Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы



1. Қазақстанның "Мәдени мұра" бағдарламасы аясындағы ғылыми зерттеулер
2."Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асырудағы шетелдік жобалар
3. "Мәдени Мұра" бағдарламасы аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
4. "Мәдени мұра" бағдарламасы аясындағы археологиялық зерттеулер

5. Қазақ халқының дәстүрлі әуені . рухани мұраның ең бай қазынасы
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды".
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама бірнеше бағытта орындалады:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
1. "Қазіргі Қазақстан тарихы" Алматы "Раритет" баспасы 2010 Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат
2. www.madenimura.kz Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Шығыстану Факультеті

Ғылыми Жоба
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы

Орындаған: 118-топ студенті
Бакытжанулы Ерсултан
Тексерген:
Жанакова Нургуль Торгайбековна

Алматы - 2017
Жоспары:
1. Қазақстанның "Мәдени мұра" бағдарламасы аясындағы ғылыми зерттеулер
2."Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асырудағы шетелдік жобалар
3. "Мәдени Мұра" бағдарламасы аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
4. "Мәдени мұра" бағдарламасы аясындағы археологиялық зерттеулер

5. Қазақ халқының дәстүрлі әуені - рухани мұраның ең бай қазынасы

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды".
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
Мәдени мұраның мақсаты - елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама бірнеше бағытта орындалады:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
2004-2006 жж Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету
Бағдарламаның мiндеттерi: елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру.

2007-2009 жж Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру
Бағдарламаның мiндеттерi:Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру. Археологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі жалғастыру. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті бойынша басылым дестелерін шығаруды жалғастыру.
2009-2011 жж Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.
Бағдарламаның мiндеттерi: тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тарихи-мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру; тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу; еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау; шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу, олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету.
Қазақстанның "Мәдени мұрасы" бағдарламасы аясындағы ғылыми-зерттеу жобалары
Мәдени мұра бағдарлмасының негізгі бағыты Қазақстанның мәдени мұрасын материалды және рухани зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады:

- алыс және жақын шет елдердегі архивтерде және кітап қоймаларында қазақ тарихы бойынша деректі куәліктер іздеу;
- ұлттық мәдениет үшін, оның ішінде қорық-мұражайлар үшін, бірегей тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерді зерттеу.

Ғылыми жобалардың тізімі:

Қазақтардың рухани өмірі: дін, кітап баспасы, білім беру: ХІХ - ХХ басы (Мұрағат дереккөздерінің жинағы)
ҚР МОМ-де Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарлама аясында Қазақтардың рухани өмірі: дін, кітап баспасы, білім беру: ХІХ ХХ басы (Мұрағат дереккөздерінің жинағы) атты тақырып бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмысы жүргізілді.
Қазіргі кезде жоба бойынша жұмыс аяқталып, 50 б.т. көлеміндегі жинақтың қолжазбасы баспаға дайындалды, тақырыбы: Құжаттар мен материалдардағы ХІХ - ХХ басындағы қазақ кітап баспасы, білім беру мен дін Мұрағат құжаттарының жинағы.
Оқырмандар назарына ұсынылатын жинақ Ресей мен Қазақстанның ірі тарихи мұрағаттарынан табылып, анықталып алынған құжаттар мен материалдардың кешенінен тұрады. Жинақтағы құжаттар мен материалдар қазақ мәдениеті тарихының тұтас қабатын бейнелейді: кітап ісі, ұлттық кітап баспа цензурасы, мұсылмандық білім беру, рухани өмір мен әдебиет, сонымен қатар Қазақстандағы патшаның миссионерлік және орыстандыру саясаты.
Кітапқа енгізілген құжаттардың тақырыптары мен мазмұндарының әр түрлілігі, мұрағаттық деректердің сипаты қазақ халқының кеңестік кезеңге дейінгі мәдениетінің тарихын түсіну мен бағалауға жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жинақ кеңестік кезеңге дейінгі қазақтардың рухани өмірі, ұлттық кітап ісі және білім беру саласындағы зерттеулер үшін тыңғылықты деректер базасын жасаудың алғашқы талпыныстарының бірі болып табылады. Кітапқа енгізілген құжаттар мен материалдар ұзақ жылдар бұрынғы Ресей империясының құрамында болған Қазақстанның саяси тарихы тұрғысынан да қызықты болып табылады.
Кітап филология, тарих және мәдениеттану саласындағы мамандарға және жоғары оқу орындары студенттеріне, сондай-ақ ел тарихымен қызығатын барлық оқырмандарға арналады.
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы кітаптар
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: Бабалар сөзі, құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін Әлемдік әдебиет кітапханасы, Қазақ әдебиетінің тарихы, Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы, Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар, Экономикалық классика, Әлемдік философиялық мұра сериялары кездеседі.
Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
Бұл басылымдардың әрқайсысы - ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.

