еңбегіндегі негізгі идея



1. Кіріспе
2. Тәуелсіздік стратегиясы
3. 1995 жылғы Конституция
4. Каспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
5. Теңге . біздің тәуелсіздік нышанымыз
6. Мемлекеттік меншіктен . жеке меншікке
7. Ұлттық қаржы жүйесі
8. Жер мәселесінің эволюциясы
9. Жұлдыздарға жол салған Қазақстан
10. Жаңа дәуірдің Астанасы
11. Қорытынды
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әр-қайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітапты Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.
Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекен-жай салып алуды арман етеді. Бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен басталады. Жұрттың көбі, әсіресе аға ұрпақ жақсы үй салудың оңай емес екендігін біледі. Ал біздің ортақ үйіміз – Қазақстан сияқты жас мемлекетті құрып орнықтыру бұдан әлдеқайда қиын болды. Мемлекет құрылысы біздің болашақта қандай мемлекетте өмір сүретінімізді анық бейнелейтін нақты, бас жоспары болуын талап етті.
Тәуелсіздіктің жадағай ресми тарихы сол тарихтың мағыналық егжей-тегжейлері мен адам тағдырларын түп-түгел жеткізе алмайды; өйткені ондағы әрбір оқиға небір қызба мінездер мен қайғылы кептердің, әртүрлі топтар, тіпті керек десеңіз, әртүрлі ұрпақтар арасындағы мүдделердің аса қатал қақтығыстарының жиынтық көрінісі болып келетін еді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Шығыстану факультеті
Мамандығы: шығыстану: қытайағылшын тілі

Жобалық жұмыс
Тақырыбы:
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық жол (2012ж.) еңбегіндегі негізгі идея

Орындаған: Өмірзакова Әзима Сәкенқызы
118 топ студенті

Жоба жетекшісі: Жанакова Нұргүл Торғайбековна

Алматы қаласы
2017 жыл
Жоспары:
Кіріспе
Тәуелсіздік стратегиясы
1995 жылғы Конституция
Каспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
Теңге - біздің тәуелсіздік нышанымыз
Мемлекеттік меншіктен - жеке меншікке
Ұлттық қаржы жүйесі
Жер мәселесінің эволюциясы
Жұлдыздарға жол салған Қазақстан
Жаңа дәуірдің Астанасы
Қорытынды

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әр-қайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітапты Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.
Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекен-жай салып алуды арман етеді. Бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен басталады. Жұрттың көбі, әсіресе аға ұрпақ жақсы үй салудың оңай емес екендігін біледі. Ал біздің ортақ үйіміз - Қазақстан сияқты жас мемлекетті құрып орнықтыру бұдан әлдеқайда қиын болды. Мемлекет құрылысы біздің болашақта қандай мемлекетте өмір сүретінімізді анық бейнелейтін нақты, бас жоспары болуын талап етті.
Тәуелсіздіктің жадағай ресми тарихы сол тарихтың мағыналық егжей-тегжейлері мен адам тағдырларын түп-түгел жеткізе алмайды; өйткені ондағы әрбір оқиға небір қызба мінездер мен қайғылы кептердің, әртүрлі топтар, тіпті керек десеңіз, әртүрлі ұрпақтар арасындағы мүдделердің аса қатал қақтығыстарының жиынтық көрінісі болып келетін еді. Сонымен бірге, адамның табиғаты сондай - өткендегі оқиғалар, әсіресе олардың жағымсыздары тез ұмытылады. Еліміздің болашақ көшбасшылары - бүгінгі студенттер мен мектеп оқушылары Қазақстанның іргетасына қаланған әрбір кірпішін білуге тиіс.
Егер де Қазақстан жолы туралы айтатын болсақ, әрине, бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты емес. Бұл - жалпы конституциялық ережелерді ғана емес, сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси да үлгі. Бұл аса бай ауқымды дүние және дәл осы мәселелерде Қазақстан үлгі аларлық мемлекет ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұл табыстар дүние жүзінде және өз ішімізде аса жоғары бағаланып отыр.
Қазақстан жолының ендігі бір өлшемі - қауіпсіздік. Ядролық қарусызданудан, аймақтық және әлемдік державалармен шекараны анықтаудан, лаңкестікпен күресуден және әскери-саяси топтардан бастап, жеке адамның қауіпсіздігіне дейінгі мәселелердің барлығы - осы жүріп өткен үлкен жолдың белестері. Бірақ та мұның бәрі әлі де жеке-жеке ой елегінен өткізуді қажет етеді.
1992 жылдың басында жасалған Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы біздің орташа мерзімдегі тұңғыш жоспарлау тәжірибеміз болды. Тәуелсіздік алысымен алғашқы кезектегі маңызды мәселелерді шешу талап етілді. Бірінші кезекте мемлекет ретінде қалыптасуымыз қажет болды. Бұл дегеніңіз биліктің мемлекеттік институттарын құрудың, жалпы халықаралық аренада танылуға жетудің, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға кірудің қажеттігін көрсетті. Қазір, өткенге қарайлай отырып, бұл жоспар көбіне-көп тірі қалудың стратегиясы ретінде өз мақсатын орындап шықты деп нақты айта аламыз. Атап айтқанда, ол біздің кім екенімізді, таяу және алыс болашақта кім болатынымызды айқындап берді. Стратегия қазақстандық ұлттың өзін-өзі танып білу жөніндегі мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған республиканың тұңғыш ресми құжаттарының бірі болды. Стратегия негізгі екі экономикалық принципті жария етті. Біріншіден, бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы құру. Екіншіден, адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау. Мемлекет болашақта мемлекеттік меншік үлесінің 30-40 пайызға дейін қысқаратыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Алға қойған экономикалық мақсаттарға жету үшін тиісті бюджеттік, салық- тық, қаржы-несиелік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыру кезінде экономиканы реттеудің жанама тәсілдерін қолдану ойластырылды. Стратегияда сондай-ақ біз ұлттық валютаны енгізу туралы ниетімізді жария еттік. Сонымен қатар бұл мәселені тек экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақтандыруға жеткеннен кейін қарастыратын боламыз деп ескерту жасадық. Кеңестік рубль өтпелі кезеңнің жалпы валютасы ретінде қарастырылды, өйткені біз ол кезде жаңа валютаға көшуге әлі дайын емес едік. Бұған қоса тауар айырбасы кезіндегі есеп айырысулардың барлығы рубльмен жүргізілді. Және де ресейлік басшылық белгілі бір уақытқа дейін рубль кеңістігін сақтауға уәде еткен.
Президент ұзақ мерзімді стратегия жасау туралы шешімді 1995 жылдың аяғында қабылдады. Қазақстан тәуелсіздігінің бесінші жылы басталған еді.
1996 жылы сәуірде Елбасының төрағалық етуімен Жоғары экономикалық кеңес құрылды. Жоғары экономикалық кеңестің негізгі мақсаты стратегиялық сипаттағы әлеуметтік- экономикалық проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, реформалардың барысын сараптау және оларды жүзеге асыру бойынша түбегейлі жаңа ұсыныстар енгізу болды.
Жоғары экономикалық кеңестің негізгі құрамына ескі қасаң пайымдаулар жүгінен аулақ жас кадрлар енгізілді. Оларды жұмысқа қабылдаудағы басты шарт шетел тілдерін емін-еркін игеруі, ғылыми жетістіктерді және шаруашылықты басқару саласындағы жұмыс тәжірибелерін меңгеруі болып табылды. Олардың әрқайсысына экономиканың жекелеген салалары бекітілді. Кадрларды тарту еліміздің одан әрі дамуы жөніндегі жаңа идеялардың жаңа ағысын енгізуге жағдай туғызды. Жігерлі жастар кертартпа аппараттың ортасынан көзге бірден ерекше көрініп тұрды. Бүгінде олардың бәрі түрлі ведомстволарда жұмыс істеп, стратегияны нақты жүзеге асыруда.
1994 жыл көптеген аспектілерде бетбұрыс жылы болды. Меморандум ақша-несие және банк жүйелерін түбегейлі реформалауды көздеді. Елімізде жарты жылдан бері ұлттық валюта қолданылып жатқан. Келесі батыл қадам теңге бағамын тұрақтандыру мен жойқын инфляцияны ауыздықтауға бағытталды. Мемлекет қалыптасқан дағдарыс жағдайынан шығудың жалғыз ғана жолы ретінде қаржыны тұрақтандыруға жетуді негізгі міндет етіп қойды.