Ежелгі Жанкент қалашығының археологиялық зерттеулері
Г. А. Ахатов, Т. Н. Смағұлов, А. С. Ганиева, Г. Т. Амиргалина
Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуіне оғыз мезгілі кейіндеп келе жатқан осал тұстардың бірі. Сонымен бірге Арал бойындағы өткен ортағасырлық тарихи-мәдениет процестерді қайта қалпына келтіру үшін маңызды деген қала мәдениетін зерттеу қажет.
Жанкент қалашағы дала көшпенділерінің және ортаазиялық егіншілік оазистердің үздіксіз түйісуінің зонасы, көш-қон және сауда жолдарының қиылысы болған. Бұл жерде ұзақ уақыт бойы әр-түрлі процестер зерттеушілерге, халықтың тарихында аса маңызды аумақ секілді, Арал бойы өңірін бөліге, этногенездің арал түйіні деп атауға мүмкіндік берген.
Бірқатар ортағасырлық жазба ескерткіштері бойынша, Сырдария өзенінің төменгі жағындағы Жанкент қалашығы (Янгикент) оғыз патшаларының резиденциясы болған.Қаланың қалдықтары қазіргі уақытқа дейін жақсы сақталған. Қалашық жобасы бойынша тікбұрыш пішінді келген, көлемі 325х200 м. Қалашықтың солтүстік-батыс жағында жақсы сақталған цитадель орналасқан. Қаланың батыс және шығыс жағында кіретін қақпа орын тепкен. Қалашықтың фортификациясы алдына шығып тұрған жартылай дөңгелек мұнаралы сыртқы қабырғамен белгіленген.Ескерткіште бірінші археологиялық жұмыстарды 1867 ж. Түркістан археологиялық қоғамының мүшесі П. И. Лерх бастаған. Ескерткіштің жоспары жасалған, қалашықтың сыртында кішігірім қазба жұмыстары жұргізілген. Алынған материал бойынша ескерткіш XIV-XV ғғ. деп белгіленген.
1868 ж. ескерткішті В. В. Верещагин зерттеген. Алдын ала анықтау жұмыстары С. П. Толстовтың жетекшілігімен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен 1946 ж. өткізілді. Қалашықтың топографиялық жоспары түсірілді, материалдар жинақталды. Осы алынған материалдар бойынша қалашық тұрғындарының егіншілік-көшпенді-балық аулау комплексті шаруашылығы туралы, Хорезммен мәдени-шаруашылықтық тығыз байланыстары туралы және қалашықтың оғыздарға жататыны туралы ой пікір айтылған.
Бірақ ескерткіште кешенді жоспарлы археологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.Ежелгі қалашықтың зерттелуінде жаңа кезең 2005 ж. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен, РҒА Этнология және антропология институтымен және Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен үш жақты шарт бойынша басталды.
2005 ж. далалық мезгілде солтүстік-батыс бөлігінде бірнеше стратиграфиялық шурфтар және қалашықтың шығыс бөлігінде қазба салынған.
2006 ж. қазба жұмыстарда қалашықтың шығыс бөлігінде тұрғын үй кешені зерттелген. Келесі қазба бекіністің қабырғасында салынып, қалашықтың цитаделінде жұмыстар басталды. Бұдан басқа Мыңтөбе қалашығының қорымындағы Алтын орда уақытына жататын, Жанкент қалашықтың жанында орналсқан кесене зерттелген.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің этнографиялық коллекциясы
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің этнографиялық коллекциясы сериясы бойынша жасалатын каталогқа кіретін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қатысты сақтамдарға негізінен ХVІІІ-ХХ ғғ. аралығын қамтитын құндылықтар енді. Олар дәстүрлі киім-кешек, қару-жарақтар, саз аспаптары, сәндік әшекей бұйымдары, баспана - киіз үй, оның ішкі жиһазы, мүкәмалдары мен ыдыс-аяқтары қамтылды. Оларды зерттеу насихаттау, дәріптеу ісі, дәлірек айтсақ, ғылыми, ғылыми-көпшілік жарияланым ретінде көпшіліктің игілігіне айналдыру ісі бұрын-соңды мүлдем қолға алынбаған-ды. Осындай бай мұраларды экспозиция немесе көрме түрінде көрсетумен ғана шектелмей, жаңа заманғы көркемделген, жан-жақты мағлұмат беретін басылымдар түрінде жарыққа шығару -- музейдің сан-салалы ғылыми-зерттеу жұмысының іргелі бағыттарының бірі болып табылады