1994 жылы оңтайландыруды жүргізудің есебінен біз 19-дың орнына 14 облыс және 230-дың орнына 169 аудан құрдық. 25 мың қызметкер қысқартылып, миллиондаған теңгенің қаржысы үнемделді, мұның бәрі зейнетақы мен еңбекақыны төлеуге жұмсалды. Сол бір Ресейдің өзінде біздің реформадан кейін, тек он жылдан соң ғана, осыған ұқсас әкімшілік реформалауды жүргізуге алғашқы талпыныстар жасалды.
Ұзақ мерзімді стратегия жасау туралы шешім 1995 жылдың аяғында қабылданған болатын. Қазақстан тәуелсіздігінің бесінші жылы басталған. Сол уақытта біз жүзеге асырған реформалар экономиканы тұрақтандыруға үміт ұялатты. Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстан тарихында 1996 жылдың басына қарай экономика айтарлықтай болмаса да, ақиқатқа негізделген ішкі жалпы өнім 0,5 пайыз өскенін көрсетті. Келесі 30-40 жыл ішінде өндіруге мүмкіндік беретін мұнай қорының көлемі, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық бассейнінде шетелдік инвесторлар белсенділігі мұнайдан түсетін кірістің жылдан-жылға елеулі түрде өсетінін білдірді. Өртті сөндіру кезеңі аяқталды, енді бізде сәл кідіріп, еліміздің он, жиырма және отыз жылдан кейін қандай болатынын көз алдымызға елестетерлік уақыт пайда болды.
1996 жылы сәуірде менің төрағалық етуіммен Жоғары экономикалық кеңес құрылды. Жоғары экономикалық кеңестің негізгі мақсаты стратегиялық сипаттағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, реформалардың барысын сараптау және оларды жүзеге асыру бойынша түбегейлі жаңа ұсыныстар енгізу болды. Кеңесті құру нарықтық экономиканың институциялық негізін қалаудағы принципті қадам болды. Жоғары экономикалық кеңестің құрамына көрнекті ғалымдар, жоғары өкілетті мемлекеттік қызметшілер мен түрлі саладағы сарап- тамашылар кірді.
Қазақстан стратегиясы - 2030 төрт кезеңге бөлінді: 1997 - 2000 жылдар - дайындық кезеңі, 2000 - 2010 жылдар - бірінші кезең, 2010 - 2020 жылдар - екінші кезең және 2020 - 2030 жылдар - үшінші кезең. Сол аяқталған кезде Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек. Стратегия ең идеялық негізінен бастап тікелей оның жекелеген аспектілеріне дейін көп рет пысықталып, тестіленді.
Стратегияны жасау жұмысы әлемдік экономиканың теориясы мен тәжірибесін, тақырыптық, салалық және индикативтік жоспарларды, көптеген елдерге барған сансыз сапарлардың материалдарын, әйгілі сарапшылармен болған пікірсайыстарды, ақыр соңы, құжат пен жұмыс істеген бүкіл команданың ішкі түйсігін тыңғылықты пайдаланған күрделі де көп деңгейлі міндет болды.
Стратегия ұлттық мақсат пен оған жету жолындағы басымдықтар жүйесін айқындады. Барша тұрғындардың экономикалық жақсы тұрмысы, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық бірлік өзіне тән тәуелсіз, өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды құру еліміздің миссиясы болып жарияланды. Менің сөзімде барша қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту мен олардың қауіпсіздігі, өркендеуі - біздің барлығымыз құрғымыз келетін Қазақстанды бейнелейтін түйінді сөздер екені айтылды.
Экономика - саяси тәуелсіздіктің негізі. Егер ел экономикасын реформалау жөнінде жасалған біздің алғашқы қадамдар, дұрысында, тек сол кезеңдегі посткеңестік бейберекеттіктен аман қалу жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар болса, ал қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар стратегия мен айқын жоспарлардың шеңберіне сыйғызылған және болашақтағы нақты нәтижеге бағытталған.
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнау дәстүрі Қазақстан стратегиясы - 2030-дан басталды. Әрбір мұндай Жолдау - біздің жалпы Стратегиямыздың құрамдас бөлігі және біздің жолымыздың құрамдас бөлігі. Ал кейінгі жылдарғы Жолдау Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің белгісі болды.
Жаңа экономиканы құру - қиын да тәуекелді міндет. Оны шешу кезінде біз 2003 - 2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясына арқа сүйейміз.
Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде бұрынғы кеңестік республикалар арасында ең соңынан, 1991 жылдың 16 желтоқсанында жариялаған ел болды. Сол кезде көптеген жанашырлар Қазақстан өз тәуелсіздігін тағдырдың бір сыйы ретінде күтпеген жерден алды дегенді айтты. Тіпті кейбіреулер тәуелсіз Қазақстанның ғұмыры ұзаққа бармайды деп те сәуегейсіді.
Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойынша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған осы Негізгі Заң, шын мәнінде, қоғамдық келісімге айналды, сол бойынша өкімет Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына қабыл етті. Осындай өзара міндеткерлік қоғам мемлекеттің одан әрі нәтижелі дамуына тиянақты негіз қалыптастырады және біздің болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді.
Конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жылдар бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі реформалау барысында пайда болатын көптеген объективті және субъективті проблемаларды шешу үшін бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді.
1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек.
1995 жылы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында біздің еліміздің Конституциясы ресми таныстыру рәсімі болды.
Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ.
Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті. Біздің Конституцияның бізге берген ең басты құндылығы - таңдау құқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің қожасы өзің болуы кез келген қазынадан бағалы. Біздің Конституция - бұл шынайы өмірдің айнадағы көрінісі емес, қоғам мен мемлекеттің қандай жағдайда болу керектігінің көрінісі. Сондықтан оның әлеуетінің сарқылуы таяу араларда бола қоятын жағдай емес. Негізгі Заңда бекітілген базалық стратегиялық сипаты бар заңдық ережелер мен принциптер мемлекет пен қоғамның даму мүмкіндіктеріне, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың қалыптасуына қарай ашыла түспек.
Қазақстан тарихында мұнай аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан мұнайы туралы алғаш Ұлы Отан соғысы жылдары ашық айтыла бастады. Кавказ мұнайынан айырылып қалу қаупі және Қызыл Армия үшін жанар-жағар маймен қамтамасыз етудегі іркілістер кеңес үкіметі басшылығын алдымен мұнайдың бір бөлігін өндіруді, содан кейін оларды өңдеуді Гурьевке ауыстыруға мәжбүр етті.
1943 - 1945 жылдары тұңғыш қазақстандық мұнай өңдеу зауыты - Каспий аймағы экономикасындағы жаңа саланың пионері - Гурьев мұнай өңдеу зауыты салынды. Дәл осы уақыттан былай қарай Қазақстанда көмір-сутегі шикізаты өнеркәсіптік жолмен өндіріле бастады.
Мұнай өнеркәсібінің жоғары әлеуетінің жеткілікті болғанына қарамастан, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұнай мен газды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларында елеулі қиындықтар мен кедергілерге тап болды.
Экономикалық реформаларға негіз қалаған 140 маңызды заңдардың бірі - Мұнай туралы Заңды Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заңдық күші бар Жарлығымен қабылданды. Сонымен, осы Жарлықтың арқасында біз қазақстандық мұнайды игеру тарихының жаңа тарауын бастадық. Жер қойнауындағы мұнай мемлекеттік меншік болып табылатыны заңмен бекітілді, ал жер бетіне шығарғаннан кейін оның кімге тиесілі екені Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған құқықтық актілермен айқындалатын болды.
Мұнай туралы Заң еліміздің экономикалық игілігін нығайту ісінде өзінің тарихи рөлін атқарды. Осы заңның арқасында жер қойнауын пайдалану саласындағы біздің елдің саясаты анағұрлым айқын әрі алдын ала ойластырылған іс болды. Біздің беделіміз бен атақ-абыройымыз жылдан-жылға өсіп нығая түсті. Елімізге шетелдің мұнай алыптары бірінен соң бірі келе бастады.