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің қорындағы қазақтың дәстүрлі мәдениетіне қатысты коллекциясына бірыңғай зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың ғылыми, мәдени, ғылыми-танымдық және музейлік маңызын жан-жақты айқындай отырып, ғылыми негізделген төрт томдық толыққанды каталогын жасау.
Олар:
1. Дәстүрлі киім-кешек және қару-жарақ коллекциясы;
2. Киіз үй, үй жиһаздары және ыдыс-аяқтар коллекциясы;
3. Зергерлік бұйымдар және музыка аспаптар коллекциясы;
4. Ат әбзелдері. Өндірістік-шаруашылық құралдар мен заттар. Ғұрыптық бұйымдар коллекциялары.

2006 жылы Ресейлік этнографиялық музей, Ресейдің Ұлттық кітапханасы, Мемлекеттік Эрмитаж, Ресей Ғылым Академиясының антропология және этнография музейі (Кунсткамера) сияқты мекемелердегі қазақ тарихына, мәдениетіне қатысты деректер мен мұраларды зерттеу мақсатында іссапар болды.

2007 жылы қазақ мәдениетін салыстырмалы түрде тереңдей зерттеу мақсатында қазақтар шоғырлана қоныстанған өңірлерден материалдар жинақтау көзделіп, нәтижесінде Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Тереңөзек аудандарында, дені қазақтар мекендейтін, дәстүрлі мал шаруашылығымен ғана айналысатын Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына этнографиялық экспедиция ұйымдастырылып, жергілікті музей экспозициясы мен экспонаттары зерттелініп, ғылыми айналымға енгізілді. Осы жылы Орталық ғылыми кітапхана қорындағы қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жарық көрген орыс тілді басылымдардың көшірмелері (деректер, карталар, сызба, фотосуреттер) алынды. Оның жалпы көлемі 760 бетті құрап, музейдің кітапхана қорын толықтырды. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының берген нәтижесінің ұшан-теңіз болғандығын баса айтқан абзал.
"Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы шет елдік жобалар
Шетелдік жобалар
Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарлама аясында шет елдердегі біршама ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жасалды, алыс және жақын шет елдердегі архивтер мен кітап қоймаларына ғылыми экспедициялар көмегімен қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы зор қолжазбалар, құнды басылымдар, архивті құжаттар мен кітаптарды табу мен алу жұмыстары жүргізілуде. Қытайға, Туркияға, Монғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан Тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды.
Бұрынғы ұлы ойшыл ғалымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері
Қазақстан Республикасының тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау
Қазақ елінің мәдени мұрасы
Қазақстанның мәдени мұра жобасы
Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім мазмұнында дамыту
«Мәдени мұра» бағдарламасы
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Мәдени мұра мемлекет бағдарламасы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы, нәтижелері
Пәндер