Каспий теңізін пайдалану құқығының айқын еместігі әу бастан-ақ Каспий шельфінде мұнай-газ индустриясының дамуына өзінше бір тежеу болды.
Қазақстан ұстанымы негізінен Каспийдің біртұтас экологиялық жүйе ретіндегі ерекшелігін ескере отырып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымының 1982 жылғы Конвенциясының жекелеген ережелерін қолдану мәселесіне байланысты болды. Теңіздің түбі мен ондағы ресурстарды аралық сызықтар бойынша межелеу ұсынылды.
Әлемдегі соңғы 30 жылда ашылған тағы бір өте ірі мұнай кен орны - Каспий теңізінің солтүстігіндегі Қашаған мұнай кеніші еді. Бүгінде одан алынатын мұнай қоры 10 млрд баррель деп бағаланады. Бұл кен орнының ашылуы Қазақстанды әлемдегі ең мол көмірсутегі ресурстарына иелік етуші негізгі елдердің қатарына кіргізді. Осыншама мол мұнай қорының табылуы Каспий аймағына деген бүкіл әлем елдерінің қызығушылығын туғызып, оның инвестициялық тартымдылығын арттырды.
Каспийдің қазақстандық секторындағы мұнай-газ әлеуетін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін 1993 жылы халықаралық консорциум құру ұйғарылды. Каспийдегі жұмыстың күрделі техникалық жағдайы мен экологиялық жоғары талаптарды ескере келіп, әу бастан-ақ алғашқы теңіз консорциумы мүшелерін таңдау кезінде мұнай компанияларын мұқият іріктеу жүргізілді.
1992 жылы елдің экономикасы құлдиға қарай құлдырады. Барлық жерде ақша мүлде құнсызданды, еңбекақы мен зейнетақы төленбеді, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстар үзілді, халық тұтынатын тауарлар мен қолға берілетін ақша тоқтатылды. Еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлеу үшін біз Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болдық. 1992 жылдың бірінші жартысына дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. Бірақ кейіннен бюджеттер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның тапшылығын бірден сезінді. Біз рубльді қарызға (несиеге деп те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 миллиард долларға қарызданғанымызды айтты. Бірнеше жылдар өткеннен кейін барып, Байқоңыр айлағы үшін есептескенде ғана осы қарызды жаптық.
1992 жылдың көктемінде мен ұлттық валютаны енгізудің мүмкіндіктерін қарастыруға тиісті құпия комиссия құрдым. Комиссия туралы мені қосқанда небәрі жеті адам білді. Біртұтас рубль аймағын сақтауға талпынысты жалғастыра отырып, біз өзіміздің валютамызды енгізуге дайындалдық.
Елдің жоғарғы басшылығынан мемлекеттік құпиямен тек Жоғарғы Кеңестің төрағасы С. Әбділдин, Жоғарғы Кеңестің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы С. Тәкежанов, Мемлекеттік Ұлттық банктің төрағасы Ғ. Байназаров, оның орынбасары М. Тұрсынов және салынып жатқан Ұлттық банк кәсіпорындары дирекциясының жетекшісі Қожамұратов таныстырылды.
Осымен қатар тағы да құпия түрде жаңа валютаның дизайны бойынша жұмыстар жасау мақсатында шығармашылық топ құрылды. Ахуалдың бірегейлігі мен жұмыстың сонылығының әсерлі болғаны сондай, қатысушылардың өздері, үлкен дарын иелері, тарихи кезеңнің жауапкершілігі мен маңызын толық түсінді. Суретшілер М. Әлин және А. Дүзелханов Тимур Сүлейменовтың жетекшілігімен банкноттар мен тиындар дизайнының төрт түрлі нұсқасын жасады. Барлық нұсқалар бірінен-бірі асып түсетіндей өте жоғары кәсіби және түбегейлі деңгейде жасалынды.
Ұлттық валютаны енгізудің кемшіліктері де болды. Сол кезеңде барлық техникалық мәселелер аяғына дейін анықталып бітпеген болатын. Әсіресе металдан жасалатын майда тиындар жайы әу бастан қиындық туғызған-ды. Салынып жатқан монета сарайы тиынның қажетті мөлшерін жылдың аяғына дейін жасап шығуға мүлде үлгермеді. Осыған байланысты жұмыс тобы аралық шара ретінде қағаз тиындарды шығаруға, ал одан кейін барып, монета сарайы дайын болған кезде, Біздің еліміздің ұлттық валюта шығару мен оның қызмет жасауын қамтамасыз ете алатын қабілеті 1993 жылы
1 қарашада, Қазақстанның алтын валюта резерві туралы мәліметтері жарияланғанда белгілі болды айналымға нағыз металл тиындарды енгізу туралы шешім қабылдады.
1993 жылғы 15 қараша болып көрсетілді. 12 қарашада қол қойылды, ал 13 қарашада Қазақстан Респу- бликасында ұлттық валютаны енгізу туралы Жарлық халыққа жария етілді. 12 қарашада, кешкілік мен теледидар арқылы еліміздің тұрғындарына арнап Елбасы сөз сөйледі: Қазақстанның тарихындағы бірінші ұлттық валюта - теңгені енгізетінін жариялады. 1993 жылы 15 қарашада 08.00 сағаттан бастап Қазақстанның территориясында өзінің ұлттық валютасы - теңге енгізілді. Мынадай бағам қойылды: 500 рубльге 1 теңге.
Ұлттық валютаны төрт қайнар көзден: Ұлттық банктің алтын валюта резервінен, Республикалық валюта қорынан, Ішкі тұрақтандыру қорынан (егер оны халықаралық ұйымдар беретін болса) және төлем балансының тиімді сальдосынан қамтамасыз етуді және ойластырдық. Одан кейінгі басты міндет - экспорт көлемін кеңейту және экспорттан келетін валюталық ақшаның түсуіне тәртіп орнату болды.
Ұлттық валютаны енгізу үшін ақша-кредит, салық, бюджет, кеден және сыртқы сауда саясаттары саласында, бізге аса қысқа мерзімде, бүтіндей кешенді шараларды іске асыруға тура келді, өйткені бізге бір-ақ рет талпыныс жасауға мүмкіндік берілді, ал уақыт мүлде аз еді.
Біз ең басынан-ақ аралық валютадан бас тартып, ұлттық мүддемізге жауап беретін, өзіміздің бюджеттік және ақша - кредиттік саясатымызды іске асыруға кірістік. Біздің валюта, бүтіндей алғанда, бүкіл осы кезеңде өзінің тұрақтылығын көрсетті және бірқатар көрші елдерде орнықты сұранысқа ие болды.
Мұндай нәтижелерге жету оңай болған жоқ. Ұлттық валютаны енгізу өздігінен ешқандай да әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешпейтінін біз түсіндік. Ол былай тұрсын, ақшаның құнсыздануына қарсы саясаттың және қаржыны пайдалануға қатаң бақылаудың болмауы жағдайында, валютаны енгізу осы проблемаларды қатты асқындырып, халықтың жаңа валютаға сенімін бұзуы мүмкін еді. Оны қалпына келтіру өте ұзаққа және қиындыққа соғатыны анық.
Жекешелендіру Қазақстанның қазіргі тарихында нағыз қайшылықты кезең болды. Тарихтың бұл кезеңі бұрынғы социалистік елдердің бірде-бірінде бірыңғай баға алған жоқ.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру төрт кезеңмен жүргізілді. Бұл кезеңдердің әрқайсысы өз мақсаттары мен міндеттерін көздеді. Әрбір кезеңнің өз ерекшелігі болды. Бүгінде бұл жекешелендіру үрдістерінің кезеңдері біз әуелде жоспарлағандай болып жүргізілді деп айтуға келмейді.
1991 жылдың 22 маусымында Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы Заң қабылданды. Осыған сәйкес мемлекеттік органдар кәсіпорын ұжымынан тек тиісті өтінім келіп түскеннен кейін ғана шешім қабылдайтын болғандықтан, мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АСЫЛ МҰРА түркі антологиясы
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
Оған жетудің жолы әрқилы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы
Қазіргі мектептерде оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Оқушыларға А.Құнанбаевтың қара сөздері, өлеңдері арқылы патриоттық тәрбие беру /педагогикалық кеңес/
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Пәндер